Пьер Теяр де Шарден. Бұл философ бүкіл ХХ ғасырдағы жаратылыстану ғылымдарының
жетістіктеріне сүйене отырып, әсіресе эволюция теориясына, өзінің реалистік философиясының
субстанциясында екі – сыртқы және ішкі күштің бар екенін көрсетеді. Олар – тангенциалдық
(сыртқы, физикалық), және радиалдық (ішкі, рухани) күштер.
Адам Құдайдың жаратқан жетілген Дүниесінде өмір сүріп жатыр ма, я болмаса, өзін жағалай
қоршаған Дүниені әрі қарай жетілдіре ме?- деген сұраққа Теяр де Шартен терең жауап
қайтарады.
Егер Дүние дайын түрде адамға берілсе, онда ол тек қана оған табынып сүйсіне қараудан басқа
ешнәрсе жасай алмайды.
Ал егер Дүниенің басы да аяғы да болмаса, бірақ ол мәңгілік өзгеріс, жаңару арқылы өмір сүріп
жатса, онда адам бұл әлемді өзгертуге, жетілдіруге, шығармашылық еңбек етуге
мүмкіншілік алады.
Адамзаттың бұл Дүниедегі үлесі - өзінің рухани күшін болашақ ноосфера әлемін жер бетінде
орнатуға жұмсау (nous - грек сөзі, -ақыл, ой; sphera – аймақ, сала) жер бетіндегі адамзат
зердесінің негізінде үйлесімді бір-бірімен тығыз байланысып дамып жатқан тіршілік әлемінің
болашақта пайда болуы.
Әрине, реалистік көзқараста үне бойы болып, материализм, я болмаса идеализм бағытына
ауысып кетпеу өте қиын. Мысалы, Теярдың “материя – рухтың анасы, рух – материяның ең
биік ақуалы деген тұжырымнан материяның біріншілігі жөнінде пікір туғызуға болады.
Ал философтың ғарыштағы Омега нүктесін мойындауы және бүкіл рухани радиалдық
энергияның соған қарай ұмтылуы – ол идеалистік бағыттағы ойшыл ма,- деген сұрақты
туғызуы мүмкін.
Қорыта келе, философияның негізгі мәселесінің онтологиялық жағын үш жолмен шешілетінін
байқадық. Қайсыбір адам, саналы, я болмаса бейсаналық тұрғыдан, өзінің дүниеге деген
көзқарасында осы көрсетілген ағымның біреуінің шеңберінде болады.
Әңгіме материалист, идеалист, я болмаса реалистік бағытта болу емес, сол шеңбердегі
философияны саналы түрде игеріп, өмірдегі өз орныңды табуда болса керек. Философиялық
даналықпен қаруланған адам бүкіл адамзатпен бірге қазіргі рухани ізденіске ат салысып,
бүгінгі өркениеттің тамаша жетістіктерін игеріп, сонымен бірге оның қайғылы да аянышты
қателіктерін түзеу жолында белсенділік көрсетсе екен дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |