Лекция: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ)- 60 б Қорытынды бақылау: Емтихан-40б


Ақша айналасы дегеніміз не? 2. Ақша айналасының объективті негізі



бет2/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#21449
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1. Ақша айналасы дегеніміз не?

2. Ақша айналасының объективті негізі


3. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар
3- лекция. Тақырыбы: Ақшаның және төлем құралдарының түрлерi

Жоспары: 1. Төлем құжаттарының түрлерi

2. Метал ақша айналысы

3. Қағаз ақша айналысы

Лекция мақсаты: Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Ақшаның және төлем құралдарының түрлерi несие ақшалар, метал ақшалар, қағаз ақшалар, чек, вексель т.б.

Лекция мәтіні: 1.Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.

XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды.

Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз.

2.Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:

Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады.

Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.

Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

3.Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады жэне бұрын-сонды айналымда болған күміс жэне алтын монеталардың орынбасарлары ретінде эрекет етгі. Айналым барысында металл ақшалар көшті жэне тозды, бастапқы формасы мен қүлын жо-ғалтгы, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау жэне тауар-ларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын жэне металға айырбасталынбайтын ақша белгілері болып табылады.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.



Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады.

Несие ақшалардын негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.



Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.

Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол

ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Төлем құралдарының түрлері

2. Металл ақшаларының артықшылығы

3. Несие ақшалар

4. Қағаз ақшалардың несие ақшалардан айырмашылығы
4- лекция. Тақырыбы: Ақша жүйесi туралы түсiнiк және оның элементтерi мен негiзгi типтерi

Жоспары: 1. Ақша айналысының эволюциясы

2. Ақша жүйесi туралы түсiнiк

3. Ақша жүйесiнің элементтерi мен негiзгi типтерi

Лекция мақсаты: Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Лекция мәтіні: 1.Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндетгемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.



Толыққұнды ацша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде керсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққүлсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

1) Металдық;

2) Қағаздық;

3) Кредиттік;

4) Электрондық ақша.



Метал ақшалар - бүл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға койылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалган металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік содап соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Монета — бұл заңмен бекітілген формасы, металдан дайындалған ақша белгісі. Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілемейді.

2.Ақшаның эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның ролі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өлшеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап керсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне; Екіншіден, оның жоғары құны бар, яши басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру - өте қиын әрі каіштал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өндеу керек. Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (элемдік ендірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады. Қазақстанда көптеген алтын кенішгері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.

Бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ :



  • өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

  • тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

3.Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. ҚР –ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды. Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:


  • металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;

  • несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.

Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі – биметаллизм және монометаллизмге тән.

Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті,биметаллизмнің үш түрі болды:



параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;

қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;

“ақсақ” валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл ( не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі.



Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, кұн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.

Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.

Шаруашылық мезанизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақша жүйесі дегеніміз не?

2. Ақша белгілерінің түрлері

3. Валюталық бағам

4. Ақшаның эмиссиясы
5- лекция. Тақырыбы: Инфляцияның қоғамға тигiзер әсерi және онымен күресу әдiстерi

Жоспары:1. Инфляцияның қоғамға тигiзер әсерi және онымен күресу әдiстерi

2. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері



Лекция мақсаты: Инфляцияны тоқтату шаралары таргеттеудің мақсаты баға индексін анықтап, яғни «баға тұрақтылығын» таргет ретінде қандай индекспен көрсету қажет екенін белгілеу. Инфляция - бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Лекция мәтіні:1. «Инфляция» термині ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады. Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы- тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде- тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.

Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі. Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады. «Inflatio» (инфляция) - ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша Inflatio -«іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған - американ экономисі А. Делмар. Ол 1864 ж. Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар («гринбаксы» - green backs: «зеленые спинки») шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А. Делмар «Inflatio» («вздутие бумажного пузыря») деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданылып, XX ғасырдың басы-нан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.

Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;

инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;

мемлекеттік берешектің көлемі.



Бірінші фактор- мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымның артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.

Екінші фактор- табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизімі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктегі бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор- бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары.

Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.

Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.

Сөйтіп қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне,мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады. Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағыты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады.

Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.т.

2.Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастады.

1990-жылдардан бастап өнеркәсіптері дамыған кейбір елдер экономикалық дамуды тұрақты қамтамасыз ету үшін және нарықтық бағаны болжамсыз жоғарылаудан қорғау үшін орталық банкілерге инфляция көрсеткіштерін жоспарлау міндеттерін қойды. Бұл инфляцияны бақылау әрекеттері «инфляциялық таргеттеу» (іnflatiоп - targeting) деп аталды. Орталық банкілердің ақша саясатының жаңа тұжырымдамасын жасаушы кім екеніне нақты жауап жоқ. Ол белгілі швед экономисі К. Викселдің (1896 ж.) «баға деңгейін тұрақтандыру орталық банк саясатының басты мақсаты болуы қажет» деп айтқан идеясына негізделген деген пікірлер бар. 1931 жылы швед Риксбанкі осы идеяны бағаны тұрақтандыру бағдарламасына пайдаланды.

Экономистер инфляцияны екі түрге бөледі: 1) Сұраныс инфляциясы және ұсыныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады.

2) Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы. Шығын көлемі өзгеруінің және нарықтық ұсыныстың нәтижесінде де инфляция пайда болуы мүмкін.

Инфляцияның көріну нысандары:

тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бір қалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу жарамдылығының төмендеуіне ұрындырады;

ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының төмендеуі;

ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай-монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары- бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік- саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы- бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар, басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляциясының сыртқы факторлары болып табылады.

«Инфляцияны таргеттеу» ақша теориясында жаңа тұжырымдама ретінде орталық банкілердің XX ғасырдың 1970-80 жылдарындағы ақша саясатыныц негізгі идеясы болған монетаризмнің орнына келді.

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды;

1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту;

2. Барлық кредит ресурстарын қымбаттау және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.

3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

4. сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасында да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қарасты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді.

Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а) тура әдістермен- шектеумен, яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ә) секвестрлеу әдісімен- барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;

б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және тағы сол сияқты шалады.

Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін- шығындардың өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:



  1. жалақыны көбейту;

  2. ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизімінің бұзылуына байланысмты еңбек өнімінің төмендеуі;

  3. шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Инфляцияның себептерi

2. Инфляцияның түрлерi

3. Сұраныс инфляциясы

4. Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы
6- лекция. Тақырыбы: Ақша реформалары

Жоспары: 1. Ақша реформаларының тарихи мағынаға ие болуы

2. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдерi



Лекция мақсаты: Ақша реформасы - ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттыру. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды. Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нэтижесіндегі шаруашылық жағдайын біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады.

Лекция мәтіні: 1.Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс жэне мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 % алтынмен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары қүрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрда қағаз ақшаларды шығарды. ¥қсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы қүлдырауы басталып, оның Қазакстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналасының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге қүнсызданды. Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап "еңбек паегін" ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы жэне коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді.

1921 ж. Қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі үйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайын біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркэсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта). Тауар айналымының артуы жатады.

2.Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 ж. Мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мүндағы 1 рубль бүрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардьщ төрт нолін сызып тастау (деноминациялау эдісі) арқылы жүргізілді.

Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, акша айналы­сын бір қалыпқа келтіру жөніндегі үмтылыстарды куэландырды. Әйтсе де рубльді түрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек қүнсыздануға ұшырады.

Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы екі кезенде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде жэне 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1,2,3,5,10,25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы қүқық берілді.

Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарыз-ды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексельдер мен тауарлы - материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен жэне шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана түрақты валюта болып табылды.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің үсақ қүндылығына қарамай, олар үсақ бөлпіек сауда жэне базар айналымында қызмет ете берді. Шын мэнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысынының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу максатында шығарған кеңес акшасының белгілері.

Екі валютаның қосарлы айналысы - халық пен елдің экономика жағдайына катты эсер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Кеңестік ақша бірліктерінің қүнсыздануы шаруаларға үлкен зиян экелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруа-шылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бэрі акша реформасын тезірек аяктауды талап етті.

1888 ж. Дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. Ақша реформасын ұйымдастырушы жэне теоретигі, болды. 1921 ж. Қараша айынан бастап, ол каржы Халык Комиссариатын басқарған болатын.Онын жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі калпына келтірілді. Алтынға валютанын еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерін жинақтау кажет деп санады.

Алтын қорының үш ролі болды:

халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;

ішкі нарыкта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел

валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды); көзге көрінбейтін жағдайларға арналган сақтандыру резерві.

1947 ж. Ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта кұру-ылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының қүрылымы сакталды. Бұның сәл айырмашылығы сол, Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.

Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бүл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сүраныс пен түлыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдар-дың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бүзылды

1947 ж. Ақша реформасынан кейін алғашқы жылдары экономиканың дамуындағы кол жеткізген жетістіктер жэне карточка жүйесінін алынып тасталуы өнімнің өзіндік қүнының төмендеуіне, дүкендерде азық-түліктердің көбеюіне жол берді. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуі басталды. Әдетте ол, 1948 ж. Көктемінен 1954 ж. Дейін жүргізілді.

Айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу мақсатында халықтың жү_мыс жасайтын барлық категорияларының жалақыларынан "халық шаруашылығын қалпына келтіруге жэне дамытуға" арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып отырды.

Үкімет рубльдің бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру жэне оны алтын базасына өткізу қажеттігін мойындады. Оган дейін рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бір алтындық құрамы бар жэне алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгіленіп келді.

Бастапқы кездері рубльдің бағамын анықтау үшін база ретінде француз франкі кабылданған болатын, себебі Франция валютасының тұракты алтындық қүрамы болды, ал доллар жэне функт стерлинг болса, олар 1931-1933 жж. Девальвацияланған болатын. Бірақ 1936 ж. Француз франкі де девальвацияланды, сөйтіп оның бағамы біршама түсіп кетті. 1937 ж. Рубльдің бағамын АҚШ долларының базында есептеу енгізіліп, 1 доллар = 5 рубль 30 тиын болды.

1950 ж. 1 наурыздан бастап үкімет рубльдің алтындық күрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгіледі. Осы бекітілген алтындық қүрамына байланысты рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Шетел валюталарының алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейінгі өзгерістері болған жағдайларды КСРО Мембанкі өзінің түзетуін енгізуге тиіс болды. Шетел валюта-сына қатысты рубль бағамының жоғарлауының зор маңызы бар. Рубльдің қатаң белгіленген алтындық қүрамы оны халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейтті.

Рубль бағамын алтын базасына өткізгеннен кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960 жж.) елдің ақша айналымы мемлекеттік бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, үлттық табыс көлемі және т.б. шамадан тыс өсті. Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнеленді. Осындай үлкен сомалардағы шоттармен жүмыс жасау іс жүзінде қаржы банктік және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабын 10 есеге ірілендіру рубльдің алтындық құрамын көтеру және айналыстағы акшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады.

1961 ж. қантарынан бастап, айналысқа жаңа үлгідегі мынадай ақша бірліктері шығарылды: 1, 3, 5 казыналық билеттер мен 10, 25, 50 жэне 100 рубльдегі мемлекеттік банк (банкнот) билеттері, сондай-ак 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 жэне 50 тиындык монеталар. Ескі үлгідегі ақша билеттері және монеталар жаңа үлгіге 1:10 ара қатынасымен ауыстырылды 1,2,3,5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан, айналыста номинал бойынша қала берді.

Баға масштабын ірілендіру ақша есебін жэне олардың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттерінің пішіндері шағын болып келуі, оларды айналыста қолайлы етті.

Баға масштабын ірілендірумен бірге рубльдің алтындық қүрамын көтерді және оның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 г етіліп қайта белгіленді.

Рубльдің жана алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерді қалыпқа келтірді.

1964 ж. Экономикалық ынтымактастыктың халықаралық банкінін құрылумен байланысты, 1991 ж. дейін Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше елдердін арасында көп жакты клирингтік есеп айырысулар үшін қолданылатын ақша бірлігі - аудармалы рубль енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет