Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары



бет43/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
дәрістер (1)

Өктемдік стиль (авторитарлық) - бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының ролін көтеру, ұжымының мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлерімен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.
Демократиялық стиль - бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.
Ымырашылдық стиль (либералдық) - мектеп басшысының өз қызметіне жауапкершілігінің төмендігі, кемшіліктерді көрсе де, көрмеген болуы.

Лекция 27. Мектептегі педагогикалық процесті басқару ұйымдары. Педкеңестің әдістемелік кеңестің жұмысын жоспарлау.
Жоспар:
Мақсаты: мектептегі процесті басқару ұйымдары, әдістемелік жұмыстардың формалары мен олардың қызметі туралы мағлұмат беру.
Жоспар

  1. Мектептегі педагогикалық процесті басқару ұйымдары

  2. Әдістемелік жұмыстың дербес формасы

  3. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық формалары

Негізгі ұғымдар: педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, әдістемелік пән бірлестігі, педагогикалық-психологиялық семинар.

Қазіргі заман мектебі күрделі, кіріктірілген жүйе. Ол оқушылардың, оларды оқытып тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге мектеп оқушылары мен олардың ұйымдары жатады.


Білім беру жүйесінің белгілі бір ретпен жасалған құрылымында басқарудың педагогикалық басқарудан басқа да түрлері кездеседі. Мысалы: әкімшілік, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлері бір–бірімен тығыз байланысты, олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шеуге бағытталған.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш–қуатын біріктіру, мұғалімдер, ата –аналар мен оқушыларға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде «Білім туралы» Заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында ҚР білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік–экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар:
Министрлік
Облыстық білім департаменті
Аудандық білім бөлімі
Қалалық білім бөлімі
Министрлік, облыстық, аудандық, қалалалық білім департаменттері өздерінің құзырлылығы шеңберінде білім берудің бағдарламаларын жасайды және іске асырады, мемлекеттік білім беру стандарттарын жасайды, білім туралы құжаттарды айқындайды, білім мекемелерін қаржыландырады, т.б. Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады.
Оқу–тәрбие процесін тікелей басқару мектеп әкімшілігі деңгейінде және мұғалімнің қатысуымен жүзеге асырылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата–аналар мен жұртшылық өкілдері кіреді. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі – мектеп кеңесі. Мектеп кеңесі жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.
Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылына бір рет өткізілетін конференция болып табылады. Оның өкілеттілігі өте кең. Жалпымектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдайды, оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан, дамудың негізгі бағыттарын, оқу–тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерінің өкілетті шегін белгілейді. Ал конференцияға шешуші дауыспен орта және жоғары сынып оқушылары, ата–аналар, жұртшылық өкілдері, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері сайланады.
Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет