ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ
Жетісай –2009ж
9. Лекция сабақтары
Лекция №1. Кіріспе
Жоспар:
-
Халықаралық қатынастар тарихының пәні , мақсаты ,міндеттері, оқу процесіндегі ролі.
-
Халықаралық қатынастар тарихына жалпы сипаттама.
-
Сауда-отарлау соғыстарының маңызы және отаршылдық империялардың құрылуы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:История дипломатии / под ред. В. А. Зорина. В 5-ти томах. М., 1959-1979
Новая история стран Европы и Америки. Первый период / под ред. А. В. Адо
Жуковский Н. Дипломаты нового времени. М., 1982
Қосымша әдебиеттер
Ерусалимский А. Е. Внешняя политика и дипломатия германского империализма в конце XІXв. М., 1957
Ерусалимский Е.А. Колониальная экспансия капиталистических держав и освободительное движение народов Южной Африки и Китая в XVIIғ.- XІXвв.
Лекцияның мәтіні:
Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихын біртұтас түсіну үшін курстың мазмұны бұл кәпғасырлық процестің негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын қамтыған, сонымен қатар әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің, ірі аймақтардың сыртқы саяси тарихының негізгі оқиғаларын ерекше атап өткен.Дипломатия оның ерекшеліктері мен роліне, сыртқы саясатты жүргізудің әдіс-тәсілдеріне көп көңіл бөлінген.Саяси көшбасшылар мен сыртқысаяси ведомстволар басшыларының шешім қабылдап оны іске асыруы да қарастырылады.Сонымен қатар жинақталған нақты материалды теориялық жағынан түсінуге де назар аударылған.
Материалды баяндауда хронологиялық, географиялық, проблемалық принциптер қолданылған.
Бұл курсты оқу әртүрлі кезеңдердегі әлемнің саяси картасын жақсы білуді талап етеді.
Мамандықтың оқу жоспарының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып оқу-әдістемелік кешен студенттерде халықаралық қатынастар мен қазіргі сыртқы саяси проблемалар жүйесін біртұтас етіп түсінуіне де көп көңіл бөледі.
Курсты оқуда студенттер «Европа және Америка елдерінің жаңа , қазіргі заман тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы» пәндері бойынша алған білімдеріне сүйенеді.
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қатынастар тарихы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл пән жаңа заман мен қазіргі заман тарихының ортасында, кейде қатар оқылады.Ол жаңа заман, қазіргі заман дәуіріндегі алдыңғы қатарлы дамыған елдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, олардың сыртқысаяси бағыттарын,саяси көшбасшыларының ролін және сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын зерттейді.
Бұл пәнді оқу барысында елдер арасындағы экономикалық, саяси байланыстардың сыртқы саяси бағыттарының дамуы туралы жүйелі көзқарастарды қалыптасады.Мұнда жаңа заманда ұлттық мемлекеттердің құрылуы, олрдың бір-бірімен байланысы, сыртқы саясаты, отаршылдық империялардың қалыптасуы, дамуы, олардың күйреуі, қазіргі замандағы халықаралық қатынастардағы негізгі мәселелер, олардың даму заңдылықтарын, ерекшеліктері жөнінде ой-қорытынды қалыптастыруға көмектеседі.
Лекция № 2-3 XVIIғ. Халықаралық қатынастар.
Жоспары:
-
XVIIғ. Халықаралық қатынастарға жалпы сипаттама
-
Отызжылдық соғыс (1618-1648 жж)
-
Ресей мемлекетінің сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:Новая история стран Европы и Америки. Первый период/ Под ред. А. В. Адо
Қосымша әдебиеттер:Басин В. А. Россия и казахские ханства в XVII-XVIII вв. Алма-Ата, 1971
Лекцияның мәтіні:
XVIIғ. Европада ұлттық мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Европада екі әулет үстемдік үшін күрес жүргізді олар- Габсбургтер және Бурбондар. XVIIғ орасына таман француз ықпалы күшейді.Француз дипломатиясы өз үстемдігін орнатып «мемлееттік мүдде», « саяси теңдік» принциптерін жариялады.
Бұл кезеңнің халықаралық жағдайдағы басты оқиғасы – отызжылдық соғыс болды.Оның негізгі мазмұны протестандық және католиктік діндер арасындағы күрес болды.
Соғыс қарсаңында Европада халықаралық жағдай шиеленісіп , жалпыевропалық дағдарыстың алғы шарттары қалыптасты.Соғыста неміс князьдерінің өзара және император билігі мен қарым-қатынасы,Батыс Европадағы үстемдік үшін испанфранцуз күресі Балтық үшін испан-голланд күресіОңтүстік-Шығыс Европада ықпал үшін, Польша мен Ресей арасындағы күрес маңызды роль атқарды.
Германия мен Италия бытыраңқылығын сақтады, сондықтан олар ішкі және сыртқы күштер аренасына айналды.Қасиетті Рим империясы өзінің күрделі құрылымыжәне даулы шекараларымен тұрақты дағдарыс алаңына айналды.Германия князьдері бір-бірімен және Австрияның князьдік үйі – Габсбургтермен күрес жүргізді.
XVғ бастап австриялық Габсбургтер императорлық таққа сайланып келді.Түріктердің Орталық Европаға қарай жорығына байланысты Габсбургтер әулетінің маңызы өсті.Чехиялық, венгриялық, австриялық жерлер жауға қарсы бірікті, осындай қалыптасқан көпұлтты мемлекетті Габсбургтер басқарды.
Габсбургтердің күшеюі сол уақытта Европада қалыптаса бастаған ұлттық мемлекеттер үшін қауіпті болды.
Француз үкіметі XVIғ Франциск І тұсында келіссөздер жүргізіп Түркия мен келісімге қол қойды. Оның шарты бойынша капитуляциялар режиміне, және сауда жеңілдіктеріне ие болды.
Англия үкіметі Габсбургтердің Солтүстік теңіз жағалауында орнығуына қарсы болды.Шығыстағы позициясын нығайтуға ұмтылған Фрамцияның әрекеттері Англияның сауда мүдделеріне нұқсан велтірді.Соғыстың басталуына тікелей сылтау болған Прагадағы 1618 ж оқиғалар.Соғыс төрт кезеңге бөлінеді.Бірінші кезең(чехиялық) 1618-1624жж
1624ж Прагада сейм Чехияныңұлттық тәуелсіздіктен айрылуын бекітті.
Екінші (даниялық) 1625-1629жж. Протестанттар жеңіліске ұшырады.
Үшінші кезең( швециялық) 1630-1635жж.
Төртінші( франко-швециялық) 1635-1648 жж.
Соғыс Вестфаль бітімімен аяқталды.Ол екі ғасырға Германияның саяси бытыраңқылығын сақтады.Империя фформальді түрде сайланатын монарх басқаратын тұрақты рейхстагі бар мемлекеттер одағы ретінде сақталды.Соғыс Германия мен Габсбургтер империясына кірген елдерге көп шығын алып келді.Халықтың саны қысқарды, екі есе, кей жерлерде он есе.
ЛЕКЦИЯ № 4-5
XVIIІғ. Халықаралық қатынастар
Жоспары:
-
Европадағы күштердің арақатынасының өзгеруі
-
Солтүстік соғыс , оның жалпыевропалық маңызы
-
Европадағы халықаралық жағдай
-
Қазақ хандығының сыртқысаяси жағдайы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: Новая история стран Европы и Америки. Первый период/ Под ред. А. В. Адо
Қосымша әдебиеттер
Дебидур А. Дипломатическая история Европы;1814-1878. Ростов-на-Дону., 1995
Лекцияның мәтіні:
XVIII ғ. сыртқы саясатында шешуші рол атқаратын мемлекеттер: Франция, Англия ,Ресей ,Австрия, Пруссия.
Бұл державалар арасындағы күрестің негізгі сферасы бытыраңқы Италия және Германия, Польша және Балқан түбегінің елдері кіреді. XVIII ғ. Европалық державалардың арасындағы мен Францияның теңізде және отаршылдық үстемдік үшін күресі. Австрия мен Пруссияның Германияға ықпалы үшін күресті. XVI – XVII ғасырдың өзінде Ресей Балтық жағалауын өзіне қаратуға ұмтылды. Оның басты жауы Швеция болды. Швецияның құрамына кірген жерлер: Финляндия, Эстландия және орыс иеліктері Инор және Корея жерлері кірді. Соғысқа әзірленумен қатар Петр I 1699 ж Даниямен, Саксониямен, Польшамен одақ құрды. Ал 1700 ж Оман империясымен келісім жасап Швецияға соғыс жариялайды.
1700-1721 ж Солтүстік соғыс. Соғыс жариялағаннан кейін Петр I Швецияның 35000 әскерін Швецияның Нарва қамалына асылжытты. Швецияның әскерлеріне Карл XII басшылық етті. Алғашқы шайқаста 1700 ж қарашада орыс әскері Нарва түбегінде жеңіліске ұшырайды. Бірақ Петр I жеңіліске қарамастан орыс әскерін қайта құруға тырысты. 1703 ж орыс әскері Нева өзенінің бойын азат етіп, Балтық теңізінің бойына шықты. Осы кезде Шың әскері Варшава және Прагав қалаларын басып алды. 1704 ж Польшаның Сеймі ( парламент ) Август II- шіні тақтан түсіріп Станислав I Вешинскийді тағайындайды. (1677-1766 ж ) өмір сүрген. 1704-1706 ж Шведтер Сахсон , Польша орыс әскеріне бірқатар соққы беріп Польшаны соғыстан шығуға мәжбүр етті. 1706 Альтрашитадт бітімі бойынша Польша соғыстан шықты. Шведтер инор жерлерін тартып алу әрекетін жасады. Бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. 1709 ж сәуір айында Шведтер Польшаны басып алу әрекетін жасады. 1709 ж 8 шілдеде Полтава шайқасы болды. Осыдан кейін Солтүстік одақ жанландырылды. Оған Пруссия қосылды. 1710 ж 31 наурызда Ресей мен Швеция Гагада Германиядағы Швед иеліктерінде әскери қимылдар жүргізу міндетін алды. Осы жылы орыс әскері біраз жерлерді Левляндия, Эсландия, Выбр, Вильманстранд қалаларын алды. 1712-1714 ж Ресей Европада бірқатар жеңіске жетті. 1713-1714 ж Ресей Финляндия территориясының жартысын басып алды. 1714 ж 7-тамызда орыс флоды Галгуд маңында Швецарияның флотын жеңді. 1718 ж Карл II – ші қаза тапты. 1720 ж Швеция Англиямен одақ құрып Пруссиямен бітім жасады. Маусымда Даниямен одақ құрды. 1720 ж мамырда Балтық теңізіне ағылшын эскадрасы кірді. Олардың ревелді алу әрекеті сәтсіз аяқталды. Соғыс орыс әскерлері жеңісімен аяқталды. 10 қыркүйекте Ресей Немтатд қаласында Швециямен бітімге қол қойды. 22-қазан 1721 ж Селат және қасиетті Сенад I Петрге «ұлы» деген титулын берді, ал Ресей империяға айналды.
Испан мұралығы үшін соғысқа тікелей Серетау болған Испан тағындағы Габсбурлардың соңғы өкілдері Карл II-нің қайтыс болуы. Испан тағына талапкер болған мемлекеттер : Франция, қасиетті Рим империясы және Пруссия, 1700 ж ол Филип V деген атпен Испанияның патшасы болды.1701 ж ол франсуз тағыныңда мұрагері болды. Европаның барлық территориясы Висла өзенінің Атлантикалық мұхитқа дейін әскери шайқастар алауына айналды. 1713 ж Утрехт және Ништад келісімі бойынша Филип V Испания патшасы болып танылды. Бірақ ол Франсуз тағына деген мұрадан бас тартты. Қасиетті Рим империясының императоры Карл VI Нидерланды мен Неопалита патшалығын Таскананың бір бөлігі және Милан герцогствасын алды. Пруссияны патшалық деп мойындады. Францияның соғыста жеңілуіне байланысты Англия үстемдікке ие болды. Бұл соғысқа Ресей, Австрия, Сахсиния қатысса, екінші жағынан Франция, Испания, Сабдинил және Бавария қатысты. Бұл соғысқа сұлтау болған Август II қайтыс болғаннан соң Польша тағына талас болды. Франция Станиславты ұсынды. Оның сайлануы Ресейдің Польшадағы және Шығыс Европадағы ықпалын әлсірететін еді. Ресей мен Австрия Сахсиния Августтың сайлануын өтінеді. 1734 ж шілдеде орыс әскері ретанск портын алды. Ресей өзінің әскерінің жартысын Польшада қалдырып, жартысын Австрияға көмекке жіберді. 1735 ж әскери қимылдар тоқтатылды. Бірақ жалпы бұл дағдарыс 1738 ж Вена бітіміне қол қоюмен аяқталды. Франция Август III-ны мойындады. Ленинскийге мәңгі патша титулын берді. Ол қайтыс болғаннан кейін оның жерлері Францияға берілді. Австрия 2 сицилия патшалығынан бас тартты. Сардинияға Милан герцогының жартысы берілді. Осы соғыстан кейін Ресейдің ықпалы өсті. XVIII ғ. 40 ж Батыс Европада Англиямен Франция арасында сауда тармақтарының үстемдігі үшін соғыс басталды. 1740-1748 ж Австрияның мұрагерлігі үшін күресч басталды. Оның мақсаты Австриялық Габсбург үйінің иеліктерін бөлу. Басталған соғыста екі коолиция күресті.
-
Франция, Пруссия, Бавария және Испания.
-
Австрия, Англия, Голадия және осы соңғы,одақ жағына 1746 ж бастап Ресей кірісті.
Соғыс 1747 ж Ахен келісімімен аяқталды. Оның шарты бойынша Габсбургтер өз иеліктерінің көп бөлігін сақтап қалды.
ЛЕКЦИЯ № 6
Отаршылдық империялардың қалыптасуы(XVII- XVIIIғғ.)
Жоспары:
-
Отар және метрополия туралы түсінік
-
Европалық капитализм генезисі және отаршылдық
-
Ағылшын отаршылдық империясының құрылуы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Ерусалимский Е.АКолониальная экспансия капиталистических держав и освободительное движение народов Южной Африки и Китая в ХҮІІ-ХІХ вв. М., 1974
Қосымша әдебиеттер:
История дипломатии / Под ред. В.А. Зорина, в 5-ти тт. М., 1959-1979
Новая история Европы и Америки. Первый период / Под ред. А. В. Адо М., 1986
Лекцияның мәтіні:
Отар деген түсінік (латынша «поселение») көне антикалық заманда пайда болды, ол кезде бұл жермен алғашқы орталықтан тыс орналасқан тұрақтарды белгілеу үшін қолданылды. Бұл түрінде осындай тұрақтар егіншілерге неолит дәуірінен белгілі. Ал бірақ арнаулы мағынада, тек ғана келімсектер орналасуын білдірмейді.
Тарихта, алғаш рет отарлау іс-тәжірибесін қолданған финикиялықтар-олар үшін сауда мен теңізде жүзу негізгі қызмет болып табылады. Ал кейіннен гректер мен римдіктер. Осы тұрғыдан алғашқы Таяу Шығыс элменизациясын (Алғашқы жорығынан кейін ) да осындай отарлау ретінде қарастыруға болады. Бірақ отарлау сипаты басқаша еді. Орта ғасырларда отаршылдық англавтарды Венеция және Генул сауда республикалары құрды және Ганза секілді сауда одақтары ал Шығыс елдерінің өзінде отарлау дегеніміз-бөгде территорияда әкімшілік-автономиялық англав құру, метрополияның копиясы.
ХVІІ-XVIII ғасырларда шығыс елдерінің тарихы европалық державалардың отаршылдық саясатымен тығыз байланысты. Бұл кезеңде ірі сауда буржуазиясының талабына сай отаршылдық жүйенің негізі қаланды. ХVІІ ғасырдың Ост-Инд компаниясының отаршылдық саясатының алғашқы қадамдары Нидерланды мен байланысты болған болса, онда XVIII ғасырда Голланд компаниясы өзінің үстемдігінен айырылып, өз позициясын Англияға берді. Алдыңғы қатарлы Голландия сауда соғыстары барысында бірнеше соққы берді. Англияға 1780-1784 жылдары ағылшын-голланд соғысы нәтижесінде Голландия отаршылдық территорияларынан айрылды және ағылшын кемелері индонезиялық суларда жүру құқына ие болды. Бұл уақытта Англия Үндістанда, Таяу Шығыста, қытайда белгілі табыстарға жетті.
Үндістан территориясы ағылшын француз күресінің аренасына айналды. Австриялық мұралық үшін күресте (1740-1748 ж.ж.) ағылшын компаниясы буржуазияға арқа сүйеп француздарды ығыстырды, бірақ бұл мәселені біржолата 7-жылдық соғыс шешті. (1756-1763 ж.ж.) негізгі кезеңі- Бенгалияны басып алу және бағындыру.
Үндістанды тонау-капиталдың алғашқы қорлану процессінің негізгі кезеңі болып,
англиядағы өнеркәсіптік революциясының басталуын тездетті. XVIII ғасырда Үндістанның көп бөлігі тәуелсіз болғанымен, XVIII ғасырдың соңында Англия үстемдік позициясыға ие болып, өз бәсекелестерін жойды.
Индонезия үшін Британ және Голланд Ост-Инд компаниялары күресті. Бұл жерде ағылшындар голландарға жол берді. XVIII ғасырдың ортасында Голландия бүкіл Ява аралын бақылады т.б. бірақ біржолата тек ХІХ ғасырда бағындырды.
Австралияны отарлау басқа жолмен жүрді. 1770 жылы Джеймс Кук (1738-1779) Австралияның Шығыс жағалауын зерттегеннен кейін өкіметі бұл жерді (Англия, Шотландия, Ирландияның бұрынғы жіберетін жері америка отарлары жабық болды). Австралиядағы алғашқы британ отары Жаңа Оңтүстік Уэльс 1788 жылы ақпан айында құрылған.
Отаршылдық дамуындағы маңызды кезең XVIII ғасырдың соңының оқиғалары Европадағы өнеркәсіптік революция, 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыс, 1789-1794 жылдары Француз революциясы Европа өзінің иеліктерін өнеркәсіптер товар рыногына, шикізат пен азық-түлік көзіне айналдырғысы келді. Сонымен отарлар қалыптасып келе жатқан дүниежүзілік капиталистік рыноктық қатынастары тартылды.
ЛЕКЦИЯ № 7-8
XVIIIғ соңы менXIXғбас. европалық дипломатия
Жоспар:
1.ХҮІІІ ғ. соңындағы франуз буржуазиялық революциясы жыдарындағы халықаралық қатынастар
2.Напалеон соғыстарының сипаты
3.1808-1809 жж. орыс-швед соғысы
4.Напалеон империясының құлауы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Зак Л. А. Монархи против народов. Дипломатическая борьба на развалинах напалеоновской империи. М., 1966
История дипломатии / Под ред. В.А. Зорина М., 1959
Дебидур А. Дипломатическая история Европы 1814-1878. Ростов-на-Дону., 1995
Қосымша әдебиеттер:
Лекцияның мәтіні:
ХVІІІ ғасыр Европалық халықтардың қатынастарында басты роль атқарды. Англия мен Франция. 1733 жылы Франция Польшаның мұралығына ие болады. Людовик ХVІ ғ. Америкалық отаршылдықтарға көмек көрсетеді. 1777 жылы Франция Американыңдайды. 1779 жылы Франция, Испания, арасында одақ құрылады. Франция бірнеше жетістіктерге қол қояды.
1783 жылы Версаль сарайында қол қойылды. Ол бітімнің шарты бойынша Антиль аралдарына келетін Лючия, Товаго, Хонди, Черл, Чадарнего, Тоа, Под ли Чели Үндістанның көп қалаларында ие болды. Бірақ 1786 жылы Англиямен жаңа келісім жасайды. Алғашқы уақытта Напалеон империясы күрес жүргізеді. 1803 жылы мамыр айында Англия мен Франция арасында дипломатиялық қатынас үзілді. Ағылшын –Француз соғысы басталды. Ла-манш бұғазы арқылы Британ аралына әскер түсіруге дайындалды. Ағылшын үкіметін Пит басқарды және да Европада басталған халықаралық жағдай Францияға қарсы мемлекеттер үшін қолайлы болды. 1803 жылы ақпан айында Напалеонның басқыншылығымен Рессациясы жөніндегі актке қол қойды. Герман бірнеше ұсақ деректерінің бірнешеуі жойылды. Бірақ Напалеон саясатын қолдаған, бірнеше неміс билеушілері кеңейді. Жаңа Напалеонның территориясын ұлғайтқан жаңа мемлекеттер еді. Сонымен Германия мемлекеттері араларында Англия мен Пруссияның ықпалы әлсірей бастады. 18063 жылы Делдалдық актке қол қояды. 1802 жылы Напалеон Пламондты қосып алды. Территориясын 3-департаментке қол қойды. Тақтағы Напалеон өз адамын отырғызады. Бұл әрекеттер Напалеонның Ресей, Австрия, Пруссияның наразылығын туғызды. 1805 жылы сәуір айында Ағылшын буржуазиялық республикасы құрылды. 1815 жылы Европадағы соғыс қайтадан жандандырылды.
21-қазан күні Адмирал нельсон Напалеонға үлкен соққы берді. Франция әскері шайқаста 9-мың әскерінен айырылды. 1805 жылы 26-желтоқсанда Қазіргі Братиславада Австрия бітімге қол қойды. Оның шарты бойынша Францияның Италияны жаулап алғанын мойындайды. Германияның 6/1 бөлігін айрылды. Австрияға, Францияға плорин төлеуге контревюцияланды. 1806 жылы тамыз айында Австрия империясы, Трансты, Германия империясы титулдан бас тартты. Қасиетті Рим империясы жойылды. Сонымен 1806 жылы қыркүйек айында Францияға қарсы жаңа коалиция қалыптасты. Оның құрамына Англия, Ресей, швеция кірді. 14- қазан күні әскери шайқастар бастайды. 2-аптадан кейін Прус әскерін жеңіп, Берлин қоласына басып кіреді. Напалеон Ресейге қарай жылжыды. Придлан түб. Орыстар жеңіледі. Тилзидта одақ туралы келісім болды. Тилзидта Франция мен Пруссия арасында келісім жасалды.
ХVІІІ ғасырдың ІІ-жартысында Иран билеушісі Нәдір қайтыс болғаннан кейін Закавказье елдерінде саяси жағдай өзгерді. Батыс Грузияда Түрік ықпалы сақталды.
ЛЕКЦИЯ №9
Шығыс мәселесінің тууы және европалық дипломатия
Жоспары:
1.Осман империясының дағдарысы және Шығыс мәселесінің тууы
2.Европалық державалар арасындағы Таяу Шығыстағы ықпал үшін күрес
3.1826-1828 жж. орыс-иран соғысы
4.1828-1829 жж. орытүрік соғысы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Внешняя политика России на Ближнем Востоке в конце 30-нач.- 40-х гг. ХІХ в. М., 1975
Восточный вопрос во внешней политике России (кон. ХҮІІІ- нач. ХХ в.М., 1978
Қосымша әдебиеттер:
Дулина Н.А. Османская империя в международных отношениях (30-40-е гг ХІХв ) М., 1980
Лекцияның мәтіні:
1815 жылы Европалық елдерде коалициясы, Ресей, Пруссия, Австрия және Англия қасиетті одақ құрды. Осыдан кейін Европада державалар, Таяу шығыстық бір-біріне араласпау позициясын ұсынды. ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап Европада одақ өзгерді. Мұндағы басты мақсат Осман империясын бөлу мәселесі қарастырылды. Ұлыбритания мен Франция бір жағынан, екінші жағынан Ресей, балқан түбегіндегі үшін күресті. Европалық державалардың шығыс мәселесі жөніде жаулап алу жоспары құрылды. ХХ ғасырдың ортасынан бастап Таяу Шығыс соғыс елдеріне айналды. ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында одан әрі жылжыды. Сонымен қатар Ұлыбритания мен Ресей Иран территориясы үшін күресті. Империя Ресей Иранның ішкі істеріне араласа бастайды.
Ресей Азербайжанды бөліп алу үшін Иранның шахы патх-Али Ұлыбританиядан көмек сұрайды. Сонымен 1826-1827 жылдары Ағылшын-Иран соғысы болды. Біріншісінде иран жеңіледі. Дербен және Баку. Бұл уақытта 1814 жылы Англия мен Иран аралығында материалдық көмек көрсету арқылы келісім жасайды. Иран әскерін, қаруен қамтамассыз етуді қолға алу керек.
1819-1821 ж.ж. Ресей бірқатар Кавказ хандарын басып алды. Кулус, Қара-қайтыс, мехталы. Кейінгі жылдары рсесей өздері қарсы шыққан Черкез ді басып жаншыды. Британ үкіметі Ресейдің Балкан түбіндегі позициясының күшеюін болдырмас үшін Ресейдің басқа аймақтарға кірісуін қолдады. 1826 жылы шілде айында Иранның шахы пахт-Али Ресейге қарсы соғыс бастайды. Сөйтіп Иран әскері тақ мұрагері Аббас мырзаның басшылығымен 1805 жылы болған, Хорабек басып кірді. Азербайжан әскері көтеріліске шыққан. Шілде-тамыз айларында иран әскері Шығыс Закавказьенің жерлерін азат етіп, Бату қаласына жақындады. 1827 жылы княз Пескеевич басқарған Ереван және Нахачеван жерлерін басып алды. Бұл келіссөздерді ағылшындар да қолдады. 1827 жылы 20-қазанда Ресей-Франция арасында Түрік –Египет плотын талқандады. 1828 жылы 10-ақпан Түркманшай аул. князь Паскеевичпен Аббас екеуінің арасында Түркманшай араларында Бітім алды. Дәлірек айтқанда Ереван-нахачеван кірді. Иран 20 млн. Ресейге конституция бөлуге тыйым салынды. Қосымша сауда туралы трктатқа қол қойылды. Түркманшай трактаты Ресейдің Грузия территориясын толығымен Шығыс Армения мен Солтүстік Азербайжанды бөліп алуға кірді. Түркманшай бітімін алып келген Петербург қаласынан алып келемін ғой? Түрік мемлекеті бойынша соғдылардың мақсаты рсесй, Ұлыбритания, Бейтараптық жайды. Халықтық жағдай Ресей үшін қолайлы болды. Осман империясы Закавказьенің Ресей империясы кіргенін мойындады. Молдавия, Балахияда бітімнің шарты толық орындалғанша балахия Силистрияға кіреді.
ЛЕКЦИЯ № 10 Шығыс мәселесінің тууы және европалық дипломатия
Жоспары;
1.1840-1847 жж. Шығыс мәселесі
2. 50 жж. бас. Шығыс мәселесі
3. Дунай князьдіктерінің тарихындағы орыс-түрік соғыстарының маңызы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Внешняя политика России на Ближнем Востоке в конце 30-нач.- 40-х гг. ХІХ в. М., 1975
Восточный вопрос во внешней политике России (кон. ХҮІІІ- нач. ХХ в.М., 1978
Қосымша әдебиеттер:
Дулина Н.А. Османская империя в международных отношениях (30-40-е гг ХІХв ) М.,1980
. Лекцияның мәтіні:
1838 жылы иран әскері Герат астанасын қоршауға алды. Ұлыбритания Иран мен дипломатиялық қатынастарды үзді. 1838 жылы қазан айында гератты қорғауды сылтау етіп 12 мыңдық ағылшын-үнді әскері 40 мыңдық жүк тасушылармен қоса махнатеннің жалпы басшылығымен Ауғанстанға қарай жылжыды. Соғыстағы жеңілістер, Ресейдің қолдауының әлсіз болуы, Ұлыбританияның Иранға қысым көрсетуі Мохаммед шахты Гератты жаулап алу жоспарынан бас тартуға мәжбүрледі. 1838 жылы күзде иран әскері қамалға оқ жаудыруды тоқтатты. 1839 жылы Иран мен Ұлыбритания арасында келісім жасалды. Оның шарты бойынша Ұлыбритания Герат князьдігінен әскерін шығаруға міндеттенді. 1841 жылы бұл келісімді сауда келісімімен толықтырды, ол бойынша Ұлыбритания Иранда, Түркіманшай бітімі бойынша Ресей ие болған сауда жеңілдіктеріне қол жеткізді.
Орталық Азиядан өзінің бақталасы Ресейді дипломатиялық жолмен ығыстырып, қару күшімен Ауғанстанды алғаннан кейін Ұлыбритания Герат ханын келісімге келуге мәжбүрледі. Бірақ ол Ираннан көмек сұрайды. Гератты толық бағындыруға жаңа билеуші Шуджа мен ағылшын әскеріне қарсы басталған азаматтық соғыс кедергі болды.
2 қараша 1841 жылы Кабул көтерілісі нәтижесінде Шуджа тақтан түсірілді. Көтерілісті басуға күші жетпейтіндігіне көзі жеткен Ост- Инд компаниясының генерал-губернатор маңындағы сыртқы істер жөніндегі хатшы Махнатен көтеріліс жетекшілерімен Ауғанстаннан ағылшын әскерін шығару туралы келісімге қол қойды.
Ауғанстанға жіберілген Ост-Инд компаниясының әскерін 1842 жылы қаңтар айында ауған моджахедтері жойып жіберді. Өзінің әскери беделінің жойылуынан қорыққан Британия 1842 жылы тамызда Ауғанстанға басып кірді. Бұл жолы да Ауған елін бағындыру сәтсіз аяқталды.
1837-1842 жылдары Герат жанжалы мен ағылшын-ауған соғысы орталық Азиядағы Ресейдің экономикалық және саяси ықпалын әлсіретіп, Ұлыбританияның позияциясын күшейтті, нәтижесінде ол Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда отарлау саясатын одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Ол жаңа Герат соғысына алып келді. (1857-1873 ж.ж.)
ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейдің Қытаймен саудасының құлдырауына байланысты, Ресей үшін Иранмен қатар Орта Азия хандықтарының маңызы өсті. Бұл елдер ресейді өнеркәсіптік тауар сататын рынок және тоқыма өндірісінің шикізат көзі ретінде қарастырды. Орта Азиялық феодалдық мемлекеттерде Бұхар, Қоқан, Хиуа, Герат хандықтарында, Кабул әмірлігінде т.б. жартылай тәуелді бектерді ХІХ ғасырдың І-жартысында өзбек, түркмен, тәжік, қазақ, қырғыз, ауған, қарқалпақ т.б. халықтар өмір сүрді. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Ұлыбританияның отарлауынан қауіптенген Ресей, әскери жолмен, шекаралас болғандықтан осы жерлерді жаулап алуға кірісті
Достарыңызбен бөлісу: |