Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)


Лекцияның тақырыбы. Мемлекеттердің саяси – географиялық жағдайы



бет8/17
Дата24.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
#78171
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Лекцияның тақырыбы. Мемлекеттердің саяси – географиялық жағдайы


(1 сағат)
Жоспар:

    1. Қазақстанның саяси жағдайы.

2.ХХ ғасырдың басындағы мемелекеттер
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.

Қазақстанда аса мол стратегиялық шикізат қорлары болуы себепті, оған әлемдік саяси және экономикалық климатқа ықпал етуші халықаралық күштер мен қаржы ұйымдары тарапынан үлкен қызығушылықтар туындады. Республикамызға 1990 жылдарың басында КСРО-да барланған хзром рудасының 95, ал қорғасын мен мырыштың 40 жуық қорларының үлесі тиесілі еді. Қазастан сол кезде Кеңестер Одағында осы рудаларды өндіруден де бірінші орынды иеленсе, мұнай, мыс, боксит, қалайыдан – екінші, ал темір, марганец, көмір, алтын және т.б. кейбір мениралдық ресурстар өндіруден үшінші орында болды. Еліміз қазірдің өзінде дүние жүзі бойынша қрғасын мен мырыш өніру жөнінен ең алғашқы бестік елдері сапында, ал мыс өндіруден 7-ші орында.

Сол сияқты дүние жүзілік барланған кейбір шикізат қорлары жағынан да республикамыздың әлемдегі үлесі қомақты. Мәселен, барит пен вольфрамның қорынан 1-ші, хром мен фосфор рудасынан 2-ші, қорғасын мен молибденнен 4-ші, темір рудасынан 8-ші, ал мұнай мен газдан 12-ші орынды иеленуде. Осы себепті шетелдік, әсіресе батыс елдерінің компаниялары еліміздің табиғат байлығын игеруге ден қойып, инветициялық жобаларға қажет бөлуде. Ал Қазақстан өз кезегінде, осы мәселелер төңірегіндегі сыртқы саясатында көпвекторлы бағдар ұстануда. Оның мәні негізінен, біздің елімізде стратегиялық мүделері бар мемлекеттер мен әріптестер арасалмағын сақтау, әрі ұлттық экономиканы дамытуға көбірек инвестиция тарту мәселелері. Бүгінде Қазақстан дүниежүзінің 100-ден астам мемлекеттерімен дипломатиялық қатынас оррнатып, 900-ге жуық үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қатысып отыр, әрі ол көптеген халықаралық ұйымдар (80-нен астам) олардың арнайы мекемелерінің мүшесі болып табылуда. Болашақта Қазақстан-айналасында қалыптасқан геосаяси кеңесте дифференцивті жіктемелі жолменен өзі мүделі деген елдер мен саяси-экономикалық және мәдени-ақпараттық байланыстарды дамыта отырып, аймақтық держава ретінде республикамыздың халықаралық позициясын нығайту арқылы әлемдік геоаяси және геоэкономикалық тенденция нәтижесінде, оның дүние жүзілік қауымдастыққа енуі мен елімізх экономикасын интеграциялау үрдістерін жеделдеті мәселелерін шешу.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030” геостратегиялық бағдарламалық тұжырымдамасында, біздің тақырыбымыз мәселелері дәйекті де жан-жақты қарастырылған. Әрі мемлекетіміздің ішкі потенциялы мен оның әлемдік деңгейінде басқа елдермен ынтымақтастық қарым-қатынастары онда кеңінен қамтылып, республикамыздың қазіргі кезеңдегі және келешектегі сыртқы саясаты айшақталынып көрсетілген.

ХХ ғасырдың басында Ресей бодандығындағы қазақ жері өзінің басқарылуы жағынан біртұтас ел жүйесінде қалыптаспаған күйде болып, ал Қазақстанның саяси - әкімшілік құрылымы аумақтық та, әлеуметтік – экономикалық жағынан да өте тұрпайы түрдегі бөліністе болды. Өйткені, патшалық ресей саясаты – қазқстан жерін бөлшектеу арқылы қазақ ұтының басының бірігуін қиындату, әрі оның ұлт – азаттық қозғалысын болдырмау мақсатына бағытталған еді. Оның әкімшілік – аумақтық бөлінісі ( бұдан былай - ӘАБ) ешқандай саяси – экономикалық және ұлттық - әлеуметтік мүдделерді есепке алмай жүргізілді. Мұндай бөлініс тек патшалық өкіметтің әскери – саяси пайымдауларына сай, басқарудың оларға қолайлы жақтарын ғана ескеріп, ал ұлттық мемлекеттіліктің құрылу мүмкіншілігін болдырмау жағы көзделді.

Ресей империясы кезінде өзінің мемлекеттілік құрылымынан жұрдай Қазақстан бірнеше әкімшілік бірліктер арасында бөолшектену күйінде болды. 1917 жылғы төңкерістер қарсаңында оның аумағында келесі алты облыс болды. Олар . Ақмола, Атбасар, Омбы және Петропавл уездері қараған – Ақмола мен Зайсан, Қарқаралы, Павлодар, Семей және Өскемен уездерінен тұратын – Семей облыстары. Бұл аталған екі облыс та Далалық генерал – губернаторлығы құрамында болып, Омбы қаласынан басқарылатын. Ал орталығы – Ташкент қаласы болған, Түркістан генерал – губернаторлығы құрамына: Верный, Жаркент, Қапал, Лепсі, Пішпек және Пржевальский уездері кірген – Жетісу (Семиречье) мен Әулиеата, қазалы, Перовск, Ташкент және Шымкент уездерінен құралған – Сырдария облыстары қарады. Ал Гурьев, Лбищенск, Темір, Орал уездерімен Орал облысы ( орталығы – Орал қаласы( мен өзінің құрамындағы – Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Торғай уездері кіретін – Торғай облысы ( орталығы – Орынбор қаласы( жеке әкімшілік құрылымдар ретінде болды. Бұлардан басқа Бөкей Ордабасының жері Астрахань губерниясына бағындырылып, ал Маңғыстау түбегі мен оған жанасып жатқан Арал және атырау теңіздерінің аралығындағы жерлер Закаспий облысына ( орталығы – Красноводск қаласы) қаратылды. Міне, осылайша қазіргі Қазақстан жерінің аумағында сол кезде бірде – бір ұйымдастырушылық орталық мәніндегі губерниялық қала болмады.



26-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Қазіргі геосаясаттағы аймақтық география


(1 сағат)
Жоспар:

    1. Аймақтық саясаттың жүзеге асуы.

    2. Ресейдің, Германияның аймақтық саясаты.

    3. Қазақстанның аймақтық саясаты.

.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.

Бүгінгі кезде әртүрлі деңгейдегі аймақтардың саны көбейіп келеді. Әлемнің барлық елдерін бәр халықаралық аймақтың мүшесі деп айтуға болады. Олар сондай-ақ бірнеше аймақтың және субайцмақтық жүйелердің қызметіне де қатысады. Аймақтану процесіне өзінің шекаралас аудандары арқылы көршілердің шералас аймақтарымен және халықаралық аймақтарымен әр мемлекет қатысады.

Осылайша, аймақтанудың екі деңгейін атап көрсетуге болады: мемлекеттердің халықаралық аймақтарға бірігуі және мемлекеттің өз құрамында аймақтарға бөлінуі. Мемлекеттерді халықаралық аймақтарға бірігуінің мысалы ретінде 15 мемлекетті біріктіретін Еуропа Одағын келтіруге болады.

Аймақтың саясатты жүзеге асыра отырып, Еуропа Одағы қолайсыздау жағдайларда орналасқан аймақтардың артта қалуын азайтып, басқалармен теңестіруге тырысады. Көптеген елдерде аймақтардың өз әлеуметтерін толық жүзеге асыруына, сөйтіп олардың ұлттық экономикаға қосатын үлесін барынша арттыруға жағдайлар жасайды. Мәселен Испанияда теңдік принцпі елдің конституциясында жазылған.

Германиядағы аймақтық саясатты нығайтуда конституция маңызды рол атқарады. Онад елдің барлық бөлігінде адамдардың өмірі мен қызметіне

ХХ ғасырдың басында Ресей бодандығындағы қазақ жері өзінің басқарылуы жағынан біртұтас ел жүйесінде қалыптаспаған күйде болып, ал Қазақстанның саяси - әкімшілік құрылымы аумақтық та, әлеуметтік – экономикалық жағынан да өте тұрпайы түрдегі бөліністе болды. Өйткені, патшалық ресей саясаты – қазқстан жерін бөлшектеу арқылы қазақ ұтының басының бірігуін қиындату, әрі оның ұлт – азаттық қозғалысын болдырмау мақсатына бағытталған еді. Оның әкімшілік – аумақтық бөлінісі ( бұдан былай - ӘАБ) ешқандай саяси – экономикалық және ұлттық - әлеуметтік мүдделерді есепке алмай жүргізілді. Мұндай бөлініс тек патшалық өкіметтің әскери – саяси пайымдауларына сай, басқарудың оларға қолайлы жақтарын ғана ескеріп, ал ұлттық мемлекеттіліктің құрылу мүмкіншілігін болдырмау жағы көзделді.



27-лекция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет