Дербес формалары:
а) педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды;
ә) әдістемелік ұсынбалар, оқу құралдарын жасау, конференцияларға қатысу;
б) пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу;
Ұжымдық формалар:
а) педагогикалық кеңес;
ә) әдістемелік кеңес;
б) мұғалімдердің әдістемелік пән бірлестігі;
в) сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі;
г) кіші шығармашылық топтар;
д) пед-психологиялық семинарлар;
е) ғылыми-практикалық конференциялар;
ж) педагогикалық оқулар;
Лекция 28. Мектепішілік бақылау. Түрлері мен әдістері.
Мақсаты: мектепішілік бақылаудың түрлеріне, әдістеріне сипаттама беру
Жоспар:
1. Мектепішілік бақылау және түрлері
2. Мектепішілік бақылаудың әдістері
Негізгі ұғымдар: Бақылаудың жүйелілігі, бақылау объективтілігі, бақылау нақтылығы.
Мектептегі бақылау күрделі және қиын, өйткені білім беру процесін, әсіресе тәрбиені бағалаудың нақты критерийлері жоқ. Мектепте бақылауды директор мен оның орынбасарлары жүргізеді. Сонымен қатар мектеп директорының бақылау қызметін жоғары жақтан да тексереді. Бақылау басқарудың басқа функцияларымен тығыз байланысты, оның ішінде педагогикалық талдаумен байланысы анық көрінеді, өйткені мектепішілік бақылау кезінде алынған мәліметтерге педагогикалық талдау жасалады. Бақылау мен таңдаудың өзара байланысы мен айырмашылығы Ю. А. Конаржевскийдің еңбегінде баяндалған. Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі – ол мұғалімнің жеке басына әсер етеді. Егер ол жас мұғалім болса, оның кәсіби қалыптасуына ықпал етеді, ал тәжірибені мұғалімнің мектептегі беделінің нығаюына ықпал етеді. Бақылауда тексерушінің жеке басының кәсіби шеберлігі де маңызды. Олардың міндеті қорқыту не басу емес, керісінше әдістемелік көмек көрсету, істің нақты жағдайын бағалау, педагогикалық қызметті ынталандыру. Қазіргі кездегі мұғалімдерді бақылаудың кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, бақылау жүйелі түрде жүргізілмейді. Екіншіден, бақылау формальды жүреді, бақылаудың нақты мақсаты мен бағалаудың объективті критерийлері болмайды. Үшіншіден, бақылау бір жақты ғана болып, кейбір мәселелері сырт қалады. Төртіншіден, бақылауды тек әкімшілік қана жүргізіп, тәжірбиелі әдіскерлер мен мұғалімдер қатыспайды. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін, мұғалімдерді бақылауда мынадай талаптарды ескеру керек:
1. Бақылау жүйелілігі
2. Бақылау объективтілігі
3. Бақылау нақтылығы
4. Тексерушінің құзырлылығы.
Мектеп ісін бақылау үшін оған бірнеше педагогикалық талаптар қойылады. Олар:
- бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру;
- бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану;
- бақылаудың әділеттілігі, жариялылығы;
- бақылаудың тиімділігі және нәтижелілігі.
Мектепшілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:
а) оқу жоспары мен оқу бағдарламалары,олардың орындалуы;
ә) сабақ берудің және оқудың жағдайы (сабақ берудің теориялық және әдістемелік деңгейі, оқушылар білімінің ,іскерлігінің және дағдысының сапасы)
б) жаңашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін оқып үйрену, тарату және оқу-тәрбие процесіне енгізу;
в) тәрбие жұмыстарын бүгінгі өмір талаптарына сәйкес басқару (сыныптар бойынша тәрбие жұмыстары, ұзартылған күн топтары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары);
г) әдістемелік жұмыстар (педагогикалық және әдістемелік кеңестер, әдістемелік пән бірлестіктері, шығармашылық топтар, т.б);
д) ата-аналар және жұртшылықпен жүргізетін жұмыстар;
е) мектеп құжаттары;
ж) педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |