Лекция:: 30 сағат Практикалық: Семинар: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет4/7
Дата24.04.2016
өлшемі0.97 Mb.
#78706
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Баќылау с±раќтары:

1Алтын Орда мемлекеті.

2.Алтын Орданыњ ќ±рылуы мен ныѓаюы.

3.Алтын Орда хандарыныњ ішкі жєне сыртќы саясаттаѓы жењістері.




XIV- лекция.

Алтын Орданы және Темірдің талқандауы

(1 сағат)

Жоспары:

Алтын орда және Темір мемлекеті.

1.1395-1396 жж. Алтын Орданы Темірдің талқандауы.

2.Орыс ханның баласы Қойыршақ ханның Алтын Орда тағына отаруы.

3.Едіге бидің билігінің нығаюы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы. I-II томдар. Алматы, 1998-99 жж.

4.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

б) қосымша

5.Келімбетов Н., Қанафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы, 1996.

6.Әбілғазы Бохадур-хан. Түріктер шежіресі. Алматы, 1992.

7. Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер. Алматы, 2001.

8.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.
Лекция маќсаты: Алтын орда және Темір мемлекеті.1395-1396 жж. Алтын Орданы Темірдің талқандауы.Орыс ханның баласы Қойыршақ ханның Алтын Орда тағына отаруы.

Едіге бидің билігінің нығаюы.



Лекцияның мәтіні:

1. Моңғол шапқыншылығынан соң Казақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді. Жетісудың Солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерлерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиеді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Мәуеренахрды мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан – ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілерінің мүддесі империяның, жеке мемелекеттерге айналуына алып келді. Жошының мирасқоры Батый 1236 - 1242 жылы ұлыстың шекерасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енді. XVI ғасырдың соңына “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстық жүйеде құрылды. Орданың оң қанатында мемелекет орталығы болып орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік Шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезіндегі кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батыйде кеінірек Сарай Беркеде орналасты.

2. Берке ханның (1257-1263) тұсында Империя орталығының, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болсада тәуелділік пен толық дербестікке қол жеткізді.Шаманизмнен бір құдайшылыққа Ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемелекеттің ғылымын дамытуға күш салды. Моңғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Алтын Орда Мемелекеті Мұхаммед өзбек ханының билігі тұсында ширақтау шегіне көтерілді. Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттің дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, Кіші Азия Египет, Индия, Қытай мемлекеттерімен жүргізілді.

Мемлекеттік құрылысы моңғол империясы жеріндегі билік шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық үкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға халықтан салық жинауға араласа алмайтын. Хан мемлекеттік иегері ретінде мемлекет басшысы әскери заң шығару және әкімшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер бегі басқарды. Ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар, басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

3. Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, түменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ержелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі моңғол өмірінің нормаларын ғана реттестірі. Отырықшы қоғамның дәстүріне, әдет – ғұрпына қайшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан ұшыр - мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төледі.

Алтын Орда Мемелекеттің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрады.

Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді.

Қазақ мемелекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігі көрсетеді.

Алтын Орда Жәнібек Ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. 23 жылда (13571380) жиырмадан астам хандар бірін – бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Ішкі аласапыраннан кейін билікке қарадан шыққан түменбасы Мамайда, Маңғыт әмірі Едіге би араласып іс жүзінде билеушілерге айналды. Едіге 15 жыл билікті өз қолында ұстады.

Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды. 15 ғасыр ортасына қарай оның аумағында Астарахань – Қазан, Қырым хандықтары құрылды. Жошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласын Алтын орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ Орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданың негізгі аумағы қазақ халқының атамекені Ақ Орданың билігіне күшті.

Баќылау с±раќтары:

1.Алтын орда және Темір мемлекеті.

2.1395-1396 жж. Алтын Орданы Темірдің талқандауы.

3.Орыс ханның баласы Қойыршақ ханның Алтын Орда тағына отаруы.

4.Едіге бидің билігінің нығаюы.

XV- лекция.

Моғолстан мемлекеті.


(1 сағат)

Жоспары:

Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

1.Алтын Орда территориясындағы этникалық процестер.

2.Моғолстандағы этникалық процестер.

3.“Өзбек”, “ноғайлы”және “моғол”суперэтностары.

4. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998-99 жж.

4.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.

б) қосымша

5.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.


Лекция маќсаты: Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

Алтын Орда территориясындағы этникалық процестер.Моғолстандағы этникалық процестер. “Өзбек”, “ноғайлы”және “моғол”суперэтностары. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы.




Лекцияның мәтіні:

1. Монғол тайпаларын өзіне бағындырып болған соң ,Шыңғыс хан және оны қоршағандар өздерінін назарын Монғолия жерінен тыс қоныстанған халықтарға бұрды.

Олардың біріншісі Қытай империясы болды.Себебі бұл кезде Шығыс ірі байлық көзі еді.Бұл кезде Қытайда екі империя болды,Солтүстігінде –Цзинь,Оңтүстігінде –Сун.екі Қытай империясының халқы,мәдениеті бірдей болғанымен ,біріншісін жаулап алушы династия –Чжурчжулар билесе ,екіншісін ұлттық династия билейтін.

Қытай империясына жасамас бұрын Сары өзен бойындағы Танғұт мемлекетін бағындыруға тиіс еді.Бұл кезде таңғұттар көрші Қытай мемлекетінің мәдениетіне араласып ,байыған мемлекет болатын.

1205 жылы Шыңғыс хан Таңғұт мемлекетіне (Батыс Қытайға) жорық жасайды,бірақ бұл сәтсіз аяқталады, 1208-1209 жылдары монғол әскерлері бұрынғы жорықтарды қайталап, танғұт әскерлерін қатты әлсіретіп ,олар манғолдарға салық төлеп тұратындай дәрежеге жетеді.Шыңғыс хан енді шығыстағы Қытайды жаулауға жол ашық деп есептейді және бұл кезде монғол мемлекетіне Батыстан да ,солтүстіктенде ешбір қауіп жоқ еді.

1207 жылы Шыңғыс хан бұрын батысқа шегініп кеткен наймандардың ,соңынан Жебе мен Сүбедейді жібереді.Монғолдар бұл арада көздеген мақсатына жете алмай ,оның есесіне қырғыздарды ойсырата жеңген Түркістандағы ұйғыр хандығын бағындырады.

1211 жылы Шыңғыс хан ,оның төрт ұлы : Жошы,Шағатай ,Үгедей ,Толы және ірі қолбасшылары Мухали мен Жебе бастаған Монғол әскері Жұржы мемлекеті-Цзинге басып кірді.Шыңғыс ханның 3 ұлы басқарушылықта болды.

1215 жылы ,монғол әскері ұзақ шайқастан соң Пекинді алып ,оны тонап ,өртеп жіберді.

2. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс хан бастаған монғол әскерлері Жетісуға басып кірді. Соғыстың алғашқы кезінде Шыңғыс хан әскерлерінің жалпы саны 130 мыңға жетті.Мұның ішінде Қарлұқ Аслан хан, Сукнак те гін және Шығыс Түркістан (ұйғыр идикуты Барчук басқарды) еріктілері де болды.

Негізгі шабуыл бағыты Ертістен Сырдарияға Жетісу арқылы өтті.Отырарға таяған кезде Шыңғыс хан өз әскерлерін бірнеше құрамаларға бөлді.



Бір інші құрама –Отырар қаласына шабуылдаушылар,қолбасшылары –Шыңғыс ханның екінші және үшінші ұлдары –Шағатай мен Үгедей болды.

Екінші құрама –қолбасшысы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бағыты Сырдарияның төменгі ағысындағы Жент жіне Янгикент қалалары болды.

Үшінші құраманың мақсаты Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды жаулап алу болды да, оның Шыңғыс ханның өзі мен кенже ұлы Толы басқарды.

Шыңғыс ханның үш бағытта шабуылдаған әскери құрамаларына Хорезм шаһтың әскери топтары қарсы тұрды.

Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғыс хан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты.

Жетісуды оңай басып алған Шыңғыс хан Мауеренахрға ,сол кездегі бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне жорық жасады.1218 жылы көктемде Шыңғыс хан Орта Азияға сауда керуенін жіберді.500 түйеден тұратын керуенінде монгол жансыздарын есептегенде барлығы 450 адам болатын.Көп адамы бар керуен 1218 жылы жазда Отырарға келіп жетті.Отырар билеушісі Қайырхан көпестерді тыңшылық жасады деп. күдіктеніп ,оларды өлтіруге бұйырады.Осы жадай Шыңғыс ханның Отырарға соғыс ашуға себеп болады.

Монгол әскерлері Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағытталады.

Қайырхан басқарған қалада 80 мыңдай әскер бар еді.Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монгол басқыншыларына қарсы жүргізген ер лік күресінің айқын көрінісі болды.Қарамағында,қамал бұзатын техникасы ,соның ішінде жанып кететін күбершіктер ,ататын машыналары болса да, монғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады.

3. Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер басшылардың бірі –Караджа түн жамыла қала қақпасынан шығып, монғолдарға өтіп кетті.қаланы қоршап тұрған монгол әскерлері осы қақпа арқылы ішке лап берді.монғолдар қаланы әбден талады, халқын қырғынға ұшыратты.Осыған қарамастан әскердің бір бөлігі мен халқы Қайырханның басшылығымен оның ішкі қамалына кіріп Альп ,бір ай бойы қайыспай қарсылық көрсетіп ,бір адамы қалғанша соғысты.

Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп ,Шағатай мен үгедей бастаған монгол шоғырлары Шыңғыс ханға келіп қосылды.

Хорезм шаһтың әскері әр-түрлі ұлт өкілдерінен құралған.1220 жылы Каспий теңізінің бір аралында қайтыс болған Хорезм шаһ Мухам мед монғолдармен соғыста өзін көрсете алмады, сондықтан оның есімі монғолдарға белгісіз күйінде қалады.Монгол деректері бойынша Мұхаммедтің баласт әрі мұрагері Желал- әд-Дин сол жылы қарашаның соңында Индияға қашып кетті.Осының нәтижесінде Шыңғыс ханмен арадағы соғыс аяқталды.1221 жылдың жазында Шыңғыс хан Түркістанды тастап, 1224 жылдың жазын Ертісте өткізді .

4. Шыңғыс ханның әскери заңының баптарынан үзінді:

3-бап .Түменнің ,мыңдықтың ,жүздіктің жыл аяғымен басында құрылтайға келген бестері өз әскерін басқаруға шамасы жетеді деп. сенемін.Ал өз ордасында отырып мұндай кеңеске қатыспаған бектер теңізге тастаған тас , қамысқа атқан жебемен бірдей ,олар тез жоғалып кетеді.Мұндай адамдар әскер басқара алмайды.(Шыңғыс хан әр маусымда әскери-ғылыми кеңес өткізген және оған мән берген.)

6-бап.Өз жасағын қамтамасыз ете алмаған бек қатын-баласымен күнәлі болып саналады.Ол жасаққа оның қарамағынан біреу тағайындалсын.

7-бап.Жорық алдында әр әскер өз бастығынан қару алады.он ол ұқыпты ұстауға және жорық алдында келе жатқанда өз бастығына көрсетіп, тексуруден өткізуі міндетті.

8-бап,Егер жауынгер соғыс кезінде шайқасып жатып садағын немесе басқа бір затын түсіріп алса, артынан келе жатқаны атынан түсіп,оның затын әперуге міндетті. Оны істемесе ол жазаға тартылады.

15-бап.Әр ер азамат армияда қызмет етуге міндетті.



Баќылау с±раќтары:

Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

1.Алтын Орда территориясындағы этникалық процестер.

2.Моғолстандағы этникалық процестер.

3.“Өзбек”, “ноғайлы”және “моғол”суперэтностары.

4. Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы.

5.Татарлар мен монѓолдар туралы ќысќаша деректер.

6.Темучин

7.Шыњѓыс ханныњ найман, керейіт мемлекеттерін жаулап алуы.



XVI- лекция.

Алтын Орданың ыдырауы.



(1 сағат)
Жоспары:

Алтын Орданың ыдырауы.

1.Әбілхайыр ханның “көшпелі өзбектер мемлекетінің”құрылуы.

2.Қырым, Қазан, Астрахань хандықтары.

3.Қазақ, Сібір және Ноғай Ордасының құрылуы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998 ж.

б) қосымша

4.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

5.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.
Лекция маќсаты: Алтын Орда Батый Еуропаға жорық жасап қайтқаннан кейін –1243 жылы құрылды.Оның алғашқы астанасы 1254 жылы Еділ бойында салынған Сарай –Батый қаласы болды. “Өзбек”, “ноғайлы”және “моғол”суперэтностары.

Шығыс Дешті Қыпшақтағы Тоқа-Темірдің ұрпағы Орыс ханның Ақ Орда хандығы.

Татарлар мен монѓолдар туралы ќысќаша деректер.Темучин

Шыњѓыс ханныњ найман, керейіт мемлекеттерін жаулап алуы.


Лекцияның мәтіні:

1. Алтын Орданың дербес мемлекетке ауналуы үшінші хан Мөңке -Темірдің тұсында (1266-1282 ж) хан аты жазылған ақша соғып шығару арқылы орнықты.ол өлгеннен кейін Алтын Ордаға ішкі феодалдық соғыс өрті тұтанып,көшпелі аристократия өкілдерінің бірі-Ноғай алға шықты.Осы феодалдық соғыстың нәтижесінде алтын ордалық аристократияның ислам дінін ұстанған және қаланың сауда топтарымен байланысты болған бөлігі жеңіске жетті.Олар Мөңке-Темірдің немересі Өзбекті таққа отырғызды (1312-1342 жж)

2. Өзбектің тұсында Алтын Орда орта ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне айналды.Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы ол билік тізгінін өз қолына берік ұстап, бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды.Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар ,оның ішінде Көк Орданың билеушілері де Өзбектің талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Өзбектің қолында 300 мыңға дейін жауынгер болды. XIV ғасырдың 20 жылдарында Алтын Орталықтардың Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа жылжуын уақытша тоқтатып тастады.Өзбектің тұсында Алтын Орданың Руське жүргізген билігі бұрынғыдан да күшейе түсті.

Алтын Орда алғаш құрылғанда оның мемлееттік құрылысы тым қарапайым еді.Ол Батыйдың аға-інілері немесе жергілікті әулиеттердің өкілдері басқарған жартылай дербес ұлыстарға бөлінген. Бұл бағынышты ұлыстардың хан әкімшілігімен байланысты тым әлсіз болған еді.

Мемлекетті басқару төрт әмірден құрылған Диванның (Диван-жоғарғы үкімет органы ; Диван сөзінің мынадай бірнеше мағынасы бар ;1) мемлкеттік кеңес2) азаматтық әкімшіліктің жоғарғы шенді адамы 3) ресми қабылдау 4) өлеңдер жинағы) қолында болды.Жергілікті жерлерді басқару тікелей Диванға бағынышты жергілікті әкімдердің қолына берілді.

3. Басыбайлы адамдарды, көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде монғолдардың көшпелі ақсүйектері орасан кең жерлердің ,өте көп мал мен басқа да байлықтардың иелеріне айналды.XIV ғасырда араб жазушысы Ибн Баттута олардың табысын 200 мың динарға ,яғни 100 мың сомға дейін жетеді дейді.

Салық бастапқы кезде заттай жиналды, кейінрек ақшамен (күміспен) ауыстырылды. Қаладағы және ауылдағы әрбір шаруашылыққа салынатын алым-салықтың белгілі бір өлшемі болды. Тұрақты берілетін алымның ауыртпалығы хандардың жиі-жиі қосымша ірі сомалар жіберіп тұру жөніндегі талаптарымен күшейе түсті.Сауданың баж салығынан алынатын жарнасы да хандардың пайдасына түсіп отырды.

1243 жылы Батыйдың ордасына Сить өзенінде қаза болған Владимирдің ұлы князы Юрий Всеволодовичтің бауыры Ярослав шақырылтып ,ол Ордаға бағынышты екенін ресми түрде мойындағаннан кейін хан оны Солтүстік-шығыс Русьтің “ең үлкен” князы деп танып, оған Владимирде ұлы княздық құруға жарлық (грамота) берді.

Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында монғолдар орыс елінің көп жерін басып алды (1236-41жж) .Польшаны ,Венгрияны ,Дельмацияны шапты ,Грузияны жеңіп ,Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды.Шығыс Еуропада оған Еділ бұлғарларының жері , Дешті Қыпшақ ,Қырым және Дербенте дейінгі Солтүстік авказ ,Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм ,Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады.



Баќылау с±раќтары:

1.Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

2.Алтын Орда территориясындағы этникалық процестер.

3.Моғолстандағы этникалық процестер.

4.“Өзбек”, “ноғайлы”және “моғол”суперэтностары

XVII- лекция.

Кіші Азияның көне және ежелгі тарихы.


(1 сағат)

Жоспары:

Кіші Азияның көне және ежелгі тарихы.

1. VIII-X ғғ. Кіші Азияға түркі тайпаларының енуі.

2.Оңтүстік – шығыс Анадолыдағы арабтардың үстемдігі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж

2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.

3.Қазақстан тарихы.II том. Алматы, 1998ж.

4. Келімбетов Н., Қанафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Алматы, 1996.

б) қосымша

5.Шалекенов У. Түркілердің отырықшы тарихы. Алматы, 2002.

6.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.
Лекция маќсаты: Түркілердің ең батыстағы мемлекеті-Кіші Азияда XIII ғасырға дейін мемлекеттік тіл араб тілі болды, бірақ сұлтандар өздерінің түбі түркі екендігін ұмытқан жоқ. Кіші Азияның көне және ежелгі тарихы.Хеттер мемлекеті.Ежелгі мемлекеттер: Фригия, Кария, Лидия.Византияда Шығыс Рим империясының құрылуы.Оңтүстік – шығыс Анадолыдағы арабтардың үстемдігі.

VIII-X ғғ. Кіші Азияға түркі тайпаларының енуі.


Лекцияның мәтіні:

1.Түркілердің ең батыстағы мемлекеті-Кіші Азияда XIII ғасырға дейін мемлекеттік тіл араб тілі болды, бірақ сұлтандар өздерінің түбі түркі екендігін ұмытқан жоқ.

Іс –қағаздары мен мәдениет тілі бірте-бірте парся тілі болып келе жатқан Ирандағы Селжук иелігіне қатысты да осыны айтуға болады.Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыздың көпшілігі өз шығармаларын,сол кездегі ғылым,білім, өнер тілі -араб тілінде жазды.Солардың бірі –Отырардан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби.

Түркі алфавитін бірте-бірте араб графикасы жеңе бастады.

Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектері мен шығармалары бүкіл дүние жүзіне белгілі.Оның “Ғылымды жүйелеу”,”Химимя туралы толғаныс” ,”Физиканың негіздері туралы толғаныс”,”Музика туралы толғаныс кітабы” –іргелі ғылымдар саласынан көрнекті ой айтқан еңбектер.

Әбу Насыр әл-Фарабидың “Қайырымды істер қаласының тұрғындары туралы толғаныс ” ,”Мемлекет қайраткерлерінің марал-мәтелдері” сияқты еңбектері-қоғамдық-әлеуметтік ой тарихында елеулі із қалдырған туындылар.Ал оның өз кезінде дүниенің шартарабына жайылған “Даналық жауһарлары ” атты философиялық толғанысы тұтас мың жыл бойы Шығыс жоғарғы оқу орындарының қолдан түспейтін оқулық кітап болды.

Әлемнің оқымыстылары Әл-Фарабиді адамзат ой-санасының теңдесі жоқ алабы ретінде қастерлеп, қатты құрметтейді.

Махмуд Қашқаридің “Дивани лұғат-әт-түрік” атты кітабы былай басталады:”Қайырымды ,мейірімді Алланың атымен бастаймын.Енді Мұхамедтің ұлы Құсайынның презенті Махмұдтың айтар әңгімесіне назар салыңыз:”Мен тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында ғажайып өрнектегенін көрдім.Тәңір оларды түркілер деп. атап,асқан салтанатқа ие қылды.Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне одақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады.Олардың қаһарынан сатану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол замманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты.Қасіретке мұңын түсіндіріп ,шағыну үшін түркілерге өз тілдерінде сөйлеуден басқа жақсы жол жоқ.”

Махмуд Қашқаридің “Дивани лұғат-әт-түрік” (“Түркі тілдерінің сөздігі”) атты еңбегі 1072 жылы 25 қаңтарда басталып,1074 жылы 10 ақпанда жазылып біткен.Түпнұсқа бізге жетпеген,оның жалғыз көшірмесі 1266 жылы жазылған.

Махмуд Қашқари Қашқарда туылып, жастық, жігіттік шағын Баласағұнда өткізіпті.Ол араб тілі мен араб әдебиетін ,парсы мәдениетін жақсы меңгерген.

Араб тар мен парсылардың мәдени өміріне түркілердің сол кезде қаншалықты араласқандығын анықтау қиын мәселе күйінде қалып келеді.Түркілер еш жерде де араб-парсы мәдениетіне толық бас ұрған емес,ешқашанда өз тілін жоғалтқан емес,бірақ араб-парсы мәдениетінің ықпалы соншалықты күшті болғандықтан ,түркі тілі (XI-XII ғғ) еш жерде мемлекеттік тіл бола алмады.

2. Түркілердің ең батыстағы мемлекеті-Кіші Азияда XIII ғасырға дейін мемлекеттік тіл араб тілі болды, бірақ сұлтандар өздерінің түбі түркі екендігін ұмытқан жоқ.

Іс –қағаздары мен мәдениет тілі бірте-бірте парся тілі болып келе жатқан Ирандағы Селжук иелігіне қатысты да осыны айтуға болады.Түркілерден шыққан зиялы отандастарымыздың көпшілігі өз шығармаларын,сол кездегі ғылым,білім, өнер тілі -араб тілінде жазды.Солардың бірі –Отырардан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби.

Түркі алфавитін бірте-бірте араб графикасы жеңе бастады.

Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектері мен шығармалары бүкіл дүние жүзіне белгілі.Оның “Ғылымды жүйелеу”,”Химимя туралы толғаныс” ,”Физиканың негіздері туралы толғаныс”,”Музика туралы толғаныс кітабы” –іргелі ғылымдар саласынан көрнекті ой айтқан еңбектер.

Әбу Насыр әл-Фарабидың “Қайырымды істер қаласының тұрғындары туралы толғаныс ” ,”Мемлекет қайраткерлерінің марал-мәтелдері” сияқты еңбектері-қоғамдық-әлеуметтік ой тарихында елеулі із қалдырған туындылар.Ал оның өз кезінде дүниенің шартарабына жайылған “Даналық жауһарлары ” атты философиялық толғанысы тұтас мың жыл бойы Шығыс жоғарғы оқу орындарының қолдан түспейтін оқулық кітап болды.

Әлемнің оқымыстылары Әл-Фарабиді адамзат ой-санасының теңдесі жоқ алабы ретінде қастерлеп, қатты құрметтейді.

Махмуд Қашқаридің “Дивани лұғат-әт-түрік” атты кітабы былай басталады:”Қайырымды ,мейірімді Алланың атымен бастаймын.Енді Мұхамедтің ұлы Құсайынның презенті Махмұдтың айтар әңгімесіне назар салыңыз:”Мен тәңірдің гүлденген мемлекетті түркілердің топырағында ғажайып өрнектегенін көрдім.Тәңір оларды түркілер деп. атап,асқан салтанатқа ие қылды.Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне одақтастырып, залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады.Олардың қаһарынан сатану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол замманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты.Қасіретке мұңын түсіндіріп ,шағыну үшін түркілерге өз тілдерінде сөйлеуден басқа жақсы жол жоқ.”

Махмуд Қашқаридің “Дивани лұғат-әт-түрік” (“Түркі тілдерінің сөздігі”) атты еңбегі 1072 жылы 25 қаңтарда басталып,1074 жылы 10 ақпанда жазылып біткен.Түпнұсқа бізге жетпеген,оның жалғыз көшірмесі 1266 жылы жазылған.

Махмуд Қашқари Қашқарда туылып, жастық, жігіттік шағын Баласағұнда өткізіпті.Ол араб тілі мен араб әдебиетін ,парсы мәдениетін жақсы меңгерген.

Тілдердің тазалығы мен қолдану ерекшелігі жағынан М.Қашқари татар ,ұйғыр тілін өз алдына жеке топ етіп, бөліп қарайды ды қырғыз ,қыпшақ ,оғыз ,ярук тілдерін таза түркі деген піків айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет