Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет26/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Маршалл жоспары
2. Дж.Кеннедидің "жаңа шептер" саясаты
3. Кариб дағдарысы
4. Негрлер қозғалысы
5. АҚШ-Қазақстан қарым-қатынастары
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред. А. М. Родригеса. Часть 3. М., 2001.
2. Новейшая история стран Европы и Америки. В.В. Александров. М.,1986.
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. Часть: 1-2.М.,1993
4.История новейшего времени стран Европы и Америки (1918–1945). М., 1984.
5. Язьков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918–1945): Курс лекции. М., 1998.
6. Кредер А.А. Новейшая история ХХ века. М., 2000.
7. Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2. М., 1999.
Қосымша:
1. Всемирная история. 1961-1983. М., Т-8-13.
2. Токаев К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы: Білім, 1997. - 736 с.
3.Токаев К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации Алматы, 2000. - 584 с.
4. Байдельдинов Л., Бурханов К., Лигновская В. и др. Политология. Алматы: Қазақ университеті, 2000. - 544 с.
5.Иватова Л. США во внешней политике Республики Казахстан. -Алматы: Стека, 1999. - 310с.


Лекция 26 Ұлыбритания
Қарастырылатын мәселелер:
1.Үшінші лейбористік үкімет. К.Эттли
2.Ұлыбританияның 60-70жж. Дамуы
Үшінші лейбористер үкіметінің әлеуметтік-экономикалык саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыста ағылшындар 300 мыңдай адамынан айырылды. Материалдық шығын 8,5 миллиард фунт стерлингке жетсе, шет елдерге қарызы 3355 миллион фунт стерлинг болды. Экономикалық дамуы жағынан артта қалды. Ұлыбритания- ның отарларында АҚШ-тың беделі артты. Шет елге шығарылатын капитал 31,5 %-ға ішкі рынокқа салынған капитал 37 %-ға азайды. АҚШ -қа берешегі көбейіп, алтын қорының кобі шет ел банктарында сақталды. Ағылшындар соғыста жеңген елдің қатарында болғанымен, соғыс олар үшін қуаныш және қайғы болды.
Соғыстан кейін елде демократия кең етек алып, соғыс жылдарындағы консерваторлар мен лейбористік партиялардың бірлігі аяқталды. Консерваторлардың беделі әлсіреп, керісінше лейбористердің ыкпалы өсті. Лейбористік (социалистік) партияның мүшелері 3 миллион адамға жетті. Бұл бағдарламада либералдық реформалар арқылы социализмді құру бағыты белгіленді.
Консерваторлардың жас партияларымен келісе отырып, У. Чер­чилль Үкіметтін ішкі саясат туралы бағдарламасын жариялады. У. Черчилль Үкіметі лейбористер жүргізген әлеуметтік реформаларға айтарлықтай өзгеріс енгізбестен, жеке меншікті қолдай оты­рып, мемлекеттік реттеу саясатын жалғастырды. Өнеркәсіптің кейбір салалары жекешелендірілді. Олардың ішінде Ұлыбританиядағы 55 болат қорыту зауыттары мен автомобиль тас жолдары бар. Муниципалдық тұрғын үй бағдарламасына бөлінетін мемлекеттік каржы қысқартылды. Тұрғын үй (хаузинт) мәселесі соғыстан кейін біршама шешімін тапты. 1951 жылы 231 мың түрғын үй салынса, 1954 жылы 347 мын үй түргызылды. Жеке меншік түрғын үй салу да жүзеге асырылды. Денсаулык сақтау саласында мемлекеттік қолдау жалғасты. Көптеген мемлекеттік денаулық сақтау мекемелерінде ауруларға тегін көмек көрсетілді. Білім беру саласына бөлінетін мемлекеттік бюджет қаржысы көбейтіліп, төртжылдық білім алу бүрынғысынша тегін жүргізілді. Жалпы білім беру саласы әділетті мемлекеттік бағдарлама арқылы жетілдірілді.
XX ғасырдың 50-жылдарының соңында соғыстан кейінгі экономикалық даму бәсендеп, Ұлыбританияда дағдарыс тереңдей түсті. Үкімет әлеуметтік реформаларға болінетін каржыны қысқарта бастады. Қосымша салықтар, поштаның қызмет көрсету бағасы өсті. Елде әлеуметтік топтардың қарсылығы күшейе бастады. Қаржылық дағдарыс мемлекеттік бағыттарға өзгерістер әкелді. 60-70 жылдарда орташа жылдық өнеркәсіп өсімі Ұлыбританияда 3% болды Ғылыми - техникалық революцияның жедел қарқынмен дамуына Ұлыбритания қоғамы дайын емес еді.
Консераторлардың барлық басқарған кезін «босқа кеткен 13 жыл» деп жариялай отырып, лейбористер 1964 жылы үкімет басына қайтып оралды. Олар шаруашылықты национализациялау мен жоспарлау негізінде «Англияны жаңарту мен өркендетуге» тағы да уәде берді. Болат құю өнеркәсібі туралы ұзаққа созылған айтыс-тартыс мемлекет пайдасына шешілді. 14 аса ірі металлургиялық компаниялар олардың иелерінен үлкен сомаға сатылып алынды. Ірі порттарды және басқа бірқатар нысандарды национализациялау жөніндегі жұмыс басталды. Бірақ тұтас алғанда іс баяу жүрді, әрі шын мәніндегі жоспарлау бүкіл ел көлемінде жүзеге асырылған жоқ. Консерватоллар лейбористерді оларды «жеке бастаманы басып тастап жатқаны» үшін сынады. 1970-1974 жылдары өкімет басында бола отырып, тағы «жылжымалы денационализациялауды» жүргізді, яғни жекелеген авияциялар, жергілікті радиостанциялар және басқалар түрлі желеумен жеке қолдарға қайтарып берілді.
Ғылыми-техникалық революция жаңа техниканың, өнеркәсіптің қазіргі заманғы салаларымен басқару әдісінің түрінің пайда болуына септігін тигізгенімен де лейбористердің батылсыздығы мен оралымсызығы экономиканың әркелкі дамуына алып келді. 60-шы жылдардың ортасынан бастап алдымен бағаның өсуінен көрінген инфляция мәселесі шиеленісе түсті. Одан кейінгі жылдары да күнкөрістің қымбаттауы тоқтаусыз өсті, мұның өзі едәуір дәрежеде Англияның шамадан тыс әскери шығындарының салдары болды.
60-шы жылдардың екінші жартысы мен 70-ші жылдардың басы жұмысшы қозғалысының өрлеуімен және басқа демократиялық күштердің жаппай баскөеруімен көзге түсті. Ағылшын жұмысшы табы өзінің құрамымен деңгейі жағынан осы кезге қарай елеулі өзгерістерге ұшырады.Оның жалпы саы ұлғайып, білікті жұысшылардың саны өсті, бұрынғы британ отарынан иммигранттардың келуі күшейіп, өзінің жағдайы жағынан жұмысшы табына жақын қызметшілердің саны күрт өсті. Ереуілдік қозғалыс әркелкі дамыды. Жұмысшылардың ұйымшылдығы өсіп, жаңа кәсіпорындар құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет