XVІIІ ғғ. 20-шы жылдарындағы жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысы
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Орбұлақ шайқасы.
-
«Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама»
-
Қабанбай, Бөгенбай және Райымбек батырлар.
-
«Аңырақай» мен «Қалмаққырылған» шайқастары
Пайдаланатын әдебиеттер:
-
Вопросы историографии и источниковедения Казахстана /дореволюционный период/ - А., 1988.
-
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ және хандар шежіресі.
- А., 1991.
-
Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ-нач. ХХ вв. - А., 1971.
-
Тынышпаев М. История казахского народа. - А.. 1993.
-
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 2-том.
- А., 1998.
Шапқыншыларға қарсы азаттық күрес, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды». Басқыншыларды қазақ жерінен қуу. Азаттық күрестің көрнекті қайреткерлерді; Қабанбай, Бөгенбай т. б.
Ұлттық тәуелсіздікке төнген қауіп қазақтарды бірігуге мәжбүр етті. 1726 жылы Ұлы жүз бен Кіші жүздің біріккен әскері Тайлақ батыр мен Саурық батырдың бастауымен Бұланты өзені бойында Қарасиыр деген жерде жоңғарларға ауыр соққы берді. Бұл жеңіс қазақтарды одан әрі қарсы тұруға жігерлендірді. Осы жылы Шымкент маңында, Ордабасы тауында үш жүз өкілдері қатысқан мәслихат өтті, онда қазақ әскерінің жоғарғы бас қолбасшысы – сардар сайлануы керек болды. Сардар келешекте жоғарғы ханның орнын басатынын түсінген сұлтандар арасында қайтадан талас туды. Алайда істің нақтылығы билерді қатал орталық билікті жақтаушы Әбілхайырдың пайдасына шешім қабылдауға мәжбүр етті. Үш жүздің әскерін ұйымдастыруда Бөгембай, Тайлақ және Саурық маңызды роль атқарды. 1729 жылы Балқаш көлінен оңтүстікте Аңырақайда ірі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да талқандалып шегінді. Жеңістен соң Қазақ хандығын біріктіру мен қайтыс болған Болаттың орнына хан сайлау мәселесі тұрды. Сайлауда Әбілхайыр айналып өтіліп, билер хан тағын Болаттың ұлы Әбілмәмбетке (1730-1771) тапсырды. Сұлтандардың бөлігі мәслихат шешіміне бағынудан бас тартты. Әбілхайыр жақтастарымен қазақ әскерін тастап, Жайыққа көшіп кетті. Оның үлгісін Сәмеке хан да алды. Осылайша хандар мен сұлтандар арасындағы алауыздық қазақтардың 1726-1730 жылдардағы жеңістерін жоққа шығарып, тағы жалпы қазақ майданын бөлшектеді. Тек жүз билері – Төле бидің, Қазыбек бидің және Әйтеке бидің, сонымен қатар Аңырақай шайқасынан кейін танылған Абылай атымен белгілі Әбілманмұр сұлтанның іс-әрекеттері нәтижесінде бірлік сақталды. Қазақтардың әлсіреуін жоңғарлар тиімді пайдаланды, 1741 жылы қазақтардың жеңілісімен және Абылайдың тұтқынға түсуімен аяқталған жаңа шапқыншылық басталды. Әбілмәмбет өзінің жоңғарларға тәуелділігін мойындауға мәжбүр болды.
ХХІІI-лекция.
Үш кемеңгер: Төле би, Қазбек би, Айтеке би.
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Төле би
-
Қазбек би
-
Әйтеке би
Пайдалынған әдебиеттер:
-
Машимбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. - А., 1994.
-
Күзембайұлы А., Абилев Е. История Казахстана (с древнейших времен до 20-х годов XX в.). Изд.2-е, - А., 1996.
-
Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). - А., 1993.
Төле би
Төле би Әлібекұлы — көрнекті қоғам қайраткері , ұлы жүздің төбе биі, “жеті-жарғы” әдет заңын шығарушылардың бірі.
Төле дулат тайпасының Жаныс руынан, тоғыз ұлды Құдайберді Әулетінен шыққан. Төлеге дейін ол әулеттен бай да, би де шықпаған, “қара шоғыр” атанған екен. Төле 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірі Жайсан жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы Шымкент облысының Ленгер ауданына қарасты Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Ұлы жүз ханы Жолбарыс қайтыс болған соң, оның орнына отырып алты жыл бойы Ташкентті билейді. (1743—1749). Атақты Бұхар жырау өзінің Абылай ханның жас шағына арнаған өлеңінде оның Үйсін Төле бидің түйесін баққанын айтып кетеді:
Ай, Абылай, Абылай,
Сені мен көргенде.
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің.
Қалтақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің,
Түйесін баққан құл едің, - деген.
Ал “Сабалақ” атты поэмасында Бұхар жырау Төленің бала Абылаймен арадағы әңгімесін былай жырлайды:
Бір бала үсті басы далба-дұлба,
Күрсініп дем алады анда-санда.
Көзі өткір, шікірейген сұрғылт сары,
Ерекше ғып жаратқан
Ерекше ғып жаратқан Алла тағала.
Қой жүні жыртық күпі, сеңсең тымақ,
Көзіне шашы түсіп кеткен тым-ақ.
Отырысы сұңқардың баласындай,
Нәсілі Төле биге кетті ұнап.
Сұрапты аты-жөнін Төле мұның:
Бар ма деп әке-шешең, ағаң, інің.
Адам болса ақ сүйек, құста сұңқар,
Байқасам келіседі соған сының
Ат қоярлық әкем жоқ бір баламын,
Тегім-түбім сөйлеуге арланамын.
Әке-шеше, ел-жұртым, туғаным жоқ,
Атымды сіз кім қойсаң құп аламын.
Алынбай көптен бері шашы да өскен,
Сабалақ, жыртық тұмақ көзге түскен.
Болған соң үсті-басы далба-далба,
“Сабалақ” мұның аты болсын дескен.
(“Төле би” Алматы, 1991. 4 бет)
Асқан тапқырлығымен, нәзік сезімталдығымен, биік парасатымен үш жүзге аты тұтас жеткен Төле биді көзінің тірісінде Бұхар сияқты ұлы жыраудың мадақтауы, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сынды алты алашқа қадірлі, жалпақ жұртты аузына қаратқан билердің аға тұтынуы тегін емес. Төле өзінің алдындағы “түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” делініп ел арасына мақал болған, хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы атанып, кедей-кембағалға пана, қамқор болған Майқы би, Сыпыра жырау, Асан қойғы, Жиренше шешендердің жалғасы еді.
Төленің атақ-абыройы әз Тәуке ханның тұсында “Жеті жарғы” заңының ел ішінде таралуымен көтерілсе, “Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламадан” кейін елге егін салдыру мәселесімен де асқақтап биіктеген.
Шығарсам арық қазып Сырдан бойлап,
Ел болсаң отырысты болар еді-ау,
Қысталақ Алатауды жазда жайлап,
Бір жағымыз қалалы диқан болсақ,
Көшпелі, бір жағымыз бие байлап,
Елдерден қатар жатқан үлгі алайық,
Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап, — дейді.
(“Төле би”, 8 бет)
“Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер” дегендей Төленің халық арасындағы қадір-қасиеті хан-сұлтандардан артық болған. Ол күні-түні ел-жұрт бірлігін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған әлеумет бүтіндігін ойлаған. Тәуке тұсында бір орталыққа баѓынған қазақ мемлекетін құруды, халық бірлігін нығайтуды мақсат еткен қайраткер.
Жоңғар шапқыншылығынан босып ел қаша көшкенде Төле үйін жықпай жұртта қалыпты — мыс. Қалмақтың әскербасшысы бұған таңданып, көшпеген себебін сұрағанда, Төле би:
— Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл бүкіл дүние жүзін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда содан қорғаған жануар еді. Мен өз бала-шағамды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым, — дейді. Мұны естіген қалмақ хонтайшысының да беті қайтып, айналып өтіп, елге тимепті.
Ташкент пен Шымкент айналасындағы қазақтар мен өзбектер Төле бидің есімін тура атамайды, күні бүгінге дейін “қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” — деп қадірлейді.
Төле би көршілес елдермен: “Бұхар, Қоқан, Жоңғар хандықтарымен мүмкін болғанша тату, достық қатынас жасауды жақтаған. Әсіресе Орта Азиядағы хандықтардан мәдениеті жоғары, өндірісі ілгері орыс елімен мәмілені қолдаған, тіпті Кіші жүзді бастап 1731 жылы Ресейге қараған Әбілхайыр ханның артынша Ұлы жүзді де қамқорлығына алуды сұрап, бір топ сұлтан, билермен бірге император Анна Иоановнаға 1733 жылы ресми хат жазған адам”.
Анна Иоановна 1734 жылғы 10 маусымдағы сенім қағазы бойынша Ұлы жүз ресми түрде Ресей қарамағына алынған. Бірақ бұл әр түрлі себептермен қағаз жүзінде қалады. Сондықтан Төле би Ұлы жүзді қамқорлығына алу туралы өтінішін 1749 жылғы тамызда екінші рет қайталайды. Бұл жолы Төле би хатқа бір өзі қол қойып, мөрін басады және Орынбордың губернаторы И.Неплюевке хатты апарып тапсырумен бірге, ауызба-ауыз сөйлесу үшін баласы Айтпай мен Жолдас батырды жібереді.
Төле би әйел мен ерлер теңдігін қолдаушының бірі болды. Ол өзінің баласына таңдап алып берген ақылды Данагүл деген келініне: “Өзімнің ұлым қандай болса, сондай болып жүре бер. Атаға көрінбей қашып кетуді қой. Ол ескірген әдет” деген.
Төле би адам өмірінде жанұяның атқаратын рөліне өте қатты мән берген, жігіттің алған жары бүкіл тағдыры мен әулетіне әсер ететінін тамаша нақыл сөздерімен өсиет етіп қалтырған “Батырда Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, үйсін Төле биден асқан би жоқ” деген Мәшһүр Жүсіп Көбейұлының сөзі күн өткен сайын дәлелденуде “Халықтың бақытты ауқаттылардың байлығымен емес, даналардың барлығымен өлшенеді” деген Төле бидің сөзі өз өмірін де сипаттайды.
Қазыбек би
Қазыбек Келдібекұлы (1667—1764жж.) халыққа “Қаз дауысты Қазыбек” деген атпен белгілі болған тұлға. Бұл атты қазақтың жауы болған Қонжайшы Қалдан Керен таққан дейді. Себебі ол Қазыбектің қызыл тілі мен тапқырлығына риза болған көрінеді. Ол Сырдария өңірінде дүниеге келген (нақты туған жері белгісіз), Орта жүздің арғыны, руы-Қаракесек (Болатқожа). Әкесінің аты Келдібек, атасы — Шаңқар. Шаңқардың аты халыққа әйгілі болғандықтан Қазыбектің нағашы атасы (анасының әкесі) Сүлеймен де алыстан Шаңқар ауылына көшіп келген. Шаңқарды халық тазалығы мен әділдігі үшін “Абыл” деп атаған. Осындай жанұяда тәрбиеленген Қазыбек те жас шағынан өткір тіл, ұшқыр ой иесі болып өсіп, біртіндеп атақты биге айналады.
Ол өзі алғаш рет қатынасқан жоңғар билеушісіне барған елшілікте көпшілік назарын өзіне аударған:
Сен — қалмақсың, ал біз қазақпыз.
Сен — темірсің, ал біз сол темірді ерітетін көмірміз. Біздің келу себебіміз, ортақ мәселені бетпе-бет отырып шешу. Тұтқындағы әйелдер мен балаларды азаптаудың қажеті жоқ! Сендердің ойларыңды, мақсаттарыңды білгіміз келеді. Егер тіл табыса алмасақ, бұл мәселелерді шайқас даласында шешейік. Арыстанша ақырына дейін арпалысуға дайынбыз. Келіссөзге де дайынбыз, қуланба, сөзіңді айт! Ақымақ қылмай тура бетімізге айт! — деген сөзінен шыққан. Оның екі түрлі мағынасы бар: 1. Басқару, билеу. 2. Білу.
Қазақ халқы маңызды мәселелерді шешуде шешендерді өте жоғары бағалаған. Қазыбек бидің шешендігі, ақылдылығы, тапқырлығы, ұшқыр ойы халықаралық дипломатия мен түрлі айқастарда маңызды рµл атқарған. 1680 жылы Тәуке хан “Алты алаштың” (Қазақстанның үш жүзі, ноғай, башқұрт, өзбек, қырғыздың) ханы болып жарияланғаннан кейін ұлы жүзде — Төле биді, орта жүзде — Қазыбек биді, кіші жүзде — Әйтеке биді танығаны белгілі.
Қазақ халқының өмірінде Қазыбек бидің рµлі жоғары. Ол орталықтанған қазақ мемлекетінің қалыптасуына, нығаюына негіз салушының бірі. Оның территориясы мен тұтастығы үшін күрескен қайраткер. Қазыбек те “Жеті жарғыны” жазуға қатысқан. Ол жоңғарлар тұтқынға алған әскерлер мен әйелдерді босату үшін Қалдан Церенмен үш рет келіссөз жүргізген 1741 жылғы қалмақтардың орта жүзге шабуылы кезінде Абылай да тұтқынға түсіп қалады. Сол тұтқыннан Абылайды құтқарып, еліне аралуына да үлкен үлес қосқан осы Қазыбек.
Абылай тұтқыннан босап, еліне келген соң Қазыбектің қолдауымен Сарыарқаның ханы болады: Ол хандықты алған соң халықтың жағдайын жақсартып, ру аралық талас-тартысты тоқтатады.
Қазыбек би 1764 жылы желтоқсанда Теректі бұлағындағы Семіз бұға тауында қайтыс болды. Баласы Бекболат әкесінің мүрдесін төрт ай бойы сақтап, кейіннен Түркістанға апарып, Яссауи мавзолейіне жерлейді.
Әйтеке би
Әйтеке би Байбек ұлының өмірбаяны туралы мағлұматтар өте аз, оның туған жылы мен жері де белгісіз. 1666—1722 жылдары Бұхара маңында дүниеге келген болу керек деген жорамал бар. Себебі ол үш жүздің бірігуі туралы жиналған кеңесте шешуші роль атқарған екен.
Әйтеке жас шағында Бұхара медресесінде атақты қоғам қайраткері, саясаткер, әрі өзіне туыстық жағы да бар Жалаң төспен елге танылып, 30 жасында Кіші жүздің биі болды, сол уақыттан бастап-ақ оның есімі Төле би, Қазыбек би және Тәуке ханның аттарымен бірге айтылып, құрметке ие болды. “Жеті жарғыны” құрастырушы басшы автордың бірі ретінде Әйтеке би “қанға-қан” алатын кек алу принципін тоқтатып, оның орнына әділ шешім мен құн төлеуді енгізіп, тайпалар арасындағы өзара жауласуды тоқтатуға күш салды. Ол Тәуке ханның көмекшісі және ақылшысы болды, Сайран түбіндегі ұрысқа бірге қатысты. Қазақ жерін орталықтанған мемлекет шеңберіне біріктіріп, жеке конститутциясын жасағаны үшін халық Тәукені “әз-Тәуке”, “ұлы хан” деп атаған. Тәукеге көмектесіп ойраттармен және орыстармен қарым-қатынастарды реттеуге қатысқан, жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ, қарақалпақ және қырғыз халықтарын бірігіп қимылдауға шақырып, ұйымдастырған да осы Әйтеке би. Оның ойынша билердің өзінің биікте көрінетін беделі болуы керек және кейінгі ұрпақтың жүрегінде жарқын із қалтыратындай саналы да Әділ шешім қабылдауы қажет. Әйтеке билердің “қара қылды қақ жаратындай” Әділ болғанын қалаған.
ХХVI-лекция.
Абылай (Әбілмансұр 1711-1781 жж.)
(2 сағат)
Қарастырылатын мәселелер:
-
Абылай (Әбілмансұр) тұлғасының қалыптасуы.
-
Абылай ханның Қазақ хандығының біріктіруі.
-
Абылай ханның саясатындағы гео-саяси және әскери стратегиялық факторлар.
-
Абылайдың өлімі мен мәңгілігі.
Пайдалынған әдебиеттер:
-
Машимбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. - А., 1994.
-
Күзембайұлы А., Абилев Е. История Казахстана (с древнейших времен до 20-х годов XX в.). Изд.2-е, - А., 1996.
-
Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен). - А., 1993.
Мақсаты: Патша өкіметінің Қазастандағы отарлау саясатының және оған қарсы ұйымдастырылған ұлт-азаттық көтерілістердің мәнін ашу.
Тірек ұғымдары: Абылай хандығы (1771-1780). Абылай ханның біртұтас қазақ мемлекеттігін құру әрекеті. Абылай ханның Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы. Қырғызстан мен Орта Азия хандықтарына жасаған жорықтары. Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстануы.
Абылай хандығы (1771—1781) және оның саясаты.
Сыртқы қауіппен күрескен бір мезгілде, Абылай қазақ жерлерін біріктіруде зор қажыр-қайрат жұмсады.
1740ж. Ташкентте Жолбарыс хан өлтіріліп, Ұлы жүздің көпшілік рулары төлебидің қолдауымен Қазақ хандығының ресми басшысы — Әбілмәмбетке ант береді. Әбілқайырдың орыс азаматтығын алып кетуіне Кіші жүздің Батырхан басқаруындағы көптеген рулары да Әбілмәмбет пен Абылайға бағынды. 1759ж. патша әкімшілігі Абылайға Әбілмәмбетті алып тастап, оның орнына өзі отыруына қолдау көрсетеміз деп уәде етті, алайда сұлтан бұл қолдаудан бас тартты. Тек ханның қазасынан кейін ғана, Түркістанда, Қожа Ахмет Иассауи Мешітінде Абылай ақ киізбен көтеріліп, үш жүздің ортақ ханы болып жарияланды. Абылай хан — барлық қазақ жерлерінде беделі шүбәсіз жүрген соңғы қазақ ханы болды. Шекара маңында көшіп жүрген Кіші жүздің аз ғана бөлігі Әбілхайыр балаларының билігін мойындады.
Саяси тәуелсіздігін сақтай отырып, Абылай патша сый-сияпаттарын қабылдаудан және Петербургте ант беруден бас тартты. Абылай оңтүстіктегі қазақ қалаларын қайтарып алды, ол аз ғана уақыт ішінде Созақты, Шымкент пен Ташкентті алды. Алайда Орта Азия мемлекеттерінің Қытайға қарсы Одағын құру жолындағы ісі табысты болмады. Одаққа Ауғанстан, Бұқара, Қоқан және Қырғызстан кіреді деп топшыланған еді, алайда Қоқан хандығымен және қырғыздармен арадағы қайшылықтар қарулы қақтығысқа апарып соқты. Қазақстанмен одаққа тек Бұқара ғана келісім берді. Абылайдың мемлекет ішіндегі қызметі анағұрлым табысты болды. Шоқан Уәлиханов: “Абылай хан өкіметін шектеуге тырысып отырған күшті ру басшылары мен сұлтандарды ауыздықтап өзіне бағындырды”, — деп жазды. Сонымен бірге ол билердің беделін толықтай жая алмады және олардың еркімен санасуға мәжбүр болды. Хан маңындағы неғұрлым ықпалды саяси тұлғалар Қазыбек би мен Бұқар жырау болды. Абылайдың есімі қазақ халқының жадында мәңгі қалды және ұлттық тәуелсіздік үшін, қазақ мемлекетін қалпына келтіру жолындағы күрестің символына айналды. Абылайхан 1781ж. Ташкентте қайтыс болды, ол Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіне жерленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария » университеті.
«Заңтану-тарих» факулътеті.
«Тарих - география» кафедрасы.
«Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні
бойынша 050114 - «Тарих»
мамандықтарының студенттері үшін.
Семинар сабағының жоспары
Жетісай-2005ж.
Семинар сабағының жоспары
№
| Семинар тақырыбы, мазмұны |
Сағат
саны
|
Бақылау сұрақтары
|
1.
|
Кіріспе. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихнмасы және деректемелері.
-
“Қазақстан тарихы” пәнінің міндеті мен мақсаты.
-
Пәннің жас ұрпақты тәрбиелеп, білім берудегі алатын орны.
-
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу.
-
Тарихи деректердің түрлері және оны зерттеудің әдіс-тәсілдері.
|
2
|
6,7,10
|
2.
|
Ежелгі тас (палеолит) дәуіріндегі Қазақстан.
-
Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс және оның ыдырауы. Әскери демократия.
-
Алғашқы қауымдық құрылыстың археологиялық кезеңдерге бөлінуі.
-
Ежелгі тас дәуірі (Палеолит), Оңтүстік Қазақстанның (Обалысай, Мұзбол 1, Қосмола және Қызылжар, Бетпақ 7, Қарақас 3 т.б.) ескерткіштері.
-
Солтүстік Шығыс (Қанай, Нарым, Бұқтырма және т.б.) ескерткіштері.
|
2
|
1,2,4,5,7,9,
|
3.
|
Мезолит және Неолит дәуіріндегі Қазақстан.
-
Мезолит
-
“Неолит төңкерісі” (Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының дамуы)в
-
Энеолит.
-
Қаратау жотасының ескерткіштері.
-
Арал, Ертіс өңірінің тұрақтары.
|
2
|
4,7,8,9,10,
|
4.
|
Қола дәуіріндегі Қазақстан .
-
Қола дәуіріндегі Қазақстан территориясының ескерткіштері.
-
Қазақстан территориясындағы Андронов мәдениеті.
-
Қола дәуіріндегі мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы.
-
Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастар, діни нанымдар.
|
2
|
10,15,16,55,
|
5.
|
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары.
-
Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның тайпалары. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
-
Солтүстік және Батыс Қазақстанның тайпалары
-
Шығыс Қазақстан тайпалары.
-
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуіріндегі тайпалар.
|
2
|
8,10,12,13,
14,15,16,17,
|
6.
|
Ерте темір дәуірінің тайпалық одақтары мен мемлекеттік бірлестіктері.
-
Ертедегі көшпенділер дәуірі.
(б.з.б. І мың жыл)
-
Қазақстан аумағындағы тайпалар және олардың қоныстануы туралы жазба деректер.
-
Сақтар (скифтер) массагеттер, дахтар (даилар) исседондар «аримаспы». Сарматтар бірлестіктерінің этногенезі туралы мәселенің тарихнамасы.
-
Сақ тайпаларының көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. (Иран, Қытай)
|
2
|
9,10,21,22,
23,24,25,30
|
7.
|
Қазақстандағы ертедегі темір дәуірінің ескерткіштері мен мәдениеті.
-
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштері
-
Шығыс Қазақстан. Майәмір, Берел, Құлжорға кезеңі.
-
Ертедегі темір дәуіріндегі Солтүстік, Орталық Қазақстанның ескерткіштері. Тасмола мәдениеті.
-
Сақ тайпаларының зергерлік өнері.
-
Батыс Қазақстандағы савромат-сармат мәдениеті.
-
Арал-Каспий даласының тайпалары.
|
2
|
10,16,17,18,
19,23,24
|
8.
|
Ертедегі темір дәуірі тайпаларының қоғамдық құрылысы, тұрмысы, шаруашылығы.
-
Сақтардың шаруашылығы, әлеуметтік құрылысы және тұрмысы.
-
Көшпелі және жартылай көшепелі мал шаруашылығына өту.
-
Діни нанымдар мен ғұрыптар
|
2
|
25,27,28,30,
31,32,33,34,
35,36,37
|
9.
|
Үйсіндер.
-
Үйсіндердің шығу тегі мен орналасу жайлы дерек.
-
Үйсіндерің көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары.
-
Үйсіндердің саяси тарихы.
-
Шаруашылығы мен мәдениеті.
|
2
|
1,2,24,26,
28,38,
|
10.
|
Қаңлылар
-
Қаңлылардың қоныстанған жері.
Саяси тарихы.
-
Қаңлылардың қоғамдық құрылысы.
-
Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері
-
Қаңлылардың материалдық рухани мәдениеті. Шаруашылығы.
|
2
|
1,2,38,47,
|
11.
|
Ғұндар
-
Ғұн мемлекетінің құрылуы және нығаюы.
-
Ғұндардың этникалық және саяси тарихы.
-
Ғұндардың Әлеуметтік-экономикалық қатынастары. Шаруашылығы. Мәдениеті. Діни нанымдар.
-
Ғұндар Еуропада. Ұлы қоныс аудару.
|
2
|
1,2,8,38,39,
40,46,47,60
|
12.
|
Түрік қағанаты.
-
Түрік қағанатының құрылуы.
-
Түркілердің тегі туралы деректермен зерттеулер.
-
Өндіргіш күштердің дамуы.
-
Қоғамдық құрылысы, халық кәсібі.
|
2
|
1,2,8,38,44,
49,54,65
|
13.
|
Батыс Түрік және Түргеш қағанаты.
-
Батыс түрік қағанаты.
-
Түргеш қағанатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоғамдық құрылысы.
-
Қазақстан территориясындағы қала, қоныстары
-
Түргеш қағанатының Соғдымен байланысы.
-
Арабтардың Оңтүстік Қазақстанды жаулауы.
|
2
|
1,2,8,38,51,
55,65,74
|
14.
|
Қарлұқ мемлекеті.
-
Қарлұқ мемлекетінің этникалық саяси тарихы.
-
Қарлұқтардың қоныстануы.
-
Арабтармен жүргізген соғыс қимылдары.
-
Қарлұқ мемлекетінің қоғамдық саяси құрылысы.
|
2
|
1,2,8,38,65,74
|
15.
|
Оғыз қағанаты.
-
Оғыз тайпаларының Қазақстан территориясында қоныстануы.
-
Оғыз қағанатының құрылуы.
-
Оғыз қағанатының этникалық және тайпалық құрамы.
-
Оғыз қағанатының қоғамдық саяси-құрылысы.
|
2
|
1,2,8,38,65,74
|
16.
|
Қимақ қағанаты.
-
Қимақ тайпаларының Қазақстан территориясында қоныстануы.
-
Қимақ қағанатының құрылуы.
-
Қимақ қағанатының этникалық және тайпалық құрамы.
-
Қимақ қағанатының қоғамдық саяси-құрылысы.
|
2
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
|
17.
|
VI-IX ғғ. І-жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет.
-
Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
-
Қала мен қоныс құрылысы. Зираттар.
-
Көшпелілердің материалдық мәдениеті.
-
Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.
-
Архитектура және өнер.
-
Наным сенімдер және дін. Тіл, жазу және әдебиет.
|
2
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
|
18.
|
Қарахандықтар мемлекеті.
-
Территориясы мен халқы.
-
Қараханыдықтар мемлекетінің қалыптасуының этносаяси мәселелері.
-
Феодалдық қатынастардың дамуы.
-
Жер иеленудің түрлері “Икта”.
-
Қарахандықтардың Маверенахрға жасаған әскери жорықтары, Селжүктермен соғыс.
-
Қарахандар мемлекетінің ыдырауы.
|
2
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
|
19.
|
Наймандар мен Керейттер.
-
Шығыс Қазақстан мен Жетісудағы наймандар мен керейлер.
-
Наймандар мен қидандар арасындағы соғыстар.
-
Наймандар мен Керейлердің ұлыстарының қоғамдық саяси-құрылысы.
|
2
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
|
20.
|
Қарақытайлар мемлекеті.
-
Қарақытайлар мемлекеті.
-
Қарақытайлар Жетісуда.
-
Қарақытайлар билігінің құлауы.
-
Қидандардың этникалық құрамы, басқару жүйесіндегі ерекшеліктері.
|
2
|
1,2,8,44,59,
61,65,74
|
21.
|
Қыпшақ хандығы.
-
Қыпшақ қауымдастығының пайда болуы.
-
Этникалық құрамы, қоныстануы.
-
Орта Азия, Ежелгі орыс хандықтарымен экономикалық және саяси байланыстары.
-
Қыпшақ хандығы қоғамдық саяси-құрылысы.
|
2
|
1,2,8,44,49,50,
59,61,65,74
|
22.
|
Әуелгі орта ғасырлық Қазақастанның экономикалық және мәдени өмірі.
-
Қазақстандағы ерте орта ғасырлардағы қалалар мен қалалық қоныстар.
-
Көшпелі және отырықшы мәдениеттіерпдің өзара әсері.
-
Қолөнер, сауда, ауыл шаруашылығы.
-
Қазақстандағы көне сәулет өнерінің ескерткіштері.
-
Тіл, жазу және мәдениет.Діни наным-сенімдер.
|
2
|
1,2,8,44,49,50,
59,61,65,74
|
23.
|
Қазақстан территориясы әлемдік өркениет жүйесінде.
-
Қазақстан территориясын мекендеген Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Найман, Керей, Қидан тайпалары мәдениетінің салыстырмалы сипаттмасы.
-
Кәсібі, сауда және ақша айналымы.
-
Қалалардың өрлеуі.
-
Ежелгі түрік тапйпалар бірлестіктері мен мемлекеттерінің тарихи әдебиеттерде бейнеленуі
|
2
|
1,2,8,44,49,
50,59,61,
65,74,75
|
24.
|
Қазақстанның көне сәулет өнерінің ескерткіштері.
-
Қ.А. Яссауи кесенесі.
-
Айша бибі, Қарахан кесенелері.
-
Алаша хан. Арыстанбап кесенелері.
|
2
|
1,2,8,44,49,50,
59,61,65,74
|
25.
|
Ғылым мен мәдениеттің дамуы.
-
Әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
-
Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Х.А.Яссауи және олардың әдеби мұралары.
-
Діни нанымдары.
-
Ислам дінінің тарауы.
|
2
|
1,2,8,44,49,
50,59,61,65,
74,75
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария » университеті.
«Заңтану-тарих» факулътеті.
«Тарих - география» кафедрасы.
«Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні
бойынша 050114 - «Тарих»
мамандықтарының студенттері үшін.
ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
(ОБСӨЖ)
Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары.
(СӨЖ)
Жетісай - 2005
VIII. ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
№
|
Тақырыптың аты
|
Сағат саны
|
Бақылау түрі
|
Жұмыс түрі
| -
|
Әуелгі темір дәуіріндегі тайпалар мен тайпалар одақтары, олардың Қазақстан территориясында орналасуы.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Жетісу аймағындағы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Сақ тайпаларының зергерлік өнері.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Қаңлы және үйсін тайпаларының саяси тарихы.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Ғұн мемлекетінің сыртқы саясаты
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Түрік қағанатының саяси қатынастары.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Алғашқы феодалдық мемлекеттер құрамына енген тайпалардың наным-сенімдері мен діні.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Оғыздардың сауда және мәдени орталығы.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
|
IХ. СӨЖ - студенттердің өзіндік жұмысы
-
|
Қимақ және қыпшақ конфедерациясы
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Қазақстан тайпаларының арасына ислам дінінің тарауы. (VIII-XI ғғ.)
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Қазақстан территориямында орта ғасырлық қалалар (X-XIII ғғ.).
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Түрік халықтарының мәдниетінің дамуы. (X-XII ғғ.).
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Қазақстан аумғындағы Ұлы Жібек жолы.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Қазақстанның көне сәулет өнерінің ескерткіштері. Қ.А. Яссауи, Айша бибі, Қарахан кесенелері.
Алаша хан. Арыстанбап.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Х.А.Яссауи және олардың әдеби мұралары.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
Әмір Темірдің Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағындағы басқыншылық соғыстары.
|
2
|
Реферат
|
Жазбаша
| -
|
|
|
|
|
«Қазақстан тарихы» берілген тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын әдебиеттер
-
Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 1 т. «Атамұра» баспасы,
- Алматы, 1996
-
Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2 т. «Атамұра» баспасы,
- Алматы, 1998
-
Алпысбаев Х.А. "Памятники нижнего полеолита Южногог Казахстана" Алматы, 1979 г. (Кіріспе және қорытынды).
-
Алпысбаев Х.А, "Некоторые вопросы изучение памятников каменного зека в Казахстане" Сб. Последам древних культур Казахстана. А-1970 г. 227-241 бб,
-
Медаев А.Г. Ареалы политических культур Сары-Арка. сб. "По следом древних культур Казахстана" Алматы,1970 200-217 6.6.
-
Акишев К.А. Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана.
Алматы, 1979 г. П-Ш-тараулар.
-
Чалая Л.А. Некоторые вопросы истории изучения неолита Казахстана сб. "По следам древних культур Казахстана" А-А 1970 241-251 бб.
-
Казак ССР тарихы (5 томдыктын. 1 томы) Алматы, 1980 1-2 тарау.
-
Происхождение человека, жур. Курьер. Август-Сентябрь 1979 г.
-
Таймаганбетов Ж.К- "Политическая стоянка им. Ч. Валиханова" Алматы, Наука, 1990 г. (Юрюпе, корытынды)
-
Козыбаев М.К., Байпаков К.М.„ Таймаганбетов Ж. К- (- Археология Казахстана,, Алматы, 1993 ж).
История Казахстана с древнейших времен до наших дней" Алматы, "1993.
-
Байпаков К.М. Жумаганбетов Т., Таймаганбетов Ж.К- Археология Казахстана,
- Алматы, 1993 ж.
-
Маргулан А.Х. Акишев М.К. Оразбаев А.М. "Древняя культура Центрального Казахстана" Алматы, 1966 ж.
-
Маргулан А.Х., "Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана"
Алматы, 1979 ж.
-
Оразбаев А.М. "Северный Казахстан в эпоху бронзы" В кн. "Труды института истории археологии и этнографии" Т.Б. "архиология" АА 1958 216-228 б.б.
-
Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. "Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арка", Алматы, 1992 ж
-
Вопросы архиологии Центрального и Северного Казастана, сб. науч, труды Под ред. Евдокимова В.В. Караганда 1989 г.
-
Черпиков С.С, "Восточный Казахстан в эпоху бронзы" МИА N88-М-Л. Наука 1960 г.
-
Агапов П. Кадырбаев М. "Сокровища древнего Казахстана" Алма-Ата. 1979 г.
-
Кривцова - Гракова О.А. Алексейвское поселение и могильник" Труды ГИМ 1948 выр. Х\/11-56-172 б,б.
-
Максимова А.Г. "Могильники эпохи бронзы в урочище Тау-Тары В кн" Археологические исследования на северных склонах Каратау" ТИИАЭАН Каз ССР 14, 1962, 375-76.
-
Акишев К.А. "Курган Иссык" М. 1978 г.
-
Акишев К.А. Кушыев Г/.А. "Древняя культура саков и усуней долины реки 1963 г."
-
Акишев К.А. "О возникновении оседлости и земледелия у древних усуней, семиречье сб." По следам древних культур Казахстана" Алма-Ата, 1970 г.
-
Акишев К.А. "Идеология саков Семиречье (по материалам кургана ("Иссык")"
К.С.И. А, 154, 1978 г.
-
Акишев К.А. "Зимовики-поселения и жилища древних усуней" ИАН КазССР 1969 г.
-
Акишев К.А. "Исскуство и мифология саков" Алма-Ата, 1984 г.
-
Кадырбаев М.К. "Некоторые итоги и перспективы изучения археологии ранее железного века Казахстана" Сб. "Новое в археологии Казахстана" Алма-Ата, 1968 г.
-
Кадырбаев М.Н. Савроматские памятники Актюбинской области. Ранние кочевики Средней Азии и Казахстана" (Краткие тезисы конференции)
-
Артоманов М.И. "Сокровиша саков" М, 1973 г.
-
Вишневская О.А. (Итина М.А., "Ранние саки Приаралья") Культура сакских племен кизовьев Сырдарьи в VI-V в.в. до н.э. "Труды Хорезмской Археол. этно экспедиции"
Т.-8 1973 г.
-
Вишневская О.А., Итина М,А. "Ранние саки Приаралья"
-
Геродот "История в девяти книгах" (ПСР и примен Г.И. Стратановского) Л. 1972 г.
-
Страбон "География в 17 книгах" (Пер. статья и коментарии ГА, Стратановского)
М. 1964 г.
-
Струве В.В: Поход Дария 1-на саков массагетов -Известия АН. СССР, серия истории и философии 1946 г.N3.
-
Кадырбаев М. К., Курманкулов Ж.К. "Захоронения воинов Сарматского времени на левобережье р. Илек "В кн. Прошлое Казахстана по археологический источником". Алма-Ата, 1976 г.
-
Смирнов К.Ф. Савроматы. М.1964 г.
-
Бичурин Н.Я Собрание сведении о народах обитавших в средней Азии в древние времена. Т. II М, -Л,1950г.
-
Таскин В.С. Материалы по истории сюнну М. I 1968, II 1973 г.
-
Руденко СИ. "Культура хуннов и ноин-угинские курганы" М-Л, 1962 г.
-
Хазанов А.М. Очерки военного дела сарматов М, 1940 г.
-
Берншта Л.Н. Кенкольский могильник М, 1940 г.
-
Берншта Л.Н. Очерк истории культуры древнего Семиречья по археологическому материалу" Материалы и Исследования по археологии СССР" N14 М,-Л, 1950 58-71 б.б.
-
Литвинский Б,а; Древнейшие кочевники "Крыма и мира" М, 1972 г,
-
Литвинский Б.А. Кангюиского-Сарматский форн, Душанбе: Донш, 1968 г.
-
Зуев Ю.А, К вопросу о взаимоотношениях усуней и ханцзюи с гунами и Китаем" Известия АН КазССР сер общ. наук 1957 в-2
-
Кюнер Н.В. Китайские известия о народо Южной СибириЦентральной Азии Дальнего Востока М, 1961, с 68-100
-
Толстов СП. По древней дельтам Окса и Яксорта М, 1962, 117-135
-
Гафуров Б.Г. "Таджики Древнейшая, древняя и средневековая история.
М, 1972. Раздел II,I тарау.
-
Агаджанов СМ. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана А, 1989 г.
-
Большаков О.Г. К истории Таисской битвы (751 г) "Страны и народы Вастока",
1980 вып.226 кн 2.
-
Древнетюркский словарь, л. 1969 г.
-
Зуев Ю.А. "Китайские известия о суябе. Изв. АН. Каз ССР скт, археолог, этнограф,
1960 г. вып 3/14/90-93 бб."
-
Исмагулов О. Насление Казахстана от эпохи бронзы до современности А, 1970 г.
-
Кляшторный С.Г; Древнетюркские рунические памятники как источник по истории средней Азии М, 1964 г. 55-56, 97-99, 130-131
-
Юсуф Баласагуни. Благадатное знания /Перевод Иванова СИ. вступительная статья Фомкина М.С.примечание Малеховой А.И., ред Климова Д.М. Л. 1960 г.
-
Махмуд Кашгари "Дивани лугат-ат-тюрк" том 1. Таш. 1960, 46-48, 130-131 б.б.
-
Комонов Н:И: Махмуд Кашкарий и его Дивани лугат-ат турк" сов. тюркология",
1972 N1,3 - 17 б.б.
-
Кумеков Б.Е. Государство кимаков 1Х-Х1 вв. по арабским источникам А-А 1972 г.
-
Миняев С.К. К проблеме происхождения сюнну. Информационный бюллетень международной асоиаций по изучению культу центральной Азии. Вып. 9М 1985
-
Нусуабеков А.Н. Кумеков Б.Е. Социально-политическая этнические и культурные процессы в Южном Казахстане (У1-Х в.в.) Каз ССР 1975 N6.
-
Пмано Карпини. Путишествия в восточные страны Пмано Карпинит и Рубрика М, 1957 г.
-
Рашид-ад-дин. Сборник летописей Т. 1. кн. 1-2.М, 1957 г. Т.2.М.-Л. 1960г. Т.З Л.1946 г.
-
Тизенгаузен В.Г. сборник матриалов относящихсяк истории Золотой орды Т.1. Извлеения из арабских Спб, 1884, Т.2, Извлечения из персидских сочинений.
М-Л. 1947 г.
-
Кадырбаев А.Ш. Тюрки и иранцы в Китае и центральной Азии ХШ-ХУ А,А:
Ғылым, 1990 г.
-
Өміралиев К. VII-XII ғасырлардағы көне түрк әдеби ескерткіштер. А, 1985 ж.
-
Бартольд В.В. Баласагун -I м. М. 1985 ж.
-
Бартольд В.В. "Двенадцать лекций" - Т.5, М, 1968 г. (тюрки, карлуки, кимаки, кипчаки, киргизы).
-
Баскаков Н.А. Тюркские языки М. 1960 г.
-
Бернштам А.Н. Древнешие тюркские элементы в этногенезе Средней Азии.
1974 вып. \/|-\/Л.
-
Булгаков П.Г: Книга путей государство Ибн Хордадбека ( К изучению и дешифровке редакции) ПС, вып. 3/66/1958 г.
-
Болин С.Л. Сведения арабских историков ІХ~Х\/І вв о долине реки Талас и смежных районах ТИИАЭ АН Каз ССР, 1960 г.
-
Пригорьев В.В. "Карахниды в Маверенахре" По тарихи мунеджимбенем в Османском таксте, с переводом и примечаниями. 1ВОРАО ч. XVII, 1974г.
-
Гумелев Л.Н: Древние тюрки. М Башкарский о расселение племен.
-
Ибрагимов С.К. ХарьковскийВ.С, М. Кашкарский о ресселении племен на территории Казахстана в X веке ВАН Каз ССР, 1958 N11
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария » университеті.
«Заңтану-тарих» факулътеті.
«Тарих - география» кафедрасы.
«Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні
бойынша 050114 - «Тарих»
мамандықтарының студенттері үшін.
БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
Жетісай - 2005
«Қазақстан тарихы» пәнінен жалпы білім бойынша дәріс берудің бақылау сұрақтары.
-
Тас дәуірі және оның хронологиялық даму кезеңдері.
-
Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.
-
Ежелгі палеолит.
-
Ежелгі адамдардың дене бітімі.
-
Шель-мусьте дәуірінің ерешеліктері.
-
Ашель-мустье дәуіріндегі табиғат пен адам.
-
Қаратау жотасының ескерткіштері.
-
Түрақтары мен жекелей табылған заттар.
-
Неолит дәуірінің архелогиялық ескерткіштері.
-
Қаратау жотасының ескерткіштері.
-
Арал маңынан табылған заттар.
-
Орталық және Батыс Қазақстан ескерткіштері.
-
Солтүстік Қазақстандағы қоныстармен табылған заттар.
-
Жоғары Ертіс өңірінің ескерткіштері
-
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары.
-
Қола дәуірінің ерешеліктері.
-
Андрон мәдениеті.
-
Андрон тайпаларйның шаруашылығы, өнері, кәсібі, діні нанымдары.
-
Қоныстары мен тұрған үйлері.
-
Қоғамдық қатынастары.
-
Діни нанымдары мен табынушылықтары.
-
Атасу дәуіріндегі андроновтық халықтың мәдениеті.
-
Соңғы қола дәуіріндегі Орталық Қазақыстан. Тайпаларының мәдениеті.
-
Дәндібай-Беғазы мәдениеті.
-
Соңғы қола дәуіріндегі тайпалардың қоғамдық құрылысы.
-
Діни нанымдары.
-
Әуелгі қола мәдениеті.
-
Орта қола мәдениеті.
-
Кейінгі қола мәденйеті.
-
Қола дәуіріндегі Жетісу тайпаларының мәдениеті.
-
Орталық Қазақыстан тайпаларының мәдениеті
-
Арал маңы тайпаларының мәденйеті.
-
Сақ тайпалары.
-
Сақ тайпаларының қоныстануы туралы жазба деректер.
-
Сақ тайпаларының көршілерімен қарым-қатынастары.
-
Түмар ханның ерлігі.
-
Шырақ батырдың ерлігі.
-
Идонбарыстың айласы.
-
Зарина ханың ерлігі.
-
Сақтардың шаруашылық формасы
-
Үйдей өндіріс пен қол өнер
-
Сақ тайпалардың қғамдық құрылымы.
-
Бесшатыр обалары.
-
Түрғын үймен киім.
-
Діни нанымдары. мен ғұрыптар.
-
Сақ өнері.
-
Аң стилі.
-
Тасмола мәдениеті.
-
Ескерткіштерді дәуір-дәуірге бөлу.
-
Архелогтялық ескерткіштері.
-
Есік обасындағы Алтын киімді адам.
-
Табыну ғұрыптары мен солт жорылғылары.
-
Материялдық мәдениет пен өнер .
-
Берел кезеңі.
-
Құлажорға кезеңі.
-
Ұйғарақ Оңтүстік Жүгіскен ескерткіштері
-
Үйсіндердің шығу тегі мен орналасуы жайлы деректер.
-
Үйсіндердің басқа мемлекетерімен қарым қатынасы.
-
Үйсіндердің шаруашылығы.
-
Үйсіндердің шаруашылығы.
-
Ғұн мемлекеті.
-
Ғұн мемлекетінің құрілімы және нығаюы.
-
Ғұндардың Қазақыстанға келуі және қазақ халқы қалыптасуындағы маңызы.
-
Ғұндар Европада.
-
Ғұндардың шаруашылық тұрмысы.
-
Ғұндардың мәдениеті.
-
Ғұндардың өнері.
-
Қаңылардың қоныстанған жері.
-
Қаңылардың саяси тарихы.
-
Қаңылардың шаруашылығы.
-
Қаңлылардың қоғамдық құрылысы
-
Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері
-
Отырар қаражер мәдениеті
-
Жетіасар мәдениеті
-
Қауыншы мәдениеті
-
Түрік қағанатының құрылуы
-
Батыс Түрік қағанатының бөлінуі
-
Батыс Түрік қағанатының саяси тарихы
-
Батыс түрік қағанатының қоғамдық құрылысы
-
Түріктердің діни нанымдары
-
Батыс түрік қағанатының шаруашылығы
-
Түргеш қағанаты
-
Қара түркеш Сары түркештер арасында көкшығыстар
-
Сұлық қаған
-
Түркештер шаруашылығы
-
Қарлұқ мемлекеті
-
Қарлұқтардың этникалық және тайпалық құрамы
-
Қарлұқтар Қазақстан территориясында
-
Қарлұқтардың саяси тарихы
-
Қарлұқтардың қоғамдық құрылымы
-
Қарлұқтардың шаруашылығы
-
Оғыз мемлекеті
-
Оғыздардың саяси тарихы
-
Оғыздардың қоғамдық құрылысы.
-
Оғыздар Қазақтар территориясында.
-
Оғыздардың шаруашылығы.
-
Қимақ қағанаты.
-
Қимақтардың орналасуы.
-
Мемлекетің құрылымы.
-
Корейелдермен қарым қатынасы.
-
Қимақ мемлекетінің ыдырауы
-
VI-X ғ.ғ. қашпардың қалыптасуы және олардың түрлері.
-
Испиджаб, Отырар, Тараз қаласы.
-
Қоныстары мен замоктары
-
Қолөнер, сауда ауыршаруашылығы
-
Архитехтырасы және олар.
-
Сауда және ақша айналымы.
-
Ауылшаруашылық өндірісі.
-
VI-X ғ.ғ. материалың мәдениеті.
-
Түрік заманынан қалған тас ескерткіштер.
-
Тіл және жазу
-
Наным сенімдері және дін
-
Наным сенімдері және дін.
-
Қарахан мемлекеті.
-
Қарахан мемлекетінің Саяси тарихы.
-
Қоғамдық құрылымы
-
Мемлекетегі шарашылық.
-
Қарахан мемлекетінің мәдениеті
-
Сәулелі өнер (Қарахан,Айша,бибі, Бабаша күмбездері)
-
Қарақытайлардың Жетісуды жаулар алу
-
Қарақытайлар мемлекетінің жүргізген саясаты.
-
Қарақытайлар мемлекетінің құлауы.
-
Наймандардың саяси тарихы.
-
Керейлердің саяси тарихы.
-
Наймандармен керейлердің қоғамдық қурылысы.
-
Наймандармен кереилердің елдермен соғысы.
-
Наймандер мен керейлердің шаруашылығ.
-
Қыпшақ хандығы.
-
Қыпшақтардың қоныстануы.
-
Қыпшақтардың саяси тарих оныңқазақ халқын қалыптасудағы маңызы.
-
Хандықтың құрылуы.
-
Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы.
-
Қыпшақтардың шаруашылығы
-
Қыпшақтардың өзара саяси қарым қатынасы.
Студенттердің академиялық білімін
рейтингтік бағалау жүйесі
Білім беру ісіндегі басты приоритет – студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы – студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.
Әрбір студент басқа студент пен салыстырылмайды, керісінше өзімен - өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.
Студенттердің білімін бағалау – оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.
Студенттердің білімін бағалау жүйесі Sillabus /оқыту бағдарламасына/ міндетті элемент болып кіреді.
Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:
Бағалаудың әріптік жүйесі
|
Баллдары
|
Бағалаудың %-тік мазмұны
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
А
|
4.0
|
100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
3.33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3.0
|
80-84
|
В-
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
2.33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2.0
|
65-69
|
С-
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D
|
1.0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанғысыз
|
Пәннен F – деген баға алған студент деканат белгілеген мерзімде оны қайта тапсыру керек.
Бұл градация GPA-ді /студенттің жалпы академиялық білімін орташа бағалау/ айқындауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |