Лекция:: 30 сағат Практикалық: Семинар: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет5/7
Дата24.04.2016
өлшемі0.97 Mb.
#78706
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Баќылау с±раќтары:

1.Хеттер мемлекеті.

2.Ежелгі мемлекеттер: Фригия, Кария, Лидия.

3.Византияда Шығыс Рим империясының құрылуы.

4.Оңтүстік – шығыс Анадолыдағы арабтардың үстемдігі.

5.VIII-X ғғ. Кіші Азияға түркі тайпаларының енуі.


XVIII- лекция.

Кіші Азияға моңғол шапқыншылығы.

Осман империясының қалыптасуы.

(1 сағат)

Жоспары:

Осман империясының қалыптасуы.

1.Бейликтердің құрылуы. Осман бейліктігі.

2.Бейліктіліктің Орхан-бей, 1 Мұрат, 1 Баязит кезінде күш-қуатының артуы.

3.Мехмед Фатих – Анадолыны біріктіруші.

4.Т‰рік єскерлерініњ Констанинопольды алуы жєне Осман империясыныњ ќ±рылуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998ж.



б) қосымша

4.Келімбетов Н., Қанафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы, 1996. 5.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.


Лекция маќсаты: Осман империясында XV ғасырдың 2-жартысында және XVII ғасырда жаратылыстану ғылымынан, әсіресе медицина мен географиядан түрік тілінде аударма (грек, араб, парсы тілдерінен), сондай-ақ тұп нұсқа әдебиеттер шығарыла бастады. Математика, астрономия ғылымдарына талдау жасаған және философия пәндері бойынша бірқатар еңбектердің авторы Лютфи Такади XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырда навигация мен географияға бетбұрыс жасады.
Лекцияның мәтіні:

1. Осман империясы Византия мен батыс Еуропаның артиллерия мен әскерлік құрылыс ісі саласындағы ғылыми және техникалық жетістіктерін өзіне мұра етті.

Математик әрі астроном Кази Зада Румидің (Бурсада), логик әрі дәрігер Хаджи паша Айдынның (Коньяда), географ Әли Абдурахманның (Эдирнеде) және Әли Құсшының (Ұлықбектің шәкірті) еңбектері XV ғасырдың 1-жартысына жатады.

Осман империясында XV ғасырдың 2-жартысында және XVII ғасырда жаратылыстану ғылымынан, әсіресе медицина мен географиядан түрік тілінде аударма (грек, араб, парсы тілдерінен), сондай-ақ тұп нұсқа әдебиеттер шығарыла бастады. Математика, астрономия ғылымдарына талдау жасаған және философия пәндері бойынша бірқатар еңбектердің авторы Лютфи Такади XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырда навигация мен географияға бетбұрыс жасады.

Империяда жазба әдебиеттің алғашқы үлгілері XIII ғасырда шықты. Тұңғыш шығармалар суфистік сарында жазылды. Көне суфистік шығармалардың қатарына Ахмед Факихтың (1250 жыл шамасында өлген) “Дағдыр кітабы” жатады. Оның шәкірті Шейад Хамза “Жүсіп пен Зылиха” поэмасын жазды.

XV-XVII ғасырлар – түрік поэзиясының дамуындағы классикалық дәуір болды. Сарай ақындары “Бес дастан” үлгісін жасай бастады. Ахмед Паша (1497 жылы өлген), Месихи (1470-1512), Михри Хатун (1456-1514 ), Махмуд Бақи (1526-1600) өз дәуірін жырлады.

2. XIX ғасырдың аяғында өздерін “жаңа османдардың” ізбасарларымыз деп атаған “жас түріктер” деген атпен біріккен прогресшіл жастар төңкеріс жасап, Абдул-хамит сұлтанды конституциялық құрылысты қалпына келтіруге мәжбүр етті. Ал келесі, 1909 жылы сұлтан тақтан тайдырылды.

1914 жылғы 1-ші жаһан соғысы басталғанда Түркиядағы билік “жас түріктердің” көсемдері Энвер, Талаат, Джемаль пашалардың қолында еді. Осы үштік Түркияны Германия жағында соғысқа салды. Англия, Франция, Ресейдің үштік одағы – Антанта жеңіске жеткенде, 1918 жылдың 30 қазанында Түркия үкіметі оларға бағынышты болып қалды. Батыр түркінің ұрпақтары бұл қорлыққа шыдай алмады. Офицерлер арасынан шыққан түріктің ер ұлы Мұстафа Кемал паша басқыншыларға қарсы күрес ұйымдастырды.

Мұстафа Кемалдың “Өмір не өлім !”деген ұранмен көтерген күресін жілігінде намыс оты ойнаған ер түркінің ұрпағы тегіс қолдап, құртпақ болған жауды тұған жерден түре қуып шықты. 1923 жылы Кемал толық жеңіске жетіп, азат Түркияны зайырлы, демократиялы республика деп жариялады. Халық Кемалдың өзіне Ататүрік деген құрметті атақ беріп, ол өз өмірінің соңы – 1938 жылға дейін 15 жыл бойы Түркия Республикасының тұңғыш президенті болды.

3.Түріктердің алғашқы ата қонысы Анадолы жерінде 1071 жылы Маласкерт шайқасынан кейін пайда болды. Сұлтан Осман 1299 жылы жаңа мемлекеттің негізін тап осы арада қалайды. Алғашқы кезде ол шағын ел болады, ал Византия империясы әлсіреген сайын оның иелігіндегі жерлер де кеңейе түседі.

Түрік (ескі аты – Осман тілі) – түрік халқының тілі. Түркиядан басқа Жерорта теңізі мен Балқанға тараған. Бұл тілде 60 миллиондай (1992ж.) адам сөйлейді. Ол түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі диалектілік топқа: Батыс немесе түрік-дунай тобына және адакалий, адрианополь, босния, македон диалектілері мен Шығыс Анатолия (айдын, измир, караман, конии, сивас) диалектілерін біріктірген топқа бөлінеді.

Алғашқы жазба ескерткіштері 13 ғасырға жатады. Жазу ісінде 1928 жылға дейін араб алфавитін қолданды. Ал 1928 жылдан бастап латын алфавитіне көшті.

Қорыта келгенде, Түрік мемлекеті 14 ғасырда Кіші Азия жерінде ұйымдасты. Бұл әскери-феодалдық мемлекет болды. 14-17 ғ. 1 жартысында оның жер аумағы кеңейді. Түріктер Византияның Анатолиядағы соңғы иеліктерін 1326 жылы Бурсаны (Түріктің алғашқы астанасы болған) алды.

Түріктің этникалық құрамы негізінен екі топтан: селжуктар кезінде 11-13 ғасыр аралығында Орта Азия мен Ираннан Кіші Азияға қоныс аударған түркілердің көшпелі тайпаларынан (негізінен оғыздар мен түрікпендер) және Кіші Азияның тұрғын халқынан құралған. Түріктің біраз бөлігі Кіші Азияға Балқан арқылы(уздар, печенегтер) өтті.Түрік жайында армян, араб, иран, грузин, түрік тілінде жазылған шығармалар өте көп. Бұл жазбаларда оғыз-түрікмен тайпасынан өзге қарлұқ, қыпшақ, чигиль(шігіл), ұйғыр, аққойлы, Агачері, Күман, Хазар т.б. тайпалар да аталады. Түрік этностың қалыптасуына әр кезеңде Араб, Күрт, Рум(Рим) т.б. халықтарының да қатысы болды. 14-16 ғғ. Түрік жорықтарына байланысты олар Балқан мен Кипрге енді. Түрік халықтарының қалыптасуы шамамен 15 ғасырда аяқталды.

4. Түріктердің құрамында түрік, түрікмен, тахтадж, абдал, зейбек т.б. этнографиялық топтар бар. Бұлардың біраз бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі болып тіршілік етеді, басым көпшілігі малшы болды. Өзгелері отырықшылыққа айналды.

Түрік тілінің негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен төркіндес. Қазіргі түрік әдеби тілінің нормасы 20 ғасырдың 30-50 жылдарында орнықты.

11 ғасырдың 70 жылдарында Кіші Азияда түрік-селжуктар құрған Иконий (Румск) сұлтанаты Византия шекарасына қатты қысым жасады. Жеңілістердің кейін Византия мемлекеті 12-16 ғғ. Құлдыраған үстіне құлдырай берді. 13 ғасырдың аяғынан бастап Византияның нағыз қатерлі жауы – түріктер-османдар болып, олар оны Кіші Азиядан ығыстырып шығара бастады.

1331 жылы Никеяны қаратып алумен байланысты түріктердің Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін жаулап алуы аяқталды.

Осман мемлекеті 1300 құрылды. 1352 жылы түріктер Дарданеллдің Еуропалық жағалауындағы маңызды тірек пункт – Цимпе қамалын, ал 1354 жылы Галлиполи қаласын қаратып алады.

Осман түріктердің Балқан түбегіндегі жаулап алулары басталады. Византия мемлекетінің ішкі құлдырауын пайдаланған түріктер Византияның Балқандағы Еуропалық аймақтарын жаулауға кіріседі. 1369 жылы түріктер Андрианопольді басып алып, оны одан ары шабуыл жасаудың базасы етеді. Болгариядағы феодалдық өзара тартыстар, оның 14 ғасырда үш дербес мемлекетке бөлінуі, Сербияның бірнеше дербес өзара қырғи қабақ феодалдық иеліктерге бөлініп кетуі түріктердің тез жылжып кіруіне, сөйтіп олардың Балқан түбегіне орнығып алуына мүмкіндік тұғызды.

15 ғ түріктер Болгарияны толығымен жаулап алып, болгардың Тырново патшалығын, онан кейін қалған екі болгар мемлекетін өзіне бағындырды. Қалжыраған Сербия мен Болгария түріктерге айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Содан соң түріктер Константинополь төңірегін түрік иеліктері етіп қаратып алды.

Баќылау с±раќтары:

1 Осман империясының қалыптасуы.

1.Бейликтердің құрылуы. Осман бейліктігі.

2.Бейліктіліктің Орхан-бей, 1 Мұрат, 1 Баязит кезінде күш-қуатының артуы.

3.Мехмед Фатих – Анадолыны біріктіруші.

4.Т‰рік єскерлерініњ Констанинопольды алуы жєне Осман империясыныњ ќ±рылуы.



XIX-лекция.

Қырым хандығы.



(1 сағат)
Жоспары:

Қырым хандығы.

1.Қырым хандығының Осман империясының сюзеренитетін қабылау.

2.Қырым хандығы және Ресей.

3.XVIII ғ. Ресейдің Қырым хандығын өзіне қаратуы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998ж.

4.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

б) қосымша

5.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

6.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. М, 1999.

7.Сулейменов О. АЗиЯ. Алматы, 1994.


Лекция маќсаты: Осман империясы Ыстамбұлға иелік етуімен бірге күшейе түсіп, Сербия, Босния, Морея, Аттика т.б. басып алып, Қырым хандығын өзіне бағынышты етеді. Ал Осман империясының барынша күшейіп, жерін екі есеге жуық үлкейткен уақыты 16 ғасырдың басынан аяғына дейінгі уақыт. Бұл кездерде елді Селим 1(1512-1520) және 46 жыл бойы билеген оның ұлы Сүлеймен(1520-1566) еді. Ол жылдарда Осман империясы Армения, Сирия, Палестина, Мысыр, Хиджаз, Алжирдің көп жерін басып алып, жерорта теңізі бассейінінде жеке дара билік құрды.

Лекцияның мәтіні:

1.Осман империясы Ыстамбұлға иелік етуімен бірге күшейе түсіп, Сербия, Босния, Морея, Аттика т.б. басып алып, Қырым хандығын өзіне бағынышты етеді. Ал Осман империясының барынша күшейіп, жерін екі есеге жуық үлкейткен уақыты 16 ғасырдың басынан аяғына дейінгі уақыт. Бұл кездерде елді Селим 1(1512-1520) және 46 жыл бойы билеген оның ұлы Сүлеймен(1520-1566) еді. Ол жылдарда Осман империясы Армения, Сирия, Палестина, Мысыр, Хиджаз, Алжирдің көп жерін басып алып, жерорта теңізі бассейінінде жеке дара билік құрды. Оның Еуропа, Азия, Африка құрлықтарына жайылған сол кездегі жер көлемі 8 млн. шаршы шақырымға жуық және Осман империясы сол кезде әлемдегі ең қуатты держава болған.

Арасында сәтті-сәтсіз жаугершілік соғыстар жүргізе отырып, Осман империясы осынау жерге бұдан кейін де 200 жыл бойы иелік етті. Оның ішінде Кипр, Тунис елдерін де басып алғаны бар. Бірақ жер бетіндегі барлық империя секілді Осман империясының да тарих сахнасынан кететін уақыты жақындап келе жатты.

Осман – түріктердің қолтұма мәдениетінде Платоннан Аристотельге дейінгі антикалық философия мен исламдық діни философия үйлесім тапқан еді. Шын мәнінде ол Орта Азияның ислам мен грек рационализмі мәдениетінің Анатолыға тән мистикалық гуманизмі дарыған синтезі болатын.



2. IX ғасырға таман қалыптасқан ежелгі орыс халқының феодалдық мемлекеті тарихта Киев Русі деп аталғандығы белгілі.

Ежелгі орыс мемлекеті құрылуының алғы шарттарын зерттеу жөніндегі ғылыми жұмыс әлі аяқталған жоқ, бірақ қазір тарихи деректерге жасалған объективті талдаулар ,орыс мемлекетін құрушы нормандар дейтін теория негізінен теріс екенін дәлелдейді.

Русьтің жазба деректерде алғаш аталуы VI ғасырдың орта шеніне жатады.Бұл сириялық автор –Захарияның еңбегінде Дон бассейінінде тұрған ”Рос” халқы атап өтілген.Рось тайпасының алғаш мекендеген жері-Рось өзенінің бойынан (Днепрдің тармағы ,Киевтің төменгі жағында) V-VII ғасырларда өте бай археологиялық материалдар ,соның ішінде княздық белгілер ,соғылған күміс бұйымдар табылды. Сонымен , ежелгі орыс халқының мекені болған Киевтен Воронежге дейінгі орманды дала алқабы VI ғасырда славян тайпаларын қамтыған “Орыс жері ” болып табылады.Оның құрамында поляндар, северяндар, русьтің жері енді .Осы жерлерге құрылған тайпалар одағы оның ішіндегі ірілерінің бірі-русь тайпасының атын алды деп айтуға болады.

Халықтың қалыптасуы мемлекеттің құрылуымен қабат жүрді.Жалпы мемлекеттік шаралар елдің жеке аймақтарының арасында орнығып келе жатқан байланыстарды баянды етті және бірыңғай тілі, өз жер аумағы мен мәдениеті бар ежелгі орыс халқының құрылуына көмектесті.



3.Русь мемлекеті сауда жолдарының маңызды топтары: Донның сағасы ,Керчь бұғазы, Еділдің сағасын басып алу мақсатымен Хазар қағанатымен соғысты.Бұл кезде (X ғ) Хазарлар мемлекеті шығыста Еділмен ,оңтүстікте Кума-Маныч ойпатымен ,солтүстік-батыста төменгі Донмен ,батыста Қырыммен шектескен жер аумағын алып жатыр.

IX-X ғасырлар аралығында орыс жасақтарының Хазарияға бағытталған жоспарлы шабуылы басталған болатын.Олар Керчь қаласын және Хазар аралын басып алды.Шабуыл 965 жылы Святослав әскерлерінің Хазарияны толық талқандауымен аяқталды. Сөйтіп, шығысқа кедергісіз жол ашты.Содан соң Русьті қоршауға алуға және оны теңізден ығыстырып шығаруға тырысқан Византия империясымен күрес басталды.

Орыстар оңтүстікте түркі тілдес печенгтермен де соғысты. IX ғасырда Еділ мен Жайық жағалауынан келген печенгтер X ғасырда Дунайға дейін жетіп ,Дон ,Азов, Қара теңіз бойындағы жерлерге иелік еткен болатын.

Византия печенгтерімен тіл табысып ,оларды күшейіп келе жатқан орыс мемлекетіне қарсы айдап салып отырды.

XI ғасырдың орта шенінде жаңа өзгерістер болып, Дон мен Еділдің оңтүстік-шығыс бетінен орыстар половецтер ,ал византиялықтар кумандар деп атаған қыпшақтар батысқа қарай бет алды.Солармен бір мезгілде византияның Азиядағы иемденіп отырған барлық жерін басып алған түріктер -селжуктар Орта Азиядан кете бастады.
Баќылау с±раќтары:

1.Қырым хандығының Осман империясының сюзеренитетін қабылау.

2.Қырым хандығы және Ресей.

3.XVIII ғ. Ресейдің Қырым хандығын өзіне қаратуы.



XX- лекция.

Қазан хандығы.


(1 сағат)

Жоспары:

Қазан хандығы.

1.Ұлы Мұхаммедтің Қазан хандығының негізін салуы.

2.Қазан хандығы мен Ресейдің арақатынасы.

3.IV Иванның Қазан хандығын бағындаруы(2 қазан 1552ж).

4.Қазан татарларының этногенезі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.2-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998ж.



б) қосымша

4.Барманкулов М. Түркская вселенная. Алматы, 1996.

5.Аджи Мурат. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой Степи. Москва,

1999.


6.Фахрутдинов. Золотая Орда и татары. Набер. Челны. 1993.
Лекция маќсаты: ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ сұлтандарының арасында Есім, Тұрсын, Абылай, Ханзада сұлтандар басқарған, өзара бақталас бірнеше топтар болған. ХҮІ ғасырдың аяғы – ХҮІІ ғасырдың басындағы аты белгілі емес және белгісіз қазақ хандары мен сұлтандары Әбу – Лайыс сұлтан, Назар хан, Мұрат сұлтан туралы мағлұматтар маңызды болып табылады. ХҮІІ ғасырдағы қазақ әміршілері мен Аштарханилер тартылған саяси оқиғалар олардың өзара қатынастарының тұрақсыз-дануына себепші болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақтармен алмасып отырады.

Лекцияның мәтіні:

1.ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында қазақ сұлтандарының арасында Есім, Тұрсын, Абылай, Ханзада сұлтандар басқарған, өзара бақталас бірнеше топтар болған. ХҮІ ғасырдың аяғы – ХҮІІ ғасырдың басындағы аты белгілі емес және белгісіз қазақ хандары мен сұлтандары Әбу – Лайыс сұлтан, Назар хан, Мұрат сұлтан туралы мағлұматтар маңызды болып табылады. ХҮІІ ғасырдағы қазақ әміршілері мен Аштарханилер тартылған саяси оқиғалар олардың өзара қатынастарының тұрақсыз-дануына себепші болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақтармен алмасып отырады. Мәселен, Түркістан мен Ташкенттен жасақталған 5 мың қазақты бастаған Есім хан 1611 ж. Иранға және Уәли – Мұхаммедке қарсы күресінде Имамкули ханға көмек көрсеткен. Алайда бұл одақ уақытша сипатта болды және Имамкули хан қазақтарға қар-сы талай рет жорықтар жасады. «Тарих – и аламара – йи Аббасиде» Имамкулидің қазақтарға қарсы Ташкентке екі жорық: 1020/1611 жылдың басында біреуін, ал 1022/1613 жылдың басында екіншісін жасағаны суреттеледі. Бірінші жорықта Имамкули хан Самарқандқа дейін жетіп, қазақтармен бітісіп, олардың Ташкент пен оның аймағына үстем-дігі құқығын таныды. 1613 ж. Имамкули хан Балх әскерін басқарған Нәдір – Мұхаммед ханмен бірге Ташкентке жорық жасап, қазақтарды жеңіп шықты. Осы жеңістен кейін ол өзінің ұлы Ескендір сұлтанды Ташкент билеушісі етіп тағайындады. Көп кешікпей ташкенттіктер Ескендірді өлтірді де, Имамкули хан Ташкентті тағы да басып алып, сұмдық қырғын салды/5/. Ташкент Бұхара ханының билігінде ұзақ болған жоқ. 2.Қазақ әміршілерінің Бұхара хандығымен өзара қатынастарының мән – жайы «Тарих – и аламара – йи Аббасиде», «Бахр әл – асрарда» және Иван Хохловтың «Статьялық тізімінде» суреттеледі. Бұл деректерде Имамкули хан мен Ташкентте отырған қазақ ханы Тұрсын – Мұхаммед арасындағы соғыс туралы айтылады. Ескендір – Мұңшының айтуына қарағанда, екі рет тас талқан болып жеңілген Имамкули қа-зақтармен татуласуға мәжбүр болған. Бұл туралы Иван Хохловтың «Статьялық тізімінде» мынадай неғұрлым егжей – тегжейлі мәліметтер бар: «Бұхараның Имамкули патша... Ташкенттің Тұрсын сұлтанымен со-ғысы болды, мұның себебі: осының алдында сол Тұрсын сұлтанды өз адамдары қуып шығып, Имамкули патшаның аяғына жығылған; Сонда Имамкули патша оған жақтасып, оны мемлекет басына отырғызған; ал оның мемлекеті – Ташкент қаласы, ал оның адамдары көшпелі, ол Қазақ Ордасы деп аталады, ал Қазақ Ордасында ханзадалар көп дейді; ал Тұрсын үлкені болған, сондықтан олардың заңы бойынша патшалық соған жеткен».

1613 ж. Имамкули хан қазақ сұлтаны Тұрсынды Ташкент билеушісі деп жариялады. Кейін Тұрсын хан аштархани Имамкули ханның сюзе-рендігін танудан бас тартты, өз теңгесін соғып, баджды және харажды өз пайдасына ала бастады. Осы оқиғалар мен Тұрсын сұлтанға қарсы өзара қырқысқан күрестен кейін Есім хан өзінің қоластындағы қазақ және қырғыз ұлыстарымен бірге Қырғызстанға кетуге мәжбүр болды. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы оқиғалар туралы баяндалатын деректемелерде қазақтар мен қырғыздардың одақтастық қатынастары туралы айтылады. Қырғыздардың ата – бабалары туралы бір аңызда Дайыр деген кел-імсек аталады, ол содан соң қазақтарға барып, қазақтардың жалайыр тобының негізін салушы болған. Бұл есім тарихи тұлға – қазақ ханы Тахирге әбден сәйкес келеді, ол қазақтарды да, қырғыздарды да біріктір-іп, Сұлтан Саид ханға, оның ұлы Абд ар – Рашид сұлтанға қарсы кү – ресте саяси және экономикалық дербестігін қорғап қала білді. Мұхаммед қырғыз тарих сақнасынан кеткеннен кейін қырғыздар ХҮІІІ ғасырдың орта шеніне дейін қазақ хандары Тахирдің, Хақназардың, Тәуекелдің, Есімнің билігін танып келді, деректемелерде олар көбінесе «қазақ пен қырғыз патшалары» деп аталған.

3.ХҮІІ ғасырдың басында қазақтар мен қырғыздардың Аштархани-лердің саяси істерінде бірлесіп қимылдағаны атап өтіледі. 1621 ж. Аш-тарханилердің әскерлері мен біріккен қазақ және қырғыз күштерінің арасында ең ірі шайқастардың бірі болды. Тұрсын хан 100 мыңдай жау-ынгер жинады, олардың 10 мыңын қырғыз тайпаларының көсемдері берді. Махмұд ибн Уәлидің мағлұматы бойынша, Имамкули хан әскері-нің саны 160 мыңға жеткен/10/. Оның үстіне Аштарханилерге Әндіжан-ның билеушісі және Имамкули хан қойған қазақ сұлтаны Абылай өз әскерімен келіп қосылды. Қарсыластар Шахрухийа бекінісіне жақын жерде беттесті. Абылай сұлтан басқарған жауынгерлер шайқастың ұрыс алаңын тастап кете бастаған кезінде Бұхара әскерінде үрей туып, Имамкули хан шегінді.

Қазақ хандарының Моғолстандағы Шағатай ұрпақтарымен: Тұрсын-ның Жаркент пен Қашғар ханы Абд әл – Латиф ханмен, Есімнің Шал-ыш пен Турфан билеушісі Абд ар – Рахым ханмен одақтастық қатынастары ХҮІІ ғасырдың бас кезіне жатады. Ол былай тұрсын, Есім хан барлық қазақтардың бірден – бір ханы деп танылмай тұрған кезең-де Абд ар – Рақым ханға кетуге мәжбүр болып, бес жылдан астам уа-қыт бойы өз қосынымен бірге соның жағында күреске қатысты.

Махмұд ибн Уәли Ақсу мен Бай ауданында күреске Есім хан-ның белсене қатысқанын мейлінше егжей – тегжейлі баяндайды. «Сол арада Абд ар – Рақым хан Шалыштан және Есім сұлтан Ташкенттен Ақсуға аттанды. Шынтемір оғлан деген жерде олар бір бірімен кездесті. Осы жорық кезінде Абд ар – Рақым хан мен Есім сұлтан құдандалық және жақын туыстық достық байланыс орнатты: Абд ар – Рақым хан Есім сұлтанның бауыры Күшік сұлтанның қызымен неке құрып қосыл-ды, ал Есім сұлтан Абд ар – Рақым ханның қызымен некеге тұрды». Көрініп отырғанындай, қазақтар мен моғолдар арасындағы саяси одақтар әулеттік некелер арқылы баянды етілген. Шорастың «Хроникасында» Абд әл – Латиф ханның анасы Тұрсын ханның қарындасы Ханым – пад-ишах болғаны атап өтіледі.

Қазақ сұлтандарының өзара тартысқан қырқыстары барған сайын асқына түсті, билеушілер Есім хан Тұрсын – Мұхаммед арасында ара-здық туды. Бұл жөнінде біз «Түріктер шежіресінің» авторы, Хорезмдегі өз бауыры Исфандйиардан қашып кетіп, 1625 – 26 ж. Түркістан қаласында-ғы Есім ханды паналаған Әбілғазыдан мынадай егжей – тегжейлі мәлі-меттер табамыз: «...онда үш ай тұрдым. Бұл кезде Ташкентті Тұрсын хан билеп тұрған еді. Есім хан сонымен жүздесуге кетті. Тұрсын ханмен жүздескеннен кейін қайтып келіп, Есім мені ертіп ханға апарды, оны-мен таныстырып, былай деді: «Бұл Жәдігер ханның баласы Әбілғазы. Осы кезге дейін бұл үйдің мүшелерінен бізге мейман болып әлі ешкім келген жоқ, ал біздерден оларға барғандар көп. Сіз Әбілғазыны өзіңізге алмайсыз ба?» Мен Тұрсын ханның қолында тұруға кеттім. Екі жылдан кейін Есім Тұрсын ханды өлтіріп, оның адамдарының көбін қырып тас-тады. Сонда мен Есім ханға былай дедім: «Мен сендерге өздеріңнен, екі ханнан, маған әлдебір пайдасы тиер деген үмітпен келген едім, ал сен-дерде мынадай болды. Мені Иманкули ханға жіберіңдер». – «Жақсы, бара ғой», - деп жауап қайырды Есім. Мен Иманкули ханға кеттім».

Алайда «Ламахат мин нафақат әл – кудсте» Тұрсын ханның өлтірі-луінің басқа бір нұсқасы бар. Бұл шығармада бір жолы Тұрсын ханның ортаазиялық шейхтардың Сырдариядағы мүриттерден табыс алуына кедергі жасап, сол үшін Хазірет Азизны және сол үшін кейін өміріне айрылғаны туралы қызықты мәліметтер келтіріледі.

4.Махмұд ибн Уәли «Бахр әл – асрарда» қазақ сұлтандарының со-ғысы мен Тұрсын ханның қаза табуын егжей – тегжейлі суреттейді. Сол кезде Есім хан қалмақтарды шабуға кеткенде, Тұрсын сұлтан жағдайды пайдаланып, басып алу және оның адамдарын қырып салу үшін Түркістанға, Есім ханның ордасына қосын жіберген. Жауынгерлер көп-теген адамдарды қырып, Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын қолға түсірген. Тұрсын сұлтан Есімді өлтірмек болды. Сол арада Әндіжанның әміршісі қазақ сұлтаны Абылай Бұхара әмірі Иманкули ханмен бірі-гіп, олар Ташкентке қарайтын Піскентке шабуыл жасаған; ұрыстардан кейін оны қазақ Үшқара сұлтаннан тартып алған. Содан соң Шахрухй-иаға барып, одан қазақ Мұрат сұлтанды қуып шықты. Осы жағдайлар Есім сұлтанға мәлім болған кезде, ол да Ташкентке бет алды.

Ташкент төңірегінде қазақ хандары Есім мен Тұрсынның шайқа-сы болды. «Бахр әл – асрардың» мағлұматына қарағанда, Тұрсын сұлтан қаза тапқан: оны өзінің маңайындағылар өлтірген. Осыдан кейін Бұхара ханы Есім сұлтанға Ташкентті, Түркістанды билеу тізгінін тапсыру туралы грамота берді. 1628 ж. Тұрсынды өлтірумен бірге Есім хан Тұр-сынға бағынатын қатаған қазақтардың қалдықтарын қырып тастады.

Қазақ хандары Есім мен Тұрсынның ХҮІІ ғасырдың бірінші шире-гінде болған соғысына қырғыздардың қатысуы жөнінде аңыздар мен тарихи әңгімелердегі қызықты мәліметтер сақталған. Тұрсын хан өлтірі-ліп, оның әскері талқандалды деп хабарланады. Аңыз бойыншы бұл Есімге берген антын бұзғаны үшін оған лайықты жаза болған. Қазақ тарихында Тәуке хан тұсында қырғыздарды Қоқым би Қарашорин бас-қарғаны көрсетілген Ш.Ш.Уәлиханов Есім ханның өз қарамағында қыр-ғыздың ру басы Көкем би болғаны, соның көмегімен оның қатағандар мен шанышқылылардың Тұрсынын құлата алғаны туралы аңызды келтіреді. Қырғыздар мен қазақтар одағының ескерткішіне Есім Ташкентте мұнара салғызды, ол осы кезге дейін тұр және «Көкемнің көк күмбезі» деп аталады.

Махмұд ибн Уәлидің хабарларына қарағанда, Есім хан 1628 ж. өлген. Есім хан 1643 жылға дейін билік етті деген басқа мәліметтер де бар. Есім хан Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи мешітінің қасына жерленген. «Есім ханның ескі жолы» ретінде белгілі Ереженің жасалуын соның есімімен байланыстыратын аңыз осы кезге дейін сақ-талған. Есім ханнан кейін Қазақ хандығын талас – тартыстар жаулап алды. Ташкент пен оның төңірегіне Әндіжанды иеленген Абылай сұл-тан билік етті. Билік Есімнің ұлы Жәңгірдің қолына көшті.

ХҮІ ғасырда Қазақ хандығы күрделі этникалық – мемлекеттік ор-ганизм болды, оның ішкі өмірінде аймақаралық әлеуметтік – экономикалық және мәдени байланыстардың нығаю процесі жүріп жатты. Соны-мен қатар жер аумағы кеңеитіліп, шектес халықтармен және мемлекет-термен сауда және сыртқы саяси байланыстар жандандырыла түсті.

Қазақ хандығының сол кезеңдегі Орыс мемлекетімен байланыста-ры тұрақты болған жоқ, оның үстіне деректермен қамтамасыз етудің нашарлығы байсалды саяси бағалау жасауға мүмкіндік бермейді. Қа-зақ хандығының Орыс мемлекетімен алғашқы байланыстары, сірә, ХҮ ғасырдың аяғында – ақ жасалған болса керек. Екі мемлекет арасындағы сауда және дипломатиялық байланыстар ХҮІ ғасырда орнатылды. Орыс мемлекетінің Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағда-йымен мұқият танысу алдында өзара қарым – қатынастың негізі қалан-ды. Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы туралы орыс деректерінде азын – аулақ мәліметтер жинақтала түсті. Соның бірі – Данила Губиннің өз патшасына берген мағлұматы. Онда 1534 ж. оның «қазақтардың» но-ғайларға қарсы соғыс бастамақшы болып отырғаны хабарланады. 1535 ж. келесі мағлұматында былай деп хабарлаған: «Ал қазақтар, патша ағзам, едәуір күшті деседі және патша ағзам, Ташкентті шапты деседі және Ташкент ханзадалары олармен екі рет шайқасып, қазақтар оларды жеңіп шықты деседі».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет