Бақылау сұрақтары:
1. Берлин дағдарысы және Германияны екіге бөлу
2. "Әлеуметік нарықтық шаруашылық тұжырымдамасы және экономиканы мемлекеттік реттеу
3. Батыс европалық интеграцияға қатысу
4. Германияның Қазақстанмен карым-қатынастары
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред. А. М. Родригеса. Часть 3. М., 2001.
2. Новейшая история стран Европы и Америки. В.В. Александров. М.,1986.
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. Часть: 1-2.М.,1993
4.История новейшего времени стран Европы и Америки (1918–1945). М., 1984.
5. Язьков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918–1945): Курс лекции. М., 1998.
6. Кредер А.А. Новейшая история ХХ века. М., 2000.
Қосымша:
1.Власов. С.Н. ФРГ на пороге 90-х гг: Общество и проблемы. Киев, 1989.
2.Диманис М. Партийно- политическая система Германии в 90-х гг. М.,1998.
3.Зарицкий Б.Е. Людвиг Эрхард: секреты «экономического чуда». М.;1997.
4.Зонхаймер К.. Федеративная Республика Германия сегодня. М., 1996.
5.Истягин Л.Г. Политический портрет Г. Колья. М., 1995.
6.Ламперт Х.. Социальная рыночная экономика: Германский путь. М., 1993.
Лекция 29 Италия
Қарастырылатын мәселелер:
1.Елдің экономикалық және саяси жағдайы
2.Италияның Қазақстанмен қарым-қатынастары
1947 жылғы Конституция. Республиканың құлауы. 1947 жылы желтоқсанда Конституция бекітілді. 1948 жылы 1 каңтардан бастап кұшіне енді. Ол бойынша Италия демократиялық Республика болып жарияланды. Конституция елде фашизмді насихаттауға тыйым салды. Фашистермен сыбайлас болтан адамдарды бес жы- лға дейін сайлау құқығынан айырды. Барлық дворяндық атақтарды жойды. Бұрынғы Савой мұрагерлерінің елге келуіне тыйым салынып, дүние-мүлкі және меншігі мемлекетке қалдырылды. Бұл заң соғыстан кейінгі Еуропа елдеріндегі Конституциялардыц ішінде ең демократиялық Конституция болды. Оның баптарында жеке азаматтардыц саяси бостандығы, еңбек ету, азаматтық құқықтарының аяққа басылуына тыйым салынды. Азаматтардың міндеттері мен құқықтары кецейтіліп, білім алуға, демалуға, әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізілді. Елде соғысты уағыздауға қарсы, басқа елдерге кұш көрсетуден бас тарту принциптері қабылданды. Конституция бойынша екі меншік: мемлекеттік және жеке меншік жарияланды. Жерге жеке меншік заң нормалары арқылы бекітілді. Жерге меншіктің мөлшерлері нақты айтылды.
Конституция бойынша мемлекеттік биліктің салалары анықталды. Мемлекет басшысы Президент болды. Президентті Парламент 7 жылға сайлайтын болып жарияланды. Президенттің міндеттері: Үкіметтің кұрамын және Премьер-министрді тағайындау, Парламентті тарату, референдум жариялау, заңдық кұші бар декретті шығару және жоғары әскери қолбасшылық құзырлары берілді.
90-жылдары Италияның экономикалық дамуы айтарлықтай өзгерді. Негізгі бағыты— ақпараттық экономиканың дамуы жағынан капиталистік елдер арасында алдыңғы қатарда болды. Жаңа ақпараттық технология өндірістің барлық салаларын қамтыды. Италия отбасыларында компьютерлік жұйе кұнделікті өмірде қолданылатын құралға айналды. Электрондык пошта және интернетті халықтың бестен бірі пайдаланды. Білім, берудің барлық салалары компьютермен толық қамтамасыз етілді. Білім электрондық технология жетістіктері аркылы Италия шет елдерге тауар шығарудан да алдыңғы қатарға шықты. Италия экономикасының кұрылымы қайтадан техникамен жабдықталып, ақпараттық қоғамға айналды. Өнеркәсіптің жеңіл және тамақ, машина жасау, электроника және химия салалары жедел дамыды. Италия дизайнерлері мен сәнгерлері дұние жұзінде бірінші орынға шықты.
Қазіргі Италия дұние жұзінде өндірілетін өнімнің 4,3 %-ын, Еуропа елдерінде өндірілетін өнімнің 18 %-ын құрайды. Дамыған капиталистік елдер арасында бесінші орында. Италияның "Фиси- дер", "Эни", "Монтэдиссон", "Пирелли" және "Фиат" автомобиль компанияларының өнімдері дүние жүзіне белгілі. Қаржы саласында 500 ірі банктің 42-сі Италияда. ГФР-да 40, Ұлыбританияда 16, Францияда 12 банк жұмыс істейді. Италия экономикасының ерекшелігі мемлекеттік меншіктегі өндіріс салалары үлесінің жоғары болуы. Көлік және байланыстағы мемлекеттік меншік 50 %, кайта өңдеу саласында 10 %, тау-кен онеркәсібінде 90 %, электротехникада 98 %, химияда 45 %, машина жасауда 30—32 %, теміржолда 99 %, құрылыста 36—38 %-ды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |