Лекция:: 30 сағат Практикалық: Семинар: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет6/7
Дата24.04.2016
өлшемі0.97 Mb.
#78706
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Баќылау с±раќтары:

Қазан хандығы.

1.Ұлы Мұхаммедтің Қазан хандығының негізін салуы.

2.Қазан хандығы мен Ресейдің арақатынасы.

3.IV Иванның Қазан хандығын бағындаруы(2 қазан 1552ж).

4.Қазан татарларының этногенезі.

XXI- лекция.

Астрахань хандығы.


(1 сағат)

Жоспары:

Астрахань хандығы.

1.Махұмыттың Астрахань хандығының негізін салуы(1465 ).

2.Мемлекеттің территориясы. Халқының этникалық құрамы.

3.IV Иванның Астрахань хандығын жаулап алуы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998ж.

б) қосымша

4.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

5.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.

6.Фахрутдинов. Золотая Орда и татары. Набер. Челны. 1993.


Лекция маќсаты: Астрахань хандығы.Махұмыттың Астрахань хандығының негізін салуы(1465 ).

Мемлекеттің территориясы. Халқының этникалық құрамы.

Астрахань хандығының ноғайлармен, Қырым хандығымен, Ресеймен қарым-қатынастары.

IV Иванның Астрахань хандығын жаулап алуы.



Лекцияның мәтіні:

1.Патша өкіметі Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алғаннан кейін ол назарын шығыстағы Ноғай ордасына, Тюмень хандығына, Ібір-Сібір жұртына аударды. Соның нәтижесінде Орал өңірін отарлау күшейді. Пермь жерінде саудагер Строгановтар патшаға көп көмегін тигізді. Сібір тарихында аты ерекше аталған осы Строгановтың атасы – Карамзинның айтуы бойынша, Спиридон деген Алтын Орданың шоқынды мырзасы. Кейін оның баласы Строганов деп жазылған. IV Иван тұсында 1558 жылы Григорий Строгановтар – Каманы, 1568 жылы Чусовой өзендерін қорғауға Ермакты шақырды.

Атаман Ермак 1582 жылғы алғашқы шайқаста-ақ мылтықпен қаруланған өз әскерінің хан әскерінен артықша екенін байқап қалған еді. Мұнымен бірге Ермак қолға түскендерден хандықтың астанасы – Искердің қорғансыз екендігін, хан мен патшаның арасындағы келісім бойынша Сібір жеріне жорық жасауға тыйым салынғанын, сондықтан хан өз астанасына шабуыл жасалмайды деп есептейтінін біліп алды. Осыдан кейін Ермак Искерді тұтқиылдан шабуыл жасап, басып алуға бар күшін салды. 1582 жылғы қыркүйектің 1-інде 540 казак пен Строгановтардың 50 қызметкері 30 қайыққа отырып, Сібір жорығына аттанды.

Ермак отряды Көшім хан әскерін мылтық пен зеңбірек астына алып, хан қолын сиретіп тастады. Осы кезде рулық алауздықтар, бектердің өзара қырқысы, сатқындық оқиғалар да Көшімнің әскери күшін әлсіретті. Көшім Искерді тастап, кейін шегінді. Ермак отряды мол олжаға кенелді.

Ермак 1585 жылы Көшім мен оның әскербасылары құрған торға түсіп, қаза тапты.

Орыстар 1586 жылы Тюмень, ал 1587 жылы Сібірдегі орыс орталығына айналған Тобольск бекіністерін салды.Осыдан бастап саудагерлер мен басқа да қызмет адамдары Сібірге қарай үсті-үстіне жөңкіле бастады. Бұлардан басқа Сібірге крепостниктік езгіден басын алып қашқан шаруалар да, казактар да, ұсақ кәсіпкерлер де бет алды.

2.Кавказ соғыстары Орыс патшалығының Кавказды жаулап алу жолында 18-19 ғғ жүргізген соғыстары болып табылады. Кавказ соғыстарына Ресейдің қарулы күшпен араласуы, Кавказға иелік еткісі келген Иран мен Түркияға қарсы Ресейдің жіргізген соғыстары, 1817-1864 жылдарғы Кавказ соғыстары кіреді.

18 ғасырдың басында патша өкіметі Кавказдағы феодалдық өзара қырқыстарға араласып, антифеодалдық қозғалыстарды тұншықтырды.

1722-1723 жылдардағы Персия жорығы кезінде орыс әскерлері Дербент пен Бакуды алды, Кавказда бекініс шептері салына бастады.

1768-1774 жылдарғы орыс-түрік соғысының барысында орыс әскерлері Кавказда кейбір ноғай, кабарда-шеркеш, шешен феодалдары қолдаған Қырым-Түрік әскерлерімен шайқасты. 1774 жылы Түркия жеңілген соң Кабарда мен солтүстік Осетия Ресейге қосылды.

Кавказ бекініс шебі оңтүстікке қарай жылжи берді. Грузия әскери-соғыс жолының құрылысы басталып, оның бойында бірнеше бекінісі бар Владикавказ қорғаны(1784)

салынды.Көшім тұсындағы Сібір хандығына қазіргі Батыс Сібірдің барлық жері, Оңтүстік Орал өңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан жерлері кірді. Сібір хандығының құрамында Орта жүздің арғын, жалайыр, керей, қыпшақ, найман, табын руларының басым көпшілігі және башқұрттардың бір бөлігі, сонымен бірге Сібірдің байырғы тұрғындары – хантылар мен мансылар болды. Қазақ рулары Тобылдың, Есіл мен Ертістің орта ағысы бойында, Бараба даласында Батыс Сібірдің түркі тілдес халықтарымен қатар көшіп-қонып жүрді. Сібір хандығының астанасы- Искер қаласы Ертістің оң жақ жағалауында, Тобылдың құяр сағасынан жоғарырақ, қазіргі Тобыл қаласының маңында тұрды. Сібір атауы біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдың соңынан бастап Ертіс өңірінің орманды-далалы алқабын мекендеген түркі тілді тайпалармен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған „Сыпыр” этникалық тобының атауынан шыққан. Парчы шежірешісі Рашид-ад Дин Ібір-Сібір елі моңғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы хан ұлысына, одан соң Алтын Орда құрамына еңгенін жазды. Алтын Орданың ханы Батыс Сібір жерін өз інісі Шайбанға сыйға тартқан. Шайбаниліктер 15 ғасырдың аяғында Тобыл, Тура және Тобда өзендерінің аңғарларында Тюмень хандығын құрып, астанасы Шыңғы-Тура қаласы етті. Бұл-қазіргі Тюмень қаласы. Осындай жағдайда Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Сібір жерлері Шыңғыс хан ұрпағы – Шайбаниліктердің мұралық ұлысына айналды.

3. Сібір хандығын көп халықтар, негізінен түркі тайпалары (қыпшақ, арғын, қарлұқ, қаңлы, найман, жалайыр т.б.), сондай-ақ ханты, мансы, барабы түркілері, башқұрттар мекендейтін. Хандықтағы түркі тайпаларын орыс жылнамаларында, кейін тарихи әдебиеттерде „Сібір татарлары” деген ортақ атау орнығып кетті.

Қазақ халқының этногенезін құраған арғын, найман, қыпшақ, қаңлы тайпалары ежелден Сібір жерін қоныстанған сол өлкенің тұрғылықты халықтары болған. Ал Сібір хандығын орыс мемлекеті жаулаған кезде олар өз аталасы қазақтарға келіп қосылып, ханты, мансы т.б. өз алдына жеке-жеке халықтар болып қалыптаса бастаған.

Көшім 1510 жылдар шамасында Ноғай Ордасының Алтыұл ұлысы Жем өзенінің шығысынан Аралдың солтүстік өңіріне дейінгі жерлерде қөшіп-қонған. Көшім жас кезінде Едігенің ұрпақтары – ноғай мырзаларының арасында дұрыс тәрбие алып, кейін олармен жақсы қатынаста болған. Әскер ісіне машықтанған, қайратты әрі жігерлі болған ол 1555 жылдан бастап ноғайлар мен қазақтардың жасақтарын басқарған. Көшім өзінің хандығын әкесінен мұра арқылы емес, ол 1563 жылы Шайбани ханның тұқымы Бұхара ханы Мұртазаның баласы Көшім Жәдігер ханды өлтіріп, Сібір хандығының тағына отырады. Ғасырдың 20-жылдарының аяғында-ақ Орданың далалық аумағының үлкен бөлігінде Х ғасырдың өзінде-ақ біріккен, орта-Ежен мен Шайбани ұрпақтары билігіндегі халық (ұлыстар) пенжерде (жұрт) билеуші әулет алмасады: Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі шожарлардың қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік біріншісінің мұрагерлерінің екіншісінің мұрагерлеріне ауысады. Бұл күрестің пайда болуы мен етек алуына саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген себептерге байланысты Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы себепші болды. Алғашқыларының арасындағы ең бастылары ХІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жалғасып келе жатқан Алтын Орданың ыдырауы мен Әмір Темірдің және Темір ұрпақтарының агрессиялық саясаты болатын. Екіншілерінің арасында Сырдариядағы қалалардың қолдан шығарылуы аса маңызды орын алды. Ортағасырлық авторлық бірі Махмұд ибн Уәли Ақ Ордада Шайбани ұрпақтарының билік басына келу фактісін жалпы Алтын Орданың күйреуімен орынды байланыстырады: “Жәнібек хан (өмірінің) аяқталу мезгілінің шегі болған хижра бойынша 758 жылдың (біздің заманымыздағы 1356-1357жж.) басынан Шайбани ұрпақтары шығуының басы болған хижра бойынша 835 жылдың (біздің заманымыздағы 1431-1432 жж.) ортасына дейін Дешті Қыпшақ мемлекетінің тағы ақылды падишах пен жігерлі билеушісіз қалды, осы себепті дін мен мемлекет істерінің құрылысында жүгенсіздік пайда болды, сол аумақтағы қоғамды (байланыстырушы) арқау үзілді, сөйтіп бірлік жойылды”. Шайбани ұрпақтарының өздері Алтын Орда тағында билік еткен жоқ, ол жөнінде Махмұд ибн Уәли де былай дейді: “Сол күннен бастап (яғни Батый хан өзінің бауыры Шайбани ханға төрт омақ пен көшіп жүретін жер бөліп берген кезден бастап) Шайбани ханнан тараған барлық адамдар Батый хан ұрпақтарына бағынуға бекем бел буып, бағыну ғұрпын бұзу жөніндегі қылмысты тілек пен ниетті ойға да алмады.”

2

Баќылау с±раќтары:



Астрахань хандығы.

1.Махұмыттың Астрахань хандығының негізін салуы(1465 ).

2.Мемлекеттің территориясы. Халқының этникалық құрамы.

3.Астрахань хандығының ноғайлармен, Қырым хандығымен, Ресеймен қарым-қатынастары.

4.IV Иванның Астрахань хандығын жаулап алуы.


XXII- лекция.

Қазақ хандығы.

Қазақ хандығының шет елдермен қарым-қатынасы.

Қазақ-жоңғар соғыстары.



(1 сағат)

Жоспары:
Қазақ хандығы.

1.Ќазаќ ±лтыныњ жєне Ќазаќ мемлекетініњ ќ±рылуы.

2.Бұрындық, Қасым, Хақ-Назар, Шығай, Тәуекел хандардың билігі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. II том. Алматы, 1998ж.



б) қосымша

4.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.



5.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

6.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.

7.Фахрутдинов. Золотая Орда и татары. Набер. Челны. 1993.


Лекция маќсаты: Керей мен Жәнібек султандар өздеріне қараған қолмен Әбілқайыр хандығынан бөлініп, 1456 жылы Моғолстанға көшіп келеді. Онда оларды Есен-Бұқа хан аса құрметпен қабылдап, өз иелігінің Батыс жағынан Шу бойы мен Қозыбасы өңірін бөліп береді. Есен-Бұқаның Керей мен Жәнібекті бұлайша қарсы алуының да өзіндік себебі бар еді. Бұл кезде ол інісі Жүніспен соғысып жатқан. Осындай сындарлы шақта Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуі Есен-Бұқа ханға көктен түскен жақсылықтай көрінді.
Лекцияның мәтіні:

1.Керей мен Жәнібек султандар өздеріне қараған қолмен Әбілқайыр хандығынан бөлініп, 1456 жылы Моғолстанға көшіп келеді. Онда оларды Есен-Бұқа хан аса құрметпен қабылдап, өз иелігінің Батыс жағынан Шу бойы мен Қозыбасы өңірін бөліп береді. Есен-Бұқаның Керей мен Жәнібекті бұлайша қарсы алуының да өзіндік себебі бар еді. Бұл кезде ол інісі Жүніспен соғысып жатқан. Осындай сындарлы шақта Керей мен Жәнібектің Моғолстанға келуі Есен-Бұқа ханға көктен түскен жақсылықтай көрінді. Бұлардың бөлініп келуі, біріншіден, інісі – Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр ханның күшін азайтса, екіншіден, Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңына ерген батыр жауынгерлерін Жүніске және сол кезде Моғолстанға қысым жасай бастаған ойраттарға қарсы нақты тойтарыс берер әскери күш ретінде пайдалануға мүмкіндік тұғызды. Есен-Бұқа хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді.

2. Қазақ хандығының құрамына қазақ хандығы құрылудан бұрынғы 4 хандықтағы - Әблқайыр хандығындағы, Моғолстан хандығындағы, Ноғай хандығындағы және сібір хандығына қараған көпшілік қазақ тайпалары енді, Қазақ хандығына бас қосты.

Сонымен, жеке Қазақ хандығының тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталды. Оның құрылуының тарихы 1456 және 1466 жылдардағы Өзбек ұлысының бір бөлігінің бағынбаған сұлтандары Орыс ханның ұрпақтарының бастауымен /көшуімен/ Моғолстанның шекарасынан тысқары көшірілген және „Көшпелі өзбектер” деп аталатын мемлекеттің 1468 жылы Әбілқайыр хан өлімінен кейінгі құлдырауымен байланысты.



Баќылау с±раќтары:

1.Қазақ хандығы.

2.Ќазаќ ±лтыныњ жєне Ќазаќ мемлекетініњ ќ±рылуы.

3.Бұрындық, Қасым, Хақ-Назар, Шығай, Тәуекел хандардың билігі.

4.Қазақ жерлерінің этникалық шекарасының бекітілуі..
XXIII- лекция.

Қазақстанның Ресейге қосылуы.

Өзбек жерлерінің Ресейдің қоластына кіруі.

(1 сағат)

Жоспары:
Қазақстанның Ресейге қосылуы.

1.“Қазақ” деген терминның шығуы, оның этимологиясы.

2.Қазақ хандары династиясының шығуы.

3.Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали бидің еңбектерінің маңызы.

4.Жүздердің – территориялық-саяси құрылымдардың пайда болуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. II том. Алматы, 1998ж.

4. Келімбетов Н., Қанафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы, 1996.



б) қосымша

5.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.



6.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

7.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.
Лекция маќсаты: Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің арасындағы сыртқы саяси байланыстары Тәуекел хандық құрған кезеңде одан әрі дамыды. Сауда байланыстары мен екі мемлекет беделінің өсуі ХҮІ ғасырдың аяғында неғұрлым тығыз деңгейде келіссөз жүргізуге мүмкіндік берді.
Лекцияның мәтіні:

1.XIII ғасырдың ортасынан бастап Кавказ халықтары монғол-татар хандарының езгісін бастан кешірді.Монғол езгісінің ең ауыр зардабы монғол феодалдарының пайдасына түсетін қауырт өсіп отырған салық еді.1253-1257 жылдары монғол хандары салық төлеушілерінің (10 жастан 60 жасқа дейін жастағы барлық ерлер) санағын жүргізді.Толып жатқан салықтардың ішіндегі ең ауыры астық түсімінің 60 % -ке дейінгі бөлігін алатын жер салығы (харадж) болатын.Малшылар әрбір он бес малдың біреуін беруге тиіс болатын.Салық төлеуге жағдайы келмейтін шаруалыр бүкіл семьясымен құлға айналды.

Сонымен бірге әрбір тоғыз шаруаның үйінен бір адам хан әскері үшін әскери қызметке баруға тиісті болатын.

XIII-XV ғасырлар ішінде Алтын Орданың әлсіреуімен байланысты кабардиндіктер шығысқа қарай біраз жылжып, қазіргі кезде өздері қоныстанып отырған жер аумағын иеленді.

Монғолдардың жаулап алуына дейін Солтүстік Кавказ жазықтарында көшіп-қонып жүрген қыпшақ ордаларының кейбіреулері тауға ығыстырылды. Аландармен, сол сияқты адыгамдармен араласып, олар ерекше түркі тілдес халықтар – қарашайлар мен балқарларды дүниеге келтірді. 14-15 ғасырларда Солтүстік Кавказда ислам діні үстемдік етуші дінге айналды.

Кавказ халықтары. Этногенезі және этникалық тарихы. Лингвистикалық классификациясы. Шаруашылығы. Материалдық мәдениеті. Баспана. Киімі. Тағамы. Қоғамдық және отбасылық жағдайы. Қонақжайлық дәстүр. Кек алу ғұрпы. Діни ағымдар. Фольклор. Кавказ халықтарының қалыптасуы . Осетиндердің шығу тегі . Солтүсік Кавказда түркі тілдес халықтардың райда болуы.

ХҮІ ғасырдың орта шеніне қарай Орталық Азия даласының кең – байтақ аумағында және оған жапсарлас жатқан аудандарда буырқан-ған этникалық және саяси оқиғалар болып, олар Орта Азия, Еділ бойы-мен Орал өңірі халықтарының белгілі бір шегінде этникалық – саяси шекаралардың қалыптасуына шешуші ықпал жасады. Әрбір халықтың этникалық - әлеуметтік жағынан қалыптасу өзіндік даму жолымен жүреді, бұл орайда аумақтық шекаралар да, этникалық айырмашылықтар да тым бұлыңғыр болуы да мүмкін. «Көшпелі өмір және тұтас рулардың мыңдаған шақырымға жаппай көшуі орын алып отырған жағдайда жекелеген провинциялардың томаға – тұйықтығы мен айқын аңғарылатын этнографиялық айырмашылықты көзге елестету мүмкін емес. Мәселен, 1557 ж. Исмаил Ноғайлы ІҮ Иванға өз жиендерінің «қазақ патшасына қосылып жүргенін» және олар кейіннен өз ұлыстарына иеленушілер ретінде қайтып оралып, Исмаилға жанама бағынғанымен, кейбір ноғай ордаларының қазақтар болып қалғанын хабарлаған. Бұл орайда кейіннен орыс деректемелерінде астарлап болса да, Қазақ хандығының толық тәуелсіз және қуатты мемлекет екені айтылады.

2.ІҮ Иванға Семен Мальцевтің хабарында Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығының қысқа мерзімді өрлеуі мен орталық хан билігінің күшеюі көрініс тапқан, ол «Ақназар патшаның және Шығай ханзада мен Шелым ханзаданың, ал олармен 20 ханзаданың Ноғайға келгені және шайқас болғаны» туралы жазған»

ХҮІІІ ғасырдың мәліметтері бойынша бұл кезеңде Хақназар ноғайлар мен башқұрттардың бір бөлігін билеп төстеген/48/. Сол кезеңдегі оқиғаларды өте дәл суреттеген ағылшын саяхатшысы Дженкинсон 1558 ж. қарай «күшті де құдіретті халық қазақтар үш жылдан бері Ташкентке қысым көрсетіп, өздерінің талап – тонауы арқылы керуендердің емін – еркін жүріп өтуіне кедергі жасап келеді» деп жазды/49/. Оның ІҮ Иваннан Орталық Азия хандықтарына арнаулы грамотасы болған, мұны осы бір ұлан – байтақ аймақпен саяси байланыстар орнатуға тырысқан әрекет деп қарастырыуға болады.

1573 ж. Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді, соның нәтижесінде Строгановтар өздеріне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне, сондай – ақ баж төлемей, соның ішінде қазақтармен де сауда жүргізуге грамота алды, ол «...оларға сол жаңа жерлерге қазақ ордаларының да, өзге жерлердің де жылқы және алуан түрлі товарлармен сауда жасайтын адамдары келіп тұрады, олар Москваға келмейді және оларды әр алуан тауарлармен сауда баж салынбай жүргізілді».

1577 ж. ноғайға жіберілген елші Б.Доможиров қазақтар туралы «...біздің патшамыз Ақназар патшамен әрі ұлы князьбен тату» деп хабарлаған». Бұл хабарлардан Хақназар ханның ноғайларға шабуыл жасап, Еділ мен Жайықтың төменгі ағыстарын иеленуге ұмтылғаны көрінеді.

3.Москва мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы алғашқы саяси байланыстар жекелеген кезеңдерде өздерінің сыртқы саяси міндеттерін шешу үшін одақтастар іздестіру ретінде де атап өтілді. Екі жақ Көшімді Мальцев пен Чебуков арқылы өздерінің саяси өрісіне тартуға ұмтылған кезде Хақназар мен ІҮ Иванның Көшім хан жөніндегі байланысы осындай болған еді.

Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің арасындағы сыртқы саяси байланыстары Тәуекел хандық құрған кезеңде одан әрі дамыды. Сауда байланыстары мен екі мемлекет беделінің өсуі ХҮІ ғасырдың аяғында неғұрлым тығыз деңгейде келіссөз жүргізуге мүмкіндік берді. Бұған мы-надай жағдайлар себепші болды. Тәуекел ханның жиені Ораз – Мұхам-мед сұлтанды Тобыл воеводасы Данила Чулков тұтқынға алып, Москва-ға кепіл етіп жібереді, онда ол өзінің қадір – қасиетімен терең құрметке бөленді, ал орыс патшасының күш – құдыреті және Ораз – Мұхам-медке ізгі көзқарасы тұтқынды беделді қызметкерге айналдырды. Ораз – Мұхаммедтің өзі орыс патшасына көрнекті әскербасы ретінде қызмет етіп қалды. Тәуекел хан өзінің жиенін тұтқыннан құтқару үшін Құл – Мұхаммед бастаған елшілік аттандырылды. Елшіліктің мақсаты неғұрлым саяси байланыстар да орнату болатын. Құл – Мұхаммедтің Ораз – Мұхаммедпен және ханзада Федор Ивановичпен әңгімесінің жазбасы сақталған. Елшілік Москваға 1594 ж. жетті. Қолда бар деректемелерге қарағанда, Құл – Мұхаммед Московиямен келіссөз жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар сол кезде Москвада болған парсы елшісімен де кездес-кен. Құл – Мұхаммед әңгіме кезінде Ораз – Мұхаммедтің нағашысы Тәуекел хан туралы құдіретті патша деп айтады: «Қазір сенің нағашың Тәуекел ханзада хан қазақ ордасына орнықты, ал өзінің інісі Шахмұхаммед ханзаданы қалмақтарға отырғызды, ол жақын жерде және бәрі бірге көшіп жүреді, қазір Бұхара патшасымен уақытша болса да тату және ноғайлармен татулығы баяғыдай ағайын сияқты».

Тәуекел ханның арнау хатында өз тарапынан белгілі бір шарттар-мен бодандыққа қабылдау туралы мәселе де айтылған: «...патша ағзамның рақымы түсіп, патша қабылдаса және ханзадаларды өзінің патшалық қолына алса, сені босатуға тақымы түсіп, рұқсат етсе, мен шынымды айтып отырмын, Тәуекел хан аманатқа ханзада жібереді. Ал патша ағзам тілесе, патша мен ханзадаларға оқ атса болғаны, Тәуекел патша мен ханзадалар дереу қарсы соғысты бастайды...».

Толық тәуелсіз және құдіретті ханның бодандығын нақты міндет-темелермен өзара келісілген әскери – саяси одақ ретінде қарастырыуға болады, Ораз – Мұхаммедтің тұтқындағы төре ретіндегі жағдайы Тәуекел ханды осындай саяси одақ түріне баруға мәжбүр етті. ІҮ Иван мен Сібір ханы Көшім одақтың осындай түрін қабылдады; жалпы алғанда мұндай саяси одақтар Орталық Азия аймағының басқа да билеушілері арасында таралған еді. 1595 ж. Тәуекел ханға жауап ретінде 2 жылға Вельямин Степановтың елшілігі жіберілді, онда былай делінген: «...оған, Тәуекел патша мен ханзадаларға Вельямин Степановтың осы елшілігі жіберіліп отыр, бұл оларға барып, біздің істеріміз туралы айтқан кезде олардың бұған барлық жағынан сенгені жөн және оны тыңдап алып, ортақ ісіміздің мән – жайын ойластырып, оны кідіртпей бізге жіберген жөн болар еді». Яғни Москва патшасы Тәуекелмен жаңа саяси қатынастар орнатуды дегенмен де мойындаған, алайда өзі мынадай шарт қойған: «...Тәуекел патшаға айтыңдар: Тәуекел патша мен оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астында болсын, ал патша ағзам әрі ұлы князь оларды барлық дұшпандарынан қорғауды және олардың Бұхара мен Көшім ханға қарсы тұруын ескертеді. Өзінің адалдығы үшін патша ағзам әрі ұлы князьге Тәуекел патша өзінің ұлы Үсейнді жіберсін, ал патша ағзам әрі ұлы князь оларға бауыры Ораз – Мұхаммед ханзаданы босатуға әмір береді»/55/. Тіпті Тәуекел хан мен оның ұлдары атына бодандыққы қабылдау туралы грамота да жазылды, ал Тәуекел елші Вельямин Степановты өте құрметпен қабылдады. Москва патшасының талабы мен қойған шарттары қисынсыз өте ауыр болғандықтан Тәуекел ханның тарапынан қабылданбады.

4.ХҮІІ ғасырдағы жағдайларға байланысты Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен саяси қарым – қатынасын үзеді.

Томск воеводалары Василий Волынский мен Михаил Новосиль-цовтың 1609 ж. құжатында Қазақ хандығы мазасыз және жаугер мем-лекет деп айтылады. Сібір князьдарының бірі Ресей бодандығын қа-былдаған кезде, оған Сібір шептерін қазақтар мен қалмақтардан қор-ғау жүктелген: «...оларды Алтын патшадан және Қазақ ордасы мен қара қалмақтардан қорғауға әмір бересің»/56/ делінген, ал сол кезде қазақтардың өздері, басқа бір құжатта көрсетілгеніндей, қалмақтармен со-ғысып жатқан: «...қара қалмақтар олардан алысырақ көшіп кетіп, Алтын патшамен және Қазақ ордасымен соғысып жатты».

Қазақ хандарының оңтүстік шептердегі саяси күресі, Қазақстан-ның оңтүстік – шығысында ойраттарға, батыс және шығыс шептерде қалмақтарға қарсы толас таппаған күресі, белгілі бір ұлыс пен жұрт әміршілерінің әрқайсысының саяси үстемдігін орнықтыру негізіндегі әулеттік қырқыстар бүкіл ХҮІІ ғасырда жалғаса берді. Ресей мемлекетін-дегі саяси жағдай да бірыңғай және тұтас көріністе болған жоқ. Дүрбеленді уақыт кезеңі және мемлекет басында жаңа әулеттің орнығуы, ал сонымен бірге жаңа саяси және идеологиялық доктриналардың пайда болуы Қазақстан мен Ресей арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді саяси қатынастардың нығаюына жағдай жасамады. Саяси байланыстар ХҮІІ ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер – Тәуке хан мен І Петр келген кезде жан-данады. Ресей мен Қазақ хандығының жақындасуы жоңғарларға қарсы күрестің біртүтас саяси мүдделер негізінде орын алды. «Ал қазір қырда Галдан деген шайтан шықты, сөйтіп бір – бірімізге қатынасудан қалдық... жолдарды көп жылдар бойы шөп басып кетті».

1687 ж. Тобольскіге Тәшім батыр бастаған қазақ елшілігі жібер-ілді. Бұл елшіліктің басты міндеті екі мемлекет арасында неғұрлым берік байланыс орнату болатын: «...Қазір қарамағымыздағы адамдарға тыныштық және олардың арасында елшілер мен сауда жасайтын адамдар жүргені керек, біздің арамыздағы ізгілікті даңқ... жарық дүниеде жақсы болады», яғни дербес екі мемлекет арасында байланыстар орнату көзделген. Тобольскіге 1689 ж. аяғы – 1690 ж. басында барған келесі елшілікті Тұманшы батыр басқарды.

Бұл екі елшілік те нәтижесіз аяқталды. Зерттеушілер 1686 – 93 ж.ж. Тәукенің Ресейге бес елшілік жібергенін, алайда оның берік саяси байланыстар жасауға ұмтылысында олардың нәтижесіз болғанын атап көрсетеді: «(Біздің) тұсымызда болғанын желге ұшырып жатқанымыз жаман нәрсе, алдағы уақытта ол да болмайды, тек біз ғана кеңес құра-мыз». 1691 ж. күзінде жіберілген, Тұманшы мен Қабай бастаған елшілік сияқты, ықпалды қазақтар Сары мен Келдей басқарған, енді ара ағайындар арқылы жасалған келесі елшілік те нәтиже бермеді. Ақырында, Сібір әкімшілігі мен Тәуке ханның арасындағы істерді жолға қою үшін 1692 ж. шілдеде Түркістандағы Тәуке ханға Андрейи Непри-пасов, Василий Кобяков және аудармашы Шаманаев құрамында елшілік жіберілді, алайда саяси алауыздықтың күшті болғаны сонша елші-лер Сары мен Келдей және Наприпасовтың адамдары екі жақта да кепілдер ретіндер ұсталды. 1693 ж. қазан айында Тәуке хан Келдейді босату мақсатымен Тобольскіге Толыбай Аталықовты жіберді; онымен бірге орыс елшілігінің мүшелері де аттанды. Тобольскіге қазақ елшілігінің келуіне жауап ретінде Келдей мен оның адамдары босатылды. Келдеймен бірге Тәуке ханның ордасына 1694 ж. Ф.Скибин мен М.Тро-шин жүріп кетті. А.Неприпасовпен бірге олардың бәрін 1695 ж. наурыз-да Тәуке хан ұстап алды. 1695 ж. қазан айында Скибин мен Трошин Бұхараға қашып барып, 1697 ж. басында олар Тобольскіге қайтып орал-ды. Ал Неприпасов Түркістанда қайтыс болады. Олардың хабарларында Қазақ хандығы туралы көптеген қызықты мәліметтер кездеседі. Тобольск әкімшілігі тарапынан қазақ елшіліктерін қабыл алмау Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарының шиеленісуіне әкеп соғып, ХҮІІ ғасырдың аяғы – ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейдің Жоңғарлармен жақындасуы себептерінің бірі болды.

Ұлы Жібек жолы кезінен бастап Қазақстан аумағы кең көлемді транзиттік сауда ауданына айналған еді. Сонау біртұтас Ноғай ордасы кезеңінде – ақ Орыс мемлекеті ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында: «Ноғай князьдарымен және үнді ханы Бабырмен сауда саттық жөнінен қарым – қатынас жасау мақсатын» көздеді . Бір – бірімен сауда жасасуға Орыс мемлекетінің өзі де, көршілес халықтар да мүдделі бол-ды; 1524 ж. орыс көпестерінің Қазанға жақын жердегі жәрмеңкеге баруына тиым салынған кезде, Бұл Шығыспен сауда жасасуға қатты соққы болып тиді. Товар алмасу мейлінше кең көлемді болған, С.М. Соловьевтің атап өткеніндей, «Шағатай көпестері – жібек маталар, татар жылқы және жаңбырдан қорғайтын жүннен басылып жасалған әдемі шапандармен осы шапандар жасалатын тамаша ақ материял әкеліп отырды» . Ал Орта Азия аумағына ер – тұрман, жүгендер, шұға, тері, мата, пышақ, балта, үзеңгі, айна, әмияндар әкелінді/64/.

Сауда бірнеше жолмен жүргізілді. Олардың біреуі Орта Азиядан Маңғыстау мен Астрахань айлағынан теңіз жолымен Жем арқылы Жайыққа, Сарайшықтан жоғары қарай, сонан соң Самараға, Башқұртстан арқылы «Ескі Қазан жолымен» өткен. ХҮІ ғасырдың аяғында товар айырбасы мына жол арқылы жүзеге асырылды: Қазаннан Камаға, одан Башқұрт өлкесімен, Уфадан айналып өтіп, Жайықтың жоғарғы жағына қарай, Жайық өзенін Сақмар және

Қазақтар мен қалмақтардың тарихи тағдыры оларды ХҮІ ғасыр-дың өзінде, батыс монғол – ойраттары Моғолстанды тастап шыққан кезде – ақ соқтығыстырған еді. ХҮ ғасырда – ақ ойрат билеушісі Ұлжей – Темірдің ордасы Бесбалықта болды. ХҮІ ғасырға қарай ойраттардың шапқыншылығы Ыстықкөлге дейін, тіпті Сырдарияға дейін жетті. ХҮІ ғасырдың орта шенінде, қазақтар Шу және Талас өзендерінің алқабына ірге тепкен кезде, ойраттармен үздіксіз қақтығыстар басталды, олардың басты себебі Моғолстанның біртіндеп бөлшектеліп, ыдырап бара жат-қан иеліктері үшін күрес болатын. Бұған басқа жағдайлар да себепші болды. В.В.Бартольдтің атап өткеніндей, «Кейінгі уақыттағы барлық мемлекеттік құрылымдар... қазақ, өзбек хандықтары мен Орта Азиядағы басқа да хандықтар мұсылмандық хандықтар еді». Шаруашылық, сая-си, идеологиялық қайшылықтар ойраттардың бір бөлігі – торғауыттар мен дербеттердің Ертіс өңіріне көшіп келіп, бірте – бірте солтүстікке ілгерілеуіне әкеп соқты. 1607 ж. қарай – ақ орыс шекарасына 12 сан, яғни шамамен алғанда 120 000 адам көшіп келді, ал барлық көшіп келгендер саны 8000 жауынгер мен 200 мың қалмақ халқы болатын. 1608 ж. қалмақ қосындары Жем өзенінде пайда болып, ноғайларды ығыс-тырды. 1613 ж. қалмақтар тұңғыш рет Жайық өзенінен өтті. Одан кейін-гі жылдарда қалмақтар Ресей бодандығына кіріп, Ресейдің саяси аясы-на тартылды. Нақ осы кезеңде торғауыттардың «алыстағы қалмақтар-мен», яғни Жоңғария билеушілерімен қақтығысы болады. 1635 ж. қазақ ханы Жәңгірмен одақтасқан торғауыттар билеушісі Далай тайша Ертіс өңірінде көшіп жүрген дербетттер билеушісі Үрлік тайшаға екі рет жабуыл жасады. 1642 ж. ол Сібірдегі қоныстарынан Жайыққа ауыс-ты. 1649 ж. шамамен алғанда саны 20 000 жауынгер болатын «алыстағы қалмақтардың» Ресей шегіне тағы бір көшуі басталды, соның салдары-нан басқа қалмақ ұлыстары Жем және Сырт өңірлеріне ығысты. 1671 ж. қалмақтардың Ресей шегіне жаңадан келуі байқалады, ал Аюке хан-ның тұсында – ақ Қалмақтардың Жоңғариямен қатынастары нығайды. Көшпелі халықтың осылайша жаппай көшуінің бәрі қазақ хандарының наразылығын тудырмай қойған жоқ, олар бүкіл ХҮІІ ғасыр бойы Қазақ-станның далалық аудандарындағы өздерінің ежелгі жерлері үшін күрес жүргізді. Бұл қазақтың ауыз әдебиетінде көрініс тапқан, онда қазақтар-дық ең күшті жауы «қалмақ» деп аталған. Бұл орайда, В.В.Бартольдтің атап көрсеткеніндей, «қалмақ» деген терминді оның шыққан тегі қандай болса да, мұсылман авторлары ойратқа қарағанда біршама кең мағы-нада қолданады.

Сонымен қатар Орыс үкіметі қалмақтарға үнемі қорған болып, ол-ардың патшаға атқарған қызметін көтермелеп, оларды қазақтарға қар-сы пайдаланды. Акедемик И.И.Лепехин ХҮІІІ ғасырда: «Біз оларды бас-қа да әскери қызметімен қоса, өз бабаларымызды қырғыз – қайсақтар мен кубандықтардың шапқыншылықтарынан жақсы және сансыз көп қорғаушылар деп білеміз», - деп жазған еді.

Қытайдың Орта Азия аймағымен тығыз байланыс жасап келгені жөнінде ерте заманнан бері көп мағлұмат бар. Кейінгі зерттеулерде Юань әулеті кезеңінде осы ұзақ мерзімді және тұрақты байланыстар-дың Қытай өмірінің көптеген салаларына елеулі ықпал жасағаны атап өтілген. Мәселен, фарфор бұйымдарының түр – түсіне, қытайдың ас – тағамдарына «Батыс өлкенің» ықпал жасағаны байқалды. Мин әулеті кезеңінде Қытайға киім – кешек үлгілерінің де, ортаазиялық тақияға ұқ-сайтын алты қиықты дөңгелек бас киім – люхэмао енгені аңғарылды. А.Ш.Қадырбаевтың, К.Ш.Хафизованың және басқа ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, қытайдың саяси, әскери, мәдени өмірінде түрік элементінің елеулі болғаны көрінеді. Алайда, Мин әулеті кезеңінде – ақ Қытайдың Орта Азиямен байланысы біртіндеп нашарлай берді де, ХҮІ ғасырдан бастап Қытайдың Батыс Азия халықтарымен бүкіл саудасы тоқтап қалды. Батыс Азиядан, соның ішінде Орта Азияның батыс аймағынан шыққандардың бір бөлігі ерекше этникалық қауымдастық – қытай мұсылмандарын құрады. Қытай өркениетімен тығыз саяси және өзге де байланыстар жасалған аудан Шығыс Түркістан болды, онда ХҮ – ХҮІ ғасырларда Моғол мемлекеті қалыптасып, дамыды да, ол ХҮІІ ғасырға қарай Орта Азия мемлекеттеріне ұқсас сипат алды. Моғолстан-ның бүкіл кең – байтақ аумағы ХҮІ ғасырдың орта шеніне қарай өзбектер, қазақтар және қырғыздар арасында бөліске түсті де, Моғолстан-ның билеуші әулеті Шағатай ұрпақтары екі ғасырдай уақыт бойы Шығыс Түркістанда орнығып қалды. Бұл орайда дулаттардың тайпалық бірлестігі Шығыс Түркістанның өзін билеп тұрды. ХҮІ ғасырдың бірін-ші ширегінде Шығыс Түркістанда өзбек – қазақтардың тайпалық бір-лестігінен шыққан сұлтан Саид хан орнығып, сол кезден бастап «кө-бінесе өзбектер моғолдардың одақтастары болды» да, олардың бірлес-кен одағы Жетісу мен Ыстықкөл өңірі үшін қазақтарға және қыр-ғыздарға қарсы күрес жүргізді, осы аудандарға оларды моғол хандары ықпал өрісінің бір бөлігі ретінде ХҮІ ғасырдың 90 – жылдарына дейін
Баќылау с±раќтары:

Қазақстанның Ресейге қосылуы.

1.“Қазақ” деген терминның шығуы, оның этимологиясы.

2.Қазақ хандары династиясының шығуы.

3.Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали бидің еңбектерінің маңызы.

4.Жүздердің – территориялық-саяси құрылымдардың пайда болуы.

XIVлекция.

Орта ғасырлардағы Өзбек мемлекеті.

(1 сағат)



Жоспары:

Өзбек мемлекеті.

1.Орта Азияға көшпелі өзбектердің шабуыл жасауы қарсаңындағы Темір мемлекеті.

2.Өзбектердің моғолдардың, қазақтар мен қызылбастармен соғыстары.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. I-III томдар. Алматы, 1998-99 жж.



б) қосымша

4.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

5.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

6.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.

7.Фахрутдинов. Золотая Орда и татары. Набер. Челны. 1993.


Лекция маќсаты: Өзбек мемлекеті.Орта Азияға көшпелі өзбектердің шабуыл жасауы қарсаңындағы Темір мемлекеті.Өзбектердің моғолдардың, қазақтар мен қызылбастармен соғыстары.Бұхар және Хиуа хандықтары.

Қоқан хандары.


Лекцияның мәтіні:

1.Өзбек- қазақ жер аумағында дәлдік ғылымдары (математика, астрономия, геодезия) мен жаратылыстану ғылымдары (минералогия, медицина, ботаника) 9-15 ғғ. дамыған болатын. Ғылым негізін салушылар әл-Хорезми, әл-Ферғани, әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Әбу әли ибн Сина, Ұлыкбек, әл Құсшы, Насредин Туси т.б. зерттеулері ғылымның келешек дамуының іргетасы болумен қатар, кейінгі ғасырлардағы ғылыми зерттеулердің нәтижесіне болжам жасады.

14 ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалардың, қолөнер кәсібінің монғол шапқыншылығынан кейін қайтадан қалпына келтіріле бастауына, Шығыс елдерімен сауда және басқа да байланыстардың жандана түсуіне байланысты мәдениетті дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды.

2.Бұған Темірдің шапқыншылық жорықтарының нәтижесінде өзге елдерден әкелінген асқан шеберлердің Орта Азия қалаларында шоғырлануы. Темір мен оның мирасқорларының сарайлар, діни және басқа ғимараттар, қамалдар тұрғызу жөніндегі кең ауқымды іс-әрекеттері үлкен әсерін тигізді, бұларды салуға асқан шебер сәулетшілер қатысты. Бұл дәуірдің тамаша сәулет ескерткіштері Самарқандта, Кеште(Шахрисябзде), Бұхарада және басқа қалаларда Темір жерленген – Гур-Эмир, Шахи-Зинда сағаналары, Биби ханым мешіті, Ақ Сарай сағанасы, әйгілі „мырзаның моншасы”, Ұлықбектің үш қабатты обсерваториясы және басқалары салынды.

10 ғ. Батыс пен шығыс зерттеушілері көңіл бөлген Наршахи, Газнауи, Бейхаки жайындағы тарихи жазбалар бар. Темір мен Темір әулеттері билеген жылдары „Үндыстанға жорық күнделігі”, „Темір жорығы жайындағы кітап”, „Шайбанинама”, „Шайбанияда” т.б., көлемді шығармалар пайда болды.

Кейінгі ғасырларда өзбектердің, сондай-ақ, Орта Азияның басқа да халықтарының тарихы сөз болған „Тарии-ир-Рашиди”, „Михманнама”, „Хабиб –ас-сияр”, „Бабыр-нама”, „Абдулланама”, „Тарих-и-Мухим-хани”, „Мухит-ат-тауарих”, „Шежіре-ит-Түрік”, „Тарих-ир Рахим-хани” т.б. еңбектер халыққа кеңінен мәлім болған.


Баќылау с±раќтары:

Өзбек мемлекеті.

1.Орта Азияға көшпелі өзбектердің шабуыл жасауы қарсаңындағы Темір мемлекеті.

2.Өзбектердің моғолдардың, қазақтар мен қызылбастармен соғыстары.

3.Бұхар және Хиуа хандықтары.

4.Қоқан хандары.

XXV- лекция.

Әзірбайжан халқының түрік-парсы үстемдігіне қарсы күресі.
(1 сағат)

Жоспары:

Әзербайжан республикасының тәуелсіздігін алынуы.

1.1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы.

2.1918 ж. Актінің негізінде Әзербайжан Жоғарғы Кеңестің мемлекеттің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Декларацияны қабылдауы (30 тамыз 1991 ж.).

3.”Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туралы” Конституциялық актінің қабылдануы (18 қазан 1991 ж.).



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3. Қазақстан тарихы. II том. Алматы, 1998ж.



б) қосымша

4.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

5.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.


Лекция маќсаты: Әзірбайжан мәдениетінің тарихында сол кезде әдебиетпен бірге каллиграфия, сурет өнері мен сәулет өнері салалары бойынша бірқатар бағалы дүниелер жасалды. Әсіресе миниатюра өнері гүлденді. Сәулет ескерткіштерінен ең маңыздысы Бакудегі (15ғ.) ширван-шахтар сарайы болып табылады.

Лекцияның мәтіні:

1.Кавказ Албаниасы . Түркілерді Азербайжан халқының қалыптасуы .Қазіргі кезде этникалық процестер. Әзірбайжан 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Алтын Орда басқарушылары мен ильхандар арасындағы күрестің орталығына айналды. 13 ғасырдың аяғында Әзірбайжанда қолөнер мен қалалардың едәуір дамуы Еуропа – Азия саудасы үшін маңызды болып табылатын жолдардың кейбіреуі осы жер аумағын басып өтуге негіз болды. Ал сауда жолы осы арада жібек, жүн, мата, аяқ киім және басқа да қолөнер мен кәсіпшілік тауарларын өндіруді жандандыруға себепші болды. Закавказьенің ірі сауда-қолөнер орталығы ильхандардың астанасы-Тебриз болды.Хулагид мемлекетінің құлауы және 14 ғасырдың алғашқы жартысынан бастап оның жеке хандықтарға бөлінуі және олардың ильхандармен болған күресте 1356 жылы Тебризді жаулап алған Алтын Орданың ханы Жәнібекті жақтаған көшпелі жергілікті феодалдар мен көшпелі түркі-монғол ақсүйектерінің күшеюіне жағдай жасады.

2. 15 ғасыр ішінде Әзірбайжанда тәуелсіз екі мемлекет: Шекин және Ширван хандықтары болды. 15 ғ. Екінші жартысында ширваншахтардың Ресеймен байланысы басталды. 16 ғ. Бірінші жартысында Әзірбайжан да, Армения сияқты, орасан үлкен Сефеви мемлекетінің құрамына кірді. 16 ғасырдағы Әзірбайжанның бүкіл тарихы Түркияның Сефевидтермен жүргізген соғыстарға толы. Әзірбайжан халқының негізгі бұқарасы феодалдарға тәуелді болған шаруалар еді. Көшіп-қонып жүрген тайпалар арасында ұзақ уақыт бойы патриалхалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды. Сол кезде Әзірбайжан жер аумағында феодалдық жер меншігінің төрт түрі 1) мемлекеттік жер(„дивани”), 2) сарай жері(„хассэ”), 3) шіркеу жері(„вакф”), 4) жеке меншік жер(„мульк”) болды.Азық-түлік рентасы рентаның жетекші түрі болып қала берді.Әзірбайжанның қалалары (олардың ішіндегі ең ірілері-Тебриз бен Шемаха) қолөнер мен сауданың аса ірі орталықтары болды. Әзірбайжанда істелген жібек маталар басқа елдерге шығарылды, тіпті Еуропа базарларында да қымбат бағаланды. 3.Закавказье халықтарының феодалдар және шетел қанауына қарсы күрес дәуірінде жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінде әлеуметтік және патриоттық шығармалар көбейді. 13-15 ғғ Әзірбайжанда мәдени қызмет саласы анағұрлым өсті, өйткені онда Закавказьенің басқа елдерімен салыстырғанда экономикалық жағынан белгілі бір дәрежеде ілгері басушылық болды және орта ғасыр мәдениеті дамуының басты ошақтары – қалалар шапқыншылықтардан өзгелерге қарағанда аз зардап шеккен еді. Мәдениет саласы бойынша монғол шапқыншылығынан қалған ауыр зардаптар бұған дейін жоғары деңгейде өркендеген сарай іші поэзиясының құлдырауына қатты әсер етті. Алайда Низами дәстүрі бұқара халықтың мұң-арманын бейнелейтін ақындар шығармашылығын онан әрі жігерлендіре түсті. Ақын Фазуллах Нейми(14 ғ.) исламға бет бұрған көзқарасты дүниеге әкелді.13 ғ. Аяғы мен 14 ғ. Басында әзірбайжан ақындары парсы тілінде жазуды қойып, өз шығармаларын ана тілінде шығарды. 14 ғ. Аяғы мен 15 ғ. Басында азербайжанның аса көрнекті ақыны Шемахиден шыққан Имад-ад-Дин Несими болды.Ол өзінің шығармаларында қанау мен әділетсіздікке қарсы шығып, жер бетіндегі тіршілік атаулының қуанышын жырлап, дүниеден тыс жерде тіршілік бар дегенге қарсы шықты. Әзірбайжан мәдениетінің тарихында сол кезде әдебиетпен бірге каллиграфия, сурет өнері мен сәулет өнері салалары бойынша бірқатар бағалы дүниелер жасалды. Әсіресе миниатюра өнері гүлденді. Сәулет ескерткіштерінен ең маңыздысы Бакудегі (15ғ.) ширван-шахтар сарайы болып табылады.
Баќылау с±раќтары:

Әзербайжан республикасының тәуелсіздігін алынуы.

1.1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы.

2.1918 ж. Актінің негізінде Әзербайжан Жоғарғы Кеңестің мемлекеттің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Декларацияны қабылдауы (30 тамыз 1991 ж.).

3.”Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туралы” Конституциялық актінің қабылдануы (18 қазан 1991 ж.).



XXVI- лекция.

Әзербайжан республикасының тәуелсіздігін алынуы.
(1 сағат)
Жоспары:

1.Єбілќайыр т±сындаѓы ¤збек ±лысы.

2.Моѓолстан ±лысы жєне оныњ ыдырауы.

3.Ќазаќ ±лтыныњ жєне Ќазаќ мемлекетініњ ќ±рылуы


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998ж.



б) қосымша

4.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

5.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

6.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.

Лекция маќсаты: .Өзбек ұлтының құрамында үлкен үш топ болды. Бірінші топ – отырықшы халықтар арасындағы өзбектер, бұлардың басты белгілері – ру мен тайпаға бөлінеді, суармалы егіншілікпен, қолөнермен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрды.

Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Фергана алқабын, Хорезмді мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларынының отырықшылдыққа айналуына едәуір ықпал жасады.


Лекцияның мәтіні:

1. Өзбек ұлтының құрамында үлкен үш топ болды. Бірінші топ – отырықшы халықтар арасындағы өзбектер, бұлардың басты белгілері – ру мен тайпаға бөлінеді, суармалы егіншілікпен, қолөнермен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрды.

Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Фергана алқабын, Хорезмді мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларынының отырықшылдыққа айналуына едәуір ықпал жасады.

Екінші топ – Орта Азиялық Қосөзен аралығындағы монғол дәуіріне дейінгі түркі тайпалары мен Шынғыс хан заманындағы түркі-монғол тайпаларының ұрпақтары /Қарлұқ, Барлас, Қалтатай, Моғол т.б./. Бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі бұрын өздерін „түрікпіз” деп атады.

Үшінші топ – Дешті Қыпшақтағы өзбек тайпаларының ұрпағы. „Өзбек” атауы тайпалық атпен қатар олардың өз атауы да болды. Тайпалардың бәрі бірдей жеке зерттелмеген. Бұлардың көпшілігі Орта ғасырда-ақ әбден белгілі болған Қыпшақ, Найман, Жалайыр, Қаңлы, Қытай /Хитай/, Қоңырат, Маңғыт, Дүрмен, Қашаған, Қырық, Сарай, Кенегес, Қият, Құтты, Ұйғыр т.б. тайпалар мен халықтар.

Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Олардың негізгілері: 1. Қыпшақ диалектісі /Өзбекстанның терістік батысын мекендеген қыпшақ тайпасының тілдік ерекшелігіне байланысты пайда болған/; 2. Оғыз диалектісі / оңтүстік-батысты мекендеген оғыз тайпасының тілдік ерекшелігіне байланысты пайда болған/; 3. Қарлұқ диалектісі /оңтүстік-шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігінен тұған/.

2.Орта ғасырдағы тарихшылардың келтірген деректеріне қарағанда, 14 ғасырға таман осындағы ру-тайпалар „моғол” деп аталған. Бірақ бір кездегі „моғол” сөзі қалыптасқан халықтың аты емес, әскери-саяси одақтың ғана аты болған еді. 14 ғ. Ортасында осы „моғол” одағы негіз болып құрылған хандық Моғолстан деп аталды. Алайда тарихи оқиғаларға байланысты Моғолстанның жер көлемі бірде кеңейіп, бірде тарылып отырды. Дулат феодалының тәуелді иелігі болған Маңғылай Сүбе өлкесі Моғолстанға кейде қосылып, кейде бөлініп кетіп отырды. Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы түркі тілдес тайпалар – Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Керей, Арғын, Найман т.б. Бұлардың басым көпшілігі ежелден осы өңірді мекендеген түркі тілдес тайпалар, олардың ішінде жергілікті түркі тілдес халықтарға сіңіп, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды.

3.Моғолстанның алғашқы ханы – Тұғлық Темірдің моғолдарға ислам дінің таратып, қалыптастыруға көп күш салуы оның беделін арттырды, үстемдігін нығайта түсті. Тұғлық Темір 1348 жылы 18 жасында хан тағына отырды. Моғолстан шекарасы мырза Хайдардың „Тарихи-Рашиди” атты кітабында былай баяндалады: „Қазір Моғолстан деп аталатын жер аумағының ені мен ұзындығы 7-8 айға созылатын жолды көрсетеді. Моғолстанның шығыс шеті қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солтүстігінде Көкше теңізбен /Балқаш көлі/, Бом және Қараталмен, батысында Түркістан және Ташкентпен, оңтүстігінде Фергана, Қашқар, Ақсу, Шалыш және Турфанмен шектеседі”. Яғни сол кездегі Моғолстанға қазіргі оңтүстік-шығыс және Оңтүстік Қазақстан жер аумағы кірген.

Моғолстанның құрамына Шығыс Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан облыстары кірді. Моғолстан ордасының орныққан орталығы Алмадық қаласы болды. Моғолстан бұрынғы Шағатай ұлысының және Жошының оңтүстік-шығыстағы әскерлеріне толық билік жүргізді.

Баќылау с±раќтары:

1.Єбілќайыр т±сындаѓы ¤збек ±лысы.

2.Моѓолстан ±лысы жєне оныњ ыдырауы.

3.Ќазаќ ±лтыныњ жєне Ќазаќ мемлекетініњ ќ±рылуы



XXVII- лекция.

Ноғайлардың басқа елдермен қарым-қатынасы.

Ноғайлардың батысқа кетуі.
(1 сағат)
Жоспары:

Ноғайлардың батысқа кетуі.

1.Ноғайлардың Қырымға, Солтүстік Кавказға кетуі.

2.Қазақтар мен ноғайлардың тарихи-генетикалық.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. II том. Алматы, 1998 ж.



б) қосымша

4.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

5.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

6.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.
Лекция маќсаты: Ноғай Ордасының негізін қалаған Едігенің баласы Нұраддин хандық құрған тұста Ноғай Ордасы түпкіліті қалыптасты.

Ноғай Ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құрамына енген қыпшақ тайпаларымен маңғыт тайпаларынан құралған.


Лекцияның мәтіні:

1.Ноғай Ордасының негізін қалаған Едігенің баласы Нұраддин хандық құрған тұста Ноғай Ордасы түпкіліті қалыптасты.

Ноғай Ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құрамына енген қыпшақ тайпаларымен маңғыт тайпаларынан құралған.

Ноғайлар Еділден Ертіске дейін Каспий мен Арал теңіздерінен Қазан мен Тюменге дейінгі жерлерді иемденеген.Орданың орталығы Жайық өзенінің сағасындағы Сарайшық қаласы болды.Негізгі кәсібі-көшпелі мал шаруашылығы болды.

Ноғай Ордасының негізгі аумағы Еділ мен Жайықтың арасындағы далада, оның орталығы Еділдің төменгі бойында немесе Сарайшық (Жайық бойында) аудандарында болатын. Шығысында ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында көшіп жүрді. Олардың көшіп жүретін жерлері солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына дейін, оңтүстік-батысында Арал өңірі мен каспий өңірінің солтүстігіне дейін жететін, ал кейде олар Маңғыстау мен Хорезмге барып жүретін .

ХҮ ғасырдың ортасында ноғайлар кей кезде Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, Сырдарияның бекініс-қамалдарын жаулап алды. 1446 жылы маңғыт Уақас би Өзгент қаласына билік етті.

Шын мәнінде Ноғай (Маңғыт) ордасының негізін қалаған Едіге болып саналады. Ол туралы өмірбаяндық деректерді көптеген шығыс авторларынан кездестіреміз. Олар: Му‘ин ад-дин Натанзи, Әбдірраззақ Самарқанди, ибн Арабшах, Әбілғазы, Қадыр әлі Жалайри. Солардың деректерінде ХІҮ ғасырдың соңында саяси аренаға шығып, Алтын Орданың уақытша билеушісі болған Едіге би 15 жыл бойына (1396–1411) шын мәнінде Алтын Ордадағы бүкіл билікті өз уысында ұстады. Ол басқарған “маңғыт жұрты” Алтын Ордадан бөлектенген елеулі феодалдық иеліктердің бірі болды. “Едіге ордасында екі жүз мыңнан астам тұрақты атты әскер ұстады” деген деректер оның әскери қуатын айқындайды. Өз қолымен қойған хандар арқылы Алтын Орданың билігіне араласып, Едіге “беклер бек” дәрежесімен көрші ұлыстарға орасан зор ықпал жасай алды.

2.Ноғайлардың тарихи жады да маңғыт жұртының (Ноғай Ордасының) пайда болуын Едігеден бастайды. Ортағасырлық тарихи дереккөздері де ноғайлардың дербес саяси құрылым ретінде қалыптасуын Едігеден бастайды . Әбілғазы Маңғыт жұртының құрылуын биліктің Бату әулетінен маңғыт әулетіне ауысуы деп түсіндіреді.

Едігенің бүлікке келуінің хронологиялық шегі ретінде 1391 жылы оның сол қанаттағы тайпаларға қоныс аудару (Темір шабуылынан бой тасалау үшін) туралы бұйрық беруі алынады. Осы оқиға тіпті ресми сипат алып та кетті. 1991 жылдың күзінде Дағыстанның Ноғай ауданында “Ноғай Ордасының 600” жылдығы ретінде атап өтілді .

Қазіргі заманғы бірқатар зерттеушілер Едігенің Темірден қол үзіп Маңғыт жұртын Алтын Орда ықпалынан бөліп әкетуін шын мәнінде осы оқиғамен байланыстырады .


Баќылау с±раќтары:

Ноғайлардың батысқа кетуі.

1.Ноғайлардың Қырымға, Солтүстік Кавказға кетуі.

2.Қазақтар мен ноғайлардың тарихи-генетикалық.


XXVIII- лекция.

Қырғыз және ұйғыр этностарының қалыптасуы.
(1 сағат)

Жоспары:

Қырғыз және ұйғыр этностарының қалыптасуы.

1.Қырғыз этносының қалыптасуындағы моғол компонентінің ролі.

2.Моғол-қазақ, моғол-қырғыз ара қатынасы.

3.Накшбандардың сопылық ордені, Моғолиядағы оның белогорлық және черногорлық секталары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. II том. Алматы, 1998ж.

4.Келімбетов Н., Қанафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы, 1996.

б) қосымша

5.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

6.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

7.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.

Лекция маќсаты: Қырғыз халқы – көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мұрагері. 6-7 ғғ. Қырғызстан Батыс Түркі қағандығының орталығына айналды. Астанасы – Суяб. 6-8 ғғ. Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы /Орхон жазуы/ болды.

Қырғыз халқының негізін үш үлкен топ құрады: алғашқы екі тобы қосылып „Отыз ұл” аталды да, „оң және сол қанат” болып екі бірлестікке бөлінді.


Лекцияның мәтіні:

1.Қырғыздардың ертедегі этникалық тарихы көне тайпалар одақтарымен /хұндар, діліндер, сақтар мен үйсіндер/ байланысты. Кейінірек – Түркі қағандықтары мен көшпелі тайпалар бірлестіктері дәуірінде /б.з.б. 10 ғ./ қырғыздардың құрамына енген тайпалар Саян-Алтай, Ертіс өңірі, Шығыс Тянь-Шань өңірлерін мекендеген түркі тілдес халықтың арасында қалыптасады. Б.з. 2 мыңжылдықтың бірінші жартысында монғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншылығынан кейін ежелгі түркі тілдес халықтардың бір бөлігі Орталық және Батыс Тянь-Шаньға, одан ары оңтүстікке қарай Памирге дейін ығысты.

Бұлар Тянь-Шань өңірінде қалыптасқан қырғыз халқының негізін қалады. Оның құрамына Жетісу мен Маураннаһрдың түркі тілдес жергілікті тайпалары, соның ішінде қарлұқтар мен ұйғырлар, кейінірек 16-1 ғғ. Қазақ тектес тайпалар да кірді. 16 ғасырдың бас кезінде қырғыздар Тянь-Шаньда дербес халық болып қалыптасты. Қырғыз халқының негізін үш үлкен топ құрады: алғашқы екі тобы қосылып „Отыз ұл” аталды да, „оң және сол қанат” болып екі бірлестікке бөлінді.

2. Қырғыз халқы – көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мұрагері. 6-7 ғғ. Қырғызстан Батыс Түркі қағандығының орталығына айналды. Астанасы – Суяб. 6-8 ғғ. Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы /Орхон жазуы/ болды.

10 ғ. Бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауында қалалар мен отырықшылар көбейе бастады. 10 ғ. Орта шенінен 12 ғ. Соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті.

13 ғ. Бірінші шірегінде Тянь-Шаньның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді. 15 ғ. Екінші жартысында солтүстік қырғыз жерінде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетің құрды.16 ғ. Бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүргізді. 1.VIII ғасырдың ортасында құрылған іргелі Ұйғыр қағандығы Орталық және Шығыс Азияның ,оның ішінде Тань империясының тарихи тағдырына елеулі әсер етті.

Ежелгі Түркі империясының құлауынан соң байтақ далада саяси бытыраңқылық туды.Түркі тайпаларына үстемдік ету үшін және қаған лауазымын алу үшін Ашина империсын талқандауды аяқтаған ұйғыр ,қарлұқ секілді жеңімпаз тайпалар үстемдікке ұмтылды.Басмылдардан (басмыл –грекше шыққан тегі аралас деген мағына береді) билікті тартып алған ұйғырлар ең күшті болып шықты.Ашина,Қырғыз, Қимақтар секілді Ұйғырлар Одақтың біріне жатады.

III-IV ғасырларда ұйғыплар Қытай династиясының шежірелерінде (жылнамаларында) Гаогюй (Биік орта) атанған бірлестікте тұрды.V ғаырда қытай деректері бойынша бұл одақтың (оғыздардың) жаңа аты –теле пайда болды.

Қытай деректері бойынша 745 жылы Монғолияда түркі-оғыз мемлекетінің орнына ұйғыр мемлекеті келді.Оған он ұйғыр тайпасы енді,өзара қырқыста жеңіске жеткен яглохарлар мемлекетке басшылық етті.

3.”Өзбек” деген сөз /атау/ - 15 ғ. Аяғы – 16 ғ. Бас кезінде Шығыс деректемелерінде Еділдің шығысы мен Арал теңізінің солтүстігіндегі далалық аймақтың атауы, яғни шығыс Дешти Қыпшақ атауы ретінде қолданылған тарихи-этнографиялық термин.16 ғасырда „қазақ” термині бірте-бірте Дешті Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан түркі халқының тұрақты этнониміне айналады. „Өзбек” термині Мұхаммед Шайбани ханға еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды. Демек, 15-16 ғғ. Қазақстан жеріндегі өзбек Шығыс Дешті Қыпшақ жер аумағының /Қазақстан жерінің далалық аймақтарынан, Жетісу мен Оңтүстік аймақтардан басқа/ бір бөлігі.

Орталық Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихы. Тәжіктер. Қырғыздар. Қырғыздардың этногенезі проблемалары. Түрікмендер. Өзбектер. Қарақалпақтар. Тілдік және антропологиялық сипаттамасы.

Шаруашылық – мәдени типі: оазистердегі отырықшы егіншілер, далалы және жартылай отырықшы егіншілері мен малшылары. Ежелгі егіншілік мәдениеті. Суландыру жүйесі. Көші-қон тәсілі: меридионалдық, вертикалды және тұрақты. Егіншілердегі қауымдық форма. Шаруашылықтың көп укладтылығы.

Материалдық мәдениеті. Қонысы мен баспанасы. Киімі. Тағамы. Қолөнері. Архитектура. Рухани мәдениеті. Діни наным-сенімдер. Қоғамдық ұйымдар. Орталық Азия халықтарының отбасы және отбасылық тұрмысы. Экзогамиялық және эндогамиялық неке. Орталық Азия елдеріндегі этникалық топтар. Қазіргі этникалық процестер.

Баќылау с±раќтары:

Қырғыз және ұйғыр этностарының қалыптасуы.

1.Қырғыз этносының қалыптасуындағы моғол компонентінің ролі.

2.Моғол-қазақ, моғол-қырғыз ара қатынасы.

3.Накшбандардың сопылық ордені, Моғолиядағы оның белогорлық және черногорлық секталары.




XXIX- лекция.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы.
(1 сағат)
Жоспары:

1.1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестің мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияны қабылдауы.

2.1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заңды қабылдауы.
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3. Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.



б) қосымша

4.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

5.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.


Лекция маќсаты: 1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестің мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияны қабылдауы.

1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заңды қабылдауы.


Лекцияның мәтіні:

1.Қазақтар өсіп-өнген түрік тілдес халықтардың бірі VIII-IX ғасырда Қазақ жеріне енген араб жазуы XX ғасырдың басына дейін өзгеріссіз қолданылады. Мұсылман әріптерінде 28 әріптен тұратын араб әліппиі жаттатырылды. Қазақ даласында XX ғасырдың басында Қазақ зиялыларының тарапынан Араб әліппесінің жазу үлгісі жетілдірілді. Оның жаңа үлгісін ұсынған Ахмет Байтұрсынов болды, ол қазақ тілінің дыбыс жүйесі бойынша 28 дыбыс түрі бар екенін оның 5 дауысты 17 дауыссыз екендігін айтты. А.Байтұрсынов түзген әліппе 20 жылға дейін өмір сүрді. 20 жылдан бастап елде қазақ жазуы латын әрпіне ауысты. Қазақ әліппесіне өзгерістер енгізу мәселесіндегі екі түрлі көз қарас екі бағытты көрсетті. Оның бірін Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған бағыт берді. Бұл бағытты қолдаушылар орыстың тілін білу жазба өнерін игеру батыстың мәдениетін игеру қажеттігін маңызы зор екендігін айтты. Көрнекті тілші ғалымдардың бірі профессор Хамель Досмұханбетов қазақ тілін әліпбиін енгізу ісіне белсене кірісті. Оған көмектескендер Меңдешев, Аспендияров, Мүсірепов т.б. қолдау көрсетті. 1940 жылы қазақ тілі 42 әріптен тұратын орыс әліпбиіне көшірілді. Оның іске асуына белгілі тілшілер Кеңесбаев, Мұсабаев, Аманжолов, Сауранбаевтар елеуі еңбекетті. 2.Қазақ мәдениеті ХХ ғ әрі үмітпен , әрі түңілумен қарсы алды .Ұлттық идея темір

тордағы халықты толғандырып оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды . Қазақстандағы мәдени қайта жаңғыру орыс экспанциясына қарсы шығудан басталды . ХХ- ғ басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі- “Оян , қазақ!” өлеңін жариялады .

Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі- Шәкәрім Құдайбердіұлы . Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 ж.ж) тәуелсіздік ісіне , халықтың мәдениет жолымен дамуда зор үлес қосқан ақын . Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды , бұл үшін оған ұйқыдан оянып , ілгері жүру және басқа халықтар сияқты даму керек .

Отаршылдық қарсы күрескен бауырларына ынтымақтастық ниет көрсете отырып, С.Торайрғыров “Таныстыру” деген поэмасында Дулатовты , Байтұрсұновты , Бөкейхановты

“күн”, “таң”, “ай” деп атайды . Оның өлең мен жазылған “Қамар сұлу”, “Кім жазықты”

романдары , “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмалары , өлеңдері , мақалалары , көркемдік ізденістері сан қырлы және жан- жақты болғанын ашып көрсетеді .

Қазақ әдебиетінде Абай негізінен қаланған реалистік өнердің жоғары үлгілерін біз Сұлтанмахмұдттың шығармаларынан таба аламыз.

ХХ- ғасырда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дәстүрлерін жалғастырған сазгер ақындардың шығармашылығы елеулі орын алды . Театрлар , концент залдары болмағанмен сазгер ақындар ән-күйді дамытуға үлкен зор үлес қосты .

Жаяу Мұса Байжанұлы , Балуан Шолақ Баимырзаұлы , Мәди Бапиұлы ,Майра Уалиқызы,

Иианжүсіп Құтпанұлы , Әсет Найманұлы , Кенен Әзірбаев және басқалар демократиялық бағыттағы жаңа әндер мен жырлар туғызды . Отаршылдық басқару жүйесінде қазақ халқының жағдайы кейінгі кезеңде әдебиеттің дамуында өзекті проблема бола-ыр қала берді .

Қазақ ақындарының басқа бір тобы халық туындылары , сондай ақ Шығыс шығармалары ықпалымен дастандарға және хиссаларға ерекше көңіл болінді

Баќылау с±раќтары:

1.1990 ж. 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестің мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияны қабылдауы.

2.1991 ж. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заңды қабылдауы.

XXX- лекция.

Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері.

Тәуелсіз Қырғыз Республикасы.

(1 сағат)

Жоспары:

Тәуелсіз Қырғыз Республикасы.


  1. Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Республика суверенитеті туралы Декларацияны (15 желтоқсан 1990 ж.).

2.Қырғызстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны (31 тамыз 1991 ж.) қабылдауы.

3. 1993 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясында Қырғызстан Республикасының атын Қырғыз Республикасы деп өзгерту туралы шешімнің қабылдануы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.3-кітап.Алматы, 2005ж

3. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

4.Келімбетов Н., Қанафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы, 1996.
Лекция маќсаты: Тәуелсіз Қырғыз Республикасы.

Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Республика суверенитеті туралы Декларацияны (15 желтоқсан 1990 ж.). Қырғызстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны (31 тамыз 1991 ж.) қабылдауы.


Лекцияның мәтіні:

1.Қырғыздардың ертедегі этникалық тарихы көне тайпалар одақтарымен /хұндар, діліндер, сақтар мен үйсіндер/ байланысты. Кейінірек – Түркі қағандықтары мен көшпелі тайпалар бірлестіктері дәуірінде /б. з. б. 10 ғ. / қырғыздардың құрамына енген тайпалар Саян-Алтай, Ертіс өңірі, Шығыс Тянь-Шань өңірлерін мекендеген түркі тілдес халықтың арасында қалыптасады. Б. з. 2 мыңжылдықтың бірінші жартысында монғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншылығынан кейін ежелгі түркі тілдес халықтардың бір бөлігі Орталық және Батыс Тянь-Шаньға, одан ары оңтүстікке қарай Памирге дейін ығысты.

Бұлар Тянь-Шань өңірінде қалыптасқан қырғыз халқының негізін қалады. Оның құрамына Жетісу мен Маураннаһрдың түркі тілдес жергілікті тайпалары, соның ішінде қарлұқтар мен ұйғырлар, кейінірек 16-1 ғғ. Қазақ тектес тайпалар да кірді. 16 ғасырдың бас кезінде қырғыздар Тянь-Шаньда дербес халық болып қалыптасты. Қырғыз халқының негізін үш үлкен топ құрады: алғашқы екі тобы қосылып „Отыз ұл” аталды да, „оң және сол қанат” болып екі бірлестікке бөлінді.

2. Қырғыз халқы – көне мәдениет пен ежелгі мемлекеттің мұрагері. 6-7 ғғ. Қырғызстан Батыс Түркі қағандығының орталығына айналды. Астанасы – Суяб. 6-8 ғғ. Батыс Түркі қағандығына қараған тайпалармен бірге өзінің жазуы /Орхон жазуы/ болды.

10 ғ. Бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауында қалалар мен отырықшылар көбейе бастады. 10 ғ. Орта шенінен 12 ғ. Соңына дейін қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті.

3. 13 ғ. Бірінші шірегінде Тянь-Шаньның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді. 15 ғ. Екінші жартысында солтүстік қырғыз жерінде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық өз мемлекетің құрды. 16 ғ. Бірінші жартысында қырғыздар мемлекеті қазақтармен одақтасып, Моғолстан мен Ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүргізді.



Баќылау с±раќтары:

1.Тәуелсіз Қырғыз Республикасы.

2.Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Республика суверенитеті туралы Декларацияны (15 желтоқсан 1990 ж.).

,

10. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ.



Семинар тақырыбы, жоспары


Сағат

саны


Әдебиеттер №



Түркі этностары және түркі тілес халықтар

1.Түркі халықтар түсінігі.

2.Түркілердің саны, тілі, діни сенімдері және қоныстанған аумағы.

3.Түркі халықтарының антропологиялық құрамы.

4.Ғылымының алдына қойылған мақсаттар.

Хунну тарихы(сюнну,ғұндар)

1.Ежелгі хундар туралы тарихи деректер жєне хундардыњ шыѓу тегі.

2.Хундар мекендеген аймаќ.Хундардыњ салт-дєст‰рлері.

3.Шыѓыс Еуропадаѓы хундар империясы.




1

№ 1-3

2

Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрылысы.

1.Түрік феодалдық лауазымдары: қаған, жабғы, шад, тегін, эльтебер, тархан.

2.Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні: тәңірлілік, манихеймнің таралуы.

3.Ұлы Жибек жолының маңызы.



Түрік Элінің – мемлекетінің, қағанатының құрылуы.

1.түркілердің жужандардың (аварлар) қол астында.

2. Бумын қаған. Мұған қағанның билігі.

3.Түркілердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуы.

4.630 жылы Шығыс түрік қағанатын қытайлардың бағындыруы.


1

№ 2-4,23,39




Екінші Шығыс түрік қағанаты.

1.Шығыс түркілердің тауғаштар (қытайлар) үстемдігіне қарсы көтерілісі.

2.Түрік мемлекетін қалпына келтіру.

3.Білге-қаған өлімінен кейін екінші Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі.

4.Түріктер билігін құлату.


1

№ 1-3




Оғыздар мемлекетінің құрылуы.

1.Жабғу – оғыз билеушісінің титулы.

2.Қорқыт ата кітабы.

3.Хорезм, Салжұқтармен қақтығыс.

4.Оғыздардың миграциясы.


1

№ 2-4,23,39




Қимақ қағанаты.

1.Қимақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы.

2.Деректер бойынша 9-11 ғғ. Қимақтар мемлекеті.

3. Шаруашылығы, әлеуметтік-саяси жағдай.



Мұсылман-түркі мәдениетінің гүлденуі.

1.Қарахандар мемлекеті көшпелі және отырықшы-егіншілік өркениеттері жүйесінде.

2.Қарахандар династиясының исламды ресми дін ретінде қабылдауы.

3.Әскери-ленндік жүйе.

4.Қалалардың гүлденуі.

5.Ғылым және поэзия.



1

№ 1-3




Қыпшақтардың өзге елдермен қарым-қатынасы.

1.Ќыпшаќтардың оңтүстікке экспансиясы.

2.Қыпшақтар және Хорезм.

3.Қыпшақтар және Киев Русі.





1

№ 2-4,23,39




Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

1.Алтын Орда территориясындағы этникалық процестер.

2.Моғолстандағы этникалық процестер.

3.“Өзбек”, “ноғайлы”және “моғол”суперэтностары.

4. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы.


1

№ 1-3




Моғолстан ыдырауы.

1.Моѓолстан ±лысы.

2.Темірдің Моғолстанға қарсы жорықтары.

3.Моғолстанның ыдырауы.

4.Шығыс Түркістанда Моғолия мемлекетінің құрылуы.


1

№ 2-4,23,39




Кіші Азияға моңғол шапқыншылығы.

1.XIII-XVғғ. Түркия.

2.“Рум сұлтанаты”қуатының шырқау шегіне жеткен кезі.

3.Закавказьені моңғолдардың жаулап алуы.

4.Сұлтанатты хулагуидалардың бағындыруы.


1

№ 1-3




Қырым хандығы.

1.Қырым хандығының Осман империясының сюзеренитетін қабылау.

2.Қырым хандығы және Ресей.

3.XVIII ғ. Ресейдің Қырым хандығын өзіне қаратуы.



1

№ 2-4,23,39

Барлығы

10 сағ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет