Лекция:: 30 сағат Практикалық: Семинар: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет3/7
Дата24.04.2016
өлшемі0.97 Mb.
#78706
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Баќылау с±раќтары:

1.Қарахандардың басқа елдерімен қарым-қатынастары.

2.Қарахандар және Хорезмшах мемлекеттері.

3.Қарахандардың Саманидтер мемлекетін талқандауы, Орталық Азияны алу.

4.Қарахандардың және Газневилердің қарым-қатынастары.

5.Салжұқтардың Ќарахандарды бағындыруы.

6.Қарахан мемлекеті жєне ќараќытайлар( 11-13 ѓѓ).


X- лекция.

Хазарлардың шет елдерімен қарым-қатынастары.

Қимақ қағанаты.

(1 сағат)

Жоспары:

Хазарлардың шет елдерімен қарым-қатынастары.

1.Хазарлар Батыс Түрік қағанатының құрамында.

2.Араб-хазар соғыстары.

3. Хазарлардың Византиямен, Киев Русымен ќарым-ќатынасы.

4.Халықаралық саудадағы Хазарияның рөлі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. I-III томдар. Алматы, 1998-99 жж.

4.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

б) қосымша

5. Әбілғазы Бохадур-хан. Түріктер шежіресі. Алматы, 1992.

6. Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. Алматы, 2001.

7.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

8.Сулейменов О. АЗиЯ. Алматы, 1994.
Лекция маќсаты: Хазарлардың тым ертеректегі өмір-тіршілігі жөнінде мәліметтер онша көп емес.Тек Атилла қайтыс болван кезде Еділдің төменгі сағасында тұрғаны белгілі.Олар VI ғасырда Еділ мен Дон өзені аралығында және Кавказды би леп тұрған болатын.Сол ғасырдың екінші жартысына қарай тез күшейе бастады.
Лекцияның мәтіні:

1. Хазарлардың иым ертеректегі өмір-тіршілігі жөнінде мәліметтер онша көп емес.Тек Атилла қайтыс болван кезде Еділдің төменгі сағасында тұрғаны белгілі.Олар VI ғасырда Еділ мен Дон өзені аралығында және Кавказды би леп тұрған болатын.Сол ғасырдың екінші жартысына қарай тез күшейе бастады.

Сасанидтердің Кавказдың оңтүстігін басып алып ,жергілікті тайпаларды өзіне бағындыра бастауынан сескенген хазарлар византиялықтармен одақтасуға мәжбүр болды.Хазарлар 627-628 жылдар арасында кавказдықтарды бағындырды.Сол Батиста хазарлардың қолдануына арқа сүйенген Византия армиясы Иранның ішкі өлкелеріне дейін сұғына кіріп,зор жеңістерге жетті.

Хазар қағандығы –Батыс түркіқағандығының ,ыдырауынан кейін төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде VII ғасырдың ортасында құрылған алғашқы феодалдық мемлекет.Астанасы -Семендер(Дағыстанда) .Кейін Итил қаласы болван.Хазар қағандығы Солтүстік Кавказды ,Еуропадан Днепрге дейінгі аймақты алып жатты. Хазарлар –түркі тегінен шыққан хелық ,олар Шығыс Еуропадан IV ғасырдағы хундар заманында пайда болды.VI ғасырда хазарлар бір інші (Батыс) Түркі қағандығыеың құрамына кірді.Олар түркі тілінде сөйледі.Ол туралы Орхон-Енисей жазуларында айтылған.

3. Хазар қағандығы 735 жылы Кавказдың арғы бетінде арабтардан жеңілді. VIII ғасырдың басында Византияның әсерінен хазарларға христиан Діні тарала басады Араб тар ислам дінін ,Византия христиан дінін енгізуге тырысты.VIII ғасырдың бір інші жартысында (731жылы) Солтүстік Дағыстандағы хазарлардың бір тобы иуда дінін қабылдады.

VIII ғасырдың соңымен –IX ғасырдың басында хазарлар ұрпағы -Обадия Хазар қағандығын басқарды да ,өздерінің мемлекеттік дінін -иуда діні деп. Жариялады.Бірақ осы кезде хазарлар мұсылман мәдениетінің шекаралық облыстары Хорезммен көрші еді.

Орыстардың Еділ бассейініне қол сұғуынан бұрын Хазарлар шығыс славян әлеміне шабуылдап өткен еді.Хазарлар солтүстікке тереңдеп енен бұл кезде орыстар әлі норман дар деп. Аталатын.

IX ғасырда Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аймақ орыстар құрған мемлекет болды.

3. XI ғасырда Хазар патшалығы құлағаннан кейін оғыздар печенгтермен қақтығысып ,печенгтер жеңіліс тапты да ,Балкан түбегіне ығысуға мәжбүр болды.Ал олардың соңынан қуған оғыздар Стамбулға келіп жетті .Екінші бағытта –Амудария мен Каспий теңізінің ортасындағы оғыздардың бір бөлігі Кіші Азияға келіп кірді.Олар бұл Магда Селжук ұрпақтарымен бірге келген.Кіші Азия мен Балкан түбегіне түркілер тарихта алғаш рет осылайша келген болатын.

X ғасырда түркілер алдыңғы Азия мен Иранға жылжыды.Мұны қынық тайпасының әскер басшысы -Тунақ жалғастырып, Туркмен аумағын алды.Кейіннен оғыздар Селжук мемлекеті болып бөлінді.Қыпшақтардың қысымына дейін Арал теңізі мен Сыр өңірінде оғыздардың өз мемлекеті болған, оғыз халықтары жеке-жеке жер бөліктерін жаулап Альп ,жаңа жерлерде жаңа мемлекеттер құрып отырған.Сыр өзенімен Арал теңізінде орын тепкен оғыздар мемлекетінің тарихы XI-XII ғасырларда бүкіл орта және таяу шығысты ,Туркиядан Кіші Азияға дейін билік еткен Селжукид державасының құрылуының алғы шарты болды.



4. Амударияның солтүстік аймағында түркілерді пайда болуы VII ғасырға жатады.Араб жаулап алушылары сол VII ғасырдың өзінде-ақ Қарлұқтарды Бадахшаннан ”тауып алған” еді.Содан бері Бадахшанда өзбектің Қарлұқ руы тұрады.

Араб географтары Амударияның солтүстігінде өмір сүрген бір ден-бір түркі тұқымы халаадж халқы деп аталған.

Оғыздар Каспий – Арал өңірінде VII ғасырда пайда болды. Шамамен VIII ғ. Орта шенінде оғыздар Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі алқаптарына қарай жылжи бастаған. Ал IX-X ғасырда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында оғыз этносы бірте-бірте қалыптасты. Оғыздардың этникалық құрамында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі түркі тайпалары болды. Олар Жетісу мен Алтайдағы көшпелі және жартылай көшпелі рулар мен тайпалардан еді.

IX ғасырдың соңы мен X ғасырдың ортасында Арал және Каспий теңіздері маңындағы аймақтарда Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталығы Янгикент (Жаңакент) қаласы болды.



Баќылау с±раќтары:

Хазарлардың шет елдерімен қарым-қатынастары.

1.Хазарлар Батыс Түрік қағанатының құрамында.

2.Араб-хазар соғыстары.

3. Хазарлардың Византиямен, Киев Русымен ќарым-ќатынасы.

4.Халықаралық саудадағы Хазарияның рөлі.

XI- лекция.

Қыпшақ тайпаларының конфедерация

(1 сағат)

Жоспары:

Қыпшақтардың өзге елдермен қарым-қатынасы.

1.Ќыпшаќтардың оңтүстікке экспансиясы.

2.Қыпшақтар және Хорезм.

3.Қыпшақтар және Киев Русі.



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. I-III томдар. Алматы, 1998-99 жж.

4.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

б) қосымша

5. Әбілғазы Бохадур-хан. Түріктер шежіресі. Алматы, 1992.

6. Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. Алматы, 2001.

7.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.


Лекция маќсаты: Қыпшақтардың өзге елдермен қарым-қатынасы,

Ќыпшаќтардың оңтүстікке экспансиясы,Қыпшақтар және Хорезм және

Қыпшақтар және Киев Русі. Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж.) аталып. Мұсылман авторлары шығармаларында кифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гердизи IX ғ. М.Қашғари IX ғ. Ибн Асир XIII, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген.
Лекцияның мәтіні:

1.Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж.) аталып. Мұсылман авторлары шығармаларында кифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гердизи IX ғ. М.Қашғари IX ғ. Ибн Асир XIII, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген. Орыс жылнамкаларында оларды половцы, венгерлерде Полоцое, хундар, визянтиялықтар мен батыс европа саяхатшылары (Рубрук XIIIғ.) командар (құмандар деп) атаған.

VIIIғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда құрылды. Мұнда көшпенді тайпалар қаңғарлар, қарлұқтар, қимақтар, қырғыздар, VII ғасырда Алтайдан келген сыр-қыпшақтарының билігіне өтіп, бірікті.

XI ғ. басыцнда Қазақстан даласында саяси жағдай өзгеріп, саяси билік қыпшақтарға өте бастады. Арал, Каспий өңірлеріндегі оғыцздарды ығыстырып, XI ғ. ортасында Қазақстанның Жетісудан басқа барлық жері қыпшақтар иелігіне өтті. Шекарасы Шығыста Ертісте, Батысы, Еділге, Оңтүстікте Талас өзені, Солтүстігінде Батыс Сібір ормандарына дейін жетті. Бұл кезеңде бүтін қазақ даласы Қыпшақ даласы, Xiғ. ортасында қыпшақтар Қара теңіз өңірі мен Вмзантия шекараларына дейін жетті. XII Ғасыр басында қыпшақтар алған жерлер екі үлкен бөлікке, Шығыс Еділге дейінгі Қазақстан аумағы және Баиыс қыпшақтар болып бөлінді. Қазақстан территориясындағы қыпшақтар орталықтандырылған мемлекет құрды. Ел билеу елбөрі тайпаларының хандарының елшісінде болды.

Халық ұлықтары болып тархандар: бектер, басқақтар есептелінген.

2.ХІ-VІІ ғғ. Шығыс қыпшақ мемлекеті екі қанатқа бөлінді. Оң қанатқа Торғай даласы, Жем, Жайық, Еділ өзені жағалары, Маңғыстау жарты аралы, Елбөрі хандарымен басқарылды. Торғай ауданында үлкен ханның ордасы болды. Сол қанатқа Орталық және Шығыс Қазақстан жерлері, Сырдариядан, Ертіс, Есілге дейін созылды. Астанасы Сығанақ қаласы болып, ел билеу қаны-ұран тайпасының билігінде еді. Сырдария бойындағы қалалардың қыпшақтарға өтуі, осы жерлер үшін Орта Азия мемлекеттерінен соғысуға алып келді. Хорезм шахымен арадағы соғыстар Сыр аймағындағы қыпшақтар Хорезмшахқа жартылай бағынып, тақпен құда-жекжаттық қарым-қатынастар орантып, оның қызметіне өтеді. Қыпшақтар қала басшылығы, әскер басы смекілді қызмет атқарды. Хорезмшахтардың әскери күші қыпшақ орнағанға дейін өмір сүрді. 1223 ж. Калка өзені бойында біріккен орыс князьдықтары әскері монғолдардан жеңіліс тапты. Тарихта аты әйгілі Мысыр билеушісі Мұхаммед Бейбарс көрнекті ғалым Алладин әл-Қыпшақи (ХІІ-ХІІІғ.) қыпшақ тайпаларынан шыққан.

Л.Гумилевтің ХІ ғасырда түріктердің ірі этнос ретінде тарих сахнасынан шығып қалғандығы жөніндегі тұжырымдамасы мәлім. Дәл осы тұста олардың орнын қыпшақтар басады. Бұл турасында Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің шежіресінде былай деп жазады; «Батыста – Сырдария, Шығыста – Ертіс, Оңтүстікте –Жетісу, Солтүстікте – Еділ. Осынау төрт өзеннің аралығындағы кеңістікте қыпшақтардың 92 руы орын тепкен Дешті – Қыпшақ деп аталады». Қыпшақтар тарих сахнасынан «түрік» құрама этнонимін тайдырып, енді өздері өзге түрік тпайларына өзек болған ірі этносқа айналды.

Атақты парсы ақыны, саяхатшы һәм уағыздаушы Насыри Хосроу 1045 жылы Адтай мен Еділ арасындағы ұлан – ғайыр жерді алғаш рет «Дешті - Қыпшақ» - «Қыпшақтар даласы» деп атады және бұл атау кейін, ғасырларға кетті. Бұдан соң жарты ғ,асыр өтті, орыс жылнамалары Қара теңіз маңайындағы далаларды поплвецтер далсы депи атады. Ал XIV ғасырдың басында парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини бұрындары Хазар даласы делініп келген деп аталып келе жатқанына түсінік берді.

Қыпшақтар ХІІ ғасырда бүкіл, араб, парсы, славян., роман-герман әлемін тітіреткен қаһарлы күшке айналады.

Жаңа далалық тайпалардың көшіп-қону дүбірі Русьтің шекараларына да жетеді. Бірақ бұл жаңа мекендерде “қыпшақ” деген этноаяси термин сіңген жоқ, Русьте “сары ”деген сөз славяншаға аударғанда

“желтый”, “половый” болып өзгерді. Сөйтіп жаңа келімсектерге “половцы” деген ат қойылды, ал дала

“Половецтер өлкесі” деп атала бастады. Кейін олар Еділ, Дон, Днепр және днестр өзендеріне дейін жетті.

Түркі халқының құрамына қосылған ежелгі тайпалардың бірі-қыпшақ.Қыпшақтар түркі халқының және түркі тілінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.”қыпшақ” деген ат түркі тіліндегі иарихи деректерде әр алуан формада кездеседі.

Мұсылман тарихшылары мен орыс жылнамашылары көшпенді қыпшақтардың саны көп және олар Шығыс Қазақстанда , ал кейін Орал бойы мен Орталық Қазақстанда мекендеді ,ұлан-байтақ балада жетекші тайпалардың бірі болды дейді.

3. Қыпшақ тайпасының мекендеген территориясы туралы ең алғашқы деректерді Иран ақсүйегі Ибн Хордадбек берді.Оның Жолдак мен провинциялар атты еңбегінде Қыпшақ тайпаларының мекендеген территориясы туралы біршама пікірлер айтылған.Жекелеп алғанда VIII ғасырдың белгісіздеу құжатын пайдалана отырып ,ол кітабына өзеннің арғы және бергі бетіндегі қоныстанған түркі халқының тізімін енгізді.Өзеннің бергі бетінде –Амудариядан батысқа қарай тек тохаристандық қарлұқтар мен халаджилер аталған.Керісінше, өзеннің арғы бетінде тайпалардың көптігі және араб географиялық әдебиетінде бір інші рет түркілердің 16 қаласы аталған. 3.Қимақ деген ел аты орта ғасырлардағы араб,парся авторларының жаба деректерінде жиі кездесіп отырды.XI ғасырда Махмуд Қашқари “Дивани лұғат әт -түрік” деген еңбегінде қимақ елін “имак” деп. атаған.Қимақтар VII ғасырда Ертіс өзенінің алқабымен Алтай тауының солтүстігін қоныстанды.Ол кезде қимақ тайпалары Батыс Түркі қағандығы ыдырай бастаған кезде қимақтар одан бөлініп шықты.Олар VIII ғасырда Ертіс өзенінің орта ағысын иемденіп,бірте-бірте батысқа қарай іргесін кеңейтті, IX ғасырдың басында Жетісудың батыс солтүстігіндегі Алакөл алқабына дейінгі жерді қамтыған .Балхаш көлі қимақ тайпалары мен қарлұқ тайпаларының арасындағы табиғи бекара еді. 840 жылы Монғолиядағы Ұйғыр хандығы құлағаннан кейін ,қимақтар күшейіп ,белді елге айналды.

Қимақтардың шығу тегі ,тайпалық бірлестіктің құрыла бастағаны жайлы аңыз Гардизидің (XIғ) еңбегінде сақталған .Оның аңызындағы тайпа атаулары тек қимақ тайпалық одағының түркі тектес тайпалардан шыққанын көрсетті.Қимақтардың бірігіундегі маңызды оқиғаның бірі оларға қыпшақтардың қосылуы еді.

Мұсылман деректерді 840 жылы қимақ тайпалық одағының билеушісі қаған атағын алып, жаңа мемлекет жасап қана қоймай,қарлұқтармен және Енисей қырғыздармен тең дәрежеде далалық билікке ұмтылғанын білдіреді.
Баќылау с±раќтары:

1.Қыпшақтардың өзге елдермен қарым-қатынасы.

2.Ќыпшаќтардың оңтүстікке экспансиясы.

3.Қыпшақтар және Хорезм.

4.Қыпшақтар және Киев Русі.
XII- лекция.

Орта Азия мен Қазақстанды монғолдардың жаулап алуы.

(1 сағат)

Жоспары:

Шыңғысханның Орта Азияны жаулап алынуы.

1.Шыњѓыс ханныњ Орта Азияны жаулап алуы.

2.Шыњѓыс хан империясыныњ єскери ќ±рылымы жєне т‰ркілер
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. I том. Алматы, 1998 жж

4.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

б) қосымша

5. Әбілғазы Бохадур-хан. Түріктер шежіресі. Алматы, 1992.

6. Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. Алматы, 2001.

7.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

8.По следам древних культур Казахстана. Алматы, 1970.

9. Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и

Казахстана. Алматы, 1986.
Лекция маќсаты: Шыңғысханның Орта Азияны жаулап алынуы.

Шыњѓыс ханныњ Орта Азияны жаулап алуы.Шыњѓыс хан империясыныњ єскери ќ±рылымы жєне т‰ркілер Темучин яғни болашақ Шыңғыс хан 1155 жылы ақпанда Онона өзенінің жағасында, Деличюн-Болдок шатқалында дүниеге келген.Оның әкесі Есугей батыр текті әулиетінен шыққан, халық арасында белгілі кісі болған.Есугей батыр ер-жүрек болған.


Лекцияның мәтіні:

1.Темучин яғни болашақ Шыңғыс хан 1155 жылы ақпанда Онона өзенінің жағасында, Деличюн-Болдок шатқалында дүниеге келген.Оның әкесі Есугей батыр текті әулиетінен шыққан, халық арасында белгілі кісі болған.Есугей батыр ер-жүрек болған.Ол цзин және монғол тайпалары татарлармен соғысып жүргізген.Отбасының тұңғышы Темучиннің дүниеге келуі жөнінде монғол-қытай жазбасында (“Юань-ши”) былай дейді:”Есугей батыр татар тайпаларына қарсы жорықта жеңіске жетіп, олардың басшысы Темучинді қолға түсіреді.Осы кезде батырдың әйелі импереторды (Шыңғысты) босанды.Оның қолында ұйып қалған қан болыпты-мыс.Жеңістің құрметіне оған қолға түскен татар батыры –Темучиннің атын қояды.”

Темучин 9 жасқа толғанда ,Есугей баласын ертіп алыс руларға құда түсуге аттанады.Жолда ол өзге тайпаның көсемі Дай-шешенге кездеседі.Ол бұлардың мақсатын білген соң өзіне қонаққа шақырады,өзінің қызын Бөртені көруге шақырады.Есугей батыр Дай-шешеннің қызына құда түсіп қайтады.Енді тек олардың кәмелетке толуын күтеді.

Қайтар жолда Есугей батыр татарлардың қолынан уланып ,үйіне келген соң қайтыс болады.Темучин осылайша жастай әкесінен айырылып ,2 бауырымен ,шешесімен қалады. Есугей батырдың мұрагерлерінің жастығын пайдаланып қол астындағылар оларды тастап көшіп кетеді.

Жұртта қалған отбасының жағдайы ауыр болады.Себебі малды көшкендер айдап кетеді.Темучин інілерімен бірге суыр, борсық аулап күн көрді.Кейде жеуге ет таппай ,өсімдіктермен қоректенді.Болашақ ұлы жаулап алушы осылайша ер жетті.

2.XII ғасырда орта азиялық көшпелі тайпалардың күшеюі, олардың арасындағы ірілері – найман, керейіт, оңғыт тайпаларын ерте феодалдық мемлекеттік құрылыс – ұлыстарға бірігуге алып келді. “Ұлыс” ел, халық билігі деген ұғымды білдірді, алғашқыда оның құрамына рулық жақындастығы жоқ адамдар тобы кірді, кейбір жағдайларда ұлыс құрамында ең бастысыханның руластары мен туыстары және өзінің адамдары болды. Ұлыс тұрақты жер аумағын иеленді, ал ірі найман және керейіт ұлыстарының өз шекаралары болды, мұндағы шекаралар кей-кезде күзетілетін.

1185 жылы Азиядағы өкімет билігі мен жерді бөлісу үшін керейіт ұлысы Ван хан (Тогорул) мен Шынғыс ханның одақ құру сәті түсті. Олар бірігіп Селенга өзенінің жағалауын мекендеген Меркіт ұлысын талқандады. Ван хан 1199 жылы наймандарға қарсы жорыққа аттанды. Өз әскерін жинап үлгіре алмаған найман ханы Бұйрық Алтайға шегініп жеңіліске ұшырайды.

1200 жылы Шыңғыс хан мен Ван хан меркіттерәскерін түпкілікті талқандайды.

1201 жылы наймандар, меркіттер, татар тайпалары Жамуха құрамында Шыңғыс ханға қарсы үлкен коалиция құрды.

1203 жылы Шыңғыс хан татар ұлысын түпкілікті талқандады. Осы жылы Шыңғыс ханға қарсы екінші коалиция құрылды – Бұйрық ханның әміріне бағынған наймандар мен меркіттер үлкен күшімен Шыңғыс ханға қарсы күрес жүргізуге тура келеді. Бұл кезде монғолдар мен керейіттер арасында қақтығыс пайда болып, наймандардың Таяң ханы монғолдар жағына шығып кетті. Керейіттермен бірінші соғыс Шыңғыс хан үшін сәтсіз болды. Хинганда болған ұрыс кезінде ол жеңіліске ұшырап, әскерлерінің жартысы оны тастап кетті. Шыңғыс Керулен өзенінің аңғарына қоныс аударды. Сол жерде Шыңғыс хан керейіт тайпаларының бас ставкасына шабуыл жасап, үш күн ішінде басып алды.

1204 жылы Шыңғыс хан Таяң ханның әскерін талқандайды, Таяң хан соғыста қаза болады.

Наймандардың, керейіттердің, меркіттердің қалғандары Таяң ханның баласы Күшліктің соңынан еріп, Жетісуға аттанады. 1206 жылы найман ханы Бұйрық Бұхтырма өзенінің бойында монғолдардан жеңіліс тауып, сонда өледі.

1203-1206 жылдары наймандарды, меркіттерді, керейлерді жеңген соң Тимучин Шыңғыс 1.VII-VIII ғасырларда Ұлы Қытай қорғанынан Байкалға дейінгі ,монғол жерінің солтүстік жағындағы Қытай шекарасымен шектесетін яғни Ұлы Қорғанға барып тірелетін кең алқапты мекен еткен халықты қытайлар “ақ татарлар” деп атаған.Бұл оңтүстк моңғолдарға Қытай мәдениеті өз ықпалын тигізген аймақ.Байқал көлінің айналасын мекендеген солтүстік монғолдарды қидандар немесе “орман қара татарлары” деп атаған.

Татарлар-халықтың аты ,әр-кезеңде әр-түрлі мәнде қолданылған “Оғыз-татар” және “Тоғыз-татар” деген татарлардың бірлескен екі тайпасы біздің заманымыздың VIII ғасырында Орхон жазбаларында кездеседі.Сол кезде жазба осы атпен түркілердің немесе монғолдардың бір бөлігін атаған,татарлар Байкал көлінің Солтүстік батысынан Керуленге дейінгі аралықта өмір сүрген.

VII-VIII ғасырлардағы монғол шапқыншылығы жайындағы әңгімелерде (қытайда ,мұсылман әлемінде де ,русте де,батыс еуропада да ) шапқыншыларды ”татарлар” деп атаған.Арабтар Сирия мен Египетте түркі халықтарын “татарлар” деп атайды.Монғол тілінде сөйлейтін,монғол тегінен шыққан халықтар да өздерін әрқашан татарлар дейтін.

Шыңғыс ханнан кейін бұл сөзді (татар)Монғолия мен Орта Азияда монғол деген сөз ығыстырып шығарылды.

Алтын Орда мемлекетінің халықтары ,сонымен қатар кейінгі осы мемлекетінің халықтары әр заманда өздерін “татарлармыз” деген.



Баќылау с±раќтары:

1.Шыңғысханның Орта Азияны жаулап алынуы.

2.Шыњѓыс ханныњ Орта Азияны жаулап алуы.

3.Шыњѓыс хан империясыныњ єскери ќ±рылымы жєне т‰ркілер



XIII- лекция.

Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Алтын Орда территориясындағы этникалық процестер.

2.Моғолстандағы этникалық процестер

3. “Өзбек”, “Ноғайлы” және “моғол” суперэтностары.

4.Шығыс Дешті Қыпшақағы Тоқа Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. I том. Алматы, 1998жж.

4.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

б) қосымша

5. Әбілғазы Бохадур-хан. Түріктер шежіресі. Алматы, 1992.

6. Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. Алматы, 2001.

7.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.


Лекция маќсаты: Алтын Орда территориясындағы этникалық процестері мен

Моғолстандағы этникалық процестері. “Өзбек”, “Ноғайлы” және “моғол” суперэтностары.

Шығыс Дешті Қыпшақағы Тоқа Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы
Лекцияның мәтіні:

1.Жошының ұрпақтары арасында оңтүстіктен Кавказка және батыстан Каспий теңізіне дейінгі жерлерге таласу байқалды.

Өз әкесі –Жошының бүкіл иелігінің мұрагері Батый басқарған батыс бөліктегі монғолдар арасындағы мәдениет жоғарғы қарқынмен өсті.Монғолдар өздері басып жаншыған Еділде Монгол хандығының теңгелері соғылып тұрған.Жошы билігіндегі бұлғар қалаларында қазіргі қалдығы чуваш тілі болып саналатын тіл болып сақталды.

XIV ғасырдағы монғолдар кезеңінде Еділ өзенінің ортаңғы ағысындағы салынған қалалар Қазан қаласы сияқты бастапқы кезден-ақ таза түркілердікі болды.1254 жылы Монах Рубрук Еділ бойындағы Батый салдырған “жаңа қала”-Сарайды еске салады.”Сарай”-түркілерге ерте кезде ауысқан парсы сөзі, бұл сөз “Құдатғу білікте” де кездеседі.Монғолдар арасында ханның сарайлары осылай қарапайым аталды және бұл атау сарай маңында пайда болған қалаларға да ауысып қойылды.Термезден жоғары Амудариядағы Сарай қонысы ,Еділ бойындағы Сарайлар мен Қырымдағы Бақшасарай осылай туди.

Жошының билігіндегі батыс аймақтағы қарама-қарсы Батый мен Берке мұрагерлерінің мемлекетінде қала өмірі дами берді.Теңгелер шығарған бірнеше қаланың болуы бұған дәлел.

Монғолдар құрған барлық мемлекеттерде ірте-бірте күміс теңгелер жүйесі орнықты.Үлкен күміс теңгелер - динар,ал кіші теңгелер -дирхема деп. аталды.



2.Шағатай 1242 жылы қайтыс болды.Қақтығыс ханның мұрагерлері Үгедей мен Шағатай әулиеті арасында болған еді.Мұның өзі Самарқан мен Ходжикент арасында болды.Үгедей жағынан Тува мен Шапар шықты.Осы кезде Темірдің (Құбылайдың немересі) әскері Ертіс пен Алтай бойындағы Шапардың шекарасына лап қойды.Күйреген Шапар небәрі 300 сарбазымен келіп Туваның әскеріне қосылды.Осылайша Орта Азия мен Шағатай әулиетінде жаңа билік қалыптасты.

Темір өзінің басқыншылық саясатының аяқталуын Қытайды жаулап алумен бітеді деп түсінді.Темір өз мақсатын іске асару үшін көп әскер топтайды.

Темір және одан кейінгі тақ селері тұсында Самарқан өте үлкен сауда орталығы болды.Сонымен қатар Темірдің жаулап алушылық саясатының мақсаты Иранды үлкен мәдениет орталығына айналдыру еді.

Темір жүргізген соғыстардан Хорезм басқа қалаларға қарағанда көп қирады.Хорезмі 1379 жылы шағатайлар жаулап алған соң, онда бірнеше рет көтерілістер болды .Темір мен Алтын Орда ханы Тоқтамыс екеуінің арасындағы күресте Хорезм бірнеше рет Тоқтамыс жағына өтті, оның есімі жазылған теңгелер шыға бастады, сондықтан Хорезм ,әсіресе оның астанасы-Үргеніш аур шапқыншылыққа ұшырады.Темір Үргенішті жермен-жексен етіп,орнына арпа екті.Тек үш жылдан соң ғана қаланы бір көше аумағында ғана қалпына келтіруге рұқсат берді.

Темір далаларда қорған салып, қала өмірі, жер игеруді қайта қалпына келтіруде қамқорлық жасаған.

3.Қытай империясына жасамас бұрын Сары өзен бойындағы Танғұт мемлекетін бағындыруға тиіс еді.Бұл кезде таңғұттар көрші Қытай мемлекетінің мәдениетіне араласып ,байыған мемлекет болатын.

1205 жылы Шыңғыс хан Таңғұт мемлекетіне (Батыс Қытайға) жорық жасайды,бірақ бұл сәтсіз аяқталады, 1208-1209 жылдары монғол әскерлері бұрынғы жорықтарды қайталап, танғұт әскерлерін қатты әлсіретіп ,олар манғолдарға салық төлеп тұратындай дәрежеге жетеді.Шыңғыс хан енді шығыстағы Қытайды жаулауға жол ашық деп есептейді және бұл кезде монғол мемлекетіне Батыстан да ,солтүстіктенде ешбір қауіп жоқ еді.

1207 жылы Шыңғыс хан бұрын батысқа шегініп кеткен наймандардың ,соңынан Жебе мен Сүбедейді жібереді.Монғолдар бұл арада көздеген мақсатына жете алмай ,оның есесіне қырғыздарды ойсырата жеңген Түркістандағы ұйғыр хандығын бағындырады.

1211 жылы Шыңғыс хан ,оның төрт ұлы : Жошы,Шағатай ,Үгедей ,Толы және ірі қолбасшылары Мухали мен Жебе бастаған Монғол әскері Жұржы мемлекеті-Цзинге басып кірді.Шыңғыс ханның 3 ұлы басқарушылықта болды.

1215 жылы ,монғол әскері ұзақ шайқастан соң Пекинді алып ,оны тонап ,өртеп жіберді.



4.1258 жылы Хулагу ханның қол астына біріккен монғол әскерлері Бағдат халифатын құлатып, Иранды толығымен өзіне қаратты. Монғол империясы ыдырап, 1259 жылы Мөңке өлгеннен кейін, осы жағдайды пайдаланған Хулагу хан (1256-1265) өз еркімен жаңа Моңғол мемлекетін құрды. Ол және оның мұрагерлері ильхан (хан) титулын қабылдайды. Персияда ильхандар мемлекетінің құрамына Ауғаныстан (Балхыдан басқа), Әзірбайжан, Ирак, Бағдат, Курдистан, Жоғарғы Месопотамия, Қызыл Ирмак өзеніне дейінгі Кіші Азияның бір бөлігі, Селжұқтардың Коний (Рум) сұлтанаты, Трапезунд-грек патшалығы, Киликиялық Армения және Кипр корольдігі кірді.Бұл Моңғол мемлекетінің тарихында және саяси өмірінде бірқатар жалайыр, найман, керей, ұйғыр тайпалары маңызды рөл атқарды. Ирандағы монғол билеушілеріне қызмет еткен түркілер туралы яғни монғолдардың соңғы ильханы Тұғай Тэмур тұсындағы түркілер туралы Батутта былай дейді:”Гераттың маңындағы шөлді мекендерде тұратын түркілер Тұғай Тэмурдің бағыныштылары болды. Олар елу мыңға жуық болды. Түркілер ең күшті әрі батыл, олар Индияға жиі-жиі шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, тұтқындар әкелетін, қолға түскендерді Хорасанға апаратын. “Орта Азиядан шыққан түркілер монғолдардың Иранды және Таяу Шығыстың басқа да елдерін жаулап алуда көп белсенділік танытты. Монғолдар бұл жерлерде орнығып, Хулагу әулеті билеген Монғол мемлекеті құрылғаннан кейін империяның мәдени, саяси, экономикалық өмірінде түркілер негізгі постыларға ие болды. Шынғыс хан қайтыс болғаннан кейін Үгедей қаған болып сайланып, Монғолияға қоныс аударады. Империя жерінің соншалықты кеңдігіне қарамастан, үш ханзаданың ордалары бір-біріне жақын еді. Жошының үлкен ұлының (бірінші ханзада) ордасы жоғарғы Ертіс бойында және өте ертедегі деректер бойынша ол сонда жерленген. Жошы 1227 жылы қайтыс болған соң Ертіс бойында оның үлкен ұлы тұрды.Үшінші ханзада –Үгедейдің ордасы Етіл өзенінің Алакөлге құяр тұсынан оңтүстікке таман, екінші ханзада – Шағатайдың ордасы Алмалықпен көршілес Құяшта (Құлжа өлкесі) орналасып, жері ұйғырлар өлкесіне, Самарқан, Бұхараға дейін созылып жатты. Шағатай Сайрам көлі тұсы мен Талқы асуы арқылы бірінші болып салдырды. Монғол империясындағы бір осал буын мұрагерік заңының жоқтығы еді. Әр хан қайтыс болғаннан кейін оның орның басатын адам ұзақ уақыт бойы талқыға түсті.13 ғасырдағы қарама- қайшылық ханзадалардың барлығы түркі тегінен шығуына байланысты туындайды. Мысалы, 1262 жылы Таразда жергілікті бекзада Балық Бүлге ұлығ Икбол хандық етті.13 ғасырда Түркістанда исламдандыру мен түркілендіру, баяуда болса, улкен жетістіктермен жүріп жатты. Тіпті наймандардан жеңілген қарақытайлар да мұсылманша киінетін болған.Баласағұндық Джемал Каршидің жазбаларында Баласағұнның көптеген әйгілі адамдардың аттары аталған. Джемал Карши өз еңбегінің көптеген тарауын бірнеше қалаларға (Алмалық, Қашқар, Хотан, Ходжент, Ферғана, Шаш(Ташкент), Берчент, Жент) арнап, әрқайсысының ерекшеліктеріне, олардан шыққан ғалымдарға, әйгілі адамдарға қысқаша тоқталып өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет