Бақылау сұрақтары:
1. Акционерлік қоғам
2. акция
3. корпорациялар
4. Акционерлік қоғамның түрлері
22- лекция. Тақырыбы: Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртiбi
Жоспары: 1. Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртiбi.
2. Бағалы қағаздарды шығару және айналымқа түсiру тәртiбi.
Лекция мақсаты: Бағалы қағаздарды шығарып оны айналымға түсіру, бағалы қағаздарды шығарып оларды бірінші иемденушілерге сату, шығарылу жөнінен бағалы қағаздардың бөлінуі.
Лекция мәтіні: 1.Бағалы қағаздар ең алдымен мүлікті иемленуге құқық беретін ақша құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түлрі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.
Шығарылу жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болван қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облтгациялары, депозит тік облигациялар және с. с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазіргі кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары оларға мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өз Алдана қызмет істейтін адамдардың ақшасын шығарылған облигациялар жатады. Ал депозит тік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үдке бөлінеді, тек жергілікті басқару органдары ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін бірақ салық төлеуден босатылатын өздернің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлі қорларға немесе банктегі оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорындарға ұйымдарға салған капиталдан түскен табысы иемдену құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарте бойынша иемденуші заңды немесе жеке тұлғалар оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта ер кін айналымға түсе алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орна ласу үшін шығарылуы кең өрістелген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығару кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда. Ал айналымға түскен бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу сатудан және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін атайды. Бағалы қағаздарды шығарып оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. 2.Бағалы қағаздарды шығарып оларды бірінші иемденушілерге сату мына түрде жүзеге асырылады:
Біріншіден, қоғам құрып оларды акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырылған;
Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып ұлғайтқанда;
Үшіншіден, заңды тұлғалардың яғни мемлекеттің мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.
Сонымен қатар құрылған оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажетт. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.
Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдан ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті.
Эмиссия проспектісін бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің жуапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәліметтер жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады.
Ол мәліметтер арасында:
-
Кәсіпорын құрылған кезде оның жарғылық капиталының мөлшері;
-
Шығарылатын бағалы қағаздардың түрі оның номиналы жазылу бағасы;
-
Акция сатуды бастау және аяқтау күндері;
-
Бір инвестор сатып алуға рұқсат етіледі акциялар саны;
-
Бағалы қағаздарды сату түрі (қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз есеп арқылы сату);
-
Кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;
-
Эмитенттің мекне жайы мен телефоны бар.
Эмиссия проспектісін келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылы капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны ішінде басқару органынан тыс жерделі қызмет туралы мәліметтер көрсетіледі. Бадан басқа, проспекті ні тіркеу кезінде болван эмитен пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.
Ал қортынды тауарларында бағалы қағаздарды сатып Алу шарттары иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын басқа да хабарлар орын алады.
Қорыта айтқанда эмиссия проспектісіншығару эмитенттің сенімділігін инвесторлар мүддесінің қорғалуын сайын келгенде бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.
Эмитент пен инвестиция институттары яғни акцияларды алғашқы иемденушілергесатушылар акцияның бағасын барлық сатыр алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардың бағасы бірдей болуы шарт.
Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп мемлекеттік тіркеу номірін алу қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Бағалы қағаздар
2. шығарылу жөнінен бағалы қағаздардың бөлінуі.
3. Нарықтан тыс бағалы қағаздар
4. эмиссия проспектісі
23 лекция. Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
Жоспары: 1. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
2.Оның кәсiби мамандары: брокер мен дилердiң қызметi
Лекция мақсаты: нарықтық экономикада көтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі ретінде кең көлемде капитал жұмсау, мемлекеттің эмиссиялық қызметін өз дәрежесінде жүргізу.
Лекция мәтіні: 1.Бағалы қағаздар нарығы - нарықтық экономикада көтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және өсімқорлық несиелермен тығыз байланысты. Олар вексель және коносамент сияқты қарыз міндеттемелерінің пайда болуына себеп болды. Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байланысты. Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау ХІХғ. ортасында өрістей бастады. Осы кезде нарыққа қатысушылар да белгілі бола бастады. Алғашқыда құнды қағаздармен жеке адамдар және банк қызметкерлері айналысты. Кейіннен бұл іске құқықтық тұлғалар да кірісті.
Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында қатысушыларды үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік (органдар), ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олардың шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халықтың кейбір топтары беретін табысы аз болсада сенімді қағаздарға өз ќаржыларын жұмсауѓа мүдделі. АҚШ-та оларды “көк түбірлі” (“голубые корешки”) деп атайды.
Екінші топ, инвестициялық инсититутар, немесе, бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институтары. Олар:
А) коммерциялық және инвестициялық банктер;
Б) сақтандыру қоғамдары;
В) зейнетақы қорлары және с. ұйымдар.
Бұл институттардың көпшілігі әр түрлігі инвесторлардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты құнды қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау бумасын иемденуге немесе әр түрлі шаруашылық салаларына жұмсауға ұмтылады.
Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оныњ ішінде шағын кәсіпорындардың құнды қағаздары әрқашан қауіпті. Статистика деректері дәлелдегендей олардың ¾ бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек ¼ бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді табысқа екен. Әлемде кейбір шағын кәсіпорында табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді, мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кәсіпорындары экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануда. Сондықтан халықтың бірсыпыра түбі тәуекелге бел буып, жоғары дивидендтен үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.
Төртінші топ, құнды қағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары құнды қағаздар операциясын жүргізуге жеңілдік береді. Диллерлер қолында өз капиталы болғасын көптеген операциялар жүргізіледі. Дағды бойынша, брокерлер мен диллерлер сатып алған қаѓаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық.
2.Қазақстанда құнды қағаздар нарығына негізгі қатысушылар - оларды шығарушылар (эмитенттер) және инвесторлар немесе инвестициялық институттар. Мемлекет эмитентті заң жүзінде белгілейді. Эмитент – заңды тұлға, ол мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару органы болу мүмкін. Құнды қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындаған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бірге құнды қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірибесінің маңызы мен олардың сезімталдығын да бағаламауға болмайды.
Құнды қағаз нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокерлер – делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.
2. Диллерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдардар.
3. Джобберлер – нарық конъюктурасын бақылаушылар.
4. Кастодиан, орталық депозитарий, андеррайтер, сауда-саттық ұйымдастырушы, бағалы қағаздар өзін-өзі реттейтін ұйым.
Брокерлік фирманың құрылымы
Дирекция
Әкімшілік бөлімі
Кеңес беру бөлімі
Бағалы қағаздарды сату бөлімі
Хабарлама-техникалық бөлімі
Осы мамандармен қатар құнды қағаздар нарығына банк қызметкері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже-нормалар шығаратын мемлекеттік шенеуліктер мен заң қызметкерілері қатысады.
Бақылау сұрақтары:
1. Бағалы қағаздар нарығы
2. Қазақстанда құнды қағаздар нарығына негізгі қатысушылар
3. Құнды қағаз нарығының кәсіби мамандары
4. Брокерлік фирманың құрылымы
24 лекция. Тақырыбы: Қор биржасы
Жоспары: 1. Қор биржасының пайда болуы мен дамуы
2. Қ. Р. қор биржаларының қызметi мен мақсаты
Лекция мақсаты: Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын колдану, қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру
Лекция мәтіні: 1.Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын колдануды міндеттейді.
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынадай кызметтерінен көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта болу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатып инвестициялық процеске ықпал етеді.
2.Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:
- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен
заңды түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенчтер
арасындағы жеке сенімнің болуы;
- сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы дел-
далдарының қызметінің қор биржасының әкімшілігі
және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүмкіндік: бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды қалай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын (биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б.) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.
Қор нарығы сауда-саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді мәмілелердің санының ұлғаюнан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат - вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда-саттық жасалған. Кейіннен жетекшілік ролі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай-ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.
1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған – Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана – Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде.
1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфра құрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің атқарудың және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің – брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.
Бақылау сұрақтары:
1. Қор биржасы
2. Қор биржасының экономикадағы атқаратын қызметтері
3. Қор биржасы өз қызметінде сүйенетін қағидалары
4. Қазақстан қор биржасы
25 лекция. Тақырыбы: Валюта жүйесi және валюталық қатынастар түсiнiгi
Жоспары: 1 Валюталық жүйесiн ұйымдастыру формалары
2. Валюта жүйесiнiң элементтерi
Лекция мақсаты: ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Лекция мәтіні: 1.Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам больш табылады. Оның пайда болуы; тауарлар мен көрсетілген қызметгердің халықаралық саудасы барысывда, капитал және несие-нің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттілігінен; дүниежүзілік және үлттық нарықтардығы бағалырды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси - саяси түрақтылықты, валюталық зандылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық - халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік.
Психологиялық - жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар — бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
2.Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі дамуы кезеңдері Лиондағы "вексель жәрмеңкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму нагізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты.
Егер ұлттық валюталык жүйе ұлттық валютаға елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - халықаралык төлем және резерв құрал функциясын орындайтын басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамы реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдынғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталык бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік.
Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негізгі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер козғалысы негіз болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Валюталық жүйенің маңызды элементі
2. Халықаралық валюталық қатынастар
3. Резервтік валюта
4. Валюталық паритет
26 лекция. Тақырыбы: Төлем балансы және оның құрылымы
Жоспары: 1. Төлем балансы және оның құрылымы
2. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы
Лекция мақсаты: мемлекеттің халықаралық эканомикалық саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табуы
Лекция мәтіні: 1.Кез келген мемлекеттің халықаралық эканомикалық саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық эканомикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді. Сондықтан жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табысты бөлгенде халқаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептеледі .
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелеғрінің және түсімдері мен төлемдерінің арақатысы .
Халқаралық есеп айырысу балансарының негізгі түрлері мыналар:
-
төлем балансы;
-
есеп айырысу балансы;
-
халқаралық қарыз балансы;
Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шетелде төлеген валюталық соммасы мен оған шетелден түскен сомманы ара қатынасы. Белгілі бір мерзімнің (жыл, тоқсан, ай) және бір күндік төлем балансы болады.
Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбаса да, ол белгілі бір датаға орындалуға тиіс төлемдер мен түсімдердің ара қатынасындағы өзгерістерді көрсетеді. Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен түсімдердің ара қатынасын көрсетіп, мемлекеттің халқаралық эканомиткалық қатынастардаға өзгерістерін және елдің эканомикасының жағдайын білуге көмектеседі .
Егер валюталық түсім төлемнен артық болса, онда төлем балансы активті, ал егер төлем түсімнен артық болса, онда төлем балансы пассивті деп аталады.
ХВҚ- ның әдістемесі бойынша құрылатын төлем балансы жүргізілген түсім дер мен төлемдерді көрсетіп қоймай сонымен қатар халқаралық талаптар мен міндеттемелер бойынша болашақта орындалатын төлемдер яғни есеп айырысу балансының элементтерін де көрсетеді .
2.Есеп айырысу балансы деген бір мемлдекетің басқа мемлекеттерге қойған валюталық талаптары мен міндеттемелерінің ара қатысы . Бұндай талап тар мен міндеттемелер товарлар мен қызметтерді экспорттау (импорттау ) нәтижесінде сондай ақ зайымдар мен несие бергенде (алғанда ) пайда болады . Есеп айырысу балансы : белгілі бір мерзімнің және белгілі бір датаға деп екіге бөлінеді.
Белгілі бір күнтізбектік (календарлық) мерзімнің есеп айырысу балансының активтік товарлары бір елдің шетел мемлекеттеріне қойған жаңа талаптарының соммасы мен оның шетелден алған инвестициясын көрсетеді . Пассивтік товарлары керісінше елдің несие және шетел инвестициялары бойынша жаңадан туындайтын міндетемелерін көрсетеді. Белгілі бір мерзімнің есеп айырысу бір елдің басқа мемлекетке қойған талаптары мен міндеттемелерінің тек өзгеру динамикасын көрсетеді. Ол бойынша едің жалпы валюта – қаржылық жағдайын айқындауға болмайды.
Елдің халқаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір мерзімге (жылдың басына немесе аяғына) жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс, Ол осы елдің шетелге барлық талаптары мен міндеттемелерінің қай уакытта пайда болғаны және қай уақытта өтелуі керектігіне қарамастан олардың арақатысын көрсетеді. Оның активтік сальдосы (қалдығы) мемлекеттің несие мен инвестицйяны өзіне тартқаннан гөрі басқаға бергендігі және ол несие беруші ретінде болашақта валюталық түсімдерді алатындығын көрсетеді. Белгілі бір датаға жасалған есеп айырысу балансының пассивтік сальдосы мемлекеттің нетто-борышқор ретіндегі позициясын сипаттап, сырттан түсімдермен қамтамасыз етілмеген шетелге болашақтағы төлем мөлшерін көрсетеді.
Төлем балансы мен есеп айырысу баланстарының бір-бірінен негізгі айырмашылықтары төмендегідей:
-
төлем балансына тек іс-жүзінде жүргізілген түсімдер мен төлемдер кіреді; есеп айырысу балансына елдін шетелге қойған талаптары мен міндеттемелері кіреді;
-
есеп айырысу балансында барлық алынған және берілген несиелер көрсетіледі, оның ішінде төлем балансына кірмейтін өтелмеген несиелер де көрсетіледі;
-
төлем және есеп айырысу баланстарынын ақырғы сальдосы - активтік немесе пассивтік - бір-біріне сәйкес келмейді, әдетте олар қарама-қарсы болады, себебі несие беруші-елдердің (АҚШ, ГФР, Жапония және т.б.) есеп айырысу баланстары актнвтік болады, ал төлем балансы әлсін-әлсін, әсіресе ағымдағы операциялар бойынша, пассивтік болады. Борышқор елдердің пассивтік есеп айырысу балансы кейде активтік төлем балансымен сай келеді;
-
төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кіргізіледі ал есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетін тауар айналымының төленбеген бөлігін қамтиды.
Сөйтіп, төлем және. есеп айырысу баланстарының бір-бірінен айырмашылықтары көбінесе халықаралық несие қатынастарының дамуымен айқындалады. Төлем балансының құрылымын қарастырып өтелік рацияларының сипатына қарай басылымдарда жарияла төлем балансы негізгі екі бөлімді біріктіреді.
Төлем балансының құрылымы:
I
I. "Ағымдағы операциялар балансы"
1. Сауда балансы (сыртқы сауда операциялар бойынша телемдер мен түсімдер):
а) экспорт;
ә) импорт.
2. Қызметтер балансы (халықаралық тасымал, факт (кемемен тасылған жүк үшін төленетін ақы сақтандыру және т.б.) және коммерциялық емес төлемдер (патент бойынша төлем, техникалық
көмек үшін төлем).
II. "Капитал және несие қозғалыстарының балансы"
. "Ағымдағы операциялар балансы"
Сауда балансы - экспорт бойынша түсіммен және импорт бойынша төлемдердің арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса, онда активтік сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса (мысалы, нарықтық экономикаға өтуші мемлекеттерде) онда сауда ба-лансының пассивтік сальдосы пайда болады.
Өркендеген елдердің (мысалы, АҚШ) сауда балансының тапшылығы бәсекелес мемлекеттердің (Батыс Еуропа, Жапония, Жаңа индустриалды мемлекеттердің) импорттық тауарларын белсенді түрде әкелуінің нәтижесі болуы мүмкін.
Көрсетілген кызметтер балансы (немесе оны "көрін-бейтін" операциялардың балансы деп те атайды) - ол формасы бойынша да және экономикалық мазмұны бойынша да әр түрлі, сонымен бірге коммерциялық емес операциялар бойынша төлемдер мен түсімдерді біріктіреді. Олардың қатарында: жүк тасымалы, байланыс, сақтандыру, комиссиялык операциялар, халықаралық туризм, іскерлік сапар шегу, мәдени айырбас, дипломатиялык жане саудалык өкілдіктердің жұмысын ұйымдастыру, лицензия беру, техникалық көмек, лизинг операциялары, қаламакы төлеу, өнер табысы, шетелдегі әскери шығындар және т.с.с. Ха-лықаралық әдістеме бойынша несие бойынша проценттер және шетел инвестициясы бойынша дивидендтер көрсетілген қызмет түрлеріне енгізілген, бірақ экономикалық мазмұны бойынша олар капитал және несие қозғалыстарына жатады. "Бір жақты аударым" деген тарау көрсетілген; оған кіретіндер:
а) мемлекеттік (елдерге экономикалық көмек ретіндегі субсидия (жәрдем ақша), зейнетақы, халыкаралық ұйымдарға төленетін жарна);
ә) жеке (шетел жұмысшыларының жалақысы). Бұл жеке аударымдар - Италияға, Түркияға, Испанияға, Грецияға, Партугалияға, Пәкістанға, Египетке және с.с. басқа да елдерге - валюталық түсімнің көзі. Кейбір өнеркәсібі дамыған елдер үшін (ГФР, Францияға, Швейцарияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа және с.с.) тұтыну аударымы - төлем балансының жетімсіздік тарауы.
Капитал және несие козғалыстарының балансы - ол жеке және мемлекеттік капиталдарды әкелу мен әкету бойынша, алынған және берілген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсімдердің арақатысы. Кәсіпкерлер капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инвестиция (кәсіпорынға) және портфельдік қаржы жұмсау (бағалы қағаздарға) формасында жүзеге асырылады. Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді несие түрлерінде болады. Мемлекеттердін тұрақсыз валюта-экономикалық жағдайында "ыстык ақшаның" стихиялы қозғалысы пайда болып, капитал жоғарылау табыс табу және сенімді баспана іздеу қозғалысында болады. Төлем балансының осы аталған бөлімінде "қателер және қалдырып кету" деген тарауында статистикалық дәлсіздіктер және есептелмеген операциялар, сондай-ақ капиталдың стихиялы ,қозғалысындағы дәлсіздіктер көрсетіледі.
Халықаралык карыз балансы ~ өркендеген және өркендеуші елдердің статистикасында кең қолданылатын мәліметтер жиынтығы. Оның есеп айырысу баланс: ұқсастығы болғанымен одан қаралатын тарауларының жиынтығымен және кейбір елдердің өз ерекшеліктерімен аирықшаланады.
Дамушы елдердің көбісі нетто-қарыздар мемлекет болып есептеледі. Ол түскен "жалынды ақша" легінен емес, сырткы займдарды көп тарту салдарынан бұл елдер тобында сырткы қарыз проблемасы шиеленісуде.
Қорыта айтқанда, халықаралык есеп айырысу балансы (немесе төлем балансы, есеп айырысу балансы, халықаралық қарыз балансы) - макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде айырықша орын алады. Ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ - ВВП) мен ұлттық табысты анықтағанда халықаралык талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептелінеді.
Төлем балансының сальдосын анықтағанда онын тараулары негізгі және баланстандырушы болып екіге бөлінеді. Негізгі тарауларға - ағымдағы операциялар мен ұзақ мерзімді капиталдың қозғалысы, ал баланстандырушы тарауларға - валюталық резервтердің қозғалысы, қысқа мерзімді активтердін өзгерістері, шетел көмегінің кейбір түрлері, сыртқы мемлекеттік займдар, халықаралық валюта-несиелік ұйымдардың несиелері және т.б. төлем балансының сальдосын толыктырушы көздер жатады. Баланстың негізгі және баланстандырушы тарауларының қорытынды көрсеткіштері бірін-бірі өзара өтеуі қажет, яғни баланс формальды тепе-тең болуы қажет. Егер төлемдер негізгі тараулардың түсімдерінен артық болса, онда баланстың жетіспеушілігі баланстандырушы тараулар есебінен толықтырылады. Дәстүр бойынша ол үшін займдар мен кәсіпкерлердің әкелген капиталы қолданылады. Бұл төлем балансының жетіспеушілігін толтыратын уақытша әдіс, себебі қарыздар - елдер займдардың негізгі сомасын, оған қоса проценттік өсім және дивидендтер төлеуі кажет.
Төлем балансын тепе-теңдікке келтіретін ақырғы әдіс мемлекеттің ресми алтын валюта резервтерін қолдану. Халықаралық міндеттемелерді өтеу құралы - еркін айырбасталатын шетел валютасы. 1970 жылдан төлем балансының кемшілігін толтыруға қажетті шетел валютасын алу үшін -ХВҚ-ның бір елдін шотынан екінші .елдің шотына валюта аудару арқылы - СДР қолданыла бастады. Ал 1979 ж ЕВЖ-ге мүше елдер осы мақсатқа ЭКЮ-ді қолдана бастады.
Төлем балансының көмекші баланстандырушы болып шетел және ұлттық бағалы қағаздарды шетел сына сату, сол сияқты жәрдем, сыйлық, несие түрлері шетел "көмектері" де есептеледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық есеп айырысу баланстары
2. Төлем балансы
3. Төлем балансының құрылымы
4. Халықаралық қарыз балансы
27 лекция. Тақырыбы: Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргiзудiң тәртiбi
Жоспары: 1. Шетел валютасымен несиелеу мен есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшелiктерi
2. Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргiзудiң тәртiбi
Лекция мақсаты: Халықаралық кредит өндіргіш күштердің дамуын тездетіп, қоғамдық өндірістік көлемін ұлғайтып, оның тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді. интернационалдандыру мен интеграцияның тереңдеуіне байланысты кредит капиталының қозғалысына ұлттық нарықтарда тежеулер бәсеңдеп, болмаса таза алынып тасталынады, ұлттық кредиттік механизмдер унификацияға сәйкестендіру.
Лекция мәтіні: 1.Халықаралық кредит, кредиттің бір түрі ретінде, шетел валютасымен және тауар түрінде берілетін кредитке негізделген халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы ссуда капиталдың қозғалысын бейнелейді. Ол қайта құру, ақылы, мерзімді және қамтамасыз принцптеріне негізделген.
Кредиттік қатынастардың субъектері болып үміттер, банктар, халықаралық валюта-кредиттік институттары, жеке кәсіпорындар болып саналады.
«Халықаралық кредит» түсінігі «кредит капиталының әлемдік нарығымен» тығыз байланысты. Соңғысына ұлттық кредит капиталының нарығы, қолма-қолсыз шетел валютасымен жүргізілетін депозиттік-кредиттік операциялар нарығы кіреді.
Кредит капиталының әлемдік нарықтың қазіргі дамуы ХХ ғасырдың 80-жылдарынан басталады. Міне, осы уақыттан бастап интернационалдандыру мен интеграцияның тереңдеуіне байланысты кредит капиталының қозғалысына ұлттық нарықтарда тежеулер бәсеңдеп, болмаса таза алынып тасталынады, ұлттық кредиттік механизмдер унификацияға (сәйкестендіру) келістірілді, ұлттық нарықтары мен еуро нарығының айырмашылықтары жойыла бастады.
Ссудалық капиталдың қозғалысының мерзіміне қарай нарықтың үш секторын бөлуге болады: әлемік ақша нарығы, орта және ұзақ мерзімді кредит нарығы және қаржы нарғы.
Сонғы 10-жылда халықаралық қаржы-кредит қызметінің түрлеріне қарай әлемдік қаржы орталықтары мамандандырылды. Батыс Еуропада Лондон – евровалюталық операциялар, қорлық құндылықтар, фьючерстік келісімдер орталығы; Цюрих-халықаралық капиталдар, алтын басқа да құндылықтар орталықтары; Люксенбург – ұзақ мерзімді қарыз алу және қор биржалар орталығы; Сингапур – Оңтістік Шығыс Азияның қор жинақтаушы нарық орталығы; Гонконг – халықарлық бірлестікті кредиттеу орталығы; Нью-Йорк әлемнің халықаралық валюталық (долларлық), кредиттік, қаржылық операциялары және алтын мен қорлық құндылықтар нарығының орталықтары.
Халықаралық кредит экономикалық категория есебінде 3 функция ақарады: қайта бөлу, айналым шығындарын үнемдеу, капиталдың орталықтандыруларына және шоғырлануына жағдай жасау.
Кредит капиталын қайта бөлу елдердің арасындағы кеңейтілген, ұдайы өндірстік қамтамасыз ету және пайда мол алу үшін жүргізіледі. Бұл жағдайда кредит ұлттық пайданы көлемін (массасын) өсіреді.
Халықаралық кредит өндіргіш күштердің дамуын тездетіп, қоғамдық өндірістік көлемін ұлғайтып, оның тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді.
Халықаралық кредиттің екінші функциясы қолма-қол валюталық айналымды халықаралық есеп айыру аясында халықаралық кредитік операциялармен ауыстыруға, қолма-қол валютасыз есеп айырысуды дамаытуға байланысты. Қолма-қол валюталарды кредиттік құралдармен: Вексельмен, чектермен, траттармен, аударымдармен, т.б. ауыстыру жүргізіледі. Соның арқасында айналым шығындарына үнем болады.
Капиталды орталықтандыру және шоғырландыру функциясы – халықаралық кредит жаңа фирмалар, компаниялар, транс ұлттық компаниялар (ТҰК) мен монополиялар құрылуына жағдай жасайды. Экономикасы күшті дамыған елдерде, әсіресе АҚШ халықаралық кредитті дамып келе жатқан елдерге агрессивтік экономикалық саясат жүргізуге, жаулап алу үшін тиімді жағдай жасау үшін пайдаланады. АҚШ монополиялық халықаралық кредит беруші болып есептелінеді, ол халықаралық валюта-кредит институттарға өзінің шарттарын орындатады.
2.Халықаралық кредит төмендегі белгілеріне (признаки) қарай бөлінеді:
-
көздері (источники) бойынша: сыртқы сауданы сырттан кредиттеу;
-
берілу мақсатына (назначение) қарай: коммерциялық (тауарлық), қаржылық (күрделі қаржы жұмсалымы, құрылыс), аралық (капиталды, тауарды, қызмет көрсету сияқты аралас түрлері);
-
түріне (форма) қарай: мерзім сыртында (бір тәулік, бір жетілік, үш айға дейін), қысқа мерзімге (бір жылға дейін), орта мерзімге (бір жылдан бес жылға дейін), ұзақ мерзімге (бес жылдан жоғары);
-
қамтамасыз ету (обеспечение) жағынан: қамтамасыз етілген (тауарлы құжаттармен, бағалы қағаздармен, қозғалмайтын мүліктермен т.б. ) балансты (кредит алушының міндеттемесімен);
-
ұсыну тәсілімен: қолма-қол (кредит алушының шотына), акцептелген (импорттардың болмаса траттаны төлеуге банктің келісімін бергенде, депозиттік сертификаттар, облигациялық зайымдар);
-
кредиттордың (кредит берушінің) қойған шарттары бойынша: фирмалық (жеке меншікті), банктік, мемлекеттік, халықаралық валюталық кредиті.
Халықаралық кредиттің негізгі қызметінің түрі сыртқы сыртқы сауданы кредиттеу. Оған экспорт пен иимпорт кіреді. Оны кредиттеу фирмалық (тауарлақ) және банктік кредит түрінде болады.
Фирмалық кредит экспорттердің шетелдік импортерларға 7 жылға дейін тауарлар төлемін кейінге қалдыру түрінде, ал импортерлардың экспортерларға тауарлар үшін төлем авансы түрінде беріледі. Соңғысы бексель түрінде, болмаса ашық түрінде (экспортнр үшін арнаулы шот ашады) құжаттанады.
Вексельдік кредит бергенде экспортер импортерға ауыстыру вексель (тратта) береді. Ол тауарлардың құжаттарын алғанда төлемге келісім беру керек. Егер импортер мен экспортердің арасында тұрақты және сенімді қатынас болса, онда кредиттеу ашық шот ашумен жүргізіледі. Бұл жағдайда екі жақ келісім жасайды, онда тауарды сатып алушы белгілі бір уақытта экспортер сатқан тауары үшін пайда болған оның (импортердің) қарызын төлеп отыру белгіленеді.
Фирмалық кредитке импортердің экспортерге тауар үшін төлейтін төлем аваныстарында жатқызуға болады.
Халықаралық кредиттерді коммерциялық банктер экспортерлармен импортерларға төмендегі түрде беріледі:
-
Тауар материялдық құндылықтар үшін;
-
Жолда келе жатқан тауарлар үшін;
-
Импортер – елдерге қойылған тауарлық құжаттар үшін;
-
Фирма – экспортерлердің банктерден алатын қамтамасыз етілмеген (необеспеченные) тауарлар үшін, егер елдің арасындағы ұзақ уақытқа іскер байланысқа болған жағдайда;
-
Акцепный (төлеуге клісім берген) кредит-импортердің банкісі траттасын төлеуге келісім берген, акцепт түрінде;
-
Акцепт – рамбурстық (төлемді банк арқылы төлеуге келісім) кредит-импортерге қызмет ететін банкінің кепілдігін алғаннан кейін экспортер банктің вексельді акцептеуі (оны төлеуге келісім беру)
Факторинг – тауар төлемінің уақыты болғанға дейін арнаулы қаржылық компаниялардың импортарға экспортерға экспортердің қойған ақша талаптарының 70-90%-ға дейінгі соммасын сатып алуы.
Факторингтік компаниялар экспортерларға 120 күнге дейін кредиттейді. Осының арқасында экспортер әр түрлі тауар сатып алатын импортерлердің орнына тек факторингтік компаниялармен қарым-қатынаста болады.
Факторинг – бұл тауарлық операциялардағы қауіпті форфейтерге болмаса банкке беру тәсілі. Форфейтингілеу – келісімінің толық мерзіміне банктің болмаса форфейтердің алдын-ала келісілген шарттар бойынша бойынша векселъдердің және басқада тауарлық қаржылық құжаттардың сатып алу. Форфейтинг – орта мерзімді комерциялық кредиттеудің бір көзі болып табылады. Форфейтинг арқасында экспортердің баланысы қысқарады, талаптардың төлеу мерзімін қысқартады, айналым шығымдарын азайтады. Ол өндірістік құрал - жабдықтарды ірі сомаларға төлемдерін 5-7 жылға дейін кейін қалдырып сатып алғанда пайдаланады. Бірақ бұл сенімді ірі банктің векселъдерді қайта есептеуге кепілдігі (гарантиясы) болған жағдайда жүзеге асады.
Лизинг – бұл қозғалатан және қозғалмайтын мүліктерді (құрал – жабдықтар, машиналар, ұшақтар, кемелер, т.б.) арендаға беру келісімі. Ал лизингтік кредиттің мерзімі ұзақ – 3 жылдан 15; кейде 20-25 жылға дейін.
Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық кредит түсінігі
2. Халықаралық кредиттің негізгі көздері
3. Шетел валютасымен несиелеу
3. Есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшелiктерi
28 лекция. Тақырыбы: Дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң кезеңдерi
Жоспары: 1. 1867ж париж конференциясы
2.1922ж Генуя, 1944ж Бредтон-будс, 1976 ж Ямайка конференциялары
Лекция мақсаты: мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету, 30 елдің ақша жүйесі алтын девизді стандартқа негіздеу.
Лекция мәтіні: 1.Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталыстандарт негізінде құрылып,1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейінде кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында катысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп кұрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы (функ стерлинг, доллар және т. б.). Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында Бресттон-Вутс конференциясына дейін резерфтік валюта статусы (айырбасталатын валюта ерекше атағы) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын функ стерлингі мен американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өз ара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ Б¥¥ -ның Брестон-Вудс конференциясында заңды түрде резерфтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девис стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді.Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен үтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6 %-ін, тауар экспюртының 33% - ін Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондайа бұл мемлекеттердің АҚШ -қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни "долларлық ашытықта" көрініс тапты. Бретон-Вутс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
доллармен функ стерлингтің резерфтік валюта ретіндегі статусы бекітілді;
ХВҚ -ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталаға алтын арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бетілді . Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен 1%-ке, Еуропа елдердерінде 0,75% ауытқуы мүмкін.
Шетел орталық банктерінің долларлық резерфтері (қорлары) алтынга американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) аркылы ресми бағамен айырбасталды;
алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді);
мемлекетаралык валюта қатынастарды реттейтін орган
- Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды
2.ХВҚ негізгі қызметі - осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету.Брестон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халыкаралық еңбек бөлісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті.
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей терең құқық бере алмайды. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқада елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланады.Брестон - Вудс валюта жүйесінің кайшылығы, ең алдымен доллар мен функ стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Брестон - Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қатарына ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйек ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекет аралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармайды.Жаңа жүйе конвалюталы стандарт болып табылады.
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы: алтын өзінің монетарлық кызымет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірден-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ -ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын күн елшемі ретінде және валюта бағамын есептеугеде қолданбауы тиіс. Сөйтіи алтын паритетінің,алтынның ресми бағасын шетел орталық банктерімен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резерфтерді алтынға айырбастауы жойылғандығын заңмен бетілді. Дегенмен Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде оның акша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ.Алтының нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай тетенше халықаралық ақша және аса сенімді резерфтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезавраторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда (әр қайсысыпда 34 мың және 25 мың тонна алтын бар).
алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есеп айырылысу құралы -- СДР енгізілді . Ол валюталык паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды, дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж) 30 жыл ішінде ол қүн эталон (үлгі өлшем), не басты халыкаралық төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды.Бағамы СДР - мен анықталатын валюталар саны жылдан - жылға азайды. Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса, 1998 ж. ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды.СДР стандартының болашағы жоқ, қолдану аясы негізінен ХФҚ -ның операцияларымен шектелуде. Доллардың Бретон-Вудс жүйесіндегі резервтік валюта статусы алынып тасталса да іс-жүзінде долларлык стандарт сақталуда. Валютаның шартты құнын анықтайтын СДР дың валюталық қоржынының 39 % - і доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21 валюта долларға бекіткітілген, бірақ қазір олардың саны азаюда. Әйтседе доллар бұрынғыдай халықаралық төлем және резерв құралы ретіңде алда келеді.Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың экономикалық, ғылыми-техникалық және потенциялының басымдылы-ғына негізделген, бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа, Жапония) тегеуірінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы монополды жағдайы жойылуда. СДР -стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты. Ол - үш әлемдік валюталық орталықтың валюталарына, амери-кандық долларға, неміс маркаларына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген.
Бақылау сұрақтары:
1. Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі
2. Екінші дүниежүзілік валюта жүйесі
3. Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
4. Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі
29- лекция. Тақырыбы: Азиялық даму банкi, оның мiндетi мен қызметтерi
Жоспары: 1. Азиялық даму банкi, оның мiндетi мен қызметтерi
2. Халықаралық валюталық- несиелiк институттар
Лекция мақсаты: Мудраба кәсіпорынға капитал құю, еңбек күші мен басқарушылық қызмет. Ислам банктеріндегі активтік операциялардың бір бөлігі тәлеусіз қарыздар нысаны. Олар "кард-хасан", яғни мейірімділікпен берілген несие.
Лекция мәтіні: 1.Батыc банк жүйесінде ақша алғашында белгілі бір экномикалық уәкілдер тобынан қарызға алынып, кейін басқа топтан алынады. Мұның екі жағы да пайызды білдіреді: бір жағынан "төлем", екінші жағынан "төлету". Ал ислам мөделінде бір жағынан негізінде уәкіл ретінде, екінші жағынан "принципал" ретінде қолданылады. Шариғатта бұл мәміле нысаны "мудраба" деп аталады. Ол пайда алудағы серіктікті білдіреді.
Мудраба мәнін келесідей сипаттауға болады: біріншіден (рабульмаль - ақша иесі, қаржыгер) кәсіпорынға капитал құю, екіншіден (мудриба-агент) еңбек күші мен басқарушылық қызмет. Алынған пайда алдын-ала жасалған келісім бойынша қатысушылар арасында бөлінеді. Ал пайда табылмаған жағдайда барлық шығындарға рабульмаль тана жауап тартады. Өйткені шариғат бойынша екінші жақтың көтерген қиыншылықтары, жұмсалған уақыт пен күші, бірінші жақтың жоғалған ақшасына теңестіріледі. Бұл мудраба іргесі болып табылады. Бірақ оның басқа да ажыратылмайтын қасиеттері бар. Мысалы мәміле жасалғаннан кейін рабульмаль кәсіпорынның еш шаруашылық өміріне қатысуға болмайды. Әрине, ол жұмыстың қалай жүріп жатқанын тексере алады. Ал мудариб нарықтық факторларға байланысты қалыптасқан шығындарға жауап бермейді. Бірақ ол жақтан жұмысқа деген селқостық, қаскүнемдік және хабарсыздық болғап жағдайда ғана жауапқа тартылады және де шаруашылық қатынастарда мудрабаға моральдық тәуекел тән болады.
Ағымдағы және жинақталған шоттар.
Ислам банктеріндегі активтік операциялардың бір бөлігі тәлеусіз қарыздар нысанында жүргізіледі. Олар "кард-хасан", яғни мейірімділікпен берілген несие деп аталады.
Ислам банктеріндегі кард хасан бір жақтың еш пайдасыз болуын және екінші жақтың қаражаттарды пайдалануын ұйғарады. Кард хасанның басқа қаражат аудару нысанынан ерекшелігі, оның басты қасиетінде несиелік ету құқығы. Келесі акция аудару нысаны амана болып табылады. "Амана" деген сөз "сақтауға берілген зат" деп аударылады, яғни бұл оның қызметі ретінде сипат алады.
Егер қысқа мерзімді салымдарды алатын болсақ (әдетте инвестициялық), олар әр түрлі варициялардағы мудрабаны білдіреді. Кейбір ғалымдар мудрабаны ашық және жабық деп бөледі, яғни қаржы -қаражаттарды мерзімен бұрын алуға мүмкіндігі және керісінше. Мудраба шектелген және шектелмеген болуы мүмкін, оны клиенттің өзі шешеді. Қаражаттарын белгілі бір активтер түріне салады немесе бұл мәселеге байланысты банкке карт-бланш береді. Мудраба жалпы және арнаулы болып ұйымдастырылады, ол клиенттің ақшаны өзге салымдардан бөлек және бірге салуына байланысты. Сөйкесінше, пайда болған жағдайға байланысты есептелінеді.
2.Халықаралык, есеп-айырысу банкінің негізгі ресурс көзі - орталық банктердің қысқа мерзімді (үш айға дейін) салымдары. Олардың пайыздарын төлеу үшін банк нарықтық жағдайда басқа орталық банктерге, халықаралық ұйымдарға немесе банк - корреспонденттерге орналастырады. Халықаралық есеп-айырысу банкінің активті операциясы болып орталық банктердің шетел валютасындағы несиелері табылады. Одан басқа Халықаралық есеп-айырысу банкі орталық банктердің ынтымақтастығының ұйымдастырушысы бола отырып, келесідей арнайы функцияларды орындайды. Олардың ішінде: халықаралық операцияларды бірігіп өткізу, валюта-қаржылық мәселелер бойынша өзара кеңес беру, агенттік функциялар.
Халықаралық есеп-айырысу банкінің ерекшелігі оның қызметтерінің қатаң конфеденциалды болуы, өйткені Базель клубының ай сайынғы мәжілістерінде валюта-несиелік қатынастардың болашағы және өзекті мәселелері қаралады. Мұның өзі Халықаралық Валюта Қорының және Халықаралық қайта құру және даму банкінің көмекші органы ретінде ерекше орнын керсетеді, яғни олармен тығыз қатынаста екендігін көрсетеді. Негізінен аймақтық батыс еуропалық халықаралық банк және "ондық топтың" валюта-қаржылық орталығы бола отырып, Халықаралық есеп-айырысу банкі қатысушылар құрамы бойынша да, қызмет сипатынан да халықаралық валюта-несиелік ұйымға айналды. Бұл Халықаралық есеп-айырысу банкінің орталық банктердің халықаралық банкі, әр түрлі халықаралық валюта-есеп-айырысу және қаржылық операцияларындағы агент, экономикалық зерттеулердің орталығы және халықаралық валюта-несиелік ынтымақтастықтың форумы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері
2. Кепілге берілетін ссуда
3. Траст қызметі
4. Банктің траст операциясы
30- лекция. Тақырыбы: Европа қайта құру және даму банкінің мақсаты мен қызметi
Жоспары: 1.Европа қайта құру және даму банкінің мақсаты мен қызметi
2. Халықаралық қайта құру және даму банкi
Лекция мақсаты: Европа аймақтарындағы артта қалған елдерді дамыту, кәсіпорындарды қайта құру, біріккен шаруашылық объектілерін салу, припоритетті (болашағы бар жаңа) салаларды дамыту. Банк облигацияларды үнемі эмиссиялау арқылы европалық және халықаралық капитал нарықтарынан қаражат тартумен айналысу.
Лекция мәтіні: 1.Европалық даму банкі (ЕИБ) Люксембургте орналасқан, 1958 ж дамушы елдерге екі жақты ресми көмек көрсету бағдаралмасын қолдау үшін құрылған, несиені 7 жылдан 12 жылға дейін, ал дамушы елдерге 30-40 жылға дейін береді. ЕИБ мақсаты – Европа аймақтарындағы артта қалған елдерді дамыту, кәсіпорындарды қайта құру, біріккен шаруашылық объектілерін салу, припоритетті (болашағы бар жаңа) салаларды дамыту.
Банктің жарлық капиталында оған мүше – дамыған мемлекеттердің үлесі мол, мысалы ГФР, Франция, Англия және Италия сияқты елдердің үлесі 15 млрд. ЭКЮ құрайды. Жарғылық қордың 10 %-тен астамы резерв капиталының үлесіне тиеді. Банк облигацияларды үнемі эмиссиялау арқылы европалық және халықаралық капитал нарықтарынан қаражат тартумен айналысады. Банк қаражатын негізінен энергетиканы, көлікті, телебайланысты дамытуға бағытталған жобаларға береді. Мысалы, қазіргі кезде ол ірі халықаралық автожол тармағы құрылысының польшалық жобасының 30 %-н қаржыландыру жоспарлауда, жобаның жалпы сомасы 2,2% млрд. ЭКЮ – мен бағалануда.
Европалық валюта жүйесінің шеңберінде іс-шаралар жүргізетін ЕИБ- тен басқа да кіші масштабты несие – қаржы ұйымдары бар (аймақтық Европалық даму қоры және Европалық ынтымақтастық ақша қоры).
2.Европалық валюта институты (ЕВИ) 1973 ж. Европалық валюта ынтымақтастық қорының орнына құрылған, орналасқан жері Франкфурт-на-Майне. Оның құрамында 12 орталық банктердің басқарушылары бар, осы банктердің ақша және несие саясатын жүргізіп, ол Европа орталық банктері жүйесін құруға және біртектес валюта енгізуге мүмкіндік туғызатын ұлтаралық орган болып табылады. Оның міндеті – ЭКЮ эмиссиясы және мүше елдердің балансының жетіспеушілігіне несие беру. 1998 ж. шілдесінен бастап бұл институт евро шығаратын Европалық орталық банк деп аталды.
Аймақтық валюта несие ұйымдарының арасында ерекше орынды Европалық қайта құру және даму банкі алады. Ол 1990ж Лондонда құрылған. Оның басты мақсаты – орталық және шығыс европа елдеріне, оның ішінде ТМД елдеріне, нарықтық экономиканы қалыптастыруға көмек беру. Қазіргі уақытта оның құрылтайшылары – 60 мемлекет (барлық европа елдері, АҚШ, Жапония және ЕО, ЕИБ сияқты кейбір ұйымдар). Жарғылық капиталы 20 млрд. ЭКЮ құрайды. Европалық қайта құру және даму банкінің ресурстары Халықаралық қайта құру және даму банкінің ресурстарына қалыптасады. Бұл банк өндірісті несиелеуге маманданған, сонымен бірге өндірісті қайта құруға және инфрақұрылымды дамытуға техникалық көмек көрсетуді несиелейді. Европалық қайта құру және даму банкінің стратегиялық мақсатының бірі – кәсіпорындарды жекеменшіктендіру мен беймемлекеттендіруге, олардың құрылымдық қайта құрылуына және жаңартылуына көмек көрсету, осы мәселе бойынша кеңес беру. Ол 1997 ж 143 жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін 2,3 млрд. ЭКЮ бөлген. Банк өзінің құрылғанынан бері 1998 ж дейін 600 жобаны бекітті.
Бақылау сұрақтары:
1. Европалық даму банкі
2. Европалық даму банкі мақсаты
3. Европалық валюта институты
4. Европалық қайта құру және даму банкі
Достарыңызбен бөлісу: |