Лекция: 15 сағат. Лекция Сенім объектілері, архаикалық қоғамдағы тыйым салу жүйесі. Діндік сана (1 сағат)



бет13/13
Дата07.11.2023
өлшемі51.47 Kb.
#482580
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Текст лекциялар

Грек лирикасы.

Лирика – көркем әдебиет тегінің бір түрі (эпос, лирика, драма). Лирикада автордың дүниеге қатысы, көзқарасы оның сезімін, ойын, көңіл-күйін, ынта-ықыласын суреттеу, бейнелеу арқылы көрсетіледі. «Лирика» деген термин соңғы кездерде шыққан. Ерте кездерде бұл термин «мелика» деп аталған (melos - өлең). «Мелика» деп ішекті аспаппен қостап айтатын өлеңдердің түрі саналатын. Көбінесе сол өлеңдерді жетішекті лирамен қостап айтқан, сондықтан олар кейін «лирика» деп аталып кетті.


Антикалық классификация бойынша грек лирикасының үш түрі бар. Олар:
1) элегия,
2) ямб,
3) мелика немесе лирика.
Мелика өз алдына тағы екі категорияға бөлінеді: монодикалық (жеке адаммен орындалатын) және хор лирикасы.
Элегия деп Кіші Азияда жоқтауды айтатын болған, көне Ионияда элегия деп өсиет мәнді, маңызды іске шақыратын, әр түрлі ой туғызатын лирикалық өлең саналатын. Ямб деп егіншілік мейрамдарында бір топ адам немесе бір адамға қарсы айтылатын өлеңдер айтылған. Бұл өлеңдер мазмұн жағынан сайқымазақ, дөрекі болып келеді.
Лириканың негізгі тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Бұл тақырып ежелгі ақын-әйел Сапфоның өлеңдерінде бейнелеуін тапты. Лесбос аралының тұрғыны Сапфо өлеңдері махаббат, сұлулық, нәзіктілік, табиғат тақырыптарына арналған.
Грек лирикасының ямб түрінің өкілі – Архилох (б.з.б. 7 ғ. ортасы), көне Иония әдебиетінің ірі өкілі. Оның шығармаларының тек үзінділері ғана сақталған. Архилох туындыларынан оның жалынды жыршы болғаны байқалады. Архилох поэзиясы адамгершілік, ерлікке арналған. Өз заманында Архилох ұлы лирик деп бағаланған.
Анакреонт (б.з.б.570-478 жж.) – ежелгі грек ақыны, Кіші Азиядан шыққан. Шығармаларының тақырыбы – махаббат, шарап, сауық-сайран. Бұл тақырыптағы өлеңдер кейін Анакреонт поэзиясы атанды. Анакреонт поэзиясы – махаббатты, шарапты, шаттықты жырлайтын көңілді, жеңіл лирика жанры. Анакреонт поэзиясы Еуропа әдебиетінде Қайта өркендеу және Ағарту дәуірлерінде кеңінен тараған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет