XV-XVI ғғ. Қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының ұзаққа созылған процессі негізінен аяқталды. Қазақ халқының этникалық құрамын Орта Азияның басқа да түркі тілдес халықтарындағыдай әр тілді тайпалар мен халықтар құраған. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және т.б. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар. Бұлардың көпшілігінде өз уақытында мемлекеттері болған. Ертедегі түріктердің көптеген ру-тайпа аттары қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.
Қазақ халқының шығу тегіне жағдай жасаған этногенетикалық процесстердің негізі алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Бастапқы кезде бұл процесстер автохтонды тұрғындармен байланысты болды. Бірақ та келесі даму барысында олар Орталық Азияның этникалық процестеріне тікелей тәуелді болды. Қазақстан территориясындағы этникалық тарихтың қозғалысы, ірі этникалық және Этносаяси қауымдастықтардың құралуы, түптеп келгенде қазақ халқының қалыптасуы шаруашылықтың, көшпелі мал шаруашылығының, жер шаруашылығы мен қала мәдениетінің өзара байланысты дамуына тікелей байланысты болды.
2. Қазақ этногенездің қалыптасу кезеңдері.
Этногенетикалық процесстер даму барысында бірнеше этаптарға бөлінеді. Антропологиялық зерттеулерге қарағанда, ұзақ мерзімді этникалық даму барысында тұрғындардың европоидтық нәсілі тұрақты сақталса да, уақыт өте келе монғолоидтік нәсіл басым бола түскен. Тілдік тұрғыда да өзгерістер болып, осы территорияларда өмір сүрген ертедегі иран тілдес тайпалар түркі тілдес тайпаларға ауыса бастайды.
Европалық кескіндегі үндіирандық андронов тайпалары қола дәуірінде мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысқан. Олардың ерте темір дәуіріндегі мұрагерлері сақтар мен совроматтар .
Евразияның далалық аймақтарын бүтіндей алғанда және Қазақстандағы этникалық процесстердің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мың жылдықтың ортасындағы түркілердің батысқа қарай жаппай қоныстануымен тікелей байланысты болды...
Кең байтақ территорияда оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытта солтүстік Монғолиядан Әму-дарияға дейінгі (Жетісуды қоса) аймақта түркі тайпалары біртіндеп қоныстана бастаған.
Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының ұрпақтары болып табылатын бұғы, бойырқу, беклі, қыбыр, түргеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары Қазақстан жерінің негізгі тұрғындары.
VI ғасырдағы жаңа әлеуметтік қатынастар, ерте феодалдық түрік мемлекеті — Түрік қағанатының, кейінгі Батыс түрік қағанатының құрылуы түркі тілдес тайпалардың батысқа қарай үздіксіз ағысуына түрткі болды.
Қазақстанның оңтүстік-шығысында құрылған Түргеш қағанаты (VII-VIII ғғ.) орталығы Талас пен Суябта орналасып, Шу мен Іле өзендері аралығындағы үлкен территорияда мекендеген тайпаларды біріктірді. Түріктер отырықшы егіншілікпен айналысып, қалалық өміре жақындай түсті.
VIII-X ғғ. Қарлұқ федерациясына “қарлұқ” деген жалпы атпен көптеген: тукси, шігіл, азкіші, дулу, чоджи, чорук, арғу, барсхан тайпалары кірді. Сонымен қатар оғыз, ұйғыр, жетісулық соғдылар тобы да кірді. Қарлұқ этносаяси бірлестігінде аудан монғолоид нәсілі араласқан европеоид нәсілі басым болды. Қарлұқтардың үлкен бір бөлігі Мәуеренахр жағына кетіп, өзбек халқының қалыптасуына негіз болған.
Оңтүстік Қазақстан территорияда қаңлы, қанғар-печенег (Сырдария даласын мекендеген), арал-каспий бойынан ас және аландарды және Жетісудан батысқа қарай жылжыған қарлұқ, холодж, чагра, чарук тайпаларын біріктірген оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.) өмір сүрді.
Оғыздар антропологиялық жағынан монғолоид нәсіліне жатты. Оғыздардың үлкен бөлігі Орта Азияға қарай жылжып, Қазақстан территориясында құрылған жаңа этно-саяси бірлестік қыпшақ мемлекетінің құрамына енді.
VIII-XI ғғ. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында өздерінің ерте феодалдық мемлекеттерін құрған қимақ және қыпшақ тайпалары өмір сүрді. Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары қыпшақ, эймур, имақ, татар, баяндур т.б. кірді. Қимақ мемлекетінің мұрагерлері қимақ бірлестігіндегі ең ірі тайпа қыпшақтар болды.
Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ-ХІІ ғғ.) құрамына көптеген түрік тайпаларын біріктіре отырып Ертістен Оралға және Еділден батысқа дейінгі, оңтүстікте Балқаш көлінен оңтүстік-батыс Сібірдің орманды алқаптарына дейінгі жерді алып жатты. Қыпшақ этносы жақын, туысқандық тегі жағынан емес, аймақтық-шаруашылық байланысы негізінде біріккен көптеген рулар мен тайпалардан тұрды (қимақ, баяндұр, боғут, қаңлы, урох, югур, тоқсаба, өлтүрлі, иеті, бұржоғлы, анджоғлы, дұрұт т.б.).
ХІ ғасырдың екінші ширегінде сол кезге дейін жазба деректерде “Оғыздар даласы” аталып келген дала Дешті-Қыпшақ атата бастады. Дешті-Қыпшақтың тарихи-географиялық аумағы Ертістен Днестрге дейінгі аймақты қамтыды... Оны шартты түрде Еділ өзені бойымен екі ірі этноаумаққа: Батыс қыпшақ және Шығыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлуге болады.
Шаруашылықтың бірдей түрімен айналысуы, қоғамдық қатынастарының ұқсастығы, тілдерінің түсініктілігі бұл этникалық топтардың бір-бірімен бірыңғай этносқа жататындарын сезініп, қыпшақ атауын қабылдап, бірігіп кетулеріне көмектесті.
Кейінгі жүз жылдықтағы саяси оқиғалар, түрлі соғыстар қыпшақ бірлестігін де ыдыратып, шығыс қыпшақтардың қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай халықтарының шығуына негіз болуына алғышарттар жасады.
ХІІІ ғасырдың басында Шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстанға Монғолия мен Алтай жерлерінен Шыңғысхан жаулауынан ығысқан өздерінің саяси мемлекеттік бірлестіктері бар түркі тілдес наймандар мен керейлер келіп орналаса бастады. Кейіннен олар да түркі халықтарының қалыптасуына өз әсерін тигізді.
Сөйтіп ХІІІ ғасырдың басында-ақ Қазақстан жерінде тұрғындардың этникалық жағынан бірігуі басталды. Орта ғасырда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет қалыптасты. Бірақ, тұрғындардың этникалық жағынан бірігуін монғол шапқыншылығы тоқтатты.
3. Монғол дәуіріндегі және одан кейінгі кезеңдегі этникалық процесстердің ерекшеліктері.
Монғол шапқыншылығы мен үстемдігі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан шаруашылығы дамуының экономикалық негізін бұзуы, бұл аудандардың бірігу процессін тежеді, өзара және іргелес жатқан кең-байтақ дала халқымен шаруашылық, этникалық және мәдени байланыстарын тиянақсыздыққа ұшыратты, халқын құлдыққа мәжбүр етті. Жаулап алынған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі халқы Шыңғыс ұлдарының ұлыстары құрамына еніп, жергілікті халықтың рулық-тайпалық құрылымы бойынша ондық, жүздік, мыңдықтарға бөлінді, мұның өзі рулық бөлінушілікті ұзақ уақыт сақтап қалуға әсер еткен маңызды фактордың бірі болды. Жошы ұлысы (кейіннен Алтын Орда) Ертіс пен Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ жерлерін иеленді. Алайда бірте-бірте шаруашылық өмір қалпына келе бастады. Қазақстанның оңтүстігінде қалалар тұрғызыла бастады. Бұрынғы отырықшы мәдени аймақтардағы жер шаруашылықтары қалпына келтірілді, тауар айырбас кеңейді, әртүрлі облыстар халықтар шаруашылықтары қалпына келе бастады. Бұл рулардың, ру бірлестіктерінің, басқа да этносаяси топтардың өзара қарым қатынасын қамтамасыз етті. Бұл процесстер Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан мемлекеттерінің пайда болу және нығаю тарихымен байланысты. Осы мемлекеттердің шеңберінде Монғол ұлыстарына қарағанда Шығыс қыпшақ және Жетісу халықтарының саяси, шаруашылық және әлеуметтік дамуы үшін өте ыңғайлы жағдайлар туды, барлық қоғамдық өмір нысандарындағы өзара қарым-қатынаспен өзара әрекеттестік пайда болды.
Рулардың этникалық территориясын саяси түрде біріктіре отырып, Алтын Орда мен Шағатай мемлекетіндегі өзара жанжал мен соғыстың нәтижесінде пайда болған кіші ұлыстар мен иеліктер, осы аталған мемлекеттер өзіне кірген рулармен ру бірлестіктеріне территориялық және саяси бірлікті, экономикалық мәдениетті әр аудан халықтарының бейбіт тіршілігін дамыту мүмкіндігін қамтамасыз еткен ең этникалық себептелген мемлекеттік ұйым болып табылды. Рулардың халық болып қалыптасуының маңызды шарты сол шаруашылықтың, шаруашылық байланыстарының дамуы болып табылатындағы белгілі. Нақ осы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы кезінде отырықшы – жер шаруашылығы және қала мәдениеті аралас территориясыменен шаруашылық байланыстары аса қажеттілікпен орнады. Шаруашылық, сондай-ақ, этномәдениетілік, этносаяси тұрғыда халықтардың тұрақты байланысының арқасында біріңғай экономикалық аймақ жасалды. Жақын этностар өкілдерінің сондай-ақ, басқа да этникалық топтардың арасында тұрмыстық қарым-қатынастар орнатыла бастады.
XIV-XV ғғ. І жартысында Ақ Орда кезеңінде, көшпелі өзбектер мемлекетінде Қазақстан территориясында рулардың этникалық құрамы тұрақталады, жергілікті және орын ауыстырған түрік, монғол руларының көптеген айырмашылықтары азаяды, әр ру бірлестіктерінің этникалық белгілерінің артықтығы қалыптасады. Бұл мемлекеттер халықтарының құрамы бойынша негізінде полиэтникалық болды. Ақ Орда хандығының этникалық құрамы: Әбілхайыр хандығы (көшпелі өзбектер мемлекеті, ноғай ордасы негізінде ұқсас бірдей болды). Онда сол кездегі жазбалардан белгілі “өзбек”, қыпшақ, үйсін, қоңырат, керей, маңғыт, арғын, қарлық, қаңлы, найман деген этносаяси терминмен белгілі түрік тілді рулар өмір сүрген. Бұдан басқа бүркіт қият, отаршы, жат, шынбай, кенегес дұрман, қарлауыт, таймас, шабдахлы, мажар, ойрат деген руларды да атайды. Бұл рулардың көбісі қазақтың кіші және орта жүздерінде бар. Ал XV-XVI ғғ. Орта Азияға өзбек деген ат өтіп кетті. Ноғай Ордасында қыпшақ, қаңлы, найман, үйсін, қoңырат рулары, маңғыт, алшын, қытай, тама, ас деген рулармен қатар ноғай халықтығының құрамына кірді. Бұлардың бәрі түрік және түріктенген рулар мен тайпалар болды.
Орта Азия Қазақстанның түрік халықтарына ортақ және ХІІІ-XIV ғғ. болған оқиғаларға байланысты осы үлкен территорияда шашылып араласып кеткен тайпалар болды. Бұл халықтар Орта ғасырдың даму дәуірінде бір мезгілде қалыптасты. Бұл қалыптасу оңаша емес, этникалық топтардың тығыз қатынасы мемлекеттік бірлестіктердің саяси байланыстары, халықтардың шаруашылық және мәдени өзара қарым-қатынасы арқасында қалыптасты. Этносаяси даму процессі осы мемлекеттердегі өзбектер, ноғайлар, қарақалпақтар, сібір татарлары, қазақтар үшін белгілі дәрежеде артық болды.
4. Қазақ этнонимінің шығуы.
Қазақ түрік сөзі. Оның бастапқы түрі екі к дыбысы. Левшиннің қазақтар туралы (1832) белгілі кітабы шыққан уақыттан бері кейбір ғалымдардың еңбектерінде Фирдаусидің “Шах-наме” Рустам тарауында қазақ халқы мен қазақ хандары туралы айтылады мыс деген пайымдаулар тарады. Алайда бұл шындыққа негізделмеген. Данышпан Фирдаусидің өлмес шығармасының мазмұны ориенталистерге жеткілікті мәлім, онда қазақ сөзі туралы еш нәрсе жоқ.
Қазақ сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде ол мүмкін Мысырда құрастырылып, 1245 қолжазба бойынша белгілі және 1894 ж. Лейденде басып шығарылған, осы анонимдік түрік-араб сөздігінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “қуылған” дегенді білдіреді.
Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұл сөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердің этнимологиясынан құрайды. Енді бір зерттеулер қазақ деген сөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрін білдіретін сөзден шығарады.
Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқы мағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын” деген болымсыз мәні болған сөзбен байланысты.
Сонымен не саяси мәні, не этникалық мазмұны жоқ “қазақ” сөзі өз халқынан не руынан немесе өз иесінен бөлініп шыққан және көп жағдайды бастан кешіруге мәжбүр, еркін адам дегенді білдірген. Орыс тіліндегі “казак” деген сөзі де осыдан шыққан. Русьте “казактар” деп белгілі бір қызметі және тұрақты тұрғын жері жоқ адамдарды, еркін адамдарды, сондай-ақ еркін жалданушы батрактарды айтқан. “Казак” сөзі XIV ғ. аяғ. Русьтің солтүстігінде тіркелген болса да, алайда орыс казактарының бастапқы отанын тарихшылар қыпшақ даласымен араласып жатқан, осы еркіндікке әскери қоғамдық сипат беретін Русьтің оңтүстік жағын айтады.
Басқаша айтсақ, “қазақ” терминінің бастапқы мәні - әлеуметтік бұл жағдай жәй- күйі бір тұлғаның мәртебесі. Сонымен өзінің қылышыменен өзін асырап жүріп, әр жерде кезіп жүрген. Ол “қазақ”. Алыс жолға жалғыз қиындыққа қарсы жүретін адам. Ол – қазақ.. Бабырдың айтуынша “жаудың үйір жылқысын ерлікпен әкетуші жігіт. Ол да – қазақ.. Белгілі бір уақыт қазақтың өмір салтын ұстаушы адамдар – ол мейлі қажеттілік немесе өз еркімен болса да. Ондай адамдар аз болған жоқ.. Бұған сол кездегі күнделікті тіршілік жағдайы себеп болады. Былайша айтқанда, “Тарихи Рашидидің” авторы Бабырдың айтуынша, сол уақыттың түсінігі бойынша әрбір ер адам өзінің жастық кезін бір қатар уақытта жалғыздықта, шөлейтте, тауда, немесе тоғайда, өзінің тұрғылықты жерден бір немесе екі айлық ара қашықтықта құстың етін жеп, аңның терісін киіп өткізуі мақтаныш болып есептелетін.
Мейлі түрік, не парсы, қатардағы көшпелі малшы, немесе он атадан хан-ханзада да кез келген адам қазақ бола алатын. Мысалы: Тоқтамыс ханның үлкен ұлы Жалел-ад-Дин, “көшпелі” өзбектер мемлекетінің негізін қалаушы”, Шайбанит Абул-хайыр, оның немересі Мұхамед Шайбани, Шағатай Уайс пен Саид бірқатар уақыт қазақтар болған. Темір ұрпақтары, ішінде қылышты еркін меңгерген Сұлтан Хусаин де көп айлар казактықта өткізген. Өзінің атақты “жазбаларында” Бабыр өзінің қазақтық кезінде Масча таулы елінен сұлтан Махмұд ханға сапар шегуі жөнінде еске түсіреді. Бұл жерде мынаны айтқан жөн, қазақ болған адам бұл ниетінен қайтып, өзінің бұрынғы жағдайына, өзінің қоғамына қайтып келуі мүмкін, бұны осы жоғарыда аталған, сол кездегі жоғарғы дәрежедегі қазақтар да істеді. Сұлтан Хусаин мен Сұлтан Саид кейін өз елінің билеушілері болды: Мухамед Шаибани мен Захир-ад-Дин Бабыр әр қайсысы жаңа мемлекет құрды.
Сонымен, сол ежелгі уақытта қазақ болып қалыптасты. Қазақтардың өмір тіршілігін белгілеу үшін мұсылмандардың сөздерінде қазақылық деген зат есім құрылды. Қазақтық кезіндегі түсінік әдетте: қазақылықтарда (түркі тілдерінде) дар-аями и казак, мудатти казак иран тілдес сөздерде деп белгіледі.
Қазақтың өмір сүру тіршілігі қарапайым болғаны белгілі. Осыдан қазақ және яғни қазақша “қарапайым” түріктің сөзінен шығып парсының казакане “ане” деген жалғау қосылып жазылған. Мыс: осы сирек сөздің ортағасырдағы мәтіндерде қолдануының мысалы, Шағатай сұлтан Ахмад нағыз дала ұлы болды. Ол да қатаң өмір тіршілік етті. Бабыр Сұлтан Ахмадты 1502 ж. Танбала әмірге қарсы жорық кезіндегі үй жайын сипаттайды, былайша: “Сұлтан Ахмад жер шалғайында өмір сүргендіктен оның шатыры мен тұратын жағдайы қарапайым қазақша болатын. Қауындар, жүзім, ат әбзілдері барлығы осы шатырда жататын, ол осылайша өмір сүрді. (Бабыр-нама с 133: Бабыр-нама факсимиле 1861).
Қазақ әр қашан жалғыз “Қазақшылаған” жоқ.. Еркін қазақтың ерекше өмірін сұраған адам қазақдаштанып кетеді. Қазақдаш сөзі мынаны түсіндіреді: юлдаш – “серік”, аркадаш -“дос”, аул-даш -“жерлес”, ватандаш – “құрдас” орта ғасыр мұсылман авторлары.
Мұндай коллективтер әр уақытта, әр жерде, әртүрлі себептерге байланысты туды. Өз уақытында XV ғ. тарихшысы Абд ар-Раззак Самарканди, “қазақ болып кеткен өзбек әскерлерінің біразы Мазандеранға келіп, онда ұрлық істеп қайта артқа кетті. Кейде “қазақ қоғамы” престолға қарсыластарынан қашып құтылғандармен, оларға берілген жақтастарынан тұрды, олар қала мен ауылдан шетте, ойын-сауық іздеушілер. Қазақ сөзі тағы мемлекеттен алыс тек соғыс кезінде бірігіп тұратын көшпенділер тобына да қолданады. Міне Абылхайыр ханның мемлекеттерінің көшпенділері мынадай коллектив болды, оған қарсы шығып, 1459 ж. оның үстемдігінен кеткен, басына Ұрыс хан тұқымы Керей мен Жәнібекті қойып, басқа жерден бақыт іздеген. Өзбек ұлысының біраз адамы біраз уақыт Жетісу маңын мекендеп, “өзбек-қазақтар” деген атқа ие болады.
Қос ат бізді таңдатпауы, ұялтпауы керек. Біздің қарап отырған дәуірде, қазақ сөзі бөлек халыққа, этникалық, саяси және т.б. топтарға және біз білетіннен де көп жеке адам атына да қойылады..... могол қазақтары, дешті-қазақтары, чу-тур қазақтары (кавказда), тағы да “Әмір Таңбала қазақтары”, “біздің қазақтар” (Бабур сөзі), “шибан-қазақтары” және т.б., яғни қос терминді Мұхаммед Хайдар өзінің оқушыларына Керей мен Жәнібек және оның ұрпақтары шынымен Өзбек ұлыснан шыққан деп ескертеді. Сонымен өзбек тектес қазақтар Керей мен Жәнібек: ол Өзбек ұлысынан қашқандардан құралған, бұл өзбек-қазақтар деген алғашқы мағынадан алған. Көрші Моғолыстанның батыс аймақтарындағы “өзбекеш-қазақтар” бойынша: олар өз жерінен бостандық үшін қашқандармен байланысты. Бұдан мынадай сұрақ туады: көшпенді Керей мен Жәнібек қазақ халқының этногенезінде қандай роль атқарады? Өзбек ұлысының көшпенді Керей мен Жәнібегі Жетісуда қазақ халқының этногенезінде шешуші роль атқарды. Тек халықтың құрылуын, тек оның атына ғана емес, яғни 1445 ж. көшу, қазақ халқының пайда болуын айқындады, оның құрылыс процесін тездетті. Осы процестің өтпелі суреттемесі “өзбек-казах” терминімен айқындалады. Осыған байланысты мынаны айтуға болады, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы – бұл бөліну процесі, бір факторға байланысты белгілі тайпа тобының жекеленуі, өзінің полиэтникалық ерекшеліктеріне қарап, конгломерат, руынан, тайпа мен халық құраушылар; Өзінің әртүрлі даму этапында тұрған XV ғ. ІІ жартысының басындағы Шығыс Дешті-қыпшақ тұрғындары қандай болды: Әбілхайыр хан мемлекеті, Ноғай ордасы мен басқа саяси құрылыстар?. Бұл енді бөлінген тайпа немесе тайпа бірлестігі емес. Бұл құрама халық арасында көршілерге белгілі болған өзбек деген атпен әлдеқашан бірнеше халықтардың нығаю процесі жүріп жатқан, кейіннен казақ деген атпен алады. Басқа сөзбен айтқанда, Әбілхайыр ханның саясатана наразы, бірақ румен Дешті-қыпшақтағы Ұрыс хан тұқымдарының халқы қосылған руымен тайпа қосылысы Жетісуда қоныстанып, өзбек ұлысынан белінгендер.
Бір сөзбен айтқанда 1459 ж. көшу қазақ халқының құрылуының басы не аяғы емес . Бірақ бұл көп процестің ішіндегі басты кезең: 1459 ж. Жетісу жерінде халықтың бірігуінде тарихи кездесу болды. Яғни, Керей мен Жәнібектің көшуі – қазақ сөзінің тарихтағы бастамасы.
Шынымен де. Міне Ұрыс ханның ұрпақтары өздерінің ұлыстарымен Батыс Жетісуды мекендеді. Дұрыс айтқанда сол оқиғалардан кейін Қазақстан тарихының жаңа белестері ашылады. Көршілес тұрған Әбілхайыр ханның үлкен топтары, бұрынғы қарамағындағылар көшпелі өзбектерге соғыс тұғызды, бұл 1468 ж. ханның өліміне байланысты тоқтайды. Әбілхайыр өлген соң Керей мен Жәнібектің қоластындағыларға өзбек ұлысына қайтуына жол ашылды, келіп өздерінің қарсыластарын қуып, жоғарғы билікті қолдарына алады. Өзбек ұлысының ғулетін Шыңғыстың басқа тұхымының ауыстыруы “өзбек-қазақ” экономикалық және әлеуметтік құрлысына ең өзгеріс әкелмеді. Одан кейін көп өзбектердің басына өзбек ұлысынан отырды. Буған бұрынғы Ишбан ұрпақтарынан бақталастар туды.
Бұрын Өзбек ұлысындағы рулар бір сөзбен, өзбектер деп аталса, енді олар: өзбектер (Шайбаниттер), қазақтар (қазақтар) және манғыттар (ноғайлар) деп аталды. Ал Дешті-Қыпшақтағы сарай тарихшыларының бірі Ибн Рузбихан бұл этносаяси жағдайды былай суреттейді. “3 тайпа өзбекке жатады. Олардың бірі – ишбаниттар және осылар басшы болған. 2-ші тайпа қазақ, дүниеде даңқымен, қайратымен, қорықпас-қайсарлығымен танылған, 3-ші маңғыттар астрахан хандары. Өзбектердің жерлері теңізбен шектес, ал басқасы – Түркістанмен, 3-ші Дербентпен, 4-ші – Хорезммен, 5-ші – Астрабадпен. Осы жердің бәрі көшпелі өзбектердің, жаздық және қыстық қоныстары болды. (“Ибн-Рузбихан. пер., с.62).
Бақылау сұрақтары:
1. «Этнос» ұғымы, оның белгілері мен ерекшеліктері.
2. Қазақ этногенезі процесінің басталу және аяқталу уақыты.
3. Арий (андрон), Сақ-скиф тайпаларының (ерте темір дәуірі) қазақ халқының қалыптасуындағы алар орны.
4. Ғұндардың Қазақстан аумағы халқының этногенетикалық және этномәдени процесіне тигізген әсері, қазақ халқының қалыптасуындағы алар орны.
5. Түркі дәуіріндегі этникалық процестердің жалпы ерекшеліктері.
6. Ұлы Түрік және Батыс Түрік қағанаттарының қазақ мемлекеттілігі мен этногенезіндегі алар орны.
7. Қарлұқ, оғыз, қаңлы, қаңғар-печенег тайпаларының қазақ халқы қалыптасуындағы алар орны.
8. Қимақ, қыпшақ тайпаларының қазақ халқы қалыптасуындағы алар орны.
9. Қарахан державасының және найман, керей, жалайырлардың тайпаларының қазақ халқы қалыптасуындағы алар орны.
10. Қазақ халқының қалыптасуына монғол шапқыншылығының тигізген әсері.
11. Ақ Орданың және оның тайпаларының қазақ халқы қалыптасуындағы алар орны.
12. Моғолстанның және оның тайпаларының қазақ халқы қалыптасуындағы алар орны.
13. Әбілқайыр хандығының және оның тайпаларының қазақ халқы қалыптасуындағы алар орны.
14. Ноғай Ордасының және Батыс Сібір тайпаларының қазақ халқы қалыптасуындағы алар орны.
15. «Қазақ» этнонимінің пайда болуы.
16. «Қазақ» сөзінің мән-мағынасы туралы пікірлер.
17. Қазақ жүздерінің пайда болуы.
18. Ұлы жүз ру-тайпалары, олардың мекендеген аумағы.
19. Орта жүз ру-тайпалары, олардың мекендеген аумағы.
20. Кіші жүз ру-тайпалары, олардың мекендеген аумағы.
№ 24 лекция.
Тақырыбы:
Қазақ хандығының құрылуы. ХҮ ғ. Қазақ хандығы.
Жоспары:
1. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары. Қазақ мемлекетінің құрылуы.
2. Қазақ мемлекетігінің нығаюы.
3. Мұрындық хан. Сыр бойындағы қалалар үшін күрес.
Лекция мақсаты: Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары, Қазақ мемлекетінің құрылуы және нығаюы, Мұрындық хан, қазақ билеушілерінің Сыр бойындағы қалалар үшін күресі туралы студенттерге түсіндіру.
Лекция мәтіні
1. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары. Қазақ мемлекетігінің құрылуы.
Хандық билік түрінде өмірге келген қазақ мемлекеттігінің құрылуының негізінде, әрине, қазақ ұлысының қалыптасу процесі жатты. Жоғарыда айтылған Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр хан билеген өзбек ұлысынан бөлек көшіп, Шу бойына келуі, жүріп жатқан терең тамырлы этносаяси процестің сыртқы көрінісі ғана болатын. Сондай-ақ бұл көне жаңа мемлекеттік құрылымның өмірге келуіне ғана емес, сонымен бірге бұдан бұрынғы ғасырларда басталып, енді біржола аяқталуға бет алған ұлттық ұю процесін де тездете түскен оқиға, кезең болды.
Шамамен Хиджраның 870 жылы, яғни 1465—1466 жыл қазақ мемлекеттігің құрылған мезгілі ретінде қабылданған. Мұхаммед Хайдар бұл тарихи оқиғаны Жошы ұрпағы Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Әбілқайыр ұлысынан бөліке көшіп, сол кезде Мағұлстанға қараған Шу бойындағы Қозыбашы атты мекенге келіп дербес хандықтың шаңырағын көтерулерімен байланыстырады. Бұл әрине көздейсоқ оқиға емес-тін. Деректік материалдар Әбілқайыр ұлысынан біраз жұрттың жаңадан өмірге келген хандыққа бет бұрып, жарыла көшуі бір емес, бірнеше мәрте қайталанғандығын білдіреді. Демек, Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың Өзбек ұлысынан бөліне көшуіне себепші болған негізгі жағдай — халықтың қалың арасындағы ықпалды билеуші топтарының ішінде саналы әрі мақсатты түрде мемлекеттік құрылымды көздеген әрекеттің орын алғандығы. Өкінішке орай, хандар мен сұлтандардың қызметін қырағы бақылай отырған ортағасырлық деректер қара халықтың терең ортасынан бастау алған белсенді әрекеттерге самарқау қараған. Сондықтан да болу керек тарихи маңызы бар істерге келгенде қара халықтың шешуші қызметі мен рөлі қалтарыста қала береді, халық үнсіз тобырдың орнында жүреді. Басқаша айтқанда, кезінде XIV ғ. соңына қарай Жетісуда біраз уақыт патшалық құрған Ұрыс Ханның ұрпағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың XV ғ. екінші жартысында мұнда қайта оралып жаңа хандықтың негізін қалауы, әрине тіптен де кездейсоқ құбылыс емес. Жәнібек пен Керей сұлтандарға Ұрыс хан “атасының ұлысын” жаңғырту жөніндегі ұсыныстың жергілікті халықтың билеуші топтары тарапынан да түскендігі анық. Ал Ұрыс хан болса, тарихшы Қадырғали бидің айтуына қарағанда, Алтын Орда тарихында аласапыран кезеңі басталғанда (XIV ғ. 60-70 жж.) өз әскерімен Жетісуға келіп хандық құрады. Оның ұлы Құйыршық сұлтан да әкесінің ұлысын билейді. Ал бұл оқиғалар қазақ хандығы шаңырақ көтерген тұста “өмірде кеше ғана болып өткен істер” еді.
Сонымен, Шыңғыс хан әулеті билеген ортағасырлық кеңістікте кең қолданыста болған “әке ұлысы”, “ата ұлысы” деген ұғымдар қалыптасып, артынша ыдырай жатқан мемлекеттік құрылымдарды мұраға иемденушіліктің өзіндік бір көрінісі болатын. Сондай-ақ XIV-XVI ғасырларда ортаазиялық кеңістікте ру-тайпааралық сапырылыс, аралсумен бір мезгілде пәрменді жүріп жатқан ұлттық екшелеу және қалыптасу процестеріне “ата ұлысы” бейімделген аса қолайлы идеологиялық және саяси фактор есебінде ешқандай кедергі жасаған жоқ.
Жергілікті билеуші топтардың төре тұқымына Жетісу жерінде мемлекеттік дәстүрді қайта жандандыру жөнінде ұсыныспен қайрылуына негіз жетерлік еді. Солардың негізгісі, әрине, Жетісуға көрші жоңғар қалмақтары тарапынан төнген қауіп болатын.
XV ғ. орта тұсына қарай бүкіл батыс мағұлдарды (ойраттарды) мемлекеттік шеңберде біріктірген Тоған тайшаның ұлы Есен тайша шығысындағы Мин империясы әскерімен болған шайқаста жеңіске жетіп, император Чжу Цисженді тұтқындайды. Бұл жеңістен соң қанаттанған Есен тайша енді құнарлы Жетісу өңіріне көз сала бастайды.
1452 ж. Есен тайшаның қолдары Моғолстанға басып кіріп, сонан соң Жетісуға еніп, одан ары оңтүстікке бет алып, Сыр бойы өңірін, Түркістан, Ташкент, Отырар сияқты орталықтарды тонап, Сығанаққа жақын Көк Кесене атты жерде Әбілқайыр ханның әскерімен кездесіп, оны талқандай жеңеді. Қалмақтардың бұл жорығы 1455 жылы Есен тайшы өлгеннен соң аяқталады.
Қуатты қалмақ мемлекетінің өмірге келуі бұл кездегі Мағұлстан билеушісі Исабұғы ханды, көрші қырғыз жұртын, Алаш елі мен оның билеушілерін де терең ойға батырғандығы анық. Сондықтан да Исабұғы ханның жергілікті қазақ жұртының басшыларына, Керей мен Жәнібек сұлтандарға қызу қолдау көрсетіп, Шу бойындағы Қозыбашыда қазақ хандығының шаңырағын көтеруге ықылас білдіруін қалмақтар тарапынан төнген қауіпке тосқауыл қою қажеттігінен туған шара есебінде қарауға толық негіз бар. Бұдан былайғы кезеңдегі тарихи оқиғалар бұл шешімнің әбден орынды қабылданғандығын көрсетті. Қазақ хандығы XVI-XVIII ғасырларда мағұл хандығы ортаазиялық кеңістікте ыдырай жоқ болғаннан кейінгі кезеңде тұрақтылыққа, сондай-ақ түрлі мүделер арасындағы ара салмақты теңестіруге қажет саяси күшке айналды.
Қазақ елінің тарихына қатысты ішкі және сыртқы дерек көздерімен жақсы таныс болған тарихшы Қадырғали би Қосымұлының көрсетуіне қарағанда, қазақ елі өмірге тайпалар одағы ретінде келген, ал бұл одақтың бастапқы аты “Алаш мыңы”, қалыптасқан мезгілі шамамен ХІІІ ғ. орта тұсы — XVI ғ. бас кезі. Бұл Орталық Азиядағы көне түркі және мағұл елдері арасында ерте кезеңдерден орныққан ру-тайпа аралық дәстүрлі қатынасқа сүйенген бұл одақтың құрамында кейіннен, яғни уақыт өте қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, дулат, арғын, найман, қыпшақ, керей, алшын сияқты ірі ортағасырлық тайпалардың бөліктері болғандығы күмән тудырмайды. Өйткені Әбілқайыр хан ұлысы, яғни Өзбекия (XV ғ. алғашқы жартысы) құрамында болған Алаш мыңы үш сан, басқаша айтқанда үш жүз - ұлы, орта, кіші жұрттан тұрды. Үш жүзге бөлудің негізінде мағұлдар империясы кезіндегі қатал әскери өмірге, қажеттілікке бейімделумен қатар, одан да бұрын тамыр жайған ру-тайпалық қауымдастықтың ішкі өмірін оның әрбір мүшесіне тиесілі орынын анықтау арқылы реттеу дәстүрлі жатты.
Қазақ тарихына қатысты аса құнды деректерді айналымға қосқан тарихшы Мұхаммед Хайдар “қазақ” есімін белгілі бір себептерге байланысты көрші елдердің бергендігін білдіріп, ал оның орныққан мезгілі ретінде XV ғ. орта тұсын атайды.
Сонымен “Алаш мыңы”, “Алаш” ХІІІ ғ. екінші жартысынан бері келе жатқан халықтың бастапқы ішкі өз аты, ал “қазақ” шамамен XV ғ. орта тұсында оған Өзбек ұлысындағы көршілері берген есім. Алаш мыңы осы аталған мерзімде қалыптасқан қазақ ұлты мен оның мемлекеттігінің ұйытқы элементі болды.
Сонымен, біздің көз алдымызға қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді. 1) XV ғ. алғашқы жартысы — Әбілқайыр хан ұлысы (Өзбекия) құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы одағы; 2) XVI ғ. екінші он жылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде мойындаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу процесінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуымен тұс келіп, бұл екі процесс өзара үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтырды.
2. Қазақ мемлекетігінің нығаюы.
Дербес қазақ хандығының өмірге келуі Өзбек ұлысының ханы Әбілқайырға жайсыздық туғызып, бөліне көшкен сұлтандарды жазалау үшін 1468 жылы Жетісуға жорыққа аттанған хан кенеттен жолда өз ажалынан қазаға ұшырайды. Әбілқайыр қазасынан соң Өзбек ұлысында берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас бұл кездегі жалпы ортаазиялық кеңістіктегі мемлекеттерге тән құбылыс-тын. Бұл жағдай жаңа ғана өмірге келген мемлекеттің нығаюына қолайлы жағдай туғызған еді.
Өзбек ұлысындағы дағдарыс Керей хан мен Жәнібек сұлтанға 1468 жылдан кейінгі уақытта стратегиялық тұрғыдан аса маңызды аймақ Сырдың орта ағысындағы қалалар, Түркістан үшін күрес жүргізуге мүмкіндік береді. 1470 ж. бастап Сыр өңірінде қазақ қолдары көріне бастайды. Осы кезден бастап XVI ғ. екінші он жылдығына шейінгі мезгілде бұл өңір үшін күрес қазақ хандары қызметінің негізгі мазмұнына айналды. Сыр өңірі және Қаратау етегіндегі қалалар үшін табанды күрес жүргізудің мынадай себептері бар еді.
Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін атқарып келді. Ал Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік оазистерін жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Сондықтан да қазақ хандарының қазақ мемлекеттігінің болашағын Түркістан мен оған таяу орналасқан Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім еді.
Жас Қазақ хандығы өзінің құрылғанынан бастап барлық қазақ тайпаларын біріктіру мен Сырдария маңы қалалары үшін күрес жүргізді. Мұса мырзаның өлімінен соң ноғайлықтардың бір бөлігі Қазақ хандығына қосылды да, оның аумағы батыста Еділге дейін жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |