Лекция: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ)- 60 б Қорытынды бақылау: Емтихан-40б



бет3/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#21449
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1. Ақша реформасының мазмұны

2.1922 ж ақша реформасы

3. 1947 ж ақша реформасы

4. 1961 ж ақша реформасы
7- лекция. Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы 1993жылғы ақша реформасы және оның қажеттiлiгi мен жүргiзiлу тәртiбi

Жоспары: 1. Қазақстан республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы

2. Қазақстан Республикасындағы 1993жылғы ақша реформасы және оның қажеттiлiгi мен жүргiзiлу тәртiбi.



Лекция мақсаты: Қазақстан республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы бойынша ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі және әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Лекция мәтіні: 1.Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимиттен жоғары сомада акшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

1991 ж. 23 қантардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек кою енгізілді. Салымдарды тек қана жинак банктері арқылы түрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-күжаттарына белгі қойылды.

Қайта қүру жағдайында өндірістің қүлдырауымен бірге айналыс-тағы ақша массасының өсуі катар жүрді. Тауарлар мен азык-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін кажетгі валютадағы 1.63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. - 300 т.. 1990 ж. -234 т.

1990 ж. накты ақшаның эмиссиясы 25 млрд.рубльді құрады, бүл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос түлыну нарығына сәйкес келмеді.

КСРО ыдыраған соң кенес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД - ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тэуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сактау аумағы сэтсіз үзілді.

КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп жэне бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті үлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.

1992 ж. шілде айында Орталык банктердің корреспондент шоттарындағы акша каражаттар көлемінде және Ресей мен бұрыңғы
кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара
айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде
ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады.
Келесі қадам - меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан
белгілі болды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992
жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь
мемлекеттері өз ұлттық валюталарын енгізе бастады. 1993 жылы
мамырда Кыргызстан, тамызда Грузия үлттық валюталарын енгізді.
Бүл жерде соңғы болып енгізгендер қатарына Туркменстан, Өзбекстан,
Армения, Молдова жэне Қазакстан болды. Бүл елдер тобы рубль
аймагын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды
жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің,
оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген
үмтылысынан еш нэтиже шықпады.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында жэне одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200,500,1000 руб.) Ресей Орталык банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

1991ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталык банкі 1961-1991 жж.
кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992ж. 5000 және 10000
рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапкыда олардың
айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын
сомалар жатты.

2.Қазакстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қырқүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі акшаларды ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.

ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбүрыс жасаған болатын. Жаңа акшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1,2, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дэрежесі бар.

1993 ж. 12 карашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э.Назарбаев "Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға кол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта - теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің жэне 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі казьшалық жэне банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шотгардың, салымдар мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатка белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға кү-кысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу тегіннің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бүл қаражаттар мерзімнен бұрын босатылды.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен жэне рубльмен де есеп айырыса алды. Сондықтан занды түлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халықка ақылы кызмет көрсететін түлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданды: теңгеде - шексіз, 1961-1993 жж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегі ақшаларды 1993 ж. шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын сомада, 1,3 коэффициентке түзетілген шамада қабылдады.

Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер мен пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді. Қолма қол ақшаны айырбастау жэне активтер мен пассивтерді қайта есептеу кезеңінде банктер клиенттермен операциялар жүргізбеді.

Қазақстан Республикасы Үлттық банкі тенгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 тенге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сэйкес баға мен жалақы да өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. бастап 200,500,1000 жэне 2000 купюрадағы ақшалар айна-лысқа шығарылды. 1995 ж. ұсак тиыңдар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мысникельден жасалған 1,3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Қүнанбайүлының жүз жылдық мерейтойының күрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында "Жібек жолы" жиынтығын қү-райтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар түрды.

Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары түрақты төлем қүралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады жэне біршама түрақты валюталар қатарына кіреді.

Қазақстанға үлттық валютаның сэтті енгізілуі, эрі карай оның сыртқы жэне ішкі түрақгылығын қамтамасыз етуді талап етеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі

2. "Хариссон" фирмасымен шарт жасасу

3. 1990 ж. накты ақшаның эмиссиясы



8- лекция. Тақырыбы: Қарыз капиталы, өсiмақы және несие

Жоспары: 1. Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы

  1. Несиені қажет ететiн негiзгi және айналмалы қорлардың айналым заңдылықтары

  2. Экономикалық категория ретiндегi несиенiң мәнi мен оның сипаттамасы

Лекция мақсаты: Өсімқорлық несие капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Ал капиталисте несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді.

Лекция мәтіні: 1.Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың қайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты.

Ақша қорының уақытша бөлініп шығуының себептері:



Біріншіден, негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте - бірте тозуы.

Екіншіден, дайын өнімдерді сату мен шикізаттар жэне қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне - бірі сай келмеуі.

Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек үш күнде жұмсалғанмен оған еңбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді.

Төртіншіден, үдемелі үдайы өндірістің қалыпты жүмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау.

Статистика мэліметтері бойынша бүкіл ақша жинағының 20 про­центов жуығы кәсіпорындарда пайда болады екен.

Несиенің формалары мен түрлері. Несиенің негізгі екі формасы: комерциялық несие және банктік несие болады.

Коммерциялың несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге саткан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі- ол may ар түрінде берілетін несие.

Банктік несие- ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге кайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несиемен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпы-ра айырмашылықтар бар.

Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі.

Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен, субъектілер, яғни несие келісімінв қагысушылар бойынша да ажыра-тылады.

Үшіншіден, коммерциялык несиенің шектеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені колдану өрісі кен.

Төртіншіден, бүл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес. Коммерциялык несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының да-муына жэне төмендеуіне байланысты өрбіп жэне қысқарып отырады.

2.Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялык жэне банктік несиелер - әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруа-шылық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық жэне т, б.



Несиенің кызметтері жзне экономикадағы маңызы. Әрбір экономикалык категорияның мэні оның атқаратын қызметімен көрінеді. Ал оның эрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтай-тын маңызын сипаттайды.

Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыкан қүнды өзінің алғашкы иесіне өсім ақымен кайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының арасында несие катынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу- несиенің алгашңы ңызметі

Несиенің қайта бөлу кызметінің бірсыпыра айрыкша белгілері бар: несиенің қатысуымен коғамның тек бір жыл өндірген материал-дық игіліктерінің, өндіріс күрал - жабдықтары мен түтыну заттарының кұны, яғни үлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары өндірілген өндірістік қүрал - жабдықтар мен түлыну заттарының құны қайта бөлінеді;

несиенің қатысуымен тек үлттық жалпы өнім гана емес, сонымен бірге улттық табыс, қоғамның барлық үлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;

несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі уакытша қолдану-ға уақытша бөлініп шыққан кұнды бөлуі;

3.Несиенің экономиканы дамытудагы маңызы деп несиені қолдану эдістерін пайдаланып, мемлекетпен халық үшін қол жеткізген нэтиже-лерді айтады.

Қарыз проценті.- ол уақытша қолдануға берілген қүнның өзгеше бағасы болып керінетін объективті экономикалык категория. Несиенің бағасы иррационалдық сипатта болады, алайда оның абсолюттік шамасы қарыздардың несиені пайдаланғаны үшін төлеген белгілі бір сомаға тең, оны проценттік сома деп атайды.

Қарыз проценті меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір қүнды уақытша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған қүн оны тйдаланушыға - өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге табыс болады.



Нақты бекітілген процент мөлшерін. эдетте, ресми процент мөлшері деп те атайды. Несиені беру кезінде келісім - шартта бүкіл несиені пайдалану мерзімінде нақты бекітілген түрақты немесе өзгермелі процент мөлшері көрсетіледі. Өзгермелі мөлшер проценттің базистік мөлшері-нің өзгеруінен туындайды.

Номиналды процент мөлшері негізінен екі фактордың несие ресурстарына сұраныспен ұсыныстың ара-қатынасына және инфляцияның қарқынына байланысты туындайды.

Реалды (іс жузіндегі) процент мөлшері есептеу жолымен шығарылады, яғни номиналды процент мөлшерінен инфляцияның карқыны алынып тасталады. Реалды процент мөлшері- несие берушінің алатын табысының көзі.

Процент мөлшері берілген несие мөлшерінің қарызға берілген құннан түскен табысқа қатынасымен анықталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Несиенің кызметтері

2. Несиенің формалары

3. Процент мөлшері

4. Қарыз проценті
9- лекция. Тақырыбы: Несие формалары

Жоспары: 1. Банк несиесi – ең кең дамыған несие формасы

2. Коммерциялық несиенiң мәнi

3.Тұтыну несиесi, оның түрлерi және әр елдердегi даму ерекшелiктерi

Лекция мақсаты: Несиенің формасы несиелік қатынастар құрылымының, олардың әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі.

Лекция мәтіні: 1.Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Формалар әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.

Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі формасы қарастырылады: комерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларын тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалар ж.т.б. жатқызады.



Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс балансына беріледі және банктік несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие комерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналасына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әртүрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады.Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген несие өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдай өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя

отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көз қарасы тұрғысынан, бұл – ақша қарызы.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталының ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмлесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан қарыз капиталын біреуді банктерден басқа әртүрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, ақша несие банктері) жүзеге асырылады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде "банктік емес" деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді.(мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен байланысты). Екінші жағынан қарыз алушылардың құрамы өзгереді.Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіп орындар) қарыз алушылар – несиелік-жарлық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады.Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әртүрлі мүмкіндіктері бар.

Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.

Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банкта қарызға алады, сонымен қатар,көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді падаланды.

Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эммисиямен толықтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарзы қаражатарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын айқындауыш негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.

2.Комерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыру. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Комерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы кәсіпорын капиталымен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізу, жылдамдату.

Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкетендіруді талап етеді. Қандайда бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Комерциялық несиенің құрылымы вексель – жазба қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай сомманы талап етуге құқық береді. Кометциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы комерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, комерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциясында өндіріс құрал-жабдығы бола алмайды.

Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс пайызының және тауарларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.

Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын – төлемді кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданды. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілетінің шамалылығымен, тауар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.

Комерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы соммасында комерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30 %-ға жетеді, француз фирмаларінікі – 20-25%. Олардан кейінгі орынды ағылшындық, америкалық және германиялық компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие алатын ірі компаниялар да пайдаланады.

Комерциялық несиенің сакталуының негізгі себептерінің бірі – тауарлардың ұдайы өткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдіруі болып табылады.

Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты комерциялық несиенің ролі оның көмегінің абсалютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.

Батыстың экономикалық әдебиеттерінде "комерциялық несие" терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздарға түсіріледі. Жұмыс істеп тұрған капиталистердің бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру шарттарымен сатуы комерциялық фирмааралық деп аталады. К.Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист "бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады". Сондықтан жекелеген кәсіпорындар тұрғысынан алғанда, комерциялық несие шамасын төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға талаптар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады. Кейбір экономистер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарларды жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.

Комерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғарғы мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезіңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.

Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарғының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкке қарыз уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкке қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар енгізуді мақсат еткен алғашқы мәмілеге айналды, оның негізгі қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вескелдерде есептеу мүмкіндігі комерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вескельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есепте алынатын

біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вескельді есептеу механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыру ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арқасында өзара байланыс нығая келеді. Банктік несиені комерциялық несиемен салыстырғанда артықшылық күшейе түседі. Комерциялық несие көбінесе бағынышты роль атқаруда кетекні онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің әдістері көрінеді.

Комерциялық несиенің артықшылықтары мен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулілігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады.; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әруақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің рөлін төмендетеді.

3.Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілген несие.

Тұтыну несиесі тұрғын халықтың мәдени-тұрмыс қажеттілігін өтеудегі маңызды құрал болып табылады, деген пікірді Лаврушин.О.И. өз еңбегінде атап өтті. Тұтыну несиесінде қарыз алушылар жеке тұлғалар, ал қарыз берушілер несие мекемелері, сонымен бірге әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады. Тұтыну несиесі ақшалай және тауар түрінде беріле алады.Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несилеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет