Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 30. Мұғалімдерді аттестациялау



бет47/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
дәрістер (1)

Лекция 30. Мұғалімдерді аттестациялау
Мақсаты: мұғалімдік қызметте аттестациялаудың білімдік және тәрбиелік мәнін ашу.
Жоспар:
1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру.
2. Мұғалімдерді аттестациялау.
Негізгі ұғымдар: кәсіптік біліктілікті көтеру, аттестациялау.
Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды, және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруде өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен мен тәжірибесі ескерілуі тиіс.
Мектепте мұғалімдердің педагогикалық қызметінің ғылыми-әдістемелік деңгейін көтерумен әдістемелік кеңес айналысады. Мектептің әдістемелік кеңесі мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттырудың тактикасын айқындайды.
Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсетілгенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ескерілуі тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда мұғалімдік ұжымдық оқу түріне тартылып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектептің педагогикалық кадрларын аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Ал аттестация өткізудің негізгі принциптері еріктілік, алқалық оның обьективті, әділ өтуін қамтамасыз етеді. Бұл принциптер аттестация комиссиясын жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал қалалық, аудандық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.
Әр комиссия өз компетенциясына сәйкес мәселелерді қарастырады. Аттестациялау комиссиясының негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат беріледі. Жоғары санатты республикалық, облыстық аттестациялау комиссиясы, бірінші санатты -аудандық, қалалық, екінші санатты – мектептің аттестациялау комиссисы береді.
Мектеп басшысының, мұғалімнің қызметі екі кешенді көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі - қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі – практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық экспертизадан (сараптаудан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде тестілеу, экспертиза әдістері қолданылады.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілік санат сұраған арызы арқылы бес жылда бір рет өткізіледі. Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін.
Шағын комплектілі мектептерде аттестацияны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектептерде аттестациялауды аудандық білімнің немесе ірі мектептің базасында құрылған комиссия атқарады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда іскерлік, тілеулестік көңіл күйдің қалыптасуына тәуелді. Қорыта айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет