Сегіз оғыз деп аталған Найман тайпалар одағы VIIIғ. Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болды. Рашид-ад-диннің еңбегінде Хғ-да наймандар тайпалық одақ құрып, бір бөлігі тау-тасты жерлерде, ал бір бөлігі далалық алқапты мекендеген. Қырғыз тайпаларын күйретіп, наймандар Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерге ие болды. Батыста қаңлы, қыпшақтармен, Солтүстігі Енисейде, Оңтүстікте ұйғырлар, Шығысында шығыс Монғолиямен шектесті. Наймандар ұлыстардан құралып, әр ұлысты “хан” басқарды. Ұлыстың әскері негізінде жүздік, мыңдық, түмендік болып құрылды. Іс қағаздарында ұйғыр жазуын пайдаланып, құжаттар алтын мөрімен бекітілген. Найман мемлекетінің әлсіреуі мен күйреуі Таян ханның және оның інісі Бұйрұқ ханның кезеңіне сай келеді.
Керейлер
Керейлер жайындағы алғашқы жазба мағлұмат Хғ. кездеседі. Керейлер ХІІ ғасырдың ІІ жартысында Алтай аумағы мен Монғолияға үстемдік еткен. Керейлердің этникалық одағы түрік тайпаларынан құралып, сонымен бірге қол астындағы монғол тілдес тайпаларда бірігіп отырған. Тайпалық одаққа кіретін шеп, байлау, қанлау, табарыт, албат атауларыда соны көрсетеді. Керей билеушілерінің екі астанасы болды, Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласы және Хуанхэ өзенінің бойындағы оңтүстік астана Керей тайпалық одағының мемлекеттік құрылымы деңгейін “Ерке Төре” деп аталған заң, құқықтық нормалар жинағынан көреміз (Казин. Сокровенное сказание Т.1 М.-Л., 1941, 168б) Қағаздар ұйғыр жазуымен жазылған. Керейлер найман, монғол, қаңлы, танғұт, ұйғырлармен саяси және мәдени қатынас жүргізді. Кезінде Шыңғысханның өзі Тоғұрыс ханның көмегіне арқа сүйей болашақ империяның негізін қалады. ХІІІғ. басында керейлерде Шыңғыс ханның әскерінен жеңіліп, бір бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып, қалған бөліктері Қазақстанның ішкі аймақтарына көшті.
Керейлер ХІ ғасырдың басында наймандар секілді несториан дінін қабылдаған. Несториан дінінің ерекшелігі, бұл дін монотейстік — бір ғана құдайға сиынуды талап етіп, христиан дініндегідей Исаны құдайдың баласы деп санамайды және оны Мариямның ұлы, құдайдың елшісі ретінде ғана таниды.
ХХІ- лекция.
Қарақытайлар мемлекеті.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Қарақытайлар мемлекеті.
-
Қарақытайлар Жетісуда.
-
Қарақытайлар билігінің құлауы.
-
Қидандардың этникалық құрамы, басқару жүйесіндегі ерекшеліктері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу.
- А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Қарақытай мемлекетінің құрылуына Орталық АЗиядан келген көшпелі тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы едәуір территорияда билікті басып алды. 1125 жылы Елюй Даши әскерінің Емелге келуі Жетісуда қалыптасқан мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ. Қарақытайлардың саяси юрисдикциясы Жетісудің бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аудандарға тарады.
Қарақытайлар келгенде қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратып келген жоқ. Қарақытайлар Орта Азияның қалаларымен және егіншілік аймақтарымен үнемі сауда жүргізуге үдделі болды. Олардың арасында мал өсірушілермен қатар егіншілікті білетін жартылай көшпелі топтар аз емес еді.
Іле алқабы мен Мауеренахрдың құрлұқтары, бесбалық ұйғырлары, Самарқандтағы соңғы Қарахандар іс жүзінде өздерінен алым жинайтын гурхан билеушілерінің басқаруында болды. Қарақытай шонжарларының басқаруы үлкен ауыртпалық болды, ал олардың қысым жасауы, әсіресе салық жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары наразылық туғызды. Хорезмде алымдар мен салықтарды гурханның арнайы жіберген жиаушылары мезгіл-мезгіл алып отырды, басқа аудандарда алым жинау мен оны қарақытайлардың астанасына жеткізу құқыңғы жергілікті феодалдарға берілді.
Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуы басқрудың патриархтық-феодалдық принциптерінің орнығуымен және нығаюымен бірге жүрді. Алайда жоғары үкіметті мұралану жүйесі өзіндік сипат алды; гурханға, әдетте, бұл да гурхан атағын алатын әйел мұрагер болды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды. Мұрагерліктің мұндай принципінің болу себебі мынада еді: қарақытайлықтардың әулеттік каолициясы некелесетін ер және әйел ру-фратриялардан, император руы мен әйел руының екі ру-фратриясынан тұратын, сондықтан олардың екеуінің де бірдей дәрежеде гурхан тағына отыруға құқығы болды. Осыдан келіп «алмасып мұраға алу» келіп шықты, оның мәнісі екі рулас әулет топтары өкілдерінің соңындағы генеалогиялық ортақтығымен байланысты көшпелі тайпалардың арасында белгілі бір әскери саяси тепе-теңдікті орнықтыруда болатын.
Елюй Даши 1143 жылы өлді де, өкімет гурханның жесірі Табуянға көшті, ал жеті жыл өткен соң басқару тізгінін Иле алды. Оның тұсында тұңғыш рет халық санағы жүргізілді. 84 мың семь жазылды, бұл, тегінде, Сырдария мен Емел арасын мекендеген көшпелілердің саны болса керек. Қарақытайлардың бүкіл һөмір салты қырдағы тұрмыс белгілерін сақтады. Иленің патшалық құруы 13 жылға созылды, ол өлгеннен кейін 1155 жылы тақ Елюй Дашидың қарындасы Бұсұғанға берілді. Оның мұрагері Чжилугу болып, ол 1169 жылдан бастап шамамен 1203 немесе 1214 жылға дейін патшалық құрды. Қарақытай мемлекетінің тарихындағы жаңа кезең осының есімімен байланысты. Бөлшектену процесі қарақытай әскери басшларының, шын мәнінде, автономиялы намесниктерге айналуына әкеліп соққан еді. Гурханның атынан әрекет жасай отырып, олар іс жүзінде әбден дербес болды да, оған тек алым жіберіп тұрумен шектелді.
Гурханның билігі, шын мәнінде, аты ғана бар билік болды.
ХХІI-тақырып.
ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Қыпшақ қауымдастығының пайда болуы.
-
Этникалық құрамы, қоныстануы.
-
Орта Азия, Ежелгі орыс хандықтарымен экономикалық және саяси байланыстары.
-
Қыпшақ хандығы қоғамдық саяси-құрылысы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Мақсаты: VI-XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы түрік мемлекетінің саяси тарихының даму заңдылықтарын көрсету.
Тірек ұғымдары: Қыпшақ тайпалары туралы араб-парсы, қытай, европалық, орыс деректерінің мәліметтері.IX-X ғғ. Қыпшақ тайпаларының тарихы мәселелері. XI-ғ.қыпшақтардың орналасуы.олардың батысқа және оңтүстікке жылжуы. «Дешті Қыпшақ».
Қыпшақ хандығының (XI-XII ғғ.). Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті арасындағы байлагыстар. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Рулық-тайпалық құрамы. Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының қалыптасуына қатынасы.
Қыпшақтар Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж.) аталып, мұсылман авторлары шығармаларында қифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гардизи ІХғ. М.Қашғари ІХғ. Ибн Асир ХІІІ, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген. Орыс жылнамалырында оларды Половцы, венгерлерде Полоцое, хундар, византиялықтар мен батыс европа саяхатшылары (Рубрук ХІІІғ.) командар (құмандар) деп атаған.
VIIIғ. орталық және Шығыс Қазақстанда құрылды. Мұнда көшпенді тайпалар қаңғарлар, қарлұқтар, қимақтар, қырғыздар, VII ғасырда Алтайдан келген сыр-қыпшақтарының билігіне өтіп, бірікті.
ХІ ғ. басында Қазақстан даласында саяси жағдай өзгеріп, саяси билік қыпшақтарға өте бастады. Арал, Каспий өңірлеріндегі оғыздарды ығыстырып, ХІғ. ортасында Қазақстанның Жетісудан басқа барлық жері қыпшақтар иелігіне өтті. Шекарасы Шығыста Ертісте, Батысы, Еділге, Оңтүстікте Талас өзені, Солтүстігінде Батыс Сібір ормандарына дейін жетті. Бұл кезеңде бүтін қазақ даласы Қыпшақ даласы, ХІғ. ортасында қыпшақтар Қара теңіз өңірі мен Византия шекараларына дейін жетті. ХІІ ғасыр басында қыпшақтар алған жерлер екі үлкен бөлікке, Шығыс Еділге дейінгі Қазақстан аумағы және Батыс қыпшақтар болып бөлінді. Қазақстан территориясындағы қыпшақтар орталықтандырылған мемлекет құрды. Ел билеу елбөрі тайпаларының хандарының елшісінде болды.
Халық ұлықтары болып тархандар: бектер, басқақтар есептелінген.
ХІ—VIIғғ. Шығыс қыпшақ мемлекеті екі қанатқа бөлінді. Оң қанатқа Торғай даласы, Жем, Жайық, Еділ өзені жағалары, Маңқыстау жарты аралы, Елбөрі хандарымен басқарылды. Торғай ауданында үлкен ханның ордасы болды. Сол қанатқа Орталық және Шығыс Қазақстан жерлері, Сырдариядан, Ертіс, Есілге дейін созылды. Астанасы Сығанақ қаласы болып, ел билеу қаны-ұран тайпасының билігінде еді. Сырдария бойындағы қалалардың қыпшақтарға өтуі, осы жерлер үшін Орта Азия мемлекеттерінен соғысуға алып келді. Хорезм шахымен арадағы соғыстар Сыр аймағындағы қыпшақтар Хорезмшахқа жартылай бағынып, тақпен құда-жекжат тық қарым-қатынастар орнатып, оның қызметіне өтеді. Қыпшақтар қала басшылығы, әскер басы секілді қызмет атқарды. Хорезмшахтардың әскери күші қыпшақ жасақтарынан құрылды. Даналық қыпшақтар мемлекеті монғол билігі орнағанға дейін өмір сүрді. 1223ж. Калка өзені бойында біріккен орыс князьдықтары әскері монғолдардан жеңіліс тапты. Тарихта аты әйгілі Мысыр билеушісі Мұхаммед Бейбарс көрнекті ғалым Алладин әл-Қыпшақи (ХІІ-ХІІІғ.) қыпшақ тайпаларынан шыққан.
ХХІІI- лекция.
ӘУЕЛГІ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨМІРІ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Қазақстандағы ерте орта ғасырлардағы қалалар мен қалалық қоныстар.
-
Көшпелі және отырықшы мәдениеттіерпдің өзара әсері.
-
Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.
-
Тіл, жазу және мәдениет.Діни наным-сенімдер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Тараз (Ертедегі Отырар) ортағасырлық Қазақстанның ең ірі ғана емес, сонымен бірге ең ертедегі қалаларының бірі. Ол туралы жанама деректер б.д.дейінгі І ғасырдың ортасынан белгілі және ол ежелгі халықтар хұндар мен қанғұйлардың өзара қарым-қатынастарының бір оқиғасына байланысты. Соңғысы б.д.дейінгі 2 ғ. - б.д.дейінгі 3 ғ. Қангүйлер мемлекетіне біріктірілді, бұл біздің еліміздің аумағындағы ертедегі мемлекеттердің бірі болатын. Қангүйдің астанасы Битянь қаласы Сырдарияда, дәлірек айтсақ, Отырар алқабы аудандарында болды. Қытай көздері хабарлаған оқиға Талас жағасында ғұн шаньюі (жетекшісі) Чжичжидің ордасын қангүйлер мен оларға көмекке келген қытай әскерлерінің қоршауға алуына байланысты .
Осы деректер бойынша топшыласақ, сол кездің өзінде-ақ Талас алқабында елді мекендер мен қалалар болған. Мұны Тараз біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының басында пайда болғанын көрсеткен археологиялық материалдар да растады. Тараз туралы бірінші нақты еске алулар византиялық түпнұсқаларда бар және ол б.д. 568 жылына жатады. Міне, дәл осы кезде Византия батыс түріктермен шарт жасасуға талпынады, осы мақсатты император Юстин ІІ түрік қағаны Дизабулдың ордасына Земарх бастаған елшілікті аттандырады. Византия тарихшысы Менандраның сыйпаттауынша, өзінің сапары кезінде Земарх Талас қаласында болады және одан онша қашықта емес түрік қағанының ордасында қабылданады .
Кейін Тараз (Талас) туралы барлығы дерлік, ортағасырлық географтар, тарихшылар, саяхатшылар жазады және бұл таңданарлық емес еді, өйткені қала Ұлы Жібек жолында орталық жағдайлардың біріне ие болды. Сондықтан да Таразды сыйпаттағанда, авторлар ең алдымен оның саудалық маңызын атап көрсетуі тегін емес. Мысалы, қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь былай деп жазады: "Талас шеңберінде 8-ден 9-ға дейін ли болады. Мұнда көптеген елдерден келген саудагерлер тоқтайды және сан алуан тауарлармен сауда жасайды".
Ибн Хаукаль үш ғасыр өткеннен кейін тағы соны хабарлайды: "Тараз - мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын орны". Ал Максиди былай деп жазады: "Тараз - көптеген бау-бағы бар, үлкен бекіністі, халық тығыз орналасқан қала, оның орлары, төрт қақпасы және мекендейтін рабады бар. Қала қақпасының алдында үлкен өзен ағып жатыр, қаланың бір бөлігі өзеннің арғы бетінде. Өзен арқылы жол өтеді, жиналатын мешіт базардың ортасында". Тараздың орталығы, оның ескі бөлігі, цитадель (қамал) болып табылды. Қаланың неғұрлым нығайтылған бөлігіне билеуші адамның резиденциясы орналасты. Цитадельге шахристан деп аталатын қабырғамен қоршалған қала аумағы жанасып жатты. Бұл жерде ақсүйектердің, бай саудагерлердің, қолөнершілердің үйлері орналасты, мұнда сауда дүкендері болды. Шахристан қабырғаларына барлық жағынан сауда-қолөнершілік мекендер - рабадтар жайғасты. Оларда қол өнер шеберханалары, шеберлердің үйлері, сондай-ақ қала кедейлерінің баспанасы орналасты .
Ол кезде Тараз үлкен мәдени аймақтың орталығы болды. Тараздан басқа мұнда ондаған ірі-ұсақты қалалар, селендер, жеке мекендер және бекіністер енді. Қазіргі кезде олардың тек жайылып кеткен орындары - төбешіктер қалды.
Солтүстікте Таразға бәрінен жақын Дох-Нуджикес қаласы орналасты. Ол туралы Х ғасырда Макдиси: "Дох Нуджикес шағын қала, онда көктемде үш ай жұмыс істейтін базар бар, сүйексіз ет дирхеміне төрт манадан (сатылады). Онда құрылыстар көп, ол нығайтылған және цитаделі бар", - деп жазды. Таразға жақын ірі қалалардың ішінде Атлах, Жұмақат, Қасрибас болды. Қараханидтер әулеті Қазақстан мен Орта Азияны билеген 11-12 ғасырларда Тараз өзінің гүлдену шегіне жетеді. Сол кезде ол бір жеке иеліктің астанасына айналады. Оның саяси дербестігі мен округтің автономдығы ең алдымен тараздық төрелердің атынан тиындарды жергілікті соғуынан көрінді. Ал қаланың маңызы мен құдіреттілігі мынадай куәландырылған тарихи фактіден көрінеді: 11 ғ. басында тараздық иеленуші Туғанханға Самарқан мен Қашғар билеушілері бағынды.
Осы кездің қала қатпарларын археологиялық қазулар кезінде Тараздың мәдени-экономикалық өрлеуін жарқын сыйпаттайтын көптеген олжаларды кезіктірді.
Тараздың шығыс бөлігінен археологтер су құбыры учаскесін ашты. Саз балшықтан жасалған түтіктер саз балшықты құбырларға қосылған. Су құбыры Талас өзеніне "қосылған", оның екпінді ағысының қысымымен су қаланың барлық шетіне берілді .
Қараханидтер тұсында Таразда және оның төңірегінде тамаша мавзолейлердің тұтас қатары салынды, солардың ішінен бізге жеткені-екеу. Олар - Айша бибі мен Бабаджи-қатын мавзолейлері. Оларды уақыт қатты бүліндірсе де, біз ертедегі сәулеткерлердің мәңгілік өнеріне сүйсіне аламыз.
Жетісу ХІІ ғ. және ХІІІ ғасырдың басында қанды әскери шайқастардың сахнасына айналды, бұл аласапыран уақытта көптеген қалалар талан-таражға түсті және қиратылды. Якуттың хабарлауы бойынша, Хорезмшах Мұхаммед өз иеліктерінің шеткі жақтарын қорғауға дәрменсіз болып, "шекаралық бекіністерді өз қолымен талқандады және оларды өз әскерлеріне талауға берді. Тұрғындар ол жерлерден көшірілді және олар өкінішпен тастап кетті. Көзден жас, жүректен қан ағызған бұл бау-бақтар қаңырап қалды. Ол қиратылған қорғандарымен және босаған үйлерімен, аулаларымен қалды. Бұл каналдардың өткізушілері адасты және жан-жаққа еріксіз шашырап, аға бастады".
Тараздың қирандыларында XIX ғасырда Әулиеата пайда болды. Ол революциядан кейінгі біздің республиканың гүлденген, көрікті қалаларының біріне айналды. Қала Жамбыл атымен аталды, содан кейін қалаға оның тарихи аты - Тараз қайтарылды.
Отырар.
Арыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр. .
Отырар үлкен егіншілікті ауданның орталығы, көшпенділердің тірек қорғандарының бірі болған
Ерте түрік сына жазуларында 8 ғасырда қағанаттың батыс шекарасы ретінде Қангу-Тарбан аталған, ол араб тілді жазуларда Шаштың астанасы ретінде белгілі. Даңқты ортағасырлық географ Якут: "Шаштың ең алыс қалаларының бірі, Мауреннахрға іргелес жатқан, Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы қала ... Тұрарбанд. Халық бұл атауды түрліше айта береді және олар Тұрар мен Отырар дейді", - деп жазды.
Арабтардың Орта Азияны жаулап алуын суреттейін жазбаларда және Қазақстанның оңтүстігінде Отырар осы аттас облыстың астанасы ретінде аталған ("Фараб округі" немесе "Отырар") .
9-10 ғасырлар Сырдариядағы этникалық ауысулармен сыйпатталады. Қанғарлар (қаңлылар) ішінара оғыздармен және
қарлұқтармен ығыстырылды. Сондықтан да Ибн Хордадбектің: "Ал Фараб қаласында бір мезгілде мұсылмандар мен түрік қарлұқтардың отрядтары тұрады", - деп жазуы тегін емес.
Оғыздар 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта ағысына, Арыс даласына және Қаратау етегіне орналасты. Оларға Сауран, Сүткент, Арсубаникет, Қарашоқ және Фараб қалалары бағынды.
9-12 ғасырлар кезеңі Қазақстанның оңтүстігінде қалалар өмірінің өрлеу уақыты болды. Жаңалары пайда болып, ескілері өсті. Қалалар ауқымы рабадаттар - сауда-қолөнер мекендері есебінен өсті . Отырармен қатар оның төңірегі өркендейді. Солардың бірі орта ғасырдың үздік ғалымдарының бірі Абу Насыр әл-Фараби туған Весидж қаласы болды. Қала Оқсызтөбе үйінділерімен теңестіріледі.
Қаланың көркейуі моңғол шапқыншылығымен үзілді. Қала жан түршігерлік қирауларға ұшырады, ал халқы қуылды немесе ішнара құлдыққа әкетілді. Қираулар мен апаттардың қайғылы толқыны болған моңғолдық атты әскер Қазақстанның барлық аумағын басып өтті. Қалалар қаңырап, бұрын гүлденген елді мекендер иесіз қалды. Алайда Отырар қайта көтеріле алды.
Отырар 13 жүзжылдықтың ортасына қарай Батыстан Шығысқа бастаған жол бойындағы ірі сауда торабына айналады . Отырар Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда кең қолданылған тиындар соғудың орталығы ретінде де белгілі. Қалада 13-14 ғасырларда ірі қоғамдық ғимараттардың құрылысы жүргізіледі. Ерзене ханның тұсында мұнда медресе, ханака және мешіт салынады.
Темірдің дәуірі бұрынғы моңғол иеліктеріндегі жағдай біршама тұрақтануымен ерекшеленеді, оның тұсында Ахмет Яссауидің - ғаламат мавзолейі Түркстанда салынады .
16-17 ғасырлар кезеңі қазақ далалары мен Сырдарияда саяси үстемдік үшін үздіксіз күрестер жүргізілуімен ерекшеленеді. Өзбек басшылығының неғұрлым жарқын өкілдерінің бірі Мұхамед Шайбани өлген соң, 1510 жылы билік қазақ хандарына көшеді. Отырарды қазу материалдары 16-18 ғасырлардағы қала өмірі туралы жарқын түсінік береді. .
Қала салудың негізгі компоненті квартал болып табылады. Бұл көшенің бір немесе екі жағына шоғырландырылған үйлер кешені.
Кейбір кварталдардың қолөнерлік мамандануы айқындалған. Отырардың батыс қақпаларына жақын орналасқан, Дараваз-и Суфи қақапаларымен ұқсастырылған тағы бір квартал нан пісірушілердікі болған.
Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген керамикалар , металл бұйымдар, тиындар және әшекейлер жиналды .
Нумизматтық олжалар Отырар Қазақ хандығы кезеңінде 15 ғасырдың ортасынан 17 ғасырдың бірінші жартысына дейін өрлеуді басынан кешкен .
Қала жоңғар шапқыншылығы кезінде күйзеліске ұшырап, 18 ғасырдың ортасында мүлде иесіз қалды.
Ғылымның дамуы. VI—VII ғасырларда Түрік қағанатының құрамындағы Қазақ жеріндегі тайпалар өз жазуын қолданған. Византия тарихшысы Искандрдың 568 ж. Константинопольге барған түрік елшісі Қағаннан “скиф жазуымен” жазылған хатын алып келген.
Ертедегі түрік жазуы тұңғыш рет XVIII ғасырда Енисей аңғарында табылып, ол “руналық жазу” деп аталды. Руналық жазудың ең әйгілілері Білген қаған мен қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне қойылған және Тонікөктің ескерткіштері. Сонымен бірге, Талас бойынан, Шығыс Қазақстан, Талғар қаласы жұртынанда түрік жазба ескерткіштері табылды. Бұлар маңызы зор тарихи дерек көздері болумен бірге, аса көрнекті әдеби шығармаларда болып табылады.
ІХ ғасырдан бастап ислам дінінің таралуына байланысты, академик В.В.Бартольд атап өткендей ғылымның дамуы кең өріс алады.
Әдебиет пен қатар тіл, астрономия, арифметика, философия, тарих және басқа ғылым салаларындағы әлемге әйгілі ғұламалардың өмірі мен еңбектері бұған айғақ. Отрар қаласында 870ж. дүниеге келген Әбу-Насыр Әл-Фараби философия, ғарышнама, логика, медицина, заң ғылымы мен математика салаларында үлкен жетістіктерге жетті. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы”, “Логика” және басқа еңбектері ғылым тарихының алтын қорынан орын алды.
Жүсіп Баласағұн 1015—16 жылдары Баласағұн қаласында туылды. Түрік тілінде жазылған алғашқы еңбек “Құтты білік” кітабы ұлы әдеби-философиялық шығарма. Жүсіп Баласағұны еңбегінде адамгершілік принциптерден бастап, мемлекетті басқару әдістерін, қоғамдық-саяси мәндегі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, экономика, мәдениет, этика мәселелерін өте жоғары деңгейде талдап көрсеткен.
“Ақыл-ой — шам шырағың түндегі
Білімдарлық — жарық көзі күндегін”.
Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммед әл-Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда туылып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Оның “Диуани Лұғат ат-түрк” еңбегі түрік тілі ғылымындағы орны ерекше шығарма Түркі руларының тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеумен бірге, халық фольклорымен тарихы, этнографиясына өшпес мұра қалдырды. 29 тайпаның аты, картасы, 110 жер-су аты, 262 мақал келтіріп
“Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын,
Шағалаған, жайқалған білімдінің бұл құрағын”
Қазақстанның орта ғасыр кезеңінде қалалар ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарына айналды. Әсіресе қала мәдениеттінің дамуына ислам дінінің ықпалы орасан зор болды. Әрбір қаладағы ірі кітапханалары бар медреселер жалпы білім тарату ордаларын құрады. Мысалы бір Отрар қаласының өзінен атақты Әл-Хорезми мен асторономиялық кестені жасауға қатысқан әйгілі астроном, математик Аббас Жаухари тілші географ ғалым Ысқақ әл-Отрари секілді ғұламалар шықты. Отрар кітапханасы сол замандағы әлемдегі ең үлкен кітапханалар қатарына енген. Сонымен бірге тарихта аты белгілі әл-Түркістани, әл-Сығанақи, әл-Шаухари секілді көптеген ғұлама-ғалымдардың мекендері де өркениетті дамуды сипаттайды.
ХХІV- лекция.
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК
ӨРКЕНИЕТ ЖҮЙЕСІНДЕ (VI-XII ғ.ғ.)
(1 сағат)
Қарастырылған мәселелер:
-
Қазақстан территориясын мекендеген Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Керей, Қидан тайпалары мәдениетінің салыстырмалы сипаттмасы.
-
Кәсібі, сауда және ақша айналымы.
-
Қалалардың өрлеуі.
-
Ежелгі түрік тапйпалар бірлестіктері мен мемлекеттерінің тарихи әдебиеттерде бейнеленуі
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
К.Байпақов, А.Нұржанов. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. - А., 1992.
-
Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет (Ақыл кітабы). - А., 1993.
-
Қорқыт ата кітабы. Ауд., алғы сөзін жазған Ә.Қоңыратбаев. - А., |І986.
-
Махмұд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., - А., 1996.
-
Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерініңтілі. - А., 1986.
-
Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана.
- А., 1989.
-
Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Мақсаты: VI-XII ғ.ғ.Қазақстан аумағында мекендеген түркі тайпаларының дүниежүзілік өркениет жүйесінде алатын орнын көрсету
Тірек ұғымдары: Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық және этнографиялық деректер. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы. Қоныстар мен қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр бойы,Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы. Қала мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез.
Қалалар-саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениет.
Отырықшылық мәдениет - отырықшы егіншілік және қала мәдениетінен құралады. Қала ұғымы әр бір тарихи кезеңге байланысты өзгеріп, толығып отырды.
Қалалардың тұрақты ауылдардан айырмашылығы қолөнер мен сауданың және архитектураның кеңінен дамуы орын алады.
Қала мәдениетінің ежелден қалыптасқан екі орталығы – Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды.
Испиджаб. (Қазіргі Сайран елді мекені)
Ұлы Жібек жолының қазақ жері бөлігіндегі ең ірі қала саналды. VII ғасырдың барысында Сюань-Цяньнің жылнамасында “Ақ өзендегі қала” деген атаумен белгіленген.
Араб тарихшысы әл-Мақдиси Испиджабты өте таза, ұнамды, үлкен қала ретінде сипаттап, қалада 1700 рабат (керуен сарай) төбелері жабылған ірі сауда орталықтарының және үлкен орталық мешіттің бар екендігін хабарлайды.
Археологтардың есептеулерінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған.
Отрар Қазақстан қалаларының ішінде ерекше орын алатын қала. Себебі, қаланың орналасқан географиялық орны мен түрлі алқаптардың — көшпелі және отырықшы өмірдің тоғысқан, сан тарау керуен жолдарының қиылысқан жерінде тұруы.
Белгілі археолог А.Н.Бернштаев Отрарға байланысты “Орта Азияда бұдан ең қолайлы және ең қауіпсіз орынды табу қиын” деп көрсетеді.
Тараз Қазақ жеріндегі ең ежелгі қалалардың бірі. VII ғасырдан Жібек жолындағы маңызды орталыққа айналды. Аты әйгілі араб тарихшы, жағрапияшысы әл-Махдиси Х ғасырда былай деп жазған “Тараз - бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар – үлкен, берік қала”. Хғ. соңы - ХІғ. Орта Азияны біріктірген Қарахандар мемлекетінің бір орталығы осы Таразда орналасты.
Жазба деректер Оңтүстік Қазақстанда 27 қала туралы хабар береді.
Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылған. (Бұлда сонда 353 б.)
Суябпен Баласағұн Жетісу өңіріндегі екі ірі орталық болып саналған Алғашқы кезеңде Қытай тарихшылары, кейінірек араб ғалымдары Суябты “бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен” деп сипаттайды. (Валин С.Л. Аталған еңбек. 180-183 б.)
Суяб батыс Түрік және Түргеш қаѓанаттарының астанасы болды.
Баласағұн Жетісу өңірінің астанасы, Қарахан мен Қарақытайлардың саяси орталығы болып, Х-шы ғасырдың тарихшылары көрсеткендей “игілігі мол үлкен елді мекенге”айналған (К.Байпақов, А.Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992. 158 б.)
Баласағұнда 40 күмбезді және 200 қарапайым мешіт, жиырма ханақ пен он медресе болған. (Қ.Байпақов, А.Нұржанов. Аталған еңбек. 160 б.)
ІХ—Х ғасырларда Жетісудің солтүстік-шығысында 12 қала болса, ХІ—ХІІ ғасырларда 70-ке жеткен. Сол заманның куәгері араб ғалымы әл-Идриси ХІІ ғасырда Алакөл және Ертіс жағалауында қимақтардың қалалары болғандығын жазады.
Ортағасырлық қалалар бірнеше бөліктен тұрды. Оның ішінде қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Бұл жерде билеуші топ өкілдері мен бай саудагер, әскербасылар, шенеушілер тұрған. Қаланың қорғаныс құрылыстарын мықты дуалдар құрайды. Дуалдардың ені 2 метрден 7 метрге дейін, биіктігі 5 метрге дейін салынған. Кейде Дуал қорғандар ішкі қамалда қала бекінісінде де бөлек салынған (Кошемеко П.Н. Оседлые поселение Таласской долины. Фрунзе, 1963, 167-171 б. )
Үлкен қалаларға ортақ сипат салтанат залдарының қабырғалары оюлармен әшекейленген. Құлшылық орындары, мешіттер, суландыру құбырлары, моншалар қала архитектурасының басты бөлігін құраған.
ХХV- лекция.
Қазақстанның көне сәулет өнерінің ескерткіштері.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Айша бибі, Қарахан кесенелері.
-
Қ.А. Яссауи кесенесі.
-
Алаша хан. Арыстанбап кесенелері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Монументті архитектуралық ғимараттардың пайда болуы ХІ-ХІІ ғасырларда қалалардың дамығанын дәлелдейді.
Қазіргі кезге дейін біразы сақталған сол уақыттағы құрылыстардың арасында қазіргі Жамбылға жақын жердегі Айша бибі кесенесі өзінің ішкі әрленуінің әсемдігімен және айрықша үйлесімімен көзге түседі. Кесене қаты қираған, тек батыс жақ қабырғасының бір бөлігі мен бұрыштағы бағана ғана сақталған.
Тараз территориясында ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші – Қарахан кесенесі бар. Өкінішке орай кесене ХХ ғасырдың басында қайта құрылған, соның салдарынан оның жоспары бұзылған және сәндік өрнектері өшіп кеткен.
ХХVI- лекция.
ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ.
(1 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
-
Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Х.А.Яссауи және олардың әдеби мұралары.
-
Діни нанымдары.
-
Ислам дінінің тарауы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.
-
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.
-
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.
-
Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.
-
Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.
-
Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. - А., 1997.
-
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимековVІІІ-ХІІІ вв. СПб., 1994.
-
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Көне дәуірден біздің заманымыздың ХІV-ғасырына дейінгі кезең. - А., 1996.
-
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. - А., 1995.
-
Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. - А., 1987.
Мақсаты: VI-XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы түрік мемлекетінің саяси тарихының даму заңдылықтарын көрсету.
Тірек ұғымдары: VI-XIII ғ.ғ. Түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері.
Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы,зерттелуі. Тоныкөк. Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.
Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене бастауы.Түркі елдерінің араб халифаты елдерімен байланысының артуы. Ислам мәдениеті және негізі болған Құран Кәрім мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.
IX-XII ғғ.Түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Абу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани және т.б. Олардың қалдырған мұраларының маңызы мен мәдениетте алар орны.
Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақ жерінде орта заманнан бері қос мәдениет-көшпелі және отырықшы қатар дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі Қытай деректері Сырдария жағалаулары мен Арал маңындағы қалалардың халықаралық сауда ісіне тартылғанын көрсетеді
Дін. Ертедегі түріктер негізінен тәңірге сыйынған Орхон жазба ескерткіштерінде “Көкте түрік тәңірісі”,.. Тәңір жарылқағандықтан,.. Төбеңнен тәңірі баспаса,.. тәңірі жарылқаушы,.. тағдырды тәңірі жасар адам баласы өлгелі туған” — деген секілді. Күлтегін жазуындағы теңеулер Тәңірдің көктегі жаратушы екендігін сипаттайды.
Ортағасыр тарихшысы әл-Мақдиси Х-ғасырда түріктердің діні туралы былай деп жазады: “Түріктер бір тәңірі, яғни “тәңір-біреу” дейді.
Сонымен бірге, ежелгі түріктер арасында зороастризм, буддизм, несториан діндерімен қатар отқа, жануарларға, пұтқа, рухқа табыну секілді шамандық сипаттағы діни ағымдар болды. Несториан дінінің, өздері бөлініп шыққан христиан дінінен ерекшелігі — бір құдайға бойұсынушылық болып, Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы емес, құлы және елшісі деп, Мариямның баласы ретінде тануында.
Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырдан бастап тарала бастады. Түркеш жерін жаулап келген қытайларға, түркештермен одақ құрған араб әскерінің 751 жылғы Атлақ соғысындағы тарихи жеңісінен кейін, ел ішінде кеңінен таралып 960 жылы Қарахан мемлекетінде мемлекеттік дін болып қабылданды.
Жаңа мемлекеттік дін қоғам өміріне аса маңызды өзгерістер әкелді. Түркі діндердің ел ішіндегі ыдыратушылық факторын жойып, тайпалардың рухани бірлігін дамыту арқылы этностық тұтастануына негіз қалады. Ислам дінінің келген алғашқы 2—3 ғасырында ортақ территория аясында әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Торуни, Әбу Әли ибн Сина, Ж.Баласағұни, Мазмұт Қашқари секілді алыстар адамзаттың алтын қорына өз үлестерін қосты.
Діни әдебиеттің кеңінен таралуына ХІІ ғасырда Иассы қаласында тұрған Қожа Ахмет Иассауи және Сулеймен Бақырғани, Ахмет Махмұтұлы Иүгінеки секілді ойшыл ақындар үлкен үлес қосты.
Ахмет Иссауидің “Диуан-и Хикмет” өлеңдер жинағы исламдағы сопылық ағымын дәріптеп халыққа діндарлықты, сопылық ұстамдықты, аскетизмді насихаттаумен бірге дүние қызығынан безіп тәркі дүниелікке келуге шақырады.
Ахмет Иүгінекидің “Ахиқат сыйы” дастанының негізгі мазмұны моральдық, этикалық мәселелерге арналған. Егер сопылық әдебиет өкілдері адамның танымдық мүмкіндігін шектеп, сезім мен қияли ой-жорамалға сүйенсе, Ахмет Иүгінекимен Ж.Баласағұни жолымен парасаттылыққа, оқу, ғылымға, еңбек етуге шақырып, қараңғылықтың бақытсыздыққа апаратынын жырлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария » университеті.
«Филология-тарих» факулътеті.
«Тарих» кафедрасы.
«Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні
бойынша 050114 «Тарих»
мамандықтарының студенттері үшін.
Семинар сабағының жоспары
Жетісай – 2005 ж.
Семинар сабағының жоспары
№
| Семинар тақырыбы, мазмұны |
Сағат
саны
|
Бақылау сұрақтары
| -
|
Кіріспе. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихнмасы және деректемелері.
-
“Қазақстан тарихы” пәнінің міндеті мен мақсаты.
-
Пәннің жас ұрпақты тәрбиелеп, білім берудегі алатын орны.
-
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу.
-
Тарихи деректердің түрлері және оны зерттеудің әдіс-тәсілдері.
|
1
|
6,7,10
| -
|
Ежелгі тас дәуіріндегі Қазақстан.
-
Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия.
-
Алғашқы қауымдық құрылыстың археологиялық кезеңдерге бөлінуі.
-
Мезолит
-
“Неолит төңкерісі” (Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы)
-
Энеолит.
|
1
|
1,2,4,5,7,9,
| -
|
Қола дәуіріндегі Қазақстан .
-
Қола дәуіріндегі Қазақстан территориясының ескерткіштері.
-
Қазақстан территориясындағы Андронов мәдениеті.
-
Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның тайпалары. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
-
Қола дәуіріндегі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы.
-
Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастар, діни нанымдар.
|
1
|
10,15,16,55,
| -
|
Ерте темір дәуірінің тайпалық одақтары мен мемлекеттік бірлестіктері.
-
Ертедегі көшпенділер дәуірі. (б.з.б. І мың жыл)
-
Қазақстан аумағындағы тайпалар және олардың қоныстануы туралы жазба деректер.
-
Сақтар (скифтер) массагеттер, дахтар (даилар) исседондар «аримаспы». Сарматтар бірлестіктерінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы.
-
Сақ тайпаларының көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. (Иран, Қытай)
-
Сақтардың шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы және тұрмысы.
-
Археологиялық ескерткіштер
|
1
|
9,10,21,22,
23,24,25,30
| -
|
Ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері
-
Үйсін, Қаңлы, Ғұн мемлекетінің құрылуы және нығаюы
-
Үйсіндерің, Қаңлылардың, Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.
-
Үйсіндердің, Қаңлылардың, Ғұндардың саяси тарихы.
-
Шаруашылығы мен мәдениеті.
-
Археологиялық ескерткіштері
-
материалдық және рухани мәдениеті.
|
1
|
1,2,24,26,
28,38,
| -
|
Түрік қағанаты. Батыс Түрік және Түргеш қағанаты.
-
Түрік қағанатының құрылуы.
-
Түркілердің тегі туралы деректермен зерттеулер.
-
Батыс түрік қағанаты.
-
Түргеш қағанатының Соғдымен байланысы.
-
Өндіргіш күштердің дамуы.
-
Қоғамдық құрылысы, халық кәсібі.
|
1
|
1,2,8,38,44,
49,54,65
| -
|
Орта ғасырдағы Қазақстан
-
Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекетінің этникалық саяси тарихы.
-
Қағанаттардың этникалық және тайпалық құрамы
-
Қарлұқтардың, Оғыздардың, Қимақтардың қоныстануы.
-
Арабтармен жүргізген соғыс қимылдары.
-
Қоғамдық саяси құрылысы.
|
1
|
1,2,8,38,65,74
| -
|
VI-IX ғғ. І-жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет.
-
Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
-
Қала мен қоныс құрылысы. Зираттар.
-
Көшпелілердің материалдық мәдениеті.
-
Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.
-
Архитектура және өнер.
-
Наным сенімдер және дін. Тіл, жазу және әдебиет.
|
1
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
| -
|
Қарахандықтар мемлекеті.
-
Территориясы мен халқы.
-
Қараханыдықтар мемлекетінің қалыптасуының этносаяси мәселелері.
-
Феодалдық қатынастардың дамуы.
-
Жер иеленудің түрлері “Икта”.
-
Қарахандықтардың Маверенахрға жасаған әскери жорықтары, Селжүктермен соғыс.
-
Қарахандар мемлекетінің ыдырауы.
|
1
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
| -
|
Наймандар мен Керейттер.
-
Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы наймандар мен керейлер.
-
Наймандар мен қидандар арасындағы соғыстар.
-
Наймандар мен Керейлердің ұлыстарының қоғамдық саяси-құрылысы.
|
1
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
| -
|
Қарақытайлар мемлекеті.
-
Қарақытайлар мемлекеті.
-
Қарақытайлар Жетісуда.
-
Қарақытайлар билігінің құлауы.
-
Қидандардың этникалық құрамы, басқару жүйесіндегі ерекшеліктері.
|
1
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
| -
|
Қыпшақ хандығы.
-
Қыпшақ қауымдастығының пайда болуы.
-
Этникалық құрамы, қоныстануы.
-
Орта Азия, Ежелгі орыс хандықтарымен экономикалық және саяси байланыстары.
-
Қыпшақ хандығы қоғамдық саяси-құрылысы.
|
1
|
1,2,8,44,49,50,
59,61,65,74
| -
|
Әуелгі орта ғасырлық Қазақастанның экономикалық және мәдени өмірі.
-
Қазақстандағы ерте орта ғасырлардағы қалалар мен қалалық қоныстар.
-
Көшпелі және отырықшы мәдениеттіерпдің өзара әсері.
-
Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.
-
Қазақстандағы көне сәулет өнерінің ескерткіштері.
-
Тіл, жазу және мәдениет.Діни наным-сенімдер.
|
1
|
1,2,8,44,49,50,
59,61,65,74
| -
|
Қазақстан территориясы әлемдік өркениет жүйесінде.
-
Қазақстан территориясын мекендеген Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Керей, Қидан тайпалары мәдениетінің салыстырмалы сипаттмасы.
-
Кәсібі, сауда және ақша айналымы.
-
Қалалардың өрлеуі.
-
Ежелгі түрік тапйпалар бірлестіктері мен мемлекеттерінің тарихи әдебиеттерде бейнеленуі
|
1
|
1,2,8,44,49,
50,59,61,
65,74,75
| -
|
Ғылым мен мәдениеттің дамуы.
-
Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
-
Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Х.А.Яссауи және олардың әдеби мұралары.
-
Діни нанымдары.
-
Ислам дінінің тарауы.
|
1
|
1,2,8,44,49,
50,59,61,65,
74,75
|
Достарыңызбен бөлісу: |