Лекция: 30 Лабораториялық: 26 СӨЖ: 124 Барлық сағат саны: 180



бет4/10
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133781
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7- лекция. Таќырыбы: Перцептивтік психика дамуының төменгі деңгейі
Жоспары: 1. Қозғалыстар.

2. Нервтік жүйе және сезім мүшелері

3. Топтық жүріс-тұрыс пен қарым-қатынас

4. Үйрену


Лекция маќсаты: Перцептивтік психика дамуының төменгі деңгейі, оның ғылыми-теориялық негіздеріне шолу
Лекция мєтіні

Бұл деңгейге жоғарғы омыртқасыздар-бас-аяқты моллюскалар мен буынаяқтылар жатады.Мысал ретінде жануарлардың ең көп классы ретіндегі жәндіктерді қарастырамыз.Олар барлық жерлерде –құрлықта,барлық тұщы су суаттарында,сонымен қатар ауада да тіршілік етеді.

1. Қозғалыстар.Жәндіктердің қозғалысы саналуандылығымен ерекшеленеді.Олар барлық жерлерде тіршілік етеді және осыған тәуелді жәндіктердің локомоциялары үлкен саналуандылғымен ерекшеленеді.Еркек бөгелектің ұшу жылдамдығ сағатына 122км. жетеді,ал кейбір жарғақ қанаттылардың қанат қағуының жиілігі-секундына 1000-ға дейін жетеді.Жәндіктердің бұлшықеттері ерекше жақсы дамыған,специализациялану мен дифференциацияның жоғарғы деңгейінің арқасында,олар өздерінің салмағынан көп ауыр салмақты көтеруге қабілетті болып келеді.

2. Нервтік жүйе және сезім мүшелері.Жәндіктердің бас миы-күрделі құрылған жұтқыншақ үстіндегі торап-ол үш бөліктен тұрады:1-біршама дамыған алдыңғы бөлік(протоцеребрум).Алдыңғы бөлікпен күрделі көзді иннервациялайтын өте ірі көру бөліктерінің жұбы байланысты;2-мұртшаларды иннервациялайтын ортаңғы бөлік (дейтрцеребрум);3-ауыздық аппараты иннерациялайтын артқы бөлік (тритоцеребрум).Қол-аяқты малюскалардың (сегізаяқтар)нервтік жүйесі дамудың жоғарғы деңгейіне жеткен.Олар жануарлардың барлық түрлерінің ішінде ең ірі көру мүшесі бар организмдер болып табылады,олардың көру мүшесінің диаметрі-40 сантиметрге дейін жетеді.Жәндіктердің өмір сүретін арнайы жағдайлары (ортаның сапалық әртүрлі агенттерінің көптігі мен саналуандылығы) оларды көптеген,өздігінше құрылған сезім мүшелерінің пайда болуына алып келді.Мысалы,көру мүшесінің құрлыс күрделі болп келеді (күрделі көз) және ол қабылдау ерекшелігі әлі күнге дейін ғылымға беймәлім болып келген көптеген қарапайым көздерден (омматидий) тұрады.Кейбір түрлерде саны жағынан әртүрлі қарапайым жалғыз көздер де болады.Омматидиялар басқа омматидиялардан дақтық салымшлармен шеттетілген және оларға тәуелсіз қызмет етеді.Әрбір омматидияда аксондары мидың оптикалық ганглилерінде аяқталатын 7-8 көру клеткасынан тұрады. Жеке омматидиялардан келетін көру тітіркендіргіштері біртұтас бейнеге жинақталады,яғни оларда заттық көру бар деген сөз.Олар форма мен түсті оптикалық қаблдауға қабілетті болып келеді.

Жәндіктер ерекше әлемде (микроландшафтлы және микроклимат жерлерде) өмір сүретін болғандықтан,мысалы, қалақай көбелегінде,айқын көру тек жуықтап алғанда 2-3 сантиметр арақашықтықта ғана мүмкін болып табылады.Жәндіктер қозғалмал заттарды немесе өздері қозғалып бара жатқан сәтте тныштықта тұрған заттарды жақс көре алады.

3. Топтық жүріс-тұрыс пен қарым-қатынас.Бұл деңгейдің өкілдерінде негізгі топтық жүріс-тұрыстң өте күрделі формалары байқалады.Оларда сезімталдықтың барлық түрлері жақсы дамығандықтан,олар барлық сенсорлқ бойынша ақпаратты берумен коммуникацияға қабілетті болып келеді. Өз уақытында аралардың тамақтың тұрған орны туралы ақпаратты беруіне көмектесетін олардағы рәсімденген «бидің» тілін шешу үлкен жаңалық болды. Бұл жаңалықты австралиялық ғалым К.Фриш 20 жыл бойы бал араснң жүріс-тұрысын зерттегеннен жасаған болатын. Риш бойынша жүгіріп өту сызығы мен көлднеңнің арасындағы бұрыш үшу сызығы мен аспандағы күннің орналасқан жерінің арасындағы бұрышына сәйкес келеді. Бұл жерде біз аралардың фотоментаксистермен геоментоксистерге транспозиция жасауға қабілеттіліктерімен кездесеміз; күннің орналасқан орнына бекітілген бұрыш жердің тартылыс күшіне ауыстырылады. Транспозиция жануарлар арасындағы қарым-қатыастың негізінде жатқан трасформациялардың жеке жағдайы болып табылады; қоршаған орта қасиеттері оптикалық, акустикалық және басқа да сигналдардың түрлеріндегі арнайы кодтң көмегімен жануарлар тіліне трансормацияланады. Қарым- қатынастың инстинктивті формаларының ең жоғарғы денгейі жүріс- түрыстың рәсімденуі болып табылады. Рәсімдеу барысында кейбір тектік бекітілген позалар мен дененің қозғалыстары сигналдық,, яғни ақпаратты беруші бола бастайды. Осы денгейдегі жнуарларға территорияны маркирокалау мен қорғауда көрінетін территориялық жүріс-тұрыс тән.

4. Үйрену. Онтогенездегі кез келген инстинктивті жүріс-тұрыстың қалыптасуы инливидуалды тәжирбиені жинақтаумен бірге жүреді, яғни инстинктивті жүріс- тұрыс үйренумен жетілдіріледі. Бірақ бұл денгейде соңғы орынды инстинктіге қатысты бағынышты жағыдай алады. Сонымен, жәндіктердің өмір сүру ортасының ерекшеліктері олардың психикалық дамуының ерекшеліктерінде бейнеленеді.
Баќылау с±раќтары:

1. Әрбір омматидияда аксондары мидың оптикалық ганглилерінде аяқталатын неше көру клеткасынан тұрады?

2. Австралиялық ғалым К.Фриш 20 жыл бойы қандай жәндіктің жүріс-тұрысын зерттеген?

3. Трансормациялану дегеніміз не?


8- лекция. Таќырыбы: Перцептивтік психика дамуының жоғарғы деңгейі
Жоспары: 1.Қозғалыстар

2.Сенсорлық қабілеттіліктер

3.Қарым- қатынас. Жоғарғы омыртқалылардың қарым-қатынас үрдісі

4.Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы


Лекция маќсаты: Перцептивтік психика дамуының жоғарғы деңгейі, оның ғылыми-теориялық негіздеріне талдау.
Лекция мєтіні

Перцептиті психика кезеңдері дамуының жоғарғы деңгейіне эволюция барысында тек жоғарғы омыртқалылардың өкілдері ғана жетті, олар – құстар мен сүтқоректілер. Осы денгейде жануарлар әлемінде кездесетін психикалық іс-әрекеттің біршама күрделі көрінулері байқалады. Кеңістіктік бейімделу осы жерде де так систердің негізінде іске асады; бағдарларды индивидуалды аста сақтаумен сипатталатын, мнемотаксистер қсылатын, троп-. тело- және ментоксистер. Жоғарғы омыртқалылардың өмірінде мнемотаксистер ерекше үлкен рөл атоқаратын болғандықтан, бейімделудің туа берілген тәсілдері бұл жерде өмір барысында индивидуалды жинақталған тәжірибемен мәнді байиды. Қоршаған ортаның компоненттеріне әсерленудің биологиялық адекваттылығы жоғарғы омыртқалыларда да жүріс-тұрыстың инстинктивті элементтерімен қамтамасыз етіледі. Биологиялық жағдайларға адекватты әсерлену тек белгілердің, объектілер мен жағдайлардың үнемелігінде ғана мүмкін, бұл жануар кілттік тітіргендіргішке әсерленген кездегі тектік бекітілген, туа берілген негізде өтеді. Сонымен инстинктивті әрекеттер жануарлар үшін әйгілі танымдық мәнге де ие болады, ол оғанқоршаған ақиқаттықпен танысқанда көмектеседі.

Инстинктивті жүріс-тұрыс дамуының ерекше жоғарғы денгейіне жоғарғы омыртқалыларда жануарлардың бір-бірімен рәсімденген қарым-қатынастары жетеді. Қарым-қатынас сферасында жүріс-тұрыстың инстинктивті формалары біршама көп таптауырындыққа қол жеткізіледі. Қатал бекітілген зоопрагматикалық құралдарсыз ақпараттарды беру негізгі бола алмайды. Толық қанды қарым-қатынас сондай-ақ жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін – жеке особтардың және тұтас қауымдастықтың жүріс-тұрысының интеграциясы үшін қажетті жағдай болып табылады.

1. Қозғалыстар. Бұл денгейдегі жануарлардың локомоторлы қозғалыстары біршама «автоматтанғандардың» қатарына жатады және олардың әртүрлілігі тіршілік етудің арнайы жағдайларына тәуелді болып келеді. Жоғарғы омыртқалылардың алдыңғы аяқтары, негізгі, сүйеніш-локрмоторлық қызметтен басқалары, әртүрлі заттармен манипуляция жасауда көрінетін қосымша қызметтер атқарады. Қосымша қызметтер жоғарғы омыртқалыларда ауыз аппаратына да тән, бұнда осы екі эффекторлық жүйелердің арасында қызметтік өзара әрекеттестік болады. Манипуляциялау әсіресе оларға деструктивті әсер етудің барысында заттарды кешендік тексеруне көмектеседі және жануарлардың танымдық қабілеттіліктерін дамытады. Осылайша, алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің прогрессивті дамуы психикалық дамудың факторы болып табылады.

Манипуляциялаудың түрлеріне комфорты жүріс-тұрыс та (денені тазалау) жатады.

2. Сенсорлық қабілеттіліктер. Жануарлардың сезім мүшелері бұл денгейде өзінің дамуында жетістікке детті деп айтуға болады. Белглі-бір сезім мүшелерінің және олардың әртүрлілік денгейінің болуы тіршілік етудің нақты жағдайларына және жануарлардың өмір сүру жағдайына тәуелді болып келеді. Сезім мүшелеріне жоғарғы компенсаторлық мүмкіндіктер тән, мысалы, бір қатар үңгірлік балықтарда көру мүшесі жоқ болғанда олардың қызметін есту мүшесі жақсы атқара алады. Бес негізгі сезім мүшелерінен басқа кейбір түрлерде сезімталдықтың ерекше түрлері болып, мысалы, ультрадыбысқа (жарқанат) инфрадыбысқа (кит), инр қызыл сәулелерге сезімталдық және т.б.

Егер негізгі перцепция туралы айтатын болсақ, онда орта компонеттерін заттық қабылдауда, дөңгелекауыздылардан басқа, омыртқалылардың барлық түрлері қабілетті болып келеді. Бұндай қабілеттілік талдау мен жалпылауға тек жеткілікті дамған қабілеттіліктің негізінде ғана мүмкін болады. Бірақ төменгі (балықтар) және жоғарғы (құстар мен сүтқоректілер) омртқалылардың араснда қабылдауға қабілеттілік сапалық айырмашылықтары бар. Жоғарғ омыртқалылардың тіршілік ету үшін, жекелеп алғанда индивидуалды тәжірбиені бекіту үшін өте маңызды қабілеттілгі олардң көру арқылы жалплауға қабілеттілігі болып табылады. Бұған дәлел алғаш рет Л.В. Крушинский бейнелеген, көру алаңынан оның жоғалуынан кейін демдердің орын ауыстыруын бақылау қабілеттілігі көрінетін жануарлардың жабайы формаларындағы «экстраполяция» құбылысы тәрізді құбылыс бола алады. Бірнеше уақыт өткеннен кейінгі реакциялар әдісін қолдана отырып жүргізілген көптеген ғалымдардың эксперименттері көрсеткендей, елестер ормасындағы жалпыланған көру бейнелері омыртқалы жануарлардың арасында кеңінен таралған. Эксперименттің мағынасы, жануарлардың көзінше жемді жасырып қоюдан бұрын, оны басқаға, аз тартымды затқа білдірмей алмастырып қояды және оған оны тек бірнеше уақыт өткеннен кейін ғана іздеуге жібереді. Егер жемді тапқаннан кейін жануар «көңілі қалғандығын» көрсетсе, онда елесте басқа заттың бейнесі болған деп болжам жасауға болады.

Сонымен, жоғарғы омыртқалылардың, негізінде елестер қалптасатын, заттық қабылдауға, талдауға және жалпылауға қабілеттілігі индивидуалды тәжірбиені жинақтаудың негізін құрайтын күрделі дағдылардың пайда болуының маңызды алғышарты болып табылады.

3. Қарым- қатынас. Жоғарғы омыртқалылардың қарым-қатынас үрдісі барлық сенсорлық каналдарды пайдаланумен өтеді. Ольфаторлық сигнализация- химиялық жолмен басқа особтарға ақпарат беру аймақтық жүріс- тұрыста, әсіресе аймақты таңбалауда басым болады. Оптикалық канал – айқын позалар мен дене қозғалысының көмегімен ақпаратты беру, оған рәсімделген жүріс-тұрыс енеді. Мысалы, демонстациялық жүріс- тұрыс бір-біріне дененің түрлі бөліктерін немесе позаларды демонстрациялауда көрінеді. Осы позалар бағытталған жануарлар адекватты түсіне алатын «қорқытып тастау», «жақсы көріну» немесе «бағынушылық» позалары болады. Акустикалық канал дыбыстардың көмегімен ақпаратты беру үшін қызмет етеді. Коммуникация үрдісіндегі белгілі –бір каналдың басым болуы жануарлардың өмір сүру жағдайына тәуелді. Ақпаратты беретін жануар «экспедиент» деп аталады, ал ақпаратты қабылдайтын жануар-«перцепиент» деп аталады.

4. Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Инстинктивті жүріс-тұрыс эволюция үрдісінде өзінің мәнділігін жоғалтпайтын болғандықтан, ол принциптік түрде үйренумен алмаса алмайды, өйткені инстинкт- бұл түрлілік тәжірбие, ал үйрену –индивидуалды тәжірибе. Бірақ,, академик А.Н.Северцов көрсеткендей, жоғарғы омыртқалыларда, әсіресе сүтқоректілерде, психика үйрену үрдістері дамуының арқасында эволюцияның шешуші факторы мәніне ие болады. Бұнда инстинктердің мәні толығымен сақталады. Срнымен қатар, инстинктердің біршама жоғарғы дамуы жоғарғы омыртқалыларда онсыз негізгі ақпарат беру мүмкін емес болатын, қарым- қатынастың тектік бекітілген құралдарынан тұратын рәсімдеу жүріс- тұрыстарында байқалады. Негізгі қарым- қатынас жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін қажетті жағдай болып табылады- яғни жеке особтардың және тұтас қауымдастықтар жүріс- тұрыстың интеграциясы үшін. Бірақ қарым- қатынастың индивидуалды ерекшеліктерінің қалыптасуында үйрену үрдістері мәнді рол атқарады. Қарым –қатынастың индивидуалды жинақталған элементтері жануарларға жабық камуникативті жүйелер сыртына шығуға мүмкіндік береді және, осылайша, ол нәтижесінде қарым- қатынастың адамға тән формаларының туындауына алғышарт болып табылады. Тек жоғарғы омыртқалыларда ғана олардың жүріс-тұрыстарының иілгіштігін және бейімділігін анықтайтын күрделі дағдылар кездеседі. Жүріс –тұрыстың иілгіштігі орта жағдайларының өзгеруіндегі дағдылардың тез қайта құрылу мүмкіндігінде көрінеді. Міне, сондықтан күрделі дағдылар жануарлардығ психикалық іс-әрекеттерінің жоғарғы формаларының- интелектуалды әрекеттердің –дамуы үшін алғышарт болып табылады.
Баќылау с±раќтары:

1.Қозғалыстар туралы түсінік?

2.Сенсорлық қабілеттіліктерді атаңыз?

3.Қарым- қатынас. Жоғарғы омыртқалылардың қарым-қатынас үрдісін атаңыз?

4.Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы қандай?
9- лекция. Таќырыбы: Психика дамуының интелектуалды кезеңі
Жоспары: 1. Психика дамуының интелектуалды кезеңіне сипаттама

Лекция маќсаты: Адам психикасының дамуындағы интеллектуалдылық қасиеттердің даму кезеңдері жайында түсініктер беру.

Лекция мєтіні

1. Интеллект сөзі латын тілінен аударғанда Intellectus – таным, түсіну, ақыл-ес деген мағына береді. Оны индивидтің ақыл-ой қабілеттіліктерінің салыстырмалы түрде тұрақты құрылымы ретінде түсінген жөн.

Интеллектіні, өз кезегінде көптеген ғалымдар зерттеген. В. Штерн мен Ж. Пиаже интеллектіні өмірдің қолма-қол жағдайларына биопсихикалық бейімделу ретінде түсіндірді. А.Бине мен Т. Симон алғаш рет 1905 жылы интеллектіні өлшеу үшін тест жасаған болатын М. Вертхеймер мен В. Келер инсайт түсінігін қалыптастырды.

Академик А.Н. Северцов интеллект жануарға біршама үлкен бейімделу тиімділігін береді деп есептеген.

Алғаш рет жануарлардың интеллектісін өз жүріс-тұрысын ортаның өзгермелі жағдайларына «келтіру» қабілеттілігі ретінде 1882 жылы Дж.Романес «Жануарлардың ақылы» атты кітапта бейнеленген. Ллойд Морган мен Э. Торндайк антропоморфизмге сын жасап Романесқа қарсы шықты және жауап ретінде жануарлардың психикалық қабілеттіліктерінің қатал критерийлерін қалыптастырды (метод проб ошибок)

Американдық психолог Э. Толмен 1932 жылы «Жануарлар мен адамдардың мақсатқа баңытталған жүріс- тұрысы» атты кітап жазды.

Жануарлар «әрекеттер арқылы үйренеді» деген ойға қарсы, Толмен эксперименттік тұрғыда олардың лабиринттің жалпы сипаттамалары туралы ақпаратты, сәйкес жүріс –тұрыстарды іске асырмастан, қабылдай алатындығын көрсетті. Ол, үйрену кезінде жануарлар сыртқы әлемнің себеп-салдарлық қатынастарын көрсететін «когнитивті картаға» ие болады деп болжам жасады.

Интеллекттуалды кезеңдер жоғарғы денгейіндегі жануарлар үшін тек ортаның заттық компонеттерінің ғана емес, сонымен қатар олардың байланыстары мен қатынастарының бейнеленуінде көрінетін психикалық іс- әрекеттерінің даму денгейі болып табылады, сондай-ақ ол дағдыларды ауыстыру мен пайдалану арқылы түрлі тәлілдермен күрделі тапсырмаларды таптауырындық емес шешу болып табылады. Бұл ауыстыру заттардың ұқсастығы бойынша, сонымен қатар олардың арасындағы ұқсастық бойынша да іске асырылады.

Неміс ғалымы В. Келер жануарлардың ойлауы мен интеллектуалды жүріс- тұрысын зеттеуге үлкен үлес қосты. Алғаш рет ол жоғарғы жануарларға (адам тәріздес маймылдарға) жүріс- тұрыстың интеллектуалды формалары, инсайт және қарапайым құралдарды дайындауға қабілеттіліктердің тән екендігін дәлелдеді.

Жануарлар интеллектісін, сонымен бірге иттің таяқшаны алып жүрудегі теңсіздік орталығын қалай табатындығын Л. Морган зерттеген болатын.

Э.Торндайк жоғарғы жануарлардың интеллектуалды әрекеттерін зерттеу үшін әйгілі «мәселелік жәшікті» ойлап тапты. Интеллектуалды әрекеттердің щимпанзеден бақылауға болады. Жемісті алмастан бұрын ол бірнеше уақыт «ойланған» сияқты болады, кейін қолданғанда тапсырманы шешу оңай болып табылатын екі қысқа таяқшаларды бір ұзын таяққа біріктіруге тырысады. Сонымен бірге маймылдың адамды қолынан тартып жем тұрған жерге апарып, одан кейін оның иығына секіріп шығып, оны алатындығын бақылаған, ал егер адам отырса, онда маймыл иығынан түсіп оны арт жағынан көтеруге тырысқан.

А.Н.Леонтьев бойынша интеллектінің критерийі ретінде инстинкттің құрамында биологиялық мағынадан ада болған дайындық фазасының болуы қызмет етеді.

Ф.Йеркс интеллектінің негізгі ерекшеліктерін бөліп шығарды

1. Әрекет етуден бұрын жағдайды детальдық зерттеу

2. «Ойлануды» еске түсіретін әрекеттердің арасындағы тербелістің болуы.

3. Артық, кездейсоқ қозғалыстарсыз, мағынасыз «байқап көрулер мен қателерсіз» жағдайға, мақсатқа бағытталған, ақыл- ойлық әсерленуге талпыныс.

4. Шешім дұрыс емес болған жағдайда шешудің жаңа тәсілін тез арада тауып, оны қолдану.

5. Әрекетті орындау үрдісінде зейін сферасында оның соңғы мақсатын үстану. Барлық жасалған қозғалыстардың ақылдылыңы мен мақсатқа бағытталғандығы олардың мақсатқа қол жеткізуге бағыныштылығы.

6. Іс-әрекет жасағанда жануар мақсатқа жеткізетін әрекеттердің қажетті жиынтығын аяқ астынан жасайды, сол кездегі ерекше сыни сәттің болуы.

7. Бірде табылған міселенің шешімін жаңа жағдайларда қайталаудыңжеңілдігі.

8. Екінші реттіден бас тарта отырып, жағдайдағы мәнді нәрсені табу қабілеттілігі.

Эволюция барысында алдымен жануарлардың интеллектуалды дамуы үшін алғышарттар пайда болды, оларға, біріншіден, жануарлардың танымдық қабілеттіліктерінің дамуында шешуші рөл атқарған, манипуляциялау, соның ішінде биологиялық нейтралды заттармен манипуляция жасау жатады. Манипуляция жасау заттар туралы жалпыланған білімдерді және жалпыланған қозғалыстық- сенсорлық тәжірбие қалыптасады. Жануар заттың салмағын ұстап көріп тұрып, ол туралы біртұтас раттегі кешендік ақпарат алады. И.П. Павлов манипуляциялау тек жануарлардың қызыққыштығын ғана көрсетеді, бірақ оларға пайда келтірмейді деп есептеген.

Екіншіден, дағдыларды жаңа жағдайларға тек заттардың ұқсастығы принципі бойынша ғана емес, сонымен бірге заттардың қатынастары мен байланыстарының ұқсастықтары бойынша да ауыстыру маңызды алғышарт болып табылады. Және А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, іздеу немесе дайындалынуы іс-әрекеттің дайындық фазасымен байланысты болып келетін құралдарды пайдалану.


Баќылау с±раќтары:

1. Интеллектін қандай ғалымдар зерттеді?

2. Психика дамуының интелектуалды кезеңі?

3. Ф.Йеркс интеллектінің негізгі ерекшеліктерін айтыңыз?


10- лекция. Таќырыбы: Жануарлардың интелектуалды іс-әрекетінің бағалау мәселесі
Жоспары: 1. Жануарлардың интеллектісін бағалауда екі бағыты

Лекция маќсаты: Жануарлар интеллектісін қалыптасуы, дамуы және іс-әрекеттің интелект дамуына ықпалы, оның дамудеңгейі жөнінде мағлұматтар беру.
Лекция мєтіні

1. Жануарлардың интеллектісін бағалауда екі бағыт бар:



  1. жүріс- тұрыстарын талдау;

  2. мидың құрлысын зерттеу

Бұрын салыстырмалы қарапайым миының болуымен ерекшеленетін төменгілерден миының құрлысы күрделі болып келетін жоғарғы, интеллектуалды жануарларға дейінгі дамуда сызықтық біртінділік бар деп есептелінген. Тұтасымен алғанда біз осы пікірге дәлел табамыз, білақ кейбір жағдайларда, эволюдция үрдісіндегі жануарладың сызықтық емес дамуының салдары болып табылатын уытқуларды көреміз. Шын мәнінде эволюдция әрқайсысында сыртқы жағдайлардың кешеніне бейімделу өтетін көптеген тармақтануды береді. Әртүрлі жануарлар эволюдиялық теректің түрлі бұтақтарында орналаса отырып, күрделіліктің бірдей денгейіне қол жеткізе алады. Нейроанатом Ходос (1982) жануарлардың интеллектісіне қатысты былай деп жазған болатын: «.... біздің сүтқоректілердің ОНЖ-сі туралы білімдеріміз бізді омыртқалылардың басқа класында интеллектінің нервтік корреляттарын әздеуде қандай да бір қате түсініктің туындағанына жол бергізе алмайды».

Ұзақ уақыт бойы жануарлар интеллектісі әдетте адам интеллектісінің көрсеткіші болып есептелетін критерийлер бойынша бағаланды (есте бағалау, арифметикалық және логикалық мүмкіндіктер, тілге және түсінік қалыптастыруға қабілеттілік)

Алғаш рет жануарлардың интеллектуалды қабілеттіліктерін өлшеуге арналған тестті 1949 жылы Гарри Харлоу қалыптастырды. Тест жануадың қандай да бір ережелерді сақтау және сәйкес қорытындылар жасау қабілеттілігін анықтайды. Мысалы, қарапайым көру дискриминациясына белілетін тапсырманың орнына, Харлоу оларға шешімін табу үшін бір ғана ережені ұстану қажет болатын бір қатар тесттерді біртіндеп ұсынып отырды. Ол ереде мынадай: әрбір жағдайдағы тамақтың марапаттау оның орналасқан орнына тәуелсіз үнемі бір ғана заттың астында болады. Егер мұндай бір типтік тапсырмалардың біртінділігін ұсыну лорды жақсырақ шешуге алып келсе, онда «үйрену бағдарының» қалыптасқандығы туралы айтуға болар еді.
Баќылау с±раќтары:

1. Жануарлардың интеллектісін бағалауда неше бағыт бар?

2. Алғаш рет жануарлардың интеллектуалды қабілеттіліктерін өлшеуге арналған тестті қай жылы Гарри Харлоу қалыптастырды?
11- лекция. Таќырыбы: Жануарлардың құралдарды пайдалануы
Жоспары: 1. Жануарлардың түрлі заттармен манипуляция жасайтын құралдары

Лекция маќсаты: Жануарлардың қоршаға ортадағы түрлі заттар мен қарым-қатынасы, манипуляциялық заттардың олардың психикалық дамуына ықпалы жөнінде білімдерге тоқталу.
Лекция мєтіні

Жануарлардың түрлі заттармен манипуляция жасайтын барлық жағдайларын құрал пайдалануға жатқыза беруге болмайды. Мысалы, қарғалардың моллюскаларды ауаға көтеріп, содан кейін оны тастың үстіне тастағанын, ал барылдақ торғай ұлуларды кішкене тұмсығына іліп алады және оны тасқа ұра бастайды, сондай-ақ қарғалар мен сақалды күшігендер сүйектерді шағу үшін төменге тастайды, күшігендер апфрикалық тұйеқұстың жұмыртқасын тастың үстіне тастай отырып оны ашып алады. Бірақ күшігендер сонымен бірге тасты ауаға көтеріп түйеқұстың інінің үстіне тастай алады. Бұны құралды пайдалану жағыдайына жатқызуға болады. Немесе, галапагостық тоқылдақ құс кішкене тұмсығымен кактустың тікенін теректің дінінен личинкаларды алу үшін пайдаланады. Осы мысалдардан, тек қандай да бір зат жануардың өзінің бір бөлігін ұзарту үшін қызмет еткен жағдайлар ғана құралдарды пайдалануға жатады деп айтуға болады. Құралдарды пайдалану белгілі –бір мәселені ақылмен шешуге алып келеді және бұны егер бұндай жүріс- тұрыс жаулық сипатта болмаған жағдайда интеллектуалды іс-әрекеттің белгісі ретінде есептеуге болады. Және шын мәнінде, кейбір жағдайларда бұндай жүріс- тұрыстың дамуында үйрену белгілі-бір рөл атқаратын болады. Мысалы, туыла салысымен шыбықпен манипуляция жасайтын тоқылдақтың балапаны бастан құртты көре салып шыбықты лақтырады және оны тұмсығымен шоқып алады.

Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттерді жабайы шимпанзеде бақылауға болады. Тамақ табу үшін олар көбінесе таяқтарды және басқа да заттарды қолданады (термиттерді табу үшін, араның ұясынан балды алу үшін, өсімдіктердің тамырын қазу үшін ). Олар сонымен қатар су ішу үшін және денесін тазалау үшін жапырақтарды да пайдалана алады.

Тамақ табу жүріс-тұрыс интеллектуалдыжүріс-түрыстың қызметтің эквиваленті болып табылады. Және осыған қатысты приматтардың құрал пайдалануын тоқылдақ құстың құрал пайдалануынан ажырту қиын.

Ғалымдар құралдарды пайдалану әлі интеллектінің белгісі болып табылмайды. Бірақ ол шын мәнінде ақылды жүріс- тұрыстар үшін, соның ішінде нақты жағдайларға тәуелді, оның мүлде жаңа формаларының пайда болуы үшін алғы шарттар жасайды деп есептейді (сигналды шимпанзе үлкен таяқтардың көмегімен қолымен термидтерді таңдай алатындай етіп термитниктерде тесік жасайды). Бұл жерде біз «мәдени ауыспалылқтың» мысалын көріп отырмыз –тамақ табу тәсіліне маймылдар кейін бүкіл папуляция бойынша таралатын, еліктеу жолымен үйренетін болғандықтын, ақпаратты бір ұрпақтан келесісіне тектік емес жолмен беру орын алады. Срнымен, Кошима аралында тіршілік ететін (1963) жапондық макакалар еліктеу жолымен бірқатар тамақтық жүріс-тұрыстарға байланысты әрекеттерді үйренген. «Жаңалықтың» инициаторы батата құлпынайларын өзенде құмнан тазартуға үйренген Имо атты макака болған. Басқа жануарлар оған еліктей бастайды және 10 жыл бойы бұл әдет өте үлкендер (12 жастағы және одан үлкен) мен жастардан басқа бүкіл папуляцияға таралды. Екі жылдан кейін басқалар бұл уақытта бір дәннен жинағанда, Имо дәнді уысна толтырып жинап, оны суға лақтыруды үйренді. Бұл инсайт типіндегі үйренуге ұқсас болды, өйткені Имо өзінің жаңалығын кездейсоқ ашты және осы пайдалануды үйренді.

Дәстүрлік жүріс-тұрыстың тағы бір формасы-бұл белгілі –бір маршрут бойынша көшіп қону(бұұғылар, арқан балықтар, құстар) Бұнда жастар көшу маршруттарын үкендерден үйренеді. Дәстүрлі тамақтың жүріс-тұрыстың басқа мысалы балықша құстарда – теғіздің жағасында өмір сүретін сауысқандарда байқалады. Үлкендер мидиялардың екі қайырылып ашылып жабылатын қабыршақтарынан ет табудың екі тәсілінің бірін қолданады:



  1. қабыршақтың жұқа бөлігін тұмсықпен ұрып тесу;

  2. мидия судың астында болған кезде тұмсығын ашық сифонға қояды және қайырылып ашылып жабылатын қабыршақты қстап тқрған бұлшықетті кеседі.Бір отбасылық жұптың мүшелері үнемі қабыршақтарды ашудың тек бір ғана әдісін қолдагады. Ешқашанда бір құс қабыршақты ашудың екі тәсілін де қолданбайды. Осыны дәлелдеу үшін Нортон Гриффите қиылыспалы тәрбиелеумен эксперимент жасады. Ол түрлі ұялардағы құрылыстардың орнын ауыстырды, одан кейін балапандар олрды тәрбиелейтін ата-аналардан қабыршақтарды ашудың тәсіліне ұйренетіндігін бақылады.

Үйрену деген кейбір икемділіктер жүріс-тұрыс үшін мәнді болып табылғанмен ол үлкен интеллектіні талап етпейді. Мысалы, дәстүрлерді үстанатын адамдар көбінесе өзінің жүріс-тұрысын рационалды түрде түсіндіре алмайды. Сонымен, еліктеу жоғарғы интеллектінің қажетті белгісі болып табылмайды деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет