Лекция: 45 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 60сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180



бет10/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.32 Mb.
#13310
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Неру Дж. Внешние политика Индии. М., 1965

2. Неру Дж. Откритие Индии. М., 1982

3. Индира Ганди Внешние политика Индии.М, 1982

4. Индира Ганди. Статьи, речи, интервью. М., 1969

Қосымша әдебиеттер:

5. Брутенц К.М. Освободившеяся страны в 70-ы годы. М., 1969

6. Девяткина Г.Ф. Индиискии национальной конгресс 1947-1964. М.,1970

7. Никамин В. П. Принципы внешний политики Индии. М.,1960

8. Движение неприсоединения. М., 1965

9. Освободившеся страны в современном мире. М., 1984

10. Страны Южной Азии. Справочник., М., 1968

11. Страны мира: Справочник., М., 1997

12. Тузмухамедов р.А. Неприсьединение в разрядка международной напряженности.М.,1976

Лекцияның мәтіні:

1947 жылы 15108 Маунтбеттен жоспары заң күшіне ие болмағаннан кейін Үндістанның тәуелсіздігі туралы заң ретінде бұрынғы отар орнына екі мемлекет құрылды- Үнді Одағы мен Пәкістан, Пәкістан екі бөліктен құрылды. Үндістанның шығысқа қарай орналасқан (қаз. Бангладеш) және адам батысқа қарай, Инд алқабында екі мемлекет ең басынан бір-біріне қарсы тұрды, және оның нәтижесінде пенджабтың өзінде 1 млн жуық адам қаза тапты. Оған қоса инвалидтерге еркін таңдау құқын берген, оның нәтижесінде Үндістан территориясының бірқатар княздіктері (көпшілігі мұсылмандар)-үнді халқының басым болғандықтан Пәкістанға қосылу туралы шешім қабылдады.

Сонымен, Үндістан княздіктері Пәкістан құрамына кірді, Солтүстік Кашмир мен қоса, ал оның бір бөлігі Пәкістан құрамында қалып кетті.

Елде бұрқ еткен шовинисттік, ұлтшылдық бас көтерулерді басу әрекеттен жасаған кейін Ганди қайтыс болды (1948 ж Хинду Махасабха діни ұлтшыл тобының мүшесі өлтірді. Елдің экономикасын қайта құру мәселесі туды. Себебі Пакистанға бай ауыл шаруашылық аудандар қосылды. Олар Үнді тоқыма кәсіпорындарына мақта беріп отыратын еді.

1.1949 жылы Үндістан республика болып жарияланды. Жаңа Конститция қабылданды, ол 1950 жылы күшейген еді. Үндістан Респбликасы Британ ұлттар достастығы болып қалды. Метрополиямен әдеттегі байланыстар сақтады. Орталық парламентпен штаттардың заңшығарушы жиналысына алғашқы сайлауда 1951 жылы (1952 ж) орындардың ¾ бөлігін ҮҮК алды, сол уақыттан бастап ел басқаратын партия үкіметі Дж. Неру басқарды. Жаңа үкіметтің басында алғашқы реформасы аграрлық реформа болды. Оның мақсаты заминдар делдалдарын жойып жерді оны өңдеумен ол конфискациялаған жерлері үлкен заминдар делделдарға ақы төледі. Реформа нәтижесінде он жылда арендалар саны қысқарды. 70 проценттен 12 және 18 процент дейін жәнен үнді шаруаларының басым бөлігі жер иеленушіге айналды. Сонымен қатар мемлекет қолдауымен кооперация дамыды, оның мақсаты өсімқорлардың ықпалын әлсірету. 60-70 жылдар «жасыл революциямен» байланысты алдыңғы қатарлы жаңа агротехникалық әдістер мен ауыл шаруашылық процессін қайта құруды мақсат етті. Осы өс шаруалар арқасында Үндістан демографияның жоғары темптеріне қарамастан өз азық-түлігін қажетін қамтамасыз етуде, бірақ елде кедейлер көп.

Экономикадағы мемлекет үлесі шығысын басқа елдері сияқты өнеркәсіп құрылысы арқасында өсті (5 ж жоспар). Мемлекет қымбат бағдарламалармен проекттерді іске асырды: металлургия, химия, ядролық жерлерге Үндістан жеке капиталистік секторды қолдауы өнеркәсіптеде ауыл шаруашылығында да. Қазіргі Үндістанның өз металлургиясы бар (ең үлкен заводтары КСРО көмегімен салынған), дамыған энергетикалық базасы, жан жақты өңдеу өнеркәсібі, қажетті инфраструктурасы бар. Мемлекет саясаты барлық мүмкіндікті қолданып, әр түрлі, жетіп инвестициясын қолданып даму. Мемлекеттік сектордың (ВНП-валовой нак продукт) долиясы 20 процент

1950ж Конституция бойынша Үндістан- одақ, 25 штаттан- 6 одақтын тер-н құраитын Екопалаталық жалпы үнді парламенті ( халықтың палата мен штаттар кеңесі), ал штаттарда жоғарғы билік заңшығарушы жиналыста, атқарушы билік жайлы үнділік министрлер Кеңесі Делидегі, бас министр бастаған штат комитеті-штаттарды формально президент атқарушы биліктің басы болып саналады. Ал іс жүзінде билік премьер қолында болды. Сот билігі орталықта да жергілікті жерлерде де атқарушы заңшығарушылық биліктен болініп, классикалық европалық стандартқа саи жұмыс істеиді.

Елдегі саяси процесс партиялардың бәсекелесіне негізделген . Жалпы үнді тілі- ағылшын. Саилаушылардың көбшілігі сауатсыз бодандықтан символдар үлкен роль атқарды. Мысалы ҮҮК

символы қасиетті сиыр суреті.

Коммунистік сол қанат (1965ж-екі компартия күші тең)және діни – коммуналистік оң қанатыү сайлаушылардың басым бөлігі орталыққа топталады- ҮҮК , және оған оппазициалық топтарү Джамото ,партия 1977-79 желді Джамоато партиасы басқарғанын саламалы, 40 жалғаш ҮҮК басқарып келеді. Оны Неру дш хитен оның қызы И Ганди биледі, ал ол өсиеттелінгнен кеиін оның ұлы Раджи Ганди-ал қазір Р.Ганди өлтірілгеннен кеиін Н.Дао Штаттардың да көбшілігіде ҮҮК өкілдері билік етеді, кеи біреулерінде ғана жергілікті ұлттық топтар келесі коалициелер ,ал кеи кезде коммунистер.

Үндістанның сыртқы саяси позитциясы Армедат күштердің гно саяси орналасумен баиланысты. ҚХР мен конфрон тармеда , және оның одақтасы Пакистанмен осы жағдаида Үндістан КСРО мен тығыз баиланыс орнатты .1986 жДели декларациасы сеуілді бірқатар беибітшілік, достық , туралы келісімдер жасайды.

3. Үндістанның ішкі проблемаларының ең бастысы - ұлттық діни соғыстар. 1947 жылы білуге қарамастан республикада 85-90 млн мусылман өмір сүрді .

Нң үлкен және ықпалды сихх қауымы болды. Үнді мұсылман қақтығыстары , сиххтардың саяси автономия өзіндік тәуелсіз мемлекет үшін күрес- елдің үлкен проблемалардың бірі. Сонымен қоса 80 ж.ж солтүстік – батыс Ассамда , т,і аудандарда бангладежден келген мигрант қашқындар проблемасы жергілікті халық оларға қарсы және оңтүстіктегі халықтардың сепералистік іс қимылдары және елдің пригималай ауданындағы тайпалардың. Екінші бір проблема-демографиялық отаршылдық жүйе ыдырағаннан кейін халқы екі есе өскен. (80-90жж елде 800 млн адам). Егер темп төмен немесе ғасыр соңына таман ең үлкен проблемаға аяқталды.

Үшінші –саяси проблемасы Заң жүзінде кастаға қарамастан теңдік жариаланған. Каста цаз үндістанда бұрынғыдаи роль атқарды. Нормаға кірген теңсіздік елдің 3-4 (егер7,48 бөлісіп болмаса)кеиінгі жағдайда ұстап отыр. Егер касталық жүйенің тежеуіні функциасы болмаса , Үндістанда экстримизмнің өсуіне алып келді .

Индуистік қасиетті жер Айодхаьада ұлы моғолдар бұзған храмның орнына мешіт салынған(бірнеше ғасыр бұрын) жақында ол мешітті радикалды үндістер бұзып ол мұсылмандардың наразылығын туғызды.

Община және каста қазіргі үндістанда әлі күнге деиін сақталады, олардың сақталуы үндістан үшін үлкен проблемалардың бірі. Елдің сыртқы саяси билігі жоғары.


ЛЕКЦИЯ 21. Иран.

Жоспары:

Ұлттық тәуелсіздік үшін күресі.

ХХ ғ 60-70 жж экономикалық дамуы.

1978-1979жж ислам революциясы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Агаев С.Я. Иранская революция США и международная безопасность.М.1986.

Иранскои революции 1978-1979г Причины и уроки М,1989

Низматов Ш.А. Ирано-иранская война меторический очерк М, 1989



Қосымша әдебиеттер:

Революционный процесс на Востоке истории и современность. М,1982.


Лекция мәтіні:

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанан кейін Иран ішкі мәселелерін реттеп «халықаралық» істерге көңіл бөле бастады. 40 жыл соңынан бастап шах үкіметі АҚШ қа қарай бағыт алды. Екі ел арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі Турмән доктринасының «төртінші бабын» іске асырумен байланысты басталды. Экономикалық көмекке қарамастан елдің жағдайы 40ж соңымен 50ж басында бұрынғысынша ауыр болып сақталды. Ол бар жағынан көршілес Үндістан Пакистандағы декомендация мен де байланысты болды. Елдің халқы қазба байлықтарды ағылшындардың игеруіне қарсы болды, яғни иран ағылшын мұнай компаниясымен қатынастарды қайта қарау мәселесі күн тәртібіне қойылды. 1951 ж наурызда иран мәжілісі Иранның мұнай өндірісін ұлттандыру туралы заң қабылдады, осы жылы сәуір айында үкімет басына М.Моссодық келді. Ол бұл заңды іске асыруға белсене кірісті. Барлық мұнай көздері мен мұнай өңдеу зауыттары үкімет бақылауына алынды. Оларды үкімет тағайындаған өкілдер басқарды. Сырттан араласу әрекетіне қарамастан бұл заң асырылды. Иарнан ағылшын иран компаниясында жұмыс істеп жатқан ағылшын мамандары қуылды. 1952 ж қазанда Иран мен Англия арасындағы дипломатиялық қатынастар үзілді. Бірақ Моссадық үкіметінің беделінің өсуі, оның билігі шах оның маңындағыларды қорқыта 1953 ж тамызда мемлекетттік төңкеріс нәтижесінде Моссадык үкіметі құлатылды жаңа кабинеті Захеди басқарды. Ол 1953ж соңында Англиямен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтірді және елдің мұнай шаруашылығын басқару үшін халықаралық акциясының 40% ағылшын иран компаниясы алды. Концорцизмді құруға иран бір жағынан мәжбүр болды. Себебі елде өз мамандары жеткілікті еді. Сонымен қатаралдағы уақытта елге шетелден капиталын қызықтыруда консорцзм оңды роль атқарды. 1955ж Иран Бағдау пактісінемүше болып, оның сыртқы саяси позициясы айқындалды. Ол шетел инвестициясын кеңінен қолдай бастады. 1958 ж өзінде елде мыңға жуық шетел компаниялары мен фирмалары қызмет етті. Ұлттық өнекәсіптік құрылыста ұлғайды. Оның басым бөлігі қарыз қаржысына салынды, сол себептен Иранның сыртқы қарызы өсіп 1959ж 27 мың риналға жетті. Иранның алдында тұрған басты экономикалық мәселенің бірі –агрорлық қайта жүргізу еді. 1960 ж жер иелігін жіктеу туралы заң қабылдады. (max: 800га барлық, 40га суармалы жер; қалғанынқазына сатып алып шаруаларға 15 жылдық мерзімде ақысын төлеуге шартында үлестірді) 1962 ж жер максимумын 400 га дейін шектелген заң шықты. 1963 ж жер максимумы 500 га болып сақталды, ол да тек қана заман талабына сай техника мен жолдамалы еңбек қолданған шаруашылықтар үшін Барлық басқа қожалықтар үшін ауданымен жергілікті жағдайына байланысты 20 дан 100га дейін шектелді. Сонымен қатар қайта құру бойынша акционерлік қоғам түрінде шаруа кооперативтері құрылды ормандар ұлтандырнды, өнекәсіп орындары жекешелендіруді Жер қайта құруы шамамен 10 жылға созылды да ол өте күрделі әрі ауыр процес болды. Себебі иран шаруалары оған дайын емес еді. Оның нәтижесінде 60-70 жж Село тұрғындарының 41% деревниядан табыс көзін іздеп қалаларға ұмтылды. Реформалар елде қарсылық тудырды. Шохқа және оның реформаларына қарсы қозғалыста белсенділік көрсеткен ал толла Хакмейнииді шах елден қуды. Сондықтан ол шах режиміне қарсылықтық символына айналды.

«Ақ революцияны» яғни капиталистік үлгідегі қайта құрулар онда жоғарыдан модернизациялау бағытын алған шах елдегі жағдайы ескермеді. Өнеркәсіптік өнім жыл сайын 10-15 % өсті. Заман талабына сай өнеркәсіптік өндіріс қалыптасты. Иран экономикасында жеке сектор құрылық нығайды. Жаңа мектептер мен жоғарғы оқу орны жүйесі құрылды. Қоғамдық өмірге әйелдер тартылды. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау мәдениет қалыптасты.

«Ақ революцияны» немесе шахтың Иранды еврокопиталистік үлгімен дамуға алған бағыты 70ж ортасында «ішкі қарама –қайшылықтардың шиеленісуіне және жаппай наразылықтың өсуіне себеп болды. Иран шахының саясатының басты кемшіліктерінң бірі дінбасылар позициясын елемеуде және де күш қолдануға болды. Ал басты саяси қатесі ол вакуфтерді секризоциялау яғни дінбасыларды керісінен айыру болды. Шах осы іс жүзінде оларды өзіне қарсы қойып алды. Осы кемшіліктерімен пайдаланған шейттік дінбасылар шахқа қарсы күрес бастады. Иран интелегенциясы және студенттер ислам дәстүрін сақтауды қолдандды. Аятолла Хошейни шоха етіп оны соңына дейін жеткізуді. Шах елден кетті. Иранда референдум өткізілді. Оның нәтижесінде 1 сәуір 1979 ж Иран ислам республикасы жарияланды. 1979ж желтоқсанда жаңа конституция қабылданды. Ол бойынша жоғарғы билік дінбасыларда ислам дінінде болды. Ал азаматтық саяси билікті президент мәжіліс және премер атқарды. Жаңа республиканың экономикасында үш сектор белгіленді мемлекеттік кооперативтік және жекеменшік Бат державаларының араласуы және ықпалы жойылды. Қазіргі күші Иран Израйльдің қарсыласы Ирак Кувейт соғысында Иран Иракты қолдады.

ЛЕКЦИЯ 22. Түркия.

Жоспары:

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Туркияның саяси экономикалық дамуы.

ХХ ғ соңында Туркияның әлеуметтік –экономикалық дамуының көрсеткіштері.

Қоғамдық –саяси дамуының негізгі мәселелері.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Турция: новые тенденции экономического развития в 80-е гг.М.,1991.



Қосымша әдебиеттер:

1. Хаков Дженгиз. История Турции. ХХ век. Анкара, 2000.

Лекцияның мәтіні:

II ші дүние жүзілік соғыста Германияның жеңілуі. Туркияны ауыр жағдайға қойды. Жаңа даму жолымен бағыт таңдау қажет болды. 1945-1947жж жер реформасы, еңбек министірлігін құру, кәсіподақтар туралы бірінші заңдар қабылданды. Жаңа газеттер мен журналдар ашылды. Олардың кейбіреулері радикалды алыста болды. Президент Иненю 1945ж қараша айында парламентте сөйлеген сөзінде бір партиялық жүйеден бас тарту қажеттігі атап айтылды. 1946ж қаңтар айында Халықтық Республикалық партияның бір топ депутаттары бұрынғы присыр Д. Баердың жетекшілігімен жаңа демократиялық партияны құрды. Билік басындағы партиядан айырмашылығы жаңа демократиялық партия жеке және шетел капиталына еркіндік беруге Конституция жарияланған азаматтық құқықтары мен демократиялық бостандықтарды қатаң сақтауға шақырды. 1946ж сайлауда бұл партия Парламентке 61 орынға ие болды. Турмэн доктринасы және онымен байланысты американдықө инвестициялар, моршал жоспары Туркияның жаңа бағыт таңдауында шешуші рөл атқарды. Ел этатеум саясатынан бас тартып жеке кәсіпкерлікті қолдай бастады. Бұл жаңа демократиялық партияның позициясын күшейті. 1950 ж сайлауда 396 орынға ие болып үлкен табысқа жетті. Елдің жаңа президенті Д.Баер, ал прьмер министрі мен дербес болыд. 50жж Туркияның өнеркәсіптік өкімі жылына 8% өсіп отырса да елдің сыртқы қорығы арты. Елде огппозициялық күштер өсті. Олар ереуілдерге шығып саяси экономикалық талаптар қойды. Ол екігші жағынан ислам дінбасылары да жанданды. Демократиялық партия дінге бірқатар жеңілдіктер берген еді. Ислам дінін мектепте оқыту, мешіттерсалуға родиодан құрған оқуға рұқсат етті. Сондықтан әсіресе деревнядағы ссауатсыздар арасында діннің ықпалы өсті. Демократиялық панртия елдің ішіндегі және сыртқы реакцияшыл күштерге сүйеніп ұлараздықты қолдады. Оның салдарынан 1960 ж сәуір айында оппозицияның қарсы қызметін терең ісімен айналысу үшін төтенше комиссия құрылды. Бұған халық наразылығы бұрқ етті.

27 сәуір күні Стамбул университетінің студенттерінің митингісі өтті. От Столизидің басқа оқу орындары Анкора т.б. қалаларынынң студенттерінің жаппай демонстрациясына ұласты. Студенттердің қозғалысысын әскерде «ататүріктердің» құпия қоғамы қызмет етткен. Олардың мақсаты Кемал саясатына қайта оралу. Осылардың атынан құрлық әскери күштерінің бас қолбасшысы Д.Гюрсель өкіметке ультима тум тапсырды 27 мамыр күні мемлекеттік төңкеріс жасалды билік Д.Гюрсель бастаған Ұлттың бірлік комитет қолына өтті. Комитеттің шешімімен билік Құрылтай жиналысына берілді. Ол 1961 ж мамыр айында елдің жаңа конституциясын қабылдады. 1961 ж конституция халықтың жоғарғы егемендігін, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын жариялады. Оның ішінде әртүрлі партиялар құру, газет басып шығару бостандығы билік бір-бірінен тәуелсіз үш тармаққа бөлініуі де қатаң ескертілді. Заң шығарушы атқарушы сот 1961 ж сайлау науқанынан бірнеше партия қатысты. Олардың арасында таратылған демократиялық партия негізінде құрылған әділет партиясы да болды. Жаңа екі палаталық парламенте Әділет партиясы мен халықтық Республикалық партия басымдылыққа ие болды. Гюрсель президент болып сайланды. Ол халықтық республикалық партия жетекшісі. Гененю пример-министр болды.

60жж Туркия тарихында саяси күресттің өршуімен сипатталды. Жаңадан көптеген солшыл партия мен топтар пайда болды. Партиялық күрес нәтижесінде экономикалық және басқа мәселелер екінші орынға жылжыды. Үкімет бұрынғыдай экономикаға көп көңіл бөліп, мемлекеттік сектор ұлғауюымен сонымен қатар елдің сыртқы қарызы өсті. Жұмысшылардың ереуілдік күресінің өсуі Демирель үкіметінің репресивті іс –шаралары елде ішкі дағдарыс пен анархияны тудырды. Оның салдарынан елде тәртіп орнатуды көздеген әскерилер тағыда қасым жасады. 1971 ж наурызда Демирель үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. Бұл жолы әскерилер саясатқа тікелей араласпағанмен бәрібір үкіметке оның саясатын белгілеп отырды Родикалды партиялар топтар мен олардың басым органдары мен қуғындалды. 1971 ж сәуір айында Анкора мен Стамбулды төтенше жағдайын енгізілді. Ол 1973 ж күзіне дейін сақталды. Сайланған жаңа парламент аграрлық реформа туралы тағы басқа бірқатар заңдарды қабылдады. 70жж саяси партиялар арасында қайтадан билік Иран күрес басталды. Экономика қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан мемлекеттік болып сақталды. 1980 ж Туркияның сыртқы қарызы 20 милрд дол жетті. 1980 ж 12 қыркүйекте елде әскери төңкеріс жасалды. Барлық саяси партиялармен парламент таратылды. Қазіргі Туркия капиталистік жолмен дамып отырған ел. 1997 ж ел басына Отан партиясының жетекшісі Месут ныемоз басқарған жаңа комизиялық үкімет келді. 2000 ж сәуір айында өткен кезекті парламенттік сайлауда Б.Әджевиттың солшыл Демократиялық партиясы басымдылыққа қол жеткізді. Б. Әджевит жаңа пример министр болды. Қоғамдық пікірдің қысымымен С.Демирель өз лауазымынан кетуге мәжбүр болды. 2000ж мамырда жаңа президент болып Ахмед Неждет Сезер сайланды.

Туркияның капиталистік эвамоциясы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге негіз болды. Буржуазиялық соны өсіп нығайды, өнекәсіптік, сауда, қаржы, селолық. Ірі буржуазия ерекше орынға ие боолды. Оның басым бөлігі шетел, әсіресе американ капиталымен тығыз байланысты болды. Жеке кәсіпкерлік елдің ықпалды экономикалық күшіне айналды. Мемлекеттік капиталистік секторды өзінің позициясын әсіресе кайк және ірі өнекәсіптік өндірісет сақтады. Пролитариятың тең жартысын фабрика –зауытжұмысшылары құрды. Түрік интелегенциясының саныда өсті. 90жж соңында экспорт 25 мирд дол құрды, оның 80% өнеркәсіп өнім болды. Осы ең алдымен газ, шикізат жоғары технологиялық өзім, қазір қару түрлері Елге жыл сайын 9 мил турис келді.

Күрд мәселесі. Ататүрік бастаған ұлттық түрік мемлекетін құруға алған бағыт, этникалық азтоптардың құқықтарымен мойындауды, қарастырмаған 1923 ж Лазанно келісімі бойынша олар мекендеген территория Туркия, Иран, Ирак, Сирия арасында бөлінді. ХХ ғ бірінші жартысынан бастап күрдтер асимилясияға немесе түріктенуге ұшырады. Күрд тіліне тиым салынды ал күрд халқын «тау түріктері» деп ресми ттүрде атады. 60жж соңынан бастап күрдтердің ұлттық қозғалысы пайда болды. Және ол ұйымдасқан түрге ие болды. Партиялары мен ұйымдары құрылды. Олардың арасында ең ірісі Күрд істонның жұмысшы партиясы, 1979ж құрылған. Оның жетекшісі Абдуллах Оджалам болды Бұл партияның әскери ұйымы бөлімшесі болды. Күрдістанды азат ету әскері ( 10 мыңнан астам) 1984 ж тамызда КЖДП түрік үкіметіне соғыс жариялады. Күрд партизандары шоғырланған аудандарға үкімет әскері жіберілді. Олардың алдына Күрдістан жұмысшы партиясының тез арада және толық жою мақсатын қойды. Әскери қарсыласу 90жж соңына дейін жалғасты. Екі жақтан 20 мыңнан астам адам қаза тапты. 1999 ж ақпанда А.Оджапан өлім жазасына кесілгенен кейін ол барлық өзінің қолдаушыларын әскери қимылдарды топтауға және күрд мәселесін бибіт саяси жолмен шешуге шақырды. 2000ж ақпанда күрдістанның жұмысшы партиясының VII төтенше съезі өстті, онда А.Оджаланың ұсынысын қабылдау туралы шешім қабылданды. Бірақ түрік үкіметі жағынан ешқандай бұл мәселені шешуге деген қадам жасалмады. Бұрынғы репрессивті саясатын одан ірі жалғастырды.


ЛЕКЦИЯ 23. Азаттық алғаннан кейінгі Пакистан. Бангладеш республикасының құрылуы.

Жоспары:

Пәкістанның құрылуы.

Саяси экономикалық дамуы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Новейшая история стран Зарубежной Азии иАфрики. Л.1963.



Қосымша әдебиеттер:

1. Брутенц К.Н.Освободившиеся страны в 70-е годы. М.,1979.



Лекцияның мәтіні:

Британдық үндістанның мұсылман аудандары 1947 ж ерекше доминионға бөлінеді, оны пәкістан деп атады және географиалық 2 ауданнан құрылды. Пәкістанның негізгі бөлігі болып батысы есептелді, орталығы үнді алқабы, шығысы- бенгалдықтар мекендеген ,елдің артта қалған ауданы болып есептеледі.1971 жылы Пәкістаннан бөлініп Бангладеж мемлекеті құрылды. Құрылған күнінен бастап пәкістанда елді Мұсылман Лигаы басқарды, а лғашқы құрылтай жиналысы 1954 жылы таратылды, ол1956 жылы наурыз айында күшінде енді.Пәкістан ислам сот билігі орталықта да жергілікті жердеде орнады.

1958 жылы әскери төнкеріс нәтежиесінде генерал М.Айют- хан билікке келді .Ол елде саяси партиялар қызметтен тоқтатты , және 1962 жылы жаңа канститутция қабылдады, призидент билігін нығаитқан осыдан кеиін партиялар қызметі қалпына келтірілді(компартиядан басқа) , ал 1969 жыл Инеран Яхья-хан призидент болды, ол көп билік етеді: 1971 жыл дағдарыс, оның нәтежинсінде Пакистаннан Шығыс бөлігінен бөлінуі З.Бхутто бастаған халықтық партияны билікке әкелді. Ол елді 1977ж тағы да әскери төнкеріс нәтежиесінде генерал Зия-Цль Хан келууіне әкелді – ал Зиа-Цль Хан 1988ж авиакатастрофада қайтыс болды. Генерал орнына Бхуттаның қызы Беиназыр Бхутто бастаған азаматтық үкімет келді. Ол көбшілік үшін сенсация болды, жас әйел әлемнің ірі ислам мемлекетінің бірі болып саналатын (100 млн халқы)Пакистан басында бірақ ол көп басқармады 1990ж кетуге мәжбүр болды, оның орнына жаңа премьер сайланды. Осындай жағдай Бангладеште де болды .(халқы 110 млн адам), 1971 ж құрылғаннан бастап әскери төнкеріс нәтежиесінде үш президент ауысты, оны екеуі генерал болған .

Екі елдің экономикалық саясатына назар аудараиық. Пакистан біртұтас кезінде генетал Айют-хан бірқатар қаита құрыулар өткізді ,елдің экономикасын нығайту мақсатында аграрлық қатынастардағы делдалдық топтар жаиында (мемлекет есебінен жерді сатып алу), жер шаруаларға берілді,әсіресе ол елдің батыс бөлігінде . өнеркәсіпте мемлекеттік сектормен қатар гистеп шынсушысын қолдады.Бірақ елдің саяси сферасындағы сәтсіздіктер экономикалық табыстарды жоққа шығарды.

Осы жағдай призиденттің Бангладештің құрылуына әкелді.

Бангладештің халықаралық қатынастардағы ролі көп емес .Гешонда баиқалады : 1985ж Бангладеш ассоцация регионального сотруднигества стран южн.Азииқұру ұсынды оған Үндістан,Пакистар,Бангладеш,Шри-Ланка, Непл, Бутан және Малазиаға кірді.

Оның мақсаты- СААРКмелиреонның дамуына көмек көрсету, өзара қатынас орнату.

Пакистан кезенде СЕАТОжәне СЕНТО ның белсенді мүшесі болған. Осы елге 80 Ауғаныстаннан милиондаған қашқындар келіп , Пешовар ауданында НДПАға қарсы партизан қарулы күрес жүргізілді. Ауғанстан билік үшін күрес аяқталғаннан кеиін .Пакистан қандай роль атқаратыны белгісіз. Әскери блоктар тарағаннан кеиін Пакистан Непрассоединение мүшесі болды, 70ж.ж Үндістанмен қатынастар жақсарды , және осы саясат 90ж.ж жалғасады деген үміттеміз.


ЛЕКЦИЯ 24. Араб елдерінің азаттық қозғалысы.

Жоспары:

Сирия мен Ливанның тәуелсіздігінің жариялануы.

Израйль мемлекетінің құрылуы. Араб израйль соғыстары

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Новейшая история Арабских стран.М., 1990

Қосымша әдебиеттер:

Юрьев М.Ф. История стран Азии и Северной Африки послев мировой войнов.М.,1994.


Лекцияның мәтіні:

XIX ғасыр аяғында Сирия және Ливан Осман империясының құрамында болды. XX ғасыр басында бұл екі ел Европа капиталының жартылай отарына айналды.

Территорияны түрік губернаторлары басқарды. Дамаск уалаяты өз ішіне қазіргі Сирияның оңтүстігін, Ливан, Иордания мемлекеттерін біріктірген Халеб уалаяты - Сирияның солтүстігін, Айнтаб округін, Урфа, Александретта қазіргі Түркия құрамында, өз ішіне алған. Бейрут уалаятын - Ливан, Латаки ауданы (қазіргі Сирия құрамында), Палестинаның солтүстік бөлігін өз ішіне алған.

Сирия және Ливан территориясында феодалдық қарым-қатынас өмір сүрді. Жердің иесі түрік сұлтаны болды. Қысқа уақыт ішінде Сирия және Ливан арзан шикізат қорына айналды. Сирия және Ливан базарларында француз тауарлары сатылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Сирия және Ливан халқына жаңа қасірет алып келді. Ливан экономикасы зардап көрді. Сирия және Ливан территориясы түрік және герман басшылығымен әскери операциялар базасына айналды.

Антанта мемлекеттері жергілікті халық арасында түріктерге қарсы әрекет ұйымдастырып, Осман империясының араб провинцияларын жасырын түрде бөле бастады. 1916 жыл мамырда жасалған жасырын келісім шарт бойынша (Сайкс Пико келісім шарты) Сирияның батыс және шығыс және Ливан бөлігі соғыстан кейін Францияға қарайтын болды.

1918 жыл қазанда түріктер Сирия және Ливаннан кетеді. Ағылшындар әскері Хиджаздың араб әскерлері жәрдемімен түріктерді жеңеді. Ағылшындар тәуелсіз араб мемлекетін құруға уәде береді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Сирия және Ливанда ағылшын әскерлері оккупациялық режимді сақтап қалды. Екі мемлекет те ағылшын үкіметінің бақылауына берілді. Ливанға және Сирияның теңіз жағалауындағы жерлеріне француз әскері кіргізілді және француз губернаторы тағайындалды. Бұл режим уақтынша болашақта Сирия және Ливан тағдыры әлем конференциясында шешіледі деп жарияланды.

1919 жыл 18 қаңтарда Парижде конференция өз жұмысын бастады, Англия және Франция арасында ұзақ тартыстан кейін Сирия және Ливанға Франция мандаты берілді. (1920 жыл сәуір). Бүкіл басшылық армияға сенген француз комиссарына өтті. 1920 жыл қырқүйекте француз губернаторы басшылығында «Ұлы Ливан» мемлекеті құрылды. Ал Сирия болса ұсақ облыстарға бөлініп тасталды. Халеб, Дамаск, Джебель- Друз, Латакия. Бұл жерлерде француз губернаторлары басшылық етті.

1920 жыл Ливан және Сириядағы француз әскері 7 мыңнан 70 мыңға асырылды. Француздар Шығые Сирияны Дамаск пен қосып жаулап алуға дайындала бастады.

Сирия және Ливан Бедуин және шаруалары партизан отрядтарын құрды. Шығыс Сирияда «араб клубы», 1919 жыл маусымда Дамаскте «Жалпы Сирия конгресі» құрылды. Олар халықты басқыншыларға қарсы күреске шақырды. Ұлттық қауіпсіздік бойынша халық кеңесі құрылды.

Бірақ 1920 жыл жазда көтерілісшілер басып тасталды. Дамаск басып алынды және патриоттық ұйымдар жабылды. Саяси партиялар таратылды. 1920 жыл 9 тамызда француз әскери соты 37 араб лидеріне өлім жазасын кесті. Ұлттық қозғалыстың мүшелері басқа мемлекеттерге кетті. Олардың үлкен бөлігі Кайрге барып сол жерде Араб тәуелсіздігі партиясын құрды.

Қозғалыс басшысыз қалса да халық көтерілісі тоқтаған жоқ.

1920 жыл тамызда Хаулан облысында шарулар көтерілісі басталды.

1921 жыл бүкіл Солтүстік Сирияда көтеріліс өрті шықты. 1922 жылы сәуірде Дамаскте баррикадалық күрес басталды. Кайрде құрылған Араб тәуелсіздігі партиясы және Сирия бірлігі партиясы Ұлттар Лигасына мандатты жою және тәуелсіздік беру туралы талап қойып Жаневада конгресс шақырды.

Сириядағы көтеріліс туралы 1928 жыл Францияда шыққан газетте жазған мақаласында Сирияның комиссары генерал Сорейл былай дейді: «Тек қана 1922 жылы сириялықтар 35 рет көтеріліс жасады, нәтижесінде француз армиясы 5000 әскерін жерге тапсырды».

1920 жылдар ортасында ұлттық-азаттық көтеріліске коммунистер араласты. 1925 жыл Сирия Коммунистер партиясы құрылды. Сирияда бржуазиялық ұлттық Халық партиясы (Хизб-аш-Шааб) құрылды. Француздарға қарсы жаңа көтеріліс 1925 жыл 18 шілдеде Джабель-Друзде басталды. Көтеріліс мемлекеттің үлкен ауданын қамтыды. Дмаск, Халеб, Хомс, Александретта, Феллах және бедуиндер партизан разрядтарын құрды. Джебель-Друзда көтерілісшілер армиясы сұлтан аль-Атраш басшылығында генерал Мишоның 4000-дық армиясының тас-талқанын шығарды. Халық партиясы друз басшыларымен байланысып Дамаскіде көтеріліске дайындала бастады. Бірақ бас комиссар Соркойль жоспарды бұзып, 1925 жыл тамызда Халық партиясына тиым салды.

1926 жыл көктемде француз үкіметі Сирия және Ливанға Мароккадағы армиясын тастады. Француз әскері қорғанудан шабуылға, шықты. Джебель-Друз, Гута және басқа аудандарда соғыстар жүріп жатты. Дамаск күні-түні бомбаланды. Сирия және Ливандықтар соған қарамастан 1927 жылға дейін соғысты тоқтатпады. Француз үкіметі көтеріліс нәтижесінде Сирия және Ливанда өзін жақтайтын адамдарды үкімет ісіне араластыра бастады. 1928 жылы француз үкіметінің рұқсаты мен Кеңеске сайлау болып өтті. Депутат орындарының үлкен бөлігін Халық партиясының орнына құрылған Ұлттық блок партиясы (Кутля яль- Витания) өкілдері алды. Француз үкіметі осы партияға сүйене отырып өз ісін жалғастыруды ойлады.

Бірақ Кеңес эмигранттар жәрдемімен француз үкіметімен шиеленіске келді. 1928 жыл 8 тамызда қабылданған Конституцияда Сирия тауелсіз мемлекет деп жарияланды. Жауап ретінде жаңа француз комиссары Понсе Кеңесті таратып жіберді. Конституция 1930 жылы мамырда қабылданды, ол жерде Францияның мандатын сақтау туралы қосымша бап бар болатын.

1929-1932 жылдары Әлемдік экономикалық дағдарыс натижесінде Сирия және Ливан халқының жағдайы нашарлады. Сол кезде ауыл өнімдерінің бағасы 5 есе арзандады. Сондай уақыттада Сирия халқы тәуелсіздік үшін күресті жалғастырды. 1936 жылы 9 қырқүйекте Ұлттық блок және француз үкіметі арасында келісім шарт жасалды. Келісім шарт бойынша Франция үш жыл ішінде өз мандатын жояды. Мемлекеттің ішкі ісіне араласпайды, 30 қарашада жаңа сайлау болып бұл сайлауда Ұлттық блок жеңіске жетті.

Ұлттық блоктің басшысы Хашим аль-Атаси мемлекет президенті болып сайланды. Сирия құрамына сол кезге дейін ойыншық мемлекет болып келген Латакия, Джебель -Друз, Эль-Джазира қосылды. Франция 1937-38 жылдары мандатын жоюға қарсылық білдірді. 1939 жылы қаңтарда Франция парламенті 1936 жылғы келісім шартты ратификациялаудан бас тартты. Латакия, Джебель-Друз, Эль-Джазира Сириядан қайта бөлінді. Бұған қарсылық ретінде Сирияның ұлттық үкіметі отставкаға шықты. Жауап ретінде комиссар парламентті таратып жіберді, конституцияны өзгертті.

1936 жыл күзде көтеріліс Сирия және Ливанға тарады. Көтерілісті басу үшін француз үкіметі екі дін арасында жанжал бастауды жөн көрді. Көтерілісшілерге қарсы ливандық христиандарды (моронит) жіберді.

1936 жыл қарашада Франция жаңа франк-ливан келісім шартын жасады. Франция үкіметі үш жылдан кейін (Сирия келісіміндей) мандатын жоюға уәде берді. Ливан территориясында Франция әскері күші қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Сирия және Ливан территориясында тағыда Франция басшыларының бақылауы орнатылды.

Әлемнің саяси картасында израйль мемлкеті 1948 жылы мамыр айында пайда болды. 29 қараша 1947 жылы БҰҰ бас ассамблеясы Палестинадағы мандаттық режимді жоюды дауысқа салу 1948 жылы мамырында оның территориясында араб және еврейлік екі тәуелсіз мемлкет құру туралы шешім қабылдады. Израйль мемлкетінің құрылуы жарияланғаннан кейін жеті көршілес араб елдерінің әскері оған басып кірді. Бірінші Араб Израйль соғысы басталды. АҚШ-қа арқа сүйеген Израйль БҰҰ –на мемлекетіне деп белгіленген территорияны 6,7 мың км2 өзіне қосып алды. Және ирусалимнің батыс бөлігін оның шығыс бөлігімен Иордан өзенінің батыс жағасын Иордания, Аль Газа секторын Египет алды. 900 мың ға жуық Палестина арабтары елінен кетуге мәжбүр болды. Алғашқы араб Израйль соғысы аяқталғаннан кейін мемлекеттіліктің негізі қалыптасты. 1956 жылы қыркүйекте Египет басшылығы Израйль кемелері үшін Суэтц каналын жапты және Тиран бұғаздарына экономикалық блокада орнатты. (бұл бұғаздар Израйльдің Қызыл теңізге шығатын жалғыз жолы еді). Сирия Израйль шекарасында да шиеленіс күшейді. 1958 жылы Англияның Францияның Израйльдің біріккен континенті Синай жартылай түбегіне басып кірді. АҚШ КСРО Израйль және тағы екі мемлкет өз әскерін шығаруға мәжбүр болды. 4 маусым 1907 жылы Израйль араб елдеріне қарсы соғыс бастады. Соғыс 6 күнге созылды. Оның нәтижесінде Израйльдің территориясы 4 есе өсті. Ал Синай жартылай түбегін Газа Голланд биіктігін Иорданның батыс жағасын тартып алды. Иерусалимді «Мәңгі ажырағысыз Израйльдің бас қаласы» етіп жариялады. Үшінші соғыс 1973 жылы қазан айында Египет әскерінің Синай жартылай түбегіне ал, Сириялық әскердің Голан биіктігіне шабуылынан басталды. Үш аптаға созылған соғыс нәтижесінде Израйль әскері арабтарды тоқтатып, шабуылға көшті, бірқатар келісімдерге қол қойғаннан кейін екі жылдан кейін Израйль басып алған жерлерін қайтарып алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет