Лекция: 30 сағ. Зертханалық сабақтар: 15 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет19/20
Дата09.03.2016
өлшемі12.01 Mb.
#47385
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Хабардың тақырыбы


Электрондық поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: хабардың тақырыбы және негізгі бөлімнен.Тақырып келесідей өрістерден тұрады:Кімге ( Кому-адресаттың аты); Көшірмесі(Копия) – мұнда осы хаттың көшірмесі жіберілген адресаттардың аттары.Тақырып (Тема)-мұнда хабардың қысқаша мазмұны келтіріледі.Электрондық поштамен мәтіндік, мультимедиялық, архивтік және басқа да файлдарды жібере аламыз. Негізгі бөлімде жіберілетін мәтін орналасады.

Пошталық клиенттердің қызметі мен қасиеттері

Электрондық пошта клиенттерінің түрлері өте көп.Windows операциялық жүйесі үшін кең қолданылатын пошталық клиенттер:



  • Microsoft Outlook

  • Microsoft Outlook Express

  • Eudora (www. Eudora. Com.)

Пошталық клиеттердің кейбір қасиеттері мен атқаратын қызметтеріне тоқтала кетелік.

Хабарды қабылдау және дербес көру. Бұл барлық пошталық клиенттердің негізгі қызметі.РОР3 серверіне қосылған соң, келіп түскен хабарлар пошталық клиентін мәліметтер базасына автоматты түрде көшіріледі,осыдан кейін оны дербес режимде оқуға болады (яғни тораптан ағытулы күйде).

Жаңа хабарды даярлау. Бұл функцияны жүзеге асыру үшін программаның құрамдас мәтіндік редакторы болады. Мұнда алмасу буферін қолдану, мәтіннің қодталуын таңдау мүмкіншіліктері қарастырылған.

Хабарды реттеу. Шығатын және келетін хабарды ретке келтіру топтаудың және сұрыптаудың көмегіменжүзеге асырылады.Хабарларды логикалық қаптамаларға орналастыру топтау болып табылады. Шындығында барлық хабарлар бір ортақ мәліметтер базасында сақталады.

Оларды қаптамаларға орналастыру базадағы жазбаларды сүзгілеумен пара-пар .



ІІІ - кредит

1 Сабақ.



Сандарды енгізу

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, -таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген саннын ені экрандағы ұяшықтың енінен артық. болса, онда Ехcel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына # ### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).

Әдетте экранда санның ең үлкен және ен кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01E+08 болып жазылады, ягни ол 5,01 108 дегенді біддіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады (5-109). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.
Формулаларды енгізу

Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны =С1 + Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.



Бағаналар ені мен жолдар биіктігін өзгерту

Бұл әрекетгерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе жолдар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы


бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ
батырмасын басып, бағананы немесе жолды тарту (сығу) керек.
Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуге тиіс
бағаналарды (жолдарды) ерекшелеп алып,
Формат=>Жол=>Мөлшер(Размер) немесе Формат=>Бағана=>Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.

2 Сабақ.



Ұяшықтағы мәліметтерді түзету

Мәліметгерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.

Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяга ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін F2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.

Назар аударыңыздар! Мәліметтер енгізілісімен автоматты түрде есептеу процесі басталып, өздеріне қатысты ұяшықтардағы нәтижелік мәліметтер бірден өзгеретініне назар салыңыздар!

Бұл — электрондық кестелердің ең маңызды қасиеттерінің бірі.

Жолдармен, бағаналармен, блоктармен операциялар орындау

Бұл операциялар алмастыру буферінің (қиып алу, көшіру, кірістіру) көмегімен, сондай-ақ тышқан тетігінің көмегімен де меню арқылы орындалады.



Орын ауыстыру

Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға ауыстырғанда НЕНІ және ҚАЙДА орналастыратынымызды айқындап көрсету қажет. Орын ауыстыруды орындау үшін ұяшықты немесе блокты (НЕНІ ауыстыру керек) ерекшелеп аламыз да оған тышқан курсорын алып барамыз, сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызықка айналады. Сонан соң ерекшеленген блокты не ұяшықты тышқанмен іліп альш, мәліметтерді ҚАЙДА орналастыру керек болса сол орынға алып барамыз.


3 Сабақ.

Мәтіндік қаріпті туралау

Кез келген ұяшыктан мәліметтерді сол жақ, оң жақ. шетке туралауға, ортаға жылжытуға (көлденең, тік бағыттарда) және де мәтінді тіке орналастыру тізбегін де {жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай) бағыттап өзгертуге болады.

Мәтіннің тіке орналастыру тізбегін (ориентация) өзгерту үшін Форматтау аспаптар тақтасын немесе Формат=»ұяшық=>Туралау меню командасын пайдалану керек.

Форматтау аспаптар тақтасының батырмалары арқылы негізгі және қосалқы кестелер үшін оларды қоршап тұратын тіктөртбұрышты жақтаулар (рамка) сызып шығайық.

Жақтау сызықтарын сызу үшін аспаптар тақтасы батырмасын немесе Формат=Ұяшық=Жақтау (Формат>Ячейки=Рамка) меню командасын да пайдалануға болады.

Бұған қоса кесте ішін бір түспен (мысалы, сары) және кесте тақырыптарын екінші түспен (мысалы, қызғылт) бояп қоюға да мүмкіндік бар.



Фон түстері

Кез келген ұяшық немесе блок ішіндегі мәліметтер айналасындағы фон түсін де (штрих сызықтар, олардың сызығының немесе фонның түсін) өзгертуге болады.

Фон түсін өзгерту кезінде Форматтау тақтасының батырмасын немесе Формат=Ұяшық=>Сыртқы түр меню командасын пайдаланса болады.

4 Сабақ.

Сандар туралы

Ұяшықтағы сандарды әртүрлі форматтарда бейнелеуге болады. Мысалы, 100 санын былай жазуга болады: 100,00 тенге - ақша түріндегі форматта; 10000% — проценттік түрде; 1.00E+02 -ғылыми түрде. Сандарды (басқа мәліметтерді де) безендіріп жазуды орындау үшін Форматтау тақтасының батырмаларын немесе Формат=>Ұяшық командасын пайдалануға болады.

Бұл команданы орындау үшін:

— қалыптастырылатын ұяшықты не блокты ерекшелеп алыңыз;

Формат=Ұяшық (Ячейка)=Сан (Число) командасын тандап алыңыз;

экранға шыққан сұхбат терезесінен керекті сандық форматты тандап алыңыз.

Ұяшықтағы сан форматын өзгерту кезінде ұяшықтағы мәліметтерді бейнелеу тәсілі өзгереді, ал санның мәні өзгермейді.

Егер ұяшықтар #### символдары түрінде бейнеленсе, онда саннын ені ұяшық енінен артық екенін көрсетеді. Мұндайда ұяның енін кеңейту керек.

Еңді мына өрекеттерді орындайық:


  1. Масштабты 75% етіп тағайындаймыз.

  2. У мәндерін F бағанасынан K,L,M,N бағаналарына көшіреміз. Ол үшін тышқанның оң батырмасын басқанда, экранға контекстік тәуелді меню шығады, оның ішінен
    Мәндерді көшіру (Копировать значения) пунктін таңдап алу керек.

  3. К бағанасына сандардың үтірден соң, екі танбасы көрінетін форматын (0,00) енгіземіз.

  4. L бағанасы үшін Ғылыми сандар (экспоненциалдық) форматын береміз.

  5. М бағанасына Проценттік форматын береміз.

6. N бағанасы үшін өзіміздің жеке форматымызды (Паңдаланушы үшін - Пользовательский) тағайындаймыз, оны үтірден кейін төрт таңба бейнелейтін етіп былайша енгіземіз:

Формат>¥яшық=>Сан>Код:0,0000,ОК

7. K2:N24 блогын негізгі және қосалқы кестелер түрінде дайындаймыз (тақырып, жақтау, толтыру, шрифт).
5 Сабақ.

Кестені экранға және принтерге шығару

Excel-де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндік бар. Ол үшін Файл=>Қарап шығу (Файл=>Просмотр) меню командасын орындау немесе Стандартты құрал-аспаптар тақтасының Алдын ала қарап шығу (Предварителный просмотр) батырмасын басу керек. Алдын ала қарап шығу функциясы кестені экранға шығарады, бірақ оны түзетуге мүмкіндік бермейді. Кестені түзету үшін қайтадан кәдімгі кесте тәртібіне көшу керек. Бірақ қарап шығу режимінде мынадай пайдалы операцияларды: парақ параметрлерін өзгерту, оның шетіндегі бос орындарды анықтап, кестені беттерге болу және қағазға басу істерін орындай аламыз.

Алдын ала қарап шығу операциялары келеңсіз жағдайларды болдырмай, уақытты әрі қағазды тиімді пайдалануға мұрсат береді.

Сонымен, бұл режимде жұмыс атқару үшін:



  1. Стандартты аспаптар тақтасының Алдын ала қарап шығу батырмасы арқылы алдын ала қараи шығу тәртібіне көшеміз.

  2. Парақ (Страница) батырмасын басып, параметрлер терезесінде кестені қағазға көлденең (альбом түрінде - альбомная ) немесе тік (кітап түрінде - книжная) басатынымызды анықтап адамыз.

  3. Параметрлер терезесіндегі Өрістер (Поля) батырмасын басып, экраннан қағаз шетіндегі сызықпен бөлінген бос орындарды бағдарлаймыз. Тышқан сілтемесін тік сызықтың
    сол жағындағы екінші квадратқа жеткізіп, оның батырмасын басулы күйінде үстап, төменнен 2,50 деген санды көреміз. Бұл осы сәттегі жоғаргы бос орындар өрісінің мөлшері. Оны 3,00 санына өзгертейік.

Осы тәсіл аркылы алдын ала карап шығу режимінде беттің төрт шетіндегі бос орындар өрісінің мөлшерін де анықтап аламыз. Сол жақ шеттегі бос орындар мөлшерін де 1,00 -ге теңейік.

Барлық бос орындар өрісін кесте толық көрінетіндей етіп орнатып аламыз.

4. Принтердің компьютерге косылып, оның өзінің жеке ток көзіне қосылғанын да қарап шығу керек.

5. Баспа (Печать) батырмасын басу қажет.


6 Сабақ.


Кеңістікте көлемді дөңгелек диаграмма тұрғызу және оны түзету

Дөңгелек диаграммалар – жиі пайдаланатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе проценттерін бейнелеуге өте ыңғайлы. Енді дөңгелек диаграмма тұрғызу жолдарын қарастырайық:

  1. Жаңа файл дайындаймыз

  2. Мәліметтер кестесін дайындаймыз

  3. Диаграмма шебері батырмасын басып диаграмма тұрғызу үшін коректі мәліметтерді I3 : I6 блогын аламыз.

  4. Диаграмма қадам бойынша былай етіп тұрғызамыз:

- 1 қадамда I3 : I6 және А3:А6 блоктарын таңдаймыз

- 2 қадамда Кеңістік дөңгелек (Круговая обьемная) деген типті таңдаймыз

- 3 қадамда 6-форматты көрсетеміз

- 4-қадамда ешнәрсені өзгертпейміз

Excel бәрін өзі дұрыс таңдап алады.



  1. 5-қадамда түсініктемені (легенда ) қосамыз. Аттарын бұл қадамда енгізбей тұрамыз, сонда экранға дөңгелек диаграмма бейнесі шығады. Енді безендіру (көркейту) элементтерін енгізу үшін, он түзету режиміне көшеміз.

7 Сабақ. .



Абсалюттік, Салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу.


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка - Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және он ы “Сілтемелер” деп. атаңыз.

  3. А1:А10, В1:В10 ұяшық ауқымдарына әр түрлі сандар енгізіңіз.

  4. В1:В10 ауқым ұяшықтарын ерекшелеп, стандарттық панельдегі Кемуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) командасын қолдана отырып, оның мәндерін іріктеңіз.

  5. С1 ұяшығына =А1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  6. С1 ұшығын ерекшелеп Альп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы С10 ұяшығына әкеліңіз.

  7. D1 ұяшығына=А$1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  8. D1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы D10 ұяшығына әкеліңіз.

  9. Е1 ұяшығына =$А1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  10. Е1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Е10 ұяшығына әкеліңіз.

  11. Ғ1 ұяшығына =$А $1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  12. Ғ1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Ғ10 ұяшығына әкеліңіз.

  13. G1 ұяшығына =$А $1+$В$1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  14. G1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы G 10 ұяшығына әкеліңіз.

  15. Н1 ұяшығына =А1+В$1 формуласын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

  16. Н1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Н5 ұяшығына әкеліңіз.

  17. Абсалютті, салыстырмалы және ар алас сілтемелерді қолданудың көмегімен С, D, E, F, H бағандарының мәндері дұрыс есептелінетіндігін байқаңыз. Алған нәтижелердің айырмашылығы неде?

  18. А11 ұяшығына келесі сөзді енгізіңіз “Қосынды =”

  19. Автоқосындының нәтижесін алу үшін В11 ұяшығына шертіңіз. Бұл үшін стандарттық панеліндегі Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз. Йордан соң А1:В10 ауқымдарын тышқанмен ерекшелеп, Enter-ді басыңыз.

  20. Microsoft Excel жұмыс кітабының 2-ші беті не ауысып, оған “Теңдеу” атауын беріңіз.

  21. А1 ұяшығына 0 мәнін қойыңыз.

  22. А1 ұяшығына сіл темені тәуелсіз айнымалы ретінде қолданып, В1 ұяшығына х3+6х2-15х=-8 теңдеуінің сол жақ бөлігін қойыңыз. Сәйкес формула мынадай түрде болады =А1^3+6*A1^2-15*A1

  23. Сервис-Параметрді іріктеу (подбор параметра) командасын беріңіз.

  24. Ұяшыққа тағайындау (Устоновить в ячейке) өрісіне В1-ді енгізіңіз, Мән (Значение) өрісіне –8 мәнін қойыңыз, Ұяшық мәнін өзгерте отырып (Изменяя значение ячейки) өрісіне А1-ді енгізіңіз.

  25. ОК батырмасын шертіп, Параметрі іріктеу нәтижесі (Результат подбора параметра) сұхбат терезесінде бейнеленген таңдау нәтижесіне қараңыз. Операцияға қатысқан, алынған ұяшық мәндерін сақтау үшін,ОК батырмасын шертіңіз.

  26. А1 ұяшығына басқа мәндерді қою арқылы есептеуді қайталаңыз. Есептеудің нәтижелері тура келді ме? Айырмашылықтарын түсіндіріңіз?

  27. Құжатты сақтап қойыңыз.

8 Сабақ.

Excel программасындағы мәліметтер базасын қолданылатын қарапайым амалдар.

1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

2. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка - Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіп, оған Жеткізушілер жайлы мәліметтер атауын енгізіңіз.

3. Ірі сауда үйі бес түрлі жиһазды: стел, орындық, диван, төсек және шкаф – бес жеткізушіден: Алматы, Астана, Қызылорда, Талдықорған, Тараз алады деп. күтілуде. Жеткізушінің әрқайсысы кез-келген жиһаз Турін жеткізе алады. Әр жиһаз айына бір рет жеткізіледі, өлшем бірлігі ретінде жиһаздың саны қолданылады.



  1. А1:D1 ұяшықтарына сәйкесінше мәліметтер базасы өрісінің тақырыптарын енгізіңіз: Ай, Жеткізуші, Жиһаз, Саны.

  2. Жоғарыда көрсетілген құрылымнан тұратын он шақты жазбаны енгізіңіз. “жеткізу санының” мағыналы болуы міндетті емес.

  3. Мәліметтер базасын сұрыптау. Мәліметтер базасының кез-келген ұяшығын ағымдық етіңіз және Мәліметтер – Сұрыптау (Данные - Сортировка) командасын беріңіз. Бұл жағдайда бүкіл мәліметтер базасы белгіленеді (өрістер тақырыбынан басқасы).

  4. Бойынша сұрыптау (Сортировать по) тізімінен Ай бөлімі мен Өсуі бойынша режимін таңдаңыз.

  5. Сонан соң (екінші рет сұрыптау) тізімінен Жеткізуші бөлімі мен Өсуі бойынша режим таңдаңыз.

  6. Соңғы кезек (В последнюю очередь) бөлімінен Жиһаз бөлімі мен Өсуі бойынша режимін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  7. Көрсетілген шарттар бойынша мәліметтер базасының сұрыпталғанына көзіңізді жеткізіңіз

  8. Мәліметтер базасын сұрыптаудың режимі. Аспаптар панеліндегі Болдырмау батырмасының көмегімен, мәліметтер базасы жазбаларының бұрынғы режимін қалпына келтіріңіз. Сұрыптаудың осы режимін басқа әдіспен жасауға да болады.

  9. Жиһаз бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз.

  10. Жеткізуші бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз.

  11. Ай бағанынан кез-келген ұяшықты таңдап, аспаптар панелінен Өсуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын шертіңіз. Ақырғы сұрыптау режимі алдағы жағдайдағыдай екеніне көзіңіз жетсін. Біз бұл жағдайда ең алғаш үшінші сұрыптауды, сонан соң екінші, соңғы бөлімде алғашқы сұрыптауды жүргізгенімізге назар аударыңыз.

  12. Мәліметтерді сүзгілеу. Сүзгілеу режимін қосу үшін Мәліметтер – Сүзгі – Автосүзгі (Данные – Фильтр - Автофильтр) командасын орындаңыз. Мәліметтер базасы өрістерінің тақырыптары жанында ашылған батырмалардың пайда болғанына назар аударыңыз.

  13. Тек Алматыдан жеткізілген жиһаздарды бейнелейтін жазбаны алу үшін, Жеткізуші өрісінің жанынан ашылған жебелік батырманы шертіп, тізімінен Астана бөлімін таңдаңыз. Жұмыс істеуші сүзгінің ашылған батырмаларымен таңдалынған жолдың номерлері көк түспен бейнелейтіндігіне Назар аударыңыздар. Ағымдағы сүзгіні алып тастау үшін, ашылған бағытты тағы бір рет шертіп, Барлығы (Все) бөлімін таңдаңыз.

  14. Ең Ірі көлемдегі қойылымды сұрыптау алу үшін, Саны (количество) өрісінде ашылған бағытты шертіп, тізімдегі Алғашқы10 (первые 10) нұсқасын таңдаңыз.

  15. Санауыштың (Счетчик) көмегімен 20 санын, ең алкен (наибольших) бөлімін әне элемент санының %-ті (% от количества элементов) нұсқасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде жазбалардың 20% -ін құрайтын ең алкен жеткізу көлемдері таңдалынып алынады.

  16. Сүзгі жазбасының режимін өзгерту үшін, тағы да Мәліметтер – Сүзгі – Автосүзгі (Данные – Фильтр - Автофильтр) командасын орындаңыз.

9 Сабақ. .

Excel программасында құрама кестенің тұрғызылуы


  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Мәліметтер базасы ішіндегі кез-келген ұяшықты ағымдық етіп алыңыз. Мәліметтер – Құрама кесте (Данные – Сводная таблица) командасын орындаңыз.

  4. Тізімде немесе Microsoft Excel мәліметтер базасында Құрама кесте (Сводная таблица) ауыстырып-қосқыштарының орнатылғанына көзіңізді жеткізіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.

  5. Мәліметтер базасы ауқымының дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.

  6. Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып – қосқышы орнатылғанын көресіз. Макет батырмасын шертіңіз.

  7. Батырмаларды құрама кесте макетінің тиісті аймақтарына әкеліңіз: Ай батырмасын – Бет (Страница) аймағына, Жеткізуші – Бағана (Столбец) аймағына, Жиһаз батырмасын – Жол (Строка) аймағына, Саны батырмасын – Мәліметтер (Данные) аймағына.

  8. Мәліметтер (Данные) аймағындағы батырма Саны өрісінің қосындысы түрін иемденеді. Бұл бізге қолайлы. ОК батырмасын шертіңіз.

  9. Параметрлер батырмасын шертіңіз. Атау өрісіне Жеткізудің құрама кестесі мәтінін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз. Сонан соң Дайн (Готово) батырмасын шертіңіз.

  10. Құрама кесте жұмыс парғының атын, оның түбіртегін екі рет шерту арқылы ауыстырыңыз.

  11. Дайын болған құрама кестеге көңіл аударыңыз. Ол нақты жеткізушіден жеткізу уақытына тәуелсіз, нақты ханша жиһаз келгенін көрсетеді. Осы ұяшықтағы мәліметтер негізінде құрылған жазбаларды жаңа жұмыс парағын көру үшін құрама кестенің кез-келген ұяшығына екі рет шертіңіз.

  12. Кесте өрісі атауларының тұсынан ашылатын жебелік батырмалар сәйкестендірілген өрістерде сұрыптау жүргізуге мүмкіндік береді. Қажетті айға байланысты мәліметтерді көру үшін, Ай тізімінен нақты айды таңдаңыз.

  13. Ай батырмасын Баған аймағына, ал Жиһаз батырмасын – Бет аймағына әкеліңіз. Құрама кесте шұғыл түрде жаңа құрылымға байланысты құрылады.

  14. Саны өрісінің қосындысы батырмасына екі рет шертіңіз. Ашылған Құрама кесте өрісінің есептьеулері (Вычисление поля сводной таблицы) сұхбат терезесінің Қосымша (Дополнительно) батырмасын шертіңіз. Ашылған Қосымша есептеулер тізімінен Жол бойынша қосындының үлесі бөлімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  15. Құрама кестенің жаңа түріне көңіл аударыңыз. Кестенің ішінен бүкіл жеткізу ағымында әрбір еткізушінің қандай үлес алатындығын анықтадық.

  16. Құжатты сақтап қойыңыз.

10 Сабақ.

Excel программасында құрама диаграмманың тұрғызылуы.




  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Құрама кестенің аспаптар панеліндегі Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) батырмасын шертіңіз.

  4. Осы жұмыс парағына Құрама диаграмма (Сводная диаграмма) атауын беріңіз.

  5. Құрама диаграмманың қандай параметрін өзгертуге болатынын білу үшін, онымен тәжірибе жасаңыз.

  6. Көрсетілген мәліметтерді сүзгілеңіз.

  7. Диаграмма бейнеленген шамаларды өзгертіңіз.

  8. Мәліметтер базасы өрісін диаграмманың басқа аймағын орналастырыңыз.

  9. Диаграмма типін өзгертіңіз.

  10. Диаграмма элементтерін бейнелейтін пішімді өзгертіңіз.

11 Сабақ.

Енгізілген мәліметтерді тексеру режимін баптау.



  1. Excel программасын іске қосыңыз. Бұрын даярланған жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Бізде жиһаздармен жеткізушілердің нақты тізімі бар деп алайық, сондықтан да бұл шамаларды қолмен енгізудің қажеті жоқ. Сон дай-ақ кез-келген жиһаздың бір жолғы жеткізілу саны 150-ден аспауы керек деп. санайық.

  4. Келесі тәжірибелерді жүргізу үшін мәліметтер базасына қандай-да бір бұрмалау енгізіңіз: бір-екі жазбаларда жеткізушінің атын қате беріңіз, бір-екі жазбаларда жиһаз атауын қате қолданыңыз, бір-екі жазбаларда жеткізу санын артығымен көрсетіңіз (150-ден артық).

  5. Мәліметтер базасынан тыс жерде, мысалы Ғ бағанында, Ғ2-Ғ6 ұяшықтарына еткізушілердің аттарын бір-бірден енгізіңіз.

  6. Сон дай әдіспен G2 : G6 ұяшықтарына жиһаздардың дұрыс атауларын көрсетіңіз.

  7. Мәліметтер базасының В бағанындағы барлық ұяшықтарды ерекшелеңіз. Баған тақырыбын қоспай Мәліметтер – Тексеру (Данные - Проверка) командасын беріңіз.

  8. Ашылған Мәліметтер типі тізімінен Тізім (Список) нұсқасын таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісіне көшіп Ғ2:Ғ6 ауқымын енгізіңіз. Егер ауқым таңдалынса, онда сілтеме шұғыл түрде абсолют сілтеме түрінде алынады. Бадан соң ОК батырмасын шертіңіз.

  9. Содай әдіспен Жиһаз өрісіне енгізуге мүмкін мәндерді таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісінде G2: G6 ауқымдарын міндетті түрде көрсетіңіз.

  10. D бағанындағы барлық ұяшықтарды таңдаңыз. Мәліметтер – Тексеру (Данные - Проверка) командасын орындаңыз. Мәліметтер типі (Тип данных) өрісінде Нақты (Действительное) нұсқасын таңдаңыз. Минимум және Максимум өрістеріне, сәйкесінше 10 және 200 мәндерін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз.

  11. В бағанындағы кез-келген ұяшықты ағымдық етіңіз. Енді тізімде жоқ қате мәндерді енгізу мүмкін емес екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Тізімнен мүмкін болатын мәндерді таңдау үшін ашылған жебелік батырманы шертіңіз.

  12. Осындай әдіспен D бағанындағы ұяшыққа мәтін немесе берілген интервлда жатпайтын мәнді енгізіп көріңіз. Бұл жасау мүмкін емес екенін байқайсыз.

  13. Мәліметтер базаға тексеру қосылмай тұрып енгізілгендіктен, оларда қате болуы мүмкін. “Сервис – Тәуелділік – Тәуелділік панелі” (Сервис – Зависимость – Панель зависимости) командасын беріңіз.

  14. “Қате мәліметтерді қоршау” (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Қатесі бар ұяшық (4-ші бөлімде құрылған) қызыл түспен қоршалғанын байқайсыз.

  15. Қателерді түзетіп, тағы бір рет “Қате мәліметтерді қоршау” (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Белгілердің жойылғанына көзіңізді жеткізіңіз.

  16. Құжатты сақтап қойыңыз.

12 Сабақ.

Параметрлі сұраныс құру

Сұрыптау шарте қалай жұмыс істейтінің біз жоғарыда қарастырдық, бірақ оның өзіндік кемшіліктері бар. Мәліметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кітаптарды іріктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кітаптарды іріктей алмайды, өйткені ондай сұраныс жоқ.

Параметрлі сұраныс қолданушыға мәліметтерді сұрыптаудың критериін өзі енгізуге мүмкіншілік туғызады.

Кітаптар іріктегенде сұранысты іске қосқаннан кейін ақырғы бағаны қолданушының өзі енгізетіндей сұраныс даярлайық.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. “Конструктор режим інде сұранысты құру”(Создание запросив в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.

  4. №4 вариант ұмыс бойынша Оқулықтар кестесіне негізделген, келесі өрістерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:

1. кітаптың аты мәтіндік

2. кітаптың авторы мәтіндік

3. бағасы қаржылық

4. баспасы мәтіндік


  1. Сұранысты іске қосқанда қолданушы қажетті мәнді енгізетін хабар Ала алатындай етіп Бағасы өрісінің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.

Қолданушының назарына арналған мәтін тік жақшаға алынуы қажет. Егер біз бағалары 400-ден қымбат кітаптарды іріктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едік. Егер бағасы 100-теңгеден арзан кітаптар қажет болса, онда <100 деп енгізер едік. Бірақ біз бағаны таңдау мүмкіндігін қолданушының өзіне берек, онда



<[Ең жоғарғы бағаны енгіз] деп. жазуымыз қажет.

  1. Сұраныс (Запросы) терезесін жабыңыз. Жабу кезінде оны “Оқулықтарды таңдау” деген ат пен сақтап қойыңыз.

  2. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелі ашыңыз және Кітаптарды таңдау сұранысын іске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдің мәнін енгіз (введите значение параметра ) деген жазу бар терезе ашылады.

  3. Өзіңіз қалаған мән енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Оқулықтар кестесіндегі енгізілген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесі – қорытынды кесте алынады.

  4. Мәліметтер базасының барлық обьектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Таңдамаға сұранысты құру.


Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.

  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз. “Конструктор режим інде сұранысты құру” (Создание запросив в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.

  4. Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.

  6. Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарте (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонд кестеден көлемі 500-ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.

  7. Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға<150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 тьеңгеден кем болмайтын басылымдар ғана іріктеліп алынады.

  8. Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.

  9. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңызда, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №2 вариантта Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде-бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтер толтырыңыз.

  10. Зерттеу аяқталған соң ашық обьектілердің барлығын жауып, Microsoft Access программасын жабыңыз.

13 Сабақ.

Қорытынды сұраныс дайындау.


Оқулықтар кестесіне кітапхнадағы барлық оқулықтардық параметрлерін енгізе отырып түгел толтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемін және орташа бағасын білуге болады. Қандай да бір сандық өрістің барлық жазбаларына қолданылатын есептеулерді қорытынды сұраныс дейді. Қорытынды сұраныста өрістің барлық ұяшықтары бойынша орта мәннәі шамасы мен мәндерінің қосындысын есептеуге, өрістегі мәліметтердің ең алкен немесе ең кіші мәндерін табуға және басқа ад қорытынды функцияны орындауға болады. Қорытынды сұраныстарда, таңдамалы сұраныстар сияқты үлгі бойынша сұраныс блакісінің көмегімен дайындалады.

Айталық, кітапханада оқулықтың үш категориясын: экономикалық, заң және техникалық болсын. Біздің мақсатымыз-әрбір категориядағы әдебиеттің орташа бағасын анықтайтын қорытынды есепті шығару.



  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесіндегі Кестелер (таблицы) панелі ашыңыз. Онда Оқулықтар кестесін дайындаңыз.

  4. Аспаптар панеліндегі Конструктор таңбашасын шерту арқылы кестені жобалау режим інде ашыңыз – мунда біз әрбір кітап қай категорияға жататыны туралы мәліметтер сақталатын қосымша категория өрісін құра аламыз.

  5. Кестенің құрылымының басына жаңа өріс енгізіңіз. Ол үшін бір інші өрісті (Кітаптың аты) ерекшелеп алып, INSERT батырмасын басыңыз.

  6. Жаңа өрістің атын енгізіңіз – категория және оның типін анықтаңыз – мәтіндік.

  7. Конструктор терезесін жабыңыз. Жабар алдында, кестенің құрылымын өзгерту қаеттілігін құптаңыз.

  8. Оқулықтар кестесін ашып, оның әрбір категориясын мазмұнды мәліметтермен толтырыңыз. Әрбір категориядағы басылымдардың бағасын еркіңізше қойыңыз. Кестенің басқа өрістерін толтырмай –ақ қоюыңызға болады, өйткені олар қорытынды есептеулерді жүргізгенде қатыспайды.

  9. Оқулықтар кестесін жабыңыз.

  10. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелі ашыңыз.

  11. Конструктор режиміндегі сұранысты құру белгісін екі рет шертіңіз. Ашылған Кестелерді қосу (Добавление таблицы) терезсінен Оқулықтар кестесін таңдаңыз, соның негізінде қорытынды сұраныс дайындалады. Кестелерді қосу терезесін жабыңыз.

  12. Оқулықтар кестесінің үлгі бойынша сұраныс бланкісіне келесі өрістерді енгізіңіз: Категорія, Кітаптың аты және Бағасы.

  13. Бағасы өрісі үшін өсуі бойынша сұрыптауды қосыңыз.

  14. Microsoft Access аспаптар панелінен Топтық амалдар батырмасын немесе меню жолын (Вид – Групповые операции) қолданыңыз. Бұл команда бланкінің төменгі бөлігінде Топтық амалдар (Групповые операции) жолын шығарып алу үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер даярланады. Сұраныс үшін іріктелініп алынған барлық өрістердің осы жолына Топтау (Группировка) мәні енгізіледі.

  15. Топтау жүргізілетін өріс үшін (Категория) Топтық амалдар (Групповые операции) жолында Топтау мәнін қалдырыңыз. Басқа өрістердің осы жолына қорытынды функцияларды енгізуге болады. Ол үшін осы жолда тышқанның батырмасын шерту арқылы ашылатын тізімді алуға болады. Соның ішінен осы өрістегі мәндерге қолданылатын қорытынды функцияны таңдаймыз.

  16. Бағасы өрісіне басылымдардың орта құнын анықтап беретін Avg қорытынды функциясын енгізіңіз.

  17. кітаптың аты өрісіне Count қорытынды функциясын тағайындаңыз. Count функциясы – топқа кіретін алпы жазбалар санын анықтайды.

  18. Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жауып, он Кітаптардың орта құны деген ат пен сақтап қойыңыз. Дайын болған сұранысты іске қосып, дұрыстығын тек серп көріңіз.

  1. Мәліметтер базасының барлық обьектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

14 Сабақ.

Көшіру амалын қолданып мәліметтерді енгізу.
Отырар кітапханасы мәліметтер базасының Оқулықтар кестесіндегі кейбір мәліметтерді аңа Менің кітапханам мәліметтер базасының Менің оқулықтарым кестесіне көшірейік:


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Жаңа Менің кітапханам мәліметтер базасын құрыңыз.

  3. Конструктор реимінде жаңадан Менің оқулықтарым кестесін құрыңыз. Бұл кесте келесідей өрістерден тұратын болсын:

өріс атауы өріс типі

      1. кітаптың аты мәтіндік

      2. кітаптың авторы мәтіндік




      1. баспасы мәтіндік

      2. шыққан жылы мерзім/уақыты

      3. кітаптың номері мәтіндік

      4. көлемі сандық

      5. бағасы қаржылық



  1. Тағы бір Accessті іске қосыңыз және ондағы Отырар кітапханасы мәліметтер базасын ашыңыз.

  2. Тізімнен Оқулықтар кестесін тауып, он кесте режим інде ашыңыз.

Кестенің жоғарыда аталған өрістеріне сәйкес жазбаларын ерекшелеп алыңыз.

  1. Ерекшеленген жазбаларды алмасу буферіне орналастырыңыз.

  2. Менің кітапханам мәліметтер базасына өтіп, Менің оқулықтарым кестесіндегі бір інші жолын ерекшелеп алыңыз.

  3. Сонан соң алмасу буферіндегі мәліметтерді қойыңыз. Экранда хабар пайда болады: Келесі жазбалар санын кірістіруге әрекет жасалуда: 10. Жазбалар қойылсын ба? ИӘ деп. жауап беріңіз. Алмасу буферіндегі мәліметтер жаңа кестеге енгізіледі.

15 Сабақ.

Алғашқы қалыпты даярлау.


  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: Мәліметтер базасы терезесіндегі Оқырмандар кестесін ашыңыз.

  4. Ол кестеге келесі өрістерді қосыңыздар:

Өріс атауы Өріс типі

1. туған жылы мерзім/уақыты

2. мекен-жайы мәтіндік

3. телефоны мәтіндік

4. білімі мәтіндік


  1. Жаңа өрістерге қажетті жаба мөлшерін енгізіңіз.

  2. Accessтің негізгі терезесіне байта оралыңыз. Кестелер тізімінен Оқырмандар кестесін ерекшелеңіз де, аспаптар панеліндегі аңа обьект (Новый обьект) батырмасын басыңыз. Тізімнен Автоқалып (Автоформа) обьектісін таңдап алыңыз. Нәтижесінде автоматты түрде құрылған әне енгізу үшін ашулы тұрған қалып аламыз.

  3. Қалыпты конструктор режим інде ашыңыз. Бағасы басқару элементтерін ерекшелеп алып, оларды өшіріп тастаңыз.

  4. Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Кітаптың номері, Туған жылы, Мекен-айы, Телефоны, Білімі басқару элементтерін аңа орынға орналастырыңыз.

  5. Файл – Сақтау (Файл - Сохранить) командасын орындап немесе Қалыптар конструкторы аспаптар панеліндегі Сақтау (Сохранить) батырмасын басыңыз.

  6. Пайда болған Сақтау (Сохранить) сұхбат терезесіндегі Қалыптың атын енгізу өрісіне қалыптың атын Оқырманның кітапшасы деп. көрсетіңіз. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Қалыптар (Формы) терезесін жабыңыз.

  8. Қалыптар тізімін алу үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Қалыптар (Формы) таңбашасын шертіңіз. Осы тізімде Оқырманның кітапшасы деген бір бірінші қалып пайда болады.

Microsoft Access программасын жабыңыз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова, Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. Информатика для юристов и экономистов. Под редакцией С. В. Симоновича.

  4. Хаританова И. Самаучитель Ассеss 2000. Санкт-Петербург: Питер, 2001,383 с.

  5. Борланнд Р. Знакомство с Windows 98.-M.: Microsoft Press, Русская редакция, 1997,376 с.

  6. Павлова Н.Т. Компьютерный курс лекций. Астана 2001.,38 с.

  7. Лентьов Ю. Microsoft Office 2000: краткий курс. Санкт-Петербург: Питер, 2000, 288 с.

  8. Сагман С. Эффективная работа с Power Point 7.0. Санкт-Петербург: Питер, 1997,496 б.

  9. Пфаффенберген Б.Эффективная работа с Microsoft Internet Explorer 4.0. Санкт –Петербург,1998,416 с.

  10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті

“Жаратылыстану” факультеті

“Информатика” кафедрасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет