Лекция: 30 сағ. Зертханалық сабақтар: 15 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет6/20
Дата09.03.2016
өлшемі12.01 Mb.
#47385
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Монитор


Монитор (дисплей) - текстік және графикалық ақпаратты экранға шығаруға арналған. Монитор түрлі түсті және монохромды (қара-ақ ) болып бөлінеді. Монитор текстік және графикалық режимді қарстыратын видеоадаптер деген арнайы құрылғының басқаруымен жұмыс істейді.

Текстік режимде экран 80 символ не 250 символ сиятын 25 жолға бөлінеді. Бұл жолдардағы орынға кодтар таблицасындағы кез - келген символдарды енгізуге болады.

Графикалық режимде бейне не сурет телевизордағы сияқты белгілі бір түске боялған нүктелердің бірігуі арқылы құрылды. Қазіргі уақытта EGA видеоадаптері бар түрлі түсті монитор кең тараған (Enhanced Graphic Adapter –– жақсартылған графикалық адаптер)

Текстік режимде бұл мониторлардың экранында 16 түстің бірі фонға, жолға енгізілген символға сәйкес болады.

Графикалық режимде бейненің жақсы шығуы видеоадаптердің мүмкіндігіне және қабілетіне байланысты.

Бұл дегеніміз горизонталь және вертикаль бойынша шығарылатын нүктелер саны. Адаптердің мүмкіндігі немесе қабілеттілігі оның жұмыс істеу режиміне байланысты. Бейненің экрандағы ең кіші элементі (нүкте) пиксель деп аталады. Текстік режимде программалық – аппараттық құрылғылармен әр символ үшін пиксельдерден матрица құрылады, бұл матрица символ бейнесінде экранға жазылады. Суреттің, кескіннің экранға жақсы бейнеленуі манитордың физикалық берілгендеріне видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты. текстік режимде компьютер мониторларының бір – бірінен айырмасы сәл ғана, графикалық режимде видеоадаптердің мүмкіндігіне байланысты кескінніңде сапасы артады.



Тышқан

Қазіргі көптеген прогаммалармен жұмыс істеу үшін тышқан немесе оны ауыстыра алатын құрылғылар қолданылады. Бұл құрылғыларды көрсеткіш (указатель ) құрылғылар деп аталады.





Тышқан алақанға сиятын, екі не үш кнопкасы бар кішкене қорапша. Жүелік блокқа жалғанатын проводымен бірге ол шынында тышқанға ұқсайды.Тышқанды стол бетімен қозғалтқанда компьютер экрандағы тышқанның стрелкасыда қозғалады. Керекті командаға стрелканы әкеліп кнопканың біреуін бассақ, командамыз орындалады. Әдетте тышқанның сол жағындағы кнопка қолданылады.





    1. Дербес компьютерлердің ішкі құрылғылары

Аналық тақша

Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады. Онда мынадай құрылғылар орналасады:


  • процессор;

  • шина;

  • жедел жад;

  • тұрақты жад;

  • слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары).

Процессор

Процессор – көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.

Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.

Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады. Бұлардың негізін қалаушы 16 – разрядты Intel – 8086 процессоры болып табылады. IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel – 80286, Intel – 80386, Intel – 80486, Intel – Pentium 60, 66, 75, 90, 100, 133; Intel Pentium ММХ, Intel Pentium Pro Intel Pentium II, Intel Celeron, Intel Pentium III процессорлары шығарыла бастады. Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады.

Процессордың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтері (моделдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік – олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді. Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90, 100, 133, 150, 166, 200 және 233 Мгц жиілікпен жұмыс істейді.


Шина

Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.


Компьютердің жады.
Компьютердің жады оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір – бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады.

Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді.

Жедел жад (ОЗУ) немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез – келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.

Тұрақты жад (ПЗУ) – стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты (BIOS, таңбагенераторларының кестесін және т.б.) энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар (программалауыштар) арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.


Қатқыл диск

Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дисклердің жинағынан тұрады. Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады. Қазіргі кезде қатқыл дискінің 80 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда.


Иілгіш дискілерге арналған дискжетек

Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер (дискет) арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан.

Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 диюмдік дискеттер қолданылады. Оған 1,44 байт көлемінде ақпарат жазылады.

Жинақы – дискіге арналған дискжетек

1994 – 1995 жылдар аралығында дербес компьютерлердің құрамына диаметрі 5,25 диюмдік болатын CD – ROM тасуыштары енгізілді. CD – ROM (Compact Disk Read-Memory) сөзінің қзақша аудармасы жинақы дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға (графиктік, музыка, бейне) тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды.
Бейнекарта

Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.

Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптерлер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді. Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған. Мысалы 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешу пайдаланылады. Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті. Көптеген қолданбалы программалармен жұмыс жасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады.


Лекция-5

(Дәріс – 5)

Тақырып: Программалық қамтамасыз ету.

Жоспар.


    1. Программалық жабдықтау

    2. Операциялық жүйе ұғымы.



5.1 Программалық жабдықтау

         Программалық жабдықтау - ол компьютерді "жандандырады".

 Программалық жабдықтау жүйелік, қолданбалы және программалау жүйелерінен тұрады.

    Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады.

    Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір - бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады.        Сонымен қатар операциялық жүйе - әмбебап жүйе, оны әртүрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылатын қосымша құрылғыларға баптауға немесе жеке баптауға болады.

 Компьютердің операциялық жүйесі төмендегі міндеттерді орындайды:

- компьютер қорларын: жадтың, процессорлардың, сыртқы құрылғыларының жұмысын басқарады:

- қолданбалы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- компьютер мен адам арасындағы қарым - қатынасты

ұйымдастырады.

    Оперциялық жүйелер өте көп. Біздің қарастыратынымыз үйде және мектептерде пайдаланып жүрген компьютерлерге арналған операциялық жүйелер. Бұдан аз уақыт бұрын компьютерлер  МS DOS операциялық жүйесін пайдаланған. Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйелер: Windows3.11, Windows'95, Windows'98, Windows'NT 4.0, Windows2000, Millenium, WindowsXP, OS/2, UNIX,Lunix және тағы басқалар.

  Бұл жүйелердің және көптеген өте қажетті қолданбалы программалардың негізгі жасаушысы американың Microsoft фирмасы.

      Компьютерде жұмыс атқаруды операциялық жүйе арқылы жұмыс атқару деп қарастыруға болады. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасында операциялық жүйе өте маңызды, түсінікті және достық қатынаста деп есептеуге болады. Адам мен компьютер арасындағы мұндай қатынасты интерфейс деп атайды. Дербес компьютерлерде интерфейстік қатынастарды командалық және терезелік деп екіге бөледі.

    Командалық интерфейсте адам компьютермен операциялық жүйе командалары арқылы қатынас құра алады, олардың түрлері өте көп. Операциялық жүйенің командалық интерфейсіне операциялық жүйе MS DOS жатады.

     Терезелік интерфейс - операциялық жүйеде компьютермен байланыс тек тышқанды пайдалану арқылы жүзеге асады. Компьютермен жұмыс атқару үшін графикалық бейне түрінде берілген амалдарды экранда таңдау арқылы тиімді қарым-қатынас жасауға болады. Графикалық бейнелерді, анықтамалық жүйені, интуитивтік нұсқауларды таңдау компьютермен қарым-қатынасты жеткілікті, әрі түсінікті етеді.

     MS DOS жүйесіне қарағанда Windows операциялық жүйесі бір мезгілде бірнеше есептерді шешуге мүмкіндік береді.

  Арнайы шарттардың: жүйелі блоктың амал орындау жылдамдығының, ішкі және сыртқы жад көлемінің артуының арқасында ғана Windows операциялық жүйесі MS DOS жүйесін алмастыра алды.

  Жүйе қабықшасы - бұл негізгі программамен жұмысты оңайлататын программа (программалар комплексі). Олардың негізгі принципі "не көріп тұрмын - соны орындаймын". Мұндай программаларды қолданғанда әртүрлі командалардың синтаксисін, параметрлерін білу керек емес.

     Драйверлер - бұл операциялық жүйелер мен перифириялық құрылғыларды басқаратын және олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, құрылғылардан өтетін мәліметтер ағынын бақылап отыратын программалар.

     Драйверлерді операциялық жүйенің бір бөлігі деп айтуға болады. Компьютерге қандай да бір жаңа құрылғыны қосу үшін, құрылғы жұмысын қамтамасыз ететін драйвер қажет.

     Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда) - пайдаланушыға енгізу-шығару, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін программалар. Ондай

жұмыстарды операциялық жүйе командаларымен де орындауға болады, бірақ утилиттер мен пайдаланушылар арасында қосымша мәліметтер алмасып тұруға жақсы мүмкіндіктер бар.

     Қолданбалы программалық жабдықтау тек мәліметтерді өңдеуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады.  Қолданбалы программаларды арнайы бағыттағы және әмбебап программалар деп екі топқа бөледі.

     Арнайы мамандандырылған программаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын программалар жатады, мысалы, бухгалтерлік программалар, жобалаушылар қолданатын, дәрігерлер пайдаланатын және т.б. программалар.

 әмбебап программаларға мәтіндік, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, электронды байланыс программалары және басқа да жиі пайдаланылатын программалар жатады. Бірнеше қолданбалы программаларды біріктіретін программалар да бар, оларды интегралданған программалар пакеті деп атайды. Оған мысал ретінде мәтіндік редакторларды, элетрондық кестелерді, деректер базасын басқару программаларын алуға болады.

     Жүйелік программалардың жабдықтарына драйверлер де енеді. Бұл программалар компьютерге қосылған құрылғылармен бірге беріледі. Ол программаларда құрылғы жөніндегі барлық мәліметтер бар. Операциялық жүйе қосымша құрылғылар мен драйверлер арқылы қатынасады. Мысалы, операциялық жүйе қандай да бір деректерді оқуға команда береді. Ал драйвер қатты дискіге моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі орнына орналастыруға және одан оқуға команда береді. Операциялық жүйенің драйвер арқылы атқаратын міндеті жанай қосылатын құрылғыларды ауыстырады және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.

   Сіз кейбір қолданбалы программалармен, мысалы, WordPad, Калькулятор, Paintпен таныссыз. Олар Windows құрамына енеді, сондықтан оларды оның қосымшалары деп атайды. Осыған байланысты Windows'95 интегралданған (жинақталған) жүйе деп аталады, себебі, бүған операциялық жүйе программаларынан басқа да қолданбалы программалар  енеді.

   Программалар жүйесіне программалау тілдері және арнайы программалар да енеді, олар арқылы құрылған программалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.

   Жүйелік программаларды көбінесе программа құрушылар (программистер) пайдаланады.

     Программалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Кобол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1  және тағы сол сияқтылар. Алгоритмдік тілдерде құрылған программалар арнайы жасалған жүйелік программалардың көмегімен жөнделеді, тексеріледі, машина тіліне көшіріледі де, орындауға болатын даяр программалар түріне енеді. Ондай жүйелік программаларды компиляторлар, интерпретаторлар немесе трансляторлар деп атайды.


     Логикалық программалау енгізілетін мәліметтер мен логикалық шығару ережелері арасындағы жұмыстарды орындауға құрылған деклоративті түрге жатады. Ондай тілдерге Пролог программасы жатады.

     Құрылымдық программалау принципі есепті бөліктерге бөліп, оларды жалпы құрылымға біріктіру болып табылады. Құрылымдық программалаудың типтік әдісі болып:

- проектілеу, кодтау және программаларды тестілеу;

- модульдік программалау;

- құрылымдық программалар табылады.
Объектілі-бағдарланған программалау мынаған негізделген:

-  объектілер класын белгілеуге;

-  объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістерін орнату;

-  объектілер қасиеті мен оларды өңдеу әдістеріне негізделген иерархиялық класс құру.


5.2 Операциялық жүйе ұғымы.

     Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасақтауды басқару үшін қажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, бқл дегеніміз:

     Операциялық жүйе - компьютер қосылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

     Операциялық жүйе қолданушы мен компьютер арасында диалог ұйымдастырады, орындауға басқа программаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (оперативті жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.

       Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компьютердің электрондық құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасындағы келістіруші болып қызмет етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында да, оның операциялық жүйесімен  жұмыс істеу болып табылады.

     Дербес компьютерді, яғни олардың операциялық жүйесін  дүние жүзі бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компьютердің операциялық жүйесімен танысу да телефон шалу және теледидарды қосу, банкіні және поштаны, сөздіктерді және анықтамаларды қолдана білу сияқты, қазіргі қоғамда соншалықты қажетті болып келеді.

     Қазіргі операциялық жүйе - бқл бірнеше жыл ішінде жүздеген және мыңдаған құрастырушылар құратын күрделі программалық комплекстер. Операциялық жүйенің сипаттамасы қалың томдар болады, ал толық үйрену талай жылдарға созылуы мүмкін.   Қуанышқа орай, операциялық жүйені жақсы қолдану үшін көп білудің қажеті жоқ - жұмыс істеудің жалпы принципін және негізгі операцияларды орындаудың әдістерін білсе болғаны. Нақты операциялық жүйемен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгермейінше, онымен жұмыс істеу мүмкін емес; жалпы принциптерін білмейінше, жүйені тиімді қолдануды үйрене алмайсыз және қазіргі дербес компьютердің кез келген  қолданушысында ерте ме, кеш пе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

     Көптеген операцияларды орындаған кезде операциялық жүйе бізді қызықтырмайтын әрекеттерді: мысалы, белгілі секторда  оқитын бастиекті қалай орнатуды, нақты жолшықтан ақпаратты оқуды, дискідегі бос жерді тауып және сонда файлды жазуды және т.б. жасырын орындайды.  Біз үшін компьютермен танысудың ыңғайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейспен жұмыс істеу.



Лекция 6

(Дәріс – 6)

Тақырыбы.Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

Жоспар.

    1. Операциялық жүйенің негізгі ұғымдары мен атқаратын қызметі.

    2. Windows жүйесінің негізгі ұғымдарына сипаттама.




    1. Операциялық жүйенің негізгі ұғымдары мен атқаратын қызметі.

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS – DOS операциялық жүйесі болатын. MS – DOS операциялық жүйесінің бір адамның ұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты шешетінін, оның үстіне MS – DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана пайдалана алатынын білетін боларсыздар.

Әрине MS – DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб – тан артық едем жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін , кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі інтерфейс ролін MS – DOS операциялық жүйесінде командалық жол атқарады.

Қазіргі кездегі барлық дербес компьютерлер сұхбаттық режімде жұмыс істейді. Бұл режимде компьютер қолданушымен және техникалық құрылғылармен тікелей қарым – қатынаста болады. Компьютер сұхбаттық режімде болуы үшін, онда алдын - ала программалар жүйесі Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы қажет. Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы керек. Бұл жүйе қолданбалы программаларға бақылау жасап, түрлі программалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы қажет. Мұндай программалар жүйесі операциялық жүйе деп аталады. Операциялық жүйе жүйелік және қызметтік программалық жасақтамалар кешені болып табылады. Қандай да бір нақты операциялық жүйенің қолданбалары деп берілген жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге негізделген программаны айтады.

Барлық операциялық жүйенің ең негізгі қызметі:


  • қолданушы мен программалық жабдықтар арасындағы байланыс түрлерін қамтамасыз ету;

  • аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету;

  • аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

  • әр түрлі программалар арасындағы арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету.




    1. Windows жүйесінің негізгі ұғымдарына сипаттама.

Терезе



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет