Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет2/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Англиядағы азамат соғысы, саяси қоғамдық пікірлердің қалыптасуы.
2.Республика және протекторат.
3.Оливер Кромвель саясаты және оның Жаңа үлгідегі армиясы.
4.Екінші Республика және Стюарттар рестоврациясы.
5.«Даңқты революция»
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш. школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:

  1. Законадательство Английской революции 1640-1660гг /Сост. Н.П.Дмитриевский. М-Л. 1946. -205с.

  2. Кудрявцев А.Е.Великая английская революция.Л.,1925 (см.материалы и документы).-Лавровский В.М. Сборник документов по истории Английской буржуазной революции ХҮІІ в.М. 1973. -115с.

  3. Лильберн Д. Памфлеты. М.,1937-Уинстэнли Д. Избранные памфлеты.М.,Л., 1950.

  4. Английская буржуазная революция XVII в./ Под редакцией Е.А.Косминского и Я.А.Левицкого; в 2т. М., 1954. Т.1-2. -223с.

  5. Архангельский С.И. Аграрное законодательство и аграрное движение в Англии во время революции ХVII в. М., 1955. -147с.

  6. Барг М.А. Кромвель и его время. М., 1960. -212с.

Лекция 2 Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыс. Америка Құрама Штаттарының құрылуы
Қарастырылатын мәселелер:
1.Жаңа Англия. Отарлардың саяси құрылымы
2.Солтүстік американ ұлтының қалыптасуы. Құрлықтық конгресс.
3.Тәуелсіздік декларациясы, оның тарихи маңызы. Д.Вашингтон

Атлант мұхитының жағалауларында Солтүстік Америкада 1607 жылы I Яков қорольдің рұқсатымен тұңғыш рет отарларды негіздегендер Лондон және Плимут акционерлік компаниялары болды. Алғашқы Солтүстік Америка жағалауында орныққан тұрақты колония — Вирджиния. Ол бойдақ ханшайым Елизавета I-нің құрметіне аталды. Осыдан кейін тағы 12 ағылшын отарларының негізі қаланды. Олардың негiзгi қожайыны король болып есептелді, компаниялар ол жақта тапқан алтын мен күмістің бестен бip бөлігін беруге тиіс болды және адамдарды қоныстандыру мен берілетін жерді корольдің атынан жүргізуге міндеттенді.


Отардың iciн жолға қою үшін король үкіметі губер­натор тағайындады. Отарда бірінші күннен-ақ қоғамдық құрылым қалыптасты.. Вирджинияның тұрғындарының ең жоғарғы тобы - губернатор бастаған отарлық әкімшіліктің мүшелерінен, орташа топ - саны аз ағылшын джентельмендерінен, компанияның акционерлерінен, Америкаға келердегі шығынды өзі төлеп келгендерден яғни фримен - еріктілерден, ал төменгі топ - Вирджинияға компания есебінен жөнетілген адамдардан яғни белгілі мерзімге жұмыс icтeyre келісім-шарт жасасқан - сервенттерден тұрды.
Вирджиния жері тың, ну күйде болатын. Содан да оны тазартуға көп күш керек болды. Англиядан әкелінетін сервенттер өте қымбатқа түсті. Үндістерді құлдыққа айналдыру әрекеті онша нәтиже бермеді. Отарға әкеліне бастаған қара еріксіздер негрлер еңбегі тіимді болды, ceбe6i оларға ешқандай келісім-шарт керек емес, өмірлік құлдар еді. Тұңғыш рет негр - құлдарды Вирджинияға 1619 ж. Голландия кемесінің капитаны әкеліп сатты. Егер 1630 жылы Вирджинияда бар болғаны 50 негр болса, 1660 жылы Солтүстік Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негрлердің саны - 23118, 1780 жылы 220582-ге жетті. Қaзipгi АҚШ-тағы негрлердің тарихы осылай басталған. XVII—XVIII ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Орталық атлантикалық отарлар Пенсильвания, Нью-Йорк, Нью-Джерси - астық өңдеуге маманданды Солтүстік отарларда - Жаңа Англия (Нью - Гемпшир, Коннектикут, Массачусетс, Род-Айленд) қолөнер, мануфактура кең өpic алды. Фермерлік шаруашылық жасалды. Оңтүстікте Оңтүстік Каролина, Джорджия - құл еңбегіне негізделген плантациялык, шаруашылық негізделді. Онда темекі, индигофера, күріш, мақта өсірілді. Олар жерді өте дөрекі пайдаланды, 5—6 жылдан кейін жер тозды, жаңа жер алу керек болды. Бұлар өндірген аты аталған өнімдерін Англияның фабрикаларына өткізіп отырды. Сондықтан олар метрополиямен өте тығыз байланыста болды. Отарлардан балық, құнды терілер, ағаш, темір жөнелтілді.
Солтүстік және Орталық отарларда қолөнер мен мануфактура дамыды.
Король үкіметтері (Анна— 1702—1714), I Георг 1714 ж. таққа келді әбден күшейіп, енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады, басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркi болмады. Бұл отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері — буржуазияның мүддесіне қайшы келді. Батыстың бос жатқан жерлерінен жер алуға тыйым салды. Метрополия өзіне тиімді, қажет өндіріс салаларын дамытуға күш салды (кеме жасау, темекі, мақта өcipy).Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады, әрине, бұл жер­де отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әpi жалғаса берді. Қалалар өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе, жалпы отар тұрғындары — 5 есе өсті..
Оңтүстіктің плантаторлары да сауда және қаржы операциялары арқасында тез байи түсті. Бұл бағыт олардың да метрополияның отарлардың буржуазиялық дамуына жасап отырған шектеулеріне деген наразылығын күшейтті. Американ ұлты қалыптаса бастады. Оның көрінісі Бенджамин Франклин 1727 жылы негіздеген Филадельфиялық хунта болды. Бұған жергілікті баспагерлер, қолөнершілер, саудагерлер, клерктер, тағы басқалар білім алуға жұмылдырылып, отанының тағдыры үшін жаны ашығандар мүше болып бірікті.
Американ халқының ұлттық санасын оятуда және дамытуда зор еңбек сіңіргендердің 6ipi жер аристократиясының ортасынан шыққан жан-жақты білімді адам Томас Джефферсон, ол ағарту ілімін уағыздады. Франклин де, Джефферсон да француз және ағылшын ағартушыларының ілімдерінің ықпалында тәрбиеленген адамдар еді.
Территориялық жағынан тұтастығы, ортақ тiлiнiң қалыптасуы мен ортақ мәдениеттің жасалуы XVIII ғасырдың ортасында Англияның Солтүстік Америкадағы отар­ларда жаңа ұлттық калыптасқандығының сөзсіз белгісі eді. Осылайша Англиядан бөлінуге қажетті — дербес республика құруға керек шарттардың 6әpi Солтүстік Америка отарларында толық қалыптасып болды.
Англия тарапынан жасалып отырған әділетсіздіктер мен зорлық-зомбылық Солтүстік Американ тұрғындарының жаппай наразылығы мен одан бөлінуге деген ұмтылысын күшейтті. XVIII ғасырдың 70 жылдарында Англия үкіметі тарапынан жасалып отырған сауда және өнеркәсіптегі шектеулерден құтылуға деген ұмтылыс күшейді. Корольдің тарапынан салынатын еркін салықтар да ығырын шығарды.
Жеті жылдық (1756-1763 жылдар) соғыстан кейін қарыз көбейді, «пәтерлік акт»- деген құжат бойынша отарларға әскер әкеліп орналастырды. Оны отар тұрғындары асырауға тиісті болды. Екiншi жағынан, король әскерді әдейі әкелгені түсінікті болып отыр.
XVIII ғасырдың басында отарларда жаңа мануфактуралар ашуға, отарлардан жүн бұйымдар, басқа аспаптар алып шығуға тыйым салған жарлық шықты. Бұл жарлық ағылшын кеңестерінің экономикалық мүддесін көздеді. 1765 жылы ағылшын парламенті елтаңба салығын салды. Оның мәні — шаруашылық және заң құжаттарын жасау үшін, хабарландырулар мен анықтамалар үшін баж салығын салу болды. Елтаңба салығы Солтүстік Американ қоғамының барлық әлеуметтік топтарын қамтыды. Анықтамасыз, хабарландырусыз, шаруашылық құжаттарынсыз өмір сүру мүмкін емес. Бұл салық отар тұрғындарының арасында наразылықтың күшеюіне зор түрткі болды. Америка тұрғындарының енді Англия королінен жалынып сұрау арқылы емес, күрес арқылы табысқа жетуге болатыны туралы ceнімі күшейді.
1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгpeci шақырылды. Онда «Первая декларация прав колонистов и причин их неудовольствия» деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкілдерінің Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екені туралы, салықтардың сырттан салынатындығының әділетсіз екендігі туралы ашына айтып, отарлар мен метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді eтiп реттеп отыруға болатынын ұсынды.
Король сыйлаған жері бар Шығыстың жер иелері, плантаторлардың Лондонмен немесе Англиямен тиімді байланыс жасап отырған тобы, ағылшын рыногынан айрылып қалудан қауіптенген көпестер, король үкіметімен байланысты кызмет аткарып отырған чиновниктер, дін басылары Солтүстік Америка отарларындағы Англия үстемдігін колдап, одан бөлінбеуді уағыздады. (Бұлар тори тобы — роялистер). Ал Виги тобы да калыптасты. Бұлардың өзінің eкi ағымы — самарқау және радикалды яғни революцияшыл-демократиялық ағымы болды. Самарқаулар тобына кіргендер - плантаторлар мен буржуазияның патриоттық тобы. Бұлар батыстан жер алып, отарлардың экономикасын дамытуға қажетті жағдайлар жасау үшін ұмтылғандар. Фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар, ұсак саудагерлер - революцияшыл-демо­кратиялық ағым ретінде тәуелсіздік сатысында батыл да шешуші қимыл жасауға бейім топ болды. Сондай-ақ тәуелсіздік соғысы кезінде негрлер үлкен үлес қосты.
Революция басталған кезде негрлердің саны шамамен 600 мың яғни көтерілген отарлардың тұрғындарының 20 % болатын.
Жоғарыда айтқан роялистерден 1775— 1783 жылдардағы соғыс қимылы кезінде 30-дан 50 мыңға дейін адам Англия жағында соғысты.
1770 жылы 5 наурызда Бостонда қала халқы мен британ жасағының арасында қақтығыс орын алды. Нәтижесінде бірнеше адам қайтыс болып, жараланады. Осы тұста «Бостандық ұлдары» Англиядан әкелінген тауарларға ұжымдық бойкот жариялайды да, көше саясатын қолайлы пайдаланып кетеді. Осы әрекеттерді ұйымдастырушылардың бірі, бостандық күрескері Сэмюэл Адамстың ұсынысымен отардағылардың бір тобы үндістердің киімін киіп, Англияға кетуге даяр тұрған Ост-Үнді компаниясының шай тиеген кемесіне басып кіре, тауарларды суға лақтыру әрекетін ұйымдастырады.. Бұл оқиға тарихта «Бостондағы шәй ішу» деген атпен қалды. Бұл әрекет патриоттық немесе британдарға қарсы күштердің орталықтануының байланыс комитетінің негізін салды.
Ағылшын үкіметі бұл жәйттерге шара қолдану ретінде бостондық порттарды жауып және американдық солтүстік-батыс бөліктерді өзінің Квебек (Канада) провинциясына қосу шараларын, Массачусетсте арнайы қатаң әкімшілік талаптарды ұйымдастыра бастайды. Отарлардағы патриоттық ұйымдар тағы да бұл төзгісіз актілерге қарсы тұрады. 1774 жылы қыркүйекте Филадельфияда тарихтағы отар өкілдерінің кеңесі – Бірінші құрлықтық конгресс шақырылады. Конгресте қабылданған «құқықтық декларацияда» отарлардың өзін-өзі басқару құқығы және отардағы азаматтардың өмір сүру, бостандық, жеке меншік құқықтары туралы айтылды. Бұл конгреске Джорджиядан бөлек барлық отардың өкілдері қатысты. Конгресс мүшелерінің көпшілігі туындаған мәселені бейбіт жолмен реттеуді және американ отарларының Британ империясы құрамында қала беруін ұсынды. Алайда С.Адамс, П.Генри, К.Гадеден және олардың ізбасарлары Британ әскерлеріне қарсы шабуылдың жақтаушылары болды.
Солтүстік американдық отарлардың тәуелсіздік үшін күресі 1775 -1783 ж.ж Америкада, сонымен қатар Англияда болып жатқан дамудың қарама-қайшы ұстанымдарының нәтижесі еді. XVII ғасырдың ортасына қарай отардағылар шаруашылық жағынан айтарлықтай дамыды және ішкі сауда тұрақтанды. Өздерінің флоты, орманды, құнарлы жері бар, олар енді метрополияның тауарларына тәуелді болмады. Плантаторлар экспортқа өнімдерін шығарды, сондай-ақ олар темекі, күріш, индиго, мақта өсіруге әрекет жасап жатты. Халық саны өсті. 1688 жылы аумақта - 200 мың адам тұрған жерде, жергілікті халықтың 18 % құрайтын негр-құлдарды қосқанда 1775 жылы олардың саны 2,7 миллионға ұлғайды. Солтүстік американдық жерлер ағылышындардың отар аумағы болғанымен, мұнда Еуропаның барлық мемлекеттерінен дерлік эмигранттар барды.
Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ішкі және сыртқы сауданың орталықтары болған - Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон секілді портты қалалардың өсуінен көруге болады. Білім беру мен мәдениет салалары да дамыды. ХҮІІІ ғасырдың басында отардағылардың өз газеттері шыға бастады, қоғамдық және жеке меншік мектептер мен колледждер пайда болды. Осы колледждер базасында дүние жүзіне белгілі - Гарвард, Йель, Принстон, Колумбия университеттерінің негізі қаланды. Отарлық кезеңнің соңына таман атақты ойшылдардың қатары қалыптасады. Мысалы, американдық ағартушылар - Б.Франклин, Т.Джефферсон, Дж.Адамс және Джеймс Мэдисон есімдері осы кезде-ақ белгілі бола бастайды. Осының барлығы құрлық аумағындағы қалыптасып келе жатқан "құрлықтық" ұлттық тек материалды мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар рухани ілгерлеушілігін де көрсетті.
Англияда елдегі соғыс, өзге де шығындарды өтеу үшін, сол жылы гербтік жиынтығы туралы да акт қабылданады. Осыған сәйкес отардан шығатын кез-келген тауар немесе басқа дүние болмасын, тек ағылшын үкіметі мөрімен ғана белгіленіп тасымалдануы тиісті еді.
Басқа қаулыларға қарағанда бұл заң барлық отарларда жүзеге асырылуы тиісті болды. Гербтік жиынтығына қарсы "отар өкілсіз ешқандай салық салынбасын "деген ұранмен басталған отардағылардың бірінші толқын қарсылығы, ұранына сәйкес заңның отар өкілінсіз тікелей парламенттің қабылдауымен туындайды. Отардағылар салықтың ауырлығынан ызаланбады. Көтеріліске шығуға түрткі болған жәйт, отардағылардың заңды бірде-бір өкілі жоқ парламент шешімінің қабылдауы еді. Америка тарихында алғаш рет жігерленген халық наразылықтарын білдіріп көшелерге шығады. Радикалды бағыттағы отардағылар "Бостандық ұлдары" секілді саяси клубтар құрады да, ағылшындарға қарсы үгіт жүргізе бастайды. Осылайша гербтік жиынтығы туралы акт жүзеге аса алмай қалады.
Ағылшынның американдық отарындағы соғыс 1775 жылы 19-сәуірінде стихиялы түрде басталды. Ол Америкадағы ағылшын әскері қолбасшысы, генерал Гейдждің Бостоннан алшақ емес жердегі патриоттардың қару-жарақ қоймасын басып алу мен ұйымдастырушыларын ұстау туралы үкімінен кейін басталды. Қолбасшының жіберген әскерлері Лексингтон және Конкорд аудандарындағы фермерлерімен қарулы күреске ілігеді. Әскерінің 1/3 бөлігін жоғалтқан полк қиыншылықпен Бостонға жетеді. Тәуелсіздік үшін күрестің бірінші кезеңі патриоттық күштер үшін сәтті аяқталады.
Тәуелсіздік декларациясын дайындау үшін Томас Джефферсон, Бенджамин Франк­лин, Джон Адамс, Роджер Шерман, Роберт Ливингстон кірген комиссия құрылды.
Тәуелсіздік декларациясы 1776 жылы 4 шілде күні қабылданды. Жаңа мемлекет – Америка Құрама Штаттары өзінің дербес өмір сүруін бастады. Бұл күн бүгінге шейін Америка Құрама Штаттарының Ұлттық мейрамы. Декларация үлкен өрлеу үстінде қабылданды. Шіркеулерде дұға оқылды, штаттарда салюттер берілді.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі және Федералды Конституцияның қабылдануынан соң, Құрама Штаттардың дамуына ешқандай кедергілер тумады. АҚШ-тың алғашқы президенті Джорж Вашингтонның (1789-1797) тұсында елдің қаржылық жағдайы нығайып, ұлттық банк құрылды, ортақ ақша бірлігі - доллар айналысқа енеді, осылайша жаңа құрлықтағы тұңғыш тәуелсіз мемлекет бүгінгі дәрежесін қалау жолына қадам басады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет