Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 14 Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сынып жетекшісінің қызметі



бет18/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 14 Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сынып жетекшісінің қызметі

Жоспар:
1. Тәрбиелік жүйе туралы түсінік
2. Тәрбиелік жүйенің түрлері және дамуы.
3. Тәрбиелік жүйенің құрылымы
4. Сынып жетекшісінің қызметі

Адамзат тарихында әртүрлі тәрбиелік жүйе болды. Олардың әрқайсысы, сол қоғамға тән сипаттағы талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі белгілілері:



  • Спартандық тәрбие жүйесі;

  • Афиндық тәрбие жүйесі;

  • Діни тәрбие жүйесі;

  • Джентельмен қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);

  • Адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі).

ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңестік мектептердегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық істер, қоғамдық пайдалы еңбек, әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары, ұлттық дәстүрлер негізінде қалыптасты.
Тәрбие жүйесін құру бірнеше кезеңдерді болжайды:

  • жүйенің қалыптасуы;

  • ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;

  • жүйені лайықты тәртіпке безендіру;

  • дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру. 

Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема - тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Сыныптағы тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманда тәрбиенің мақсатын анықтауда ұлттық және дүниежүзілік мәдениетте қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді.
Сынып жетекшісі қызметінің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай жасау.
Сынып жетекшісі қызметінің негізгі міндеттері:

  1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектерін, мүдделерін, жеке басының еркшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

  2. Оқушылардың бейімділігін анықтап, олардың саналы ұжымға ұйымдастыру.

  3. Сыныптағы пән мұғалімдері, ата-аналар, мектеп әкімшілігінің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігін үйлестіру.

  4. Оқушыларды тәрбиелеуде мектеп, отбасы және жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

  5. Оқушылардың ата-анасымен үнемі байланыс жасап, бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

  6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

  7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

  8. Тәрбиенің тұтастығын, жүйелілігін қамтамасыз ету.

  9. Ұлттық тәрбиені қолдану.

Қазақстанда сынып жетекшісінің қызметі барлық Кеңестік Үкіметтегі сияқты 1934 жылы енгізілді. Сынып жетекшісінің қызметі мектеп жарғысымен (Устав) анықталады.  Сынып жетекшісі – кәсіптік даярлығы, арнайы білімі бар, өз пәнін,тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, практикалық дағдысы мен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы оңды қалыптасқан адам болуы керек. Сынып жетекшісі – оқушылармен, ата-аналармен, педагогтар ұжымымен, жұртшылықпен тіл табысуға міндетті. Сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігінің құрамына педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімінің, эрудициясының, өрісінің болуы, кәсіптік қабілетінің (көрегендік, ұйымдастырушылық, іскерлік, дербестік) дамығандығы, ғылыми хабардың бастауы бола білуі, өзін-өзі ұстау мәнерінің беріктігі жатады.
Сынып жетекшісінің қызметін үш бағытта қарастыруға болады:

  1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлы.;

  2. ұйымдастырушылық;

  3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет