Бақылау сұрақтары
1. Орхон Енесей ескерткіштері туған:дәуір, ондағы тарихи шындық
2 .Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы.
3 Орхон ескерткіштерінің қытайша мәтінінің қазіргі таңдағы аударылуы
4 Орхон Енесей жазбаларының қазіргі зерттелу деңгейі бөлімдері.
5Култегін жазбаларының қазіргі зерттелу деңгейі.
6 Турік жазбаларының үлкен сырлары.
7 тоныкөк жазуы
8- лекция. Таќырыбы:
Эпиграфика.
Жоспары:
-
Эпиграфияның палеографиямен, археологиямен байланысы.
-
Эпиграфияның міндеттері.
-
Эпиграфиялың ескерткіштер тарихынан.
Лекция маќсаты: Ежелгі халықтардың қаншалықты дәрежеде жазу сызуды білгендігін оның барша жаңалығын айқындай отырып студенттерге эпаиграфия ғылымының мәнән ашу.
Лекция мєтіні
1. Эпиграфияның палеографиямен, археологиямен байланысы.
(Қатты денелерге "тас, керамика, метал, қыш, ағаш, сүйек т.б." жазған жазуларды зерттейтін тарихи қосалқы ләннің бір саласы эпиграфика.
Эпиграфиканың палеографиямен, археологиямен
байланысы.
2. Эпиграфияның міндеттері.
Эпиграфиканың міндеттері: жинау, іздестіру, қалпына келтіру, жазуларын оку, уақытын анықтау. Әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен саяси тарихқа дерек болып табылатын эпиграфикалық ескерткіштердің жазу тарихын зерттеуде де маңызы зор.
3. Эпиграфикалық ескерткіштер тарихынан
Қазақстандағы ежелгі заманның эпиграфикалық ескерткіштері Қазакстан петрогифтеріндегі антроморфтық бейнелер. Қазақстандағы орта ғасыр петроглифтерінің сюжеттері. "З.Самашев зерттеулері".
Орта ғасырдағы таска жазылған казақша таңба, үрандар. Танбалы тас. А.И.Шренк, Л.И.Кузнецов, Х.Бекхожин, Қ.Сәтбаев, В.Селеван, Ә.Марғұлан зерттеулері. А.Г.Медоев, А.Н.Марьяшев еңбектері.
Ертіс бойындағы ойма жазулардағы мақал, өсиет сөздер.. (А.Аманжолов). Қазақстан территориясындағы архитектуралық ғимараттар мен күмбездердегі таңбалар, ою-өрнек жазулар.
Эпиграфикалық ескерткіштердің адамзат қоғамының дамуының • түрлі кезеңдерін, өнер тарихы мен адамзат мәдениетін, тарихын толықтырудағы көрнекілік ролі.
Эпиграфика (грек epigraphe жазу ) тарих ғылымының ежелгі заман мен орта ғасырдан қалған көне жазуларды зерттейтін бір саласы. Ежелгі елдерде эпиграфиялық жазулар көп кездеседі. Бұлар жартастарға құлпыиастарға металдан сүйектен ағаштан қыштан жасалған әр түрлі қатты заттардың беттеріне жазылған . Эпиграфия ең алғаш рет қайта өркендеу дәуірінде пайда болып Италияда Греция солт Африкада Палестина т.б жерлердегі латын грек этрус ежелгі еврей финикия пуни тілдеріндегі жазылған жазуларды зерттеу үшін пайдаланылған. 18-19ғ эпиграфиялық жазулардың түп нұсқасын хронологиясын түрлі таңбалардың мәнін ашатын тәсілдерді жетілдіріп, ғылыми пән есебінде қалыптаса бастады. Дүние жүзнің халықтары ертеден бері жазудың неше түрін қолданған пиктографиялық жазу иерогрифтік жазу фонетикалдық жазу немесе алфавиттік жазу жазылу ерекшеліктері жағынан олар фрозограммалық логограммалық морфемограммалық силлабограммалық және фонограммалық түрге бөлінеді.Кейже диакриикалық қосымша белгілері де жұмсалады. Бұлардың жазылу үлгісі әр тілде әр турлі дамыған. Көне жазуларды көбінесе . египет Вавилон Крит Қытай грек латын Шумер Ассирия Аккад Финикия Рим араб үнді славиян түркі т.б халықтар қолданғандықтан олар кейде осы халықтардың аттарымен де аталады.
Славян жазуы түркі зазуы фонет жазуына жатады. Оны орталық Азия Таяу шығыс Кавказ Шығыс Еуропа Дон Днепр Орал таулары аймағында кездесетін эпиграфикалық ескерткіштерден көруге болады. Қазақстан жері де эпиграфикалық жазбаларға бай. Онда әр алуан түрлі таңбалар мен жазудың мынадай түрлері.Көне түркі жазуы көне ұйғыр жазуы көне монгол жазуы көне тибет жазуы согды жазуы араб жазуы және әлі күнге дейін белгісіз жазулар. Кейінгі жылдары қазақстан жеріне қарай шартты түрде аталып жүрген мынадай жазалар жатады. “Әулие ата жазуы” “сырдария жазуы” “Сары су жазуы” “Ұлытау жазуы” “кеген жазуы” “Ұзын су жазуы” “Есік жазуы”т.б.
Сырдария жазуы (кірпіштегі жазу) транскрипциясы: ЕБІ АРА САБҰҚ АЛТЫ ЕР АТУ А АР: аудармасы Сатұқ екеуінің ұйінде атақты алты ер бар еді.
Ғ Мусабаев.
Бөріжар жазуы Бұлар өте ертеде жазылып қалған ескерткіштер мыс сырдария жазуын ғалымдар бзд 2-1 ғ жазылған деп жүр. Эпиграфиялық жазу осы іспеттес жазулардың алфавитін терминологиясын текстерін зерттейді.
Қобдишадағы жазу (маңғыстау) оқылуы: ушбу қобди қутлуғ болғай қырымқұл Қадирша оғлына (Ғ Айдаров) таңбалық ерекшеліктерін айқындап оқу сырын ашады, мазмұнын сұрыптап басқа бір тілге аурарып береді. Эпиграфикалық ескерткіштер белгілі бір халықтың мәдени тарихындағы қайсы бір кезең туралы маңызды мәлімет беріп отырады. Жалпы түркі эпирафикасы 17-18ғ бастап зерттелген.
Қазақстан эпиграфикасы туралы Ш Уалиханов А Диваев И А Кастанье Қ Сәтбаев кейінгі 10-15ж жыл ішінде Ғ Мұсабаев А Махмудов Ғ Айдаров К Аманжолов т.б зерттеулер жургізіп ғылыми еңбектер жазған. “орхон Енесей жазба ескерткіштері Қапшағай таңбалар тасы Есік жазуы Қабық Самыра Сына жазуы”тб
Бақылау сұрақтары:
1 Эпиграфикалық ескерткіштерге нелер жатады,
2 Орта ғасырдағы таска жазылған казақша таңба, үрандар- қандай ескерткіштерге жатады.
3 Ертіс бойындағы ойма жазулардағы мақал, өсиет сөздерді кімдер зерттеді.
4 Орхон Енесей жазбалары туралы қазақ ғалымдарының зерттеулері
Қатты денелерге "тас, керамика, метал, қыш, ағаш, сүйек т.б." жазған жазуларды зерттейтін тарихи қосалқы ләннің бір саласы эпиграфика.
Эпиграфиканың палеографиямен, археологиямен
байланысы.
9-10 лекция. Таќырыбы:
Генеалогия.
Жоспары:
-
Генеалогияның ғылым ретінде қалыптасуының тарихы.
-
Алғашқы қауымдық құрлыстағы туыстық қатынастар.
-
Тектілік пен туысқандық байланыстар.
-
Қазақ шежіресі.
Лекция маќсаты: Шежіре сыр шертеді дегендей әр халықтың алуан турдегі өзіне қатысты сырларынан унқататын генеологияның әр сырынан мазмұнын аша отырып, шежіре тарихын айтып отандық сезім орнату.
Лекция мєтіні
1. Генеалогияның ғылым ретінде қалыптасуының тарихы.
Қоғам дамуындағы адамзаттын шығу тегін, даму тарихын, әулеттер арасындағы туыстык катынастарды, яғни шежірені зерттеудегі генеалогаянын манызы, онын косалкы тарихи пән ретіндегі ролі
Генеология- (грек. Qeneaqia - шешіре) генетикада және өсімдіктер мен жануарлардың немесе олардың белгілі бір тобының шыққан тегі жайындағы мәліметтерді жинау туралы ілім. Мал шаруашылығында белгілі бір малдың ата- тегінің биологиялық қасиеттерін және өнімділігін білумен қатар оның алыстау туыстарының да ерекшеліктерін білу малды будандастыруда маңызды орын алады. Мысалы: сиыр мен бұқаны шағылыстырудан бұрын ол сиырдың өзімен және енесімен туыстас сиырлардың сүттілігі, сондай-ақ бұқаның қандай тұқымнан шыққанын,т.б ескертіледі.
2. Генеология негізгі үш генетикалық заңдылықтарға сүйенеді:
1.Тіршіліктің жаңарып отыруы.
2.Жаңа өзгерістер туғызуға қабілеттілік.
3. Пайда болған қасиеттердің тұқымда бекуі.
Қандайдай бір белгілердің, қасиеттердің тұқым қуалаушылықтарын зерттеуде. Генеология кең көлемде қолданылады. Оның ғылыми методологиялық әдістері адам генетикасында да пайдаланылады. Егемінді ел санатын сақтап ертеңгі жайлау- өрісімізді жаза бопай-бағамдау үшін. Елдігімен төл тарихымыздың тағылымына жұгінеріміз хақ. Басынан не қилы замандар өткерген ежелгі қазақ жұрты өзінің өмір шежіресінен сабақ алмаса адастырмақ жолын қалай таппақ. Өткені мансұқ көрсе өркенінеден өспек келешегін жоғалтса келешегіне несімен бармақ. Өзге халыққа өктемдік жүргізіп өзегіне тепкендер ойлап тапқан қаскөйліктің ең қатерлісі- боданындағы елінің жетпіс тұстысы жебеп отыратын зердесінен айыру болғаны әшкери жәйт. Ондай болса мұндай күйге душар болған ел қайта ес жиып етегін жинағысы келсе өз тарихынан артық мектепті қайдан іздер. Сондықтанда халқының өткенін білуге деген ынта ұлттың сана ояуының қайырлы үрдісі ретінде қабылданса керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда бірде ауызша бірде хатқа түсіп осы осы күнге жеткен көне тарих жәдігерлері халық шежіресінің мәні ерекше. Кейде аңызбен астасқан кейде қоспасызөмір сүретінің көшірмесі іспетті сонау ұшан теңіз дүниесіз шынайы ғылыми тарихымызды жасай алмайтының шүбәсіз. Ата- баба ғұмырнамасында жұртшылықтың ата бөтен ықыласты бөліп отырғаныныңда бір сыры сол болса керек.
Ал кешегі кербаққан түсініктің кесірінен сол асыл мұраны тану. Ғылыми көп заман көксау дертке шалдығып бой көтере алмай келді. ” Халық көзінің кіреукесі олынып алды- артына қаранар тарихи кезеңдерде болатындай ерікті одақта терезесі тең елге айналасыңдар” деп уәде етілген санау 20 жылдардың бас кезінде шежіре тарихқа ықылас қазіргідей бір өршей түскенімен тез өшіріліп тасталғандығы. Осы күнгі баспа сөз арқылы оқырманға алдымен жеткен соқталы шежірелердің бірі парасы сол тұста жазылып жарық көргені мәлім. Қазақтың халық шежіресі сәлемдерін тарих атасы Герадот жазбаларынан бастап арысы Қытай, араб берісі орыс дерек көздерінен, М.Қашқаридің “Диуани лұғат – и түрік” Әбілғазы Баһадүр ханның “шешіре- и түрік” Н. Қасымбердінің “түрік тарихы” ең ескі шежірелерге жататын. “Құдатқу білік” Қошу шыдама сияқты күллі түркіге ортақ мұралардан түркі халықтардың оның ішінде қазақтардың да тарихын зерттеген В.Фадлов, В. Бар сияқты айгілі ғалымдарды еңбектерінен әсіресе Н. Аристовтың тікелей түркі шежіресіне арналған кітабінан т.б табуға болады. Оның үстіне қай әулет рудың болса да ұлы айдынға ұсақ жылға болып қосылар тұрпата шежіре тарихы бар. Демек елім деп еңіреген ерен тұлға қазақ тарихы ғылымының басында тұрған кемел дарын Мыржақып Дулатов айтқандай шын күреске, үздіксіз ізденсек көмескіні алуға, барды табуға болатын анық. Осындай үлкен істі ғылыми саралауы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолға алып, шежірелердің 3 томын баспаға әзірлеп жатқаны көптің көкесінен шығысты жұмыс деп білеміз. Өзегі ортақ қос шежірені қиластыра әрі “толықтыра” кестелеудің бар дүниенің басы біріктіре талдап оқу тұрғысынан методикалық мәні бар. Сонымен қатар кетенің кей жері көп тармақты болып келсе кейде келте қайрылған ара тұра тіпті арнасынан ауытқығандай көрінетін тұстары да жоқ деуге болмайды.
Әр бір адам өз елінің тарихы мен қоса ата-тегінің тарихын білуге міндетті. Бұған қазақ халқы ерекше мән берген “жеті атасын білмеген жетесіз” деген нақыл сөз содан қалған. Жеті атасын білген адамды тәрбиелі көргенді отбасынан шыққан деп есептеген. Жеті атаны ата текті әулет деп атаған.
3.Тектілік пен туысқандық байланыстар.
Жеті атаға кімдер кірген егер мені жетінші аиа деп есептегенде былай тарайды.
-
мен
-
балам
-
немере - баламның баласы
-
шөбере – немеремнің баласы
-
немене- шөберемнің баласы
-
жүрежат- неменемнің баласы
-
туажат- жүрежаттың баласы.
Бұлардың әр қайсысы бір ұрпақ деп есептеледі. Осы жеті атаудың әрқайсысының өзінше мәні бар. Мәселен бірінші ұрпақ мен болсам екінші ұрпақ балам болса, үшінші ұрпақ немерем. Балаңды өскенше немереңді өлгенше бағасың деген нақыл сөз егін емес. Немереден бастап арықарай ұрпақтар қашықтай береді. Ал шөбере деген сөз қазақта ары да беріде емес дегенді білдіреді. Сонда шөбере туыстық жағынан алыс та жақында емес болып табылады.
4. Қазақ шежіресі.
Қоңырат
1 Байбөрі – 2 Құлтай- 3 Шыныбай-4 Байсары- Дарақожа
Лақай-Алдур Ұзынсары
Нағанай
Қоңыратты бұл төрт баласынан тараған ұрпақ өзбек халқыны құрамына да енді. Нағанайдың отыз ұлы болыпты өзі өте бай кісі екен.
Ол Үргеніш ханына барғанда Емен Семен деген екі ұлды беріпті. Оларды қосып нағанайда 32 бала болыпты.
Нағанай
Мелдеби Орынби Жағала мырза
Құлшығаш
Мелдеби
Құдайберген - Тәңірберген абат - Шабат
Абат
Алғи
Шабат
Байыс Бұғыс Көккөз тайыс
Байлар Оразгелді Тасболат Қаракөсе
Бақылау сұрақтары :
-
Шежірнің алатын орны.
-
Генеологияның қосалқы тарихта алатын орны.
-
Бір рудың шежіресін мысал келтір.
-
Генеология ғылымы қашан қаланды.
-
Генеологияның бізге берер дерегі қандай.
11- лекция. Таќырыбы:
Хронология
Жоспары:
-
Пән және оның міндеттері.
-
Хронологияның қалыптасып дамуы.
-
Календарь тарихы
-
Деректермен жұмыс барысында хранология мәліметтерін пайдалану.
Лекция маќсаты: Уақыт ненің екпінінде екендігін болжау арқылы календардың шыққандығын оның турлерін баяндау.
-
Лекция мєтіні
Пән және оның міндеттері.
1. Пән және оның міндеттері.Хронология – уақыт өлшемі туралы ғылым. Ол өзінің атауын гректің “xpovos”- уақыт және логос ғылым сөздерінен алынған. Бұл ғылым екі бөлімнен: аспан денелерінің қозғалысын есептеп шығару жолымен дәл астрономиялық уақыты табатын математикалық (астрономиялық) хронологиялық және тарихи хронологиядан тұрады.
Тарихи хронология өз алдына екі міндетті қояды.
-
теориялық – уақытты есептеу жүйесін зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады.
-
Қолданбалы- оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санудың жалпы қабылданған жүйесін зерттеу.
Қосалқы тарихи пәндердің ішінде хронология ең маңыздыларының бірі болып саналады. өйткені тарихтың қандай да болсын көсегін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардың жүйелілігі мен датаны дұрыс қою болып табылады. Хронология методтарына сүйене отырып тарихшы тарихи документтер мен фактілердің дәл датасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшеуінің қалыптасуы мен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.
2 Хронологияның қалыптасып дамуы.
Уақыт ішінде белгілі бір жүйелілік пен тарихи оқиғаларды орналастыру принципін ежелгі дүниеден тарихшылар білген. Осы принциптік өзі орта ғасырдағы тарихи шығармалары- орыс жылнамалары мен Батыс Еуропа мемлекеттерінің хронологиялық негізінде алынды. Хронология мәселелері бойынша алғашқы ғылыми трактаттар да пайда бола бастады. Ежелгі шежірелік оқиғаларды даталарды қоюмен байланысты бір қатар мәселелерді шешудің қажеттілігі ежелгі Русьте Хронологиялық мәселелерге арналған 12ғ Русте Кириктің еңбегі шықты.
Бұдан былай да орыс мемлекетінде проваславие шіркеуінің қажеті үшін календарлық анықтағыштарды шығару жұмыстары талай рет жүргізілді. Бұл жұмыстар әсіресе ХҮ ғ аяғынан бастап белсенді түрде жүргізіле бастады. өйткені “дүниенің жаралуынан” деп бастап есептелген жыл санауда жетінші мыңжылдық бітті. Пасхалийдің келесі мың жылдыққа құрастыру қажеттігі туды.
ХҮІ-ХҮІІғ хронология мәселелеріне ынта қою Ресейде кейбір практикалық қажеттіліктерге де байланысты болды.ХҮІІІғаяғы мен ХІХғ басында хронология ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады.
Ресейде хронология ғылымы тұрғыдан ынта қоюды дамытудағы маңызда кезең ХХғ басы жатады. Ол Юлиан календары реформасын әзірлеуге байланысты болды. Бұл кезеңде орындалған тарихи хронология жөніндегі жұмыстардан ең алдымен Н.В Святскийдің еңбектерін атауымызға болады.
Алайда октябрь социялистік ревалюциясынан кейін хронология ғылым ретінде әлі де болса қалыптасу сатысынан шыға алмаған еді. Құнды бақылаулар мен қорытындылармен қатар көптеген еңбектерде хронологиялық ұғымдарды шатастырулар оқиғаларға дата қою қателері жиі ұшырай бастады. Бұл ғылыми пән бойынша жинақталғани еңбектер болмады.
Ұлы қазан социялистік ревалюциясынан кейін хронология қосалқы тарихи пән болып түпкілікті қалыптасты. 20ж А.М Большаков, И.Ф Полак Г.П Саар, С.Н Быковский,ал 30ж В.А Россовская В.К Никольский және басқалар шұғылдана бастады.
1939ж хронология жөнінде Устюговтың лекциялар курсы, 1944ж черепниннің оқу құралы пайда болды.
Ұлы отан соғысынан кейін тарихи ғылымның жалпы өрлеуі мен байланысты хронологияға оның ішінде тарихи хронологияға ынта қою едәіу өсті. Жалпы хронология жөнінде С.И Селешниковтың , жылнама жөнінде Н.В Бережковтың А.Г Кузьминнің еңбектері сондай-ақ мұсылман түрік монғол және жыл санаудың басқа да жүйелері бойынша бірқатар жұмыстар жарияланды. 1967ж университетің студенттеріне арналған хронология жөнінде Е.И Каменцеваның оқу құралы басылып шықты.
3 Календарь тарихы Календарь атауы екі мағынада қолданылды. Сөзді кең мағынада алғанда календарь дегеніміз – күндердің айлардың және жылдардың сонымен қатар тетелестік ретін тәртіптеп отыратын уақыт себін пайдаланылатын ережелер жүйесі. Ерте заманда әр халықтың уақыт есебін жүргізуде ережесі әр түрлі календар шыққан. Халықтар тарихында египет(мысыр) календары вавилон (бабыл) календары рим(ұрым) м календары араб календары мая календары т.с.с болғаны мәлім. Бұл кітапта каленьдар календар көбінесе осы бірінші мағынада қарастырылады.
Қазіргі календар атауы ежелгі римді мекендеген латын халқының “календариум” деген сөзінен жасалған. Ал оның өзі – сол латын тіліндегі “календы” сөзінен шыққан туынды сөз. Календарды жасауда үш түрлі мақсат көзделген.
-
қазынаға түсетін алым салықтар календы кундерінде жасалып отырған.
-
Борышты кедейлер – плебейлер өсім алып қарызға қаражат беретін байларға несиеқорларға календі күндерінде борыштарын немесе қаражаттың белгілі өсімін төлеп отырған. Римде мыңдаған несиеқорлар 100мыңдаған борыштылар болған.
-
Дінді уаүғыздаушылырға бұхараны әртүрлі діни мейрамдарға қатыстыру қажет болған.
Календардың негізгі ұғымдары тәулік ай және жыл.
Бұлардың көмекші туынды ұғымдары шығады. Календер жасау үшін тәулікті айды жылды т.с.с өлшем. Олардың ара қатынасын анықтау керек. Уақыттың әр түрлі бөліктерін өлшерліктей өлшемнің негізгі бірлігі болу керек. Ауыл арасында айтылатын “бие сауым” сут пісірім әрі – беріден соң қарға адым сияқты жергілікті тұрлаусыз өлшемдер практиканың талаптарын қанағаттандыра алмайды.
-
мұндай ұғымдар жұрттың бәріне бірдей түсінікті болмайды. Мысалы бие саумайтын адамдар көп болады.
-
Бие сауатын үйлердің өздерінде бнлгілі бір тәртіп жоқ.
-
Биенің сауынының болуы оның қоңы мен күтіміне байланысты
-
Бұған жыл мезгілінің де қатысы бар. Мысалы жаздың басында биенің құлық немесе қысыр жердің от немесе тақыр болу жағдайларын әкеліп қоссақ бие сауым ұғымы тіпті бұлдырап кетеді.
Сүт пісіріммен қарға адым т.б туралы да осыны айтуға болады. Сондықтан уақытың негізгі өлшемдері халықтың көпшілігіне бері болса бір мемлекет ішінде аса бүкіл дүние жүзінде түсінікті болуы керек.
3. Деректермен жұмыс барысында хранология мәліметтерін пайдалану.Уақыт өлшемінің негізгі бірліктері. Табиғаттың қайталанып тұратын қүбылыстарының уақытты анықтаудағы маңызы. Күн мен түннің алмасуы. Орташа күн тәулігі. Жұддыздық тәулік. Жыл мезгілдері. Астрономиялық және тропиктік ' жыл. Ай фазаларьшың алмасуы. Синодтық ай. Қазақтардағы айға негізделген есеп жүйесі: тоғыс, зодиак азаматгық және араб айлары. Заманалар. Христиан заманы. Хиджра есебі. Бір заманнан екінші заманға айнаддыру, есептеп шығару формуласы.
Ертедегі сағат түрлері, Күн, қүм, су сағаттары. Жетілген сағат. Ұзақ уакыт аралығын есептеудегі радиоктивті, радиоуглероидты сағаттардың маңызы.
Жаяпы хронологияның ғылым ретінде қалыптасуына К.Птоломейдің сіңірген еңбегі. "Патшалар каноны". Даталардың, таблицалардын, тарихи оқиғалардың байланысы мен сабақтастығын зерттеудегі хронологаяның міндеттері. Тарихи деректердін. уақытын аныктаудағы хронологияның маңызы. Хронологияның басқа тарихи косалқы пәндермен байланысы.
Э.Бикерманньщ Таяу Шығыс пен ежелгі заман хронологиясына арналған еңбегінің маңызы.
Б.з.б. Ү ғ. Қазақстан территориясынан табылған астрономиялық мәні бар обалар жүйесінің зертгелуі. П.И.Мариковский зерттеулері.
Әл-Бируни, Ж.Баласағұн, М.Қашғари еңбектеріндегі астрономиялық мағлұматтардың хронология үшін маңызы.
ХҮ ғ. Үлыкбектің "Астрономиялық жаңа кестесі" - шығыс астрономиясының жаңа белесі. "Жаңа кестедегі" жыл қайыру есебі, жұлдыздар қозғалысы туралы мағлұматтары.
Б.А.Куфтин мен А.Н.Седельниковтың казақ календары
жайлы еңбектері. Олардың кемшіліктері. В.В.Радлов,
Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потаниндердің казақша жыл қайыру ерекшеліктері туралы мағлұматтары.
Орыс хронологиясы. Л.В.Черепнин зерттеулері.
Қазақстандағы хронологияньщ қалыптасуына Мәшьүр-Жусіп Көпейүльшың, Х.Әбішүлынын, М.Исқақовтың қосқан ұлестері.
Бақылау сұрақтары:
1 математикалық (астрономиялық) хронологиялық
тарихи хронологиядан
2 ХҮІ-ХҮІІғ хронология мәселелеріне ынта қойылды
3 1944ж черепниннің оқу құралы пайда болды.
.4 ХҮІІІғаяғы мен ХІХғ басында хронология қалай дамыды
12- лекция. Таќырыбы:
Уақыт санау табиғаттың және жасандық өлшемдері.
Жоспары:
1. Тәулік және ай уақыт өлшемдері.
2. Жыл және белдеулік уақыт өлшемдері мен түрлері
3. Заман ұғымы және халықтардың қалыптасуын заман басталатын уақыты.
Лекция маќсаты: Уақыт қаншалықты керек екенін оны тсінгенхлық ретінде бар мәліметтерді жинап көрсету.
Лекция мєтіні.
1. Тәулік және ай уақыт өлшемдері. Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында- ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқташдықтары уақыт өлшем бірлігін алып, оларды есепке алу кажеттілігін тудырды.. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түнің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және іс- жүргізінде қолдану бері келен дамыған қоғамда, егіншіліктің мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болумен байланысты шығады. Адамзат тарихында уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктелері. Күннің екі дәйекті жағдайының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Өз өсінің төңірегінде жер шарының айналуы жыл бойында бір қалыпты емес, және оның элептикалық күн маңы орбитадағы орнына байланысты болғандықтан, есептеп шығаруға қолайлы болу үшін өлшем бірлігінде әдетте орташа күн тәуліктерін, яғни идиалды дөңгелек орбитада бір келкі айнлғанда ось төңірегіндегі айналымға Жердің жұмсай алатын уақыт кесіндісін алады. Тәулікті сағатқа минутқа секундқа кәзіргі болу өзінің шыгу тегін есептеудің ежелгі Вавилондық он- екілік жүйесінен алады.
Тәуліктер уақыттың бір шама қысқа аралығы болып табылатындықтан уақытты өлшеудің он күндік және жиырма күндік өлшем бірліктері пайда болды. Астрономиалқ құбылыстарға негізделген есептеуде орныға бастады. Уақытты Өлшеу бірлігінде екі бірлік фазасының аралығы алынды. Айсыз түндерден кейін жіңішке ай орағының пайда болуын байқау барлығынан оңай болғандықтан, осы сәт жаңа айдың басы делініп қабылданды. Осы уақыттың аяғында күн мен Айдың жаңылдасуы болады деп саналады. Сондықтан да жаңа айдан айға дейінгі мерзім синодистік ай деп аталады. Бұл ай шамамен 29 1\2 тәулікше, ал бұдан арғынаутылау бойынша 29 тәулік он екі сағат 44 минут 2,9секундқа тең болды. Ал фазаларының өзгерісі айдың шамамен трт тең бөлікке бөлуге мүмкіндік береді. Бұлардың басы айдың тууына аспан әлемінеде жарты айдың тууына толық ай мен тағыда жарты ай мен тағыда жарты дөңгелекке сай келетін еді. Шаруашылық тіршіліктің әсіресе егіншілік мал шаруашылығының одан әрі дамуы жазғы және қысқы күн тұрақталуы мен көкткмгі және күзгі күн теңесуімен анықталатын маусым бойынша уақытты есептеу қажетігін тудырды. Жыл мерзімінің трақты ауысып отыруы енді ежеелгі дүние астронномияларына жұлдызды аспанбойынша күн қозғалысымен, ал іс- жүзінде Күн төңірегіндегі Жер қозғалысымен маусымдардың байланысын түсінуге мүмкіндік береді. Уақыттың тағыда бір өлшем бірлігі- жұлдыз. Күн айналасында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты. Астрономианың жылдың ұзақтығы 305 ¼ тәулік, ал кейінірек нақтылағанда 30 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд болып анықталды.
“Заман” сөзі де ескі мағынада қолданылады. Көркем әдебиетте және дәлдкті етпейтін басқада қажет көптеген мәселереде заман- уақыттың айқындаған кесіндісі. Жылдағы айлардың, айдағы күндердіңсанын білу уақыт есебін жүргізі үшін жеткілікаіз. Мәселен ”Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш жоғарғы оқу орны- педагогика инстетутты 10 октябрьде ашылды” деп айтсақ, келешек ұрпақтар бұл тарихи оқиғаның нақты болған уақытын біле алмас еді. ”1928 жылы 10 қарашада ашылды” десек, институттың ашылу уақыты.
2. Жыл және белдеулік уақыт өлшемдері мен түрлері. Замманның басталған уақытты дәуір (эпоха) деп аталады. Халықтардың бәрі бірдей жылдарды біздің заманымыз бойынша есептей бермейді. Азиямен Африканың көптеген елдері жыл есебін өз замандары бойынша жүргізілді. Календарь замандардың қазіргі ғылымға мәлім түрлерінің жалпы саны 20 ден асады. Олардың ішінде көбірек қолданылатындары біздің заманымыз хиджра, селдь жүректер заманы т.б.
Ертедегі халықтың бірсыпырасы жылдар есебінің жүйесін яғни заманды, дінбасырларының айтумен “дүние жаралған күн” деп далбарлаған уаұыттын бастап есептелген. Дүниенің “жаралуын” көрген кісі жоқ, ол жөнінде ешбір деректер жоқ. Сопылар солай айтқан қарапайым халық оған нала берген. Бұл түсінік бойынша дүниені бертін “жаратылыпты”, оған әлі 9000 жыл болмаса да керек.
Біздің заманымыз “хрестиан заманы ” немесе “христостың туғанынан бастап есептелетін заман” деп аталады. Діншілердің айтуынша, Иисус Христос деген адам христиан дінінің негізін салған. (“Мұсылман діні бойынша христос- Айса пайхамбар “). Қазіргі тарихшылар мұхият зерттеп, Христостың дүниеде мүлде болмағанын, оның тек Жюль Верннің фантазиялық романдарындағы адамдар сияқты әдеби кейіпкерлер ғана екенін толық дәлелдеді. Христиан заманы Россияда бұдан 279 жыл бұрын қабылданған Петр І арнаулы указ шығарып, орыстардың “дүние жаралғаннан” деп есептеліп келген 7209 жылын 1700жыл етіп есептеткен Календарьды өзгерткенде Петр Россияның Европа елдерімен сауда қатынастарын және мәдени байланыстарын күшейтуді көздеген. Хиджра мұсылман дініндеге елдер заманнның басы яғни жыл санау жүйесінің дәуірі. Бұл күн діздің заманымыз бойынша 622 жылдың 16 маусымында, жұма күніне келеді. “Хиджра”-“Мұхаммедтің Мескеден Македонияға қашып барған күні” деген сөз. Мекедегі ислам дініне қарсы болған арабтар мұхаметі, (571-632) өлтірмекші долған. Сонда ол македонияға барып паналаған.
Селжүрек заманы 1079 жылғы 15 марттан басталады, сол күні Джәлемдин Мәлік – шах тәжік ғалымы Омар Хаям жасаған тарихи Джәлемдин календарын бекіткен. Бұл календарь Иран, Ауғаныстан және Орта Азия елдерінде қолданылған. Бір заман бойынша көрсетілген уақытты екінші бір заманнның уақытты на аудару үшін мынадщай ереже қолданылады.
1. Бірінші заманның дәуірімен айтылған уақытқа дейін неше күн өткенін таду керек.
2.Екінші заман дәуірлері арасында неше бар екенін білу керек.
3.Бірінші заманның дәуірі есептеп шығаруға тиісті заманнан бұрын келетін болса, онда осы екі заманның күн санынан игеру керек, ал соң келетін болса, қосу керек. Сонда есептеп шығаруға болады.
4.Осы табылған санды есептеп шығаруға тиісті замманның жылдарындағы күн санына бөлукерек. Ал онан қалған қалдықбойынша айымен күні тадылады.
3. Заман ұғымы және халықтардың қалыптасуын заман басталатын уақыты. Біздің заманымыздың 1961 жылындағы 23 маусымда хиджра бойынша 1381 жылы 8 мұқарам болады.Хиджраның 61 жылындағы 10 мұаррам біздің заманымыздың 680 жылындағы 10 октябрьге тура келеді. Юлиан айналымын ХҮІ хасырда өмір сүрген француз астраномы Юлий Скалигер (154-1609) шығарған. Қазігібұл айналымдағы күндердің бәрі нөмерімен, арнаулы таблицаларға түсірілген. Мәселен 1961 жылғы 1 қаңтар №2437300лашан күні, 1961 жылғы 23 маусымда № 2437 474 ланин күні. Мұндай таблицалардың әзірше ең жақсысы автрия ғалымы Р.Шрам құрастырған неміс тіліндегі “Хронологияның көмекий таблицалары”.Хронология есептері қазір көбінесе осы Шрам таблицалары арқылы шығарылды. Көптеген календарьдың басын, олардың жүйелерін анықтауға ежелгі герк астрономы Клавдий Птолемейдің “Патшалар каноны” атты кітабы және өзбек қалқының ұлығалымы Әбурайхан Бирунидің (973 1048) “өткен буындардың ескерткіштері “ атты кітабы зор тарихи роль атқарды. Оларды ежелгі халықтардың календармен хронологиялық есптері баяндалған.
Шаруашылық тірліктің әсіресе егіншілік пен мал шаруашылығының одан әрі дамуы жазғы және қысқы күн тұрақтауы мен көктемгі және күзгі түн теңесуімен анықталатын маусым бойынша уақытты есептеу қажеттігін тудырады.Жыл мерзімінің тұрақты ауысып отыруы енді ежелгі дүние астрономдарына жұлдызды аспан бойынша күн қозғалысымен,ал іс жүзінде Күн төңірегіндегі жер қозғалысымен маусымдардың байланысын орнатуға мүмкіндік берді. Уақытты өлшеудің тағы да бір өлшем бірлігі жердің Күн айналасында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты Астрономиялық жылдың ұзақтығы 365 ¼ тәулік, ал кейінен нақтыланғанда 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд болып анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |