Еңбек миграциясының бір өзекті мәселесі эмиграциядағы жұмысшы күшінің арнайы тобы – жоғары маманданған кадрлар немесе білімділердің кетуі болып табылады. Интеллектуалды капитал кез – келген қоғамның ең бағалы игілігі болып, оны жоғалтудың бағасы тек уақыт өткеннен кейін түсінікті болады.
Халықаралық еңбек миграциясының құрылымында жоғары білікті жұмыскерлер қозғалысы дәстүрлі елде өте елеулі орын алады. Мысалға Ұлыбританияда жұмысқа тұруға рұқсаттардың (иммиграцияның міндетті шарты болып табылады) 85 пайызы жоғары маманданған қызметкерлер мен басқарушылар үлесіне тиеді. Осы елде жұмыс істейтін иммигранттардың 2/3 бөлігі осы категорияға жатады.
АҚШ соңғы 25 жылда дамушы елдерден 250 мың мамандар келтіріп, әртүрлі әлем аудандарынан интеллектуалды жұмысшы күшін тартудан үлкен пайда алды. Дамыған елдер өздерінің иммиграциялық және абсорбациялық саясатын, көп жағдайда келіп жатқан жұмысшы күшінің құрылымын жоғары маманданған топтар пайдасына өзгертуге тырысуда.Бірінші кезекте ғылыми қызметкерлер мен техникалық мамандарға көңіл аударылады. Еңбек миграциясының қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінде көптеген елдер білімділердің кетуі мәселесімен кездескен. Бұл процесс өз уақытында Жапония, Корея, Қытайға тән болған еді.
Бұл құбылыс ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болды. Алғашында Ұлыбритания, ГФР, Канададан мигранттардың ағымы АҚШ-қа бағытталған еді. 60-80 жылдары білімділердің кетуі негізінен дамушы Азия, Латын Америка мен Африка елдерінде болды. Осы жылдар ішінде үшінші әлем елдерінен 500 мыңнан аса инженер, ғалымдар, дәрігерлер сияқты мамандар кетті.
Ғалымдардың пікірінше, осы уақытта білімділердің кетуі терминінің мәні кедей елдерден индустриалды орталыққа жоғары маманданған, талантты индивидтердің миграциясы деген анықтама пайда болды. Білімділердің кетуі (brain drain) термині алғашқы рет ресми түрде 1962 жылы қолданды.
Осы уақытта социалистік лагерь (КСРО, Шығыс Еуропа, Қытай, Куба және т.б.) деп аталған елдердің интеллектуалды бөлігінде АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдерінің ғылыми орталықтары мен университеттерінде жұмыс істеу мен оқуға қызығушылықтары пайда бола бастады. Бірақ елден еркін кетуге құқығы жоқтығы мен идеологиялық шектеулер миграцияның бұл түріне сенімді тосқауыл болды.
Лекция 13
Тақырыбы : Халқаралық еңбек күшінің қозғалысы.
Еңбек миграциясы – адамзаттың өмір сүруі сияқты көне құбылыс. Тарихымыздың басында әскери жаулау сипатында болған халықтардың көшіп-қонуы байқалған. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінің әр түрлі түрлерін енгізеді. Алғашқы қауымдық құрылыста бос жерлерге көшіп-қону, ең алдымен, өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдарды құнарлы, ауылшаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.
Құл иеленушілік және феодалдық құрылыс кезінде территориялық қозғалыстар шектелген ауқымда болды. Соған қарамастан, құлдар еңбегі мен құлдар саудасы, мысалға Америкаға құлдық плантациялық шаруашылық үшін жеткілікті жұмыс күшін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капиталистік құрылысқа дейін кеңістіктегі еңбек мобильдігі әр түрлі формалар – отарлау, құл саудасы – арқылы жүзеге асырылды.
Капитализм жағдайында халықтың территориялық орын ауыстыру сипаты күрт өзгерді. Жұмысты іздеуге байланысты көшіп-қонудың жаңа түрі пайда болды. Капитализм мен нарықтық экономиканың осы жағдайларында экономикалық мәжбүрлікке негізделген жұмысшы күші миграциясы халықаралық деңгейге шығады.
Территориялық мобильдіктің күшеюі, бір жағынан жұмысшының өндіріс құралдарынан бөлініп, заңды еріктілігіне негізделген жұмысшы күшінің тауарға айналуы болса, екінші жағынан капитал қорлану процесі жұмысшы күші қозғалысының объективті себебі болды. Сөйтіп, капитализм кезіндегі өндіргіш күштердің өсуі мен дамуы жұмысшы күшінің миграциясын күшейтуді меңзейді. Капитализм дамуымен миграциялық процестегі жұмысшы күші миграциясы, басқаша айтқанда еңбек миграциясы ең өріс алды.
Капитализм дамуының әр сатысында еңбек миграциясы ұғымына өзіндік түсінік болған.
1980 жылға дейін Батыс Еуропа, Англия, Германия және Швецияның бір бөлігінде ескі имиграция деп аталатын миграция басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.
Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгрия, Италия және Россиядан жұмысшыларды әкелуінен басталды.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы әлемдік шаруашылық байланыстар күрт өзгеріп, ғылыми-техникалық прогрес күш ала бастап, еңбек күші рыногының интернационализациясы жұмысшы күшінің миграция процесіне елеулі өзгерістер әкелді.
Сөйтіп, еңбек миграциясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы.
Халық миграциясының басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандану мен бағытталуының, ұсынысы мен сұранысының сандық және сапалық сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.
Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің кетуі, миграциялық сальдо ұғымдары тән.
Иммиграция – жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.
Эмиграция – жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс орындарын алу мақсатымен елден кетуі.
Рэмиграция – эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып келуі (оралмандар).
“Милардың ағымы” – жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.
Миграциялық сальдо – кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің келуі байқалады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:
1. Қайтпайтын – тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция. Миграцияның бұл түрі белгілі бір жағдайларда АҚШ, Канада, Австралия, Германия, Израильде рұқсат етілген.
2. Маусымдық- қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе маусымдық мигранттар болып табылады.
3. Маятнигті мигранттарды “фронтальерлер” деп атайды. Жұмысшы-фронтальер-мигранттар күн сайын көрші мемлекетте жұмыс істеу үшін шекарадан өтеді.
4. Амалсыз миграция. Амалсыз миграция экономикалық емес себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдерінің дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.
Соғыстан кейінгі жылдары болған ірі миграциялық ағымдар жаңа мемлекеттік шекаралар орнауы, әлемдік социачлизм жүйесінің пайда болуы және отарлық жүйенің күйреуімен байланысты болды.
КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Потсдам келісіміне сәйкес Германия шекарасы халықтың басым бөлігі ГДР мен ГФР территориясына көшуіне әсер ететіндей өтті. Шығыс Азияда Қытай мен Кореядан Жапонияға 6 млн. Адам көшірілді.
Израиль, Ветнам, Куба,Эфиопия, Ауғаныстандарда саяси өзгерістер, басқаша айтқанда әскери агрессия мен азаматтық соғыстар халықтың ірі көшіп-қонуына әсер етті.
ХХ ғасыр босқындар ғасыры деп аталуда. 1999жылы әлемде олардың саны 27,4млн. адамнан асып кетті. (1980-9,6млн.) Амалсыз миграция көптеген елдерге әсер етіп, әлемдік сипат алды. Амалсыз мигранттардың басым бөлігі-83 пайыз-дамушы елдерде орнықты.
Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық миграция ресми және заңсыз болып бөлінеді.
Заңсыз мигранттар-елге жұмыс іздеу барысында, заңды (жеке шақырулар, турист ретіне) немесе заңсыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасқан адамдар. Рұқсатсыз орналасқандар заңсыз деп саналады.
Халықаралық миграцияға бірқатар заңдылықтар тән:
1. Миграция процесінде басты орынды еңбек миграциясы алады. Мемлекетаралық миграцияда, қазіргі еңбек күші рыногында еңбек детерминантасы басты болып табылады.
2. Халықаралық миграция қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінде күнделікті құбылыс болды. Бұл процесс қалыпты түрде дамуда. Әлемдік миграция айналымына көптеген елдердің жұмысшылары қатысуда. Сондықтан капитал, тауар рыноктарымен бірге халықаралық еңбек күші рыногы пайда болып, оның негізгі қозғаушы күші еңбек миграциясының процесі болды.
3. Заңсыз миграцияның кең ұлғаюы байқалуда
4. Мигранттар арасында жоғары маманданғандардың үлесі өсуде.
Лекция 14
Тақырыбы: Қазақстан жағдайындағы жұмыссыздықпен күресу шаралары.
АҚШ-да 1970-пен 1992-ші жылдардың аралығында оргаша білім алған адамдардын саны өсті және жұмыс кұшінің жогаргы білім алғандар мен толық алмағандар 21%-дан 38%-ға ұлесі артгы. Демографиялык кұрылым бойынша әйелдерді жұмыс күші күрылымына тезірек тарту байкалады. АҚШ-да әйелдердің зкономикалык деңгейге катысуы 1980-шы жылы 34%-дан 1992-ші жылы 60%-ға артты.
Казакстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болган жок.. Нарыктык. экономикаға көшу осындай нарықтың болуын карастырады. Енбек нарыгы — бүл жумыс күшін тауар ретінде сату -сатып алу туралы экономикалык катынастардың жүйесі. Еңбектің Тікелей әсер етуінін аркасында жогарғы білікгілік ті енбектің дәрежесі көтеріледі. әрбір жүмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның енбегіне талап күшейеді. Енбек нарығында өте қабілетті және іскер жүмыскерлерге катаң әрі катал тандау жүргізіледі. нарык еңбекке кабілетсіздерді, жалкау, әлсіздерді ешкашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшандығын камтамасыз етіп, іскерлік пен бас тамашылдыкты ынталандырады.
Казакстан Республикасындағы калыптасып отырган енбек нарығы накты енбек нарығынан өзгешелеу. Мүнда әзірше жүмыс күшін еркін сату жүзеге аспай түр және оның болуы әкімшілік құкыктык. және зкономикалык факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттык. Күжаттық режим сакталуда жүмыс күшінін еркін аумактык кұйылуын токтататын накты түрған жай нарығы болмай түр. Мысалы. көмір және тау-кен ендіру. мүнай өндеу аудандарында ерлер енбегі басымдау. Себебі мүнда әйелдер енбегін колданатын кәсіпорында нашар дамыган, осыдан байкалатыны елдегі жүмыссыздардың үштен екісін әйелдер күрайды.
Нарыкта сүраным мен үсыным заңы жүмыс жасайды және ол енбек акыга әсір етеді. Мүнда жұмыс күшін сатушылар мен сатьш алушылар кездеседі. Өзінін жүмыс күшін үсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жүмыска кабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздін елімізде енбек нарығын мойындау үшін жүмыс күшінің әлеуметтік-экономикалык табиғаты мен онын өндіріс кұрал-жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жүмыс кұшінін өндіріс қүрал-жабдығы мен к.осылуы нарыкгык әдіспен - сатып алу-сату жолы аркылы жүзеге асады
Егер жүмыс күшін-тауар десек, онда онын күны жайлы әңгіме туындайды. Казіргі кезде онын қүны кандай және калай аныкталады? Щьн мөнінде, жүмыс күші қүньн өмір сүру жабдыкгары кажетгілікгер қүнына тенестіруге болады, яғни жүмыскер мен оның отбасынын өмір сүруі осы қажетгшіктер қүнына пара-пар болады.
Қазіргі кезде біздін Казакстанда баска көптеген елдермен салыстырығанда адамнын еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сагатгык адам еңбегі Швецарияда - 15,5 АҚШ - 12,8 Швецияда -12,8 Францияда - 11,5 Италияда - 11,4 Канадада - 10,9 Японияда - 10,3 Англияда - 7,3 Гонконгга - 1,8 Тайванда - 1,7 Оңтүстік Кореяда - 1,4 Мексикада - 0,6 Ресейде - 0,2 доллар құрайды. Біздін есептеуімізше, Казакстан Республикасында жүмысшы мен мемлекетгік сектордағы кызмегкердін бір сағат еңбегі 0,4 доллар түрады. Нарыктық катынастарға көшкенде жұмыс күшінін сапасына деген сұраныс өседі, сондықтан онын ақысын көбейту кажетгілігі еріксіз туындайды.
Қазақстан Республикасы төжірибесінде еңді гана түрғындарды жүмыспен қамтудын нарықтық механизмге өтуі кұрастырылуда. Казіргі кезде жұмыспен камту қатьшастары терен дағдарысты басынан кешуде. Онын себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту катынастары тоталитарлық орталыктан жоспарланған еді. Бүрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен камту міндетін және түрғындардың тиімді еңбекпен камтылуын шеше алмады.
Толык еңбекпен камту дегеніміз халык шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетгі түрғындарды жұмыс орынымен камтамасыз ету.
Тиімді ецбекпен камту дегеніміз когам кажетгілігін өте аз енбек шығынымен канағатгандыра білу.
Қазіргі нарыктық экономикада жүмыскерлердің онтайлы резерві міндетгі түрде болуы кажет, сөйтіп жұмыссыздықтын табиғи малшері сакталады. Оган тең дәрежеде арифметикалык «толык енбекпен камту» және тым жоғары жұмыссыздыққа керігар екендігі белгілі.
Лекция 15
Тақырыбы: Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.
Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалык мақсаттары мына бағдарлама кұжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдык өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық. жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті:
-
I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін қамтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлар мен толтыру:
-
II кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен
интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет:
-
III кезен (2006-2012 жылдар) экономиканын ашық типін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазақстанның әлемдік индустриальды елдер-қатарына кіруі мен әлемдік саудада
позициясының нығайуымен сипатталады.
1997 жылдың караша айындағы Елбасынын Қазақстан халқына жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып. 2030 жылға дейін жүзеге асырауға көзделген жеті ұзак мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы кажет:
- 1998-2000 жылдар;
2001-2010 жылдар;
2011-2030 жылдар;
Мерзімді басылымдарда Қазақстан Республикасына Конституциясына сәйкес біз экономикалық әлеуметтік.- нарықтық 'экономика құрудамыз» деп тағы да атап корсетті.
Кабылданатын заңдар мен шеішмдер біздің стратегиямыздың жүиесіпдс болуы ксрек.
Қазақстан -203О» багдарламасының бірінші ксзенінде (19ЧХ 7000) көрстілген максаггардыц жүзеге асуын кортындылаганда. Казакстан Республикасы Пречиленті 2003 жылдын 21 акпанында Республика Үкіметімен кездесксндс осы бағдарлама әрбір басшьшьщ столындағы кітап болуы тиіс деді.
Президент үзақ мерзімді стратегияда аныкталған реформалардың бірінші ксзеңі аяқталғанын атап көрсетті.
XXI ғасырдын карсанындағы Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:
- әлеуметтік ахуалды жаксарту және кәсіпкерлік кызметті одан әрі дамыту;
-
баскарудын тиімділігін арттыру;
— өндіріс секторына несие беру;
-
экономикалык шикізат базаларын өзгерту;
-
аймактық диспропорцияларды жою.
Негізгі әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Конститууциясы.
2. Қазақстан Республикасының Салық кодексі.
3. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы заң актілері.
4. Қазақстан Республикасының Жер кодексі.
5. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі.
6. Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы.
-
“Экономикалық теория” В. Крымова. Алматы 2003ж.
-
“Государственное регулирование экономики ” Н.А. Волгин Моск-2000г.
-
“Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері ” Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков Алиаты 2002 ж.
-
“Государственное регулирование в условиях Казахстана ” Н.К. Мамыров,
А.Н. Саханова, Ш.С. Ахметова Алматы 2000г.
-
“ Салық және салық салу “ әдістемелік оқу құралы Ғ. Керімбек Шымкент 2004ж
-
“ Система социяльной защиты населения и ее проблемы “ Г.Н. Сансызбаева Алматы Экономика 1998г.
Қосымша әдебиеттер
13.Г.С. Смағұлова “ Аймақтық экономиканы басқару негіздері“ Алм 2005ж
14. Б.Серіков “Агроқұрылымдар бізнес жоспары” Шымкент,2004.
15. Қаржы Қаражат мерзімдік басылым.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” університеті
“Педогогика және экономика” факультеті
“Экономика” кафедрасы
“Экономиканы мемлекеттік реттеу” пәні бойынша
050509 “Қаржы”, 050506 “Экономика”,050510”Мемлекеттік және жергілікті басқару”
050508 “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері үшін
Достарыңызбен бөлісу: |