Лекция 30 сағат Лабораториялық сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



бет6/27
Дата17.06.2016
өлшемі1.31 Mb.
#141543
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Лекция № 9


Тақырыбы: Өсімдіктердегі заттардың алмасуы.

(1 сағат)



Жоспары:

1.Қор және конституциондық заттар, олардың негізгі топтары.

2.Өсімдік тұқымы мен басқа қор заттарын жинайтын мүшелеріндегі негізгі кездесетін қант заттарының түрлері.

3.Майлардың қоры. Липойдтар және фосфатидтер. Органикалық қышқылдар.

4.Белок қоры және оның гидролиттік өнімдері.

5.Тұқымның өнуіндегі көмірсу мен май қор заттарының гидролиттік ыдырауы.

6.Тұқымның өнуі кезіндегі белок қорының ыдырауы және оған қатынасушы ферменттер.

7.Өсімдік тұқымының өнуіндегі синтетикалық процестер және көмірсулар, майлардың айналысы.



Қолданылған әдебиеттер:

а) негізгі

1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г

2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.

3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж

4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.

5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.

6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.

7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.

8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.

9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.

10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г

11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.



б). қосымша:

12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.

13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.

2000 г.


14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.

15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.



Лекция мақсаты: Майлардың қоры, Липойдтар және фосфатидтер,Органикалық қышқылдар мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Зат алмасу тіршіліктің негізгі көрсеткішінің бірі. Тірі дене сыртқы ортадан үздіксіз зат қабылдап, ол қабылдаған затын өзінің денесін құратын затына айналдырады /ассимиляция/, сонымен қатар ол заттарды ыдыратады /диссимиляция/. Тірі организімде бұл екі процесс бір мезгілде /бір уақытта/ өтіп организмнің сыртқы ортасымен қатынас жасайды.

Организм мен сыртқы орта жағдайлары біртұтас, себебі организм сыртқы орта жағдайларынсыз тіршілік ете алмайды. Сыртқы орта жағдайларының өзгеруі организмнің тіршілігін өзгертеді, ал ол зат алмасуды өзгертеді.

Өсімдік денесіндегі заттардың алмасуымен танысу тек өсімдік тұқымында емес, сол сияқты қор заттарының жинақталатын, қыстап шығатын мүшелерін алуға да болады. Мұндай өсімдік мүшелері: тамыр тү йінде, жуалар мен жуашықтар, өсімдік тамырлары және көп жылдық өсімдіктердің құрылымдық бөліктері, бұтақ қабықтары мен өзек терін атауға болады. Заттардың алмасуына мысал, гетеротрофты қоректенетін төменгі са тыдағы бактерияларды да алуға болады. Өсімдік денесінде жиналатын заттар түрі өте көп және алуан түрлі химиялық құрамды. Бұларды негізгі үш топқа бөлуге болады: май заттары, қантты яғни көмірсулар және белок заттар.

Алғашқы қор заттарының екі түрінің химиялық құрамы өте қарапайым болып, негізінен олар көміртегі, сутегі, оттегінен тұрады. Бұл екі топтағы қосылыстар құрамында азот болмайды, сондақтан олар азотсыз қосылыстар деп аталады. Ал белок тобына жататын заттардың құрамы күрделі болып, оларды жоғарыдағы 3 түрлі элеметтерден басқа азот, күкірт, ал кейбіреулерінде фосфор элеметтерінде болады. Өсімдік мүшелерінде қор зат ретінде қант, май және белок заттарынан басқа да қосылыстар да болады, оған: глюкозидтерді, фосфатидтерді, алколоидтар мен кейбір органикалық қышқылдарды атауға болады.

Өсімдік тұқымының құрамындағы қосылыстардың кездесу мүшелері әртүрлі қатынаста болады. Оның құрамында азоты жоқ заттардың мөлшерін алсақ бұлардың біреуі басым, ал екіншісі аз мөлшерде болады. Мысалы, өсімдіктердің тұқымдары көмірсулы болып келсе, онда май аз болып, керісінше майы көп болса, онда қантты заттары аз болады. Өсімдік тұқымындағы қорлық заттардың кездесу табиғатына қарай майлы немесе крахмалды болып екіге бөлінеді. Майлы тұқымдағы май 30-60%-ке дейін жетеді. Мысалы:

Сора тұқымында май 30-35%, қант 20%


Май немесе үпілмәлікте 60-65%, қант 15%,

Кокос пальмасында –“-65%, -“- 12%., ал

Керісінше крахмалды тұқымдар құрамында май мөлшері өте аз:

Мысалы: бидай тұқымында май 1,8%, қант, 69%

Бұршақ тұқымында май 1,9%, қант, 53%

Күріш тұқымында май 1,3%, қант, 77%


Табиғатта кездесетін өсімдіктердің 90%-ге жуық түрлері негізінен майлы тұқымдастар тобына жатады. Қор заты ретінде өсімдік тұқымының құрамында белок басқа қор заттарынан кем болып келеді. Негізінде майлы дәндер құрамындағы белок мөлшері, крахмалды дәндерден артық болып келеді.

Мысалы. Сора тұқымында белок 18%,

Күнбағыр –“- 30%,

Зығыр –“- 23%,

Бидай -“- 14-18%,

Қарқұмық –“- 10%,

Жүгері –“-10%-дей белок болады.

Крахмалды тұқымдарға жататын бұршақ тұқымдас өсімдік дәндерінде белок көп кездеседі.



Мысалы: бұршақ тұқымында 29%, лобия тұқымында 23%,люпин тұқымында 40%-ге дейін, соя тұқымының құрамында 44%-ге дейін белок болады. Мұның себебі бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ауадағы бос молекулалы (N) қабылдап алатындығына байланысты болуы керек. Мысалы: бұршақ тұқымында 29%, лобия тұқымында 23%,люпин тұқымында 40%-ге дейін, соя тұқымының құрамында

Өсімдік тұқымы мен басқа қор заттарын жинайтын мүшелеріндегі негізгі кездесетін қант заттарының түрлері.

Саңырауқұлақтардың протоплазма құрғақ заты құрамының 25%-і қантты заттардан тұрады. Ал жоғарғы сатыдағы өсімдік клеткаларын қабығы целлюлозадан тұрып клеткаларында қантты заттың негізгі қор заты крахмал болады.

Көмірсулар органикалық заттардың ішінде ең көп орын алатын және маңызды қосылыстар қатарына жатады. Көмірсулар деп аталуының өзі қант заттарының молекуласы негізінен көміртегінен тұрады. Көмірсулар құрамындағы оттегі мен сутегі қтынасы су молекуласындағы осы элементтердің қатынасындай болып келеді. Яғни бір оттегінеекі сутегі атомы келеді.

Қантты заттардың жалпы формуласы СmH2nOn болады:қарапайым қант затының құрамындағы көміртегінің атом саны, ондағы оттегі атом санымен тең (мысалы: глюкоза С6Н12О6), ал күрделі қант заттарының құрамындағы көміртегінің саны оттегі атом санынан артық. Оның себебі күрделі қант заттары қатапайым қант заттарының молекулаларынан құралған, бұл кезде су молекулалары бөліну арқылы қарапайым қанттан күрдклі қант молекулалары түзіледі.

Химиялық қасиеттері жағынан қант қосылыстары альдегидро спирт және кетоспирт болып келеді. Олар 2 үлкен топқа бөлінеді: қармапайым қант заттары –оларды моносахаридтер немесе моноздар, ал екінші топқа қант қосылыстарын-полисахаридтер немесе полиоздар деп атаймыз.

Полиоздар молекулалары моноздардан құралады да, мұның санына байланысты суда еритін кристалды немесе суда ерімейтін коллойдтық қасиетті қосылыстар түзіледі. Міне, осы қасиеттерге байланысты полисахарид құрамындағы моноз молекулалары 6-ға дейін болып келсе, оларды моносахаридтерге 6 немесе одан артық жағдайда ондай күрделі қант заттарын полисахаридтерге жатқызады. Мұндай күрделі қант заттарына өсімдік денесіндегі крахмал мен клечатканы атауға болады. Моноздар молкуласындағы атомдар санына байланысты олаоды былай атайды. Триоздар мұнда негізінен 3 көміртегі атомы бар С3Н6О3; тетроздар-С4Н8О4; пентоздар- С5Н12О5; гексоздар- С6Н12О6 т.б.

Өсімдіктерде негізінен пентоздар мен гексоздар болады.

Пентозаға – ксилоза, арабиноза, рамноза және рибоза сияқтылар, ал гексозаға- глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза сияқтылар жатады. Моноздардың молекулалары ашық, ұзын тізбектеліп келген көміртегі атомдарынан құралып, олардың сутегі атомдарымен гидроксиль топтары байланысқан.

Сол себепті арабиноза, глюкоза және фруктозалардың құрылыстық формуласын былай жазуға болады:







Құрамында әрі спирт, әрі альдегид немесе кетон топтары бар қосылыстардың молекулалары өздігінен қайта топтану себебінен көміртегі байланысты оттегі арқылы байланысып Құрамында әрі спирт, әрі альдегид немесе кетон топтары бар қосылыстардың молекулалары өздігінен қайта топтану себебінен көміртегі байланысты оттегі арқылы байланысып сақина түзеді. Бұдан циклды қант заттары түзіледі. Оларға мысал ретінде мыналарды атауға болады.
0 0 НОН2С 0
СНОН СН2 СНОН СН-СН2ОН СОН СН2

СНОН СНОН СНОН СНОН СНОН СНОН


СНОН СНОН СНОН

Арабиноза глюкоза фруктоза


Қант ерітінділері күрделі жүйе болады да, бұлар әрі циклді әрі цмклсыз болып, ал бұлардың ақырғысы түрлі реакцияларға түсе алады.

Моно және дисаридтер молкулаларына СНОН және СН2ОН топтарының болуы бұлардың суда еру мүмкіншіліктерін тудырады. Глюкоза мен фруктоза өсімдіктер денесінде кең түрде таралған, бұлардың кездеспейтін тірі өсімдік клеткалары болмайды, оның себебі кейін бұл заттың өсімдіктер клетка протоплазмасындағы тыныс алудың негізгі заты екендігі таныстырылады, олар биохимиялық айналысқа оңай қатысады.


О О О



1С С С


Н Н Н


Н – 2 С – ОН Н – С – ОН Н – С – ОН
Н -3С – ОН НО – С – Н Н – С – ОН
Н – 4С – ОН Н – С – ОН Н – С – ОН

5СН2ОН СН2ОН СН2ОН

рибоза ксилоза дезоксирибоза



О О Н ОН НО СН2ОН

С С С С

Н Н Н Н

НО – С – Н Н – С – ОН Н – С – ОН НО – С – Н


О

НО – С – Н О – С – Н НО – С – Н О Н – С – ОН




Н – С – ОН НО – С – Н Н – С – ОН Н – С




Н – С – ОН Н – С – ОН Н – С



СН2ОН СН2ОН СН2ОН СН2ОН

манноза галактоза α – глюкопираноза β- фруктофураноза
(6) СН2ОН



(5) СНОН (6) СН2ОН

О




Н Н Н

4 1 Н

ОН Н ОН 4 ОН Н 1

Н 3 2

3 2 ОН

Н ОН ОН

Н ОН


α- глюкофураноза α- глюкопираноза




Н ОН

3 4


ОН Н Н
(1) НОН2С

2 5
Н (6) СН2ОН

β- фруктофураноза

СН2ОН СН2О-РО3Н2








Н Н Н Н

Н +АТФ фермент +АТФ

Н ОН Н

ОН Н ОН ОН

ОН ОН Н ОН

Н ОН


глюкоза глюкоза- 6 - фосфат
Бұл реакцияны негізінен катализдеуші гексогиназа ферменті, ол организмнің көптеген органдарында кездеседі. Сол сияқты глюкокиназа ферменті де бұл реакцияны катализдей алады, оны бауырдың бауырдың құрамынан тапқан.

Глюкозо – 6 – фосфат аздап болсада клетканың құрамында әдетте глюкозо - 1 – фосфатпен бірге кездеседі.

Гликоген заты ыдырағанда осы глюкозо – 1 – фосфатты береді де, ал ол қайтадан глюкозо – 6 – фосфатқа айналады.

СН2ОН
Н О-РО3Н2

Н

ОН Н Н

ОН

Н ОН


глюкозо – 1 – фосфат

Глюкозофосфаттар тек қана клеткада кездесетін заттар.



Дисахаридтер: екі моносахаридтерден түзілген эфир тәрізді қосылыс. Олардың түзілуін былай көрсетуге болады:

6Н12О6 С12Н22О11 + Н2О

бұл бір су молекуласының бөлінуі арқылы өтеді. Өсімдіктер денесі негізінен сахароза немесе қамыс қантынан тұрады. Бұл дисахаридтердің күрделі молекуласы бір глюкоза және бір фруктозадан құралған.

Дисахаридтердің бұл түрі өсімдіктердің мүшелерінде қор заты ретінде көп мөлшерде / қант қызылшасында 25% дейін кездеседі. Сахароза тәтті, дәмді, оңай кристалданады.

Қышқылдар әсерінен немесе инвертаза ферментінің қатынасында тез гидролизденіп яғни өзіне су молекуласын қосып алып теңдей α – глюкоза мен β- фруктоза молекулаларына ажырайды. Бұл процесс инверсия деп аталады. Сахарозадан басқа дисахаридке мальтоза мен целлобиоза жатады. Бұл екі қантты заттың екеуі де гидролиздену нәтижесінде глюкозаны береді. Аталмыш қанттық заттың екеуі де таза қор заты ретінде өсімдік денесінде жиналмай тез тұр айналысқа ұшырап полимерлену нәтижесінде мальтоза крахмалға, ал целлобиоза клетчаткаға айналады.

Дисахаридтерге глюкозидтер тобы енді, мұндағы заттар негізінен эфир тәрізді қант заты мен басқа заттардың қосылуынан түзіледі. Мұнда қант затына спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар т.б. заттар қосылу нәтижесінде – глюкозидтер молекуласын құрайды.



Глюкозидтер өсімдіктер дүниесінде кең таралған қосылыс. Бұл заттарды қор затының жиналған қоймаларында кездестіруге болады. Өсімдік денесінде көп кездесетін глюкозидке – амигдалинді атауға болады.

Амигдалин - шабдалы, бадам, абрикос, алма дәндерінде, негізінен айтқанда раушангүлді өсімдік дәндерінде болады. Амигдалиннің гидролизденуі нәтижесінде глюкоза, бензоидты альдегид және синиль қышқылы түзіледі. Бұл қышқыл өсімдік тұқымымен оңай бөлінеді. Жоғарғы аталған өсімдік дәндерінің тықыр /ащы/ дәмі осы қышқылға байланысты. Глюкозидтер тобына бұдан басқа заттар енеді. Бұлардың барлығы да жұмсақ жемісті өсімдіктердің тұқымында болып, ол дәндердің жұмсақ жеміс ұрықтарының ішінде өнуіне кедергі жасауы мүмкін.

Өсімдіктердің денесіндегі көмірсулардың негізгі бөлігі коллойдты қант заттары, бұлардың молекулалары өте күрделі, бірнеше моноз молекулаларынан құралған. Күрделі коллойдты қосылыстардың өсімдік денесінде қор заты ретінде жинақталуы қолайлы. Оның себебі, бұл коллойд ты қант заттары өсімдік клетка шырынының осмостық қысымын арттырмайды. Ал өсімдік тұқымының құрамындағы су мөлшерінің ке му нәтижесінде қантты заттардың болуы, олардың клетка шырынының концентрациясының артуы осмостық қы сымын көтереді.

С12Н22О11 + Н2О гидролиз С6Н12О6 + С6Н12О6

сахароза глюкоза фруктоза






СН2ОН

НОН2С Н

Н Н

5 2

ОН Н 1 Н НО (6) СН2ОН

ОН 3 4

Н ОН ОН Н

Сахароза

С12Н22О11 + Н2О гидролиз С6Н12О6 + С6Н12О6



мальтозо глюкоза глюкоза


СН2ОН (6) СН2ОН

Н

Н Н Н

4 1

ОН Н ОН Н ОН

ОН

Н ОН Н ОН

Мальтоза
(6) СН2ОН Н ОН

ОН

НО 5 ОН Н

Н

4 ОН Н 1 5 Н

Н 3 2 Н

Н ОН (6) СН2ОН

галактоза қалдығы глюкоза қалдығы

Лактоза
Ал қант заттарының ішіндегі коллойдты күрделі қанттардың осмостық қасиеті болмауы себепті, клетка шырынының концентрациясы артқанымен осмостық қысым бұрынғысынан өзгермеген күйде қалады. Сондықтан осындай осмос қысымына әсеріне қарай дисахаридтен моносахаридтерден артықшылық байқалады. Бірдей мөлшердегі дисахаридтен туындайтын осмостық қысым моносахаридтерден 2 есе төмен. Күрделі қант қосылыстардың ішінде көп орын алатын зат крахмал. Крахмалдың эмпирикалық формуласы С6Н10О5. Бұл қосылыс өсімдік денесінде уақытша мүшелерінде жиналуы мүмкін. Бұл негізінен жапырақ алақандарында күндіз фотосинтез процесі кезінде қантты заттардың басқа мүшелерге ағып үлгермеу себепті, жапырақ клеткаларында крахмал дәндерінің көп жиналған кездерінде де болады. Крахмал дәндерінің мөлшері, әрі сырт пішіні әр түрлі болып келеді, бұлай болуы өсімдік түріне байланысты.

Крахмал дәнінің құрылысына байланысты өсімдіктің түрін немесе аралас ұндардың қандай дәндерден дайындалғандығы анықталды. Крахмал дәндерінің құрылысы бір-біріне тығыз оралған өте жіңішке спираль тәрізді. Крахмалға тән микрохимиялық реактив йод, йодпен өңдегенде крахмал дәндері көк немесе қара-көк түске боялады.

С6Н10О5 – крахмалдың толық формуласын көрсетпейді. Түрлі әдістермен молекулалық салмақтарын анықтау, оның молекуласы күрделі екендігін, сол себепті крахмал формуласын былай етіп көрсету керек / С6Н10О5/n . көптеген ғалымдардың анықтауы нәтижесінде п- саны 30 дан 2000 тең. Минералдық қышқылдар крахмал тұқымын гидролиздейді де глюкоза молекулалары түзіледі.

Өсімдік денесінде крахмалдың гидролизденуі өте жай өтеді, оны жүргізуші – диастаза ферменті. Нәтижесінде ең алдымен әр түрлі поли сахаридтер – декстрин түзіліп, оның ірі бөлшектері декстриндер – мальтозаға айналады. Ал мальтозаның 2 глюкоза молекуласына ыдырауы үшін, қышқыл қатынасында жүргізу керек немесе оны өсімдік денесіндегі мальтаза ферменті гидролиздейді. Салқын суда крахмал ерімей, тек ол сукды көп қабылдау нәтижесінде ісінеді. Бұл кезде крахмал суды өз молекуласында күшті ұстайды. Крахмал тұқұымының құрамында 40% дейін су болады да, оны құрғатқанның өзінде 15%-ге дейін су қалады. Егер крахмалды суға салып оның температурасын 50-600С көтеретін болсақ крахмал дәндері күшті ісініп жарыла бастайды да, желімдік зат-клейстер түзіледі. Крахмал тұқы мы 2 түрлі заттың қоспасынан түзілгендігін, оның бірі - амилопектин крахмалдың сыртын қоршайды, жоғарғы температураға шыдамды келеді, ал екіншісі - амилоздар, бұлар дәннің ішін тол тырып тұрады.
Майлардың қоры. Липойдтар және фосфаридтер. Органикалық қышқылдар

Май барлық тұқымдардығы ұрықтың протоплазмасының құрамына енеді. Бұдан басқа тұқымдардың құрамында біраз мөлшерде майлар қор заты ретінде жиналып, тұқымның өнуіне пайдаланылады. Майлар глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлері, олар қаныққан және қанықпаған болып, мынадай жалпы формулаға ие:


СпН2пО2, СпН2п-2О2 және СпН2п-4О2

Қаныққан қышқылдарға мысалы: стеарин, пальмитин қатты май құрап; қанықпаған қышқыл – олейн сияқты қышқылдар сұйық май құрайды. Өсімдік тұқымдарындағы майлар негізінен түрлі май қышқылдарынан тұрады, бірақ ыстық жақта өсетін өсімдік тұқымдарында негізінен еру температурасы жоғары майлар /какао, кокос майлары қатты майлар/, ал қоңыр салқын жерлердегі өсімдік тұқымдарындағы майлар болады. Мысалы: күнбағар, сора, зығыр т.б. майлар. Қанықпаған сұйық майлар радикалдарының қос байланысты, ауадағы оттегін қосып алып, тотығып, май беттерінде тығыз қабық түзіледі. Міне, осыған байланысты бұл майларды тез кебетін майлар деп атап, олардың майлы бояулары даярлауда қолданылады.

Сілтілердің және қышқылдардың әсерінен төменгі температураның өзінде майлар гидролизденіп, 3 су молекуласын қосып алып, май қышқылына және глицеринге ыдырайды.

Мысалы, пальмитиннің гидролизденуі былай өтеді:


С3Н516Н31О2 + 3Н2О С3Н5/ОН/3 + 3С16Н33О2

Пальмитин глицерин пальмитин қышқылы
Бұл процесс сабындау депте аталып, өндірісте сабын және глицерин алу үшін қолданылады. Қор заты ретінде жиналатын майлар заттардың көмірсуларға қарағанда біраз артықшылық қасиеттері бар, өйткені бұлардың арасында гигроскопиялық су болмайды. Майлар заттар құрамында “О2” өте аз болуынан тотығу нәтижесінде олар көп уақыт береді.

Мысалы: 1 гр майлы заттар 9,3 кал; 1 гр. Белок – 5,7 кал; 1 гр. Крахмал - 4,1 кал. қуат береді. Сондықтанда майлы заттар қор ретінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 90% де жинақталады. Көмірсулардың аса пайдалы қасиеті, олар көп химиялық өзгеріссіз, оңай жұмсалатын глюкозаға тез айналады. Ал майлы заттар, ондай оңай жұмсалатын глюкозаға айналу үшін көптеген химиялық өзгерістерге ұшырауы керек. Майларға жақын заттар тобы – липойдтар немесе май тәрізді заттар. Бұл топтың негізгі бір түрі – лецитин. Бұл зат глицерин, екі май қышқылы және фосфор қышқылының күрделі эфирі.

Лецитин әр түрлі тірі клеткалардың барлығында, мелі ол жануарлар немесе өсімдік клеткаларында болсын құрамында кездесіп, қор заттар қатарына жатпай протоплазманың негізгі элементі болып табылады. Лецитин протоплазмасының осмостық қасиетін көрсетуші плазмалемма қабатын құрайды. Липойд заттары белок молекулаларымен оңай қосылады да – клетка зат алмасуда белсенді қызыметатқарады деген көзқарастар бар. Бірақ әлі күнге дейін липоид заттарының қызыметі толық шешілмеген. Майға өсімдік тер денесінде кездесетін балауыз тәрізді заттар ұқсас келеді. Бұл заттың майға ұқсастығы эфирлерде майлар сияқты ериді, құрамы майлы заттардын құралған. Бұл заттың денесіндегі атқаратын қызыметі оны денесінен судың шығуына кедергі жасауы. Бұл затты жапырақ алақандарында, сабақтың қабықтарында, кейбір жеміс сырттарында да кездестіруге болады.

Өсімдіктің клетка шырынын да бос және тұз түрінде екі негізінде органи калық қышқылдарды көп кездестіруге болады. Бұған мысалы: қымыздық, алма, шарап, лимон және т.б. қышқылдарды жат қызуға болады. Органикалық қышқылдар, әсіресе суккуленттердің етті жапырақтарында және қымыздық сияқты, тағы басқа да өсімдіктерде көп болады. Органикалық қышқылдар жеміс құрамында, әсіресе олар жетілмеген кезде көп кездеседі. Органикалық қышқылдардың өсімдік тің клетка шырынында пайда болуы, оның тыныс алуымен байланысты. Тыныс алу кезінде бұ лардың түзілу себебі қант заттары толық тотықпай оттегі жетіспеу себепті, аралық зат ретінде түзіліп өсімдік клеткаларында көп мөлшерде жинақталады. Қазіргі кезде, екі негізгі органикалық қышқылдар тыныс алу кезінде тоты ғу және тотықсыздану реакцияларына қатынасып азотты органикалық заттардың синтезделуіне қатынасатындығы анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет