Эсхилде хорлық музыка басым болды. Хордың басында шығуы пародпен белгіленген: бұл драмаға хабарлауыш кіріспе және оның лирикалық айындауышы. Сосын, әр эписодий хордың стасимымен аяқталады, эскилдың трагедияларының музыкасы ұстамды, қарапайым, диатоникалық б. т. деп жорамлдайды.
Софоклда трагедияларының кернеулі дрматикалық даму, эпикалық және лирикалық элементтердің қысқарып, жеке актер маңызының өсуі, қаһарманның алға шығуы музыкада сәулеленеді. Софоклда хорлар лирикалық – драматикалық мазмұнды және жинақы, әрекет дамуында маңызды рөл атқарады.
Софоклдың жаңа тенденциялары Еврипидте күшейе түседі. Драмадағы функциясын өзгерткен хордың мазмұнына жеке тұлғалық сезімнің енуі тән. Еврипид стилі бойынша IV ғ. шыққан жаңа бағыттың өкілі, және оның музыкалық трагкдиялық театрдан асып, шекарасын аса кеңейткен.
Ежелгі Грециялық трагедияның алдағы уақытына ықпалы, оның эстетикалық табиғатымен, синтетикаық сипатымен, драматургиялық концепциямен байланысты.
Грек комедиясы музыкасының рөлі туралы тарихи мәлімет онша көп емес. Бірақ онда да хор қатысөаны белгілі. Комедия музыкасы жанрдың сипатына қарай – жеңіл, вакхтық кордакс болды.
Элминисттік кезеңде өнер халықтың көркемдік өмірінен шыққан емес, ол толығымен кәсіби түрде дамыған. Дәл осы уақытта Филоксен, Цитера өкілі (435 – 380)хорлық дифирамбтарды үлкен виртуоздық соло қосып жасайды. Милет өкілі Тимофей (449 – 359) кифарада ішек санын көбейтіп, шығарманың виртуоздығымен тыңдаушыларды тамсандырған.
Ежелгі Греция музыкасы айлы жазылғанның барлығы, сақталған материалдарға қарап отырып мелодиканы сипаттау болды деп айта аламыз. Ежелгі Греция музыкасына бірдауыстылық тән.
Платонның алға шығарған, Аристотель тереңдеткен эпос теориясы антикалық музыка туралы ой аса қызықты.
Платон өзінің кіршіксіз мемлекетінде (басқа өнер арасынан) музыкаға басты рөлді жақсы азаматты тәрбиелеуде бекіткен. Платон көзқарасы бойынша эпостың маңызы шығармада немесе оның бейнелігінде, мәнерлеу тәсілдері системасында емес, тек аспаптың сазы (лад) мен тембрінде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |