«Сырдария » университеті
«Гуманитарлық білім» факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
«Әлеуметтік психология» пәні бойынша
050103- «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін
Лекцияның Қысқаша курсы
Жетісай – 2007 ж
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
-
лекция.
Тақырыбы:Әлеуметтік психолгияның ғылыми білімдер жүйесіндегі дамуы.
Жоспары.
-
Әлеуметтік психолгия пәнінің міндеттері.
-
Әлеуметтік психологияның теориялық және эмпирикалық қайнар көзі. Г.Гиби, М.Форберг
-
Маркстік әлеуметтік психолгияға кіріспе.
-
Методология, феноменология, праксипология.
-
Қазіргі кездегі психология пәніне қатысты негізгі үш түрлі көзқарастарға сипаттама.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
-
Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
-
Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:
3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.
4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994
5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983
-
История зарубежной психологии МГУ1986
-
История советской психологии труда МГУ 1983
-
Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
-
Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
-
Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.
Әлеуметтік психология пәні мынадай құбылыстарды қарастырады.
1.Түрлі әлеуметтік топтар (отбасы, түрлі ұжымдар т.б.), әлеуметтік қатынас жүйесі, (саяси басқару) және адам бірлік барады т.б. психологиялық процестерді қасиеттерді көңіл жүйелерді зерттейді.
2.Адамдардың өзара ықпал ету, әсерлесу феноменін зерттейді. Мысалы: ерлі-зайыптылар, жеке топ т.б.
3.Тұтас құрылым реттегі түрлі топтағы психологиялық процестер, қасиеттермен, күйлер.
4.Көпшілік мінез – құлқы өсек, сән, бұқаралық интузиазизм, апатия, қорқыныш, үрей т.б. сенімді бұқаралық психологиялық құбылыстар. Сонымен әлеуметтік индивитті және топты сипаттайтын психологиялық құбылыстарды (психологиялық процестер күйлер) зерттейді.
Әлеуметтік психологиялық зерттеудің нысанасына әлеуметтік психологиялық құбылыстарды тудырушылар жатады. Оларға: топтағы жеке адам “Жеке – жеке адам” жүйесі (ата-ана, бала), кіші топ (семья, достар т.б.), “Жеке адам – топ жүйесі” (жеке адам лидер – бағын-р), “Топ-топ жүйесі” үлкен әлеуметтік топ (партия т.б. жатады). Әлеуметтік психологияның құрылымы түрлі тарихи кезеңдері екі өзара тығыз байланысты процестердің нәтижесі болып табылады.
Дифференсация – яғни әлеуметтік психологияны тарау, бөлімге бөлу. Интеграция – мұнда әлеуметтік психологияны тек психологиялық ғылымдар мен емес сонымен қатар ғылымның басқа салаларымен байланыстырып біріктіру. Әлеуметтік психологияны бөлу үрдісі көптеген негіздерге сүйенеді. Біз бірнеше басты бағыттарды қарастырайық.
1.Көптеген әлеуметтік психологиялық құбылыстарды талдау, әдістемесінің бағыттары : теориялық, эмперикалық эксперименттерді және тәжірибелік әлеуметтік психологияны тудырады.
2.Адам өмірінің түрлі қырларын қарастыра келе әлеуметтік психологияның еңбек, қарым-қатынас әлеуметтік таным, шығармашылық ойын т.б. секілді салалары қалыптасады.
3.Қоғамдық өмірге әлеуметтік психологияның: өндірістік ауыл-шаруашылық сауда білім, спорт, өнер, салалары қамтиды. Қазіргі кезде экономика жарнамасы, туризм, әлеуметтік психологиясы қарқынды дамуды.
4.Негізгі зерттеу нысанасына сәйкес қазіргі әлеуметтік психология келесі бөлімдерге бөлінген. Жеке адам әлеуметтік психологиясы, өзара қарым-қатынас психологиясы; кіші топтар әлеуметтік психологиясы; топ аралық қарым-қатынас психологиясы; үлкен әлеуметтік топттардан бұқаралық құбылыстар психологиясы.
-
лекция .
Тақырыбы: Әлеуметтік психология пәні.
Жоспары.
1.А.К.Уледов әлеуметтік психология объектісінің динамикалық сипаты.Әлеуметтік психологиялық теориялардың қалыптасуы.
2.Әлеуметтік психиканың табиғаты және фнуциясы әлеуметтік психология жайлы А.Г.Ковалевтің схемасы.
3. Қазақ халқындағы әлеуметтік көзқарас, әлеуметтік көзқарастың бағалану, даму жолдары.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:
3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.
4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994
5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983
6.История зарубежной психологии МГУ1986
7.История советской психологии труда МГУ 1983
8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.
1.Әлеуметтік психологияның пайда болуы (ХІХ 60 жылдары – ХХ ғасырдың басы). Бұл кезеңнің ерекшелігі әлеуметтік психологиялық ойлардың жаратылыстану қоғамдық ғылымда көрінуі мүмкін. Мұнда адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне адамдардың топтағы қарым-қатынасына қарым-қатынасы мен бейімділігіне көп назар аударылды. Осыған орай әскери ғылымда әлеуметтік психология салалары т.б. Батыс Елдері мен қатар халықтар психологиясы дамыды. Ал медицинада ауру адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасы зерттелді. А.К. Михайловскийдің пікірінше әлеуметтік дамудың қозғаушы күші басшы және тобыр. Өйткені басшы тобырды қалай басқарса тобыр солай іс-әрекет жасайды. Ал оған әсер етуші негізгі психологиялық факторлар: еліктеу, қоғамдық көңіл – күй, қоғамдық мұқтаждықтар, қажеттіліктер. Ресейдегі алғашқы әлеуметтік психологияға алғаш оқу құрамын жазған. В. М. Вехтер “Ұжымдық рефлексалогия” (1921). Ол әлеуметтік психологиялық фенолин ретінде: жерлесу, өзара қарым-қатынас, қарым-қатынас мәселелері.
2.Әлеуметтік психологияның дамуы (ХХ – ғасырдың 20 – 30 жылдары). Бұл кезеңде әлеуметтік психологияны марксистік тұрғыдан қарастырды. Бұл мәселеге Л. Н. Вайталовский, М. Р. Рейснер, К. Н. Карнилов, Ю. В. Фракфурт т.б. өз пікірлерін айтты. Осы кезеңдегі әлеуметтік психологиялық негізгі бағыты болып ұжым мәселерін қарады. Ұжым теориясырн заңдылықтарын қарастырған әлеуметтік психологтар. Б. В. Биляев, Л. Н. Вайтоловский, т.б. Осы кезеңде балалар ұжымының құрлымын, дамуын басқару феномені, қараусыз қалған мәселесін қарастырды. Педалогия ғылымы дамыды.
3.Әлеуметтік психологияның құлдырауы (ХХ ғасырдың 30 – 50 жылдары). 1930 жылы елдегі жағдай қүрт өзгерді. Соған байланысты ғылымда өзгеретін болды. Отандық ғылым Батыс ғылымынан бөліне бастады. Бұл кезеңде:
1.Әлеуметтік психологияның теориялық қажетсіздігі.
2.Батыс елдерінің идеологиясымен сәйкестенбеуі. Әлеуметтік психологияның зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылмауы.
3.Әлеуметтік психологияға немқұрайлылық.
Алайда бұл кезеңдеде зерттеулер жүргізілді.
1.Әдістемелік мәселесі (Б. Г. Ананьев).
2.С.Н. Рубинштейн әдістемелік қағидалар – детерменизм сана мен іс- әрекет бірлігі, даму қағидасы мәдени тарихи тұжырымдар әлеуметтік психологиялық теориялық әдістемелік негіздері болды).
3.Ұжым психологиясы мәселесі. Бұл мәселені қарастырған А. С. Макаренко (“Ұстаздық дастан”. Онда ұжымдық психологияның екі түрін көрсетеді: алғашқы және кейінгі.
4.Бұл кезеңде мектеп ұжымындағы жеке адамның қалыптасуы ұжыммен жеке адамның қатынасы т.б.
Әлеуметтік психологиялық қайта өрлеуі (ХХ – ғасыр 50 – 70 жылдары). Бұл кезең ғылымдағы идеологиялық қысымның төмендеуі мен сипатталады. Психологиялық ілім физиологиядан дербес екендігін мойындатып, өз даму жолын басқарды. Бұл кезеңде әлеуметтік психологияны ғылымының даму деңгейі анықталды. Басқа ғылымдармен байланысы зерттелді. Пәні мен зерттеу нысанасы негізгі ұғымдары мен заңдары анықталды. Жоғарғы оқу орнына пән рет-е енгізілді. Мамандықтар даярлана бастады. Ғылыми еңбектер мен оқу конференциялар мен семинарлар өткізілді, арнайы журнарлар шыға бастады.
Шетелдік әлеуметтік психологияның даму тарихы.
Батыс елдерінің мамандары әлеуметтік психологияны адамның мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін олардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деп қарастырады. Тарихқа сүйенсек әлеуметтік психология ХХ – ғасырдың бас кезеңінде пайда болды . Оның дүниеге келген жылы деп 1908 жылды есептейді. Өйткені осы жылы ағылшын психологы В. Мак- Даугаллдің “Әлеуметтік психологияға кіріспе” және Американ әлеуметтанушысы Э. Росстың “Әлеуметтік психология” еңбектері жарық көрді.
Адамдардың әлеуметтік мұқтаждықтары қажеттіліктерін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып адам мен қоғамның қарым- қатынасын талдайтын “Халықтар психологиясы” пайда болды. Халық психологиясының теориясы ХІХ ғасырдың орта шенінде Германияда М. Лацарусс, Г. Штейнь, В. Вундт, ал Францияда С. Сигелия, Г. Левон зерттеді.
ХХ ғасырдың 20 жылдары (В. Моде, Ф. Оллпорт) әлеуметтік психологияны экспериментті ғылымдар қатарына еңгізіліп әртүрлі топтардағы әлеуметтік психологиялық құбылыстарды эксперимент түрінде зерттей бастады. Осы кезеңде психологияда 3 теориялық мектеп қалыптасты:
1.Гештальт (құрылым, тұтас).
2.Психоанализ.
3.Бихевиоризм.
1960-70 жылдары эксперименттен басқа тәсілдерге көшу ұсынылды. Әлеуметтік ұйымның зерттеулерінде бақылау, коррекциялау әдістері қолданыла бастады. Батыстық әлеуметтік психологияның әдістемелік дамуы жаңа бағыттарды дүниеге әкелді.
1.Необихевиоризм (жаңа) (Э. Богардук, С. Оллпорт).
2. Неофрэйдизм (К. Корни, А. Фроим, А. Адлер т.б.).
3.Топтың динамика теориясы (К. Лебин, Р. Липпи).
4.Социометрия (Ш. Энштейн).
5.Трансактілі психология (Ф. Кимпатрик, В.Ш. Телсон).
6.Гуманистік психология (К. Роджес).
7.Когнитивті теор... (Г. Ник, Г. Брунер, М. Кун).
Қазіргі кездегі шетелдік әлеуметтік психология қамтитын лек-рі қатарына мыналар жатады:
1.Атрибуция проблема.
2.Топтық проблемалар.
3.Көмек көрсету.
4.Аттракция.
5.Әлеуметтік топта.
6.Әлеуметтік таным.
7.Әлеуметтену.
8.Бір-бірінен тығыз байланысты мәселелерді зертеу.
9.Қылмыс.
3- лекция.
Тақырыбы: Әлеуметтік психологияның методологиялық негіздері.
Жоспары.
1. Жалпы методология және жекелеген методология.
2. Зерттеу әдістерінің түрлері, топтағы бөлінуі.
3. Мәдени психологиялық тренинг әдістері.
4. Қарым – қатынастың философиялық және анторпологиялық теориясы.
5. Диалогты ұйымдастырудың негізгі мөлшері және принциптері.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:
3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.
4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994
5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983
6.История зарубежной психологии МГУ1986
7.История советской психологии труда МГУ 1983
8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.
Әлеуметтік психология ғылымы басқа ғылымдар сияқты өз алдына ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасты.
1908 жылдан бастап У.Манк – Дугол және Э.Росс еңбектері жарық көргеннен кейін бұл ғылым кеңінен таныла бастайды.
Өз жұмыстарында алғаш “әлеуметтік психология” терминін қолданды.Алғашқы әлеуметтік психология мәселелері ерте кезде философия ғылымынын зерттеулері XIX ғасырда басталды.
Әлеуметтік психология пәні топтағы қоғамдағы және тұлғаның алатын орнын зерттейді. Психология ғылымы сияқты әлеуметтік психология және тұлғаның психалық процестерін ғана емес, әлеуметттік қарым – қатынастағы ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын зерттейді.
Әлеуметтік психология әлеуметтік сана мен жалпы психаны зерттейді, әлеуметтік психология философия ғылымының құрамдас бір бөлігі болып келді, әлеуметтік психология философия, психология, социология этнография, әдебиет т.б. ғылымдармен байланыста дамиды.
Әлеуметтік психология қоғамдық сананың және тұлғаға әсері қарым – қатынас ықпалын анықтайды:
Адам мен қоғам арасындағы келіспеушілік жағдайларда болдырмау мәселелерін қарастырады.
Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынадай үш түрлі әдістемелік мәселе қамтылды:
1.Үлкен , ірі топтардағы психологиялық әлеуметтік жағдайлар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар жеткізіледі.
2.Кіші топтардағы психологиялық - әлеуметтік жағдайлар оларға корпарациялар, ұжымдар, топтар т.б. енеді.
3.Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік психологиялық орны, адамның өзін - өзі бағалай білуі, ұстамдылығы, бағыт – бағдары, табандылығы, ұжымшылдығы, тұрақтылығы т.б. зерттеуге мән беріледі.
Әлеуметтік психологиялық зерттеу дегеніміз – жеке және топтық субъектілердің өзара әсерлесу нәтижелерінде пайда болатын психологиялық заңдылықтарын ашу мақсатында жүргізілетін ғылыми зерттеу түрі. Әлеуметтік психологиялық құбылыстардың негізгі қайнар көзі.
а) жекелік және топтың, іс-әрекет пен қатар сипаты;
б) өмір сүру стилі мен ерекшеліктері;
в) даралық және топтық сана ерекшеліктері (әлеуметтік тоқтамдар, құндылықтар, баға пікір, қарым – қатынас, күтім т.с.с.;
г) даралық және топтық шама, сана, сансыздық (әлеуметтік ............);
д) даралық және топтық материалды және рухани іс - әрекеттерінің нәтижелері;
е) жеке адамның, топтық өміріндегі жағдайлар.
Әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдістер қатарына мыналар жатады.
1.Бақылау әдісі зерттеушінің рөліне байланысты, бақылау қатынасты және қатынассыз болып бөлінеді.
-
Ұйымдастыруға байланысты: табиғи және лабороториялық
-
Нәтижелерді талдау әдістері.
-
Ақпаратты қабылдау тәсіліне байланысты.
-
Қолдану мақсатына байланысты.
-
Мәртебесіне байланысты.
-
Құжаттың деңгейіне байланысты.
Әлеуметтік психологияда сауалнама әдісі пайданылады. Олар :
-
Алдын ала ақпарат жинауға.
-
Жаңа әдістемені тәжірибеден өткізу үшін .
-
Алынған мәліметтерді нақтылау мақсатында.
-
Әлеуметтік психологиялық ақпарат жинау үшін.
Жеке адамдарды топтық бағалау әдісі қолданылады. Бұл әдіс салыстыру және баллдық шкала бойынша жүргізіледі.
4- лекция.
Тақырыбы: Қарым – қатынастың әлеуметтік субъектілердегі өзара әрекеті.
Жоспары.
1.Тілдің психотехникасы.
2. Қарым – қатынаста өзара түсіністіктің механизмі.
3. Әлеуметтік жағдайлар Р.Ф.Бейле бойынша.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:
3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.
4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994
5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983
6.История зарубежной психологии МГУ1986
7.История советской психологии труда МГУ 1983
8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.
Әлеуметтік психология пәнінің қалыптасуынын алғашқы сатысы XIX ғасырдың 1908 жылы қамтиды.
Әлеуметтік психология алғашқы іргелі мәселелері пайда болды. Осы кезеңде әлеуметтік психология мәселелері көптеген маман иелерін психологтар, социологтар, философтар, этнографтарды елеңдетті. Екінші кезеңде XX-ғасыр 40 жылдардан әлеуметтік психология пайда болды. Бұл кезеңдегі белгілі әлеуметтік психология өкілі К.Левин болды. Ол топтық динамика теориясын енгізді.
Үшінші кезең 40- жылдардан орта шені.Әлеуметтік мәселелерді тәжірбиелік тұрғыдан шешу кезеңі.
XIX ғасырдың соңы мен XX-ғасырдың басында әлеуметтік психология жөніндегі теориялық концепциялар жасалынды. 1859 жылы Германияда жаңа басылым “Халық психология мен тілтану журналы” аттты еңбек шықты. Оның авторлары: тілтанушы Штейнталь және философ Лацарус еді.
Олар ғылымның негізгі мәнін түсіндіруге тырысты, халықтық психология, халықтық сана жөнінде пікірлер айтты.
Бертін келе әлеуметтік психология тұжырымдарын неміс ғалымы Вундт жасады.
Ол өзінің халықтық психология жөніндегі он томдық еңбегін жазды. Вундт екі психологиялық мәселе жөнінде зерттеді:
Интеракциялық әдіс арқылы өзін - өзі тану мәселелерін, жас тұлғаның санасына ұлттық психологияның ықпал етуі жөнінде мәселелерді зерттеді.
Онда жұртшылық санасына және элиталардың, жалпы мәдениет құралдарынан қоғамдық санаға және жеке тұлға санасына ықпалын зерттеді.
Әлеуметтік мінез – құлық инстинкті тұжырымдамасын Манк – Дугалл жасады.
ГМ.Андреевтің тұжырымдауы бойынша психология және социология әлеуметтік психология ғылымының анасы. Г.М.Адреевтің анықтамасы бойынша әлеуметтік психология - мінез – құлық заңдылықтарын, адамдармен қарым – қатынасын әлеуметтік топтың ерекшеліктері және психологиялық маңызы жөнінде зерттейді.
Қарым – қатынас әдіснамалық теориялық, эмперикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Қарым – қатынас бұл бірыңғай іс - әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуын жан – жақты үрдісі.Қарым – қатынас – бұл адамдардың бір – бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінсу түрінде аңғарылады. Соңғы жылдары ғылымда “қатынас” ұғымы мен қатар “коммуникация” ұғымы қолданылады.Адам өзінің іс - әрекетінде және күнделікті тұрмысында әр уақытта қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым – қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Сонымен сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым – қатынас үрдісі. Сөйлеу мен тіл бір – бірімен байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
5- лекция.
Тақырыбы: Психологиялық әсерлердің классификациясы.
Жоспары.
1. Психикалық реттеудің контуры.( А.Г. Ковалев)
2. Қарым – қатынастың коммуникативті, интерактивті,перцеттивті жақтары.
3. Жеке адамның қарым – қатынасымен әлеуметтік қарым – қатынас.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:
3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.
4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994
5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983
6.История зарубежной психологии МГУ1986
7.История советской психологии труда МГУ 1983
8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.
Қарым – қатынастың ішкі құрлымы өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Бір тұтас ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан – жақты талдау үшін үшке бөлеміз:
Қарым - қатынас
коммуникация
перцепция
интеракция
Коммуникация дегеніміз – ара қатынас партнерлерінің бір – бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Перцепция дегеніміз- адамдардың бірін – бірі тануы мен тәрбиелеу негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатнастар.
Интеракция дегеніміз – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Қарым – қатынас арқылы адамдар әртүрлі идеялармен көңіл күйлермен, сезімдермен, қызығушылықтармен алмасып тұрады. Осының барлығы ақпарат деуге қарауға болады. Коммуникация барысында қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алмасу емес, сол ақпаратты қатынас серігінің мүмкіндігінше дұрыс түсінуі. Ақпаратты дұрыс қабылдауы неге байланысты? Негізгі себеп қарым – қатынас кезінде коммуникациялық кедергілірдің болу немесе болмауына оған түсінпеушілік кедергісі, әлеуметтік мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас т.б.
Түсінпеушілік кедергілері: фонетикалық, сематикалық, стилдік, логикалық.
Әлеуметтік мәдени айырмалар кедергілері: әлеуметтік, саяси, діни көзқарастар, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады.
Қатынас кедергілері : коммуникаторды жақтырмайтындыққтан оның мәлімдемесін кері қабылдау, сенімсіздік, күдікпен қарау.
6- лекция.
Тақырыбы: Жеке адамға қарым – қатынас субъектісінің пиктограммасы.
Жоспары.
1. Жеке адамның қарым – қатынас жайлы түсінігі.
2. Коммунилативті іскерліктермен психологиялық іскерліктер.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Негізгі:
1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573
2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367
Қосымша:
3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.
4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994
5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983
6.История зарубежной психологии МГУ1986
7.История советской психологии труда МГУ 1983
8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985
9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999
10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984
Лекция мәтіні.
Әлеуметтік психологияда қарым – қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады:
-
В.М. Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым – қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым – қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым – қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.
-
Қарым – қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі, жеке тұлғаның әлеуметтену туралы қағиданы негіздеуші үшін қолданылады. Бұл кезеңде қарым – қатынастың рөлі атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.
-
Қарым – қатынас мәселесін шын мәнінде дүниеге келген кезеңі. Қарым – қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды, ол қарым – қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.
Қарым – қатынастың екінші жағы қатынасушылардың өзара әрекеті сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес әрекеттер қылықтармен алмасады.Қарым – қатынастың үшінші жағы қарым – қатынас жасаушылардың бір – бірін қабылдауын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |