Компьютерлік желілерде басқару.
Жоспар:
1. Қолданбалы программалаудың интерфейсі.
2. Пайдаланушы интерфейсі
Лекция мақсаты: Компьютерлік желілерді басқару жүйелеріне түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Есептеу жүйесінің мәліметтерінің қауіпсіздігі операциялық жүйенің қарсы тұру құралдарымен, аппаратураның бұзылуынан қорғауға бағытталған және программаның қателіктерінен сақтау, сонымен бірге, рұхсат етілмеген пайдаланулардан қорғау құралдарымен қамсыздандырылады. Соңғы жағдайда операциялық жүйе пайдаланушының қате немесе әдейі істейтін жұмыстарынан мәліметтерді сақтайды. Рұхсат етілмеген пайдаланудан мәліметтерді қорғаудың бірінші сатысы болып логикалық ену процедурасы есептеледі. Жүйеге администратор рұхсат еткен пайдаланушы енгелі жатқанына операциялық жүйе көз жеткізуі керек. Операциялық жүйенің қорғау функциялары администратор функцияларымен тығыз байланысты, себебі пайдаланушы құқықтарын администратор белгілейді: жүйе ресурстарынан пайдалануды – файлдардан, каталогтардан, принтерлерден, сканерлерден ж.б. Одан басқа администратор пайдаланушының жүйелік амалдарын шектейді. Мысалы, пайдаланушы операциялық жүйені тоқтату амалын, жүйелік уақытты орнату, басқалардың процесстерін тоқтату, пайдаланушының есеп жазуларын ашу, кейбір каталогтар және файлдардан пайдалану құқықтарын администратор шектеуі мүмкін. Администратор пайдаланушы интерфейсінің дисплей экранына шығарылған кейбір пунктерін алып тастап мүмкіндігін шектей алады.
Мәліметтерді қорғаудың маңызды құралы операциялық жүйенің жүйе қауыпсіздігіне байланысты болған барлық оқиғаларды белгілеп отыратын аудит функциясы болады. Мысалы: жүйеге сәтті немесе сәтті емес логикалық ену амалдарын, кейбір файлдармен каталогтардан пайдалану амалдарын, принтерлерден пайдалану ж.б. Күзететін оқиғалар тізімін администратор белгілейді.
Бастартудан табандығын сүйемелдеуді операциялық жүйе резервтеу негізінде амалға асырады. Жиі операциялық жүйелер функциясы мәліметтердің бірнеше нүсқаларын түрлі диск және дискты жинағыштарда сақтаумен байланыс. Принтерлер және басқа енгізу-шығару құрылғылары резервтелінеді. Құрылғының бастарту кезінде операциялық жүйе жылдам резервті копиясын тауып онымен жұмыс орындауын аяқтау қажет. Арнайы жағдайда бастартудан табандығын қамтамасыз ету бірнеше процессорді қолдану – мультипроцессорлеу болады, бір процесор бас тартқанда төмендеген өнімбен болса да жүйе жұмысын жалғастыра береді. Көп жағдайларда мультипроцессор конфигурациясы жүйе жұмыс жылдамдығын асыру үшін істетіледі. Бұл жағдайда бір процессор жұмыстан шыққанда операциялық жүйе жұмысын тоқтатады.
Бастартудан табандығын сүйемелдеу администратор міндетіне енеді. Операциялық жүйе құрамына утилиталар кіреді. Олардан администратор маңызды мәліметтерді жылдам тіктеу үшін резервті көшіруді регуляр орындап тұруға пайдаланып отырады.
Қолданбалы программалаудың интерфейсі. Қолданбалы программистер өздерінің программаларында операциялық жүйеге сілтеме етеді, егер кей бір амалдарды орындау үшін арнайы операциялық жүйеге тиісті статус қажет болса. Мысалы, осы күнгі көп аппараттық аспаптарды басқарумен байланысты болған барлық амалдарды операциялық жүйе ғана орындай алады. Осы функцияларынан басқа қолданбалы программист қолданбаны жазуды өңайлату үшін операциялық жүйенің сервистік функциялар жиынынан пайдалану мүмкін. Осы түрдегі функциялар түрлі қолданбалар жиі талап ететін универсал амалдардарға, мысалы, тексті жолды өңдеу - ие. Бұл функцияларды қолданбалы программа өзі де орындауы мүмкін, бірақ операциялық жүйеде бар болған, тексеріліп өңделген процедураны қолдану едәуір ыңғайлы. Сонымен бірге операциялық жүйеде сай функция болсада ұсынылған вариант қанағаттанарсыз болса программист өзі қолданба рамкасында бұл жұмысты орындауы мүмкін.
Операциялық жүйенің мүмкіншіліктері программистке қолданбалы программаларының интерфейсі деп аталушы функциялар жиынымен беріледі (Application Programming Interfase – API). Пайдаланушыдан бұл функциялар алфавитты-цифрлық немесе графиктық пайдаланушының интерфейсі арқылы жасырылған.
Қолданбаны зерттеушілерге нақты операциялық жүйелер ерекшіліктері API ерекшіліктерімен беріледі. Сондықтан түрлі ішкі құрылымға бірақ бір түр API жиынына ие операциялық жүйелер бір түр болып көрінеді. Бұл қасиет операциялық жүйелерінің стандарттауын оңайлатып белгілі API стандартына сай қолданбаларды түрлі операциялық жүйеге көшіруге мүмкіндік жасайды. Мысалы, API UNIX стандартының біреуі болған Posix–ке байлану түрлі зерттеушілердің операциялық жүйелері бір-бірінен ішкі түзілісімен кескін айырылса да бүкіл UNIX операциялық жүйесі туралы сойлеуге мүмкіндік береді.
Қолданбалар API функцияларынан жүйелі шақырулар жәрдемінде пайдаланады. Қолданбаның операциялық жүйенің қызметінен пайдалануы подпрограмманы шақыруға өте ұқсас. Операциялық жүйеге әдетте командалар идентификаторларынан және мәліметтерден түзілген керекті информация жадтың белгілі жайына, регистрлерге және немесе стектерге орналастырылады. Кейіннен басқару операциялық жүйеге беріледі, ол керек функциясын орындап болып нәтижені жад, регистр немесе стек арқылы қайтарады. Егер операция қанағаттанарсыз орындалса нәтиже қате индикациясына ие болады.
Жүйелі шақыруларды амалға асыру тәсілдері операциялық жүйенің ұйымдастыру структурасына байланысты болып ол есе аппараттық платформаның ерекшіліктеріне тығыз байланған. Одан басқа ол программалай тіліне байланысты. Ассемблерды қолданғанда программист регистрлер немесе жад облыстарының мәндерін белгілеп кейіннен қызметтің арнайы инструкциясын шақырады немесе қайсы бір ОЖ функциясын шақыру үшін программалық үзуді орындайды. Жоғары деңгейдегі тілдерді қолдағанда ОЖ функцияларын пайдаланушы жазған қосалқы программаларға ұқсас белгілі аргументтердің белгілі тартіппен анықтап шақырады.
2. Пайдаланушы интерфейсі. Операциялық жүйе қолданбалық программалардан басқа терминалда істеп отырған адам үшінда ыңғайлы интерфейс жасауы қажет. Бұл адам ақырғы пайдаланушы, ОЖ-нің администраторы немесе программист болуы мүмкін. Ілгерігі пакетты режиміндеғы ОЖ-лерде пайдаланушы интерфейс функциялары өте кемейтірілген болып терминалдың болуында талар етпеген. Тапсырмаларды басқару командалары перфокарталарда ұрылып нәтижелер печаттау құрылғысына шығарылатын еді.
Осы кезгі пайдаланушы интерфейсі дамыған функцияларын қолдап екі түрдегі: алфавитты-цифрлы және графикалық терминалдарда интерактив істеу жолдарын ашады.
Алфавитты-цифрлық терминалда жұмыс орындағанда пайдаланушы қуаты берілген ОЖ функционал мүмкіншіліктеріне байланысты бұйрықтар жүйесіне ие болады. Әдетте ОЖ командалық тілі қолданбаларды іске қосу және тоқтату, файлдармен және каталогтармен түрлі амалдарды орындау, Ож-нің жағдайы туралы түрлі мағлұматтарды алуға (істеп тұрған процесстер санын, дисктердегі бос орын көлемін ж.т.б.), жүйені администрлеу мүмкіндіктерін береді. Командалар терминалдан интерактив режимінде ғана енгізілуімен керекті тәртіптегі командаларға ие командалық файлданда оқып алынуы мүмкін.
Ерекше немесе командалық файлдағы командалар тізімін оқуға жауап беретін ОЖ-нің программалық модулі командалық интерпретатор деп те аталады.
Команданы енгізу жеңілденеді егер ОЖ пайдаланушының графикалық интерфейсін сүйемелдесе. Бұл жағдайда пайдаланушы керекті амалды орындау үшін тышқан жәрдемінде экрандан керекті графикалық белгі немесе меню пунктін таңдайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Қолданбалы программалаудың интерфейсі.
2. Пайдаланушы интерфейсі
Достарыңызбен бөлісу: |