Лекция: 15 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 саѓат обс¤Ж: 45 саѓат Барлыќ саѓат саны: 135 саѓ


Мұрагерлік. Инкапсуляция. Полиморфизм



бет10/21
Дата06.03.2016
өлшемі2.2 Mb.
#44284
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

2. Мұрагерлік. Инкапсуляция. Полиморфизм.


ОБП –да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм принцптері енгізілген.

Мұрагерлік-программада негізгі класс типінің ұрпақ иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы.көлік, жеңіл жүк машинасы т.б.. болып бөлінеді. Олардың жұмыс істеу жағдайына байланысты, сипаттамаларына ортақ және бөлек өрістер, қасиеттер мен тәсілдер енгізілуі мүмкін. Әр қайсысында тип элементтерін толық сипаттау тиесілі емес. Бірінің типін аталық (негізгі) етіп қабылдап, екіншісіне қосымша қасиеттерді енгізу жеткілікті.Delphi-дің барлық кластары TObject класына мұрагер.



Инкапсуляция (ішінде, біртұтас ).Класс өрістер, қасиеттер және тәсілдердің бірлігінен тұрады.Олардың бір тұтатас түрінде қарастыру инкапсуляция деп аталады. Әр класс аяқталған толық бір іс-әрекетті бойында сақтайды. Кластың мұндай принципі өзінде инкапсульдайды делінеді.

Класта инкапсульданған процедуралар – функциялар, тәсілдер.



Полиморфизм (көп түрлілік)-мұрагер кластардың аталық класқа енгізілген тәсіл атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген тәсіл атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген ұқсас есепті шешуіне болатындығы, яғни түрлі кластарда түрлі әрекеттерді орындайтын тәсілдерге бірдей атау беру мүмкіндігі.

Лекция 7. TRadioButton, TScroolBar, TBitbtn, TPanel, TComboBox класстары

1. TradioButton, TscroolBar класстары және қасиеттері

2. TBitbtn, TPanel, TComboBox класстары және қасиеттері

1. TradioButton, TscroolBar класстары және қасиеттері

TRadio Button - байланысты ауыстырып - қосқыш компоненті. Формада оның кемінде екеуі орнатылуы тиіс. Олар Checked (тексеру) қасиеті арқылы анықталған тек екі күйде болуы мүмкін: True және False. Проект іске қосылып, көрінген формада қай ауыстырып - қосқыш шертілсе (Check қасиетін True мәні меншіктелсе ), программада осыған сәйкес серия орындалады.

TScrollBar компоненті


Компоненттер палитрасының Standart бетіне енгізілген TscrollBar компоненті –сандық шама мәнін басқаруға арналған Windows -тың басқарушы элементі. Оның формада орналасқан кездегі түрі – терезе белдеушесіне ұқсас. Белдеушенің сырғытпа түймесін жылжыту арқылы қажетті мәнді шамаменпайдалануға болады. Компоненттің негізгі қасиеттері:

Kind (әр түрі) – sbVertical, sb Horizantal (белдеушенің сырғытпа түймесінің тік не көлденең жлжыту үшін таңдалатын мәндер).

Posіtionсандық шаманың ағымдық мәні (0<= мән < =100).

Maxсандық шаманың өзгеру арлығының ең үлкені (100).

Min- сандық шаманың өзгеру аралығының ең кішісі (0).
Max және Min қасиеттердің мәндері автоматты түрде орнатылып қойылады, Формада сырғытпа түйме жылжыған кезде position мәні min және max арасында автоматты түрде өзгереді.
2. TBitbtn, TPanel, TComboBox класстары және қасиеттері

Сәйкес компоненттер панелінің Standard, Adritonal беттеріне орналастырылған.

TbitBtn – Tbutton сияқты түйме компоненті. Айырмашылығы – ол формада орнатылған соң, үстіне таңдалған сурет енгізіп қоюға болады. Мысалы: Kind (түрлі бейнелі) bkOK мәні таңдалса, оның көріну түрі оң жақта кескінделген. TbitBtn класының кейбір қасиеттері:


  • Gliph: TBitmap – батырмада көрсетілетін бейненің файлын анықтайды(BMP-файлдың атауы);

  • Layout: TButtonLayout - батырмадагы бейненің текстке қатысты орнын анықтайды, мысалы тексттің оң жағында не сол жағында не үстінде, не текст төменінде(4-параметрдің бірі таңдалады);

  • Spasing: Integer – компоненттегі бейне мен текст арасындағы қашықтықты анықтайды. Егер 0-мәні берілсе бейне мен текст арасында бос орын жоқ. Үнсіз келісім бойынша қашықтық 4-пикселге тең.


Tpanel (панель) компоненті- формада орнатылған соң бетті не орнатылған бірнеше компонентті бір топ ретінде топтастырушы (контейнер қызметін атқарушы) тік төртбұрышты обьект ретінде пайдаланылады.

TComboBox (Құрастырылған өріс) –формада тізім енгізілетін өріс түрінде көрінетінкомпонент. Программаның орындалу барысында тізімнен қажеттісі таңдалса, ол орнатылып қойылады (келесі мысалды қараңыз). TComboBox класының кейбір қасиеттері:

  • DropDrownCount : Integer; - тізімнің экранда көрініп тұратын элементтерінің санын анықтайды. Егер элементтердің саны берілген саннан артып кетсе, онда көрінбей тұрған элементтерді қарауға мүмкіндік беретін жылжыту жолағы пайда болады.

  • Items: Tstrings; - бұл қасиеттің жолағына тізім элементтері ендіріледі.

  • Sorted: Boolean; - true мәні таңдалса тізімнің элементтері алфавитті тәртіпте сұрыпталып қойылады.



Лекция 8. Массивтер

1. Массивтер. Жолдық стандартты функциялар

2. Мәтіндік массивті реттеу

2. TStringList классы.



1. Массивтер . Жолдық стандартты функциялар.


Бір атау арқылы байланыстырылған бір типті айнымалылардың (не олардың мәндерінің) жиынтығы массив деп аталады. Сызықтық массив және матрицамен жұмыс істеу негіздері Паскальдағы сияқты.

Іс жүзінде бip символдық және жoлдық шамалармен жұмыс жиі кездеседі (жолдык және мәтіндік сөздері баламалы).

Сандық тұрақтылар сияқты, символдық, жолдық шамалардың мәндерін салыстыруға болатыны белгілі Себебі, Windows жүйесінде пайдаланылатын ANSI кодтары кестесінде түрлі символдардың кодтары әртүрі, мысалы asc(“A”)=(65, asc('C')=67. Екі символдың қайсысының коды жоғары болса, сол символдың pангici (шенi) жоғары деп қабылданған

(“А”< “С”).

Мәтіндермен 6ipiктipy (жалғастыру) және қиып (бөліп) алу амалдарын ғана орындау мүмкін. Delphi-де жалғастыру операциясы олардың аралығына + (плюс) таңбасын қою арқылы орындалады.

Delphi-де мәтіндік шамалармен жұмыс icтey кезінде пайлаланылатын стандартты функциялардың көпшілігі Турбо Паскальдағы сиякты, мысалы:



Lcngth(a)а мәтінініңұзындығын анықтау (length -ұзындық) Функция Integer типті.

Concat (a, b) не а + b — а мен b жолдарын 6ipiктіру.

Сору (a, m, n) - a мәтінінің m - символынан бастап п символдарын кесіп алу. Функция string типті.

Pos(st, a) - а жолынан st үзіндісін іздеп, жолдың басынан есептелгенде үзінді басталған орнының нөмірін анықтау (үзінді табылмаса, оны нөлге (0) тең деп нәтіжелейді).



Chr(a) — а коды бойынша символды анықтау. Функция Char типті.

Ord (b) — b символының кодын анықтау. Функция Integer типті, т.б. Мысалы:
Length('мен')=3; Copy(“Ахметұлы 3, 5)=метұл;

Pos('мет', 'Ахметұлы') = 3; Pos(“раш”, “Мұратбек”) =0

Chr(65)='A'; Ord(65)='A';





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет