3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы – осы кезеңдегі Қазақстан аумағындағы халықтардың, тайпалардың, мемлекеттердің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму тарихын зерттейді.
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы нақтылы оқиғалармен, қазақ халқы және басқа халықтардың тарихымен таныстыру.
Пәннің міндеттері:
- Отан тарихында маңызды орын алатын түркі дәуіріндегі мемлекеттер: Ұлы Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, Қарақытай, Найман, Керей, т.б. мемлекеттердің тарихын сабақтастық негізінде оқытып үйрету;
- Қазақстандағы ҮІ-ХІІ ғасырлардағы әлеуметтік-мәдени дамуын: Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың дамуы, сауданың дамуы, сәулет өнерін, тайпалардың материалдық мәдениетін, сонымен бірге рухани мәдениеті: тіл, жазу, дін және ғылымның дамуын оқып үйрену және оның дүниежүзілік адамзат өркениетінде алар орнын білу;
- Қазақстанның монғол дәуіріндегі тарихын: дүние жүзін зілзалаға келтірген монғол шапқыншылығы, Ұлыстардың құрылуы, Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, олардың саяси тарихын түрлі көзқарастарды негізге алып, обьективті түрде оқып үйрену;
- Монғол дәуірінен кейінгі кезеңдегі мемлекеттер: Ақ Орда, Моғолстан, Әмір Темір мемлекеті, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы т.б. тарихын этносаяси қауымдастық пен ұлттардың, ұлттық мемлекеттердің қалыптасу заңдылықтарымен байланыстыра оқытып үйрету;
- Қазақ халқының этногенезін, ұлттың қалыптасу барысы мен оның негізгі кезеңдерін, бұдан бұрынғы қазақ даласында өмір сүрген тайпалар мен мемлекеттердің дамуымен байланыстыра, сабақтастыра оқытып үйрету;
- Қазақ хандығының құрылуы мен оның маңызын, ХҮ-ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси тарихын кезең кезеңімен оқытып үйрету.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ
№ |
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
Кафедра
|
Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні
|
1
|
Ежелгі Қазақстан тарихы
|
Қазақстанның жаңа заман тарихы
|
Отан және шетел тарихы кафедрасы
|
№ хаттама
|
5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
№
|
Кредит саны
|
Курс
|
Жалпы сағат саны
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
Қорытынды бақылау
|
лекция
|
Прак/сем
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
|
3
|
3
|
135
|
30
|
|
8
|
|
|
97
|
Емтихан
|
6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ
№
|
Тараулар атауы,
реті
|
Аудиториялық сабақтар
|
Аудиториядан тыс сабақтар
|
лекция
|
прак
|
сем
|
лабор
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні
|
1
|
|
|
|
|
2
|
2.
|
ІІІ-Ү ғ.ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай.Түрік этногенезі.
|
1
|
|
1
|
|
|
4
|
І тарау Әуелгі ортағасырлық мемлекеттер (ҮІ-ІХ ғ.ғ.)
|
3.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |