Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде тұтас объекттің өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты проблеманың оңтайлы шешімін табу.
Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны шығаруға қажетті шикізаттың, материалдар және комплекттеуші тораптардың, сондай-ақ өнімнің бұзылмауы (упаковка, марклау, тасымалдау, сақтау) және қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өз деңгейлері бойынша өзара байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табыдады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізін қалаушы стандарттар комплекстерін қалыптастыру жұмыстарын келтіруге болады. қалыптастыру бойынша іс- әрекеттер жалғастырылуда:
ҚР СТ 1.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер»;
ҚР СТ 2.0 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Негізгі ережелер»;
ҚР СТ 3.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер»;
ҚР СТ 4.0 «Өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі ережелер»;
ҚР СТ 5.0 «Техникаөэкономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер»;
ҚР СТ 6.0 «Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі ережелер»;
ҚР СТ 7.0 «Қазақстан Республикасы тіркеу (аккредиттеу) жүйесі. Негізгі ережелер».
Озық стандарттау - (немесе перспективалы стандарттар әзірлеу) – стандарттау объектілеріне қазіргі күнгі практикада қол жеткен ноормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау.
Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдік ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің тормозы болып қалуы мүмкін. Стандарттар техникалық прогрестің тормозу болмау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек.
Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80- жылдары бекітілген аудио компакт- дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт- дисктер шығарылмай тұрып алдын ала әзірленген болатын. Осы шара компакт- дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын (совместимость) қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
Достарыңызбен бөлісу: |