Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 16 Оқыту- ТПП негізгі бөлігі. Оқыту процесінің мәні, психологиялық негіздері, қызметі



бет20/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 16 Оқыту- ТПП негізгі бөлігі. Оқыту процесінің мәні, психологиялық негіздері, қызметі.
Мақсаты: оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктерін түсіндіру, қазіргі кездегі оқытудың мақсатын анықтау, дидактика, оқыту туралы түсінік беру, дидактиканың негізін салушы педагогтардың пікірлеріне талдау жасау.
Жоспар:
1. Дидактика, оқыту процесі туралы түсінік
2. Оқыту процесінің мәні, психологиялық негіздері
3.Оқыту процесінің функциялары
Негізгі ұғымдар: оқыту, процесс, мақсат, дидактика, оқыту принципі, оқыту процесі, оқыту функциясы, заңдылықтар.
«Дидактика» деген термин гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы оқыту, үйрету дегенді білдіреді. «Дидактика» терминін алғаш рет неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) «оқыту өнері» деген мағынада қолданған. Сол сияқты чех педагогы Я.А.Коменский «бәрін де, барлығын да оқытудың әмбебап өнері» мағынасында «Ұлы дидактика» деген еңбегінде қолданған.
Дидактика педагогика ғылымының дербес бір саласы болып табылады. Дидактиканың зерттейтін пәні - білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы. Басқаша айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту процесінің заңдылықтары мен ережелерін, мазмұны мен формасын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оның негізгі мақсаты - нені оқыту керек және қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап беру.
Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, іскерлік, дағды. Білім деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін, басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер мен ұғымдар, заңдылықтар жүйесін айтамыз. Іскерлік деп білім негізінде оқушының белгілі іс-әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз. Дағды деп әрекеттің саналы түрде автоматтануын айтамыз. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Іскерлік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екенін көрсетеді.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский. Ол өзінің «Ұлы Дидактика» деген еңбегінде оқытуды жаңаша ұйымдастырудың теориялық негізін салды. Оның идеяларын әрі қарай жалғастырушы швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци бастауыш білім берудің теориясы мен практикасын дамытуда зор үлес қосты. Орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский, қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин бастауыш мектепте ана тілінде оқытуды ұсынып, бастауыш класс балаларына арнап оқулықтар жазған. ХХғ. басында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, т.б. қазақтың ағартушы-педагогтары бастауыш білім берудің мазмұны, оқытудың ғылыми-методикалық негіздері туралы құнды педагогикалық еңбектер жазды. Әсіресе, Ж.Аймауытовты ерекше атап өту керек. «Тәрбиеге жетекші» (1924ж) деген еңбегінде тұңғыш рет дидактикаға қазақ тілінде былай деп анықтама береді: «Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі дидактика деп аталады».
Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процесті құрайтын екі процестің біреуі болып табылады. Ертедегі және орта ғасырдағы ойшылдар «оқыту», «оқыту процесі» деген ұғымдарды «үйрету» деп түсіндірді. Тек ХХғ басында ғана «үйрету», «оқу» деген түсініктер қатар айтыла бастады. Үйрету деп мұғалімнің оқу материалын игеруді ұйымдастыру қызметі болса, оқу - оқушының сол материалды игеру қызметі. Кейін оқыту ұғымына мұғалімнің жетекшілік қызметі, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті деген түсініктер қосылды.
Оқыту процесі дидактикалық жүйелерге негізделеді. Дидактикалық жүйелердің түрлері: дәстүрлі, педоцентристік, қазіргі жүйе.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде басты роль мұғалімнің іс-әрекетіне, білім беруге беріледі. Бұл жүйені Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт сияқты педагогтардың теориялары құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет