Лекция: 30 Семинар: 10 СӨЖ: 95 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ)- 60 б Қорытынды бақылау: Емтихан-40б



бет6/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#21449
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары:

1. Орталық банктердің ролі

2. банктердің банкі

3. Ұлттық банк

4. Ұлттық банктің жарғылық қоры
18- лекция. Тақырыбы: Ұлттық банкті басқаруды ұйымдастыру

Жоспары:1.Ұлттық банктің өкiлдiгi, жоғары басқару органдарын ұйымдастыру тәртiбi

2. Басқарма. Директорлар кеңесi



Лекция мақсаты: Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма директорат, бас аумақтақ және облыстық басқармалармен қатар басқа да жергіліктік құрылымдық бөлімшелері арқылы басқару жұмыстарын жүргізу.

Лекция мәтіні: 1.Ұлттық банкінің құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың бақа да мәселелері "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" заңы және"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ережесіне негізінде анықталды. Ұлттық банкі өзінің қызмететрін орындау үшін басқарма директорат, бас аумақтақ және облыстық басқармалармен қатар басқа да жергіліктік құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6 сызбада көрсетілген. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орныбасарлары, Парламент пен Президенттің бір – бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қ.Р Президентімен бекітеді.

Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:



  • мемлекеттік ақша – несиелік саясатын жасайды.

  • Ұлттық банк шығарған банктер ісіне қатысты нормативті актілерді бекітеді.

  • Парламент бекіткен тұжырымдар негізінде банкноттар мен манеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді

  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелерімен белгілейді.

  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

  • Сыртқы резервтер сақтауға алатын сырқа активтер типтері бекітеді.

  • Ұлттық банкінің жұмыс туралы есеб береді, жылдық жиынтық балансты қарастыралы.

  • Ұлттық банк туралы ережені ұлттық банк құрылымының бекітеді және Ұлттық банк департаманттерінің директорларын тағайындайды.

  • Банктер және олардың филиалдары үшін эканомикалық нормативтерін бекітеді.

Басқарма шешімдерін басқарма қаулыла формасына жүзеге асады.

Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.

Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқармасының үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынысуымен алты жылға сайланды.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атына және сенімхатсыз мемлекттік оргндармен банктермен несиелік халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастада жұмыс істейді.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы – бұйырушы шешімдер қабылдауға ұлттық банк атынан келісім шарттар жасауға өкілетті. Бірақ бұған басқарма берілген өкілеттер кірмейді.

Ұлттық банк төрағасы басқарманы директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және дирекьорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрайалады. Ол Президттің ұсынысымен орнынан босатылады. Төраға орынбасарларды және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы ақылы Перзидетке екі ай бұрын жазба өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.


Басқарма директорлар

кеңесі


Төраға

Төрағаның

орынбасарлары




Ұлттық банкінің орталық аппараты




Департаменттер,дербес басқармалар және бөлімдер




Қ

(аумақтық)



басқармалары

Ұлттық банкінің тәуелсіз бөлімшелері

Мемлекеттік сақтау орыны

Банкроттық факрика

Приьорлық бақылаудың мемлекеттік инспекциясы

Қазақстандық банкаралық есеп айырысу Орталығы

Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар Орталығы

Банктік сервистік бюро; т.б.


ҚР Ұлттық банкінің басқару құрылымы.
2. Ұлттық банкінің жедел басқару органы – деректорлар кеңесі (директорат). Ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

Директорат, «ҚРҰ Банкі туралы» заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы төрағаның және басқарма қарауындағылардын басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Директорат құрамына – төраға оның орынбасарларымен департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық ақпараттарына келесідей (1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша); ақша – несие опрациялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар эмиссиялық кассалық операциялар ақпараттық технологиялар, бухгальтерлік есеп және бюджет ішкі қызмет зерттеулер және статистика ішкі аудит есептеу жұмыстары төлем.

ҚР банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органнына: Басқарма және Диреклорла кеңесі жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:


  • Мемлекттің ақша-несие саясатын дайындау;

  • Банк қызметіне қатысты ҚҰБ-нің нармативті құқықты актілерін бекіту;

  • Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржылардыру мөлшерлемесін белгілеу;

  • Жеклеген банктік операция түрлерін жүргізуге лизинзиялар беру туралы шешім қабылдау;

  • Банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

  • Алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау

  • ҚР влютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілеу;

  • ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау қабылдау және Президенттің бекітуіне беру

  • ҚҰБ-нің жылдық балансын және табысымен және зияны туралы есебін қарау және бекіту;

  • ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарығылық капиталымен резервтік қордың қалыптасу тәртібі негізгі құралдарды және өзге мүліктерді пайдалану, арқыл қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік актілерді бекіту;

  • Банктер үшін пруденциальдық нормативтермен басқада міндетті нормаларда және шектерді бекіту;

  • Еңбек жағдайында, оған ақы төлеу жүйісімен мөлшерін анықтау және бекіту;

  • ҚҰБ-нің халықаралық және басқада ұйымдар қатысуы туралы шешім қабылдау;

  • Директорлар кеңесінің құрамын бекіту;

Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау.

Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:



  • ҚҰБ төрағасы және бес лауасзымды тұлғалары;

  • ҚР Президентінен бір өкілі;

  • ҚР Үкіметінен екі өкілі.

Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесінің құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:



  • Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасы 6 жылға сайланады және қызметінен босатылады.

  • ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰб төрағасының ұсынумен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.

  • ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді.

  • Ұлттық валютаның – теңгенің айырмашылығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді.

  • ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі обылыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарылады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырылады.

Ұлттық банктің функционалдық құрылымына департаменттер мен басқада бөлімшелерден тұратын орталық ақпаратты, флиалдары, өкілетіктері мен ұйымдары кіреді..

Ұлттық банктің орталық ақпараттарында мынадай департаменттер мен дербез басқармалар бар:


  • Зерттеу және статискалық департаменті

  • Шетел операциялары департаменті;

  • Ішкі операциялар басқармасы;

  • Монетарлық операциялар департаменті;

  • Сырқы байланыстар бөлімі;

  • Заң қызметінің департаменті;

  • әкімшілік департаменті;

  • Қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;

  • Инденерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;

  • Бухгалтерлік есеп департаменті;

  • Есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;

  • Операциондық басқарма;

  • Төлем жүйесінің басқармасы;

  • Бақылау және аудит департаменті;

  • Персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;

  • Халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;

  • Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі;

Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербез бөлімшелер кіреді;

  • Мемлекеттік сақтау қоймасы;

  • Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі

  • Банкноттық фабрика;

  • Монета сарайы;

  • Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО);

  • Қазақстан ипотекалық компаниясы;

  • Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қору;

  • Процессингтік орталық;

  • Актуралық орталық;

  • Банктік сервистік бюро;

  • Ұлттық ақпараттар технологиясы;

  • Автобаза.

2004 жылдан бастап, үкіметтің қауысымен Ұлттық банк құрылымына қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау жөніндегі қаржы агенттігі бөлініп шықты.

Оның құрамына: Банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.

Осындай өзгерістерге сәйкес Ұлттық банктің атқаратын қызметтері де қысқарып, яғни тек қана классикалық қызметтер қалады.

Ұлттық банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:



  • Ақшаны эмиссиялау;

  • Ақша-несие саясатын жүргізу;

  • Төлем жүйесін ұйымдастыру;

  • Төлем баланысын құру;

  • Валюталық реттеу және валюталық бақылау.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы

2. Ұлттық банкінің жедел басқару органы

3. Ұлттық банктің орталық ақпараттары

4. Ұлттық банктің классикалық қызметтері
19- лекция. Тақырыбы: Ұлттық банктiң экономиканы реттеуде ақша-неие саясатын жүргiзуi

Жоспары: 1. Ақша-несие саясатының типтерi

2. Ақша-несие саясатының теориялық негiзi



Лекция мақсаты: ақша-несие саясаты - ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Лекция мәтіні: 1.Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйсінің қызметін реттеуге бағытталған шаралау жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі - ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясатының түрлері.

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге

және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

2.Ақша-несие саясатының мақсаты және құралдары.

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

а) экономикалық өсуі;

ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем балансын тұрақтандыру;

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

- банктерге және үкіметке несие беру;

- валюталық нарықтағы басқыншылық;

- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты

2. Ақша-несие дегеніміз не?

3. Ақша-несие саясатының түрлері.

4. Ақша-несие саясатының құралдары
20- лекция. Тақырыбы: Жалған капитал және оның формалары

Жоспары: 1. Жалған капитал түсiнгi

2. Бағалы қағаздар жалған капиталдың формасы ретiнде



Лекция мақсаты: Жалған капитал нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың құнды қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүру.

Лекция мәтіні: 1.Жалған (алдамшы) капитал деген – қосымша құнның бір бөлігін дивидент немесе процент түрінде емденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Құнды қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқада түрлерде көрінетін капитал. Ќұнды қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:

Біріншіден, табыс көзі – тауар өндірісі. Ал ќұнды қағаздардаң пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал ќ±нды қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде келтірген мына екі формуладан анғару қиын емес. Тауар айналымы (Т–А–Т) формуласындағы бірінші акт (Т–А) тауарды сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүргізіледі. Яғни қажеттілікті керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айналымы (А–Т–А*) формуласындағы мақсат – тауарды сатып алып қайта сату, яғни процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұнда А*= А + а, яғни а – қосымша құн, өсім немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе қосымша құн беретін құн.

Екіншіден, ќ±нды қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық ќ±нды иррационалдық сипатта болады. Жалған капиталдаң бағасы капиталға сұраныспен ұсыныстың ара қатынасына және ќ±нды қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса және одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса және банк тік проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, ќ±нды қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік, ал ақарыз процентінің деңгейі 5% болван жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000$ болады.

( 50х 100% )/5% = 1000$

Демек жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.

2.Жалған капитал нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі яғни олардың ќ±нды қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар.


  1. Жалған капиталдың өз құны жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір тұрлері нақты капиталдың орнында жүреді.

  2. Ќ±нды қағаздардың айналысы қор биржасына және несие жүйесінен басталады, ал капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді.

  3. Жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардың сатылатын жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың курсы) бағалы қағаздардан сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.

Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс “капиталдану” деп аталады. Капиталдану – мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым.

Жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді.

Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл жадай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дисиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де соңғы көздері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.

Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынанда айырмашылығы бар. Олар:

- біріншіден, құнды қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, ќ±нды қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені ќ±нды қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз – несиелік құжат немесе құнды қағаздар түрінде айналыста болады;

- екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Құнды қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.

Сонымен, құнды қағаздар қарыз капиталын орналастыратыг ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір біріне дәл келмейді. Нақты капиталмен жалған капиталдың мөлшері жағынан да бір біріне дәл келмеуі құнды қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалған капитал

2. Жалған капиталдың нақты капиталдан ерекшеліктері

3. жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы

4. Капиталдану
21- лекция. Тақырыбы: Акционерлік қоғамдардың пайда болуы мен дамуы

Жоспары: 1. Акционерлік қоғамдарды ұйымдастыру

2. Ашық және жабық типтегi қоғамдар

Лекция мақсаты: Акционерлік қоғамдарды ұйымдастыру, ашық және жабық типтегi қоғамдар құру, үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз шығару. .

Лекция мәтіні: 1.Акционерлік қоғам деп - өзінің қызметін жүзеге асару үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құықығын куәландыратын құжат. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнынын шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.

Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп аталады. 2.Акционерлік қоғамдар ашық және жабық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ қоғамның үлесіне қарай, “ашық акционерлік қоғам” немесе “жабық акционерлік қоғам” деген сөздер немесе тиісінше “ААҚ” және “ЖАҚ” аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшыларымен Алдан ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға құықылы. Жабық қоғам акционерлерін осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылық құықығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін келетін акционері олардың қоғамның басқада акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап 30 күн бойы акционерлерде сақталады.

Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол қоғама өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады.

Қоғам және оның акционерлі акцияларды сатып алудан бастартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған акциялардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және ( немесе ) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.

Акционерлері өздеріне тиісілі акцияларды басқа акционерлердің көмегінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық жеке жәнеашық орыналастырылады. Ашық қоғам акционерлердің саны шектелмейді.

Қазіргі уақытта “ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы” заңында “бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500 –ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам” (бұдан әрі – халықтық қоғам ) болып табылады” делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген. ААҚ төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:


  1. халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлеріне саны алты айдың ішінде 500 ден кеміп кетсе;

  2. оның активтеріне мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;

  3. қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап алты ай өткеннен кейін уәкілетті органған хабарлай отыр, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.

Қоғам акционерлерінің санын 100 ден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам, жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет