Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат



бет22/32
Дата05.03.2016
өлшемі5.33 Mb.
#43387
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

Лекция 24


Қазіргі заманғы операциялық жүйелерге шолу.

Жоспар:


1. Біррангты желілердің операциялық жүйесі.

2. Ажыратылған серверлер негізіндегі желілер операция­лық жүйеле­рі.


Лекция мақсаты: Қазіргі заманғы операциялық жүйелерге түсінік беру, тақырыпты пысықтау
1. Функциялардың желі компьютерлер арасында таратылуына байланысты олар үш түрлі ролін орындайды:

  • басқа компьютерлер сұраныстарын ғана орындайтын компью­тер ажыра­тыл­ған сервер ролын атқарады;

  • сұраныстармен басқа машина ресурстарына қарайтын компью­терлер клиенттік түйін ролін атқарады;

  • клиент және сервер функцияларын орындайтын компьютер біррангты түйін болып қызмет етеді.

Айқын желі клиенттік немесе серверлік түйіндерден ғана құрастырыл­майды. Өзінің міндетін орындайтын және компью­терлер байланыста­рын қамтамасыз ететін желі үш схемалар бірі­мен құрылуы мүмкін:

  • біррангты түйіндер негізіндегі желілер – біррангты желілер;

  • клиенттер және серверлер негізіндегі желілер – ажыратылған серверлер­ге ие же­лі­лер;

  • барлық түрдегі түйіндерге негізделген желілер – гибрибтық же­лілер.

Осы схемалардың әрбірі жұмсалу облыстарын белгілейтін өзі­­нің ұтымдылық­та­рына және кемшіліктеріне ие.

Біррангты желілердің операциялық жүйесі. Бір рангты же­­лі­лерде барлық ком­пьютерлер бір бірінің ресурстарына жету мүмкіншіліктерімен бірбіріне тең. Әр­бір пайдаланушы өзінің қа­лауымен қайсыбір ресурсын бөлінетін етіп жариялауы мүм­кін болып, оны қалғандары пайдалана ала­ды. Біррангты желілерде барлық ком­пьютерлерге мүмкіндіктер потенциа­лы тең болған операциялық жүйелер орнаты­лады. Осындай желі опера­ция­лық жүйелері біррангты операциялық жүйелер деп аталады. Айқын бір­рангты желілер желі қызметтерінің клиенттік және серверлік бөлім­де­ріне ие болуы қажет. LANtastic, Personal Ware, Windows for Work- groups, Windows NT Workstation, Windows 95/98 опера­циялық жүйелер біррангты желілерге мысал бола алады.

Барлық компьютерлердің потенциалдық бірқұқықтығына қа­рамас­тан бірранг­тық желілерде жиі функционалдық симметрия бұзылады. Әдетте желіде өздерінің ресурстарын ортаға пайдала­нуға беруді қала­майтын пайдаланушылар болады. Мұн­дай жағ­дай­да олардың компьютер­ле­рін­дегі операциялық жүйелер серверлік бөлі­мдері активтелмеген бо­лып олар таза клиенттер ролін орындайды.

Соның арасында администратор кейбір желідегі компьютер­лер үшін сұраныс­тарға ғана жауап беретін функцияларын бекітіп қоюы мүмкін, сонымен бұл компью­терлер таза сервер қызметте­рін орындайтын болып он­да пайдаланушылар істей ал­май қала­ды. Мұндай конфигурацияда бірранг­ты желілер сервер негізіндегі желілер­ге ұқсас болып қалады, бірақ бұл сыртқы ұқсастық болып – бұл екі желілер арасында ішкі айырмашы­лық бар. Басынан бір­ран­г­ты желілерде операциялық жүйесінің спе­циали­за­циясы ком­пью­тердің клиенттік немесе серверлік қызметіні орындауы­на бай­­ланысты емес. Желідегі компьютер ролінің ауысуы клиенттік не­месе серверлік қызметіні пайдаланмауы есебіне болады.

Біррангты желілер ұйымдастыру және эксплуатация ету жа­ғынан қарапайым болғандықтан бұл схемамен үлкен болмаған ком­пьютерлер саны 10-20 арасында бо­лған желілер құрастыры­лады. Бұл жағдайда ортадан администрлау құралдарын істе­туге қажет болмайды, себебі бірнеше пайдаланушылар қиналмастан бірбірімен орта­ға берілетін ресурстары және олардың паролдері туралы келісіп алуы мүмкін.

Бірақ үлкен желілерде мәліметтерді сақтау және өңдеу, соны­мен қор­ғау амалда­рын орындау үшін ортадан администрлеу құ­ралдары қажет бо­лып оларды ерекше­ленген серверлер негізінде жасалған желілерде амалға асыру оңай соғады.

2. Ажыратылған серверлер негізіндегі желілер операция­лық жүйеле­рі. Ерек­шеленген серверлер негізінде құрылған же­лілерде арнайы ОЖ-дің варианттары қол­да­нылады.Олар сервер­лер роліне оптималданған болып серверлік ОЖ деп аталады. Пайдаланушылар компьютерлері мұндай желіде клиенттік ОЖ-лер басшылығында істейді.

Операциялық жүйені сервер болып істету специализациясы серверлік қыз­мет­терінің эффективтігін көтерудің табигий жо­лы. Ал мұндай көтерудің қажеттілі­гі улкен желілерде сезіледі. Жүздеп немесе мыңдап пайдаланушылардың бір ресурс­тарға бол­ған интенсив сұраныстарын сер­вер үлкен тоқтатуларсыз орында­уы қажет. Мұндай проблемалардың ай­қын шешімі серверлік ком­пьютер етіп серверлік функцияларына опти­малданған қуат­ты аппараттық платформаға және операциялық жүй­еге ие ком­пьютерлерді қолдану. Едәуір кем функциялар орындаса сонша­ма олар­ды амалға асыру эффективтіғы асады, сондықтан серверлік опера­ция­ла­рын опти­малдау үшін ОЖ-нің жетілдірушилері оның кейбір функ­ци­яларын кемейтіп кейбір кезде толығымен алып тастауға мәжбүр бола­ды. Осындай жарық мысал етіп Net­Ware серверлік ОЖ-сін алса болады. Оның жетілдірушілері фа­йлдық және печаттау серверлік қызметтерін орындауын мақсат етіп қойғандықтан универсал ОЖ-ге қасиет­ті болған көп функ­ция­ларын алып тастаған, соның ішінде пайдаланушының гра­фи­калық интерфейсін, универсал қолданбаларды сүйемелдеуін, мульти­программалау режиміндеғы қолданбалардың бір-бірінен қорғауын, вир­туал жад механизмін. Осы­лардың барлығы файлға жету уникал жылдам­дығына алып келіп көп уақытқа дейін серверлік ОЖ ішінде бұл жүйе ли­дерлықты сақтап келген. Бірақ кейбір серверлік ОЖ-дің өте тар специа­лизациясы олардың кемші­лігі болды. Сонымен Net­Ware де универсал программалау орта­сы­ның және қолданбаларды қорғауының болмауы оны қолданба­лар­ды орындау үшін қолдануға мүмкіншілік бермеді, сон­дықтан файлдық және печаттау сервистерін орындау үшін басқа серверлік ОЖ-лерді пайдалануға тұра келді.

Сондықтан көп серверлік ОЖ-лер жасаушылары функцио­нал­дық кемшілік­терден бастартып серверлік ОЖ-лер құрамына барлық компоненттерді енгізіп оларды универсал сервер кейбіреулерін клиент ретінде пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Осын­дай серверлік ОЖ-лер дамыған графикалық интерфейске ие бо­лып универсал API-ні сүйемелдейді. Бұл оларды біррангтық ОЖ-мен жақындатады, бі­рақ араларындағы айырма­шы­лықтар оларды серверлік жүйелерге тіркеуге мүм­кіндік жасайды:


  • қуатты аппараттыық соның ішінде мультипроцессорлық платформаларды сүйемелдеуі;

  • біруақытта орындалатын көп процесстерді және желі байла­ныстар­ды сүйемелдеуі;

  • ОЖ-лер құрамына желіні ортадан администрлеу компонент­те­рін (мысалы, сілтемелер қызметтерін немесе желі пайдала­нушыларын аутенттификация және авторизация қызметте­рін) енгізуі;

  • желі қызметтерінің кең жиының бар болуы.

Жекеленген серверлерлық желілердегі клиенттік ОЖ-лер әде­т­те серверлік функцияларынан босатылған болады, бұл олар­дың ұйымдастырылуын едәуір же­ңілдетеді. Клиенттік ОЖ-лер жасаушылары негізгі көңілдерін пайдаланушы интер­фейстеріне және клиенттік желі қызметтеріне ажыратады. Ең қарапайым клиенттік ОЖ-лер негізгі желі қызметтерін сүйемелдейді - әдет­те файлдық және печаттау қыз­меттерін. Сонымен универсал кли­енттерде бар болып олар кең клиенттік бөлім­дерін сүйемелдеп көп серверлермен жұмыс орындай алады.

Желі ОЖ-рін жасайтын көп компаниялар ОЖ-нің екі вариан­тын жасайды. Бір ва­рианты серверлік қызметін орындаса, екін­ші­сі – клиенттік жұмысын орындай­ды. Бұл варианттар бір кодқа негізделген болып қызметтер және утилиталар жиын­да­ры­мен, со­нымен конфигурация параметрле­рімен айырылады. Кейбір пара­метрлер үнсіз орнатылған болып өзгер­тіл­мейді.

Мысалы, Windows NT ОЖ екі вариантта шығарылады – жұ­мыс станциясы Win­dows NT Workstation вариантында және Win­dows NT Server ажы­ратылған сервер ва­риантында. ОЖ-нің екі ва­риантыда көп қызметтерінің клиенттік және серверлік бөлімде­ріне ие.

Сонымен Windows NT Workstation ОЖ-сі желі клиенттік функцияларын оры­н­дауымен желі пайдаланушыларына файлдық сервисін, печаттау сервисін, қашы­қ­тан жету сервисін және ба­сқа сервистерін ұсынады, демек бір рангтық желі негізі бола ала­ды. Басқа жағынан Windows NT Server керекті барлық аспаптар­ға ие бо­лып оның басшылығында ком­пьютерді клиенттік жұмыс станциясы ретінде пайдалану­ға мүмкін­дік жасайды. Windows NT Server ОЖ-сі басшылығында желідегі басқа компьютерлер ресур­старына сұраныстар пайда болғанда ОЖ клиенттік функцияла­рын орындауын талап ететін жергілікті қолданбалы программаларды іске қосуы мүмкін. Windows NT Ser­ver Windows NT Workstation ге ұқсас дамыған интерфейске ие бол­ғанды­ғы­нан оларды тең та­быспен пайдаланушы және администратор интерак­тив жұ­мыста­рын­да қолданса болады.

Бірақ Windows NT Server вариантынің өзінің компьютерлік ресурстарын желі­нің пайдаланушыларына беру мүмкіндіктері көп, себебі кең функциялар жиынын бір уақыттың өзінде көп клиенттермен байланысын, желіні ортадан басқаруын, да­мыған қорғау аспаптарын сүйемелдейді. Сондықтан Windows NT Ser­ver ды ажыра­тылған серверлік желілерде қолданған жөн, кли­ент­тік компьютерлерде емес.

Үлкен желілерде клиент-сервер байланыстарынан басқа бір­рангтық байланыс­тарда қажет болады, сондықтан мұндай желілер гибридтық схемасы бойынша жаса­лады.



Бақылау сұрақтары:

1. Біррангты желілердің операциялық жүйесі.

2. Ажыратылған серверлер негізіндегі желілер операция­лық жүйеле­рі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет