Лекция: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ)- 60 б Қорытынды бақылау: Емтихан-40б



бет5/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#21449
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1. Бірінші денгейлі банк

2. Екінші денгейдегі банктер

3. Ұлттық банкінің негізгі міндеті

4. Ұлттық банктің несиелік ресурстары
14- лекция. Тақырыбы: Екiншi деңгейдегi банктердiң қызмет етуiн ұйымдастыру негiздерi

Жоспары: 1. Банктердiң негiзгi қызметтерi

2. Банктiң қызмет етуiн қалыптастыру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртiбi



Лекция мақсаты: банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесі мен тығыз байланыстырып қарау, банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқада жүйелер мен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқарумен реттеу

Лекция мәтіні: 1.Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті порцияларды қамту керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.

Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфроқұрылым, банктердің бірлестігі және т. б.

Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.

Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің кредит жүйесіне кіреді. Ал, кредит жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесі мен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқада жүйелер мен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқарумен реттеудің жалпы тетігі мен шектеліп, сабақтасады.

Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында Ақша, кредит, банктер (жалпы редакциясын О. И. Лаврушин басқарған, М, : Ф. Және С. 2002. 285-290 б.) оқулықта тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:

1 Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездйсоқ элементтер болмайды.

2 Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекеті мен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің орталық белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.

3 Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүгінге бағынатын әр түрлі бөліктер рееінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік оаперацияларын коммерциялық банктер орындай қандайда банк банкротқа ұшыраса алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады.



Қандайда бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.

  1. Банк жүйесі динамикалық жүйе боллып табылады. Ол ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстар мен толығуы мүмкін. Жаңа кредит түрлері мен қаржы институттары пайда болады.

  2. Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады. Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелер мен әрекеттеседі.

  3. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алған да жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгеріп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.

  4. Банк жүйесі – басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдары мен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға бағынады.

Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР «Банктер мен банк қызметі туралы » заңында (3-бап) былайша жазылған:

  1. Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие.

  2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.

  3. ҚР Заң актілерімен анықталған айырықша құқықтық мәртебесі (статусы) бар Қазақстан даму банкісін қоспаған да барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші ) деңгейін білдіреді.

  4. Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлі банк, меншілігінде және (немесе) басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР резидент еместер; ә) заңды тұлғалар – ҚР резиденттері, ҚР резидент еместердің меншігінде және (немесе) басқаруында 50%-дан астам акциясына ие (қатысушылардың салым ақшасы); ҚР резиденттері ҚР резидент еместердің (сенімді тұлғалардың) қаражатына.

  5. Мемлекет аралық банк – халықаралық келісім шарттың негізінде құрылған әрі әрекет ететін банк.

2.Банк жүйесіне, сонымен бірге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес жеке мекемелерде, сондай-ақ банк инфроқұрылымын қалыптастыратын әрі кредит институттарының өмірлік әрекетін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мемлекеттерде кіреді.
Қазақстан банк жүйесінің құрылымы




саны

Ұлттық банк

1

Оның аумақтық органдары

16

Екінші деңгейлі банктер

35

Оның ішінде, коммерциялық банктер

34

Олардың ішіндегі шетелдік қатысушылар банкісі

6

Мемлекеттік банк

1

Шетелдердің еншілес банктері

9

Шетелдік банктердің өкілі

17

Қазықстан даму банкісі

1

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары

398

Есеп айырысу-кассалық бөлімдері

1148

Аудиторлық ұйымдар

26

Жеке тұлғалардың депозитін кепілдендіретін қор

1

Ипотекалық кредитті сақтандыру

1

Кредит бюросы

1

Банктің атқаратын қызметтері мыналар:



  1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.

  2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.

  3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық.

  4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиток чектерді, вексельдерді шығаруменде несиеленді.

  5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

  6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып бөлінеді.

Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мыс: бұрынғы КСРО да ол мемлекеттік деп., ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп. аталады.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.

Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытта ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша қаражатын, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ол инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны несиелеуді игереді.

Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді капілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату, арқылы ақша жинақтайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан банк жүйесінің құрылымы

2. Банктің негізгі қызметтері

3. Банк жүйесінің белгілері


15- лекция. Тақырыбы: Банктердiң комиссиялық – делдалдық және сенiм операциялары

Жоспары: 1. Қозғалмайтын мүлiктердi кепiлдiкке алумен берiлетiн ссудалар

2. Банктердiң комиссиялық – делдалдық және сенiм операциялары



Лекция мақсаты: қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие, сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Лекция мәтіні: 1.1980-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық бағалылықтарымен жүзеге асырылып келді. Ал, бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші класты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.

Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:



  1. субъект;

  2. объект;

  3. қамтамасыздандыру.

Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.

Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:



  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;

  • кооперативтер;

  • акционерлік қоғамдар;

  • жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;

  • банктер;

  • билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.

Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.

Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.

2.«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясы – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:


  1. Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

  2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) траст келісім –шартындағы көрсетілген жағдайда сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

  3. Бенефициар – траст келісім-шартын өзінің пайдасына жарататын кез-келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиенттеріне (заңды

және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжыйтын мүліктерді басқару; екіншіден, инвистициялық фортфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесін мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдырауға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің тарст- бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:



  1. клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;

  2. сенім .- хат бойынша операицяларды жүзеге асыру;

  3. агенттік қызметтер.

Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.

Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі.

Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті – бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті жанұя мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері

2. Кепілге берілетін ссуда

3. Траст қызметі

4. Банктің траст операциясы
16- лекция. Тақырыбы: Банк практикасындағы тәуекелдер

Жоспары: 1.Банк практикасындағы тәуекелдер және олардың жiктелуi

2. Несиелік, валюталық, өсiмақы тәуекелдер



Лекция мақсаты: Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табыс бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіру.

Лекция мәтіні: 1.Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне накты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан Банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген түсінік те болған жоқ. Банктер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу Банкінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматы түрде оған төлем несиесін ұсынатын.

Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Банктің кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.

Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табыс бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығыны мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деген жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Шығындар, Банктер өз қызметі барысында бегілі шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайдалар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операциялрымен, бағалы қағаздармен байланыс шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын: залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекел нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орныластыру), конъюктураның толық, есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банкте жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.

Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды. Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын
болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қараттардың сақталуы ең манызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

2.Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалған қаржылық активтермен байланысты.

Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері
белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.;

Несие тәуекелдік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.

Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге бөлуге болады; қиянатшылық сау тәуекелідігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі бейімдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі. Қиянатшылық жасау - 1991-1992 жж. біздің республикамызда банктің үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.

Тексеру нәтижесінде маусымды егіндік жұмыстарға, астық жинауға, меншікті қаражаттарды толықтыруға бөлінген мақсатты несиелік ресурстардың көзделген мақсатында пайдаланылмауы туралы көптеген фактілері анықталған. Мұндай жеңілдік несиелері басқа банктерден алған несиелер бойынша қарызды өтеуге машиналар сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мөлшерлеме бойынша коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валютаға айналдыру, .т,б. жағдайлар жиі болып отырған.

Қиянатшылық жасау - банктік жүйеде 80-жылдардың барысында кеңірек тарап, олардың үлесіне АҚШ-ғы барлық сотқа ұшыраған банктердің жартысынан астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, достық несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушының қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы қозғалады.

Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз алушыларының несиелер бойынша және төлем төлемеуіне байланысты 70-жылдарда анықталды. АҚШ-тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болған.

Ішкі саймандар бойынша төлемсіздік қарыз алушыға төлем қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Банк тәуекелдігі дегеніміз не?

2. Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері

3. Ішкі саймандар бойынша төлемсіздік

4. Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер

17- лекция. Тақырыбы: Мемлекеттiң орталық банкi, оның қалыптасуы және дамуы

Жоспары: 1. Орталық банктердiң пайда болуы

2. Орталық банктердiң ұйымдастыру формалары, оның түрлерi жәнее қызметтерi



Лекция мақсаты: Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді және оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру жэне елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады

Лекция мәтіні: 1.Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга­ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына не "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін аткарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру жэне елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады

Әлемдік тәжірибе көрстгкендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-кол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондыктан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердік операцияларын басқару арқылы реттейді.

2."Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Ресяубликасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы денгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлтгық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.



Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. тенге көлемін дё мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі кұқықтық формалары бар:

- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен неме­се қатысуынсыз);

Орталық банкінің қызметін бірігіп аткаратын тәуелсіз банктер жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет