Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функционалдық міндеттерді атқарады



бет42/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
дәрістер (1)

Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функционалдық міндеттерді атқарады:
 Мемлекет және қоғам алдында балалар құқығын қорғау талаптарының орындалуына жауапты;
 оқу–тәрбие процесін жоспарлап ұйымдастырады, оның орындалу барысын және нәтижесін бақылайды;
 мемлекеттік және қоғамдық органдар алдында мектеп мүддесін танытады;
 мектептен және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға жағдай жасайды;
 мектеп директорының орынбасарларын тағайындап, олардың міндеттерін белгілейді;
 педагог кадрларды таңдайды, сынып жетекшілерін тағайындайды;
 оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын ұйымдастырады;
Мектептегі жекелеген жұмыстарды директордың орынбасарлары атқарады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:
 Мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;
 Оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылардың үлгерімі сапасын бақылау;
 Әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
 Мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау, оның нәтижесі туралы ауызша және жазбаша есеп беру;
 Білім департаментініңнұсқауларын жүзеге асыру;
 Мұғалімдердің пәндік-әдістемелік комиссиясының жұмысына басшылық жасау;
 Оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:
 Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
 Сынып жетекшілерімен әдістемелік жұмыс жүргізу;
 Ата-аналармен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен іскерлік байланыс орнату;
 Тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдістемелік талдау жасау;
 Озат педагогикалық тәжірибені қорытындылау және енгізу;
 Мектептің іс-әрекетін басқару әдістерін үйлесімді етіп шеберлікпен пайдалану жұмысты басқарудың стилін анықтайды.
Басқару стилі - бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Стиль объективтік және субъективтік факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады.
Объективтік фактор – ұжымның ұйымшылдығы, іс қабілеті, басты міндеттерді шеше білуі, ұжым мүшелерінің сауаттылығы және сапалық деңгейі.
Субъективтік фактор - мектеп басшысының жеке басының қасиеттері.
Әлеуметтік психология және мектепті басқару теориясына сүйеніп, басқару стилінің үш түрін атауға болады : өктемдік (авторитарлық) стиль, демократиялық стиль, ымырашылдық (либералдық) стиль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет