Формада орнатылған ақ түске боялған эллипс
Фигура түсі объектінің Brush қасиетінің мәндері арқылы, фигура жиегінің түсі Pen қасиетінің мәндері арқылы анықталады. Мысалы, форманың ортасына Shape 1 компоненті орнатылып, оның Shape қасиетінің stEllipse мәні Pen қасиетінің Color пунктінен clBlack, Brush қасиетінің Color пунктінен clWhite мәні таңдалған кездегі фигура көрінісі 3.7-суретте көрсетілген (Shape компонентін пайдаланудың екінші мысалы 3.7.2-тақырыпта келтірілген).
Формаға орнатылған соң Tbevel (Рамка- Жақтау) компоненті жеке объект түрінде қарастырылады. Ол арқылы жақтаулар орнатып, форманы безендіруге болады. Жақтаулар мәндері компоненттің Shape қасиетіне, панельді қоршайтын сызықтар стилі Style қасиетіне енгізілген.
Лекция 12. Анимация
1. TAnimate компоненті
2. Графикалық кескіндерді жылжыту әсерін ұйымдастыру
1. TAnimate компоненті
Delphi-де графикалық операторларды пайдаланып, түрлі анимация (қозғалыс әсерін) ұйымдастыруға болады. Мысалы, форма терезесінде Windows- тағы сияқты, файлды бір бумадан екінші бумаға көшіру құбылысын шығару үшін TAnimate (анимация) компонентін пайдалану жеткілікті. Ол компоненттер панелінің Win32 бетінде орналасқан.
Компоненттің CommonAVI қасиетінен aviCopyFiles (файлдарды көшіру) қатарын таңдап, Active қасиетіне True мәнін меншіктеу. Форма терезесінде бір бумадан екінші бумаға пакеттердің (файлдардың) көшіріліп жатқаны көрінеді
Анимация (көшіру).
Көрінген құбылысты программа арқылы орындау да мүмкін: жаңа проект ашып, формада Animate 1, Button 1 компоненттерін орнату керек. Одан әрі OnClick оқиғасын өңдеу процедурасын құрып, Button 1 түймесін шерту жеткілікті. Процедура:
Procedure Tform1. Button 1 Click(Sender: TObject);
Begin
Animate1.Open:= True;
Animate1.CommonAVI := aviCopyFiles;
Animate1.Active := True;
end;
2. Графикалық кескіндерді жылжыту әсерін ұйымдастыру
Графикалық бейненә жылжыту үшін TbitMap (биттік бейне) типті объектілерді пайдалану ыңғайлы.
TbitMap – осы типті бейне енгізілетін компютер жадында дайындалған графикалық бет (адрес) . Бейнені форма бетіне не формада орнатылған Image өрісіне төмендегі әдіс арқылы шығаруға болады (алдымен TBitMap типін айнымалы арқылы сипаттап алу қажет):
Bt :TbitMap;
Begin
Bt.LoadFromFile(‘<бейнелік файл атауы>’);
… … … .
Мысалы, кеме суреті салынған файлды жұктеу үшін берілетін әдіс:
Bt.LoadFromFile(‘C:\ Мой документы\Keme.bmp’);
Оны Image өрісіне шығару нұсқауының (Draw) жазылу түрі:
Image 1. Canvas.Draw(x,y,bt),
Мұндағы bt-биттік бейнелі сурет атауы,(х,у)-бейненің сол жақ жоғарғы бұрыш нүктесі.
Draw әдісінің Transparent (мөлдір) қасиетіне True мәні меншіктелсе, шыққан сурет көрінбей қалады, керісіеше жағдайда TransparentColor қасиетіне қажетті түсті меншіктеу керек.
Анимацияға қатысты кейбір командалармен танысайық:
1.Жад буферінен (х,у) нүктесінен басталатын төрт бұрышты облыс дайындап,оның өлшемдерін орнату командасы:
Bufobl:=Bounds(х.у,W,H);
Bounds –шектелген(кілттік сөз).
2.Кенепте орнатылған .bmp типті бейнені басқа жеріне көшіру командасы:
Buf.Canvas.COPYMode:=cmSrcCopy;
CmSrcCopy(логикалық көшіру)- Canvas класының COPYMode қасиетінің мәні .
3. Тcanvas класының COPYRect әдісі:
CopyRect(Dest:Trect;Canvas:Tcanvas;Source:Trect);
Canvas кенебінің Source бейнесін ағымдық Dest учаскісіне көшіреді .Одан әрі COPYMode қасиетінің көмегімен түрлі эффектілерге қол жеткізуге болады.
Лекция 13. Тышқан көрсеткішін түрлі түрде көрсету
1. Көрсеткіштің стандартты түрлері
2. Көрсеткішті қолдан дайындау
1. Көрсеткіштің стандартты түрлері
Әдетте көрсеткіш формада және праграмма терезелерінде нұсқама түрінде көрінеді. Оны басқа стандартты не қолдан дайындалған түрде көрсету қиын емес.
Delphi-де көрсеткіштің 21 стандартты түрін алдын ала анықталып қойылған. Мысалы,
CrArrow (нұсқама)
CrHourGlass (құмсағат)
CrCross (крест)
CrHandPoint (қолмен көрсету)
CrlBeam (бөрене), т.б.
Олардың тізімі компоненттердің Cursor қасиетіне енгізіліп қойылған.
Праграммамен жұмыс істеудің түрлі кезеңдерінде көрсеткіш түрлі түрлерде көрсетілетіні белгілі. Мысалы, ұзақ процестің орындалу барысында ол құмсағат түрінде көрінеді. Процесс аяқталған кезде бастапқы нұсқама түріне ауысады.
1-мысал. Формада көрсеткішті крест түрінде көрсету керек. Егер ол Button1 компонентін үстіне әкелінсе, құмсағат түрінде айналсын.
Ол үшін жаңа проект ашып Button1 компонентін орнату керек. Одан әрі компоненттер қасиеттеріне төмендегі мәндерді меншіктеп, іске қосу командасын беру жеткілікті.
Компонент | Қасиет | Мән |
Form1
Button1 |
Cursor
Cursor
|
CrCross
CrHandPoint
|
Тапсырма. Cursor қасиеті мәндерінің басқа стандартты түрлерін пайдаланып, формада көрсеткішті тізімде көрсетілге түрлі түрде көрсетіңіз.
Ескерту. Курсор түрін праграмма бойынша өзгерту үшін праграммада Screen обьектісінің Cursor қасиетіне көрсеткіш түрін меншіктеу аператорын енгізсе болғаны, мысалы,
Screen. Cursor:=сrCross;
Достарыңызбен бөлісу: |