Лекция: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлығы: 135 сағат Қорытынды бақылау: емтихан 2 семестр



бет2/6
Дата06.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#118266
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Бірінші кезең - Бүгінгі Қазақстанның бүкіл аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі.Оңтүстік Арал өңіріндегі Сынтасты және Арқайым қорым-кешендері сол замандағы халықтың рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады.

Екінші кезең - Бұдан шамамен төрт-бес мың жыл бұрын арийлер тарихы мен рухының орталығы біртіндеп Солтүстіктен Оңтүстікке, Оңтүстік Оралдан Үнді өзенінің аңғарына қарай ауыса бастайды. Бүгінгі Қазақстан жерінде сол заманнан қалған жалғыз белгі Таңбалы қонысы.

Үшінші кезең - Бұдан үш-төрт мың жыл бұрынғы заман. Шығыста, Гоби далаларында арғы ғұн тайпалары орналаса бастайды. Ежелгі Ведалық үштік үрдісі: Тәңірі-Аспан, Жер-Су, Ұмай-Мәңгілік ана.

Төртінші кезең - Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері-түркілер-Ашина руының түркілері-Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларыныңежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақтар.

Бесінші кезең - Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды.

Алтыншы кезең - Бұдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстан аумағына араб-ислам рухының тегеурінді толқыны жетті. Сол замандағы оның рухани аспанында жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз-Сыр бойында әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашқари.

Жетінші кезең - XI ғасыр Түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған. Түркілердің тұңғыш сопысы-Қожа Ахмет Иассауи 1093 жылы туған. Ол негізін қалаған исламның тылсым құпиясы-сопылықтың (суфизм) қарапайым халықтың нұсқасы тез уақытта Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысына дейін тарады.

Сегізінші кезең - XII-XIV ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталады. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл еді. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағанда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.

Тоғызыншы кезең - XV-XIV ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланған.

Оныншы кезең - бұл XVII-XIX ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталған. 1723-1727 жылдардағы «ақтабан шұбырындыдан» қазақ халқы қайта еңсе көтерген.

Келесі, он бірінші кезең - XX ғасыр. XVIII-XIX ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі жойылып, сол кезде қазақтардың яғни Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов өз мемлекетін құруға ат салысты.

Он екінші кезең - 1980 жылдардың ортасынан басталады. Ол халық рухының бұрқ етіп,сыртқа лықсуымен ерекшеленеді: 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы тарихымызда мәңгі қалды.

Бірақ онда рухтан гөрі саясат басым болды 1991 жылы қызыл империя құлады. Тәуелсіз Қазақ мемлекеті жарияланды.

Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі.

Деректану-тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті-тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу.

Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды. Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты,бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейленетіні көріне бастады. Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру,сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әр түрлі тәсілдер негізінде деректерді зерттеу әдістемесі қалыптасты. «Дерек оқиғаны қалай бейнелейді» деген сұрақ негізгі мәселеге айналды. Жазба деректер заттай деректерден (археологиялық) бөлек зерттеле бастады. Тарихи білімнің тарих ғылымына айналу процесі барысында біртіндеп деректану ғылымы қалыптасты.

Қазіргі кезде біз көп жағдайда дәріс барысында орыс деректану мектебінің жетістікткріне сүйенеміз. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, Қазақ елінің алдымен Ресей империясының, одан соң КСРО құрамында болғаны-тарихи шындық. Сондықтан көп жағдайда біздің тарихымыз ортақ. Екіншіден, тарихи деректану ғылымы іргелі ғылым ретінде барлық халықтарға ортақ, бұл ғылымның жетістіктерін барлық халықтар пайдалануға құқылы, сондықтан 200 жылға жуық тәжірибе жинаған орыс тарихи деректану мектебінің, басқа да халықтардың деректерді зерттеу тәсілдерін, жолдарын үйрену-қажетті.

Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

- ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;

- пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

- тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып,олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады.

Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.

Тарихтың негізгі миссиясы-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін білдіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып,қанша қан төгіп,өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі.

Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам - өзімді-өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.

Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді.

Сонымен, ұлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің орныңды, ортаңды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде ғана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт.

Егер ұлттық сезім болмаса онда ұлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де-барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа ұлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты. Ал ондай сезімді тудыратын нәрселер - өзін-өзі тану,жақсылып тану, жақсы жағынан тану.

Екіншіден, әр ұлттың ұлт болып қалыптасқан мекені бар. Сол мекен Қазақстан азаматтарының барлығын түгелдей қамтитын мекен. Осы мекенді әрбір қазақстандық толығымен бүкіл ауқымында білуі керек, қастерлеуі тиіс. Сонда сол мекен ұлттың арасында жатқан терең байланыс айқын сезіледі. Жалпы қазақ халқы мекен мәселесіне терең ілтипатпен қараған халық.

«Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдерсе керек. «Кіндік кесіп,кір жуған», «кіндік қаны тамған» деген сөздер барлық қазақтарда айтылады. Бәрі де өзінің тұрған мекеніне жылы жүрекпен, терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер. Жалпы, атамекеннің қалдырған іздері ұлт ретінде қалыптасуымызға, дүние тануымызға көмектеседі. Қазан төңкерісінен кейін талай жер халқымызға қатысы жоқадамдардың атымен аталады. Осылайша, біздің топонимдік жүйеміз талқандалд. Оның құрылымы бұзылды.

Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін еріксіз, халықтан сұрамастан өзгертілген атаулар қалпына келтіріп жатыр. Дегенмен, бұл ретте атқарылар шаруалар әлі көп-ақ.

Егер жерімізді, атамекенімізді қастерлейтін болсақ, онда ұлтымыздың қуатын күшейте түсеміз. Жерге деген сезім ұлтқа деген сезім екенін әбден, анық білуіміз керек. Қазақ ежелден жер тұтастығы деген мәселеге қатты көңіл бөлген.

Осыдан қазақ халқының жерге деген сезмебайқалады. Осының бәрін кейінгі кезде «совет халқына жер ортақ» деп ұрандату жуып-шайып кетті. Мұны енді рулық деңгейде емес, ұлттық деңгейде, Мұны енді рулық деңгейде мес, ұлттық деңгейде, Қазақстан деп аталатын мемлекеттің территориясын, ауқымын елестетуге балаларды тәрбиелеу арқылы қолға алу керек. Осы жерде отырып, «менің Аралым», «менің Атырауым», «менің Оңтүстігім», «менің Жетісуым», «менің Ертісім», «менің Зайсаным» дейтін халге келтіру қажет. Әрбір жастардың бойына жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелесек мұның өзі атамекен деген ұлағатты ұғымға алып барады.

Ең бастысы атамекен туыстығы арқылы ұлттық тұтастықты сезінеміз. Қазақта ата-бабасының мүрдесі жатқан жерді қатты қадірлейді, қастерлейді. Атамекен тұтастығымен ұлт тұтастығымен күнделікті дәрежеде балаларға түсіндіре алсақ, күнделікті өмірде осыған мән берсек, одан ұтарымыз мол.

Қазақ жерінде тұратын халықтар 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрды. Бүгінде Мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылға арналған жолдауында:

«Біздің еліміз» Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді бағдарламасына және отызжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай ілгері дамып келеді.

Соңғы жылдары біздің қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері,экономикалық өлреуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мілім, әр әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру, өңірлік ынтымастықты дамыту жөнінде ұдайы дәйекті шаралар қолданылып жатыр.

Ең бастысы, бізде қоғам мен мемлекетті, экономика және әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келелі жолдарын іздестіру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіліп келеді деді.


II- лекция.
Ежелгі тас (палеолит) ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия.

  2. Алғашқы қауымдық құрылыстың археологиялық кезеңдерге бөлінуі.

  3. Ежелгі тас дәуірі (Палеолит), Оңтүстік Қазақстанның (Обалысай, Мұзбол 1, Қосмола және Қызылжар, Бетпақ 7, Қарақас 3 т.б.) ескерткіштері.

  4. Солтүстік Шығыс (Қанай, Нарым, Бұқтырма және т.б.) ескерткіштері.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Қазақстан тарихы, 5-томдық, 1-том. - А,.1996.

  2. Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 1-том. - А.,1980.

  3. Қазақ ССР тарихы, 2-томдық, 1-том. - А,.1963.

  4. Қозыбаев М.Қ. Историческая наука Кахзахстана на современном этапе развития. -А.,1991.

  5. К.Аманжолов. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. - А.,2004


Мақсаты: Тас ғасыры дәуіріндегі адамзат қоғамының негізгі даму заңдылықтарын талдау.

Тірек ұғымдары: Тас дәуірі тұсындағы табиғи орта. Тас дәуірінің кезеңдері. Палеолит. Неолит. Қазақ жеріндегі негізгі полеолиттік тұрақтар: Бөрі қазған, Тәңір қазған,Қызылтау, Шақпақ-Ата, Семіз бұғы. Аңшылық. Балық аулау. Рулық қауымның қалыптасуы. Діни нанымның тууы.
Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі тек қана археологиялық деректер арқылы тіл қатады. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.
Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі - Палеолит

(ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. - б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың).

Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді.

Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады.

Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды.

Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері).

Тас ғасыры өз ретінде ерте тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.

Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар шель мәдениетіне байланысты, кезінде австралопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалады. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениет ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.

Көп уақыт бойы ғалымдар Қазақстан жерінде тас ғасырының іздерін таба алмады. Ал бұл біздің жерімізді ежелгі адамдар өте кеш қоныстанды деген жансақ пікірге әкелді. Соңғы зерттеулер бойынша, ежелгі адамдар Қазақстан жерінде ашель кезінде қоныстанған. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан жерінде, Қаратау бөктерлерінің жанынан табылған. Бұл Тәңірқазған, Бөрікқазған, Ақкөл тұрақтары.

Бүгін Қазақстанда палеолит мәдениетінің екі ауданы белгілі: Оңтүстік Қазақстан мен Сары-Арқада. Бұл аудандар тас құралдарын өңдеу мен оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Жалпы Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік және Орталық Қазақстанда технологияның эволюциясы тез дамыды.

Палеолит - адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео - ежелгі, литос - тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б.з.д. 800 - 40 мың.) және жоғарғы (б.з.д. 40-12 мың.) палеолит болып бөлінеді.

Орта Азия территориясын адамдар төменгі палеолит дәуірінде-ақ мекен ете бастаған. Ашель мәдениетінің (200 мың жыл бұрын) тас қарулары Қайраққұм мен Вахш ойпатынан табылды. Мустьер мәдениетіне (орта палеолит, 50-40 мың жыл бұрынғы) тән Тесіктас, Аманқұтан, Обарахмат, Жарқұтан, Қарабура т.б қоныстар бар. Бұл алғашқы адам табанының, алғашқы адам мен қауымының қалыптаса бастаған кезеңі еді. Олардың күнкөрісі терімшілік пен аң аулауға, тас пен сүйек қарулар жасалып, от жағуға қол жеткен кезең болды. Жоғарғы палеолит мәдениеті ( бұдан 40-10 мың жыл бұрын) есті адам пайда болған кез. Ал неолитте (б.з.б 6-5 мың жыл) егіншілік пен мал шаруашылығының алғашқы белгілері білінді. Түркіменияның оңтүстігінде Жейтун мәдениетіне ие болған жұрт- ең ежелгі (б.з.б. 5 мың жылдық) жер игерушілер. Б.з.б. 3 мың жылдықтың басында Теджен өзенінің бойында ежелгі егін суару жүйесі салынған. Жейтун мәдениетіне Өзбекстандағы Келтемір, Тәжікістандағы Гиссар мәдениеті (б.з.б 4-2 мың жылдықтың басы) жалғасады. Неолит дәуірінің тұрғындары матриархалдық-рулық құрылыста өмір сүрді. Қола дәуірінде (б.з.б 3-2 мың жыл) Орта Азияда жер игеру, мал өсіру негізге кәсіпке айналды (Түркменстандағы Анау, Намазғатепе, Қаратепе, Өзбекстандағы Заманбаба, Дальверзинскиое, Тәжікстандағы Қайраққұм, Вахш және Бешкент мәдениеті) Металлургиялық өндіріс, қала типіндегі елді мекендер пайда болып, жер шарашылығында қолдан суару жүйесі жүргізілген. Еңбектік қауымдық бөліс процесінің және жер игерушілер, арасында зат алмасудың күшеюінің нәтижесінде мүлік бөлісі пайда болды. Руда әкелік (патриархат) право орнады. Орта Азия халықтарының негізін құрған Хорезм, парфия, дах, сақ тайпаларының одағы құрылды. Б.з.б 1 мың жылдықтық 1 жартысында темір металлургиясы пайда болғаннан бастап өндіргіш күштер жедел дамып, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Ойпатты аймақта суару жүйесі дамып, далалық және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығының және қол өнері мен сауданың өркендеуі, қаланың пайда болуы таптық қоғамның мемлекеттік қалыптасуына ықпал етті.

Қазақстан мен Орта Азияны тұрақ еткен ең ежелгі адамдардың айғағы қазір Қайраққұм мен Вахш ойпатынан Кіші қаратаудың солтүстік шығыс өғіріндегі Шарбақты Тәңірқазған, Ақкөл, Қазанғап деп аталатын жерлерден табылған. Мустьер мәдениеті Тесіктас, Аманқұртан, Жарқұтан Қарабурадан табылды. Ғалымдар мұны ежелгі палеолиттің белгісі ретінде шелль-ашель дәуіріне жатқызады. Бұл осыдан 800 мың жыл бұрынғы уақыттан бастап 100 мың жыл бұрынға дейін уақыт аралығын қамтып жатыр. Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық Қазақстан өңірін, байтақ жатқан Сарыарқаны да тұрақ еткен. Оның археологиялық айғақтары Жезқазған облысындағы Обалысай, Мұзбел, Талдысай Жаман Айбат, Қосмола, Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілер бұл айғақтарды осыдан 140-100 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғылым тілінде неандерталь деп аталатын адамдар міне, осылар.

Қатал табиғат аясында тірілшілігін үзіп алмау үшін әрекет еткен палеолиттің адамдары мезолит, одан кейінгі неолит дәуірі\леріндегі сана деңгейіне жеткенше дамудың ең ұзақ, ең қиын қыстау жолын бастан кешті. Бір ғажабы сол жерден бауырын көтерген адамзат әулеті ғасырдан ғасыр, дәуірден дәуір, заманнан заман озған сайын жалпы даму қарқынын ұдайы үдетіп келеді.

Бұл-өмір үшін басты бәйгеге тіккен күрес жолы, зорлық пен қорлықтың, ізденіс пен шыңдалудың жолы. Тек қана жеке адамдардың шыңдалуы емес, тұтас қоғамдардың, байтақ құрлықтардың формациялық алмасуларының, тарихи тіршілік иеснің тілі мен наным сенімін, салт дәстүрі мен моральдық-этикалық қалыптарын, ақыл-ойы мен тарихи тәжірибесін шыңдаудың шытырман жолдары.

Бұл тас дәуір өңдеу тәсілі мен одан еңбек құралдарын жасау тәжірибесінің жетілдіріліп,осыған байланысты еңбек өнімділігінің өсімен, белгілі дәрежеде материалдық, рухани мәдениеттің дамуымен сипатталады.

Тас дәуірінде тас құралдарымен қатар сүйектен,ағаштан жасалғандары да қолданылады. Ежелгі полеолит адамдары бірігіп аң аулады,бірігіп терімшілік етті және адамдар үңгірлерден басқа жер үйлер мен жертөлелерде тұрды. Ежелгі полеолит кезінде дінге сенушілік болған жоқ. Тастан жасалған құралдар формасы,көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі болды, түрлі мақсатта пайдаланылатын арнайы құралдар шыға бастады. Сүйектен жасалған бұйымдар - біз, ине, шот, гарпун, найза, сүңгі жасау кең игерілді. Аңшылыққа қажетті лақтырғыш құралдары - тор, тұзақ құру ойлап табылды. Жергілікті жердің материалынан жасалған тас қарулардан мыналарды бөліп айтуға болады: жебе мен найзаның ұштықтары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар. Плеолиттен мезолитке өту кезеңі садақ пен жебенің пайда болуымен, алғашқы жануарлардан иттің қолға үйретілуімен белгілі. Кейінгі мезолит, ерте неолитте балта, қашау, шот ретінде қолданылған тұрпайы өңделген тас құралдары кең тарады.


ІII- лекция.
Мезолит және Неолит дәуіріндегі ҚАЗАҚСТАН
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Мезолит.

  2. “Неолит төңкерісі” (Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы)

  3. Энеолит.

  4. Қаратау жотасының ескерткіштері.

  5. Арал, Ертіс өңірінің тұрақтары.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Қазақстан тарихы, 5-томдық, 1-том. - А,.1996.

  2. Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 1-том. - А.,1980.

  3. Қазақ ССР тарихы, 2-томдық, 1-том. - А,.1963.

  4. Қозыбаев М.Қ. Историческая наука Кахзахстана на современном этапе развития. -А.,1991.

  5. К.Аманжолов. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. - А.,2004


Мақсаты: Тас ғасыры дәуіріндегі адамзат қоғамының негізгі даму заңдылықтарын талдау.
Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды.

Полеолиттен мезолитке (грекше «мезос»-орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызады. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып,басқаларында балық аулау және жинау-аңшылық кәсібі қалыптасады.

Неолит дәуірінің басы шамамен б.з.б.VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұтас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына - жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.

Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығыуына себепші болады. Қазақстаның ежелгі тұрғындарында кең кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамығын уақытты болдды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай бірікен бірнеше (саны азды-көпті) рулық қауымдардан құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет