Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет21/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
darister 1-15

Құдайдың біріншілігі мен материаның жаратылған дүниенің екіншілігі.
Идеализмнің философия тарихындағы екінші түрі – субъективті идеализм. Бұл философиялық 
ағымның ерекшелігі – тек қана жан-дүниенің өмір сүруін мойындау. Өйткені, адам өз-өзіне 
үңіліп қарағанда өзінің жан-дүниесінен басқа ештеңе таппайды. Субъективті идеализмнің өкілі 
Дж.Берклидің айтуынша “Өмір сүру - қабылдауға келетін нәрсе . Ал, адамның санасындағы 
неше-түрлі ұғымдарды алатын болсақ, олар бізді ғана алдайтын жалған елестер, өйткені, біз 
оларды нақтылы қабылдай алмаймыз. Әрине, бұл қағида материализмге де, объективті 
идеализмге де қарсы бағытталған. Мысалы, Дж.Берклидің айтуына қарағанда, материя ұғымы – 
жалған елес, өйткені, біз оны өзіміздің жан-дүниемізден таба алмаймыз. Біз нақтылы ағашты
үйді, басқа жанымыздағы адамдарды, машиналарды т.с.с. қабылдай аламыз, ал материяны 
ешкім өзінің жан-дүниесінде елестете алмайды.
Олай болатын болса, шындықтың өлшемі ұғымдар емес, адамның түйсіктері, солардың 
жиынтығы, жалпы адамның психикалық өмірі ғана (psyche – грек сөзі, -жан-дүние). Мұндай 
көзқарасты шегіне шейін қайшылықсыз созсақ, онда Дүние дегеніміз сол өмір сүріп жатқан 
субъекттің жан дүниесі ғана, басқа ештеңе де жоқ. Мұндай көзқарасты философияда 
солипсизм дейді (solus – латын сөзі, -жалғыз, бір; іpse - өзім, жалғыз өзім ғана деген мағна 
береді). Әрине, мұндай көзқарас абсурдқа (absurdus – латын сөзі, -беймағналық) әкеліп тірейді.
Олай болса, адамның дүниесезімінің шындығын қалай дәлелдеуге болады,- деген сұрақ пайда 
болады. Субъективті идеализм оған шарттық тұжырымдама арқылы жауап береді. Егер біздің 
дүниесезіміміз басқа адамдардың сезіміне сәйкес келсе, онда ол рухани болмыстың шындығын 
дәлелдейді. Ал рухани ортақ болмыстың болуының өзі оны тудырған Құдайды мойындауға 
әкеледі. Сонымен, субъективті идеализм өз шеңберінен шығып ақырында объективтік 
идеализммен ұштаса кетеді.
Қорыта келе, идеализмнің қай түрі болмасын рухты алғашқы күш ретінде мойындайды. Ал бұл 
ағымның әлсіз жағы - қалайша жоқтан бар нәрсе туады деген сұрақ, өйткені бүкіл адамзаттың 
тәжрибесі жоқтан барды туғызуға болмайтынын көрсетеді. Әрине, мұндай көзқарас қазіргі 
ағарған көзі ашық адамды толығынан қанағаттандырмайды.
Бұл арада біз материализм және идеализм деген ұғымдардың жай қарапайым өмірде де басқа 
мағнада қолданылатынын атап өтуіміз керек. Қарапайым адамдар материалист деп өмірде 
болу емес алуға тырысатын, байлық пен мансап іздейтін, ләззат қуатын адамдарды айтады. 
Керісінше, идеалист деп үне бойы рухани ізденісте, өзінің мүддесінен көрі қоғамдық мүддені 
жоғары ұстаған, басқа адамдарға риясыз көмек беретін, өзінің ар-ұжданына кір келтірмеуге 
тырысатын адамды айтады.
Сонымен, бұл ұғымдардың екі мағналығы толығынан бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін. 
Мысалы, өзінің философиялық көзқарасында материалистік бағыт ұстаған адам нақтылы өмір 
салтында идеалист болуы сирек емес. Керісінше, философиялық идеалистік бағыт ұстап, өзінің 
нақтылы өмірінде өзін металға (алтынға) сататын адамдар да аз емес, ал қазіргі заманда тіпті 
көбейіп келе жатыр.


Философияның негізгі мәселесін шешу жолында үшінші жол бар. Ол жол – материализм мен 
идеализмнің біржақтылығына қанағаттанбай, Дүниенің негізінде жатқан субстанцияның екі 
қасиетін – материалдық және идеалдық жағын бірдей мойындауында. Сонымен, болмыстың 
өзі қайшылық, оның материалдық және рухани жақтары бар. Мұндай көзқарасқа философияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет