Лекция: 30 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: обс¤Ж



бет4/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.46 Mb.
#21455
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанда палеография ғылымының дамуы.

  2. М Қашқарии еңбектерінің зерттелу барысы.

  3. Ежелгі түркі жазбалары.

  4. Түркі жазбаларының зерттелуі.

  5. Түркі жазбаларының түрлері.



  1. лекция. Таќырыбы:

Жазу мен кітап тарихы

Жоспары:

  1. Таңбалар тарихы туралы пікірлер.

  2. Пиктографиялық жазу.



Лекция маќсаты: Ең алғашқы жазулардың пайда болуы және жазу сызудың дамуы мен қалыптасуы жайында мәлімет беру

Лекция мєтіні

1. Таңбалар тарихы туралы пікірлер.

Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда пайда болған.Бірақ ол кезде қазіргідей әріптер жоқ еді.Адам өзінің ойын білдіру үшін суреттер мен шартты белгілерді пйдаланған.Олардың әрқайсысы қазіргі біз айтып жүрген буынды,сөзді білдіретін болған. Мысалы,жаңа тас дәуіріндегі адамдар бір тақтайшаның бетін қашып бұғының,адамның,жұлдыздың,балтаның,айдың суретін салыпты.Маман ғалымдар сол суреттерден мынандай сөйлемдерді құрастырып шығарыпты.»Бұғы атты көсем 7 жорықты,9 айқасты өткізді,айдың 2 тууына созылған жорықтың кезінде айбалтамен өлтірілді».

Тасқа жазу қиын болғандықтан, мұндай жазу белгілерін саз балшық тақтайшаларға жазған. Ол үшін алдымен сазбалшықтан төрт бұрышты етіп тақтайша жасаған. Балшық кетпей тұрып оған құстың қауырсынымен немесе ұшы істік таяқшалармен таңбалар салған. Жазып болғанан кейін тақтайшаны отқа күйдірген.

Бірақ сурет сияқты жазуды қолдану көп қиындық келтірді. Себебі, барлық сөзге сурет тауып, оларды танып оқу қиын болды. Осыбан барып сурет пен таңбалар орнына әріптер келді.

Алфавиттің (әліпби) пайда болу тарихынан. Алфавит гректің «альфа және бета» дейтін алғашқы екі әріпінен шықан. Сурет сияқты жазу мұнан бес мың жылдай бұрын пайда болған ал алғашқы алфавит мұнан үш жарым мың жалдай бұрын пайдаланылған. Оны алғаш шығарғандар да, пайдаланылған да финикиялықтар (Жерорта теңізінің шығыс жағындағы көпестер- теңізде жүзушілер). Енді әрбір белгі-әріп бір дауыссыз дыбысты білдіретін болды. Мәселен, (дм) деген әріптерді «дам» деп те «дым» деп те оқу болатын еді. Бұл да қиындық келтірді. Әріптер одан әрі жетіле түсті. Б.з. б ІХ-VIII ғасырларда гректер бұрынғы алфавиттерге дауысты дыбыстарды білдіретін әріптерді қосқан. Сөйтіп, мұның үш мың жылдай бұрын нағыз алфавит өмірге келеді.

Дүние жүзінің көптеген халықтары сол финикиялықтар пайдаланып келеді.

Қазіргі ұлттық жазулардың көбі латын, араб, славян алфавиті негізінде жасалған. Көне түрік алфавиті де көп ғасыр бойы қолданылып келді.

Кітап басып шығару: жазу қалыптаса бастағанда-ақ оны неге жазу керек деген сұрақ шықты. Ол кезде адам әлі қағаз жасауды ойлап таппаған еді. Саз балшықтан жасалған тақтайшаларға салынған белгілер туралы жоғарыда айттық. Алғашқы кітапшалар осы тақтайшалар болды (ежелгі Ассирия мемлекетінде). Бірақ мұның тақтайша-кітапшалар дайындау өте күрделі еді.

Қытайлықтар алғашқылардың бірі болып кітапты бамбук ағашының қабықтарынан жасаған. Ағаш қабығын тазалап, оған ұшы өткір ағашпен жазған. Кепкен қабықтарға қосып түптеген. Кейінірек жібек матаға қылқаламмен, одан кейін сиямен жазған. Ал б.з // ғасырынан бастап қағазға жаза бастады.

Ежелгі Египетте жазу мәтіндерін тас тақтайшаларға,кейін папирус қабықтарына жазуды ойлап тапқан.Папирус-Египеттегі Ніл өзенінің таяз жерлерінде өсетін ағаш тәрізді өсімдік. Биіктігі үш метрдей, түп жағы жуан болып келетін папирустардың жұқа қабықтарын сыпырып алып,кептіріп,қағаз сияқты парақтар дайындаған.Оған бір жағы ұшталған қамыспен жазған.Бір-біріне жалғастырған парақтардан лента пайда болған.Папирустар сол заманда жақсы жазу жазатын материал ретінде пайдаланып келген.

Б.з.б.II ғасырда Пергам патшалығының шеберлері мал терісіне жазуды-пергаментті ойлап тапты.Орта ғасырларда кітапты пергаментке жазу кең етек алды.Көбіне бұзау терісінен парақтар жасап,оған жазу жазып, парақтар бүктелініп қалмас үшін оларды орап, ағаш қақпақпен бастырған және түптектен.Бұл кітаптар қазіргілерге шамалап ұқсасқан.

Еуропада XIII ғасырдан бастап негізгі жазу материалы қағаз болды.Енді кітаптар көбірек көшіріле бастады.Қалам орнына ұшы үшкірленген қаздың қауырсыны пайдаланылды.

Бірақ кітапты қолмен көшіру өте ауыр жұмыс еді.Оның саны аз,бағасы қымбат болды.Кейбір адамдар қайтсек кітапты көбейтіп,бағасын арзандатамыз деп ойлады.Мұндай қиындықтан шығудың жолыналғаш көрсеткен XV ғасырдағы неміс шебері Иоганн Гутенберг болды.ол бір бетқағазды бірнеше дана етіп шығаратын құрал жасады.Енді кітап шығару ісі Еуропада біраз жақсарды.Алғашқы 50 жылда Еуропаның 260 қаласында кітап басып шығаратын баспахана ашылды.Олар осы уақыт ішінде 10 миллион дана кітап шығарған.Олардың арасында мектеп оқушыларына арналған оқулықтар да көп еді.

Қазақ жазуы.Қазақ халқы,оның арғы атасы-ежелгі түріктер әр тарихи заманда сол кезге лайық түрліше жазуларды пайдаланған.Мәселен,қазақтардың арғы тегі-ежелгі түріктер руна жазуын пайдаланды.Ол б.з.б.V ғасырдан бастап қолданылған,Кезінде осы жазумен көптеген ескерткіштер жасалған.Бірақ олардың сақталғандары өте аз.руна жазуының айқан үлгілері орхон-енисей жазба ескерткіштеріде сақталған.Бұл жазулар Орхон (Монғолия)өзендері бойынан табылған.Жазу құлпытасқа,қыш ыдыстардың шетіне,тұтасжартастарға ойылып жазылған екен.Кейінірек қазақ халқының құрамына енген бірқатар тайпалар X ғасырдың соңына дейін руналықжазуды пайдаланып келген.Осы ғасырдан бастап оны ұйғыр жазуы ығыстырды.Көп ұзамай Орталық Азияға,арабтар арқылы Қазақстанға да ислам діні орнығады.Осыған байланысты Қазақстанға араб жазуы кеңінен тарады.Араб тілінде жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»дастаны мен Махмут Қашқаридың «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбектерінің қазақ жазуы тарихында ерекше орны бар.

Ғұлама ойшыл,ақын,XI ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Йасауидің атақты еңбегі «Даналық жайындағы кітабы» араб алфабитімен жазылған үш тіліндегі сөздік жарық көрді.

Он ғасырдай уақыт Қазақстанда пайдаланып келген араб алфабитін аса көрнекті қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы 1920 жылдары өмір талабын ескере отырып,біраз жеңілдетті.Бірақ та 1929 жылы латын алфабитіне,1940 жылы қазіргі орыс алфабитіне көшу қазақ тілінің,оның жазуының дамуына көп зиянын тигізді.Бұл-бүкіл бір халық небары 10-11 жыл ішінде өзінің жазу жүйесін екі рет түбірінен өзгертті деген сөз.Мұның қазақ халқының мәдениетін,әсіресе ғылымы мен оқу-ағарту ісін дамытуына көп залалы болды.Біреуін ғана айтайық; мың жыл бойына араб алфабитімен жазылған кітаптар,мерзімді баспасөз,басқа да деректер пайдаланылмай қалды.Жаңа алфабитті білмегендіктен алғаш олардың бәрі сауытсыздар деп аталады.Жұмыс істеп,уақыты жетпей,қинала жүріп жаңа алфабитті өз-өздігінше үйреніп,газет журналдарды буындап,ежелеп оқып қана шаласауаттылар қатарына қосылды.Шапшаң жүргізіп,әрі әдеби талапқа сай оқи алғанда ғана адам сауатты болмақ.

Ќазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сµздердіњ жазбаша тілде єріптердіњ тіркесімен белгіленуі деп т‰сінеміз. Біраќ алѓашында б±лай болмаѓан. Жазудыњ тарихына кµз жіберсек, єріппен тањбалаудыњ кейінірек пайда болѓанын кµреміз. Жазу µте ерте заманда жасалып, мыњдаѓан жылдар бойы µзгеріп, дамып келді. Жазудыњ мыњдаѓан жылдар бойына дамып жетілуімен бірге, оныњ принциптері де µзгеріп отырды.

Жазудыњ жүйесі тањбалардыњ жиынтыѓынан ќ±ралады. Ол тањбалар б‰тіндей сµзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Єрбір жазбаша тањбаныњ гравикалыќ формасы, белгілі бір маѓынасы болады. Жазу ж‰йесіндегі тањбалардыњ не б‰тіндей хабарды, не жеке сµзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне ќарай, жазу мынадай т‰рлерге бµлініп ќарастырылады: 1) пиктографиялыќ жазу, 2) идеографиялыќ жазу, 3) буын жазуы (слоговое письмо), 4) єріптік немесе дыбыстыќ жазу. Енді осылардыњ єрќайсысына тоќталайыќ.



2 Пиктографиялық жазу.

Бұл – жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу, сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді.Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың т.б. суреттері қолданылған.Адамдар басқа біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырып тоғайдың және аңның суреті салынған. Зерттеушілер суретті-синкретикалық (пиктографиялық) жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды деп есептейді.

Пиктографиялық жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі қолданатын болған. Пиктографиялық жазуды басқалармен салыстырғанда, полисинкретикалық тілдерде сөйлейтін халықтар (ацтектер, америкалық индеецтер, мысалы, прокездер, Қиыр Солтүстіктің көптеген халықтары және т.б.) кең түрде қолданатын болған. Алайда бұған қарап, тілдердің полисинкретикалық құрылысы пиктографиялық жазуды тудыруға себепші болды деп санауға болмайды. Пиктографиялық жазу басқа типті тілдерде сөйлейтін халықтарда да болған. Бұл жерде әңгіме тілдердің полисинкретикалық құрылысы осы тілдерде сөйлейтін халықтарда пиктографиялық жазудың дамуына мүмкіндік берген жағдайлардың бірі екендігі жайында болып отыр.

Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, магазиндер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың және т.б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық тағба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін белгілейді.

Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының Идеографиялық жүйесі осыдан мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Жазудың идеографиялық принцпін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады.

Мысалы, «5» деген цифр. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әртүрлі: орысша-пять.

Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді, бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік, идеограммалар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.

Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астраномиядық және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестері мен айтылатын ғылыми терминдерді білдірелі:

Мысалы: 0 - «кислород», - «түбір», (+)– «Атом ядросы».

Пиктографиялық жазуға қарағанда идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық жазу сөлеудің мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері сөздерді, сөздердің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.



Бақылау сұрақтары:

1. Жазу туралы жалпы түсінік

2. Жазудың қалыптасуы.

3. Жазудың шығу тарихы.

4. Ауызша тіл мен жазбаша тіл ерекшелігі.

5. Алғашқы жазудың түрлері

6. Алғашқы жазудың өзіндік ерекшеліктері

7, Пиктографиялық жазу

8. Идеографиялық, логографиялық жазу.

9. Әріп жазуының қолданылуы.



  1. лекция. Таќырыбы:

Ежелгі славян жазуы

Жоспары:

  1. Ежелгі славян жазуының пайда болуы.

  2. Жазу материалдары мен құралдары.

  3. Славян альфавиті.

Лекция маќсаты: Славян халықтарының жазба мәдениетін кең көлемде тусіндіріп оны жаңаша көзқараспен түсіндіру.

Лекция мєтіні

1. Ежелгі славян жазуының пайда болуы.

Ревалюцияға дейінгі тарихнамада Ресейде жаз христиан дінін 1988ж

қабылдағаннан кейін,право славян шіркеуінің қажетінен сырттан келді деп түсіндірілетін.Бертін келе тарихшылар жазудың алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап,құлдық қоғам орнаған кезде өндіргіш күштер дамып мемлекет пайда болып жазудың пайда болуын дәлелдеді.Шығыс славяндарда Ivғ алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап Құл.құр. орнаған болатын,ол Iхғ Ежелгі Русь мемлекет п.б

Ежелгі славян жазуы сурет жазуы-пиктография б.д. сурет арқылы затты,іс-қимылды сур.п.жазды.Мыс: О күн,--- су+от.

Славян алфавитінінің п.б. ағайынды балгарлар Кирил мен Мелоди атымен байланысты.Бірақ ғалымда Кирил алфавиті қай уақытта п.б.және авторы кім деген сұраққа біржақты пікір жоқ. Кейбір ғалымдар Кирил “Глаголида”алфавиті жасады десе,көпшілік ғалымдыр Кирил алфавиті уақыт қиыншылықтарынан өтіп көптеген славян халықтарының болгар ,серб т.б. жазуы болып табылады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Одақ құрамындағы көптеген мемлекеттер Кирил алфавиті 4 3 әріптен құралған Х-ХХ ғ Кирил ал көптеген өзгерістер болып көптеген әр алынды жаңа И.Э.С әріптері қосылды.

2 Жазу материалдары мен құралдары.

ХІҮ ғ негізгі жазу материалдары пергамент бз. Бұл атау Кіші Азиядағы Пергама қаласы (қазіргі Бергали) атымен байланысты . Бұл қалада б.з.б ІІғ қой ешкі терілері мен әбден өңдеп жазу материалын алған ең жақсы пергамен жас бұзаудың терісінен алынған. Пергамен өте қымбат материал, сондықтан бір пергаменге жазу сия арқылы жазылған. Сияның қара және қоңыр түрі б.ғ сия теріге терең сіңіп оңайлықпен өшпеген.

Сиямен бірге жазуға (краска) сыр да пайдаланылған. Сырмен тақырыбы жазылған Ежелгі хатшылар әр түрлі түр қызыл ,сары, қара, қоңыр, ақ т.б түрлерді алуды білген. Құнды жазбаларда алтын бояумен жазылып сәнделген.

Негізгі жазу құралы құспен қаздың қауырсыны б.ғ. қаздың қауырсыны ХІХғ. Дейін пайдаланылды.Краскамен жазуға жіңішке мата үшкір сүйектің ұшымен де жазған ХІҮ ғ бастап жазу материалы ретінде қағаз пайда болды.





  1. Славян альфавиті.

Славян әліппесі ІХ ғасырдың екінші жартысында грек алфавитінің негізінде жасалды. Бұл әліппені Кирилл (Константин) өзінің ағасы Мефодиймен Моравияға сапар шегудің алдында (863ж) жасайды. Славиян жазуының графикалық екі түрі болған: 1) кириллица 2) глаголица. Кириллицада 43 әріп болған, оның 24-і византиялық устав жазуынан алынған да, қалған 19-ы славиян тілінің ерекшеліктерін көрсететін әріптер ретінде жасалған. Орыс алфавиті осы аталған алфавиттің заңды жалғасы болып саналады.

Латын графикасы негізіндегі алфавит сауатсыздықты қысқа мерзім ішінде жоюға көмектесті. Осындай жетістік жақтары бола тұрса да, латын графикасы негізіндегі алфавит орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөздер мен терминдерді дұрыс жазуға төтеп бере алмады. Мұның өзі бір сөзді әр түрлі жазу, ғылыми-техникалық терминдердің айтылуын бұрмалау сияқты қолайсыз жағдайларға ұшыратты.

Біздің елімізде түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар орыс графикасына негізделген алфавитке көшуді қажет деп тауып 30 жылдардың аяғы 40 жылдың басында жаңа алфавит қабылдады. Қазақ халқы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті 1940 жылы қабылдады. Орыс алфавитіндегі 32 әріп түгелдей қабылданып, оған қоса орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынды да, әріп саны 41-ге жетті. Орыс тлінде жоқ дыбыстардың қазақша таңбалары (қ, ғ, ә, ө, ұ, ү, і, ң, һ) орыс алфавитіндегі әріптерге (о, к, г, у, н) ұқсас болу жағы ескерілді.

Орысграфикасына негізделген жаңа алфавит қазақ жазуын бұдан бұрын әріптің жетіспеуіне байланысты болып келген қиыншылықтан біржола құтқарды. Орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөз бен терминді дұрыс жазуға мүмкіндік туды. Мектеп оқушылары латын алфавиті турасындағы, екі алфавитті емес, шын мәнінде бір-ақ алфавитті танып білуге мүмкіндік алды. Орыс графикасына негізделген алфавитті қолданудың жиырма жылдан астам тәжірибесі жазуымыздың өте икемді, алфавит тарапынан ешбір қиындық келтірмейтіндігін іс жүзінде дәлелдеді.



Бақылау сұрақтары:

1 Славян алфавиті қайсы алфавиттен бастау алады.

2 Славян алфавитінің жазу құралы.

3 Славян алфавиті қашан пайда болды.

4 Славян алфавиті неше әріптен құралған.

5 Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

6-7 лекция. Таќырыбы:

Орхон Енесей ескерткіші



Жоспары:

1. Орхон Енесей ескерткіштері туған дәуір, ондағы тарихи шындық

2. Тастар сөйлейді.

3.Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы.

4.Орхон ескерткіштерінің аударылуы

Лекция маќсаты: Орхон Енисей ескерткішінің пайда болуымен дамуының қалыптасуы жайында мәлімет беру.

Лекция мєтіні

1 Орхон Енесей ескерткіштері туған дәуір, ондағы тарихи шындық

Тарихтан ұшырасатын Скиф Сақ,үйсін,Қаңғы(қаңлы),Дулат,Оғыз,қыпшақ-бәрі де Сібірді, Қазақстанды,Орта азияны, Орта төменгі Еділді,Каспий жағалауларын сонау ерте замандардан-ақ мекендеген түркі-монғол руларының әр кездегі ру-ұлыстық,түрлі бірлестік аттары еді.

Заманымыздың V ғасырынан бастап бұл өңірлерді әлгә аталған бірлестік мемлекеттердің негізінде түркі халқы қоғамдасып,,соның негізінде Түркі қағанаты орнады.Бүгінде түркі халқы қоғамдасып,соның негізінде Түркі қағанаты орнады. Бүгінде түркі халықтары деп аталатын қазіргі Азербайджан ,түркімен,қырғыз,қазақ өзбек, қарақалпақ,башқұрт,татар, алтай,хакас,ұйғыр,чуваш,ойрат,тува халықтары осы Түркі қағанатына топтасқан ру-тайпалар негізінде қалыптасқан. Күші жағынан да, мекені жағынанда заманның іргелі мемлекеті болған Түркі қағанатының тарихы Vғасырда Хундардан қашып шығып,Алтай тауының түстігіне қоныс тепкен Ашындардан басталады.

Бүкіл Сібірді,қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны түгел жайлаған ұзын найзалы,жарау атты түрктер үш ғасыр VI-VII-VIIIғғ бойы кең далада адам айтқысыз алапат,жойқын соғыстарды басынан кешкен.

Түркі халықтарының бірлесуін тарихшылар Бумын қаған үстемдік еткен 545 жылдан санайды.



2.Тастар сөйлейді.

Жеті сөз отыз бірінші жылдың жазында шексіз даланы армансыз билеген Бумын,Қапаған,Естеми,Құттық қағандардың ұрпағы; ұзын найзалы,жарау атты түркі руларының ырысы әрі бақыты-Боз айғырлы айбынды ер Күлтегін дүние салады.

Бетіне дұшпан қаратпаған айбынды ердің қазасы қасірет пен қайғы болып бүкіл түркі қауымының арасын лезде-ақ шарлап шыққн.Оның басына тізе қосқан досы да кескілескен қасы да тегіс жиылған.Ұшы –қиырсыз, дамалсыз ағылған халықтың қаралы шеруі даңқты батырға деген ықылас-пейілдің куәсіндей еді.

Заманның атақты ақын-жырауы,Күлтегінің немере інісі Иоллығ тегін жан-жақтан шеберлер алдырып, келесі жылдың Күлтегіннің басына оның батырлығының белгісіндей мәңгілік есерткіш-зәулім құлпытас орнаттырады.Әдемі әшекеймен оймышталып,өзгеше нақышпен өрнектелген заңғар құлпытаста ел сүйген ерге халық жоқтауын көне түркі тілінде мәңгілікке өшпестей қашатып тұратын жаздырады.Содан бері мың екі жүз жыл өтті.Тарихтың беті сан өзгерске ұшырады.Жылдар жылжып,ғасырлар алмасып жатты.Жер жаңарып,қоныс өзгеріп жатты.Бірақ Орхон өзенінің бойындағы қас батырдың ерлігіндей тәкәппар,сұсты,маңғаз тас ескерткіш он екі ғасырдан аттап,өз заманның шындығын,қайғы қасіретін,амал әрекетін арқалап,сол күйінде бұзылмай бүлінбей бүгінгі күнге аман жетті.Ол ескерткіштер кімдікі,қалай табылды,кім ашты,кім аударды, кім зерттеді:жазбалардың мазмұны,жанры қандай-міне, ендігі әңгіме сол туралы.



3. Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы.

XVIII ғасырдың басы еді.Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап,Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты.Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады.Әбден шаршап –шалдыққан саяхатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгендей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды.

Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей,,әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастағант тәрізденді.

“Енесей жазбалары” деген атпен 32 таблицалы,8 фотосуретті атлас жариялады.Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізгісіз екендігн олар кейін мойындайды.

1989 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан,Енесей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім,қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.

Н.Ядринцев тасқа мынадай сипаттама беред; биіктігі-3,5 метр,төменгі ені-1,32 метр, жоғарғы жағының ені-1,22 метр.Биіктегін сайын жіңішкере береді,жоғарғы бөрігі өрнектелген.Тастың төрт жағының ені-1,22 метр.Биіктеген сайын жіңішкере береді,жоғарғы бөлігі өрнектілген.Тастың төр жағы бірдей жазылған.Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазуымен толған.

1890 жылдың көктемінде Н.М.Ядринцевтің ізімен Орхон өзенінің финдердің А.Гейкель бастаған археологиялық экспедициясы және 1891 жылы С-Петербургтен біздің елімізде тюркологияның негізін салған ұлы орыс ғалымы В.В.Радловтың басқаруымен құрамында Ядринцев те болған Ғылым академиясының экспедициясы аттанды.

Міне дәл осындай зерттеуші –Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен болып шықты.

Вилгельм Людвиг Петер Томсен ( 1842-1927)өзімен замандас ғалымдар сияқты әдепкіде теологиямен шұғылданады. Бертінде біраз жылдар филология,ботоника,физика ілімдерімен әуестеніп жүреді де, ақыры бар өмірін өзенінің сүйікті ғалымы-тіл біліміне арнайды.

В.Томсен –көп тілді білген,дарынды ғалым болған.



4.Орхон ескерткіштерінің аударылуы

Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз.Біріншісі-қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма.Бұған В.В.Радлов,П.М.Мелиоранский, С.Е.Маловтардың аудармасы жатады.Екіншісі-И.Стеблеваның өлең аудармасы.

Академик С.Е. Маловтың аудармасы дәлдігі тұрғысынан да өзіне дейінгі еңбектерден әлдеқайда жетік,биік дәрежеде жасалған еді.Дегенмен,түркі тілдерінің білгірі С.Маловтың аудармасының да әлә жетілдіре,жеткізе түсетін жерлері бар. Бұл айтып отырғандарымыз негізіне мынадай мәселелерге әкеп саяды:

Біріншіден,Малов, біздіңше,ескерткіштің мазмұнын, мағынасын беруді басты мақсат етіп қойған.Сондықтан да ондағы жыр шумақтары бүтіндей ескерілмей қалған.Екіншіден,кейбір жеке сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кейбір сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кейбір сөздер түсіп қалған.Мәселен,Күлтегінге арналған кіші жазудың алғашқы шумағындағы білге сөзі түсіп қалған.Оның керісінше Күлтегінге арналған үлкен жазуды кездеспейтін іті сөзін қосқан. Немесе мындай жолдарды алып қарайық:

«Кісі оғлынта үзе ечүм-апам»

«Бумын қаған,Істемі қаған олурмыш»

Осындағы курсивпен берілген тіркесті ғалым ағам деп теріс аударған.

1965 жылы Москвадағы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері И.В.Стеблеваның Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударған бағалы еңбегі жарық көрді.Бұл кітабында автор Орхон ескерткіштерін бүтіндей әдеби шығарма деп қарап,түгелдей өлең деп тапты.

Аталмыш мұраны поэзия үлгісіне жатқызған еңбектерді бұдан да бұрын кездестірген болатынбыз.Алайда дәл Стеблевадай үзілді-еесілді кесімді пікір айтқан,сол тұжырымын жан-жақты дәлелдеген зерттеу жазылған жоқты.

Бұрынғы аудармашылардың бәрі де ескерткіштің қара сөз үлгісіндегі мағыналық аудармасын ғана жасаған болса,И.Стеблева оны өлең жолдарына түсіріп, тұңғыш рет орыс тіліндегі өлең-аудармасын жасады.

Осы себептен ескерткіштің стилі біраз дәрежеде сақталған деп айтуға болады. Одан соң, ғалым өзіне дейінгі нұсқалардың кемшіліктерін ескеріп,көптеген жеке сөздердің де баламасын дәл тапқан.Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударудың жәйі әзірге осындай.Сонымен қорыта айтқанда,екі түрлі аудармамен таныс болып отырмыз.Бірі –қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма.Бұған Радлов, Мелиоронскиий,Маловтардың аудармасы жатады. Екіншісі-Стеблева жасаған өлең аударма.

Енді ескерткіштерді қалай аудардық және нендей принциптерге сүйендік дегенге келетін болсақ, бұл ретте біз алдымызға екі түрлі мақсат қойғандығымызды айтуымыз керек.Біріншіден, сол бір көне әдебиет үлгісін бүгінгі оқушыға бүтін көркем шығарма түрінде жеткізуді мақсат еттік.Өйткні,Орхон ескерткіштерін өзінің эстетикалық нәрін,қуатын әлі күнге дейін жоймаған құнды мұра деп есептейміз Осыған орай біз көне автор қолданған көркемдік тәсілдерді бүтіндей сақтауға тырыстық.

Ерте заман жазба ескерткіштерінің тілін зерттегенде оның жазуының ерекшеліктері мен тарихын назардан сырт қалдыруға болмайды. Бұл ретте, алдымен, қолтума немесе өзге жұрттық па, белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін дәл өрнектей алды ма, өз басынан қандай өзгерістерді өткерді т.б. мәселелерге айрықша көңіл бөлінеді.

Сондықтан да орхон-енисей ескерткіштерінің тілі туралы сөз қозғаудан бұрын, онда қолданылған алфавит жайында айта кеткен жөн.

Орхон-енисей алфавитінің шығу төркіні жөнінде ғалымдар арасында толып жатқан талас пікірлер бар. Г.И. Спасский, Г. Вамбери секілді тюркологтар енисей шатқалдарынан табылған құпия жазуларды Сібір татарларының ру таңбаларымен сәйкес алып қарады.

Бұл пікірді Н.А. Аристов пен Н.Г. Малницкий де қостайды. Көне түркі жазуын оқуға алғаш жол салған Г.Томсен орхон-енисей таңбаларының бірқатарын Семит-пехлеви әріптерімен ұқсас қарады. Кейінірек ондағы негізгі 38 таңбаның 23-і арамей алфавитінде кездесетіндігін, түркі тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес, оның кейбір арамей емес таңбалармен толықтырылғанын ескертті. В. Томсеннің пікірін жақтаушы О.Доннер де орхон-енисей жазуының ІІ-ІІІ ғасырдағы аршакид (парфян) жармақтарындағы таңбалармен ұқсас екенін айтады. В. Радлов, С.В. Кисилев және И.А.Батманов жазуды шығыстан емес, батыстан келгені болуы керек деп топшыласа, С.Г. Кляшторний орхон алфавиті Орта Азияға, арамей алфавитін қолданған иран тілді батыс көршілерден ауысуы ықтимал, әсіресе, Дуньхуандық “көне соғды” алфавиті негізінде пайда болған болар деген пікірді айтады.

П.М. Мелиоранский орхон-енисей жазулары таңбалар негізінде пайда болды деген пікірді сынай отыра, көне түркі таңбалары орхон жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкін деген пікірді мүлде негізсіз санамайды.

Шынындада, енисей, талас ескерткіштеріндегі жүзден аса таңбаның тоқсанға жуығы және орхон ескерткіштеріндегі 38 таңбаның отызы бір кездегі қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түркімен, башқұрт секілді халықтар қолданған таңбалармен өте дәл келетіндігі байқалады.

Бұған қарағанда орхон-енисей алфавиті көне түркі тайпаларының таңбалары негізінде пайда болған деген көзқарас шындыққа келетін сияқты.

Г. Вамбери орхон-енисей алфавитінің ерекшеліктері жөнінде айта келе: бұл алфавит дәл, икемді емес, сондықтан Ү-ҮІІІ ғасырлардағы түркі тілдерінің дыбыстық жағын зерттеу де мүмкін емес деп қарады.

П. Мелиоранский болса, керісінше, орхон алфавитін сол дәуірдегі түркі тайпаларының талабы мен қажетін өтей білген, түркі тайпаларының тілінің дыбыстық ерекшеліктерін дәл бере алған деп есептейді

Түркі халықтары қолданған ұйғыр, араб жазуларымен салыстыра отырып, В.В.Бартольд те түркі тайпаларының орхон-енисей алфавитін кең түрде пайдаланғанын, үндестік жағынан оның орнына келген ұйғыр, араб алфавитінен тйімділігін айтады.

Әрине, бұл айтылған пікір-болжамдар әлі де болса зерттей, анықтай түсуді керек етеді. Дегенмен орхон жазуының сол кездегі түркі тілінің дыбыстарын бейнелеуге қолайлы жазу болғаны күмәнсіз.

Енесей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (естеліктер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К Ремезев сондай ақ Сибирде айдауда журген швед офицері И.Т Странберг пен немістің бнлгілі ғалымы Д.Г Мессершмидт т.б. ХҮІІІ ғ бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Скандинавия халықтарының тілінде “рунь” яғни “руна” деген сөз қазақша аударғанда “сыры ашылмаған”, “құпия ” деген мағына береді. Т. Страмберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын соңды тарихта белгісіз болып келген ешкім түсінбейтін хат жазуды өз елінің тілінде “руна” жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті.

Орыс георафия қогамының Шығыс- Сибирь бөлімі 1889ж Монголияға арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М Ядринцев басқарып барып , Орхон өзені аңғарынан “құпия жазуы бал үлкен үлкен екі ескеркіш тапты”. Осы құлпытастағы белгісіз жазудың сырын ашу үшін В.В Радлов 1891ж сонда барып бірқатар ғылыми зертеу жұмыстарын жүргізді.

Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енесей өзені бойына , Минусиск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан. Сөйтіп 1892ж Петербург пен Гельсинг форста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысын туралы есеп берді . Ғалымдар ескерткіштердегі жазуларды суретке түсіріп атлас жасаған еді. Алайда бұл руна жазуының құпиясы көпке дейін ашылмай қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжамдар атылды мысалы . бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәденетіне қатысты деушілер , ежелгі монгол жазуы , финь жазуы деп жорамал қылушылар көп болып ғылыми негізде ашылмады.

Ақыры 1893ж қарашаның 25 күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде В Томсон ғылымы әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енесей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай ақ бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылған мәдімдеді. Ғалымны ең алдымен оқыған сөздері “тәңірі және түрік” деген сөздер екен.

Дәл осы кезде академик В В Радлов та өз бетінше ізденіп руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арадан көп уақыт өтпей ақ ВВ Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы текстіні толық оқып сосын оны аударма жасап шықты.

Солтустік Монголия жерінен Орхон өзені бойынан Н.М Ядринцев тапқан ескерткіштер ығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны білге қаған мен оның інісі даңқты қолбасшы Култегін батырдың қабіріне қойлған орасан зор құлпытастарға қашап жазылан ұзақ жыр жолдары еді.

Сөйтіп уна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енесей өзендері алқабынан табылды.

Осыған орай руна зазуының өзін бертін келе “Орхон Енесей” жазуы деп атап кетті. Ал бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап оны көне түркі жазуы деп те атай береді.

Белгілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы ИМ Ядринцев көне түркі ескерткіштерін одан әрі ідестірді, шектеп қойған жоқ. 1891ж монголияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты.

Бұл кейінірек ғылымда “Онгин ескерткіші” деп аталып кетті. Көп ұзамай-ақ түрколог ғалымдар Онгин жәдігірлерін де оқып шықты. Сөйтсе де тастағы жазу түрік елінің атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесімен шешесіне яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қойылған ескерткіштер екен.

Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзені аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған данышпан қарт тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы інілі Клеменцтер еді. Түркологтар Тоныкөк жазуын жан жақты зерттей бастады.

Орхон Енесей жазба ескерткіштерін оқу басқа тілдерде аударма жасау және ғылыми текстін эдайындау ісіне ВВ Радлов В Томсон Ю Келет ХН Орхун т.б орыс ғалымдары және шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты.

Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер әсіресе күлтегін Білгеқаған және тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударды. Бұларды еуропаның көпеген елдеріндегі ғалымдар өз тілдеріне аудары бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет