Лекция: 30 сағ. Зертханалық сабақтар: 15 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет11/20
Дата09.03.2016
өлшемі12.01 Mb.
#47385
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Интернетке қосылу


Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;

IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );

 Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа – клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер ) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық,спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді Зіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.

Ал коммутаторлық байланыс –– уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиелігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып )торапқа түседі және керісінше.

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады.Ішкі модемдер арналық тақшаға орнатылады.

Басқа құрылғылар сияқты модемдер де програмалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу →Баптау →Басқару тақтасы→Жабдықтарды орнату (Пуск→настройка→Панель управления→Установка обарадувания)құралының көмегімен орнатады.



Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім →Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс (Мой компьютер→Удаленный доступ к сети→Новое соединение)).

Программаны баптау кезінде интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын ала енгізіп қою керек:

Байланыс жүргізілетін телефонның номері;

Қолданушының аты (Login)

паролі (password)

сервердің адресі.

Word wide web – тің негізгі түсініктері

Бүгінгі таңда интернет әртүрлі білім салалары бойынша жан-жақты жинақталған ақпарат көзі болып табылады.Интернет серверлерінен алынатын құжаттар гипермәтіндік пішімді дайындалған.Құжаттарды тасымалдау мен шұғылданатын интернеттің қызмет түрін Word wide web (web,WWW) деп атайды.Бұл сөздің аудармасы бүкіл дүние жүзілік өрнек дегенді білдіреді. Word wide web–– қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады.Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен web құжаттар жиынтығын айтады.

Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді web-сервер деп атайды.WWW-дің құжаттары web – серверлерде сақталады.WWW орта дегеніміз web – серверде сақталған өзара байланысқан электрондық құжаттардан тұратын ақпаратық кеңістік. Web-кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды web-беттер деп атайды.Тақырып бойынша топтастырылған web беттерді web-тораптар деп аталады.

( жаргондық термині–– web–сайт).

Дайын материалды web тораптарда орналастыру web – басылым деп аталады.

Word wide web-тағы жеке құжатты web–бет атайды .Әдетте бұл әр түрлі обьектілер жиынтығынан тұратын құжат.Оның құрамында мәтінде гафиктік бейнелер де мултимедиалық және басқа енгізілетін обектілер болады.

web–беттерді көруге арналған программалар броузерлер деп аталады. Құжаттың авторы өз мәтініне енгізген командалардың көмегімен броузер экранға құжатты шығарып береді.Ол командалар тегтер деп аталады.

Тегтердің жазылу ережесі программалау тіліне жақын тіл белгілеу тілімен жазылады. Ол гипермәтінді белгілеу –HTML(HuperText Markup Language).Сонымен web–құжат деп отырғанымыз HTML тегтерінің көмегімен жазылған кәдімгі мәтіндік құжат екен . Осындай құжаттарды HTML пішімімен жазылған құжат деп аталады. HTML–құжаты броузердің көмегімен экранда бейнеленген кезде тегтер эранда көрінбейді,тек құжаты құрайтын мәтін ғана бейнеленеді. HTML тегтерінің көмегімен жүзеге асырылатын web беттердің ең маңызды сипаты – гипермәтіндік сілтемелер болып табылады.Оларды қысқаша гиперсілтемелер деп атайды.

Суретпен немесе мәтіннің кез-келген бөлігімен тегтердің көмегімен қандай да бір web құжатты байланыстыруға болады, яғни гиперсілтеме орнатуға болады.Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мәтін бөлігіне немесе суретке тышқаннның сол жақ батырмасын бассақ онда көрсетілген жаңа құжатқа сұраныс жіберіледі.Бұл құжат өз алдына басқа құжаттарға гиперсілтеме жібере алады.Сонымен WWW– серверіндегі өте үлкен көлемдегі гипермәтіндік электрондық құжаттардың жиынтығы гиперкеңістік құрайды. Web кеңістіктегі құжаттардың арасындағы еркін қозғалыс web серфинг деп аталады.Егер осы кеңістіктегі әрбір құжатттың өзінің айрықша адресі болмаса мұндай гипермәтіндік байланыс түзілмес еді.Бүкіл әлемдік масштапта әрбір файлдың адресі ресустардың ерекшеленген нұсқағышымен (URL-унифицированный указатель ресурса)анықталады. URL-адрес үш бөліктен тұрады:

Берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету.Мысалы,WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады (Huper Text Transter Protocol- хаттама передачи гипертекста ):

http://

хаттаманың атынан кейін :және // белгілері қойылады.



Компьютердің (сервердің )домендік атын көрсету:

http://www.enu.kz

Мысалы, Хабар агенттігінің домендік аты ww.khabar.kz,Microsoft компаниясының Web-серверінің домендік аты www.microsoft.com,”Огонек”журналының web-серверінің домендік аты www.ogonyek.ru,(соңындағы ru домені компания сервері интернеттің Ресейлік секторына жататынын көрсетеді)

Берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “/”символын қою арқылы )

http:/www.enu.kz/files/Myfiles/xyz.zip

(Интернетте бас әріп пен кіші әріп әртүрлі символдар болып есептеледі).

Web- броузерлер

Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленді.Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьютердің мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай,оның логикалық құрылымын анықтап береді.Құжатты нақты бір компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге асырылады.

Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:

 Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;

 Броузер жұмыс атқаратын компьютерлердің мүмкіншіліктерін ескере отырып web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу ;

 web-беттердің құрамына кіретін мультимедиялық және басқада объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;

web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған web беттерге қатнауды ықшамдыстыру;

 Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.


4.4.Internet Explorer 5.0 программасымен жұмыс істеу негіздері
Интернет жағынан World Wide Web қызметі жұмысын серверлік программалық құралдар –Web –серверлер қамтамасыз етеді.Қолданушы жағынан бұл қызметті клиенттік программалар –web –броузерлер атқарады.Ең көп тараған броузерлер –– Internet Explorer, Netscape Navigator,Opera.Барлық броузерлердің функциялары біреу ғана, бірақ Microsoft Internet Explorer 5.0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows 98 операциялық жүйесімен бірге қойылады, және оның бөлінбейтін компаненті болып табылады.

Internet Explorer броузерін іске қосу үшін

Іске қосу →Программмалар → Internet Explorer (Пуск →Программы → Internet Explorer ) командасын орындау қажет.

Егер интернетпен байланыс жоқ болса,эранда байланыс орнатудыбасқару сұқбат терезесі пайда болады.Байланыс орнату мүмкін емес жағдайда,бұрынғы жүктелген web құжаттарды көру мүмкіндігі сақталады.

Егер байланыс бар болса, онда программа баптауы бойынша таңдалынған бастапқы бет экранда пайда болады.

Web- бетті ашу және көру

Бастапқы бетте барлық мәтіндік,графиктік және мультимедиалық объектілер бейнеленді.Көруді басқару меню жолының,аспаптап панелінің,гиперсілтемелердің көмегімен жүргізіледі.Егер сізге қажет Web беттің (7-сурет)

URL- адресі белгілі болса,оны панельдегі Адрес өрісіне енгізіп,Өту батырмасын басу қажет.Ағымдағы беттің орнына,Адресі көрсетілген бет ашылады.Сонымен қатар адрес өрісінен тізімдегі бар адресті таңдап алуға болады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. Информатика для юристов и экономистов. Под редакцией С. В. Симоновича.

  4. Хаританова И. Самаучитель Ассеss 2000. Санкт-Петербург: Питер, 2001,383 с.

  5. Борланнд Р. Знакомство с Windows 98.-M.: Microsoft Press, Русская редакция, 1997,376 с.

  6. Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана 2001.,38 с.

  7. Лентьов Ю. Microsoft Office 2000: краткий курс. Санкт-Петербург: Питер, 2000, 288 с.

  8. Сагман С. Эффективная работа с Power Point 7.0. Санкт-Петербург: Питер, 1997,496 б.

  9. Пфаффенберген Б.Эффективная работа с Microsoft Internet Explorer 4.0. Санкт –Петербург,1998,416 с.

  10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.


ІІІ – кредит
Лекция 1.

(Дәріс 1)

Тақырыбы: Электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу. Кестелі процессор Excel.
Жоспар:

    1. Excel программасы туралы жалпы мағлұмат

    2. Excel программасын іске ќосу.

    3. Excel менюімен жұмыс атқару

    4. Ұяшықтардағы мәліметтер

    5. Жолдармен бағаналармен, блоктармен операциялар орындау


1.1 Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар

Бұл сабақта Microsoft Excel электрондық кестесімен танысасыздар. "Электрондық кесте" термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өндеуге жататын іс-әрекеттер:



  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

  2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.

  4. Белгілі бір критерийлерді қанағатандыратын мәліметтер жиынын таңдал алу.

  5. Графиктер мен диаграммаларды түрғызу.

6. Мәлімеггерді статистикалык талдау.
Электрондык кестелердің күндылыгы олардағы мәліметтерді еңдеу тәсілдерін пайдаланудыи карапайымдыылгы болып табылады.

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған нрограммалық дестелердін бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеділдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмындіктерінің көп жақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жоддардың максималдык саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула ) енгізеді.
1.2 Excel программасын іске қосу

Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан шартбелгіні (пиктограмманы) тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек.

Стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:

Жоғарғы жол - басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.

Екінші жол — Excel менюі.



Үшінші және төртінші жолдар — Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы.

Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй (қалып) жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторын - "Дайын" (Готов) деген сөзді көрсетеді.

1.3. Excel менюімен жұмыс атқару

Меню жүйесін екпінділеу Win Word программасындағыдай стандартты тәсілмен жүргізіледі: яғни Alt не F10 пернесін басу қажет. Сол сәтте менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен тандалынады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелермен ауыстырады, ал команданы таңцау үшін Enter пернесін басу керек. Менюден шығу үшін Esc пернесін басады.

Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап альш, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол жак батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі командалары таңдалынып, косымша беті ашылады да, жалаітпалар орнатылады.

MS - Word редакторындагыдай Excel-де де орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді аныктамалык. жүйе бар. Әрбір істеп жатқан жүмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.

Еяді злектрондық кестенің негізгі үғымдарымен танысалық.

Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол колденең орналаскан жүмыс аймагының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

Бағана әрпі - электроңдық кестемің баганаларын (тік жолдарын) анықтайды. Әріктер жүмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді:А —X, содан соң АА - AZ, одан кейін ВА – BZ және т. с. с.

Ұяшық — электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, ВЗ адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші — ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымдағы ұяшық — көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметгер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Блок (ұялар жиыны, аймағы) —Тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама - қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: B13:D19 блогы - бұл BI3^D13-* D19-*B19-^B13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, A12:D27 немесе D:F — Ds E, F бағаналарының барлық торлары, т. с. с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Ехсеl-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ - кітаптың ен үстіңгі ашық, тұрган беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың калған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін тандау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:

бағананы белгілеу — бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен тандап алып, оны бір рет шерту;

бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;

жолды ерекшелеу - жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеи алып, оны бір рет шерту;

бірнеше жолды ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;

блокты ерекшелеу - тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;

жұмыс парағын толық ерекшелеу - тышқан курсорын бағана аттары мен жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.

Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе Ғ8 пернесін басып белгілеу режиміне көшеміз де бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.

Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:


  • алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;

  • Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстап тұру;

  • келесі ұяшықты немесе блокгы ерекшелеу, т. с. с;

  • Ctrl пернесін қоя беру.

Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.

1.4. Ұяшықтардағы мәліметтер
Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына моәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе «'» (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе "=" болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.



1.4.1 Мәтін енгізу

Мәтін - кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді «'» символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады)



Назар аударыңыздар! Қателесуден қорықпаңыздар! Орындалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Түзету=*Болдырмау (Правка=»Отмена) командасын пайдаланып алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті, Бұл батырманы бір рет басу ең сонғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.

1.5.1. Көшірме алу

Көшірме алу кезінде түп нұсқа (HE) мәлімет өз орнында қалады, ал басқа орында (ҚАЙДА) оньң көшірмесі пайда болады. Көшірме алу операциясы орын ауыстыру тәрізді бірақ Ctrl пернесі басулы кезінде тәрізді орындалады.

Плюсті толтыру әрекеті арқылы да көшірме алуға болады. Курсорды ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне алып барсақ, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру орын ауыстыру сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте курсор ұяшықтың немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде). Толтыру кезіңде бастапқы ұяшықтағы немесе блоктағы мәлімет (HE) тышқанның батырмасын басып тұрып бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.

1.5.2. Жою, тазалау

Егер ұяшықтар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, текстер формулалар) жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяшықтарды тазалау үшін оларды ерекшелеп алып, Түзету^Тазалау (Правка=*Очистить) командасын орындау керек. Сол сәтте шығатын ішкі менюде нақты нені: мәліметтерді, безендіру элементін, ескертуді немесе бәрін бірдей тазалау керектігін көрсету керек.

Бағаналарды, жолдарды және блоктарды жою үшін, алдымен қажетті элементті ерекшелеп алып, содан кейін Түзету=*Жою (Правка=>Удалить) менюін пайдалану керек. Жойылған объектілер орны бос қалмай, төменгі жолдағы немесе оң жақтағы бағаналар мәліметтері жоғары не солға жылжып, сол орындарды толтырады.

Ал, егер мәліметтері жойылып, орыңдардың бос тұрғанын қалау (ұяшықтарды қалдырып мәліметтерді жою), Түзету=>Тазалау (Правка=>Очистить) командасымен жүзеге асырылады.

Электроңдық кестені толық жою, Файл=>Жабу (Файл=>3акрыть) командасын орындап, шыққан сұқбат терезесіне "Жоқ" деп жауап беру қажет.

Excel-де өздігінен автоматты түрде толтырылатын функция бар, ол кейбір белгілі тізбектерді жылдам енгізе алады (апта күндері, ай, жыл мезгілдері т.б.). Мысалы, бірінші торға "'Дүйсенбі" сөзін енгізсек, келесі торға "Сейсенбі", одан кейінгісіне "Сәрсенбі" т.с.с. сөздер өздігінен ешізіледі, ай аттары да "Қаңтар" енгізілсе, "Акпан", "Наурыз" т.с.с. болып шыға келеді (бұларды тізім ретінде алдын ала кестеге кіргізіп қою қажет). Сол сияқты 1998 ж. енгізсек, келесі торлар 1999 ж., 2000 ж. болып толтырылады.

Жұмыс кітабымен іс-әрекеттер орындау үшін Файл менюінен мынадай командалар пайдаланылады: Сақтау (Сохранить) — кейін пайдалану үшін файл түрінде жұмыс кітабын дискіге жазып сақтайды; ... қалай Сақтау (Сохранигь как ...) - Сақтау командасына ұқсас, бірақ файддың атын өзгертіп кітапты басқа дискіге жазуға мүмкіндік береді;

Жабу (Закрыть) - құжатты экраннан алып, оны жауып тастайды;

Жасау (Создать) — жана жұмыс кітабын даярлайды (көрсетілген нұсқа негізінде немесе бос кітап);

Ашу (Открыть) — дискіде жазылған жұмыс кітабын экранға шығарады.



Жасау, Ашу, Сақтау әрекеттері Стандартты аспаптар тақтасының сол жақ жоғарғы шетінде орналасқан үш батырмаға бекітілген.

Лекция 2

(Дәріс 2)

Тақырыбы: EXCEL-де функциялар мәнін кестелеу.

Жоспар:

1 Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және ар алас түрде жазу

2 Кесте мәндерін дайындау
Функция мәндерін кесте түрінде алу жолын қарастырайық.

Бізге барлық х е [-2; 2J аралығында х=0 кезіндегі қадамы 0,2 -ге тең у=кх(х2-1)/(х2 +1) функциясының мәндерін есептеу керек болсын.

Есептің нәтижесі мынадай таблица түрінде алынуы тиіс:

N х к у1=х2-1 у2=х2+1 у=к*(у1/у2)



2.1. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде жазу

Ұяшық адрестерін бүған дейін көрсетілген ВЗ, Al:G9 және т. б. тәсілдермен жазуға болады. Бұлай бейнелеу адресті салыстырмалы түрде жазу деп аталады, мұнда адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде беріледі. Мысалы, В4 үяшығына =В1+В2 формуласын енгізсек, Excel мұны үш жол жоғары орналасқан ұяшықтағы санды бұдан екі жол жоғары орналасқан ұяшықтағы санға қосу деп ұғады.

Егер =В1+В2 формуласымен В4 ұяшығынан С4 ұяшығына көшіріп жазсақ, онда Excel ол формуланы тағы үш жол жоғары орналасқан ұядағы санды екі жол жоғары ұядағы санға қосу деп түсінеді де, С4 ұяшығына =С1+С2 деген салыстырмалы түрдегі формуланы көшіріп жазады.

Егер де формуланы көшіру кезінде біз бір ұяшықтың адресін салыстырмалы емес, нақты күйде бергіміз келсе, онда абсолютті түрдегі адресті жазуға тиіспіз. Ол үшін сол адрестің бағана атына сәйкес әрпінің екі жағына да $ символын жазуға тура келеді. Мысалы, $В$4 немесе $С$2: $С$48 және т. с. с.

Аралас түрдегі адрес. $ символы өзгермейтін адреске сәйкес бағана әрпінің алдында ғана жазылады. Егер бағана аты өзгеріп, жол нөмірі әзгеріссіз калатын болса, онда В$4, ал бағана өзгермейтін түрде, жол өзгеретін болса, онда $С2 болып жазылады.

Сонымен формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес — аралас түрдегі адрес деп аталады.

Енді негізгі және қосалқы кестелерді толтыралық.

1. А1 ұяшығынан бастап негізгі кесте тақырыбын мынадай түрде толтырыңыз,



  • А1 ұяшығына N-ді енгізіңіз;

  • В1 ұяшығына х-ті енгізіңіз;

  • С1 ұяшығына к-ны енгізіңіз т.с.с.

Бағаналар енін де ондағы жазылған мәліметтер толық көрінетіндей етіп қою керек.

2. Қосалқы кестені H1 ұяшығынан бастап бастапқы берілген сандық мәндерімен толтырамыз:

хО step k -2 0.2 10

мұндағы хО х-тің бастапқы мәні; step - х-тің өзгеру қадамы; к — коэффицент (тұрақты).

3. ӨздігІнен толтырылатын функцияны пайдаланып, A бағанасын А2 ұяшығынан бастап 1 мен 21 аралығындағы сандармен толтырамыз, сонда А2:А22 блогына мәліметтер енгізіледі.

4. В бағанасына х мәндерін, яғни В2 ұяшығына =$Н$2 формуласын енгіземіз. Бұл В2 ұяшығына Н2 ұяшығындағы (бастапқы мән) сан көшіріледі, бірақ оның адресі өзгермейді


деген ұғымды білдіреді. ВЗ ұяшығына =В2+$І$2 формуласын жазамыз, яғни х мәні 12 ұяшығындағы қадамға өсіп отырады. Енді ВЗ ұяшығындағы формуланы В4:В22 блогына көшіреміз. Сонда бұл бағана қадамы 0,2 болып келген +2-ге дейінгі мәндермен толады.

5. С бағанасына к коэфицентінің мәндерін жазамыз:

— С2 ұяшығъша =$J$2;

— СЗ ұяшығына =2-ні енгіземіз.

Бұл формулалар неге осындай болып жазылады? Соны түсінуге тырысайық.

СЗ ұяшығындағы формуланы С4:С22 блогана көшіреміз. Бағана толық 10 санымен толтырылады.

6. D бағанасын y1=x2-1 функциясының мәндерімен толтырамыз, ол үшін:


  • D2 ұясына =В2*В2-1 формуласын;

  • D3:D22 блогына D2 ұяшығындағы формуланы көшіреміз.
    Бұл бағана оң және теріс у1 функциясы мәндерімен толтырылады, оның бастапқы, соңгы мәндері 3-ке тең.

7. Осы тәрізді етіп Е бағанасын у2=х2 + 1функциясының мәндерімен толтырамыз.

Барлық мәндер оң сан болып тұр, бастапқы және соңғы мәндері 5-ке тең екеніне көңіл бөліңіз.

8. Ғ бағанасын у=к*(х2-1)/(х2-1) функциясының мәндерімен толықтырамыз:


  • Ғ2 ұяшығына =C2*(D2/E2) формуласын енгіземіз;

  • Ғ2 ұяшығындағы формуланы ҒЗ: Ғ22 блогына көшіреміз.
    Бұл функция мәндері оң да, теріс те бола береді, алғашқы және соңғы мәндері 6-ға тең болатынына көңіл бөліңіз.

Қосалқы кестедегі бастапқы мәндерді өзгерткенде, негізгі кесте мәндері қалай өзгеретінін байқаңыз:

  1. Қосалқы кестедегі х мәнін өзгертіп, Н2 ұяшығына —5-ті енгізейік.

  2. Қадамды да өзгертіп, 12 ұяшығына 2-ні енгіземіз.

  3. Коэффицент мәнін де өзгертіп, J2-гe 1-ді енгіземіз.
    Қосалқы кестеге кез келген өзгеріс енгізсек, негізгі кестеде автоматты түрде қайталап есептеу ісі жүргізілетініне көңіл аударыңыз.

  4. Ары қарай жұмысты жалғастыру үшін, бұрынғы сандық мәндерді өз қалпына келтірейік: х0 = -2; step = 0,2; к = 10.

Енді негізгі және қосалқы кестелерді аздап түрлендірейік.

1. Жоғарыдан тақырыптар енгізілетін екі жолды босатамыз:

- курсорды 1-жолға орналастырамыз;

- Кірістіру=>Жолдар (Вставка=>Строки) командасын орындаймыз (2 рет).

2. Тақырыптар енгіземіз, ол үшін:


  • А1 ұяшығына "Кесте" сөзін;

  • А2 ұяшығына "Негізгі" сөзін;

  • Н2 ұяшығына "Қосалқы" сөзін енгіземіз.

3. А1:J1 ұяшықтарын біріктіріп "Кесте" тақырыбын ортаға жылжытамыз:

- А1:J1 блогын ерекшелеп аламыз;

- Форматтау саймандар тақтасының батырмасы арқылы бағаналардағы мәліметті олардың ортасына орналастырамыз.

4. Сол сияқты етіп "негізгі" және "қосалкы" сөздерін де бағана ортасына жылжытамыз.

5. Тақырыптарды шрифтің басқа түрлерімен жазамыз.

2.2. Кесте мәтіндерін дайындау

Мәтінді қаріптік дайындау

Кез келген ұяшықтағы немесе блоктағы символдарды әртүрлі қаріптермен даярлауға болады. Ол үшін ұяшықты немесе блокты ерекшелеп алып, содан кейін Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын немесе Формат=>Ұяшық=*Қаріп командасын орындаса болғаны.

"Кестелер" деген тақырып үшін Courier New Cyr қаріптерін пайдаланып, оның мөлшерін 14 етіп, өзін қарайтылған түрде жазып шығыңыз.

Форматтау аспаптар тақтасының батырмасы арқылы "негізгі" және "қосалқы" сөздері үшін Times Kazakh қарпінің 12 мөлшерін алып, оны қарайтылған (полужирный) түрде жазып шығыңыз.

Формат=>Ұяшық=>Қаріп (Формат=>Ячейки=>Шрифт) меню командасы арқылы кесте тақырыптарын Times Kasakh қаріптеріне өзгертіп, мөлшерін 12 етіп, қисайтылған (курсив) түрде жазыңыз.

Бағаналар енін жаңа қаріптермен жазылған мәтін толық сиятындай етіп өзгертеміз. Тақырыптарды бағаналар ортасында орналастыру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет