Лекция: 15сағ. СӨЖ: 15 сағ. ОбсөЖ : 15 сағ. Барлығы: 45 сағ. Қорытынды бақылау: Емтихан І семестр



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#133751
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

I тақырып

Жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық негіздері .


Қарастырылатын мәселелер :

(2 сағат)

1.ҚҰ Конституциясы « ҚР білім беру туралы » Заңы .» Білім беру туралы » Заңда анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері .

2.Мектепке дейінгі білім беру жүйесі : негізгі міндеттері мен мақсаттары ,мектепке дейінгі мекемелердің функцияларыныңрпинциптері .Бастауыш орта мектеп . Орта –арнайы білім беру жүйесі .


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Л.И. Рувинский . Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж

  2. ҚР Білім беру туралы заңы. Астана – 2000ж

  3. Ж. Әбиев, С, Бабаев, А. Құдияров. Педагогика. Алматы- 2004ж.

  4. Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы – 2004ж.

  5. ҚР” Білім туралы ”Заңы .Астана ,2000ж.

1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының жарлығымен ,ішкі тәртіп ережелерімен және қызметтік нұсқаулықтарымен айқындалады .



  1. Педагогтық қызмет атқаратын адамдар педагог қызметкерлер болып есептеледі .педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілетін адамдар қызметінің тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді .

  2. Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің :

1)кәсіптік қызмет үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге ,

2)мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт сақталған жағдайда педагогтық қызметі ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға ,

3)ғылымизеріттеулер тақырыбын жәнеолардың нәтижелерін педагогикалық праетикада пайдалану нысандарын еркін таңдауға ,

4)Оқу орнын басқару органдарымен жұмысына қатысуға ,

5)жұмыстан қол үзе отырып , құрылтайшының қаражаты есебінен бес жылда бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын уақытта өздерінің біліктілігін арыттыруға ,

6)санаттан көтеру ,қызметіне өсу мақсатында мерзімінен бұпын аттестатциялауға ,

7)жалпы орта ,кәсіптік бастауыш ,кәсіптік орта ,кәсіптік жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру мекемелерінңпедагогқызметкерлері мен оларға теңестірілгендер үшін ұзақтығы –күнтізбелік 56күнге ,әдістемелік қызмет орындарының қызметкерлері ,мектепке дейінгі және мектептен тыс педагог қызметкерлері үшін күнтізбелік 42күнге ақы төленетін демалыс алуға ,

8)жеке педагогикалық қызметке

9)өзінің кәсіптік аберойы мен қадір –қасиетін қорғауға ,

10)білім беру ұйымдары мен олардың қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің көзі болып табылатын материалдық активтер нысанындағы интелектуалдық меншігін басқа түрлерімен бірдей қорғауға ,

11білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары менөкімдерене шағым жасауға ,

12)пелагогикалыққызметтегі табыстары үшін материалдық жәнеморальдық жағынан көтермелеуге ,ордендермен және медальдармен,құрметті атақтармен ,белгілермен және грамоталармен марапаттауға құқығы бар .

Мектепке дейін білім беру ұйымдары мен жалпыбілім беретін мектепте мектепалдындағы даярлаудың негізгі міндеттері :

1)балаларды мектепке даярлау ,

2)балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау жәненығайту ,

3)балалардың интелуакталдық және жекебасының дамуын қамтамасыз ету , олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық ,

4)оған мұқтаж балалардың дамуының бұзылуын тұзету ,

5)баланың толық мәнді дамуын қамтамасыз ету үшін отбасыменөзара іс – қимыл жасау болып табылады .

4.Ата –аналар мен өзге де заңды өкілдер бес – алты жастағы баларды мектеп алдындағы даярлауды қамтамасыз етуге міндетті .

5.Мемлекеттік білім мекемелерінде мектеп алдындағы даярлау тегін болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бюджеттенқаржыландырады .

6)Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мектеп алдындағы сыныптары мен топтарында әлеуметтік көмекті қажет ететін тәрбиеленушілердің мүдделері міндетті түрде ескеріледі .

7.Мектеп алдындағы даярлау туралы нұсқаулықты ,сондай-ақ Мектеп алдындағы даярлауға байланысты оқыту әдістемелік мәселелері Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес өз құзіретінің шнгінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органы айқындайды .



Білім беру жүйесінің міндеттері

1.Білім беру жүйесініңбасты міндеті –ұлыттық және жалпы азаматтық құндылықтар ,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жекеадамды қалыптастыруға ,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау .

2.Білім беру жүйесінің басты міндеттері мыналар болып табылады :

1)білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау,

2)жеке адамның шығармашылық ,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту ,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру , жекебасының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту ,

3)азматтық пен елжандылық , өз Отаны –Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке , мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,халық дәстүрлерін қастерлеуге , Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге тәрбиелеу ,

4)республиканың қоғамдық –саяси,экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін ,жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналаы көзқарасын қалыптастыру

5)Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау ,қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын ,әәәәәдет- ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу ,мемлекеттік тілді , орыс , шетел тілдерін меңгеру ,

6)білім беру ұйымдарының еркіндігі ,дербестігі н кеңейту ,білім беру ісін басқаруды демократияландыруды және орталықтандыру ,

7)оқытудың жаңа технологияларын енгізу , білім беруді ақпараттандыру , халықаралық ғалымдық коммуникациялық желілерге шығу

8)еңбек рыногында бәсекеселуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау және біліктілігін арыттыру ,

9)жүмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылған халықты қайта оқыту жәнеқайта даярлау ,

Мектеп оқушылардың бойына Отанға сүйіспеншілік, коллективизм, үлкендерді, ата- әлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болды. О

10)алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына жәрдемдесу



Оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту.лар атқарып отырған істің мақыздылығы және тандаулы мүғалімдердін, беделі мұ-ғалімдік мамандыққа айрықша ілтипат білдірді. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканық негізін қалаушы славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге « ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары түрған ешнәрсе жоқ » ‘ деп жазды.

МұғалІм — қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информвция кұралдары арқылы ең бағалы және қажетті нәрселердІ алады, ал негізінен алғанда мұғалім арқылы жастар санасына сіңіреді. Мұғалім — бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдын өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған . Мұғалім ең күрделі процестерді — жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінін жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттық ішінде ен дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі.Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең сенгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады, яғни онын, қолында В. Г. Белинскийдің сөзімен айтқанда, адамның өмірлік тағдыры тұр. Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қоғамымыздың болашағы — үйлесімді жеке басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды. К Г. Паустовский «бақыт білімпазға келеді» деп әділ айтқан. Мұғалімдер үшін арнайы әзірлікпен және жалпы білімдарлықпен қоса, ойлаудағы икемділіктіц, танымдық және практикалық міндеттерді творчестволықпен шеше білудің де манызы зор. МұғалІм ойын қадағалау мүмкіндігі оқушылардың ойлау мәдениетін қалылтастырады.Алайда болашақ жас педагогтар үшін өзІн-өзі тәрбилеудің, кәсіптік-педагогикалық өзіндік пайдалы сипаттарын білгені жөн.Үйірсектік. Тұйық мұғалімге өзІ мен шәкірті арсын-дағы өзара түсінісушілік пердесін ысыруы оңайға түспейді. Оларға, үйірсек мұғалімдерге қарағанда, шәкіртінің ішкІ әлеміне енуі едәуір қиынға түседі.Өзін-өзі ұстай білу. Өз эмоциясы мен сезімін меңгере білген мұғалім жоқтан өзгеге күйгелектенбейді, асығыс қорытынды мен ескертуді жасамайды, яғни орынсыз жазаламайды.Мақсатқа жетудегі табандылық. Іскер мұғалімдер өзі қойған талабынан қайтпайды. Ол: тамшы тасты өз күшімен емес, өзінің жиі таматындығымен теседі,— деген мақалдың мәнін жақсы түсінеді.Оптимизм және эзіл. Өте сыпайы, әрі орынды әзіл — тәрбие процесінін. бейсенділік катализаторы. А. С. Макаренко педагогтарға балалар коллективінде сергек, қуанышты көңіл-күй туғызу, тәрбиеленушіге «оптимистік болжамда» қарау, яғни оқушының жақсы жағына сену және тәрбиеде соған арқа-сүиеу қажет деп үйретті.Сонымен, мұғалімнің жеке сапасымен және педагоги-калық терен, білімділіғімен тұтасқан идеялық сенІмдІлІгі, оның кәсіби шеберлігінің берік Іргетасын қалайды. Педатогикалық қызметтің ойдағыдай болуынық қа-жетті шартты — баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей түрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәр-биелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардьщ мінез-қүлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегІ теріс кылықтың пайда болуына әкеп соғады. Балаларды біреуді жаксы, ал—біреуді жек көруге тәрбиелеуге бол-майды. Бала жаксы көргенді-жаксы көреді, күрметтегенді— құрметтейді. Олар әуелі ез «физигін», «математигін», «әдебиетшісін», сонан соң физиканы, математиканы неме-се әдебиетті ұнатады немесе ұнатпайды. ЕкіншІден, шә-кіртін жақсы көрген мүғалім, жұмысын да ұнатады.Мұғалімнің жеке басындағы үйлесімділік көбінесе талапкершілігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылығымен, сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен және жұмсақтығымен айқындалады. Мұның барлығын мұғалім ешбір жерден таба алмайды, оны іс үстінде ез мінез-күлқын тексеру арқылы ғана және үнемі өзін-өзІ тәрбилеу нәтижесінде ғана тани алады.Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Мен мектепке кірген кезде жалба-жұлба киінген, шілбиген кір-қожалақ балаларды, олардың күлімсіреген көздерін көргенде... менде суға батқан адамды көргендей үрей, елес пайда болады... Мен халыққа білІм беруді ойлағанда, сол түншыққан Пушкиндерді... Ломоносовтарды құтқарсам деймін. Ал олар әр мектепте де көптеп кездеседі » Соңғы жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір арттырылды, қазір олардыд көпшілігінде жоғары педагогикалық білім бар. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдерге берілетін жеңілдіктер ұлғайтылды. Әдебиет пен өнер қайраткерлері де мұғалімдерге көбірек көңіл бөле бастады. Сонымен қоса, әсіресе ғылыми-техникалык прогресс жеделдетіліп отырған қазіргі жағдайда, мұғалімдерге қойылатын талаптар арта түсетіні сөзсіз.Теменде келтіріліп отырған үзіндіде (жазушы В. Драгунский жариялаған « Егер мен бәрін орындай алсам» деген тақырыпта жеткіншек жазған шығармадан) баланың мұғалІмге деген көзқарасы мен талабы айқын көрі-неді. «Мен ең әуелі өз жастығын балаларға арнаған барлық мұғалімге, қартайған шағында, айталық 30 немесе 32 жыл өткеннен кейін еңбек сіңірген мұғалім атағымен наградтауға бар күш жігерімді салар едім. Мұның өзі оларды шексіз куанышқа, мақтанышқа бөлер еді. Мен оларға « дені сау болатындай » жағдай жасар едім. Алайда мен педагог уйренетің істі едәуір қиындатар едім. Кімде кім педагоғикалык, институтқа түскісі келсе, ол барлығын беске тапсыруы, ал өзі оқытқысы келетін пәннен — бестік бағадан да жоғарырақ тапсыруы тиіс. Ол сонымен қоса өзін балалармен тек ұстау өнерін де меңгере білуі қажет. Оның балалармен қарым-қатынасы жайлы арнайы емтихан болады, егер ол бұл сынақтан өте алмаса, онда әзірше хош бол, бір-екІ жылдан кейін келерсің дер едім!.. Тағы бір емтихан өткізіледі: түкке тұрмайтын нәрсеге ызаланушы болма. Егер ол осы сынақтың барлығынан өте жақсы деген бағамен өтетін болса, онда педагогикалық институтқа түсуге жол ашық дер едім».«Сәби тілінде шындық бар»,—дейді халық. Расында, өмір мұғалімдерге әрдайым жаңа талаптар қояды. Егер мұғалім біздің қоғамымыздың өміріне белсене араласып, ондағы көкейкестІ проблемаларға сергек қарағанда ғана, ол

бұл міндеттерді ойдағыдай орындайтын болады.


2-тақырып

МҰҒАЛІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫК ЖОҒАРЫ ОҢУ ОРЫНДАРЫНА ДАЯРЛАУ

Қарастырылған мәселелер:

1. Болашаќ м±ѓалімніњ ќалыптасуы.

2. Жоѓары оќу орнындаѓы сабаѓыныњ негізгі т‰рлері.


  1. Студент тобы - ±жымдыќ тєрбиеші.




  1. Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. В.А.Кан - Калик. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж

  2. К.Б.Сидалиев. Тәрбие теориясы. Алматы – 1986ж.

  3. М. Жұмабаев. Педагогика. Алматы- 1992ж.

Жаңа оқу жоспарлары жасалады, онда студенттер-


тиянақты даярлаумен қоса, оқытудың практикалық бағытына да айрықша көңіл бөлінеді. Халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында барлық мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін жоғары педагогикалық білім алу мІндеті қойылған.Студенттердің оқуы, еңбегі, тәртібі жөніндегі жеке жауапкершілігі арттырылады. Болашақ маман өзінде қоғамдык, белсенділіктІ, коллективте өмір сүру мен жұмыс істей алуды, алуан түрлі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруды дамытуы тиіс,—'мұның барлығы мұғалім өмірін барынша қызғылықты, әрі мазмұнды ете түседі және де мектепте тәрбие жұмысын тиімді өткізуіне ықпал
етеді. Студент білімінің сапасына ерекше талап қойылады. Студенттің лабораторияларды, кабинеттерді, аудиторияларды, оқу залдарын, спорт мүліктері мен құрылыстарын — жалпылай және кәсіптік мамандығын жетілдіруге қажетті, барлығын тегін пайдалануға право берілген. Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге правосы бар. Өзін-өзі басқару органдарында студенттерге кең право берілген. Жоғарьг оқу орындары студенттердің өзІнің ішкі кодлективіндегі проблемаларды — білім сапасын, оқу пәндерін, стипендия тағайындауды, жатақханаға орналастыруды т. 6. жақсартуды — белсене талқылауға және шешуге мүдделі.Педагогикалық жоғары оқу орындарынын. басшысы ректор, оны Халыққа білім беру министрлігі тағайындайды, немесе институттын, Ғылыми советінің жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады. Ол институттағы бүкіл жолға қоюға тікелей жауап береді. Жоғарғы оқу орнының оқу-методика, ғылыми-зерттеу және әкімшІлік-шаруашылық қызметтеріне проректорлар басшылық етеді.Институттың негІзгІ құрылымдық бөлІмшесІ кафедра. Оның меңгерушісін — профессордан немесе доценттен инстнтут советінде жабық дауыспен сайлайды, Кафедра бір немесе бірнеше шектес ғылыми пондерден ғылыми-методикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.Мамандық профилі бойынша ұқсас кафедралар (жалпы институттық кафедралардан басқасы) факультетив бірігіп, оны декан басқарады. Деканды жетекшІ пәннің мамандарынан жабық дауыспен сайлайды. Ол факультеттегі оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарға жалпы басшылық етеді. Деканның студенттерді курстан курсқа көшіруге, мемелекеттік емтихан тапсыруға жіберуге, қоғамдык комиссияның ұсынысы бойынша стипендия тағайындауға правосы бар.Жоғары оқу орындары жүйесінде өзін-өзІ басқаруда кәсіподақ ұйымы маңызды орын алады. Оның қызметі студенттерге көмектесуге, олардың оқуын, еңбегін, тұрмысы мен демалысын жақсартуға арналған.Жоғары оқу орындарында мынадай лауазымдар белгіленген: профессор (әдетте, ғылым докторы), доцент (әдетте, ғылым кандидаты), аға оқытушы, ассистент, кабинет менгерушісі, аға лаборант, оқу мастері, лаборант.Институтта совет болады, оның құрамына ректор, проректорлар, декандар, жетекші профессорлар мен доценттер, қоғамдық ұйым өкілдері мен студенттер, сондай-ақ халық шаруашылығы мен мәдениеттің тиісті салалары енеді.

Оқу жоспарынын, негізінде программа жасалып, онда оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту логикасы айқындалады. Оқу жоспары — бұл мемлекеттік документ, онда оқу лондерінің құрамы, бірізділігі және оларды оқу жылына қарай оқыту тәртібі белгіленеді.

Педагогикалық институттың оқу жоспарының құрылымында үш негізгі цикл болады:


  1. Қоғамдық ғылымдар: философия, саяси экономия. Оқу пәнінің бұл циклі мұғалімінің кәсіптік мамандығының, мінез-құлқының және қызметінің идеялық және дүниетануын қалыптастырады.

  2. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар: мамандыққа кіріспе, педагогика, тәрбие жұмысының методикасы, педагогика тарихы, жалпы психология, жас ерекшелік және педагогикалык психология, мамандық түрі бойынша пәнді оқыту методикасы. Психологиялық-педагогикалық пәндер мұғалімнің педагогикалық қызметінің және кәсіптік шеберлігініқ ғылыми негіздерін айқындайды.

  3. Арнайы ғылымдар — мамандық түрін айқындайды,— ол болашақта ғылыми жоғары деңгейде оқытудың негізі.

Студенттердің, ақыл-ойына, жүрегіне және ерік-жігеріне ықпал етуі жағынан жоғары оқу орындарында лекция бірІншІ орын алады. Ол арнайы құрылған сол аудитория үшін ғылым мен ғылыми-педагогикалық ойлау үлгісінің жүйесін байланыстырады. Лекция — бұл тек информация ғана емес, оқытушы студенттер қарым-қатынасы және бірлескен қызметінің әрекеті. Сондықтан да институтта лекцияны оқу жұмысынын, ешқандай формасымен алмастыруға болмайды.

Лекцияны оқу және тыңдау — лектор үшін де, студент үшін де күрделі, әрі ауыр жұмыс. Лектор шындығында үш жақты қызмет етеді: лекцияны шығарушы, оны коюшы және, ең соңында орындаушы. Студент лектор ойын қалт жібермей қадағалайды, негізгілерін саралап, принципті қағидаларын сын көзімен қабылдап, информацияны толық сезінуге жәнеде ең қажегтілерін өз ақыл қоймасында — жадында сақтауға тырысады. Сонымен қоса ол неғүрлым толық түсінікті, оны анық етіп жазуға үлгеруі тиіс.Лекцияны оқу барысында оқытушы қыруар нерв және интеллектуалдық күш жұмсайды, алайда ол студентке қарағанда едәуір қолайлы жағдайда болады, өйткені ол өзінің күні бұрын әзІрлеген лекциясын бірыңғай баяндайтындықтан, оқытушы уақыты субъективті түрде тез өтеді. Ал студент болса 90 минут бойы қозғалмай отырып информацияны қабылдауы, талдауы және көкейіне тоқуытиіс.Лекцияға дайындалғанда: өткен лекция конспектісн оқып шығу, тиісті тарауды оқу құралынан қарау, негізгі ұғымдарды қайталау қажет.Лекцияны міндеттІ түрде конспектілеуі қажет. Кім жазьш отырса, екІ рет оқып шыққаны,— деп тегін айтылмаған. Лекцияны конспектілеудің ең қолайлы түрі — лек-ция мазмұнын өз сөзіңмен ықшамдап жазып, қажетті тұсына белгі қою.Семинарлар, лекциялар секілдІ, сабақтын, теориялық формасына жатады. Студенттер семннар сабақтарында лекцнялардан және өзінің дербес жұмысы арқылы алған білімің тереңдетіп, нығайтады, өз сенІмІн тексередІ және айқындайды, терминологияны меңгереді, сол арқылы еркін оқуға үйренеді, өз көзқарасын қорғайды.Практикада семинарды өткізудің бірнеше формасы қалыптасқан: 1) сұрақ-жауап семинары, 2) студенттерге күні бұрын берілген жоспар бойынша жан-жақты әңгіме өткізу, 3) студенттердің ауызша баяндамалары, соңынан оны талқылау, 4) жазбаша рефераттарды талқылау, 5) теориялық конференция, 6) семинар диспут, 7) түпнүсқаға түсінік бере отырып оқу . Аудиториялық сабақтың едәуір бөлігін лаборатория . Ал –практпкалық жүмыстар алады. Тапсырманы дербес орындау дәрежесіне қарай оларды репродуктивтік (бүрын орындалған тапсырманы еске түсіру) және творче-стволық (білім мен ІскерлІкті жаңартуды, қайта құруды, жинақтауды қажет ету) деп бөлуге болады.Лабораториялық-практикалық сабақтар ойлауды ынталандырады, теорияны практикамен, оқу жұмысын ғылыммен жақындатады, білімдІ нығайтуға ықпал етедІ. Ол ойдағыдай орындалады, егер:



  • студент жұмыстың мақсаты мен міндетін түсінсе;

  • оған алдын ала әзірленсе (қажетті әдебиеттерді оқыса, тиісті өлшеулерді орындаса, фактілерді жинастырса т. б.);

  • жұмысты орындау барысын жоспарласа жаңа өзін-өзі бақылау сәтін белгілесе;

  • жұмыс барысын және оның нәтижесін тіркеп отрыса;

жұмысты аяқтағаннан кейін нәтижесінің дұрыстығын тексерсе және жұмыстың бастапқы кезіне ойша қайта оралып, оны қалайша тиімдІ істеуге болатынын ойластырса.Студенттер оқу барысында қиналса консультация алуға мүмкіндігі бар. Бұл көмек берудің басты формасы. Оның өзі формасы жағынан топтық, толассыз және жекелей, мазмұны жағынан — таныстыру, тақырыптық және емтихан алдындағы болып бөлінеді. Кейде консультация коллоквиум немесе әқгімелесу формасында өткізІледі.Оқу жоспарында студенттердің психология, педагогика, методика және арнайы пәндер бойынша курстық және дипломдық жұмыстар орындауы көзделеді. Бұл — оқу-зерттеу жүмыстарының күрделі түрі. Курстық жұмыста| студенттердің білімін тереңдетумен қоса, ғылыми-зертте; қабілетін де дамытады.

Курстық жұмыстарды атқарудың практикада тексерілген мынадай кезеңдері бар:



  • Такырып таңдау. Әдетте курстык және дипломдык жұмыстың тақырыптары кафедрада жасалып, студенттерге хабарланады. Әрбір студент кез келген тақырыпты немесе өзІ ұсынған тақырыпты таңдай алады, соңғы жағ-
    дайда тақырып кафедрада бекітілуі тиіс.

Курстық және дипломдық жұмыстардың шартты құрылымы мынадай:

Кіріспе. Тақырып мәмін дәлелдейді, әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды, өз болжамын келтіреді.БірІншІ тарау, Теориялық жұмыстар мен мектеп практикасындағы проблемалар жайы талданады.Екінші тарау. Әз байқауларын, алған фактілерін, эксперимент деректерін талдайды.Қорытынды. Жалпы қорытындыны және практикалық ұсыныстарды жинақтайды.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.Курстық жұмыстьщ көлемі — 20—25 бет, дипломдык жұмыс — 50—60 бет. Оның бірінші (титул) бетінде институты, кафедрасы, автордың аты-жөні, факультеті мен курсы, ғылыми жетекшісінін фамилиясы, аты-жөні ғылыми атағы, жұмыстың орындалған жылы көрсетіледі. Жұмыс үлгісі кафедраларда әрдайым болады. Қурстық жұмыс кафедралық комиссияда, дипломдық — Мемлекеттік емтихан комнссиясы алдында қорғалады.Студенттерді алдын ала аттестациялауды (көбінесе лабораториялық және практикалық жұмыстардың нәтижесі бойынша) зачет деп атайды. Ол емтихан алдындағы әзірлік іспеттес. Зачеттар мен емтихандар — оқу процессінде информацияны керісінше алу кұралы, мұның өзі оқытушынын оқыту сапасын білуіне, ал студентке мамандығын қаншалықты игергендігін білу үшін қажетті.Емтихандағы ең бастысы — білімді тереңдету және жүйелеу. Сонымен қоса емтихан — студенттердің білімін, Іскерлігі мен дағдысын, сондай-ақ олардың жалпы өресін тексеру. Емтихан билет бойынша да, емтихан алушының ауызша сұрағы бойынша да, бірақ міндетті түрде қолданылып жүрген оқу программасы негізінде жүргізіледі. Оқытушының зачет кітапшасына «зачет берілді» деп жазуына немесе емтихан бағасын қоюына правосы бар. Мұндайда студенттің лекцияларға, семинарлық және лабораториялық-практикалык сабақтарға қатысуы, сондай-ақ күнделікті өткізілген әңгіме нәтижесі ескеріледі.Емтихан қорытындысы бойынша мынадай баға қойылады; «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз». Студент «өте жақсы» деген баға программалық материалды терең, әрі толық меңгергені, берген жауабының сауатты, дәлелді' және логикалық қисындылығы үшін, әдебиеттерді білетІндігІ үшін қойылады.МұғалІм қызметІ өзінің сипаты жағынан ғалым еңбегіне ұқсас. Педагог шәкіртін тиімді оқыту және тәрбиелеу үшін оның жеке өзін және рухани қалыптасу процесін үнемі зерттейді. Практикалық педагогикада ен бастысы — тәрбие ықпалыньщ нәтижесінде балада нендей өзгеріс болғанын, мұғалім жұмысының қандай тәсілдері меи амалдары оқушыңың белсенділігіне ықпал еткенін, білім мен практикалық тәжірибенІ терең де, тиянақты меңгертудің төте жолы қайда екендігін әр қашан көре, сезе білуде.Көптеген мұғалімдер өзі оқытатын ғылымнан байыпты зерттеулер жүргізед.І. Журналдар мен жинақтарда ғылыми мақалалар жазатын, оқу құралдары мен монографиялар шығаратын талай мұғалімдер есімі белгІлі. Мұғалімдер тартымды педагогикалық диссертациялар жазуға. Зерттеуші мұғалімнің творчестволықпен, әрі нәтижелі жұмыс істейтіндігі байқалады.Ғылыми еңбек белгілі бір қабілеттілікті қажет етеді, ал оның өзі кез келген студентте болады. Әрине, оны белгілі бір бағытта, әрі ұдайы дамытып отыру қажет. Зерттеушілік қабілет — бұл ақыл-ойдың белгілі бір қасиеті, бірінші кезекте проблеманы көре білушілік. Резерфорд былай деген екен: егер оның қарамағында жас ғалым істесе және ол екі жылдан кейін бұдан әрі не істеймін деп сұраса, ұстазы оған ғылыми жұмысыңды таста деп кеңес берер еді. Творчестволық ақыл-ой қаралайым нәрседеп кереметті, өзгелер байқамағаны сұрақты көре білуі тиіс. Венгер ғалымы А. Сент-Дьёрдьи былай деп жазды: «Жаңалық ашу — демек бәріміз керіп жургенді көре білу, бірақ осыған дейін ешкімнің ойына келмегенді ойлай білу» '. Ал Д. Бернал былай деп түсіндіреді: «Проблеманың шешімін тапқаннан гөрі, оны көре білу әлдеқайда қиын. Оның алғашқысына іскерлік, ал екіншісіне — қиял қажет» Ғылыми творчества білнді қажет етеді. Алайда мәселе оның көлемінде ғана емес, білімнің жүйелілігінде және әсерлілігінде, БІлім ақыл-ой «семіздігі» емес, ақыл-ой бұлшық еті болуы тиіс. Көп білген ғалым емес, бәрінен көп оқытатын ғалым.Талапты ақыл-ой байқағыштығьшен де ерекшеленеді. И. П. Павлов Колтушадағы өз институтьшың бас ғимаратына «байқағыштық» деген сөздІ ойып жазуды тапсырды. Әдетте адамдар байқағанын емес, қорытындысьн жазуға әуес, ал ғалымдар болса фактІ — ғылым ауасы екенін жақсы бІледІ.Творчестволық ақыл-ой жинақталған тәжірибе арқылы ұқыпты, әрі үнемді жұмсалады. Зерттеуші жаңа жұмысты бастағанда өз білімі мен жұмысы амалдарын барынша пайдаланады.Зерттеушінің кұбылысты топтастыра білетін, дәл анықтамасын беретін, жинақтайтын болжамы мен қиялын ойластыратын да ерекшелігін атап көрсеткен жөн.Бірақ еңбексіз ешбір қабілет дамымайды. Зерттеуші әрдайым еңбекқор, Жаңа идеялар мен шешімдер — И. П. Павлов айтқандай, ұзақ та, тынымсыз ойлаудың нәтижесі.Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мақсатында педагогикалық жоғары оқу орындарыпда ғылыми зерт-теулердің ролі едәуір арта тусуде. Педагогика мен мектеп проблемаларьша институт ғалымдарымеи қоса, студепт-тер де белсене араласуы тиіс. Ол үшіп ең алдымен ғылымя таным тәсілін меқгеру қажет. Кез келген ғылыми кыз-меткердІң компасы — маркстік-лениндік философия. Сту-денттер ғылыми зерттеу тәсілдерінің жалпы негІздерІ ретінде материалистік диалектиканың заадары мен категорияларын терең менгеруі тиіс.Мәңгі өлмейтін және сарқылмайтын тапым көзІ педагогикалық төжірибе, мектеп пен мұғалімнід ойдағыдай жұмыс істеуі болып саналады. Педагогикалық қызметті бақылау, ондағы жаңа мен қызғылықты нәрсені адғарту, сөйтіп жетістікке жететін жағдайларды ойластыру кажет.Алайда нақты мәселе бойынша ғылымда не істелгенін білмей түрып, зерттеуді бастауға болмайды. Жарияланған материалдар тасқынына «батып» кетпес үшін ең құнды түпнұсқаларды мұқият таңдай білу қажет. Мақалалар мен монографияларды жай ғана оқып қоймай, оның текстеріне түсіруді үңілу қажет. Орта ғасыр ойшылы Аб-дуль-Фарадж мынадай кеңес береді: Қітаптарда тұжы-рымдалған ойлар біздід пегізгі байлығымыз, ал өзімізде панда болған ойлар — сол кітаптардыд жемісІ болуы тиіс. Байқау мен экспериментті іздеген нәрсе айқын болғанда және іздестіру нәтижесінде не күтуге болатынын білгенде ғана ұйымдастырады. Зерттеудіц бұл тәсілі мұқият жоспарланады және ерекше танымды, әрІ ғылыми жетекшімен толық консультация алуды қажет етеді. Қоғамдық пікірді зерттеу үшін анкеталау, әңгіме өткізу, интервью алу және тапсырма беріп тексеру әдістері қолданылады.Сұрақтар мен тапсырмалар (тестар) құру — білім мед тәжірибені қажет ететін өте күрделі іс. Анкеталарды және басқа да сұрақтарды, оларды өткізу шараларыд міндетті түрде ғылыми жетекшімен ақылдасады. ҚазіргІ кезде аса көп эстетикалық материалдарды ЭВМ көмегімед өңдеуге болады.Болашақ мүғалім тар келемдІ мамандық ретінде ғана емес, қоғамшыл-педагог, азамат ретінде де қалыптасады. Студенттердід ерекше бағалы сапасын дамытатьш құнарлы ортасы — олардың бастауыш коллективі болып саналатын студенттік топ. Нағыз коллектив бірден құрылмайды. Студенттер институтты бітіргенше студенттік топ нағыз коллектив болмайтын жағдайы да кездеседІ. Мұндай жағдайда болашақ мұғалімдердің кәсіпік-педагогикалык даярлығы мен азаматтық бағыты едәуір ойсырайды.Кез келген бастауыш коллектив секілді студенттердің бастауыш коллективі де бір мақсатқа, бірыдғай коллективтік пікірге жұмылдырылуы, ұйымшыл және тату болуы, қоғамға пайдалы жұмысқа белсене қатысуы тиіс. Мұндай коллективте студенттер оқуьш ғана емес, бос уақытын да ойдағыдай өткізеді. Ұйымшыл студент коллективі оқушылар коллективінщ моделі іспеттес, ертең олар институтты бітірг,енде де мектеп коллективінің ұйтқысы бола алады.Коллектив — жеке студенттіқ — болашак мұғалімнің қалыптасуының объективті факторы, ал оның өзі кед ұйымдық, дербестікке, өз бетінше әрекет етуді өрістетуге негізделуі тиіс. Студент топтардың қызғылықты, мазмұнды және тату өмірі топтағы оркімнің жеке көпшіліктің, жетекші мен қарапайым мүшесінің күш-жігерімен құрылады.Мұғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, еңбек коллективтерімен қарым-қатынас жасай білу тәжірибесі, сондай-ақ ұйымдастырушылық іскерлігі мен дағдысы өмірлік қажеттілігі. Мұғалім әрқашанда лектор, үгітші, әрі насихатшы болуы, мектепті басқара білуі, кәсіподақ ұйымдарының активисі болуы тиіс. Ол біреудің қол астында жұмыс Істей білуі де, кезі келсе басқара да білуі керек.
3- тақырып

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСЕПТІК ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРАЛЫ — ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ

Қарастырылытын мәселелер:

(2 сағат)

1. Жеке адамныњ ќалыптасуында µзін- µзі тєрбиелеудіњ ролі.

2. Өзіне- µзі б±йрыќ берудіњ жєне µзін- µзі иландырудыњ ролі.

3. Әдет — мінез- ќ±лыќ негізі.



  1. Өз аќыл-ойын тєрбиелеу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Л.И.Рувинский. Мамандыққа кіріспе Алматы – 1988ж

  2. С:А:Ұзақбаев. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы – 1990ж.

  3. Ж.Б. Қояебаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана – 1983ж


Мектеп реформасыньщ талаптарына сәйкес мұғалімнІң жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы кебінесе соған байланысты. ӘрбІр мұғалім өз басынық бағалы кәсіптік сапасьш, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіитік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы бар. Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу — мұғалімнін кәсіптік даярлығынын, іргетасы. Қүнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы Іргетаста мұғалімиің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.БелгІлІ фактіге қайтадан жүгініп көрелІкшІ: адам өзінің табиғи күшін, өзінің табиғи беріктік қорын (тіпті, шамалы мөлшерде болса да) толық пайдаланбайды екен. Өйткені күш-қуаттың, еріктің, ой-өрістің ғажайып даму мысалдары жеке адамдардьщ төтенше ерекшелігін емес, адамның, демек біздің әрқайсымыздың пайдаланылмаған зор мүмкіндігімізді аңғартады.Жазушы Д. Гранин осы педагог-ғалымның жұмыстағы табыс сырын былайша ашып берді: ол елу алты жыл бойы үзбестен жұмсаған уақытын жазып, жоспарлап отырды. Мұның өзІ уақьғгты үнемдеп пайдаланудың ерекше тиянақты жүйесі еді. Өз өміріңді дұрыс ұйымдастыра алмағанын, уақытыңды тиімді пайдаланбағаның үшін өзінді жазғыру бір басқа да, осынық барлығын сағат, минутына дейін жете білу — басқа мәселе. Любищев күнделікті есеп жүргізіп отырды, ешнәрсені жасырмаи және тігІсін жатқызбай, қорытындысын өзІ мұқият жасап отырды. Ол осылайша әр минутын, тіпті қала транспортында жүруге, кезекте тұруға т. б. кеткен уақыттарын да тиімді пайдалаыуға өзІн-өзІ дағдыландырды. Любищев мұндай уақыттарды сарқа пайдаланудың ұсақ-түйегіне дейін ойластырды. Жолда жүргенде — шағын кітаптарды оқыды, тіл үйренді. Ағылшын тілін осылайша меңгерді. Ол тәуліктің қауырт уақытын он сағатқа белгілеп, оны минутына дейін дәлме-дәл ескерді. КунІ бойы бір нәрселерді қараумен, газет-журналдарға Көз жүгіртумен өткі-зеді. Әр айдың және әр жылдыц аяғында қорытындысын шығарып, талдап отырды. Сонымен қоса жұмысын әр күнге, әр айға, әр жылға тІптІ бесжылдыққа мұқият жоспарлауды да ұмытпады. Любищевтік тұжырымдауынша, адамда нашар, бос, артық уақыт деген болмауы тиіс. Оның демалысының өзІ — танаптағы дұрыс ауыспалы егіс секілді, жұмыс түрін алмастырып отыру болды. Лю-бищев зымырап өтіп бара жатқан өмірінің әр күнінің, әр сағатының тыиысын өлшеуден қорықпады. Ол уақытты үзарта білді, оны түсіріп, жоғалтып алмайын дегендей сығымдап үстады. Ол уакытты күнделікті жейтін нанын-дай кастерледі, «уақыт еткізу» деген оның ойы түгіл, са-насына да келген емес. Уақыттың кез келген сәті ол үшін игілік. Сағаттық әр минутын және тәуліктін, әр сағатын қауырт едбекке арнауы женінен Любищевтің өмірі біздерге үлкен сабақ боларлық.Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, тілі сөйлемейтін Ольга Скороходованьщ тіршілік тынысын еске түсірелікші. Ол ғалымдар мен тәрбиешілердің көмегімен, алдына белгілі мақсат қойып, тынымсыз жұмыс істеуінің нәти-жесінде кейбір төрт мүшесі сау адамдар жете алмаған жетістікке жетті. Ольга Схороходова кітап жазды, кандидаттық диссертация қорғады, өлең шығарды, жеке басындағы өте ауыр жағдайға қарамастан адамға тән аса мол күшті жұмылдыра білдІ.

Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуінін, айрықша маңызы бар.'Адамның, жауапты міндеттерді шешуге, белгіленген жоспарды орындауға, күнделікгі өмірін қызғылықты, әрі тартымды өткізуге, мақсатқа жету жолындағы қиыншылықты жеңуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, еркін шынықтырады. Мұндай жағдайда былай деп айгуға болады: ұлы мақсат зор ерікті туғызады.Ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу ез еркін меқгере білуде нақты нәтижеге жетуге бағытталуы: өзін ұстай білуі, жақсы көңіл-күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі иландыруды пайдалануы, дербес күн тәртібін, режимін т. б. орындауы тиіс.Өзін-өзі тәрбиелеуде жігерлІ адамның арманы пайдалы роль атқаруы, ал оның бейнесі — өзін-өзі тәрбиелеудің жарык, жұлдызындай болуы мүмкін. Мұндай арман әсІресе жастарға тән. Өз еркін тәрбиелеуде Суворовтық, Оводтьщ, Рахметовтың бейнелері әркімге-ақ бағытбағдар бере алады.Суворовтың өзің-өзІ тәрбиелеу арқылы тамаша нәтижеге жеткенін еске түсірелікші. Туғаннан дәрменсіз, әлсіз болған ол күнделікті салқын суға шомылуы, үнемі дене жаттығуларымен, гимнастикамен шұғылдануы нәтижесін-де шынығып қана қоймай, ауруды да, еркін күшін дамытты.Ерікті дамыту кәсіптік мұғалімдік қьгзметте табысқа жетуге, адамдармен қарым-қатынасқа, өз бетімеи білім алуға, шет тілін үйренуге бағытталуы мүмкін.ӘрбІр адамда шамалы және уақытша өз мақсатымен қоса, өмірінде бір үлкен, өзіндік мақсаты да міндетті түрде болуы тиіс, сонда сәтсіздік тәуекелі мүлде сирек ұшырасады.Кез келген мақсатқа жету үшін ақырғы, түпкі мақсатқа жетуді көре, сезе білуге жәрдемдесетін сатыларды, жекелеген нәтижелер мен міндеттерді белгілеген тиімді. Әрине, мақсатты дұрыс қою үшін өз мүмкІндігіңді, өзінің күшті және әлсіз жақтарынды білуің, өзіне-өзің талдау жасауын қажет. Мұның өзі кызғылықты әрІ өнегелі іс. Алайда қорытынды жасауға асықпаған жөн. Өзін-өзі тануға езіңді бІреумен салыстыру да жор-демдеседі. Жәнеде мұндай салыстыру өте табиғи, үлгі аларлық, әрі қызғылықты. ТіитІ өте қызғылықты. Өйткені адам әрдайым әуестенуші жан. Өкінішке орай, көптеген адамдар өзінде, өзінід шәкіртінде және маңайындағы жандарда қаншалықты қызғылықты жайттар бар екендІгІн біле бермсйді.Өзі туралы кәбірек ойлаудың өзіне өзі есеп берудің, әсіресе өз мінез-құлқыңды танудың және түзетудің айрықша манызы бар. Мұның мәнісі сол, өзіңді өзің тәрбиелеу жөніндегі мақсатың мен міндетІнді өзіңнің нақты мінез-құлқыңмен салыстыру. Мәселен, ұстамды, сабырлы болғысы келген студент сабақ жүріп жатқан кезде өзіне қабылдаған міндеттеменің қаншалықты орындалғанын үнемі салыстырып, талдап отырады,— өзіне есеп бередІ.Бұрыннан келе жатқан мынадай кеңес бар: өзара талас кезінде өзінді дұрыс бақылау үшін әуелі ішіңнен онға дейін санап ал, тек содан кейін ғана талқылауға қатысып, өз ойынды дәлелдеуге кіріс. Олай дейтін себебІ, осы аралықта сезім біраз бәсеңдеп, адам өзі туралы байыппен ойланады. Кім болмасын жас кезінде күн режимін жасамаған, дүйсенбіден бастап өз өмірін жаңаша бастауға уәде бермеген адам сирек шығар. Дегенмен солардың көлшілігі белгіленген режимді талай рет бұзғаны да белгІлі. Мұның себебі режимнің тым ұсақ-түйекке құрылатындығынан, ал әр күннің өзі тұтастай минутына дейін есептелгендіктен деп түсіндіруге болады. Нақты өмірдегі күтпеген жағдайларға байланысты нақты режимді орындау мүмкін емес.Бір атап көрсететін жайт, адам басына түскен қиыншылықты, әсіресе елеулі қиыншылықты жеңу кезінде өзіне-өзі бұйрық береді. Өзіне өзІ бұйрық беру Іштей айтылуы да, ерекше қиын-қыстау жағдайда естіртіп айтуы да мүмкін. ӨзІне өзі бұйрық берудін, мұндай түрі әдебиеттерде де жазылған. Маресьевтің үсіген аяғымен жер бауырлап жүргенде өзінс айтқанын еске түсірелікші: «Алға, алға, шыдау керек». Л. Толстойдын, мына сөзін де еске түсірелік: Андрей Балконскийге — өзі тәкаппар, ержүрек адамға қарай снаряд ядросы үшқанда. оның бүкіл денесі қалтырап кетті. Алайда өзінің қорыққанын ойлағанда, ол қайтадан ширай түседі. «Мен қорқуға тиіс емеспін»,— дейді ол өзіне, сөйтіп қасқағым әлсіздігін жеңіп шығады.Әрине, езіне өзі бұйрық беру кәдуелгі жағдайда да қолданылады. Мәселен, адам тіс дәрігеріне барарда ол өзіие өзі: міндетті түрде бару керек, шыдау керек дейті-нін әркім-ақ байқаған болар.Өзіне-өзі бұйрық берудің әсерін түсіну және оны тиімді пайдаланудың амалын табу үшін, оның ерік процесіндегі орнын қарастыралық. Ерік процесі мынадай тізбектерден құралады: әуелі оның қойылған мақсаты, содан кейін, бәлкім, осы мақсатты орындауға болаты-нын, әлде болмайтынын немесе бұл мақсатты қандай әдіспен орындауға болатыньш айқындайтын күрес дәлелдемесі. Күрес дәлелдемесі жігерлі адамдарға да тән болуы мүмкін. Бұрын кейбір авторлар, жігерлі адам күрес дәлелдемесін сезінуі мүмкін емес, өйткені оған бэрі айқын және ол ешнәрсеге жалтақтамайды деп жазған болатын. Алайда бұл дұрыс емес, мақсатқа жету тәсілін таңдауда «қолдау» мен «қарсылық» дәлелдерІ, күйзеліс қарама-қайшылығы болуы мүмкін. Күрес дәлелдемесінен кейін шешім қабылдау, өзін-өзІ бұйрық беру болады да, ерік шешімі орындалады.

Адамның өзін-өзі иландыруы денсаулығын сақтауьша, артериалдық қысым мсн қан айналасына, зат алмасуға ықпал етеді. Профессор А. М. Свядощтың экспериментінде, адам жаттығу арқылы тіпті өзінін жүрек қызметінің ырғағын меңгеріп, жүректін соғу жнілігін минутына 68-ден І44-ке дейін көтеріп және 4б-ға дейін кеміте алатындығын аңғарған. Әрине «дені саудың — жаны сау» деген айшықты сөз дұрыс бола тұрғанмеп шындыққа дэл келе коймайды (өйткені денсаулығы күшті адамдардың арасында да қорқақтар мен есерлер кездеседі), дегенмен денсаулықтың табанды мінезге зияны жоқ. Өйткені, аурушаң адамдардыц арасында сенімі тұрақсыздар көптеп кездеседі. Кейде біреулері: мейі-рімсіз, ашуланшақ, кейігіш болып бара жатыр дейміз. Әрине, адам «өнегесіздіктен» емес, езінІң күйі нашар болғандықтан, өзін-өзі бақылауы әлсірегейдіктен, мінез-құлқының тұраксыздығынан, ырықсыз, ойланбаған қылығынан, егесуден, адамгершілік нормаларыныц бұзылуынан кейігіш болады. Мұндай «ашуланшақтар» студенттерде де, мұғалімдер арасында да кездеседі. Со-нымен, өзін-өзі иландыру адамның сезім процесіне, денсаулығына, еркі мен мінезіне қолайлы осер етеді демек, өзінІң жүмысын үнемі талдап, ойластырын отыратын мұғалім қызметі үшін оның ерекше маңызы бар.Адам тәрбие ықпалы және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы өзін ұстай алады, өзінің жағдайын сырттай білдірмеуге, көрсетпеуге тырыса алады. Шындығында, өзіне-өзі берілген бұйрықтық: «Мен байсалды, үстамды, әдепті боламын» деуі ете тиімді. Кейбір қызу мінезділердін, де (холериктер) өзін жақсы үстай білетіні белгілі. Алайда өзін-өзі үстай білгеннің езінде де шамадан тыс қызбаланудың, әр нәрсеге тынышсызданудың, күйіну жағдайын-да болудың осерІ тимей қоймайды.Алайда мұның барлығы буырканған сезімді бәсеңдетуге көмектесетін тетік Іспеттес. Мұңдайда жарақаттанған организм, түйсік пен жағдайдағы қолайсыздық бәрі-бір сақталады, тіпті қорлана түседі.Сондыктан да өз сезіміңдІ меңгеруде ұстамдылықпен қоса, сырттай шыдамдылық та қажет, сондай-ақ әр турлі сезім күйінің пайда болуы мен өтуін белгілі мөлшерде-меңгере білудің, уайым-қайғыға сабыр етс білудіц де айрықша маңызы бар. Өйткені даудамайдын өзіне де әр қалай араласуға болады. Оның өзі адамныц оган қалай қарайтындығына байланысты.Алайда қазіргі мәденяеті жоғары адамдар өзарадау-дамайды ақылмен, өзара келіс сөзбен шешетіндіктен, оларға шектен тыс сезім реакциясынын, қажеттігі мүлде болмайды да, жұмылдырылған энергияньщ езІ дене күшіне жұмсалмайды. Әрине, қазІргі адамдар да ашуыза кернегенде еріксіз жұдырығын түйіп, тісін қайрайды, алайда мұның барлығы — сол кездегі қалпы, ал дене күші іштей сейілгенімен, организмді одан әрі зақымдай түседі. Әсіресе мұғалімдер өзін-өзі меңгере білуі, ұстамдылық, ІзсттІлік, ақиқадтық тұрғысынан өнеге көрсетут тиіс.Өз мінез-құлқыңды неғұрлым жарқын жүздІ, оптимист, салмақты ету үшін жэне де ызаланудан, пессимистік көңіл-күйден т. б. қайғыруды болдырмас үшін өз са-на-сезіміңді, өз интеллектікді барынша жұмылдырып, осы жағдайдың себептерін түсінуін, және болдырмауың қажет.Әрине, мінез-құлықтағы құштарлықты мүлде теріске шығаруға болмайды. Айрықша жетістік туралы, мақсатқа жету үшін өзіңнің бүкіл күш-қайратықды жұмылдыру қажеттігі туралы сөз болғанда адам мінез-құлқындағы құштарлық пайдалы.ӨзІңнің күнделікті қылығың, міндеттемені орында-уың, өз Ісіқді өз мақсатыңмен салыстыру, өзІңдІ біреумен қатар қою арқылы мІнезіңді тануға болады. БІр сөз-бен айтқанда, «өз борышыңды орындап көр — сонда өзіңде не барын білесің» (Гете).Адам мІнезІ ісімен ғана керініп қоймайды, ісімен де торбиеленеді, шынығады. АдамгершІлік мейірбандық, басқалар үшін қуана да, ренжи де білу адам бақытының негізін кұрайды, өз өміріне деген қуанышты, қанағат сезІмін тудырады. Сондықтан мына бір жағдайды ескерген жөн: өзіңдегі мейрбандық, адамгершілік сезімді дамыту — бақытқа жетудің алғы шарты, бұл қағиданы әсіресе мұғалімдер мықтап ескергені абзал.Кейде мейірбандық пен бақытты қарама-қарсы қояды. Кейбіреулер бақытты адам дегеніміз — немқұрайды,ал кейде мейірімсіз, басқаларға қол ұшын бермейтін, жақсылығы өз басынан аспайтын адамдар деп тұжырымдайды. Әрине бұл қате көзқарас, өйткені бақытты біреуден сұғанақтықпен тартып алатын мүлік ретінде қарастыруға болмайды.Адамдардың адамгершілігі мен бақытынын, біртұтастығы туралы идея көне дәуірден бергІ көптеген әйгілі ойшылдардың көзқарасында тұжырымдалған. .Біз-дің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген кене грек философы Платоннын тұжырымдауынша, біреудІ бақытты етудегі талпыныста, біз өз бақытымызды табамыз.Бақытты болу үшін басқалардың қуаныш қайғысына ортақтаса білу қажет. Гетенін, көрегендікпен айтқанындай, қайғы жан түкпірінде жатуы мүмкін, ал құпия бақытты жаның көтере алмайды. Басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасу, жақсылык Істеу, жақсы қарым-қатынас жасай білу адамдарды бақытты сезінуіне жәрдемдеседі. Керісінше, қараған басын ғана ойлау, ішкі дүниесіндегі тұйыктық адам мүмкіндігін едәуір шектейді. Осы тарапында Тургенев, өзімшілдік — өзіне-өзі ор қазу деп әділ атап көрсетті .Өзімшіл адам жапандағы тұқымсыз жалғыз ағаштай солады.

Өнегелілік мәдениеті, оның негізін кұрайтын адамгершілік, моральдық борыш, ар-ұят пен намыс адамға не бере алады? Ен, алдымен, биологиялық қажеттілікпен тұйықталуды емес, адам өмірін сәулелендіретін мейірбанды өнегелілік пен қайрымдылык сезімін, нағыз адамгершілікпен өмір сүре білу қабілетін береді. Адамның ойы мен сезім әлемі түйіскен жерде, онын ішкІ дү-ниесінің нағыз қазынасы басталады. Оқушысымен бірге толғанатып, олардың жетістігіне қуанатын мұғалім ғана өзінің оң сезімінің аясын едәуір кеңейте алады.Өнегелілік мәдениеті адамға ой мен сезімнің бай рухани әлеміне енуіне мүмкіндік берумен қоса, моралі төмен, мейандық пиғылдағы адамдарда кездесетін дүние-қоңыздык, іштарлық, атаққұмарлық секілді стереотиптен аулақ болуға, әрі оған тәуелді болмауға жәрдемдеседі. Алайда, дүниеқұмарлық, дүниеқоңыздық, сондай-ақ немқұрайылық пен өзімшілдік өте жүқпалы дерг. Мұндайда жоғары өнегелілік мәдениеті, ойлау дербестігі мейандық психологиядан жоғары түруға жәрдемдеседі.Сырт белгілері бойынша өзін елден ерекще керсету, модаға ессіз еліктеу, дүние жинауға құмарту адамның рухани әлемін тұтатып, жеке басындағы өзіндік ерек-шеліктерінен айырылуға әкеп соғады. Дүниеқұмарлық, бір нәрсені сатып алуға әуестенушілік адамның рухани бағасьш түсіріп төмендетеді, ересін тарылтады. Соның салдарынан мұндай адамдардың психологиясы ізгілікті қарым-қатынасқа деген немқұрайдылығымен, басқа адамдарға рақымсыздығымен ерекшеленіп қана қоймай, ұсақ-түйекті қалайда тауып алуға деген тойымсыз әрекетімен, қорқақтығымен, жинаған дүниесін жоғалтып алам ба деген үрейленушілігімен, өмірдегі «өзімшіл позициясымен» де көрінеді.ӨнегелІлІк сезім тілін меңгеру негізіне тек өз табысынан тұтып қана қоймай, басқа адамдардын, да: туыстарының , жақындарының, жолдастарының, шәкірттерінің жақсы істеріне де қуанышты, мейірбандық сезімде болуы жатады. Бұл — мейірімділік көрсете білу ықыласы, адамгершілік қылыққа іштей қанағаттану, басқалардың ренішіне ортақтасу, олармен бірге қуану, өзінің мұғалімдік адамгершілік қызметіне іштей қанағаттана білу.ӨзІн-өзІ өнегелілікке тәрбиелеуде ақыл-ой жұмысы мен өмірдің өнегелілік мәнін ұғынудың ерекше маңызы бар. Ескі «қағидамен» де таласуға болады: өз ойынды тазартумен шұғылдан, егер сенде жаман ой болмаса,онда жаман қылық та болмағаны (өйткені көп жағдайда іс жүзіндегі қылық шешуші болады),—дегенмен де мұнда едәуір шындық бар. Қөптеген өнегелі проблемаларды терең көрсете білген жазушы А. П. Чеховтың да пікірі теген емес: «Адамда барлығы да: бет-бейнесі мен киімі, жаны мен ойы да көріктІ болуы тиіс». Әрине, бұл бірінші кезекте мұғалімдерге қатысты.Ақыл-ойдың аса маңызды қасиеттерініқ бірі — өзіне сын көзбен қараушылық, өзініқ қабілеті мен білімінің шамасын түсінушілік, өзінің ақыл-ойы қызметінің кем-шіліктерін ойлауға талпынушылы, ақыл-ойды тәрбиелеудің екі өрісін қарас-тырдық: өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып басқалардың ақыл-ой қызметіне ықылас аудару, екіншіден — масаттанушылық пен үстірт скептицизм.БіріншІ өріс дербес іргетасқа — ақыл-ой тереқдігіне тіреледі. Құбылысты жан-жақты қарастыра білу, асығыс пікірге, сыңаржақтыққа, шектен шығушылыққа, субъективизмге бармау — интеллектіліктін. Ақыл-ойы терең адам алған білімінін, шама-шарқын түсінеді, ғылыми құбылыстарды терең ұғынуға, ай-наладағы материалдық әлемді үйренуге тырысады.Ақыл-ойдың маңызды қасиеті — онын, тереңдігі, яғни құбылыс мәнін аша білу, жалғанды қабылдамау,жаңа, соны нәрселерді таба білу қабілеті. Мұның өзі кәдімгі айтып жүргеніміздей ақыл-ойдың творчестволық сипаты. Мұғалім қызметінде творчестволық қиял өте маңыз-ды екендігі түсінікті. Бұл ең алдымен мектеп өміріндегі әр алуан проблемалык жағдайларды творчестволық қиялдау арқылы болжау, сезіну және тиімді шешу, әрбір оқушының өсіп-жетілуін жобалау, оның психикасындағы шамалы болса да қолайлы өркендердІ көре білу және одан әрі қалыптастыру қабілеттілігі.Ақыл-ойды тәрбиелеу жолдарының бірі — ойлау әрекетінің бірқатар жинтық амалдарын (талдау, синтездеу, салыстыру, дәлелдеу т. б.), былайша айтқанда, белгілІ бір кезекпен атқарылатын операдия жүйелерін қарастыру. Мәселен, адамның ақыл-ой әрекеті тұжырымды дәлелдеу, ақиқатына жету процесінде логикалық әрекет жүйесі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. Дәлелдеме қағидасын талдау және дәлелденетІн нақты затты анықтау: мәселе қандай құбылыстар, оқиғалар туралы болып отыр; осы күбылыстардын. негізгі белгілерін айқындау ол болған немесе болмаған жағдайда дәлелдеу қажет.

  2. Пайымдауды негіздеудің бірізділігін белгілеу; айқындалған белгілердің бір-біріне тәуелділігін, олардың өзара тәуелділігін анықтау.

  3. Зерттелетін кұбылыста бұрын байқалған белгілердің болғандығына немесе болмағандығына көз жеткізетін нақты дәлелдемелердің белгіленген бірізділігін сұрыптау.

  4. Пайымдау қортындысы, дәлелдеменің теңбе-теңдік мақсаттары.

Өзіңе-өзІң талдау жүргізу үшін ең болмағанда логика жөніндегі бастапқы теориялық біліммен танысқан пайдалы, мұның өзі өз ойыңның және баска адамдардың ойының туып төркінін байқауды жеңілдетеді. Жалпы білім беретін мектептерде мұндай теориялық білім бермейді, оқушьтлар өз тәжірибесінде әр алуаң оқу пәндеріндегі танымдық міндеттердІ шешу кезінде өзінше логикалық қорытыңды жасайды. Дәлелдемені дұрыс жасауды үйрене отырып, өз жол-достарыңның, оқытушылардың, лекторлардың пайьшдауына мұқият зер салумен қоса, пайымдаудың логикалық құрылымына да көңіл бөлу қажет. Мұның өзі дәлелдеу құрылымын жете түсінуіне пайымдауды негіздеу кезінде жекелеген операцияларды дұрыс атқаруды үйренуіне: нақты сұрақтар бойынша барлық белгілі жайттарды баяндауға асықпауға, негізгі тоқталатын жайттарды белгілеуге, осы сұрактарды бірінен кейін екіншісі шешілетіндей, себептерІ негізделтіндей етіп орналастыруға, әрбір қағиданы « тұжырымдайтын фактІлерді белгіленген бірізділікпен іріктеуге, дәлелдіқ жегкілікті мөлшерде болуына тырысуға, ұсынылған қағиданы бекерге шығаратьш фактілерді де ескеруге, оны он. фактілермен салыстырып, олардың ойлау барысын өзгертетінін немесе өзгертпейтінін анықтауына, пайымдаудан қорытынды шығаруына және оның өзі негіздеудің тиісті қағидаға сәйкес келетіндігін айқындауына жәрдемдеседі.Адам өзінің творчестволық мүмкіндігІ мен танымдык мүддесін ұлғайтудың екінші жолы — өз білімін көтеру. В. А. СухомлинскийдІн. өзІ ерекше білімдар адам болғанын еске түсірелік. Ол туралы: «Адам емес, тұтас бір ғылыми мекеме» дейтін. Ол 310 ғылыми енбек, со-нын. ішінде 32 кітал, жазды. Ол неміс, ағылшын, жапон, польша және басқа тілдердегі жұмыстарды түпнұсқасынан оқи білді. А. С. Макаренконын педагогикалык, таланты да энциклопедиялық білімге негізделген. Антон Семенович өз кезіндегі ед білімді адамныд бірі болған. Ол философия, психология, педагогика, экогго-мика, архитектура, кескіндеме (живопись), анатомия, химия... туралы әдебиеттерді оқып үйренді.Өз бетіңше білім алуды ұйымдастыра білудің де айрықша маңызы бар. Интеллектуалдық жұмысты тиімді үйымдастыруға мақсат қою, жұмыс тәсілін ойластыру, жекелеген ойлау операцияларын тиімді атқару (талдау, корыту, дәлелдеу, салыстыру т. б.), жұмыс мақсатын және оның нәтижесін салыстыру жатады. Әсіресе оқыған кітаптң мазмұнын талдай білуге және білімге емін-еркін сүйене білуге ерекше кеңіл бөлген жөн.

Н. К- Крупскаяның берген кеңесіндей, оқудағы бірінші міндет —бұл өзіңді айқындау және оқыған материалды меңгеру.

Екінші міндет — оқығанды ой елегінен өткізу.

Үшінші — оқығанды есте сақтау үшін қажеттілерін жазып алу.



Ец соңында, төртінші міндет — оқыған кітаптан жаңадан не үйренгенің жайлы өзіңе есеп беру.
4- тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет