Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)


Белоктар алмасуы. Бауыр биохимиясы



бет28/32
Дата14.06.2016
өлшемі3.82 Mb.
#134590
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Белоктар алмасуы. Бауыр биохимиясы.

195. Ересек адам 1 кг дене салмағына есептегенде қажет болатын тәуліктік белок мөлшері:



  1. 0,3-0,4г

  2. 5,0-6,0г

  3. 0,7-0,8г

  4. 9,0-10,0г

  5. 11,0-12,0г

196. Оң азоттық баланс:

    1. белоктың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшерінен аз

    2. белоктың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшерінен көп

    3. белоктың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшеріне тең

    4. тағаммен түсетін белоктың мөлшерінен жасушада белоктың синтезделуі жоғары болады

    5. тағаммен түсетін белоктың мөлшерінен жасушада белоктың синтезделуі төмен болады

197. Теріс азоттық баланс дамиды:

    1. жүктілікте

    2. бала кезінде

    3. қартайғанда

    4. онкологиялық ауруларда

    5. аштықта

198. Қан плазмасының белоктарының қоры қажет:

  1. зат алмасудың улы өнімдерін усыздандыру үшін

  2. алмастырылмайтын амин қышқылдарының қорын толтыру үшін

  3. қансырыған кезде қанның онкотикалық қысымын қалпына келтіру үшін

  4. гормондық балансты қалпына келтіру үшін

  5. қан сары суының пигменттерін түзу үшін

199. Белоктардың қорытылуына қатысатын ферменттер:

    1. пепсин, гастриксин

    2. трипсин, химотрипсин

    3. карбоксипептидазалар, аминопептидазалар

    4. катепсиндер, энтеропептидазалар

    5. дипептидазалар, трипептидазалар

200. Ас қорыту сөлдеріндегі проферменттер келесі түрде активтенеді:

  1. белоктың біріншілік структурасының өзгеруі арқылы

  2. белоктың екіншілік структурасының өзгеруі арқылы

  3. белоктың үшіншілік структурасының өзгеруі арқылы

  4. Н3РО4 қосылуы арқылы

  5. арнайы пептидтердің бөлінуі арқылы

201. Асқазан сөлінің НСl қажет:

    1. пепсиногенді активтеуге

    2. трипсиногенді активтеуге

    3. белоктарды денатурациялауға

    4. белоктарды залалсыздандыруға

    5. сфинктердің жұмысын реттеуге

202. Асқазан сөліндегі муцин қажет:

  1. асқазанның кілегейлі қабатын өзінөзі қорытудан сақтау үшін

  2. НСl әсерінен қорғау үшін

  3. В12 витаминінің сіңірілуі үшін

  4. асқазандағы ферменттерді активтеу үшін

  5. В12 витаминін бұзылудан сақтау үшін

203. Асқазан сөлінің қалыпты рН:

1) 3,0- 5,0

2) 1,5- 2,0

3) 8,8- 9,0

4) 10,4-12,8

5) 5,5- 6,8

204. Асқазан сөлінің негізгі бейорганикалық компоненті болып табылады:


  1. Н2О2

  2. көміртек шала тотығы

  3. тұз қышқылы

  4. күкірт қышқылы

  5. аммоний сульфаты

205. Асқазан сөлін зерттегенде, жалпы қышқылдық «0»-ге тең, бос НСl анықталған жоқ. Пепсин мен гастриксин жоқ. Бұл күй қалай аталады:

  1. ахилия

  2. ахлоргидрия

  3. гипохлоргидрия

  4. гиперхлоргидрия

  5. қалыпты асқазан сөлі

206. Қалыпты асқазан сөлі - бұл:

  1. өткір қышқыл иісті, түссіз, сәл тұтқыр, тәулігіне 2 л бөлінетін сұйықтық

  2. әлсіз қышқыл иісті, сары түсті, тұтқыр, тәулігіне 2 л бөлінетін сұйықтық

  3. әлсіз қышқыл иісті, түссіз, өте тұтқыр, тәулігіне 2 л бөлінетін сұйықтық

  4. иіссіз, түссіз, сәл тұтқыр, тәулігіне 3 л бөлінетін сұйықтық

  5. әлсіз қышқыл иісті, түссіз, сәл тұтқыр, тәулігіне 2 л бөлінетін сұйықтық

207. Асқазан сөлінің иісі шіріген иіс. Бұл байланысты:

  1. пепсиннің болуына

  2. ашуға

  3. ыдыраған тағамның тұрып қалуына

  4. тағамның күшті қорытылуына

  5. тұз қышқылының болуына

208. Асқазан сөлінің қалыпты құрамдас бөліктеріне жатады:

  1. ұшқыш май қышқылдары

  2. өт қышқылдары

  3. қан

  4. сүт қышқылы

  5. муциндер

209. Асқазан сөлінде өт пайда болады:

  1. гиперхлоргидрияда

  2. гипохлоргидрияда

  3. қантты диабетте

  4. ахилияда

  5. пилорикалық бөліміндегі тыртықтық өзгерістерде

210. Асқазан сөлі түсінің сары болуы оның құрамында келесі заттың болуына байланысты:

  1. HCl болғанда өттің

  2. НСl жоқ болғанда өттің

  3. қышқылдылық төмен болғанда қанның

  4. сүт қышқылының

  5. ұшқыш май қышқылдарының

211.Асқазан сөлінің түсі "кофе тәрізді" болуы оның құрамында келесі заттың болуына байланысты:

  1. өт

  2. қан НСІ жоқта

  3. қышқылдық жоғары болғанда қан

  4. белоктардың шіру өнімдері

  5. көмірсулардың ашыған өнімдері

212. Асқазан сөлінде өт пен сүт қышқылы болады:

  1. гиперхлоргидрияда

  2. гипохлоргидрияда

  3. ахлоргидрияда

  4. ахилияда

  5. сарғыштануда

213. Ұйқы безі сөлінде кездеседі:

1. аминопептидазалар

2. дипептидазалар, трипептидазалар

3. пепсин мен гастриксин

4. трипсин мен химотрипсин

5. карбоксипептидазалар



214. Ішек сөлінде кездеседі:

  1. аминопептидазалар

  2. трипсин мен химотрипсин

  3. дипептидазалар

  4. карбоксипептидаза

  5. пепсин мен гастриксин

215. Белоктардың шіруі:

  1. олардың тотығуы

  2. амин қышқылдарының ішек сөлі ферменттерінің әсерінен ыдырауы

  3. амин қышқылдарының тоқ ішек микрофлорасының әсерінен ыдырауы

  4. тотықсыздану

  5. дезаминдену

216. Тоқ ішекте белоктар шірігенде түзіледі:

  1. индол, скатол

  2. крезол, фенол

  3. гиппур қышқылы

  4. индикан

  5. кадаверин, путресцин

217. Белоктардың улы шіру өнімдерінің залалсыздануы өтеді:

    1. ащы ішекте

    2. тоқ ішекте

    3. бүйректе

    4. бауырда

    5. лимфа түйіндерінде

218. Белоктардың шіру өнімдері бауырда залалсызданады:

  1. күкірт және глюкурон қышқылдарымен конъюгациялану реакциялары арқылы

  2. глицинмен конъюгациялану реакциясы арқылы

  3. диаминооксидазалардың әсерінен

  4. глюкурон және бензой қышқылдарымен конъюгациялану реакциялары арқылы

  5. фосфор қышқылымен конъюгациялану реакциясы арқылы

219. Қандай заттың мөлшері бойынша белоктардың ішекте шіруі мен бауырдың залалсыздандыру қызметінің жылдамдығы туралы болжам жасауға болады:

  1. индикан

  2. кадаверин

  3. путресцин

  4. бензой қышқылы

  5. күкіртсутек

220. Креатин синтезі өтеді:

  1. бауырда және өкпеде

  2. бүйректе және бауырда

  3. жүректе және бауырда

  4. ішектің кілегейлі қабаты мен бұлшық етте

  5. қаңқа бұлшық еті мен миокардта

221. Креатиннің түзілуіне қажет амин қышқылдары:

  1. аргинин, глицин, цистин

  2. аланин, аргинин, метионин

  3. глицин, метионин, орнитин

  4. аргинин, глицин, метионин

  5. аланин, орнитин, цистеин

222. Креатиннің маңызы:

  1. одан креатинфосфат түзіледі

  2. ол энергия көзі болып табылады

  3. одан креатинин түзіледі

  4. соңғы өнімдерге дейін тотығады

  5. гормондардың түзілуіне пайдаланылады

223. Креатинфосфат - H3PO4 көзі және келесі үрдіс үшін энергия көзі:

  1. ферменттердің активтенуі

  2. ГТФ ресинтезі

  3. бауырдағы АТФ ресинтезі

  4. бұлшық еттегі АТФ ресинтезі

  5. нуклеотидтердің түзілуі

224. Креатинин:

  1. креатиннің түзілуіне пайдаланылады

  2. креатинфосфаттың түзілуіне пайдаланылады

  3. соңғы өнім болғандықтан, зәрмен бөлінеді

  4. белок алмасуының аралық өнімі болып табылады

  5. бауыр функциясын анықтауға қажет

225. Трансаминдену үрдісінің маңызы:

  1. алмастырылатын амин қышқылдарының синтезі

  2. алмастырылмайтын амин қышқылдарының синтезі

  3. глицериннің синтезі

  4. амин қышқылдары катаболизмінің басы болып саналады

  5. көмірсулар мен белоктар алмасуын өзара байланыстырады

226. Амин қышқылдары декарбоксилденгенде түзіледі:

  1. -кето қышқылдары

  2. қаныққан май қышқылдары

  3. оксиқышқылдар

  4. амидтер

  5. биогенді аминдер

227. Серотонин келесі амин қышқылынан түзіледі:

  1. гистидин

  2. глутамин қышқылы

  3. тирозин

  4. триптофан

  5. аспарагин қышқылы

228. Серотониннің физиологиялық әсері:

  1. қан тамырларын кеңейтеді, өткізгіштігін арттырады

  2. қан тамырларын тарылтады, ішек перистальтикасын күшейтеді

  3. тұз қышқылының секрециясын арттырады

  4. жүйке импульсінің берілуін тежейді

  5. мидағы қан айналымды жақсартады

229. -амино май қышқылы келесі амин қышқылынан түзіледі:

  1. гистидин

  2. глутамин қышқылы

  3. тирозин

  4. триптофан

  5. аспарагин қышқылы

230. ГАМҚ-ң физиологиялық әсері:

  1. қан тамырларын кеңейтеді

  2. қан тамырларын тарылтады

  3. тұз қышқылының секрециясын арттырады

  4. жүйке импульсінің берілуін тежейді

  5. мидағы қан айналымды жақсартады

231. Гистаминнің физиологиялық әсері:

  1. қан тамырларын кеңейтеді, өткізгіштігін арттырады

  2. қан тамырларын тарылтады

  3. тұз қышқылының секрециясын арттырады

  4. қозу үрдісін тежейді

  5. мидағы қан айналымды жақсартады

232. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтары пайдаланылуы мүмкін:

  1. энергия алуға

  2. глюконеогенезге

  3. белок синтезіне

  4. кетон денелерінің синтезіне

  5. липидтер синтезіне

233. Тікелей емес тотығудан дезаминдену реакциясына қатысады:

  1. трансаминазалар мен декарбоксилазалар

  2. НАД және НАДФ-тәуелді оксидазалар

  3. НАД және ФАД-тәуелді оксидазалар

  4. Трансаминазалар және НАД-тәуелді оксидазалар

  5. Оксигеназалар және ФМН-тәуелді оксидазалар

234. Организмдегі аммиакты залалсыздандыру реакциясы болып табылады:

  1. амидтену

  2. мочевина синтезі

  3. тотықсызданудан дезаминдену

  4. трансаминдену

  5. аммонийгенез

235. Қандай реакциялардың нәтижесінде аммиак түзіледі:

  1. амин қышқылдарының тотығудан дезаминденуінде

  2. пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер ыдырағанда

  3. амидтердің дезамидтенуінде

  4. биогенді аминдердің инактивтенуінде

  5. трансаминденуде

236. Амидтену нәтижесінде глутамин мен аспарагин түзіледі, олар пайдаланылуы мүмкін:

  1. аммиакты тасымалдау мен оны уақытша байланыстыруға

  2. пуриндік және пиримидиндік негіздердің синтезіне

  3. липопротеиндер синтезіне

  4. белок синтезіне

  5. гексозаминдердің түзілуіне

237. Аммонийгенез қажет:

  1. аммиакты залалсыздандыруға

  2. қышқыл өнімдерді бейтараптауға

  3. маңызды катиондарды организмде сақтауға

  4. қышқыл өнімдерді организмнен шығаруға

  5. сілті өнімдерді бейтараптауға

238.Мочевина синтезі өтеді:

  1. бүйректе

  2. бауырда

  3. көкбауырда

  4. ішек қабырғасында

  5. бұлшық етте

239. Мына реакцияны қандай фермент катализдейді

О

NH3 + CO2 + 2АТФ + H2O NH2 - C- О ~ РО3Н2 + 2 АДФ + Н3РО4



  1. карбамоилфосфатсинтаза

  2. аргиназа

  3. аргининосукцинатсинтетаза

  4. аргининосукцинатлиаза

  5. орнитинкарбамоилтрансфераза

240. Мочевина синтезінің екінші сатысына қатысады:

  1. орнитин

  2. карбомоилфосфат

  3. лизин

  4. аргинин

  5. аспартат

241. Орнитин циклінде қандай амин қышқылы мочевинаның алғы заты болып табылады:

  1. аргинин

  2. аспартат

  3. глутамат

  4. орнитин

  5. метионин

242. Мочевина үшін амин тобының көзі болып табылады:

  1. глутамин қышқылы мен креатин

  2. аспарагин қышқылы мен аммиак

  3. фенилаланин

  4. глицин

  5. гистидин

243. Гем синтезіндегі пиррол сақинасы төмендегі заттан түзіледі:

  1. -аминолевулин қышқылынан

  2. - аминомай қышқылынан

  3. -кетоадипин қышқылынан

  4. -оксимай қышқылынан

  5. пирожүзім қышқылынан

244. Қандай қосылыстар гем синтезіне жұмсалады:

  1. глицин

  2. сукцинил-КоА

  3. темір

  4. билирубин

  5. биливердин

245. Гем синтезіндегі порфобилиноген төмендегі заттан түзіледі:

  1. -аминолевулин қышқылынан

  2. - аминомай қышқылынан

  3. -кетоадипин қышқылынан

  4. -оксимай қышқылынан

  5. пирожүзім қышқылынан

246. Гемоглобин синтезі тежеледі:

  1. алмастырылатын амин қышқылдары көп болғанда

  2. алмастырылатын амин қышқылдары жеткіліксіз болғанда

  3. гипоксиялық жағдайларда

  4. гем синтезі бұзылғанда

  5. қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылғанда

247. Эритроциттерден бөлінген гемоглобин ММЖ жасушаларына тасымалданады:

  1. альбуминдермен

  2. глобулиндермен

  3. гаптоглобинмен

  4. липопротеиндермен

  5. фибриногенмен

248.Гемоглобин ыдырағанда қандай пигменттер түзіледі?

  1. өт

  2. нәжіс

  3. плазма

  4. тері

  5. зәр

249.Тікелей билирубинге тән қасиеттер:

  1. улы

  2. улы емес

  3. суда ериді

  4. Эрлиха реактивімен қызғылт түс береді

  5. альбуминдермен байланыспаған

250. Байланысқан билирубиннің қасиеттері:

  1. улылығы төмен

  2. суда ериді

  3. бүйректік тосқауылдан өтеді

  4. улы

  5. суда ерімейді

251. Тікелей емес билирубин төмендегі қасиеттерге ие:

  1. улы

  2. усыз

  3. суда ерімейді

  4. Эрлих диазореактивімен қызғылт түс бермейді

  5. альбуминдермен байланысқан

252. Бос билирубин тікелей емес деп аталады, өйткені:

  1. улы

  2. усыз

  3. Эрлих диазореактивімен кофеин реактивін немесе спирт қосқаннан кейін қызғылт түс береді

  4. Эрлих диазореактивімен бірден қызғылт түс береді

  5. альбуминдермен байланысқан

253. Тікелей билирубин келесі қосылыспен конъюгациялану реакциясы кезінде түзіледі:

  1. күкірт қышқылымен

  2. глюкурон қышқылымен

  3. фосфор қышқылымен

  4. глицинмен

  5. глутаминмен

254. Обтурациялық сарғыштанудың симптомдары:

  1. гипербилирубинемия

  2. нәжістің түссіз болуы

  3. билирубинурия

  4. уробилиногенурия

  5. стеркобилиногенурия

255. Гемолиздік сарғыштанудың симптомдары:

  1. уробилиногенурия

  2. стеркобилиногенурия

  3. гипербилирубинемия

  4. нәжістің түссіз болуы

  5. билирубинурия

256. Паренхималық сарғыштанудың симптомдары:

  1. гипербилирубинемия

  2. нәжістің түссіз болуы

  3. билирубинурия

  4. уробилинурия

  5. стеркобилиногенурия

257. Пуриндік негіздердің тотығуының соңғы өнімдеріне жатады:

  1. несеп қышқылы және аммиак

  2. мочевина

  3. пурин

  4. ксантин

  5. гипоксантин

258. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері болып табылады:

  1. мочевина, креатинин, билирубин

  2. билирубин, несеп қышқылы, ацетон

  3. мочевина, креатинин, СО2

  4. несеп қышқылы, мочевина, креатинин

  5. креатин, креатинин, тікелей билирубин

259. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері болып табылады:

  1. несеп қышқылы, стеркобилин

  2. креатинин, билирубин, СО2

  3. несеп қышқылы, креатин, СО2

  4. несеп қышқылы, билирубин, креатинин

  5. мочевина, креатинин, аммоний тұздары

260. Дезаминденудің дезамидтенуден айырмашылығы дезамидтену кезінде:

  1. реакцияға амин қышқылы түседі

  2. амин қышқылы мен аммиак түзіледі

  3. азотсыз қалдық пен аммиак түзіледі

  4. кетоқышқылдары түзіледі

  5. глутамин түзіледі

261. Несеп қышқылы мына заттың тотығуы кезінде түзіледі:

  1. цитозиннің

  2. тиминнің

  3. урацил мен адениннің

  4. аденин мен гуаниннің

  5. триптофанның

262. Бауыр заттар алмасуында орталық орын алады, өйткені ол төмендегі қызметтерді атқарады:

  1. реттеуші-гомеостатикалық

  2. пластикалық және қор жинау

  3. энергетиялық және антитоксикалық

  4. секреторлық-экскреторлық

  5. амидтену

263. Бауыр... басқа қандағы заттардың мөлшерін тұрақты сақтайды:

  1. гормондардың

  2. глюкозаның

  3. холестеролдың

  4. -ЛП

  5. фосфолипидтердің

264. Бауыр келесі реакция арқылы антитоксикалық функция атқарады:

  1. тотығу және тотықсыздану

  2. метилдену және ацетилдену

  3. гидролиз

  4. коньюгация

  5. фосфорлану

265. Өт түзіледі:

  1. өт қабында

  2. ұйқы безінде

  3. гепатоциттерде

  4. ащы ішектің кілегейлі қабатында

  5. Купфер жасушаларында

266. Глюкоза синтезі үшін субстрат болып табылады:

1. холестерол

2. глицерин

3. аланин

4. лактат

5.пируват

267. Заттар алмасуының өзара байланысу жолдары:

1. жалпы катаболизм жолдары (ҮҚЦ, БТ, ТФ)

2. алмастырылатын амин қышқылдарын пайдалану

3. ортақ аралық өнімдер (фосфотриозалар, ПЖҚ, АСҚ)

4. ортақ энергия көздері (АТФ, НАДН2, НАДФН2)

5. аммиакты пайдалану

268. Липидтер, көмірсулар және белоктар алмасуындағы ортақ аралық өнім болып табылады:

1. пируват

2. фруктозо-6-фосфат

3. ацетилКоА

4. гуанидинсірке қышқылы

5. ҚСҚ


269. Көмірсулар мен липидтер алмасуындағы ортақ аралық өнімдерді атаңыз:

1.ФГА


2. ПЖҚ

3. малонилКоА

4. НАДФН2

5. ацетил-КоА

270.Көмірсулар, липидтер және белоктар алмасуының ортақ соңғы өнімі – СО2 түзілетін жалпы реакцияларды көрсетіңіз:

1. ПЖҚ-ң тотығудан декарбоксилденуі

2. амин қышқылдарының декарбоксилденуі

3. ацетосірке қышқылының декарбоксилденуі

4. -кетоглутар қышқылының тотығудан декарбоксилденуі

5. глюкозаның пентозды циклде тотығуы

271. Тағаммен түсетін қандай заттар пируваттың алғы заты боып табылады?


  1. көмірсулар

  2. белоктар

  3. май қышқылдары

  4. холестерол

  5. целлюлоза

272. Өттің функциялары:

  1. липидтерді эмульсиялау

  2. ұйқы безі липазасын активтеу

  3. липидтердің гидролиз өнімдерінің мицелла құрамында сіңірілуі

  4. асқазаннан түскен қышқылдық өнімдерді бейтараптау

  5. суда еритін витаминдердің сіңірілуіне қажет


Заттар алмасуының реттелуі. Гормондар биохимиясы

273. Гипофиздің тропты гормондарының түзілуін стимулдейтін гипоталамус гормондарының жалпы аталуы:



  1. статиндер

  2. глюкокортикостероидтар

  3. минералокортикостероидтар

  4. рилизинг-факторлар

  5. соматомединдер

274. Гипофиз гормондарының түзілуін тежейтін гипоталамус гормондарының жалпы аталуы:

  1. рилизинг-факторлар

  2. соматомединдер

  3. простагландиндер

  4. циклді нуклеотидтер

  5. статиндер

275. Статиндердің түзілетін жері:

  1. қалқанша безінің парафолликулярлы жасушалары

  2. бауыр жасушалары

  3. гипофиздің артқы бөлігі

  4. гипоталамус ядросында

  5. аденогипофиз

276. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны өз әсерін тигізеді:

  1. тіндерде метаболиттер түзу арқылы

  2. ішкі секреция бездерінде гормондарды түзу арқылы

  3. гипоталамус гормондарын түзу арқылы

  4. белоктарды түзу арқылы

  5. гипофиздің арқылы бөлігінің гормондарын түзу арқылы

277. Гормондар табиғаты жағынан:

  1. жай белоктар

  2. күрделі белоктар

  3. холестериннің туындылары

  4. аминқышқылының туындылары

  5. көмірсулар

278. Холестерин туындыларына жататын гормондар

  1. кортизол

  2. альдостерон

  3. тестостерон

  4. эстрогендер

  5. адреналин

279. Гормондардың рецепторлары табиғаты жағынан:

  1. липопротеидтер

  2. гликопротеидтдер

  3. хромопротеидтер

  4. металлопротеидтер

  5. нуклепротеидтер

280. Простагландиндер түзіледі:

  1. стеарин қышқылынан

  2. холестериннен

  3. тирозин қалдығынан

  4. арахидон қышқылынан

  5. олеин қышқылынан

281. Гормондар қанда төмендегі қосылыстармен байланысқан күйде кездеседі:

  1. май қышқылдарымен

  2. фибриногенмен

  3. липопротеидтермен

  4. альбуминдермен

  5. коллагенмен

282. Гормондардың активті формасы:

  1. белокпен байланысқан

  2. липидтермен байланысқан

  3. гидроксилденген

  4. бос

  5. гликозилденген

283. Тыныштық кезінде G-белок байланысқан:

  1. АТФ-пен

  1. ЦДФ-пен

  2. УДФ-пен

  3. ГДФ-пен

  4. АДФ-пен

284. Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар ферменттердің активтілігін өзгертеді:

  1. фермент молекуласын модификациялау арқылы

  2. фермент концентрациясын арттыру арқылы

  3. субстрат концентрациясын арттыру арқылы

  4. мембрана өткізгіштігін арттыру арқылы

  5. ферменттерді фосфорлау арқылы

285. Екіншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар ферменттердің активтілігін өзгертеді

  1. фермент молекуласын модификациалау арқылы

  2. фермент концентрациясын арттыру арқылы

  3. субстрат концентрациясын арттыру арқылы

  4. мембрана өткізгіштігін арттыру арқылы

  5. ферменттердің синтезін арттыру арқылы

286. Үшіншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар ферменттердің активтілігін өзгертеді:

  1. фермент молекуласын модификациалау арқылы

  2. фермент концентрациясын арттыру арқылы

  3. субстрат концентрациясын арттыру арқылы

  4. мембрана өткізгіштігін арттыру арқылы

  5. ферменттердің синтезін арттыру арқылы

287. ц-АМФ активтейді:

  1. фосфодиэстеразаны

  2. протеинфосфатазаны

  3. протеинкиназа А-ны

  4. протеинкиназа G-ны

  5. протеинкиназа С-ны

288. ц-АМФ-тәуелді протеинкиназа тездетеді:

  1. белоктардың гидролизін

  2. мембрана белоктарының фосфорлануын

  3. ядро мен рибосома белоктарының фосфорлануын

  4. липаза мен фосфорилазаның активтенуін

  5. пируваттың фосфорлануын

289. Протеинкиназа А тұрады:

  1. 2 реттеуші және 4 катализдік суббірліктерден

    1. 2 реттеуші және 2 катализдік суббірліктерден

  1. 2 реттеуші және 1 катализдік суббірліктерден

  2. 1 реттеуші және 1 катализдік суббірліктерден

  3. 4 реттеуші және 4 катализдік суббірліктерден

290. Фосфодиэстераза ферменті тездетеді:

  1. АТФ-гидролизін

  2. фосфолипидтер гидролизін

  3. нуклеин қышқылдарының қорытылуын

  4. ц-АМФ гидролизін

  5. фруктозо-6-фосфаттан фруктозаның түзілуін

291.Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза арқылы әсер етеді:

  1. натрий-уретикалық фактор

  2. бактериалды эндотоксин

  3. СДГ

  4. инсулин

  5. прогестерон

292. Циклді ГМФ:

  1. кальмодулиннің активаторы

  2. фосфодиэстеразаның ингибиторы

  3. липогенез ингибиторы

  4. көмірсулар мен липидер метаболизімінде ц-АМФ-тің антагонисті

  5. Са–дің синергисті

293. Гуанилатциклаза тездетеді:

  1. ц-АМФ-тің түзілу реакциясын

  2. АМФ-тің түзілуі реакциясын

  3. ц-ГМФ-тің түзілу реакциясын

  4. ГМФ- тің түзілуі реакциясын

  5. АТФ-тің түзілу реакциясын

294. ц-ГМФ активтейді:

  1. фосфодиэстеразаны

  2. протеинфосфатазаны

  3. протеинкиназа А-ны

  4. протеинкиназа G-ны

  5. протеинкиназа С-ны

295. Гуанилатциклазаның цитозольді формасын активтендіреді:

  1. азот оксиді

  2. холестерин

  3. Д3 витамині

  4. СТГ

  5. инсулин

296. Фосфолипаза С фосфатидилинозитолдифосфаттың гидролизін тездетеді:

  1. ДАГ және инозитолтрифосфатқа дейін

    1. ТАГ және инозитолтрифосфатқа дейін

  1. МАГ және инозитолтрифосфатқа дейін

  2. Глицерин және инозитолтрифосфатқа дейін

  3. ДАГ жне инозитолға дейін

297. Инозитолтрифосфат әсер етеді:

  1. эндоплазматикалық ретикулумға

  2. лизосомаларға

  3. Гольджи аппаратына

  4. рибосомаларға

  5. ядроға

298. ДАГ активтейді:

  1. фосфодиэстеразаны

  2. протеинфосфатазаны

  3. протеинкиназа А-ны

  4. протеинкиназа G-ны

  5. протеинкиназа С-ны

299. Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар:

  1. барлық белоктық-пептидтік гормондар

  2. инсулиннен басқа белокты-пептидті гормондар

  3. стероидты гормондар

  4. простагландиндер

  5. липидтердің туындылары

300. Біріншілік механизм бойынша әсер етеді:

    1. глюкокортикостероидтар

    2. жыныс гормондары

    3. катехоламиндер

    4. глюкагон

    5. гипофиз гормондары

301. Табиғаты стероидты гормондар әсерінен стимулденеді:

      1. ц-АМФ түзілуі

      2. кальций жасуша цитоплазмасына түсуі

      3. биологиялық активті заттар синтезі

      4. белгілі гендердің транскрипциясы

      5. рибонуклеаза активтенуі

302. Екіншілік механизм бойынша әсер етеді:

      1. барлық белоктық-пептидтік гормондар

      2. инсулиннен басқа белокты-пептидті гормондар

      3. стероидты гормондар

      4. простагландиндер

      5. липидтердің туындылары

303. Үшіншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар:

      1. кортикостероидтар

      2. жыныс гормондары

      3. инсулин, Т4

      4. прогестерон

      5. глюкагон

304. Паратгормонның әсерінен:

        1. қанда глюкоза мөлшері азаяды

        2. қан тамыр ішілік липолиз жүреді

        3. қанда Са2+ мөлшері төмендейді

        4. қанда Са2+ мөлшері жоғарылайды

        5. БМҚ қан плазмасы белоктарымен байланысады

305. Қанда кальций деңгейі төмендегені байқалады, бұл:

  1. паратгормынның секрециясының төменденуінен

  2. кальцитонин секрециясының төменденуінен

  3. адреналин әсерінің күшеюінен

  4. простагландиндер синтезінің күшеюінен

  5. глюкагон түзілуінің бұзылуынан

306. Паратгормонның минерал алмасуына әсері:

  1. сүйектен кальций мобилизациясына

  2. бүйректе кальций реабсорбциясын арттырады

  3. бүйректе фосфаттар реабсорбциясын төмендетеді

  4. ащы ішекте кальций мен фосфаттардың сіңірілуін стимулдейді

  5. сүйектен кальций мобилизациясын тежейді

307. Қалқанша маңы бездерін алып тастағанда байқалады:

1. қандағы кальций деңгейінің артуы

2. қандағы глюкозаның мөлшерінің артуы

3. қандағы қалдық азот мөлшерінің артуы

4. қанның осмостық қысымының артуы

5. қандағы кальций деңгейінің төмендеуі



308. Кальцитонин түзіледі:

  1. ұйқы безінде

  2. бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында

  3. қалқанша маңы безінде

  4. қалқанша безінің парафоликулярлық жасушасында

  5. тоқ ішекте

309. Кальцитонин әсер етеді:

  1. гепатоциттердің мембрана өткізгіштігін арттыру арқылы

  2. нерв жасушалары мембранасының глюкоза мен Са2+-ға өткізгіштігін төмендету арқылы

  3. инозитолтрифосфат жүйесі арқылы

  4. сүйек жасушасының аденилатциклаза ц-АМФ жүйесі арқылы

  5. ц-ГМФ арқылы

310. Кальцитонин секрециясы артады:

  1. гипергликемия кезінде

  2. гипокальциемия кезінде

  3. гиперлипемия кезінде

  4. гиперкальциемия кезінде

  5. гипокалиемия кезінде

311. Қандағы Са2+ мен фосфаттардың мөлшерін реттейді:

  1. өсу гормоны

  2. паратгормон

  3. АКТГ

  4. адреналин

  5. альдостерон

312. Кальцитониннің минерал алмасуына әсері:

  1. сүйектен кальций мобилизациясын тежейді

  2. сүйектен кальций мобилизациясына

  3. бүйректе кальций реабсорбциясын арттырады

  4. бүйректе фосфаттар реабсорбциясын төмендетеді

  5. ащы ішекте кальций мен фосфаттардың сіңірілуін стимулдейді

313. Қай гормон қанда кальций деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етеді:

  1. кальцитонин

  2. паратгормон

  3. инсулин

  4. альдостерон

  5. вазопрессин

314. Тиреоидты гормондар түзілу үшін қажет:

  1. фтор

  2. кадмий

  3. мыс

  4. йод

  5. кальций

315. Қай органдарда Т3 гормонының рецепторы болмайды:

  1. жүрек және май тінінде

  2. гипофиз және бауырда

  3. бауыр және бүйректе

  4. бүйрек және көк бауырда

  5. көкбауырда және ұрықта

316. Т3 гормоны ферменттердің синтезін күшейтеді:

  1. гидролазалардың

  2. оксидоредуктазалардың

  3. гликозидазалардың

  4. лиазалардың

  5. синтетазалардың

317. Трийодтиронин оксидоредуктазалардың синтезін күшейтеді, сондықтан:

        1. БТ жылдамдайды, энергия бөлінуі жоғарылайды

        2. БТ жоғарылайды, энергия бөлінуі төмендейді

        3. көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы жылдамдайды

        4. көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы баяулайды

        5. БТ төмендейді, аз энергия бөлінеді

318. Ересек адамдарда тиреоидты гормондардың гиперпродукциясы:

  1. кретинизм

  2. гигантизм

  3. акромегалия

  4. Базедов ауруы

  5. микседема

319. Гипертиреоз кезінде байқалады:

  1. тіндердің тыныс алуының күшеюі

  2. БТ мен ТФ-ң байланысының үзілуі

  3. оксидоредуктазалардың активтілігінің төмендеуі

  4. дене температурасының жоғарылауы

  5. зоб

320. Балаларда қалқанша безінің гормондарының гипопродукциясы:

  1. кретинизм

  2. гигантизм

  3. акромегалия

  4. Базедов ауруы

  5. микседема

321. Ересек адамдарда Т3 және Т4 гормондарының гипопропродукциясы:

  1. кретинизм

  2. гигантизм

  3. акромегалия

  4. Базедов ауруы

  5. микседема

322. Қалқанша безінің гиперфункциясы қандай белгілермен сипатталады?

  1. тахикардия

  2. зоб

  3. бадырақ көз

  4. дене салмағын жоғалту

  5. дене температурасының төмендеуі

323. Норадреналин және адреналин:

  1. холестерин туындылары

  2. табиғаты белокты-пептидтік гормондар

  3. арахидон қышқылының туындылары

  4. тирозин туындылары

  5. көп атомды спирттер

324. Адреналин синтезделеді:

  1. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

  2. гипофиздің артқы бөлігінде

  3. қалқанша безінде

  4. бүйрек үсті безінің милы қабатында

  5. ұйқы безінің Лангерганс аралшығында

325. Катехоламиндер синтезделеді:

  1. тирозиннен

  2. фенилаланиннен

  3. глутаматтан

  4. триптофаннан

  5. глициннен

326. Норадреналин:

  1. қандағы кальций мөлшерін жоғарылатады

  2. гипогликемия тудырады

  3. қан тамырішілік липолизді күшейтеді

  4. артериялық қысымды арттырады

  5. ас қорыту жүйесінің ферменттерін секрециялайды

327. Адреналин:

  1. қан құрамындағы кальций мөлшерін төмендетеді

  2. қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады

  3. гипогликемияны тудырады

  4. гипергликемия және катаболиттік үрдістерді тездетеді

  5. инсулиннің түзілуін тежейді

328. Адреналин әсерінен:

1.май тінінде липолиз жылдамдайды

2. бұлшық етте гликолиз бен гликогенолиз күшейеді

3.жүрек, ми қан тамырлары кеңейеді

4.гипергликемия дамиды

5. гипогликемия байқалады



329. Глюкокортикостероидтарға жатады:

  1. тестостерон және андростерон

  2. эстрадиол және прогестерон

  3. альдостерон және дезоксикортикостерон

  4. кортизол және кортикостерон

  5. эстриол және кортизон

330. Адам организміндегі негізгі глюкокортикостероидтар:

  1. дезоксикортикостерон

  2. кортикостерон

  3. кортизон

  4. кортизол

  5. 17 – кетостероид

331. Стероидты гормондарды тасымалдаушы белок:

  1. транскортин

  2. хондропротеид

  3. “С” – реактивті белок

  4. трансферрин

  5. церулоплазмин

332. Төмендегі гормондардың қайсысы қабынуға және аллергияға қарсы әсер көрсетеді:

  1. катехоламиндер

  2. инсулин

  3. жыныс гормондары

  4. глюкокортикостероидтар

  5. минералокортикостероидтар

333. Аллергиялық ауруларды емдеу үшін қандай гормондар қолданылады:

  1. глюкокортикоидтар

  2. минералокортикоидтар

  3. эстрогендер

  4. прогестерон

  5. андрогендер

334. Гипергликемияны, аминқышқылдарының, БМҚ-ң мөлшерінің артуын қай гормонның әсерімен түсіндіруге болады:

  1. инсулиннің

  2. кортизолдың

  3. альдостеронның

  4. тестостеронның

  5. вазопрессиннің

335. Минералокортикостероидтар түзіледі:

  1. бүйрек үсті безінің шумақты аймағында

  2. бүйрек үсті безінің шоғырлы аймағында

  3. бүйрек үсті безінің торлы аймағында

  4. бүйрек үсті безінің милы қабатында

  5. жыныс бездерінде

336. Минералокортикостероидтар стимулдейді:

  1. гликогеногенезді

  2. аденилатциклазаның активтілігін

  3. бауырмен май тініндегі липолизді

  4. оксидоредуктазамен АТФ-азаның синтезін

  5. холестериннің синтезін, липогенезді

337. Электролитті балансты қалыпты сақтау үшін қажет:

  1. инсулин

  2. альдостерон

  3. холестерин

  4. глюкагон

  5. тестостерон

338. АКТГ келесі гормонның түзілуін және секрециясын стимулдейді:

  1. паратгомонның

  2. эстрогендің

  3. тиреоидті гормондардың

  4. катехоламиндердің

  5. кортикостероидтардың

339. Ұйқы безінде түзіледі:

  1. адреналин

  2. кортикостерон

  3. глюкагон

  4. инсулин

  5. соматомединдер

340. Инсулин химиялық табиғаты бойынша:

  1. жай құнсыз белок

  2. жай құнды белок

  3. күрделі құнсыз белок

  4. күрделі құнды белок

  5. пептид

341. Инсулин рецепторлары кездеседі:

  1. бауырда

  2. май тінінде және бүйректе

  3. жүрек етінде

  4. нерв клеткасында және хрусталикте

  5. эритроциттерде

342. Қай гормон гипогликемияны туғызады:

  1. инсулин

  2. эстрадиол

  3. кортизол

  4. тироксин

  5. глюкагон

343. Қай гормон гипергликемияны туғызады:

  1. инсулин

  2. тироксин

  3. глюкагон

  4. эстрадиол

  5. тестостерон

344. Инсулиннің әсер ету механизмі:

  1. клетка мембранасының өткізгіштігін артуы

  2. глюконеогенез ферменттерінің ингибирленуі

  3. глюкоза тотығуының негізгі ферменттерінің активтенуі

  4. глицеролфосфацилтрансферазаның активтенуі

  5. анаболикалық эффект

345. Инсулин рецепторының катализдік бөлігі болып табылады:

  1. тирозинкиназа

  2. аденилатциклаза

  3. гуанилатциклаза

  4. фосфолипаза С

  5. серин-треонинкиназа

346. Инсулин әсерінен күшейеді:

  1. клетканың бөлінуі

  2. гликогенолиз

  3. белоктардың ыдырауы

  4. липолиз

  5. нерв импульсінің берілуі

347. Глюкагон ц – АМФ арқылы әсер етеді:

  1. жүректің жиырылуын күшейтеді

  2. жүректің жиырылу жиілігін артттырады

  3. гликогенолизді күшейтеді

  4. липогенез және липонеогенезді күшейтеді

  5. липолизді күшейтеді

348. Қантты диабет гипергликемиямен сипатталатын келесі гормонның синтезі жеткіліксіз болғанда болады:

  1. глюкагон

  2. тиротропин

  3. инсулин

  4. окситоцин

  5. тироксин

349. Инсулин жетіспеуі кезінде байқалады:

  1. гипергликемия және глюкозурия

  2. гиперкетонемия және кетонурия

  3. қанда рН төмендейді және метаболиттік ацидоз

  4. гликогеногенез күшейеді

  5. бұлшық ет белоктарының ыдырауы

350. Қантты диабет кезіндегі қандай симптомдар гипергликемиямен байланысты:

  1. глюкозурия

  2. полиурия

  3. полидипсия

  4. кетонемия

  5. гиперхолестеринемия

351. Ерлердің жыныс гормондары:

  1. синестрол

  2. альдостерон

  3. фолликулин

  4. тестостерон

  5. андростан

352. Прогестерон жатады:

  1. гипофиздің гормонына

  2. гипоталамустың гормонына

  3. әйел жыныс гормондарына

  4. ерлер жыныс гормондарына

  5. тироидты гормондарға

353. Прогестерон әсер етеді:

  1. біріншілік механизм бойынша ц – АМФ арқылы

  2. біріншілік механизм бойынша ц – ГМФ арқылы

  3. біріншілік механизм бойынша кальций иондары арқылы

  4. екіншілік механизм бойынша

  5. үшіншілік механизм бойынша

354. Қандай гормондар менструалды циклдің бірінші фазасында репродуктивті органдарға әсер етеді:

  1. эстрадиол

  2. ФСГ

  3. ЛГ

  4. окситоцин

  5. прогестерон

355. Қандай гормондар менструалды циклдің екінші фазасында репродуктивті органдарға әсер етеді:

  1. прогестерон

  2. эстриол

  3. пролактин

  4. фоллитропин

  5. окситоцин

356. Қандай гормондар сүт бездерінде пролиферация үрдістерін стимульдейді:

  1. эстрадиол

  2. пролактин

  3. окситоцин

  4. простагландиндер

  5. прогестерон

357. Қай гормонның секрециясының артуы әйелдерде маскулинизация (әйелдерде еркек белгілерінің пайда болуы) дамуына әкеледі:

  1. андростероидтар

  2. тестостерондар

  3. эстрогендер

  4. тироксин

  5. прогестерон

358. Қандай бездердің функцияларының бұзылуы ерлерде потенция төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін:

  1. ұйқы безі

  2. аталық бездері

  3. аналық бездері

  4. қалқанша безі

  5. тимус

359. Простагландиндер биосинтезінің алғы заты болып табылады:

  1. линоль қышқылы

  2. линолен қышқылы

  3. сірке қышқылы

  4. амин қышқылы

  5. арахидон қышқылы

360. Қандай гормон көп қанықпаған май қышқылдарының негізін салушы болып табылады:

  1. простагландиндер

  2. эстрогендер

  3. андрогендер

  4. глюкокортикоидтар

  5. пролактостатин

361. Арахидон қышқылынан түзіледі:

  1. простагландиндер

  2. тромбоксандар

  3. лейкотриендер

  4. мелатонин

  5. триптофан

362. Фолликула стимулдеуші гормон (ФСГ) тездетеді:

  1. жыныс бездерінде белок синтезін

  2. ц – ГМФ-тың түзілуін

  3. жыныс гормондарының секрециясын

  4. фолликулалардың өсіп жетілуін және сперматозоидтардың түзілуін

  5. прогестерон секрециясын және сүт шығуын

363. Лютеиндеуші гормон (ЛГ) тездетеді:

  1. жыныс бездерінде белок түзілуін

  2. сары дене түзілуін

  3. сүт секрециясын

  4. еркек және әйел жыныс гормондарының секрециясын

  5. жыныс клеткаларының түзілуін

364. Тиреотропты гормон (ТТГ) әсер етеді:

  1. тиреоидты гормондардың синтезі мен секрециясына

  2. паратгормонның секрециясына

  3. кальцитониннің секрециясына

  4. кортизол синтезіне

  5. қалқанша безінің клеткасында ц-ГМФ-тің түзілуіне

365. Ересек адамдарда СТГ-ның гиперпродукциясы аталады:

  1. кретинизм

  2. гигантизм

  3. акромегалия

  4. базедов ауруы

  5. микседема

366. Балаларда өсу гормонның гиперпродукциясы:

  1. кретинизм

  2. гигантизм

  3. акромегалия

  4. базедов ауруы

  5. микседема

367. Балаларда СТГ-ның гипопродукциясы:

  1. кретинизм

2. гигантизм

3. акромегалия

4. карлик

5. микседема

368. Гипоталамуста түзіледі:

1. инсулин

2. соматотропты гормон

3. вазопрессин

4. глюкагон

5. Т3

369. Вазопрессин жиналады:

1. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

2. гипофиздің ортаңғы бөлігінде

3. гипоталамуста

4. гипофиздің артқы бөлігінде

5. бүйректе

370. Гипоталамус гормондары әсер етеді:

1. біріншілік механизм бойынша

2. біріншілік және үшіншілік механизм бойынша

3. біріншілік және екіншілік механизм бойынша

4. үшіншілік және екіншілік механизм бойынша

5. екіншілік механизм бойынша

371. Окситоцин күшейтеді:

1. жатырдың бұлшық еттерінің жиырылуын

2. жатырдың бұлшық еттерінің босаңсуын

3. гликогеногенез

4. оксидоредуктаза түзілуін

5. МКС синтезін

372. Қан плазмасында су балансын, осмостық қысымды сонымен қатар қан тамырларының тегіс бұлшық еттерінің жиырылуын реттеуші гормон:


  1. вазопрессин

  2. окситоцин

  3. гастрин

  4. АКТГ

  5. адреналин

373. Қантсыз диабет дамиды:

  1. гипоталамус зақымданған кезде

  2. ұйқы безі зақымданған кезде

  3. гипофиз зақымданған кезде

  4. бүйрек үсті безі зақымданған кезде

  5. қалқанша безі зақымданған кезде



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет