Бақылау сұрақтары:
1. Банктік несие
2. Комерциялық несие
3. Комерциялық несиенің ерекшелігі
4. Тұтыну несиесi
10- лекция. Тақырыбы: Маманданған несие –қаржы институттары және олардың типтерi мен қызмет көрсету ерекшелiктерi
Жоспары: 1. Банк мекемелердiң түрлерi
2. Маманданған несие –қаржы институттары және олардың типтерi мен қызмет көрсету ерекшелiктерi
3. Басқа елдердегi арнайы несие-қаржы мекемелерiнiң түрлерi
Лекция мақсаты: Маманданған несие - қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру.
Лекция мәтіні: 1.Тарихи маманданған несие - қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында пайда болған. Мысалы: бүрынғы КСРО-да 20-ы жылдарда коммерциялык банктер тұлыну несиесін берумен шұғылданбағандық-тан, сол кездерде түлыну несиесін беретін көптеген мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтық экономикада кез-келген мемлекеттің несие жүйесінде нық орын алуда.
Маманданған несие-қаржы институттары (немесе оларды парабанктік мекемелер деп те атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық жэне тағы солай солай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар эр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: несие-жинактау мекемелері, инвестициялык корлар немесе компаниялар, зейнетақы корлары, сактандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Өркендеген мемлекеттерде бүл институттар, яғни банктік емес мекемелер коммерциялық банктермен-қаржы нарығында бэсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен компанияларға сан алуан қызмет көрсетуде. Қазақстан экономикасы-ның нарықтық қатынастарға өту шағында бүл мәселелер бойынша элемдік тэжірибеге қызығушылық болуда.
2.Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылык аясында кең түрде қызмет көрсетуде:
Халықтың ұсақ жинақтарын тартуда:
Ипотекалық несие беруде:
Түлыну несиесін беруде:
Ауыл шаруашылық несиесін беруде:
Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда: Өнеркэсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен капитал инвестициялауда.
Айта кететін жэйт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО-да (оның кұрамындағы Қазақстанда) жэне жаңа экономикалық саясат (НЭП) пен кейін ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында несие институттарының кейбіреулері, мысалы, несиелік серіктестіктер, өзара несиелеу қоғамдары, несиелік одактар жэне т.б. олардың түрлері болды. Қазірде банктік емес мекемелерге кэсіпорындардағы өзара көмек кассаларын, ломбарттарды, шаруа қожалықтары ассоциацияларында құрылған есеп айырысу қаржылык орталықтарын кіргізуге болады.
Бірсыпыра мемлекеттерде маманданған несие-қаржы институттарына: жинақ мекемелері, сақтандыру компаниялары, қаржы компаниялары, ақша нарығындағы өзара қорлар жатады.
Жинақ мекемелері несие жүйесінің көмегінсіз өз алдына капитал ретінде пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзінде жинақтайды. Алғашқыда жинақ мекемелері жүйесі не жергілікті басқару органдары, не почта ведомствосы ұйымдастырған мемлекеттік мекемелер түрінде, эсіресе, орталық Еуропа елдерінде (Германия, Австрия) кең тараған. 20ғ. 30-40 жылдарынан бастап жеке жинак мекемелері түрінде кең өрістеуде. Жинақ мекемелерінің үш типі бар: өзара-жинақтау банктері, несие-жинактау ассоциациялары жэне несие-лік одақтар (кооперативтер).
Өзара-жинактау банктері - ұсак салымдарды белгілі бір мерзімге кабылдайды. Бұндай салымды кері алуға формалды түрде 30 күнге дейінгі мерзім көрсетіліп, куэлік беріледі, ал шындығында банктер ақшаны клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарады. Тартылған қаражат эр түрлі жағдайларға жэне багалы қағаздар сатып алуға, негізінен түрғын үй салу кепілдігі үшін ипотекаға, мемлекеттік бағалы қағаздарға жэне жергілікті үкімет органдарының облигацияла-рына жүмсалады.
Несие-жинақтау ассоциациялары - осы үйым мүшелерінің төлеген жарнасынан кұралады, яғни клиенттерге олардың бірінші талаптары бойынша номиналымен кері сатып алынатын және процент түрінде табыс түсіретін айырыкдіа сертификат сату арқылы капиталы күрылатын мекеме. Бүл сертификаттар мерзімді салымдарға үқсас. Ассоциация капиталының көп бөлігі тұрғын үй салу кепілдігі үшін ипотекаға салынады.
Несиелік одақтар - ксоперативтер түріндегі жинақ мекемесі, оны кэсіподақтар, ірі кэсіпорындар, шіркеулер ұйымдастырады. Одактың капиталы мүшелік жарнаны ерекше акциялар сатып алу формасында төлеуден кү-рылады, ал қүрылған қаражат одақ мүшеле-ріне қысқа мерзімді несие беру үшін (транспорт сатып алуға, үйді жөндеуге жэне с.с.) қолданылады. Несиелік одақтар АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең тараған.
Сақтандыру компаниялары сақтандыру полистерін сату арқылы қаражат жинайды. Олардың пассиві сақтандыру жарналары мен актив операцияларынан түскен табыстан қүралады. Олардың сақтандыру полистерін төлеуге, сонымен бірге үзақ мерзімді бағалы қағаздарға және түрғын үй қүрылысы үшін кепілдікке жүмсайды. Сақтандыру объектісіне қарай сақтандыру компаниялары екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біреулері халықты аурудан, өлімнен, яғни өмірді сактаңдыр-са, басқалары мүлікті оттан, үрлаудан, стихиялы құбылыстардан және т.б. жағдайлардан сақтандырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Несиелік одақтар
2. Жинақ мекемелері
3. Өзара-жинактау банктері
4. Несие-жинақтау ассоциациялары
11- лекция. Тақырыбы: Банктiң типтері
Жоспары: 1.Банк жүйесi экономиканың дербес саласы және оның құрамдас элементтерi, қызметтерi, ролi
2. Банктiң типтері
Лекция мақсаты: банк жүйесі және оның құрылымымен танысу, банк қызметтерін қарастыру, Қазақстандағы банктердің деңгейін салыстыра отырып, операцияларын жүргізу.
Лекция мәтіні: 1.Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекетпен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен балабақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізіледі.
2.Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірсек: “Банк” деген ұғым италиян сөзі “bank” – орындық, “айырбас” орындығы айырбас орны” дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдайда жаңа эраға дейінгі VIII – V ғ.ғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге альп ертедегі Египетте, Грекцияда, римде зәулім ғимараттар салынған.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық топтардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, Ірі масштабта жүргізілді”. Сонымен қатар банктер “Несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін капиталды да” басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс алады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналды.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізді. Олар айналымымен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізілді.
Бұл тақырыптың өзектілігі – банк жүйесінің құрылымы мен басқару құрамын және ақша несие саясатының әдістерін, банктердің түрлерін қарастыру, орындайтын қызметтеріне байланысты банктердің жіктелуі және коммерциялық банктердің операцияларының жүргізілуін көрсету.
Банктің атқаратын қызметтері мыналар:
Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық.
Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиток чектерді, вексельдерді шығаруменде несиеленді.
Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мыс: бұрынғы КСРО да ол мемлекеттік деп., ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп. аталады.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес бантер. Олар коммерциялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.
Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытта ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша қаражатын, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ол инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны несиелеуді игереді.
Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді капілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату, арқылы ақша жинақтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Банк ұғымы
2. Банктің атқаратын қызметтері
3. Эмиссиялық банк
4. Банктің типтері мен түрлері
12- лекция. Тақырыбы: Несие мекемелерiнiң түрлерi
Жоспары: 1.Несие мекемелерiнiң түрлерi: банктiк және банктік емес қаржы институттары
2. Банк мекемелерiнiң түрлерi
Лекция мақсаты: акшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік кызметтің ерекше бір саласы несие ісі болып табылады.
Лекция мәтіні: 1.Несие ісі - акшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсшкерлік кызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылык айналымға кызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бүрын бізге банк және банктік қызмет үғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Белгияда, Грецияда және басқа елдердің банктер туралы заңцарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиештеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сактандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және баска елдерде несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызады.
Қазақстан Республикасы Президентінің (Қазақстан Республика-сындағы банктер және банктік қызмет туралы) заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктік ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР ¥лттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.
Кез келген заңцы түлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса банк деп аталуға тиіс емес.
Банк арнайы өндіріс ретінде өнім ендіреді, бірақ оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше.Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем қүралда-рын өндіреді.
Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болтан. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бүрын 2700 ж. Жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос акша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.
2.Қазіргі банк ісінің кайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта гасырлық айырбаспен айналысушылар кызметінен іздестірген жөн.
(Банк) үғымы Италияның (банко), (айырбас орын, ақша үстелі) деген сөзінен шыққан. Қазыргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. 12 ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Сегменттелген қүрылым кейбір несйелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен кызметтерін катаң занды түрде белуді дүрыс санайды. Мүндай қүрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді кабылдауға және қысқа мерзімді несйелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздары шығару және оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.) ажыратылған.
Әмбебап қүрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мүндай әмбебап қаржылық универмагтар, супермаркеттер типтері Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда жә-не т.6. қалыптасты. Бүл елдерде несие жүиесінің кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады.
АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозиттік, яғни ахшалай қаражаттар кабылдап, депозиттік шот ашуға рүқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейцетақы-жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полистерін сату және т.б.) рүқсат етілген деп бөледі.
Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз - жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар: депозитгік еместерге - сактаңдыру компаниялары, жеке зейнетақы корлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша нарығының басқада қорлары жатады.
Банктер- атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі типке бөлінеді:эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық дегеніміз - айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) күқығы берілгең орталық банктер. Кейбір елдерде оларды үлттық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеггік део, Қазаксгаада - Қазақстая Республикасының Үлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті - айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгеилі банк жүйесінің ең жоғары буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау қүқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі ақшаны эмиссиялау қүқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі каражатты иеленеді. Оның пассиві айнальістағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан түрады. Бүл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссия-лық банк Үлттьщ банк болып табылады, ал калган банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер - эмиссиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға қүқығы жоқ, бірақ өз клиенттері-нің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту: несиелеу: қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар: бағалы қағаздармен жаслатын операциялар және т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Банктердің бастапқы қызметі
2. Депозиттік мекемелер
3. депозиттік еместер мекемелер
4. сактаңдыру компаниялары
13- лекция. Тақырыбы: Екi деңгейлi банк жүйесі
Жоспары: 1. Екi деңгейлi банк жүйесінiң қызмет ету механизмi мен құрылымы
2. Жоғары және екiншi деңгейдегi банктердiң қызмет етуiн ұйымдастырудағы айырмашылықтар
Лекция мақсаты: отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру, екi деңгейлi банк жүйесінiң қызмет ету механизмi және құрылымы танысу.
Лекция мәтіні: 1.Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сай ҚР-ғы банк жүйесі екі денгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші денгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы)-екінші денгйдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғанын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылды.
ҚР-ғы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңінің соңына.
Несие жүйесінің элементтері.
|
12.2000
|
12.2001
|
12.2002
|
06.2003
|
1.Екінші денгейдегі банктердің барлығы:
|
48
|
44
|
38
|
35
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
|
Мемлекеттік
|
1
|
2
|
2
|
2
|
Мемлекетаралық
|
1
|
1
|
-
|
-
|
Шетел капиталының қатысуымен,оныңішінде
- 100/50-дан аса,
оның ішінде еншілес банктер.
|
16
9/7
12
|
16
9/6
11
|
17
9/6
11
|
16
10/4
10
|
1-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың сан 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін қысқарды. Жалпы банктер қатарына мемлекеттік банктер саны 2.Қазақстанның секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны –16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алды.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы денгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.
2.Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлтгық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. тенге көлемінде мына қаражаттар есебінен құралды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі кұқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
Орталық банкінің қызметін бірігіп аткаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, кұрылғылардан, көлік және баска да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар кұрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Казақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру; - ақша-несие және банк жүйесінің тұрактылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің реттейтін ережелерді жасау және олардын орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берулердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттык банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын
басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді
инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы неснелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативгік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердін есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жуйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зертгеу және аналитшсалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жургізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады
- Меншік қаражаттары,
- басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Реепубликасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.
Достарыңызбен бөлісу: |