Лекция: 30 Лабораториялық: 26 СӨЖ: 124 Барлық сағат саны: 180



бет3/10
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133781
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Баќылау с±раќтары:

1. Ғылыми зоопсихология нені зерттейді?

2. А.И.Герценнің зоопсихология туралы айтқан теориясы?

3. Зоопсихология объектісіне не жатады?

4. Зоопсихология педагогикалық психологияға қандай үлес қосты?
2- лекция. Таќырыбы: Зоопсихология ғылымының даму тарихы
Жоспары: 1. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы зоопсихологияның дамуы
Лекция маќсаты: Антикалық ойшылдардың идеялары, жануарлар психикасымен адам психикасына қатынас мәселелері жөніндегі зерттеулер, көзқарастар жайында студенттерге мағлұматтар беру
Лекция мєтіні

Жануарлардың психикасы адамдардын қоршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады.Антикалық ойшылдарды әсіресе,жануарлар психикасының адам психикасына қатынас мәселесі қатты қызықтырған.Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына тән.Ол сол кездегі ірі биологтар-Ж.Л.Леклерк-Бюффонның Ж.Б.Ламарктың зерттеулерімен байланысты.

Зоопсихологияның дамуына одан кейін Ч.Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті.Ч.Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістердің пайда болу жалпылығын дәлелдеді,бірақ салыстырмалы дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды.»Антропоморфизм»бағыты пайда болды,ол адаммен- аналогиялық түрде алғандағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.

Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А,Н. Леонтьев қарастырды.Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды.Леонтьевтің айтуы бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық күрделенуге ғана келтірілмейді,тітіркенгіштіктің сапалық жаңа формасы-сезімталдық,яғни түйсінуге қабілеттілік пайда болады.Отандық зоопсихологияның негізін салушы В.А.Вагнер болып табылады.Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ,бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шаятын антропоморфизмге,сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты.Басқа бағыттар(«психофизикалық параллелизм»)психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына сүйеніп жасалды.


Баќылау с±раќтары:

1. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында зоопсихологияны қандай биологтардың зерттеуімен байланысты?

2. Отандық зоопсихологияның негізін салушы кім?

3. Психиканың пайда болу және даму мәселесін кімдер қарастырды?


3- лекция. Таќырыбы: Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Жоспары: 1. Зоопсихология-жануарлық деңгейдегі психикалық бейнелеудің көрінулері,заңдылықтары мен эволюциясы туралы

2. Зоопсихологияның зерттеу әдістері


Лекция маќсаты: Зоопсихологияпәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу обьектісі, оны оқыту әдістері жөнінде ғылыми теориялық білімдерге шолу
Лекция мєтіні

1. Зоопсихология-жануарлық деңгейдегі психикалық бейнелеудің көрінулері,заңдылықтары мен эволюциясы туралы,жануарлардағы психикалық үрдістердің онто-және филогенездегі пайда болуы мен дамуы жайлы және адам санасының алғышарттары мен алғашқы тарихы туралы ғылым.Психика эволюция үрдісінде екі деңгейден өтті:төменгі және жоғарғы.Төменгі деңгей психикалық бейнелеудің басталуымен байлансты.,ал жоғарғысы адам психикасының көрінуімен байланысты.Жануарлардың психикасын олардың жүріс-тұрысынан бөліп қарастыруға болмайды,бірақ жануарлардың жүріс–тұрысын этология ғылымы зеріттейді.Бұл ғылымдардың арасында айырмашылықтар бар.Этологтар жүріс-тұрысты жалпы биологиялық көзқарас тұрғысынан зеріттейді.Жүріс-тұрс оларды индивидуалды даму барысындағы және эволюция үрдісіндегі ортаның жағдайларына бейімделу факторы ретінде қызықтырады.Олар көбінесе тіршілік етудің табиғи жағдайларындағы жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысын зерттейдіжәне олар «жүріс-тұрыс биологиясы»теориясын қалыптастырған.Зоопсихология жүріс-тұрыстң психикалық аспектілерін көбінесе лабараториялық жағдайларда зерттейді.Сонда да,бұндай бөліну шартты болып табылады және бұл екі бағыт өзара тығыз байланыстардың арқасында дамиды.

2. Зоопсихологиялық зерттеулер үшін қазіргі кездегі техникалар кеңінен пайдаланылатын түрлі әдістер қолданылады.Бұл,бірінші кезекте,табиғи жағдайлардағы жануарлардың жүріс-тұрысын бақылау үшін аудио-және видео жазба құрылғыларды, электронды чиптер мен компьютерлік техникаларды пайдалану. Сонымен қатар, мынадай зоопсихологияның дәстүрлік әдістері пайдаланылады:1)жануардың ақыл-ойлық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған «лабиринт»әдісі;2) «айналма жол» әдісі;

3) дефференцияланған жаттықтыру әдісі жануардың объектілердің белгілерін ажыратуға қабіелттілігін анықтауға бағытталған; 4)жануардың интелектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған «мәселелік тор» әдісі; 5)жануардың ашық кеңістіктегі бейімделуін және белсенділігін зерттеуге арналған «ашық алаң» әдісі.

Жалпы психологияның түбегейлі мәселелеін шешу үшін,адамның психикалық іс-әрекетнің,оның санасының пада болу және даму заңдылықтарының биологиялық тамырларын анықтау үшін зоопсихологияның мәнін қайта бағалау қиын болып табылады.Зоопсихологияның мәліметтері,сонымен қатар балалар психикасы дамуының биологиялық негіздерін анықтауға көмектеседі.Жануарлар онтогенезін зерттеу барысында табылған «сыни кезеңдердің», ортаның түрлі факторларына жоғары сезімталдық кезеңдерінің болуы Баланы тәрбиелеуде ескеріледі.Балалардың жануарлармен қарым-қатынас жасауында үлкен тәрбиелік және танымдық мән бар.Соңғы ғылыми мәліметтер бойынша балалардың жануарлармен (дельфиндермен,иттермен және т.б)қарым-қатынасы бірнеше психикалық ауытқулар мен ауруларда терапиялық та мәнге ие болады.

Жануарлар,сонымен қатар адамдардың психикалық іс-әрекеттерінің бұзылуларын зерттеу үшін модельдер ретінде де қызмет атқара алады.


Баќылау с±раќтары:

1. Зоопсихологияның дәстүрлік неше әдістері бар?

2. Психика эволюция үрдісінде неше деңгейден өтті?
4- лекция. Таќырыбы: Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Жоспары: 1. Зоопсихологияның зерттеу әдістері (матералистік тұрғыдан)

Лекция маќсаты: Осы жануарлар тәжірибесі мен адам тәжірибесінің арасындағы сапалы айыршашылық, олар ешқашанда заттық іс-әрекетке жалпылай бейімделу сатысына көтере алмауы, ал адам болса заттық қызметің нәтижелі табысты формасын игеретіндігін түсіндіру
Лекция мєтіні

Материалистік тұрғыдан жануарлар психологиясының ғылыми ізденісі болып жануарлар психикасының бейнелеуі негізінде жануарлар құлқы жатады ( жануарлар тәжірибесі). Осы жануарлар тәжірибесі мен адам тәжірибесінің арасындағы сапалы айыршашылық, олар ешқашанда заттық іс-әрекетке жалпылай бейімделу сатысына көтере алмауы, ал адам болса заттық қызметің нәтижелі табысты формасың игереді, ол-еңбек. Соңы мен бірге, ортаның бір бөлек компоненттеріне бағытталған жануарлардың белгілі қозғалыс белсенділігін психологиялық талдай отырып біршама психикалық құбылыстар мен сипаттарға айқын көрініс береді.

Жануарлардың құлқың нақты психологиялық талдау,анық мәселелерді шешу барысында, зоопсихолог, тәжірибе қойылатың жануарлардың қозғалыстарың түгелдей зерттеу жүргізуде ғана жүзеге асады. Бұл мәселелерді, жануарлар қозғалыстарынаң зерттелетің психикалық құбылыстар жайлі тура айталандай етіп қою керек.Соңымен қатар, жануарлардың физиологиялық жағдайларың, тәжірибе қойылатың сыртқы жағдайды және эксперимент нәтижесіне ықпал ететің басқа да негізгі факторларды ескерген жөн.

Зоопсихологиялық зерттеулерде негізгі роль атқаратың табиғи жағдайда жануарлар құлқың бақылау. Мұнда, қоршаған ортаның өзгермелі құбылыстарында жануарлар құлқыныңда болатың өзгерістерді байқау өте маңызды болып келеді.

Эксперимент пен бақылау жұмыстарың білікті біріктіріп, сандық және сапалы жануарлар құлқыларың талдау жүргізген кенес зоопсихологі Н.Н.Ладыгина-Котс. 1917-1919ж.ж. ол «проблемдік тор» (жануарлар ашуға тиісті кілтенетін механизмі бар экспериментальды құрал), әдіс арқылы макакалардың моторлық ептілігін зерттеген. Ладыгина-Котс, бұл әдісті маймылдардың танымдық психикасын және қозғалыс пен таным қабілетін зерттеп білу мақсаты үшін қолданған.Кейін ол өз еңбектері барысында зоопсихолог жануарлардың не істеп қоюың емес, қалай істеуің зерттеу керегін түсінді.

1913-1914 жылдары, бір уақытта екі ғұлама жануарлар құлқының зерттеушілері К.Гесс және К.Фриш аралардың түстерді айыру қабілетің зерттеді. Гесс араларды қаранғы бөлмеде ұстап екі жарық қөзін қолданады, бірі-әртүрлі түстер, екіншісі-сол түстердің әртүрлі ашықтығың. Осындай тәжірибе барысында, ғалым аралардың әрқашанда әртүсті заттарға емес түсі ашық нәрселерге ғана ұшады, яғни олар түс айыра алмайды деп түйіндеме жасады.

Фриш болса, экспериментің өзгеше құрып, қарама-қарсы қорытындыға келді. Ол көптеген әртүрлі түстер мысалы сары және ахроматикалық қара, сұр түстер қолданып, сары түс қағаздарды шырынмен жағып басқаларына оыңы қолданбады. Араларды жіберген сәтте, олар қатесіз шырыны бар түстерді тауып қонды, және осындай түсті қағаздарды шырынсыз ақ айыра біледі, яғни аралар түстерді түйсіне алады деген пікір шығады.

Гесс тәжірибесінде жіберген қателіктің бірі, ол араларға биологиялық тән емес жағдайда-қаранғы жерді қолданды, яғни, бұл жағдайда көрек іздестіретің түсті түйсіну құлқыларынан қарағанда, қаранғы жерден шығу амалын іздестіреді.



«Лабиринт» әдісі. Тәжірибе қойылатың жануарлар алдына тікелей мақсаты қабылданбайтың ің немесе тамақ ретінде берілетін жағдайларға жол табу мәселесің қояды. Қателескен не дұрыс жол таба алмаған жағдайда жануарларға жазалау әдісі қолданылады. Қарапайым түрдегі лабиринт Т-тәрізді келеді, күрделі формаларында көптеген кедергілер тұрады. Бұл әдіс арқылы жануарлардың қозғалыс ептілігің машықтандыру, әсіресе тері-бұлшық ет сезімталдығы, есте сақтауы, жаңа жағдайда қозғалыс дағдысың қолдануы, сезімдік жалпылауы қалыптасуы ролдері арқылы кеністікте бағыталуың зерттейді.

Көптеген сауалдардың бірсыпырасы «айналма жолдар» әдісің қолдану арқылы зерттелінеді. Бұлардың түрлері (Смолл лабиринті), көпірлерден тұратың лабиринт.



Жіктеулі жаттықтыру (диффиринцировочная дрессировка) атты әдіс бір уақыттың ішінде сыналушы жануар бірізді ұсынған объктілерді белгілері арқылы айыра алуың зерттейді. Мәселен, объектінің көлемін кішірейте отырып олардың жіктей алуың тексереміз. Сөйтіп, жануарлардың қасиеттерің сипаттайтың мәліметтер аламыз.

Жоғары жануарларға ғана қолданылатың жіктеулі жаттықтыру әдістерінің келесі варианты «үлгілі таңдау» әдісі (выбора на образец).Бұл әдісте, жануар бұрын көрген затың көп объект арасынан тануы анықталады. Осы әдіс жануарлардың сенсорлық шеңберің зерттеуге қолданылады.



«Проблемді тор» әдісі. Жануарлар алдына қойылатың мәселенің бірі, ол әртүрлі заттар қолданып (рычаг, педаль, затвор) жапқышты ашып тордан өзін босататың амал табуың, немесе керісінше, тамақ бар тор ішіне кіруге ашу амалын істестіруің зерттейді. Бұл эксперименттегі механизмдер күрделі келеді де есте сақтауды талап етеді. Соңымен, осы әдіс арқылы жануарлардың күрделі үйрену формаларың және интеллектуалдық мінез-құлқының моторлық элементтерің зерттейді.

Барлық зоопсихологиялық зерттеулер барысында кенінен фото- және киносъемкалар, дыбыс жазу тағы басқа жануарлар мінез-құлқыларың тіркестіретің техникалық құралдар қолданылады.


Баќылау с±раќтары:

1. Зоопсихологиялық зерттеулерде негізгі роль атқаратың табиғи жағдайда жануарлар құлқың бақылау?

2. Н.Н.Ладыгина-Котс қай жылдары «проблемдік тор» (жануарлар ашуға тиісті кілтенетін механизмі бар экспериментальды құрал), әдіс арқылы макакалардың моторлық ептілігін зерттеген?

3. «Лабиринт» әдісі қандай әдіс?


5- лекция. Таќырыбы: Элементерлы сенсорлы психиканың төменгі деңгейі
Жоспары: 1. Бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі клеткалы жануарлардың түрлері
Лекция маќсаты: Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіне жататын бірклеткалы қарапайым жануарлар психикасының даму ерекшелігі, төменгі клеткалы жануарлардың сенсорлық дамуы жайындағы ғылыми теориялық білімдерге талдау
Лекция мєтіні

Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіне бірклеткалы жануарлар-қарапайымдылар жатады.Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанымен,керісінше,бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі клеткалы жануарлардың түрлері де болады.

Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді.Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомоция деп аталады.Қарапайымдыларда локомоция кинездер түріде іске асырылады.Кинездердің екі түрі бар:ортокинез-ауыспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез-қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру.Қарапайымдыларда жануарлардың басқа түрлерінде жоқ локомоцияның тәсілдері тән.Оларға «амебалық», «реактивті»қозғалыстар жатады,кейбір түрлер қыл сияқты аяқтардың немесе талшықтардың-плазматикалық өсінділердің көмегімен орын ауыстырады.Қысқартқыш бірлік миофибриллалардан-көпклеткалы жануарлардың бұлшықеттерінің аналогиясы-мионемалар құралатын болып табылады.Сонымен, кинездер ортаның биологиялық мәнді факторларының интенсивтілігі градиенттерінің тікелей әсер етуінен болатын біршама примитивті инстинктивті қозғалыстар болып табылады.Бұл ортаның жағымсыз жағдайларынан қашуға мүмкіндік береді.Бірақ бұл қабілеттіліктер ортаға негізгі бейімделу үшін жеткіліксіз.Тітіркенгіштіктің бастауы бойынша біршама адекатты бейімделу үшін клинокинетикалық және ортокинетикалық қозғалыстар қосымша түзетулер қажет етеді.Және осындай бейімделу элементтерімен қарапайымдыларда қарапайым таксистер бар болып табылады. Ортокинездерде кеңістікте ореинтация жасау компоненті – сыртқы тітіркендірудің градиентіндегі орын ауыстыру жылдамдығының өзгеруінде көрінетін ортотаксис болып табылады.Клинокинездерде кеңістікте ориентация жасау компаненті-клинотаксистер болп табылады,олар қозғалыстың бағыты өзгергенде,сондай тітіргендіргіштің әсер туінде корінеді.Осылайша, таксистер деп қолайлы (жағымды таксистер) жаққа немесе ортаның қолайсыз жағдайларының жағына (жағымсыз таксистер) кеңістікте ориентация жасаудың тектік фиксацияланған механизмдерін айтамыз.Мысалы,жағмсыз ортотермотаксистер ортаның қолайсыз термикалық жағдайларынан түзу сызықты бөлінуде көрінеді.Қарапайымдыларда термо-,хемо-,галвано-,фото-, тигмо-, гео-, және басқа да таксистер кездеседі.

Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде танылады: биологиялық «нейтралды» белгілер, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіргендіргіштерді іздегннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.

Қарапайымдыларда тіпті фобиялық реакцияларды да бақылауға болады.Мысалы, инфузория көбінше қолайсыз жағдайларға кез болғанда бірден тоқтайды және шабуылға дайындалып «қорғаныс жағдаиларн» қабылдайды.

Қарапайымдылардың ең элементарлы формадағы үйренуге қабілеттілігі- әдеттенуге қабілеттілігі дәлелденді. Неміс ғалымы Ф.Брамштедтің эксперименттерінде бірнеше уақыт бойы үшбұрышты ыдыста ұстаған парамециялар оларды шеңбер ыдысқа ауыстрғанда да үшбұрышты траекторияны сақтап қалған. Әдеттенуді бейімделуден ажырата білу қажыт. Әдеттену реакциялар жойылған кезде көрінеді. Мысалы, Н.А.Тушмалованың эксперименттерінде инфузориялар виврацияға түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін осындай үнемі әсер етуде олар оған әсерленуін тоқтатты. Бейімделу, керісінше, жаңа реакциялардың пайда болуымен сипатталад. Бұны өте жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге келгенде байқауға болады. Басында көздер қараңғы бөлмедегі заттарды ажырата алмайды, бірақ қысқа уақыт аралығы өткенде көре бастайды. Шартты рефлекстің пайда болуы үйренудің біршама жоғарғы деңгейіне-биологиялық мәнді және «нейтралды» тітіргендіргіштердің арасындағы уақыттың байланыстың қалыптасуымен сипатталатын ассоциативті үйренуге жатады.140-160 сәйкестіктен кейін инфузорияларда (станторлар мен сувойктар) жарықтың тітіргендіргішке ысқартылған жауап реакцияларын қалып тастыруға мүмкіндік туды, бірақ қарапайымдыларда ассоциятивті үйренудің болатындығы туралы сұрақ ашық күйінде қала береді. Ең жоқ дегенде ол оларда бастапқы түрінде болады.

Бірақ сонда да, примитивті болса да қарапайымдылардың жүріс-тұрыстары микроәлемнің өзінще ерекше жағдайларында өмір сүруге жнткілікті иілгіш болып келеді .Микро әлем ортасы макро әлем ортасына қарағанда азырақ тұрақты, бірақ біршама кедейленген болып табылады. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүруінің қысқалығы индивидуалды тәжірибені жинақтаудың біршама күрделі формаларының даму мүмкіндігін жоққа шығарады.

Қарапайымдылар типіне жататындардың жоғарғы өкілдері көптеген қатынастарда төменгі көпклеткалы омырқасыз жануарлармен қатар дамиды. Және оларда элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіндегі көпклеткалы омыртқасздардың(ішекқуыстлар, төменгі құрттар) кейбір формаларына қарағанда тіпті біршама күрделі жүріс-тұрстар бақыланады. Осы жерде көрнекі тұрғыда мынадай жалпы заңдылық көрінеді:психологиялық классификация зоологиялық классификациямен толығымен сәйкес келе бермейді. Бұл жерде басқа заңдылық көрінеді: психикалық дамудың біршама жоғарғы деңгейінің элементтері үнемі алдыңғы, біршама төменгі деңгейдің қойнауында туындайды.



Баќылау с±раќтары:

1. Локомоция дегеніміз не?

2. Таксистер дегеніміз не?

3. Н.А.Тушмалованың эксперименттері


6- лекция. Таќырыбы: Элементерлы сенсорлы психика дамуының жоғарғы деңгейі
Жоспары: 1. Төмненгі көпклеткалы омыртқасыздар-тікентерілілер(иглокожие) мен жоғарғы құрттардың қозғалыстары

2. Сезім мүшелері және сенсорлық қабілеттіліктер.

3. Жүріс- тұрыстың иілімділігі.
Лекция маќсаты: Элементерлы сенсорлы психика дамуының жоғарғы деңгейіне жататын төмненгі көпклеткалы омыртқасыздар-тікентерілілер(иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақынанылар) тіршілігі мен таныстыру.
Лекция мєтіні

1. Бұл деңгейге төмненгі көпклеткалы омыртқасыздар-тікентерілілер(иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақынанылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Көпклеткалы жануарларда алғаш реет әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген, түрлі қызметтер атқаратын арнайы клеткалар пайда болады. Алғаш реет примитивті нервтік жүйе-жеке мүшелердің, жүйелер мен организмдердің іс-әрекеттердінің тұтастай координаторы пайда болады. Төменгі көпклеткал организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық(гидралар) шеңберлік (медузалар), радиальды(теңіз жұлдызшалары), билатеральды (жалиы құртар), және «нервтік баспалдақ» (сақиналы құрттар) түрінде кездеседі. Бұл денгйде сонымен қатар бас және бас ми пайда болады-яғни нертік элементтердің жинақталуы өтеді.

Қозғалыстар. Сақинаы құрттар негізінен теңіздерде және тұщы су суаттарында өмір сүреді, бірақ олардң кейбіреулері, жауын құрты сияқтылар топырақта өмір сүреді. Көптеген түрлерге конструктивті іс-әрекетке қабілеттілік тән және олар өздері жасаған, түтікшелерде- өздігінше «үйшіктерде» өмір сүреді, үнемі сол жерден жжем табу үшін «шабуылға» шығады. Құрылыс матириалы ретінде ерекше бездерден бөлінген сөлдермен бекітілетін құмдар мен басқа да ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.

Жабайы түрлер (көптікенділер) басқа құрттарға, моллюскаларға, шаянтәрізділерге және тіпті салстырмалы түрде ірі жануарларға шабуыл жасай алады. Кейбір түрлердің рационын балдырлар немесе түптің үстіңгі жағындағы органикалық қалдықтар құрайды. Сүліктер жақсы жүзеді, жорғалайды жұмсақ жерлерде жол қазады, кейбіреулері құрлықта жүре алады және өз жемдерін – сүтқоректілерді және адамдарды құрлықтан табады. Сүліктердің қозғалысарында олардың сорғыштары үлкен рөл атқарады. Алғаш реет өсінділер түріндегі жұп аяқ-қолдар параподиялар пайда болады, олардан тактильдік және химиялық сезімталдықтың қармалаушылық мүшелері шығады. Ауыз қуыснда жақтар пайда болады.



2. Сезім мүшелері және сенсорлық қабілеттіліктер. Осы деңгейдегі омыртқасздада сезім мүшелері әлі әлсіз дифференциацияланған, сондықтан сипап сезудің, химиялық сезімталдықтң және т.б арнайы мүшелерін бөлу қиын болып табылады. Бұл жерде алғашқы сезім мүшелерінің плюромодалдылығы туралы, яғни жалпы, барлық тірі материяға тән сезімталдық жайлы айтылуда. Бірақ специализациясы энергияның жеке түрлері бойынша эволюция үрдісінде энергияның бір арнайы түріне специализацияланған унимодальды рецепторлық құрылғлардың пайда болуына алып келе алатын жоғарғы деңгйде болады. Сонымен термо-, хемо-, фото-, және басқа да рецепторлар пайда болады.

Бұл болжамға сәйкес көпклеткалы жануарлардың барлық сезім мүшелері сипап сезу мүшелерінен- біршама аз дифференциацияланған рейепторлардан дамиды. Ішекқуыстылардың өзінде бұл мүшелер иіс сезу қызметін де атқарады. Бұл алғашқы поюромодальдықтың қалдықтарын байқау қиын емес. Көз сияқты күрделі сезім мүшелерінің өзі эвоюция үрдісінде төменгі қатардағы сезім мүшелерінен- сипап сезу мүшелерінен-«сенсиллдерден» пайда бола алады. Әйгілі отандық зоолог, омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы бойынша маман .В.А. Догель айтқандай, басқа жағдайларда кері құбылыс та жиі орын алады, онда – омыртқасыздардың қандайда бір рецепторлары жоғалып кетеді және кейін бірнеше уақыт өткеннен кейін бірнеше өзгерген формада қайтадн пайда болады. Гидра мен жауын құрты жарықты денесінің бүкіл үстіңгі қабатымен қабылдайды.Көру мүшесінің эволюциясын медузалардың әртурлі формаларының мысалына жақсы зеттеуге болады. Кейбір формаларда көздік дақ түріндегі жарықтық сезімталдық мүшесі болады,ол- жылтыр эпителилік ыртыстң астындағы көру және пигменттік клеткалардың жинақталуы. Басқаларда көздік дақ көздік шұңқр қалыптастыра отырып, көру клеткаларын зақымданудан жақсырақ қорғау үшін терңдікке кетеді. Және жоғары дифференциацияланған көру мүшесі анологы –хрустальды көздік көпіршік пайда болады. Бірақ көру әлі де болса фотоскопиялық болып қала береді, заттық қабылдаудға қабілеттілік жоқ боып табылады.

Сезім мүшелерінің симматриялық орналасуы арқасында примитивті таксистермен қатар жоғарғы таксистердің де бірнеше формалры бар. Неміс ғалымы А.Кюн мынадаи түрлерден тұратын жоғарғы таксистердің классификациясын өткізді: 1-тропотаксистер- симетрмялық орналасқан рецепторлардағы қозудың интенсивтілігін теңдестірудің нәтижесінде қалыптасқан, бірдей әрекет ететін қозғалыс: 2- телотакистер- тітіркендіргіштің бір бастауын таңдау және соған қарайғы бағытта қозғалу;3-менотаксистер-симетриялық емес тітіркендіруде симетриялық орналасқан рецепторларда бұрышта тітіркендіргіштің бастауына қарай қозғалыс жасалады.4-мнемотаксистер бейімделулерді индивидуалды есте сақтау, ол тек есі дамыған жоғарғы жануарларда ғана кездеседі.

3. Жүріс- тұрыстың иілімділігі. Көптікенді сақиналы құрттарда отбасылық жүріс-тұрыстын, агрессивтіліктің және қарым-қатынас элементтерінің бастамалары кездеседі. Бірақ негізгі агрессивтілік пен отбасылық жүріс-тұрыс қозғалыстар сигналдық мәнге ие болған кездегі ритуализациясымен сипатталады. Үйрену әдеттену деңгейінде. Ассоциативті үйренудің нәтижелері ұзақ сақталмайды.

Тұтасымен алғанда сақиналық құрттардың жүріс-тұрысы элементарлы сенсорлық психика стадиясына сәйкес келеді, себебі ол тек, Леонтьев бойынша, сигналдардың тіршілік етуге өмірлік маңызды негізгі биялогиялық қызметтерінің пайда болғандығы туралы хабарлап отыратын қоршаған ортаның жеке қасиеттеріне ғана бейімделген. Бұл бейімделу тек бір ғана түйсіктердің негізінде іске асады. Заттық қабылдау әлі де бар, бірақ кейбір жерде жүретін ұлуларда (жүзімдік ұлу), сонымен қатар еркін жүзетін жабайы моллюскаларда және полихеттерде осы қабілеттіліктің бастамалары байқалады.

Бұл деңгейдегі жануарларда әлі де болса қолайсыз сыртқы жағдайлардан қашу басым болады, бірақ сонда да жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу жүріс-тұрыста мәнді орын алады. Олардың өмірінде сондай-ақ кинездер мен элементарлы таксистер үлкен рөл атқарады, бырақ сонымен қатар инстинктивті жүріс-тұрыстың күделі фомаларының бастамалары да кездеседі. Ағаш рет кеңістіктегі мәнді біршама дәл және үнемді бейімделуді қамтамассыз ететін жоғарғы таксистер пайда болады.
Баќылау с±раќтары:

1. Параподиялар дегеніміз ?

2. Дифференциацияланған рейепторлар дегеніміз не?

3 А.Кюн қандай түрлерден тұратын жоғарғы таксистердің классификациясын өткізді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет