Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)



бет27/32
Дата14.06.2016
өлшемі3.82 Mb.
#134590
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Ферменттер.

67.Бейорганикалық катализаторлармен салыстырғанда ферменттер:

1. активтену энергиясын төмендетеді

2. реакцияның бағытын өзгертпейді

3. ферменттер жоғары арнайылылыққа ие

4. реакцияның тепе-теңдікке жету уақытын тездетеді

5. реакция барысында жұмсалмайды

68.Ферменттер- биологиялық катализаторла, олар:

1. бейорганикалық катализаторларға қарағанда, әсер ету қуаты төмен

2. орта жағдайына тәуелсіз түрде реакцияны тездетеді

3. соңғы өнімдердің құрамына кіреді

4. әртүрлі субстратқа әсер етуі мүмкін

5. бейорганикалық катализаторларға қарағанда, әсер ету қуаты өте жоғары

69.Катал – бұл келесі түсінікті көрсететін бірлік:

1.ферменттердің активтілігін

2.Михаэлис-Ментен теңдеуін

3.фермент концентрациясын

4.ингибитор концентрациясын

5.молярлы экстинция коэффициентін

70. Проферменттер-бұл:

1. IV структурасы бар ферменттер

2. аллостериялық орталығы жоқ ферменттер

3. бірнеше активті негізін салушылар

4. ферменттің активсіз негізін салушылар

5.ферменттердің молекулалық формасының бірі

71. Біркомпонентті ферменттердің активті орталығы түзіледі:

1. амин қышқылдарының функционалды топтарынан

2. витаминдерден

3. нуклеин қышқылдарынан

4. әртүрлі металлдардан

5. моносахаридтерден

72.Екікомпонентті ферменттердің активті орталығы түзіледі:

1. амин қышқылдарының функционалды топтарынан

2. витаминдерден

3. нуклеин қышқылдарынан

4. әртүрлі металлдардан

5. моносахаридтерден

73.Екікомпонентті ферменттердің активті орталығының катализдік аймағы қамтамасыз етеді:



  1. ферменттің әсер ету арнайылығын

  2. катализдейтін реакцияның сипатын

  3. ферменттің реакция өнімдерімен әрекеттесуін

  4. аллостерикалық орталықтың түзілуін

  5. фермент-субстрат комплексінің түзілуін

74. Екікомпонентті ферменттердің апоферменті қамтамасыз етеді:

  1. субстраттың химиялық табиғатын

  2. ферменттің әсер ету арнайылығын

  3. ферменттің субстраттық арнайылығын

  4. ферментативті реакцияның жылдамдығын

  5. реакцияның қайтымдылығын

75. Изоферменттер-ферменттің молекулалық формалары, олар:

  1. әртүрлі субстратқа әсер етеді

  2. бір органда болады

  3. физико-химиялық қасиеттерімен ерекшеленбейді

  4. коферменттері әртүрлі, апоферменттері бірдей болады

  5. коферменттері бірдей, апоферменттері әртүрлі

76.Оптимальды температура кезінде фермент:

  1. қайтымды инактивацияға үшырайды

  2. активтілігі ең төмен болады

  3. тұнбаға түседі

  4. ең жоғары активтілік көрсетеді

  5. активсіз болады

77.Ыс газы – бұл келесі ферменттің арнайылығы жоқ ингибиторы:

1.каталаза

2.эндопептидаза

3.цитохромдар

4.амилаза

5.аминотрансфераза

78.Гидролазалар келесі реакцияларды тездетеді:


  1. судың қатысуымен күрделі заттардың ыдырауын

  2. судың бөлінуімен күрделі заттардың ыдырауын

  3. карбоксилдену

  4. гидрлену

  5. дезаминдену

79.Гликозидазалар кездеседі:

  1. сілекейде

  2. асқазан сөлінде

  3. ұйқы безі сөлінде

  4. ішек сөлінде

  5. жасушаларда

80.Сахараза кездеседі:

  1. сілекей мен ішек сөлінде

  2. ұйқы безі сөлінде

  3. асқазан сөлінде

  4. ішек сөлінде

  5. сілекейде

81.Альфа-амилаза крахмал мен гликогенді келесі заттарға дейін гидролиздейді:

  1. глюкозаға

  2. сахарозаға

  3. лактозаға

  4. пентозаға

  5. мальтозаға

82.Эндопептидазалар гидролиздейді:

  1. фосфолипидтерді

  2. ТАГ-ты

  3. гликогенді

  4. белоктарды полипептидтерге дейін

  5. полипептидтерді амин қышқылдарына дейін

83. Экзопептидазалар гидролиздейді:

1.крахмалды мальтозаға дейін

2. ТАГ-ты глицерин мен БМҚ-ға дейін

3. белоктарды полипептидтерге дейін

4. полипептидтерді амин қышқылдарына дейін

5. АТФ-ты АДФ пен фосфор қышқылына

84.Барлық цитохромдар:


  1. біркомпонентті ферменттер

  2. гемі бар ферменттер

  3. ҮҚЦ-ға қатысады

  4. сутек атомдарын тасымалдайды

  5. БТ тізбегінің бас жағында орналасады

85.БТ тізбегінде цитохромдар келесі ретпен орналасады:

  1. цхвцхсцхс1цха3цха

  2. цхс1 цхс цхвцха3цха

  3. цхацха3 цхв цхс цхс1

  4. цхс цхв цха цхс1цха3

  5. цхв цхс1цхс  цха цха3

86.Каталаза:

  1. субстратты дегидрлейді

  2. гидратация реакциясын жүргізеді

  3. 2О22Н2О+О2-ге ыдыратады

  4. электрондарды тасымалдайды

  5. Н2О2Н2О+О ыдыратады

87.Пероксидазаны құрайды:

  1. апофермент пен Fe+бар гем

  2. апофермент пен Fe3+бар гем

  3. апофермент пен ТГФҚ

  4. апофермент пен мырыш

  5. апофермент пен фосфопиридоксаль

88.Цитохром в, каталаза және пероксидаза гемінің рационалды аты:

  1. 1,2,3,4, тетраметил,5,6-дивинил,7,8-дипропион қышқылының темір порфині

  2. 1,3,5,8 – тетраметил,2,4-дивинил,6,7дипропион қышқылының темір порфині

  3. 1,3,5,8 – тетравинил, 2,4-диметил 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

  4. 1,3,5,8 – тетраметил,2,4-диэтил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

  5. 1,3,5,8 – тетраэтил, 2,4-дивинил, 6,7-дипропион қышқылының темір порфині

89.Метилтрансферазалар тасымалдайды:

  1. SН тобын

  2. СН тобын

  3. СН3 тобын

  4. СООН тобын

  5. Альдегид тобын

90.Ацилтрансферазалар тасымалдайды:

  1. микроэлементтерді

  2. карбонқышқылдарының қалдықтарың

  3. көмір қышқыл газын ткандерден өкпеге

  4. оттегін өкпеден ткандерге

  5. билирубинді

91.Пируватдегидрогеназды комплекстің функциясы болып табылады:

1.әрі қарай тотығатын ацтеил-КоА-ның түзілуі

2.ҮҚЦ үшін оксалоацетаттың түзілуі

3.пируваттың түзілуі

4.лактаттың түзілуі

5.-кетоглутараттың түзілуі

92.ҮКЦ метаболиттік орталық – онда:


  1. АСҚ2СО2+3НАДН2+ФПН2+АТФ

  2. АСҚСО2+НАДН2+3ФПН2+АТФ

  3. АСҚ2СО2+2НАДН2+2ФПН2+АТФ

  4. АСҚ2СО2+3НАДН2+ФПН2+12АТФ

  5. АСҚСО2+4НАДН2+ФПН2+4АТФ

93.ҮҚЦ – бұл:

  1. көп мөлшелерде АТФ түзілетін үрдіс

  2. тотықсызданған дегидрогеназалар көзі

  3. аэробты үрдіс

  4. АСҚ толық жанады

  5. тотыққан дегидрогеназалардың көзі

94. АСҚ, СО2 мен Н2О-ға дейін толық тотыққанда түзіледі:

  1. 3 АТФ

  2. 9 АТФ

  3. 12 АТФ

  4. 15 АТФ

  5. 30 АТФ

Витаминдер



95.Витаминдер - бұл:

  1. табиғаты жағынан белоктық заттар

  2. органикалық заттар, липидтердің туындысы

  3. өмірге өте маңызды, өте аз мөлшерде керекті, төмен молекулалы органикалық заттар

  4. көмірсулардың туындылары

  5. бейорганикалық заттар

96. Науқастың жүрек аймағы ауырады, еске сақтау қабілеті нашарлаған, жүрген кезде балтыр бұлшық еті ауырады, бұл қандай ауырудың симптомы:

  1. рахит

  2. анемия

  3. бери-бери

  4. себорея

  5. цинга

97. А витаминінің сіңірілуін жақсартып көздің күлгін және көк сәулелерін қабылдау сезімталдығын жоғарлатады, осы витамин қалай аталады:

  1. рутин

  2. тиамин

  3. рибофлавин

  4. пантотен қышқылы

  5. токоферол

98.Бойдың өсуі тежеледі, шаш түседі, тілмен еріннің кілегей қабаты қабынған, ол жерде дегенеративті өзгерістер байқалады, бұл қандай авитаминозда кездеседі:

  1. В1

  2. А

  3. К

  4. В2

  5. В5

99. Науқастың тілінің кілегей қабаты қабынған, езулері тілінген, көздің қасаң қабығы васкуляризацияланған. А витаминінің сіңірілуі бұзылған. Осындай күй қандай витамин жетіспегенде байқалады:

  1. рибофлавин

  2. биотин

  3. ниацин

  4. пиридоксаль

  5. аскорбин қышқылы

100.Науқастың ұйқысы нашар, ашуланшақ, ішектің функциясы бұзылған (диарея), беттің және қолдың терілері симметриялы түрде жарақаттанған, галлюцинация байқалады. Бұл құбылысты қандай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады:

  1. рибофлавин

  2. аскорбин қышқылы

  3. ниацин

  4. ретинол

  5. биотин

101. Науқас сульфаниламидті препараттарді көп қабылдағандықтан, гемоглобиннің және қанның формалы элементтерінің синтезі бұзылған, В12 витаминімен емдеу нәтиже бермеді, қандай витаминнің синтезі бұзылған:

  1. аскорбин қышқылы

  2. фарнохинон

  3. тиамин

  4. фоль қышқылы

  5. холекальциферол

102. В12 витаминінің ішекте активті сіңірілуі үшін қажет:

  1. асқазанда Каслдың ішкі факторының болуы

  2. витаминнің фосфорлануы

  3. ішекте өт қышқылдарының болуы

  4. липидтердің болуы

  5. лактаттың белгілі бір мөлшерде болуы

103. Құрамында металы бар жалғыз витамин:

  1. витамин Д

  2. витамин Р

  3. витамин К

  4. витамин В12

  5. витамин Вс

104.Науқаста әлсіздік бар, тез шаршайды, қан тамырларының өткізгіштігі артқан, питехия, қызыл иегтері қанайды, гемоглобин синтезі баяу. Бұл жағдай қандай витамин жетіспегенде байқалады?

  1. фоль қышқылы

  2. никотинамид

  3. аскорбин қышқылы

  4. филлохинон

  5. ретинол

105. Қандай витамин аскорбин қышқылын тотығудан қорғайды, гиалуронидазаны тежеп, қан-тамыр қабырғасының беріктігін сақтайды, сондай-ақ С витаминінің әсерін күшейтеді:

  1. ретинол

  2. рутин

  3. кальциферол

  4. кобаламин

  5. никотинамид

106. Науқастың кешқұрым көзін көру қабілеті нашарланған, көз жасының бөлінуі тежелген, ауызы құрғайды, әлсіздік байқалады. Осы жағдай қай витамин жетіспегенде болуы мүмкін:

  1. скорбутқа қарсы витамин

  2. невритке қарсы витамин

  3. рахитке қарсы витамин

  4. ксерофтальмияға қарсы витамин

  5. капиллярдың беріктігін арттыратын витамин

107. Балаларға рахиттің профилактикасы үшін қажет:

  1. күннің көзінде болуы

  2. цитрусты тағамдарды қабылдау

  3. өсімдіктердің жасыл бөліктерін қабылдау

  4. қызыл түсті көкөністерді қабылдау

  5. ірі тартылған ұннан жасалған тағамды қабылдау

108. Жас баланың еңбегі бітпеген, тістің шығуы кешіккен, ұйқысы нашар, тағамға тәбеті тартпайды. Бұл жағдай қандай витаминнің жетіспеуінен болады:

  1. рибофлавин

  2. холекальциферол

  3. никотинамид

  4. аскорбин қышқылы

  5. ретинол

109. Қандай витамин жетіспегенде бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер, бауырдың майлануы, гонадотропты гормондардың синтезінің бұзылуы байқалады; жүкті әйелдердің ұрығы ыдырайды, липидтердің пероксидтік тотығу реакцияларының жоғарылауына байланысты эритроциттердің гемолизі жоғарылайды:

  1. А витамині

  2. С витамині

  3. В1 витамині

  4. Е витамині

  5. Д витамині

110. Бедеуліктің профилактикасы үшін жүкті әйелдерде түсіктер болмау үшін келесі препаратты қабылдау керек:

  1. -токоферол ацетаты

  2. викасолды

  3. ретинолацетатты

  4. аскорутинді

  5. тиаминхлоридті

111. Организмде липидтердің пероксидтік тотығуы келесі витаминдердің жетіспеуі кезінде күшейеді:

  1. токоферол, ретинол, С витамині

  2. ретинол, викасол, никотинамид

  3. холекальциферол, токоферол, С витамині

  4. биотин, токоферол, тиамин

  5. фоль қышқылы, рибофлавин, викасол

112. Науқас антибиотик қабылдағаннан кейін, мұрнынан қан ағады, кесілген жерден қан көпке дейін тоқтамайды, аскорутин препараты әсер бермеді. Бұл гиповитаминоз қайсы витаминге тән:

  1. К витамині

  2. Е витамині

  3. В12витамині

  4. Н витамині

  5. Д2 витамині


Көмірсулар алмасуы

113.Көмірсулардың қорытылуына қатысатын ферменттер:



  1. оксидоредуктазалар

  2. лиазалар

  3. фосфотрансферазалар

  4. гликозидазалар

  5. пептидгидролазалар

114. Лактоза құрамына кіретін моносахаридтер:

  1. глюкоза және фруктоза

  2. глюкоза және галактоза

  3. глюкоза және манноза

  4. глюкоза және пентоза

  5. галактоза және фруктоза

115. Сахароза құрамына кіретін моносахаридтер:

  1. глюкоза және фруктоза

  2. глюкоза және галактоза

  3. глюкоза және манноза

  4. глюкоза және пентоза

  5. галактоза және фруктоза

116. Мальтоза құрамына кіретін моносахаридтер:

  1. глюкоза және фруктоза

  2. глюкоза және галактоза

  3. глюкоза және манноза

  4. глюкоза және глюкоза

  5. галактоза және фруктоза

117. Моносахаридтердің сіңірілу жылдамдығы келесі ретпен жүреді:

  1. глюкоза →галактоза →пентоза →фруктоза

  2. галактоза →глюкоза →фруктоза →пентоза

  3. пентоза→ галактоза →фруктоза →глюкоза

  4. фруктоза →пентоза →галактоза →глюкоза

  5. галактоза →фруктоза →глюкоза →пентоза

118. Гликозидазалар келесі класқа жатады:

  1. гидролазалар

  2. лиазалар

  3. изомеразалар

  4. трансферазалар

  5. оксидоредуктазалар

119. Бауырдың глюкостатикалық функциясы дегеніміз:

  1. глюкозаның БМҚ-дан түзілуі

  2. қанда амин қышқылдарының мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

  3. қанда глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру

  4. белоктарды синтездеу

  5. гликопротеидтерді түзу

120. Органдарда глюкоза мына түрде қор ретінде жиналады:

  1. пентоза

  2. мальтоза

  3. гепарин

  4. крахмал

  5. гликоген

121. Бауырдағы гликогеннің фосфоролизінің басқа тіндер мен органдардағыдан айырмашылығы, онда соңғы өнім болып табылады:

  1. мальтоза

  2. глюкоза

  3. глюкозо – 6 – фосфат

  4. галактоза

  5. галактозо –6 – фосфат

122. Бос глюкозаның бауырдан қанға бөлінуіне себеп болатын бауырдың арнайы ферменті:

  1. фосфорилаза

  2. карбоангидраза

  3. глюкокиназа

  4. глюкозо-6-фосфатаза

  5. амилаза

123. Гликогенолиздің гидролиз жолы бауырда мына фермент арқылы жүзеге асады:

  1. -амилаза

  2. липаза

  3. сахараза

  4. мальтаза

  5. -амилаза

124. Бауырда гликогенолиз гидролиз жолымен жүргенде -амилаза әсерінен:

  1. белоктардан глюкоза бөлінеді

  2. бос май қышқылынан АСҚ бөлінеді

  3. гликогеннен глюкоза бөлінеді

  4. гликоген мальтозаға дейін ыдырайды

  5. глюкозо-6-фосфаттан Н3РО4 бөлінеді

125.Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері:

  1. 5,2-6,0 ммоль/л

  2. 7,0-14,0 ммоль/л

  3. 2,3-3,3 ммоль/л

  4. 3,3-8,0 ммоль/л

  5. 3,4-6,0 ммоль/л

126. Гликолиз – бұл:

  1. глюкозаның анаэробты жағдайда цитоплазмада тотығуы

  2. аэробты жағдайда глюкозаның тотығуы

  3. анаэробты жағдайда гликогеннің тотығуы

  4. анаэробты жағдайда глюкозаның тотықсыздануы

  5. аэробты жағдайда гликогеннің тотығуы

127. Гликолиз өтеді:

  1. митохондрияда

  2. лизосомада

  3. эндоплазмалық ретикулумде

  4. рибосомада

  5. цитоплазмада

128. Анаэробты гликолиз нәтижесінде глюкозаның бір молекуласынан түзіледі:

  1. пируваттың екі молекуласы

  2. лактаттың екі молекуласы

  3. ацетил – КоА

  4. пируваттың бір молекуласы

  5. лактаттың бір молекуласы

129.Гликоли қандай тіндерде қарқынды өтеді:

  1. қаңқа бұлшық етінде

  2. эритроциттерде

  3. бауырда

  4. май тінінде

  5. мида

130. Анаэробты жағдайда ПЖҚ:

  1. лактатқа тотығады

  2. глюкозаға айналады

  3. тотығудан декарбоксилдену реакциясына ұшырайды

  4. лактатқа тотықсызданады

  5. ҚСҚ-ға айналады

131. Гликолиз кезінде цитоплазмада түзілген НАДН2 – нің 2 молекуласы анаэробты жағдайда қалай жұмсалады:

  1. митохондрияға тасымалданып, энергия бөледі

  2. пируватты лактатқа тотықсыздандырады

  3. цитоплазмада тотығып АТФ түзеді

  4. пируваттың тотығуына қатысады

  5. шөрнек механизміне қатысады

132. Лактат мына өзгеріске ұшырайды:

  1. қанға өтіп, өкпеде қор ретінде жиналады

  2. қанмен бауырға түсіп, глюконеогенезге жұмсалады

  3. гликолиздің соңғы өнімі болып, зәрмен бөлінеді

  4. аланинге айналады

  5. липидтердің синтезіне жұмсалады

134. Екі молекула ПЖҚ СО2 мен Н2О-ға дейін тотыққанда неше молекула АТФ түзіледі:

  1. 2

  2. 6

  3. 30

  4. 32

  5. 36

135. Берілген схеманың қай үрдістерге сәйкес екенін көрсетіңіз:

гликоген глюкозо-6-фосфат 2 лактат



  1. гликогенолиз және пентозофосфатты цикл

  2. гликогеннің гидролизі мен гликолиз

  3. фосфоролиз бен гликолиз

  4. фосфоролиз және пентозофосфатты цикл

  5. гликогенолиз бен ҮҚЦ

136.Қандай органдарда глюконеогенез активті жүреді:

  1. бауырда

  2. бүйректе

  3. май тінінде

  4. қанқа бұлшық еттерінде

  5. мида

137. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы болып табылады:

  1. қайтымсыз

  2. циклді, қайтымсыз

  3. ферментативті

  4. аэробты

  5. пентозалардың, НАДФН2 көзі

138. Пентозофосфат циклінде түзілген пентозалар келесі заттардың түзілуіне жұмсалады:

  1. коферменттердің

  2. нуклеотидтердің

  3. ДНҚ

  4. Гликозамингликандардың

  5. БМҚ


Липидтер алмасуы

139. Липидтер тұрады:



  1. спирттер мен жоғарғы дәрежелі май қышқылдарынан

  2. глицерин және биорганикалық май қышқылдарынан

  3. жай эфирлерден

  4. циклды спирттер мен қысқа тізбекті май қышқылдарынан

  5. глицерин және қысқа тізбекті май қышқылдарынан

140. Липидтерге жатады:

  1. ТАГ

  2. Фосфолипидтер

  3. Холестеридтер

  4. Гликолипидтер

  5. Простагландиндер

141. Эндогенді судың көзі болып табылады:

  1. ТАГ

  2. ФЛ

  3. ХС

  4. Гликоген

  5. Белоктар

142. ТАГ келесі қызметтерді атқарады:

  1. өте қажетті органдарды қоршап, оларды зақымданудан сақтайды

  2. энергия көзі

  3. эндогенді судың көзі

  4. жылудың таралуын шектейтін зат

  5. қандағы әр түрлі липидтердің деңгейін реттейтін заттар

143.Триацилглицериндер бейтарап майларға жатады және олар тұрады:

  1. глицерин және 3БМҚ-нан

  2. глицерин және 2БМҚ-нан

  3. аминоспирттен және БМҚ-нан

  4. БМҚ және фосфор қышқылынан

  5. Тек БМҚ-нан

144.Фосфолипидтерге жатады:

  1. фосфатидилинозитолдар

  2. кефалиндер

  3. лецитиндер

  4. фосфатидилсериндер

  5. моноацилглицериндер

145.Тағам липидтерінің қорытылуына қатысады:

  1. ішек сөлі липазасы

  2. панкреатидтік липаза

  3. липопротеидлипаза

  4. фосфолипаза

  5. холестеролэстераза

146. Пальмитин қышқылы:

  1. моноқанықпаған

  2. қос байланысы бар

  3. екі қос байланысы бар

  4. қаныққан

  5. қысқа тізбекті

147.Эссенциалды май қышқылдары келесі функцияларды атқарады:

  1. мембрананың құрамына кіреді

  2. антиатерогенді

  3. қанның ұюын тежейді

  4. простагландиндердің негізін салады

  5. НАДФН2 көзі

148. Ересек адамдарда ТАГ қорытылуына қандай ферменттер қатысады:

  1. фосфолипаза А

  2. липазалар

  3. фофатаза

  4. фосфолипазалар

  5. фосфодиэстераза

149. Фофолипидтер күрделі эфирлер:

  1. спирт, 2 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  2. спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  3. глицерин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  4. сфингозин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат

  5. спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты жоқ зат

150. Фосфолипидтердің маңызы:

  1. гормондарды тасымалдауға қатысады

  2. липотропты әсер көрсетеді

  3. мембрана құрамына кіреді

  4. ерімейтін липидтерді тасымалдауға қатысады

  5. қанның ұюына қатысады

151. Қандай төменгі молекулалы азотты қосылыс бауырдың майлануына кедергі жасайды:

  1. метионин

  2. серин

  3. холин

  4. креатин

  5. биотин

152. ТАГ-тің панкреатиттік липаза әсерінен ыдырауы кезінде түзілетін соңғы өнім:

  1. ДАГ және БМҚ

  2. β-МАГ және 2БМҚ

  3. α-МАГ және БМҚ

  4. Глицерин және 3БМҚ

  5. Тек БМҚ

153. ФЛ гидролизіне қатысатын ферменттер:

  1. липазалар

  2. липопротеидлипаза

  3. фосфатаза

  4. фосфолипаза А12,С,Д

  5. фосфорилаза

154. Стеридтердің құрамына кіреді:

  1. көп атомды спирттер

  2. полициклді спиттер

  3. фенол туындылары

  4. циклді емес бір атомды спиттер

  5. көмірсулар туындылары

155. Холестеридтер гидролизіне қатысатын ферменттер:

  1. холестеринэстеразалар

  2. фосфоэстеразалар

  3. фосфолипазалар

  4. липазалар

  5. тиолазалар

156. Холестеринэстераза әсерінен стеридтер ыдырайды:

  1. ХС және БМҚ

  2. ХС,ТАГ,МАГ,ДАГ

  3. ХС, глицерин

  4. Глицерин,БМҚ

  5. БМҚ, азотты негіздер

157. Тағам липидтерінің құрамына міндетті түрде болуға тиісті әрі организмде синтезделмейтін зат:

  1. ТАГ

  2. ФЛ

  3. КҚМҚ

  4. БМҚ

  5. Холестерин

158. Алмастырылмайтын май қышқылдары:

  1. линоль, стеарин, арахидон қышқылдары

  2. пальмитин, стеарин, линолен қышқылдары

  3. арахидон, β-гидроксимай, мевалон қышқылдары

  4. линоль, линолен, арахидон қышқылдары

  5. стеарин, пальмитин, май қышқылдары

159. Ұйқы безі сөлінің липазасын активтендіреді:

  1. энтерокиназа

  2. өт қышқылдары

  3. тұз қышқылдары

  4. магний ионы

  5. хлор ионы

160. Қай ас қорыту сөлінің липазасы активсіз түрде түзіледі:

  1. асқазан

  2. ұйқы безі

  3. ішек

  4. дуоденалды

  5. сілекей

161. Асқазан сөлінің липазасының оптимальды рН-ы:

  1. рН 1,5-2,0

  2. рН 7,0-8,0

  3. рН 4,0-5,0

  4. рН 9,0-10,0

  5. рН 2,0-3,0

162. Өт қышқылдары бауырда синтезделеді:

  1. БМҚ-дан

  2. кетон денелерінен

  3. холестериннен

  4. амин қышқылдарынан

  5. ҚСҚ-дан

163. Коламиннің холинге айналуында метил тобының доноры болып табылады:

  1. аланин

  2. аргинин

  3. глицин

  4. метионин

  5. цистеин

164.Мицелланың түзілуі өтеді:

  1. ішек қуысында

  2. ішек қабырғасында

  3. бауырда

  4. кеуде лимфа өзегінде

  5. өкпеде

165. Мицелланың құрамына кіреді:

  1. β-МАГ

  2. белоктар

  3. ұзын тізбекті БМҚ

  4. ФЛ, ХЛ

  5. өт қышқылдарының тұздары

166. ТАГ синтезі тікелей моноацилглицеридті жолмен жүреді:

  1. ішек қабырғасында

  2. бауырда

  3. өкпеде

  4. май тінінде

  5. барлық жасушаларда

167. ТАГ синтезі фосфатид қышқылы арқылы жүреді:

  1. ішек қабырғасында

  2. бауырда

  3. өкпеде

  4. май тінінде

  5. ішек қабырғасынан басқа барлық органдарда

168. Фосфатид қышқылы тікелей синтезделеді:

  1. глицерофосфаттан

  2. ДАГ-н

  3. β-МАГ-н

  4. ТАГ-н

  5. глицериннен

169.Фосфатид қышқылының ФЛ синтезіне қолданылуы жасушаларда мына заттардың көп болуына байланысты:

  1. фосфор қышқылы

  2. глицерин

  3. азоты бар заттар

  4. қанықпаған БМҚ

  5. қаныққан БМҚ

170. Фосфатид қышқылы қай реакцияларға пайдалануы мүмкін:

  1. стероид гормондарының синтезіне

  2. витамин Д синтезіне

  3. ФЛ, ХС синтезіне

  4. Фосфор қышқылы, фосфатаза синтезіне

  5. ФЛ, ТАГ синтезіне

171. Фосфатид қышқылының ТАГ синтезіне қолданылуы жасушаларда мына заттардың болмауына байланысты:

  1. азоты бар заттар

  2. глицерин

  3. фосфор қышқылы

  4. глюкоза

  5. қаныққан БМҚ

172. Қанда ХМ гидролизіне қандай фермент қатысады:

  1. ЛХАТ

  2. Фосфолипаза А1

  3. Фосфолипаза А2

  4. Липопротеидлипаза

  5. Холинэстераза

173. Қан тамыры ішілік липолизді жүргізеді:

  1. липопротеидлипаза

  2. липаза

  3. ЛХАТ

  4. Фосфатаза

  5. Фосфолипаза

174. Липидтер бауырға келесі жолмен түседі:

  1. қақпа венасы арқылы

  2. бауыр артериясы арқылы

  3. қақпа венасы және бауыр артериясы арқылы

  4. лимфа өзегі

  5. лимфа жүйесі және қақпа венасы арқылы

175. Липидтер алмасуында негізінен бауырда өтеді:

  1. БМҚ синтезі

  2. ЛП синтезі

  3. кетон денелерініғ синтезі

  4. холестерин эфирлерінің синтезі

  5. холестериннің өт қышқылдарына тотығуы

176.Липопротеидтер тасымалдау формасына жатады:

  1. экзогенді майдың

  2. экзогенді холестериннің

  3. эндогенді майдың

  4. фосфопротеидтердің

  5. эндогенді холестериннің

177. Липопротеидтер (ЛП) түзіледі:

  1. ішек қуысында

  2. бүйректе

  3. өкпеде

  4. май тінінде

  5. бауырда

178. Липопротеидтердің бір-бірінен айырмашылығы:

  1. электрофорезде жылжуында

  2. құрамына кіретін заттардың проценттік қатынасында

  3. функцияларында

  4. тығыздықтарында

  5. түзілетін орындарында

179. ТАГ көп мөлшерде болады:

  1. хиломикрондарда

  2. ӨТТЛП

  3. ТТЛП

  4. ЖТЛП

  5. мицеллаларда

180. Коэффициент ЛПНП/ЛПВП в норме равен:

  1. 2

  2. 3

  3. 1

  4. 4

  5. 5

181. Глицериннің көмір қышқыл газы мен суға дейін тотығуы келесі үрдістердің қатысуымен өтеді:

  1. гликолиз

  2. БМҚ-ның тотығуы

  3. БТ, ТФ

  4. ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденуі

  5. ҮҚЦ

182. Глицериннің тотығуы кезінде өтетін реакцияларды көрсетіңіз:

  1. ПЖҚАСҚ

  2. Глицеринглицерофосфат

  3. ГлицерофосфатФГА

  4. ЦитратАСҚҚСҚ

  5. АСҚҚСҚцитрат

183. Глицерин тотыққанда түзілетін ФГА мына үрдіске қолданылуы мүмкін:

  1. глюконеогенез

  2. липогенез

  3. гликогеногенез

  4. гликогенолиз

  5. бета-тотығу

184. Глицерин тотыққанда түзілетін цитоплазмалық НАДН2 анаэробты жағдайда қолданылады:

  1. ПЖҚ-ң тотықсыздануына

  2. ФП тотықсыздануына

  3. Глицерофосфатты шөрнек механизмінің жұмысына

  4. БТ-ға

  5. Ацетосірке қышқылын тотықсыздандыруға

185. БМҚ-ның цитоплазмадан митохондрияға тасымалдануы қамтамасыз етіледі:

  1. цитраттың көмегімен

  2. карнитин көмегімен

  3. АТФ көмегімен

  4. глутамин көмегімен

  5. малат көмегімен

186. 100 грамм май тотыққан кезде түзілетін эндогенді су мөлшері:

  1. 107 г

  2. 20г

  3. 10г



  4. 50г

187. БМҚ қанда байланысады:

  1. 1-глобулиндермен

  2. 2 глобулиндермен

  3. -глобулиндермен

  4. -глобулиндермен

  5. альбуминдермен

188.Липидтер алмасуындағы май тінінің негізгі функциясы:

  1. Липопротеидтерді қорға жинау

  2. БМҚ мен глицеринді қорға жинау

  3. ФЛ қорға жинау

  4. ТАГ-ті қорға жинау

  5. ХС қорға жинау

189. Май тінінде төмендегі үрдістен басқасы қарқынды түрде өтеді:

  1. липонеогенез

  2. липогенез

  3. липолиз

  4. БМҚ -тотығуы

  5. ТАГ-ті қорға жинау

190. Пероксидті тотығу дегеніміз:

  1. Н2О түзілуі

  2. бос радикалды үрдіс

  3. ТАГ тотығуы

  4. Н2О2 түзілуі

  5. ФПН2 тотығуы

191. Пероксидті тотығудың инициаторы болып табылады:

  1. метионин

  2. оттегінің активті түрлері

  3. оттек молекуласы

  4. НАД

  5. сутек

192. Пероксидті тотығудың аралық және соңғы өнімдеріне жатады:

  1. МДА

  2. КҚМҚ-ның гидропероксидтері

  3. Альдегидтер

  4. Май қышқылдарының радикалдары

  5. СО2 мен Н2О

193.Липидтердің пероксидті тотығуының ингибиторын атаңыз:

  1. токоферол

  2. калий цианиді

  3. тироксин

  4. арахидон қышқылы

  5. пируват

194. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері:

  1. көмірқышқыл газы, су

  2. көмірқышқыл газы, су, ацетон

  3. көмірқышқыл газы, кетон денелері

  4. көмірқышқыл газы, су, ацетон,ХС

  5. көмірқышқыл газы, су, ХС



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет