К. Аденауэр Үкіметінің саясаты. Батыс Германияның саясаты атлантизм саясатының принциптеріне негізделді. Ол бойынша АҚШ-тың соғыстан кейінгі "қырғи-қабақ" саясаты толық қолдау тапты. К. Аденауэр Үкіметінің сыртқы саясаты соғыстан кейінгі Еуропадағы өзгерістерді мойындамады. Потсдам конференциясының демилитаризациялау талаптарын орындамай, ремилитаризаниялауды жүргізді. Еуропаны бірігіп корғау саясатын жүзеге асырып, антикеңестік, антикоммунистік бағыт үстанды. 1952 жылы Франция, Италия және Бенилюкс елдерімен Еуропалық қорғаныс ынтымактастығы келісіміне қол қойды. 1955 жылы 8 мамырда ГФР Солтүстік атлантикалык альянс (НАТО) одағына мүше болды. Демилитаризация саясатын жүргізіп, Бундесвер (Қорғаныс министрлігі) әскерінің санын 500 мың адамға жеткізді. Антикенестік саясатқа қарамастан, 1955 жылы кыркүйек айында Мәскеу қаласында екі ел арасында келіссөздер жүргізілді. ГФР мен КСРО елшілік қатынасты орнатуға келісті. Бірақ, ГФР социалиста елдермен арадағы қарым-катынастарды қалпына келтірмеді. 1955 жылы желтоксан айында ГФР сыртқы саясатта "Хальштейн доктринасын" қабылдады. Бұл саясаттың мақсаты ГДР-мен (Герман Демократиялық Республикасымен) карым - қатынастағы социалиста елдермен ешқандай байланыс жасамау болды.
Германияның бірігуін орнықтыру жөніндегі келісімге 1990 жылы 31 тамызда Берлинде «Унтер ден Линден» сарайында қол қойылды. Келісім көлемі жағынан үлкен өте түпкілікті жасалғян құжат. Онда бірыңғай Германия мемлекетінің құрылғандығының барлық құқықтық аспектілері реттелген. Сонымен қатар осы құжатта жекелеген баптар мен ережелерде және көптеген қосымшаларда оның бірігуі жөнінде талдаулар, түсіндірулер беріледі. Келісімнің басында бірігудің мотивтері көрсетіледі, келісімнің мәні 1-бапта анықталады. Германия Демократиялық Республикасының Федеративке кіргендігі негізгі заңның 23-бабы.
3 қазан 1990 жылы Брандербург, Мекленбург, Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония-Анхальт және Тюрингия Германия Федеративтік Республикасының жері болып есептелінді. Осы бапта Берлиннің 23 ауданы Берлин «жері» дегенді құрады деп көрсетіледі. Бұл жер Германияның басты қаласы, астанасы болып табылады.
Өкімет пен парламенттің орналасу жөніндегі мәселе ерекше тәртіппен шешіледі. ГДР, ФРГ-ға қосылған кезде шешуін табуы қиын болған мәселелердің бірі ГДР өмір сүрген 40 жыл ішінде қалыптасқан әлеуметтік институттарды жеке меншікке байланысты мәселелерді дұрыс та, әділетті де шешу болды. Әсіресе ГДР-дегі азаматтарға тыйым салынған мамандықтардың басын ашып алу қажет еді.
ГДР-дің ФРГ-ға бірігуі ұзақ созылатын процесс еді. Бірақ ол үлкен пікір-таласқа қарамай 3 қазан 1990 жылы шешілді. 23 тамыз 1990 жылы елдің 3 қазан 1990 жылы бірігетіні жөнінде жарияланды. Алдын-ала келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер «2+4» формуласы бойынша жүзге асты. Бір жағында ФРГ және ГДР, екінші жағында-АҚШ, КСРО, Франция және Ұлыбритания. Олардың қатысумен біріккен елдің қауіпсіздік сыртқы саяса аспектлері талқыланды./28/. Қоғамның /экономикадан басқа/ қызметінің барлық салаларын қарастырса да, келісім шарт конститутция ережелерін, әкімшілік құқықықтарды, қылмыстық құқықтарды реттеген кезде оның кейбір мәселелерін естен шығарған. Мысалы қауым назардан тыс қалған, соңын салдарынан 1991 жылдың басына қарай жаңа жерлердегі қауымдардың көпшілігі банкроттық жағдайға ұшырады.
Бірігуді орнату туралы келісім әкімшілік басқару органдарын тез қайта жабдықтау және қайтадан өндіріске кіргізу мәселелерін көтермейді. Бұл жерде мәселе финанстың жетіспеушілігінен омес, мамандаған персаналдың жетіспеушілігінен туып жатқан мәселе еді. Осы кезге дейін әкімшілік аппарат бұрыңғы кадрлардан тұратын. Оларға бақылауды батыстың «тәлімгерлері» жүзеге асырды. Жаңа кадрларды дайындау , сөссіз көп уақыт алатын.
Германия Қазақстанның егемендігін 31 желтоқсан 1991 жылы таныды. Екі елдің арасында қатынастар қарқынды дамыды. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан президенті Н.Назарбаев Германияда үш рет ресми сапармен болды. Оның алғашқы ресми сапары 1992 жылы қыркүйекте болды. Онан кейін екіншісі-1997 жылдың соңында ол сапардың кезінде канцлер христиан-демократ Гельмут Кольмен кездесу болды. Ал 2001жылдың қазанынның басында ФРГ-ның қазіргі канцлері Герхард Шредермен кездесу болды. /Ол социал-демократ/. Ол сапарда екі елдің саяси және финанс топтарының қатысуымен форум өткізілді
90-шы жылдардың басында Қазақстанда сыртқы істер министрлері болды. 1991 жылы-Д.Геншер, 1996 жылы-К.Кинкель, ал 2001жылы-Й.Фишер. 1995 жылы сәуірде Қазақстанға федеральдық президент Р.Херцог келді. 1992 жылы қыркүйекте екіжақтық қатынастардың негізі болатын құжаттарға қол қойылды-«Негізгі қатынастар туралы біріккен мәлімдеме», «экономикалық ынтымақтасу бойынша қазақстан-герман кеңесін құру туралы Келісім».
Достарыңызбен бөлісу: |